Орындаушы үкімет



Кіріспе
Мемлекеттік биліктің орындаушы тармағы: түсінігі, қызметі
Орындаушы үкіметтің құрылымы, мақсаты және мәселелері туралы ҚР.ның Конституциясы
Қазақстанның экономикалық және саяси өміріндегі орындаушы үкіметтің рөлі
Қорытынды
Демократиялық мемлекеттердің саяси өмірінде, ондағы сан-салалы қоғамдық процестерде парламенттердің ерекше рөл атқаратыны белгілі. Демократия жолына түскен елдердің оңды тәжірибесі көрсетіп отырғандай, парламент елдің үдемелі, тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етіп, сол арқылы адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың және өркениетке лайықты өмір сүруінің кепілі болып табылады және соның негізін қалайды. Бұл демократиялық институттың маңызы мен қажеттелігі де осында жатыр. Қазақстандағы басқару органдарының қалыптасып, дамуының феноменін теориялық зерделеу, талдау, біртұтас мемлекеттегі атқарушы органдарының қызметі ерекшеліктеріне, табиғаты мен қайшылықтарына, олардың атқарушы қызметінің өтпелі кезеңдегі күрделі қоғамдық қатынастарды реттеуге ықпалына, басқа елдерден өзгешеліктеріне саяси талдау – толғағы жеткен ғылыми проблемалар.
1.«Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы». С.К.Амандықова. Астана, 2001 жыл.
2.«Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы». Ғ.Сапарғалиев. Алматы, 2004 жыл.
3.«Қазақстан Республикасының Конституциясы» Астана 2007 жыл.
4.«Салыстырмалы құқықтану негздері »Табанов. Алматы, 2003 ж.

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Демократиялық мемлекеттердің саяси өмірінде, ондағы сан-салалы қоғамдық
процестерде парламенттердің ерекше рөл атқаратыны белгілі. Демократия
жолына түскен елдердің оңды тәжірибесі көрсетіп отырғандай, парламент елдің
үдемелі, тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етіп, сол арқылы
адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың және өркениетке лайықты өмір
сүруінің кепілі болып табылады және соның негізін қалайды. Бұл
демократиялық институттың маңызы мен қажеттелігі де осында жатыр.
Қазақстандағы басқару органдарының қалыптасып, дамуының феноменін теориялық
зерделеу, талдау, біртұтас мемлекеттегі атқарушы органдарының қызметі
ерекшеліктеріне, табиғаты мен қайшылықтарына, олардың атқарушы қызметінің
өтпелі кезеңдегі күрделі қоғамдық қатынастарды реттеуге ықпалына, басқа
елдерден өзгешеліктеріне саяси талдау – толғағы жеткен ғылыми проблемалар.
Сондай-ақ, атқарушы билік, жергілікті атқарушы органдар қызметі мен тарихы
оған әр қырынан жан-жақты талдау жасауға мол және нақты материал беріп
отыр.Мемлекеттік органдар бірнеше топқа бөлінеді, оларды солай ұғымды
топтастыру үшін жіктеу негізін табу керек.Бірінші жіктеу негізі-мемлекеттік
органдардың құрылу тәртібімен алдына қойылған мақсаттары. Бұл бірінші
белгімен мемлекеттік органдар  үш топқа бөлінеді: Өкілетті органдар, атқару
органдар және сот немесе құқық қорғау органдары. Ел Призиденті мемлекеттік
аппаратта ерекше орын алады, ол үш биліктің біріне де жатпайды. Ол мемлекет
билігінің барлық тармағының келісіп жұмыс жасауын және өкімет органдарының
халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді. Президент-мемлекеттің
басшысы,мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын
айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан
өкілдік ететін жоғары лауазымды тұлға. Президент халық пен мемлекеттік
билік бірлігінің, Конституцияның  мызғымастығының адам және азамат
құқықтары мен бостандықтарының  нышаны әрі кепілі.
Мемлекеттік биліктің орындаушы тармағы: түсінігі, қызметі
ҚР Конституциясының 64-бабына сәйкес Үкімет Қазақстан Республикасының
атқарушы билігін жүзеге асыратын атқарушы органдардың жүйесін басқарады
және олардың қызметіне басшылық жасайды. Кез келген мемлекетте Үкімет
атқарушы биліктің жоғары алқалық органы болып табылады.
ҚР Үкіметінің құқықтық мәртебесі ҚР Конституциясының V бөлімінде
“Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы” 1995 жылы 18.10 Конституциялық
заңда, ҚР 1997 жылы 24.02 және 1999 ж. 06.05, 2007 жылығы Конституциялық
заңдарымен енгізілген өзгерутелер және толықтыруларымен бекітілген. Оларда
ҚР Үкіметінің заңдарының табиғаты ашылды, оның мемлекеттік билік органдары
жүйесіндегі орны айшықталды және оның қызметі сипатталады. Атқарушы
биліктің жоғары алқалық органы ретінде Үкімет мемлекеттік басқаруды жүзеге
асырады, ол оның өкілеттіктерімен қамтамасыз етіледі.
Үкімет министрліктердің, атқарушы биліктің комитеттері және басқа да
орталық органдардың жұмысының негізгі бағыттарын айқындайды және
ұйымдастырады.
Атқарушы органдар жүйесін басқара отырып, ҚР Үкіметі оның жүргізуіне
ҚР Конституциясымен, конституциялық заңдармен заңдық күші бар Президент
жарлықтарымен жатқызылған мәселелерді өз алдына дербес шешеді. Ол өз
құзыреті шеңберінде Конституцияның ,республикалық заңдардың, ҚР Президенті
жарлықтарының, ҚР халықаралық шарттарының орындалуын ұйымдастырады. Өзінің
барлық қызметінде Үкімет Республика Президенті алдында жауап береді.

Қазақстан Республикасының Үкіметі — Қазақстан Республикасында жоғары
атқарушы билiк органы. Үкімет Қазақстан Республикасының атқарушы билігін
жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың
қызметіне басшылық жасайды.

Үкімет алқалы орган болып табылады және өзінің бүкіл қызметінде Республика
Президентінің алдында жауапты, ал Конституцияда көзделген
жағдайларда Мәжіліс пен Парламенттің алдында жауапты. Қазақстан
Республикасының Президенті Үкіметті Конституцияда көзделген тәртіппен
құрады.

Үкімет мәртебесі, құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасы
Конституциясының V тарауы бойынша және Қазақстан Республикасының Үкімет
туралы заңы бойынша реттеледі.

Министрліктер тізімі:
Ішкі істер министрлігі
Инвестиция және даму жөніндегі министрлігі
Денсаулық және әлеуметтік даму министрлігі
Сыртқы істер министрлігі
Мәдениет және спорт министрлігі Білім және ғылым министрлігі
Қорғаныс министрлігі
Энергетика министрлігі
Ұлттық экономика министрлігі
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Қаржы министрлігі
Экономикалық ықпалдастыру істері министрлігі
Әділет министрлігі

Өкiлеттiктері:

Үкiметке мынадай негiзгi конституц. өкiлеттiктер берiлген:

• ол мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясаттың негiзгi бағыттарын, оны
жүзеге асыру жөнiндегi стратегиялық және тактикалық шараларды талдап
жасау;
• мемлекеттік бағдарламаларды әзiрлеу;
• әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық дамудың индикативтiк
жоспарларын әзiрлеп, iске асыру;
• Республика Президентi белгiлеген тәртiппен респ. бюджеттi және оған
енгiзiлетiн өзгерiстердi әзiрлеуге қатысу, парламентке республикалық
бюджет және оның атқарылуы туралы есеп беру, бюджеттiң атқарылуын
қамтамасыз ету;
• ҚР-ның қаржы жүйесiн нығайту жөнiндегi шараларды әзiрлеп, жүзеге асыру;
• мемлекеттік валюталық, қаржы және материалдық қорларының құралуы мен
пайдалануы кезiнде заңдылықтың сақталуына мемлекеттік бақылау жасау;
• құрылымдық және инвестициялық саясатты жүзеге асыру;
• баға құралуының мемлекеттік саясатын әзiрлеп, ұйымдастыру;
• мемлекет реттейтiн баға қолданылатын өнiмдердiң, тауарлар мен қызмет
көрсетулердiң номенклатурасын белгiлеу;
• мемлекеттік меншiктi басқаруды ұйымдастыру, оны пайдалану шараларын
әзiрлеп, жүзеге асыру, мемлекеттік меншiк құқығының қорғалуын қамтамасыз
ету;
• еңбекке ақы төлеу, азаматтардың әлеуметтік қорғалуы, мемлекеттік
әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру жүйесi мен шарттарын
айқындау;
• мемлекеттік аймақтық саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлеп, iске асыру;
• аймақтарды әлеуметтік-экономикалық дамытудың аймақаралық мәселелерiн
шешудi қамтамасыз етедi;
• ғылым мен техниканы дамыту, жаңа технологияларды енгiзу, мәдениеттi,
бiлiм берудi, денсаулық сақтауды, туризм мен спортты дамыту жөнiндегi
мемл. саясатты айқындап, iске асыру;
• табиғат қорлары мен қоршаған табиғи ортаны оңтайлы пайдалану және қорғау
шараларын әзiрлеп, жүзеге асыру;
• құқықтық реформалардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;
• азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау және заңдылық пен
құқықтық тәртiптi сақтау, ҚР-ның қауiпсiздiгi мен қорғаныс қабiлетiн,
аумақтық тұтастығын сақтау және қорғау, ҚР-ның мемлекеттік шекарасын
күзету шараларын әзiрлеп, iске асыру;
• келiссөздер жүргiзу және үкiметаралық келiсiмдерге қол қою туралы
шешiмдер қабылдау;
• ҚР-ның шет мемлекеттермен, халықаралық және аймақтық ұйымдармен қарым-
қатынасты дамытуын қамтамасыз ету;
• сыртқы экономикалық саясатты iске асыру шараларын әзiрлеу;
• сыртқы сауданы дамыту шараларын қолдану;
• халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастық пен өзара iс-қимылды жүзеге
асыру;
• Конституциямен, заңдармен және президент актiлерiмен жүктелген өзге де
қызметтердi орындау.

Үкiмет өзiнiң бүкiл қызметiнде конституцияда және үкiмет туралы
конституциялық заңда белгiленген нысандарда Республика Президентiнiң
алдында жауапты.

ҚР-ның Премьер-Министрi үкiмет қызметiн ұйымдастырып, оған басшылық етедi,
оның жұмысы үшiн жауап бередi, Президентке Үкiмет қызметiнiң негiзгi
бағыттары жөнiнде баяндайды, қаулылар шығарады. Үкiмет мүшелерi өз құзыретi
шегiнде дербес шешiмдер қабылдайды, Олар өздерiне бағынышты мемлекеттік
органдардың жұмысы немесе тапсырылған жұмыс аясы үшiн Премьер-Министрдiң
алдында жауап бередi. Парламенттiң әрбiр палатасы үкiмет мүшелерiнiң
қызметтерi жөнiндегi есептерiн тыңдауға хақылы. Үкiмет мүшесi заңдарды
орындамаған жағдайда депутаттар оны қызметтен босату жөнiнде Президентке
мәлiмдей алады. Үкiмет ҚР Конституциясы, заңдары, ҚР Президентiнiң
нормативтiк жарлықтары негiзiнде және солардың орындалуы үшiн өз құзыретi
шегiнде бүкiл мемлекеттік аумағында мiндеттi күшi бар Үкiмет қаулылары мен
Премьер-Министрдiң өкiмдерiн шығарады, олардың iске асырылуын қамтамасыз
етедi. Бұл қаулылар мен өкiмдер Конституцияға, заңдарға, Республика
Президентiнiң актiлерiне қайшы келмеуге тиiс.

Жаңадан құрылған Үкiмет өз қызметiнiң бағдарламасын жасап, бұл туралы
Парламентке баяндама ұсынады. Егер Парламент Үкiметтiң бағдарламасын
қабылдамаса, Үкiмет екi ай iшiнде бағдарламаны қайтадан ұсынады. Егер
Парламент депутаттарының жалпы санының 23-сiнiң дауыс беруiмен бағдарлама
тағы да қабылданбаса, онда бұл Үкiметке сенiмсiздiк вотумын бiлдiредi.
Үкiмет заңдық ұсыныстар енгiзуге хақылы. Ол заң жобаларының жоспарын құрып,
соған сәйкес парламент мәжiлiсiне заң жобаларын ұсынады. Заң жобаларын
дайындауға олардың сапасы үшiн жауапты болатын министрлiктер, мемлекеттік
комитеттер, агенттiктер, бiрiншi басшылар қатысады. Қазақстан
Ресупбликасының Үкіметі Президенттiң өкiлеттiк мерзiмi шегiнде қызмет етедi
және жаңадан сайланып, қызметке кiрiскен ҚР Президентiне үкiмет мүшелерi
жазбаша қол қойған өтiнiш беру арқылы өз өкiлеттiгiн доғарады.

ҚР-ның Конституциясында (70-бап) және ҚР-ның Үкiметi туралы констиуц. заңда
республика Үкiметiнiң, оның мүшелерiнiң тиiстi өкiлеттi мерзiмiнен бұрын
орындарынан түсу себептерi мен тәртiптерi қаралған. Егер Үкiмет, оның кез
келген мүшесi өздерiне жүктелген мiндеттердi одан әрi орындау мүмкiн емес
деп санайтын болса, онда олар республика Президентiне өз орнынан түсуi
туралы мәлiмдеуге хақылы. Конституцияда (53-бап, 7-тармақ, 61-бап, 7-
тармақ) көзделген жағдайларда Парламент Үкiметке сенiмсiздiк бiлдiретiн
болса, Үкiмет өзiнiң орнынан түсуi туралы ҚР Президентiне мәлiмдейдi.
Орнынан түсудi қабылдау немесе қабылдамау туралы мәселенi ҚР Президентi он
күн мерзiмде қарайды. Орнынан түсудi қабылдау Үкiметтiң не оның тиiстi
мүшесiнiң өкiлеттiгi тоқтатылды дегендi бiлдiредi. Премьер-Министрдiң
орнынан түсуiн Президенттiң қабылдауы немесе оны қызметiнен босатуы бүкiл
Үкiметтiң өкiлеттiгi тоқтатылғанын бiлдiредi. Сондай-ақ, президент өз
бастамасымен де Үкiметтiң өкiлеттiгiн тоқтату туралы шешiм қабылдауға және
оның кез келген мүшесiн қызметтен босатуға хақылы. Үкiмет жүргiзiп отырған
саясатпен келiспейтiн және оны жүргiзбей отырған үкiмет мүшелерi атқарып
отырған қызметiнен босатылуға тиiс.

Орындаушы үкіметтің құрылымы, мақсаты және мәселелері туралы ҚР-ның
Конституциясы

“Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы” Конституциялық заң Үкіметтің
құрылу тәртібін, құрамын, өкілеттік мерзімін анықтайды және оның
Президентпен, Парламентпен, жергілікті өкілді, сондай-ақ атқарушы
органдармен қарым-қатынасын сипаттайды.

Үкіметті Республика Президенті құрады және Президент өкілеттігі
шеңберінде қызмет етеді және жаңадан сайланған Республика Президенті
алдында өз өкілеттігін доғарады (ҚР Конституциясы 70-б, 1-т). Дегенмен,
Республика Үкіметінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін Республика Үкіметі өз
міндеттерін атқара береді.
Президент Үкіметті Парламенттің қатысуымен құрады. Бұл Премьер-
Министрді Парламенттің келісімімен тағайындаудан көрінеді. Егер Президент
Парламент ұсынған Премьер-Синистрді тағайындауға екі мәрте келісім
бермегенде Парламентті тарата алады және жаңа сайлау тағайындайды.
Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы ұсыныстарды Премьер-министр
тағайындалғаннан кейін 10 мерзімде Премьер-Министр Республика Президентіне
енгізеді. Үкімет мынадай құрамда құрылады:
– Республика Премьер-Министрі;
– Премьер-Министрдің орынбасары;
– Республика Үкіметі Аппаратының жетекшісі;
– Министрлер;
– Республиканың мемлекеттік комитеттерінің төрағалары.
Қр Президенті Үкіметті Конституцияда көзделген тәртіппен құрады.
Республика Премьер-Министрі тағайындалғаннан кейін он күн мерзім
ішінде Премьер-Министр Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы Республика
Президентіне ұсыныс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Үкімет — мемлекеттік биліктің жоғары атқарушы органы
ҚР президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдаулары
Халықаралық экономикалық ұйымдардың қызметі және халықаралық экономикалық жүйесіндегі ролі
Құқықтық мемлекет идеяларының дамуы
БИЛІКТІ БӨЛУ ТЕОРИЯЛАРЫ ЖӘНЕ СОТ БИЛІГІ
Мемлекеттік құқық теориясының негіздері
КӨПШІЛІК СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТЕПЕ-ТЕҢДІГІ ТУРАЛЫ
Анықтамалық-ақпараттық құжаттар
Әдiлет органдар жүйесiнiң құқықтық жағдайы
Билік бөлінісі принципі
Пәндер