ҒТР және оның жетістіктерін ҚР-да пайдалану


Алматы энергетика және байланыс университеті
Коммерциалық емес акционерлік қоғамы
Әлеуметтік пәндер
Кафедрасы
Экономикалық теория негіздері пәнінен
№1 Семестрлік жұмыс
Тақырыбы: “ҒТР және оның жетістіктерін ҚР-да пайдалану”
2 нұсқа
Орындаған: КТТк-14-1 топ студенті Жақып Б. Қ.
Тексерген: Касиенова К. М.
Алматы 2015
Мазмұны
1. Кіріспе . . . 3
2. Ғылыми-техникалық революция . . . 5
3. Ғылыми-техникалық революция құрылымы . . . 7
4. ҒТР және оның жетістіктерін ҚР-да пайдалану . . . 9
5. Пайдаланған әдебиеттер . . . 11
Кіріспе
Қазіргі таңда ғылым мен техниканың дамуымен қатар өнеркәсіп пен өндіріс саласы да дамуда. Ал кез келген өндіріске қатысты қызмет энергиясыз жұмыс атқара алмайды, барлық қозғалыс энергияны пайдалану арқылы іске асырылады. Көп жағдайда қоршаған ортаның ластануы энергияны (энергияның қайтымсыз көздерін көмір, мұнай) дұрыс пайдаланбаудан, өндіріс қалдықтарын қайта өңдемеуден болады.
Ал осы жағдайға байланысты болатын қоршаған ортаның ластануынан тек қоршаған табиғи орта ғана зардап шегіп қоймайды, оның салдары адамның денсаулығына, өсімдіктер мен жануарларға, жалпы барлық экологиялық жүйеге кері әсер етеді. Энергияны пайдаланудың бұл жағымсыз салдарын толықтай жеңуге болады. Әрине, ол белгілі бір шығындарды талап етеді. Бірақ біз үшін адамның ертеңгі болашағы әлдеқайда қымбат. Себебі, энергия табу үрдісінде қоршаған ортаға келтірілетін зиян жылдар бойы жойылмайды және қалпына келтірілмейді.
Елімізде жаңартылмайтын табиғи ресурстардың қорлары шектеулі уақыт кезеңі ішінде таусылуы мүмкін. Сарапшылардың айтуы бойынша, Қазақстанда мұнайдың бүгінгі күнгі қорын қарқынды пайдаланған жағдайда 70 жылға, табиғи газ 85 жылға жетеді деген болжам бар. Тау-кен металлургия өнеркәсібінің барланған тиімді кен орындары таусылу шегінде тұр. Темір кені 80 жылдан астам уақытта, алюминий 90 жылға жетеді, мыс 20 жылдан кейін таусылуы мүмкін. Қорғасын-мырыш саласы 25 жылға, хром кені 50 жылға қамтамасыз етілмек, никель бойынша кен толығымен игерілген.
Жаңартылатын ресурстар мен балама энергия көздері - еліміздің экономикасы дамуының маңызды құрамдас бөлігі. Бүгінгі таңда әлемде экологиялық қауіпсіз су, жел, био және гелиоэнергетика, геотермалды энергетика саласын дамыту аса өзекті болып отыр. Бұл саланы дамыту үшін мемлекет заңнамалық, ғылыми, білім беру және қаржылық алғышарттарын құруы қажет.
Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланған кезде ұлттық мүдделерді сақтау, ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жаңартылатын энергия көздерін пайдаланудың басымдығы, бұл саланы қолдаудың экономикалық тиімділігі және нәтижелілігі көзделіп отыр.
3
Электр энергиясын өндіру үшін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану саласында мемлекеттік реттеу экономиканың энергия сыйымдылығын және электр энергиясын өндіру секторының қоршаған ортаға әсерін төмендету, оның ішінде парниктік газдар шығарындыларын төмендету үшін Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерінің электр энергиясын өндірудегі үлесін арттыру мақсатында жүзеге асырылады.
Жаңартылатын энергия көздері - табиғат үрдістерінің есебінен тұрақты жаңаратын энергия көздері. Күн, су, өзендер, жел, топырақ жылуының, топырақтың және геотермалды сулардың, сондай-ақ биологиялық отынның энергиясы белсенді пайдаланылады. Жаңартылған энергия көздері - қазіргі заманғы технологиялардың тез таралуының арқасында мүлдем таусылмайды және қолжетімді.
Биоэнергетика, биологиялық энергетика - тірі организмдердегі энергияның бір түрден екінші түрге айналу заңдылықтарының молекулалық негіздерін зерттейтін ғылым. Биоэнергетика биологиялық тіршілік құбылыстарын энергетикалық тұрғыдан талдайды және бұл үшін физика мен химияның әдіс ережелері пайдаланылады. Биоэнергетика молекулалық биология, биофизика және биохимия ғылымдарымен байланысты және солардың бір бөлігі болып саналады. Биоэнергетиканың зерттеулері термодинамика заңдылықтарына сүйенеді. Дегенмен, биоэнергетика мен органикалық емес дүниенің энергетикасы, арасында айырмашылық бар. Клеткадағы процестер біркелкі температура, көлем және қысым жағдайында өтеді, сондықтан организмдегі жылу тікелей жұмысқа айналмайды. Эволюция нәтижесінде организмдерде бос энергияны жылуға айналдырмай, бір түрден екінші түрге тікелей ауыстыру қасиеті пайда болған. Энергияның аздаған бөлігі жылуға айналады да, басым көпшілігі құрамында фосфор қышқылының қалдықтары бар макроэргтік (көп энергиялық) қосылыстардың химиялық энергиясына айналады, ал химиялық энергия тұрақты температура жағдайында одан әрі жұмыс жасауға немесе биологиялық синтезге пайдаланылады.
4
Ғылыми-техникалық революция
Адамзат қоғамынын ұзақ даму тарихында шаруашылықтың ұдайы алға басып, жетілдірілуіне ғылым мен техниканың өркендеуі себепші болып келеді. XX ғасырдың екінші жартысында ғылыми-техникалық үрдіс аса жедел қарқынмен дамып, дүниежүзінің көптеген елдері мен шаруашылық салаларын қамтыды. Ғалымдар ғылыми тeхникалық революция (FTP) деп атаған бұл құбылыс қысқа уақыт аралығында қоғамның өндіргіш күштерін сапалық жағынан түбегешті өзгерткен "секіріс" ретінде бағаланды. Ол адамзат тарихында ғылым мен техника пайда болғаннан бері өндіргіш күштерді ұдайы жетілдіруге себепші болған ғылыми-техникалық прогрестен айырмашылық жасайды. Сонымен ғылыми-техникалық революция дегеніміз - белгілі бір уақыт аралығында дамудың жаңа сатысына көтерілуге себепші болған сапалық өзгерістердің жедел қарқынмен жүруі. Дүниежүзі аймақтары мен елдерінде FTP дамуы түрліше деңгейде өтуде. Жоғары дамыған елдерде XX ғасырдың 80-90-жылдарынан бастап, ҒТР-дың дәстүрлі үлгісінен басқа қазіргі заманғы тармағы дүниеге келді. Дәстүрлі FTP өндіріс пен адамзаттың жаңа тауарларға, технологиялар мен қызмет түрлеріне деген сұранысын қамтамасыз етеді. Жаңа үлгінің басты мақсаты - дәстүрлі FTP-дың адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына тигізетін кері әсерінің орнын толтыру немесе жою болып табылады. Адам өмірін қорғауға бағытталған бұл шаралар өте мол қаржыны қажет ететіндіктен, таралу ауқымы бірнеше елдің аумағынан аспай отыр. Дүниежүзіндегі көптеген елдерде ҒТР дәстүрлі сипат алған. Мешеу елдер экономикасына қатысты бұл ұғым мүлде қолданылмайды да. Қазіргі кезде ҒТР-дың құрылымдық бөліктері анықталып, негізгі белгілері талданған.
FTP-ның басты белгілері мыналар:
1) әмбебаптық, ауқымдылық;
2) ғылыми-техникалық өзгерістердің жеделдеуі;
3) өндірістің ғылымды көп қажет ететін салаларының қарқынды өсуі;
4) әскери-техникалық революция (33-сызбанұсқаны қараңдар) .
5
Ғылым мен білім адамзат өркениеті тарихында қоғамның алға басуы үшін қызмет етумен келеді. Қазіргі заманғы ғылым өндіріс пен қызмет көрсету салаларына күрделі техника мен технологияларды енгізу арқылы оларда ғылымды көп қажет ететін мүлде жаңа салалардың дамуына негіз болуда. ҒТР-дың әмбебаптығы мен ауқымдылығы дүниежүзінің барлық елдері мен географиялық қабықтың кез келген бөлігін қамтуымен және адамзаттың ғарыш кеңістігін игеруімен түсіндіріледі.
FTP шаруашылықтың барлық салалары мен оның құрылымдарына, еңбек сипатына, адамдардың мәдениеті мен мінез-құлығына үлкен өзгерістер әкеледі.
FTP жағдайында мамандардың біліктілік деңгейіне жоғары талаптар қойылады. Сондықтан алдыңғы қатарлы елдерде ғылымды дамытып, оның жетістіктерін өндіріске енгізу қазіргі заманғы білім беру жүйесін дамытумен қатар жүргізілуде. Мысалы, дүниежүзін таңғалдырған "жапон кереметіне" белгілі дәрежеде білім беру мен ғылым салаларына үкімет тарапынан айрықша қамқорлық көрсетілуі де себепші болған. 1983 жылдан бастап мұнда ғылыми-өндірістік бірлестіктердің аумақтық жүйесі қалыптаса бастады, қазір олардың саны шамамен 26-ға жетті. Жапонияда ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстармен айналысатын университеттер саны 400-ден асады. Соның нәтижесінде бұл елде "білім беру - ғылым - өндіріс" жүйесі жоғары дәрежеде қалыптасқан.
ҒТР заманында ғылыми-техникалық ақпаратты сатудың да маңызы артып отыр. Ғылым мен техника жаңалығы бірден тіркеліп, жаңалық иесіне патент беріледі. Дамыған елдерде өндіріс тиімділігі мен өнім сапасын арттыратын кез келген жаңалықтың патент берілген күннен бастап өндіріске енгізілуге дейін онша ұзақ мерзім өте қоймайды. Көбінесе өз елінде кеңінен қолданылып, тиімділігі белгілі болған жаңалық сыртқы нарыққа шығарылады.
6
Жеке елдің ғылыми-техникалық күші осы салада жұмыс істейтіндер санымен, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге бөлінетін қаржының көлемімен және бұл жұмыстардың тиімді ұйымдастырылуымен анықталады. Ғылым мен техника саласында жұмыс істейтіндер саны жөнінен дүниежүзінде экономикалық даму деңгейі жоғары елдер (АҚШ, Жапония және Германия) жетекші орын алуда. Дамыған елдерде ғылымға "маманданған" қалалар пайда болды, олардың аса ірілерінің көрсеткіштері 13-кестеде берілген.
Жоғары дамыған елдердің сыртқы саудасында ғылымды көп қажет ететін өнімдердің үлесі жоғары. Ғылымды қажет ететін өнімдердің дүниежүзілік нарықтағы көлемі 2300 млрд долларды (2008 ж. ) құрайды. Оның 39%-ы АҚШ, 30%-ы Жапония, 16%-ы Германияға тиесілі болады. Сонымен, мұндай өнімнің 90%-дан астамы жоғары дамыған және жетекші елдерде өндіріледі (14-кестені қарандар) .
Ғылыми-техникалық революцияға тән белгінің бірі-өндірістің техникалық базасының түбегейлі өзгеруі.
Ғылыми білімдер мен жаңалықтар негізінде дамитын техника мен технологияда өндіріс тиімділігі және еңбек өнімділігін арттыру мақсаттары көзделеді. ҒТР жағдайында техника мен технология өндірістің мүлде жаңа салаларын қалыптастырумен қатар, дәстүрлі салалардың жабдықталуын жетілдіру арқылы экономиканың құрылымын күрделендіруде. Қазіргі заманғы өндірісті электрондық-есептеуіш техника мен роботтарсыз елестету мүмкін емес. Аса ірі автоматтандырылған жүйелермен қатар, дербес компьютерлер қолданылады. Қазіргі кезде АҚШ-та жұмыс істейтін әр 100 адамға 70 компьютерден келеді. Жыл сайын өнеркәсіптік роботтар саны өсуде, Жапонияда әрбір 10 мың жұмысшыға шаққанда 330 робот жұмыс істейді.
Алдыңғы қатарлы техника мен технология жетістіктері энергия өндірудің жаңа көздерін ашу мен пайдалануға, жаңа химиялық материалдардың пайда болуына, кванттық. техниканың қолданылу аясының кеңеюіне жол ашты. Салыстырмалы түрде қысқа уақыт аралығында электрондық (факс, модем, электрондық пошта) және ғарыштың байланыс құралдары өндіріс пен күнделікті тұрмыста кеңінен пайдаланылатын болды.
Ғылым мен өндірістің ұштасуынан Батыс Еуропа елдерінде технологиялық парктер, ал Жапонияда технополистер деп аталатын ғылыми-өндірістік кешендер пайда болып дамуда. Қазіргі кезде дүниежүзіндегі 300-ге жуық технопарктер тәжірибелік-өндірістік бағытта дамуда, олардың өндірістік қуаты шағын. Жапониядағы технополистер ең жаңа техника мен технологияны пайдаланатын қазіргі заманғы ірі өндіріс шоғырланған және экологиялық жағынан өте қолайлы қалалар болып табылады. Қазақстанда 4 технопарк жұмыс істейді.
8
FTP күрделі жүйе ретінде төрт құрамдас бөліктен тұрады:
1) ғылым;
2) техника және технология;
3) өндіріс;
4) басқару.
FTP дүниежүзілік шаруашылықтың өсу қарқынын жеделдете түсумен қатар, оның құрылымына да елеулі ықпал етті. XX ғасырдың ортасынан бастап өндірістік емес саланың басымдылығымен сипатталатын постиндустриялық (ақпараттық) құрылым қалыптаса бастады. Бұл шаруашылықтың жеке салаларының арасалмағын өзгертті, еңбек нарығындағы елеулі қайта құруларға алып келді. Постиндустриялық құрылымға алғаш енген ел АҚШ деуге болады. Мұнда 1955 жылы өндірістік емес салада жұмыс істейтіндер саны өндірістік салада еңбек ететіндер санынан асып түсті. Қазіргі кезде дүниежүзі бойынша, әсіресе дамыған елдерде ақыл-ой еңбегімен айналысатындар саны жыл сайын артуда. Қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды қоғамдық өмірдің барлық саласына (экономикалық, әлеуметтік және саяси) кеңінен енгізу өндірістік емес салаға жататын ақпараттық экономиканың қалыптасуына алып келді. Әлеуметтік-экономикалық дамудың басты факторларының біріне айналған ақпарат әлемдік нарықтағы айрықша тауар бола бастады. FTP жетістіктері ғаламшар ауқымында еркін ақпарат алмасуға (интернет және т. б. ) мүмкіндік берді. Сонымен FTP және ақпараттық экономика ықпалымен дамыған және дамушы елдер экономикасы арасындағы алшақтық арта түсті.
FTP ықпалымен дүниежүзілік шаруашылықтың өндірістік саласында да өзгерістер жүрді. Өндірістің салалық құрылымында өнеркәсіптің дәстүрлі ауыл шаруашылығынан басымдылығы байқалуда. Бұған ғылым мен техника жетістіктерін пайдалану нәтижесінде ауыл шаруашылығының индустриялануы және жоғары тауарлы өндіріске айналуы, аграрлық-өнеркәсіптік кешендердің қалыптасуы себепші болуда. Өнеркәсіптің өз ішінде де жеке салалардың (машина жасау, химия өнеркәсібі және энергетика) басқаларына қарағанда жоғары қарқынмен дамып, құрылымдық жағынан күрделі өзгерістерге ұшырауы байқалуда. Ауыл шаруашылығынан мал шаруашылығының үлесі артуда.
Жаңа техника мен технология өндірістің аумақтық құрылымына да барынша күшті ықпал етуде.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz