Жер сілкінудің магнитудасы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 1
Жер сілкінуді зерттеу әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2
Жер сілкінісінің магнитудасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 10
Жер сілкінісі – геологиялық құбылыс. Олар – кез-келген жерде пайда болуы мүмкін. Жер сілкінісінің ошағы жер қойнауында қалыптасады. Геологиялық ортадағы жылжулар, бірігулер, жарылулар, ортаюлар секілді тез өзгерістер жер сілкінісінің пайда болу себебіне жатады. Әрбір жер сілкінісі кезінде осы жарылыс нәтижесінде жер қойнауында жинақталған энергияның бір бөлігі сыртқа шығарылады.
Жер бетінің шайқалуы сейсмикалық толқындардың нәтижесінде болады. Осындай толқындар көлемді (жер денесіне таралады) және үстінгі беттегі ( жердің үстінгі қабатын қамтитын) секілді 2 түрі болады.
• «Өмір – тіршілік қауіпсіздігі». С.Арпабеков. – Алматы, 2004.
• Ә.Нұрмағамбетов. А. Сыдықов. Жер сілкіну: сипаты, ошағы, болжау. Алматы-2002
• Жанұзақов Қ.И Жер сілкінісін болжауға бола ма?- Алматы 2013
• Әбдімұқанов А.С. Жер сілкінісінің зардаптары. – Түркістан 2001.
• Оспанов М.О. Жер сілкінуі – тілсіз жау. – Алматы ақшамы – 2001

АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ
"Аэроғарыш және ақпараттық технологиялар" факультеті
"Еңбек және қоршаған ортаны қорғау кафедрасы"

Тіршілік қауіпсіздік негіздері
№3 Семестрлік жұмыс
Тақырыбы: " Жер сілкінудің магнитудасы"

Орындаған: КТТк-14-1 топ студенті Жақып Б.Қ
Тексерген: Райымбекова Б.Т

Алматы 2014
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 1
Жер сілкінуді зерттеу әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 2
Жер сілкінісінің магнитудасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 10

Кіріспе
Жер сілкінісі - геологиялық құбылыс. Олар - кез-келген жерде пайда болуы мүмкін. Жер сілкінісінің ошағы жер қойнауында қалыптасады. Геологиялық ортадағы жылжулар, бірігулер, жарылулар, ортаюлар секілді тез өзгерістер жер сілкінісінің пайда болу себебіне жатады. Әрбір жер сілкінісі кезінде осы жарылыс нәтижесінде жер қойнауында жинақталған энергияның бір бөлігі сыртқа шығарылады.
Жер бетінің шайқалуы сейсмикалық толқындардың нәтижесінде болады. Осындай толқындар көлемді (жер денесіне таралады) және үстінгі беттегі ( жердің үстінгі қабатын қамтитын) секілді 2 түрі болады. Көлемді толқындар жердің үстінгі қабатындағы толқындарға қарағанда шапшаң жүреді және де жер сілкінісінің болғандығын хабарлайтындай бақылау нүктесінде алғашқы серпіліс байқалады. Жердің үстінгі қабатындағы толқындар бірнеше секунд кеш болады. Олар әдетте келесі қатты соққыны әкеледі.
Жер сілкінісі мүмкін болатын аймақтарда ірі қалалар мен елді мекендер, гидротехникалық құрылыстар, мен зиянды өнімдермен жұмыс істейтін өндіріс орындары, улы және жарылғыштық қауіпі бар материалдар қоймалары орналасқан. Қатынас және инженерлік желілердің жер сілкінісі кезіндегі бұзылуы да біраз қауіп төндіпеді. Ғимараттардың құрал-жабдықтарының зақымдауынан келетін шығындар ғимараттардың өзінің шығынынан кей жағдайларда бірнеше рет асып түседі.

1
Жер сілкінуді зерттеу әдістері
XIX ғасырдың ортасына қарай жер сілкіну құбылыстарының белгілі бір аудандарда ғана қайталанып отыратындығы айқындалды.

Бұл жағдай ғалымдарға жер сілкіну каталогын (тізімін) жасау жұмыстарымен айналысуға мүмкіндік туғызады. Ресей территориясын,
Элицентр қамтитын ең алғашқы каталог авторларының қатарында И. В. Мушкетов пен А. П. Орловтың есімдерін атауға болады. XIX ғасырдың соңында жер сілкіну құбылыстарын тіркеуге арналған арнаулы құрал-жабдықтар жасалына бастады (Ресейде -- Б. Б. Голицын, П. М. Никифоров; Германияда -- А. В. Вихерт) және геофизиканың бір саласы сейсмология (грекше "сейсма" -- сілкіну) жер сілкіну әрекеттерін зерттейтін өзінше бір жаңа ғылыми бағыт болып қалыптасты.Сейсмологияда қолданылатын негізгі ұғымдар: жер сілкіну ошақтары немесе гипоцентр (жер сілкіну фокусы деп те аталады), оның жер бетіндегі проекциясы эпицентр, сілкіну күші бірдей нүктелерді (бір-біріне) қосатын сызықтары изосейст, сілкіну күші ең жоғары (тах) аймақтары плейстосейст деп аталады (VIII. 3-сурет).Жер сілкіну күші сейсмикалық кесте (шкала) арқылы анық-талады. XIX ғасырда жасалған ең алғашқы салыстырмалы кестенің авторлары Италия ғалымы де Росси мен Швейцария ғалымы Форрель (1880 ж.) болып саналады. 1931 ж. жапония ғалымы Вадати жер сілкінудің магнитудалық шамасын анықтауға арналған өз кестесін ұсынады. 1935 ж. белгілі сейсмолог, американ; (Калифорния) ғалымы Ч. Рихтер (Вадати кестесінің .негізінде) оның жетілдірілген және толықтырылған вариантын жасайды. Магнитуданы есептеп шығару үшін, жер сілкіну ошағының тереңдігін және оның эпицентр- ден қашықтығын білу керек. Әрине, мұндай жұмыстарды жүргізу өте сезімтал аппаратураны қажет етеді.
Ч. Рихтер мен австриялық ғалым Б. Гутенбергтің берген анықтамасы бойынша, магнитуда ("М) деп, сейсмикалық толқынның (эпицентрден 100 км-лік қашықтықта стандарттық сейсмограф көмегімен жазылып3 алынған) максимал ("тах") амплитудасының ондық логарифм шамасын (мм-дің мыңнан бір бөлігі) айтады.
Басқаша айтқанда магнитуда дегеніміз жер сілкіну-дін салыстырмалы энергетикалық өлшемі. Онын, шамасы сейсмограммада жазылған толқынның амплитудасы мен периодын өлшеу арқылы анықталады. Әдетте толқын амплитудасы шамамен он есе артқан кезде, жер сілкіну магнитудасы бір шамаға артып отырады.
Рихтер кестесінің (теория жүзінде) не жоғарғы, не төменгі шегі болмайды. Бұл кесте бойынша Гималайда (1950 ж.) және Лиссабонда (1755 ж.) болған жер сілкі-нулер ен, күшті (М^8,9) апатты оқиғалар қатарына жатады.
2
Жер сілкінудіқ магнитудалық шамасын (М) көрсететін Рихтер кестесі
Рихтер кестесі бойынша жер сілкінудің (энергетикалық) күші тек магнитудалық өлшем (жер сілкіну ошағында бөлінген энергияға пропорционал шама) арқылы анықталады. Қейде жер сілкіну әрекетінің қарқындылығын магнитудалық ұғыммен шатастырады. Сондықтаң түсініктірек болу үшін бұл үғымдардың мазмұнына толығырақ тоқталуға тура келеді. Магнитуда шамасы (әрбір жер сілкінісі үшін) тұрақты бір санмен анықталатын объективті шама. Ал жер сілкіну әрекетінің қарқындылығы (интенсивтігі) жер бетінде байқалатын формациялық өзгерістердің көлемімен және оның жер бетінде өмір сүретін адамдардың физиологиялық сезім мүшелеріне тигізетін әсері арқылы сипатталатын субъективті өлшем. Де Росси мен Форрель (1880 ж.) ұсынған кесте бойынша жер сілкіну әрекетінің қарқындылығы ден X ға дейінгі аралықтағы рим санымен белгіленеді.
1902 ж. бұл кесте италияндық Меркалли мен Қанканидің жұмыстарымен толықтырылып, XII балдық жаңа кесте түрінде қолданыла бастайды. Кейінірек бұл кесте неміс ғалымы
А. Зибергтің жұмыстарында аздаған өзгерістерге ұшырап, МСS (Меркалли -- Канкани -- Зиберг) деген атпен белгілі болды. Ал Американ ғалымдары Вуд және Ньюмен ұсынған "ММ" (модификациялық өзгерістерге ұшыраған Меркалли кестесі) іс жүзінде көп пайдаланылмайды.
1964 ж. үш сейсмолог ғалымның (С. В. Медведев -- 1 ТМД, В. Шпонхойер -- ФРГ, В. Қарник -- ЧССР) фамилияларының бас әріптерінен құралған халықаралықі кесте (МSК.-64) қабылданып, қазіргі кезге дейін қолданылып келеді. Бұл кесте бойынша, I мен IV балға дейінгі аралықта жер сілкіну әрекетінің қарқындылығы адам- дардың (физиологиялық) алған әсері (эмоциясы) негізінде, V тен IX балға дейінгі аралықта құрылыс орындарының қирау дәрежесіне қарай анықталады, алі X нан XII балға дейінгі аралықта байқалатын жер бетінің деформациялық ірі өзгерістері (ығысу, ыдырау. қатпарлану, жылжу, жылысу, опырылу, жарылу) жер сілкіну әрекетінің ең жоғарғы дәрежедегі көрсеткіші болып саналады.
Сонымен, ТМД территориясында қолданылатын XII балдық макросейсмикалық кестенің (М5К-64) негізгі мазмұны мына төмендегідей:
балл. Арнаулы сейсмикалық құралдар мен аспаптар арқылы рана байқалады (әлсіз дірілдер).
балл. Толық тыныштық жағдайда кейбір сезімтал адамдар ғана сезеді (әлсіз дірілдер мен тітіркенулер)^

3
балл. Халықтың шағын бөлігі ғана сезеді. Жоғарғы этаждарда анық сезіледі. Үйдің жанынан өте шыққан жүк автомашинасының туғызған діріліндей әсер қалдырады (өте әлсіз сілкіну).
IV балл. Халықтың көпшілігі сезеді. Үй ішінде терезенің әйнегі дірілдеп, ыдыс-аяқтар сыңғырлайды; люстралар ақырындап тербеліп, есіктер сықырлайды; ұйқыдағы адамдардың оянуы мүмкін; ауыр жүк автомашинасы үйдің қабырғасын соғып өткендей әсер қалдырады (әлсіз сілкіну).
V балл. Үй ішіндегі барлық адам, ал көшедегі адамдардын, басым көпшілігі сезінеді; үй іші шайқалып, есіктер ашылып-жабылып, жеңіл заттар құлап түседі; қабырғада кішігірім жарықшақтар пайда болып, сылақтары түсіп жатады; ұйқыдағы адамдар түгелдей оянып кетеді (орта дәрежедегі сілкінулер).
VI балл. Халық түгел сезінеді. Қорқыныш сезімі пайда болып, үрей туғызады. Үй ішіндегі кейбір заттар орнынан козғалып, ыдыс-аяқтар сынуы мүмкін; маятниктті сағаттар тоқтап қалады; қабырғалардың жапсарлары ажырап, сылақтары кесек бөлшектер түрінде опырылып құлап түсуі мүмкін. Құдықтардағы су деңгейі өзгерістерге ұшырайды (үрей туғызатын сілкінулер).
VII балл. Үй ішіндегі кейбір заттар құлайды. Үйдегі адамдардың барлығы да көшеге жүгіріп шығады. Сазды кірпіштен салынған нашар үйлердің қабырғаларында терен жарықтар пайда болып, кейбіреулері жартылай болса да қирайды. Ал таза кірпіштен немесе темір-бетонды ірі панельден тұрғызылған үйлердін, қабырғала-рында кішігірім жарықтар пайда болып, сылақтары опырылып құлап түседі. Кейбір жағдайда түтін мұржалары бұзылып, құлап жатады. Машина айдап келе жатқан адамдарға да сезіледі (күшті сілкінулер).
VIII балл. Үй ішіндегі ауыр заттарға дейін түгел құлайды. Ірі панельден тұрғызылған қабырғалар қаркастан бөлініп, ажырап қалады. Сапалы үйлер азды-көпті бүлініп, ал сапасыз нашар құрылыстар жартылай қирап, құлап жатады. Тау беткейлерінде бірнеше сантиметрлік жарықтар пайда болып, қорым тастарға тола-дьі Ескерткіштер орындарынан қозғалып немесе төңкеріліп қалады (аса күшті сілкінулер).
IX балл. Үй құрылыстары (сапасына қарай) кейде жартылай қисайып, кейде түгелдей бұзылады. Жер бетінде кішігірім (бірнеше см-лік) жарықтар мен жарықшақтар пайда болады. Жер астынан жүргізілген құбырлар әр түрлі деформациялык өзгерістерге ұшырайды. Су бетінде алып толқындар (цунамдар) пайда болып, жағалауда орналасқан халықты апатқа ұшыратады (ерекше күшті сілкінулер).

4
X балл. Бірен-саран ғана сапалы үйлер жартылай болса да сақталып, қалғандары түгелдей дерлік бұзылады, ал кейбіреулері фундаментінен ұшып кетеді. Темір жол рельстері майысып, сағыздай иіледі. Таулы жерлерде опырылып құлау, жылысу-жылжу әрекеттері байқалады. Өзен сулары арнасынан шығып, жағаға қарай ұмтылады. Жер беті ірілі-ұсақты (1 м-ге дейін) жарықтармен тілімденеді. Жасанды плотиналар мен тасты бөгеттер бұзылып, кейде жаңа көл орындары пайда болады (жойқын күшті сілкінулер).
XI балл. Үй құрылыстары түгелімен бұзылып, қирады. Таулы аудандарда пайда болған ірі жарықтар мен жарылыстарды (бірнеше м-лік) бойлап, тау жыныстарының ірі блоктары тік немесе көлденең бағытта жылжып орын ауыстырады. Көпірлер қирап, жер асты құбырлары мен темір жол рельстері сан бұралып, түгелдей істен шығады (катастрофалық апатты сілкінулер).
XII балл. Барлық құрылыс орындары түгелдей қирап қорым төбешіктерге айналады. Өзендер арнасын өзгертіп, су толқындары аспанға атылып жатады; сарқыра малар мен көлдер пайда болады. Жер қыртысының ірі блоктары тік және көлденең бағыттағы жарықтар бойымен жылжып орын ауыстырады. Соның нәтижесінд жер бетінің бедер пішіндері көп өзгерістерге ұшырап орасан зор опырылыстар мен копарылыстар байқаладц (ен, күшті катастрофалық апатты сілкінулер).
Жер сілкінудің жер бетіне тигізетін әсері жер сілкіну ошағының тереңдігі (неғұрлым терең болса, соғұрлым оның әсері әлсіз) мен дүмпу күшінің шамасьша тәуелді болады. Толығырақ айтсақ, жер сілкіну ошағы тереңдеп, ара қашықтығы өскен сайын дүмпу күшініі жер бетіне тигізетін әсері де азая түседі. Сонымен бірге, дүмпу күшінің әсері жер бетінің геологиялық және гидрогеологиялық ерекшеліктеріне де байланысты. Егер жердің беткі қабаты толық кристалданған берік жыныстардан тұратын болса немесе топырақ суларының деңгейі тереңірек орналасса, онда жер сілкіну әсері ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жер сілкінісін болжау технологияларын бағалау
Жер сілкіну дегеніміз не
Жер сілкінісі
Жер сілкіну
Күшті және жойқын сілкіністер туралы деректер
Жер сілкінісі кезіндегі тіршілік қауіпсіздігі
ВЕРНЫЙ СІЛКІНІСІ
Еуразияның жер сілкіну аймақтары және оның зардаптары
Цунами әкелетін зардаптары
Жалпы геология курсы
Пәндер