Патша өкіметінің езгісіне қарсы күрес
Кіріспе
Тарихи тұлға . Жанқожа
Көтерілістің алғышарттары
Патша өкіметінің езгісіне қарсы күрес
Көтерілістің жеңілу себептері мен маңызы
Қорытынды

Ресей империясының Арал өңірін отарлауы, жергілікті халыққа көрсеткен озбырлығы шектен шықты. Мұндай озбырлыққа төзбеген кең даладағы қазақ халқы патша отаршылдығына қарсы күресін туғызды. Қазақстанда патша өкіметінің отарлау саясатына қарсы халық наразылығының көрінісі, ұлт – азаттық көтерілістердің тууы заңды құбылыс болатын. Күресті қазақтың Сыр өңіріндегі белді батыры Жанқожа Нұрмұхаммедұлы бастады. Бұл отаршылдыққа қарсы болған қазақ халқының ұлт – азаттық күресі халқының тарихындағы өзекті оқиғалардың бірі.
Мусин Ч. «Қазақстан тарихы». Алматы, 2008 ж.
Аяған Б.Ғ., Әбжанов Х.М., Махат Д.А. «Қазіргі Қазақстан тарихы». Алматы, 2010 ж.
Құл-Мұхамед Мұхтар Қазақстан тарихы, Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы, 2006 ж
Жетісу газеті. 1996 ж. №6
Аманжолов К.Р. «Қазақстан тарихы». Алматы, “Білім” 2004ж.
Ә.Әбдәкімұлы .Қазақстан тарихы. Алматы , 1997
Қазақ тарихы, №4, 2002 ж, 37 б Қ. Ағыбайқызы. Ұлт азаттық қозғалыстың зерттелуі
Қаражан Қ.С. Қазақстан тарихы, Алматы, 2011 ж
Ә.Оспанов «Жанқожа батыр» Алматы -1992 жыл, 104-б. (электронды түрде)

Ресей империясының Арал өңірін отарлауы, жергілікті халыққа көрсеткен озбырлығы шектен шықты. Мұндай озбырлыққа төзбеген кең даладағы қазақ халқы патша отаршылдығына қарсы күресін туғызды. Қазақстанда патша өкіметінің отарлау саясатына қарсы халық наразылығының көрінісі, ұлт - азаттық көтерілістердің тууы заңды құбылыс болатын. Күресті қазақтың Сыр өңіріндегі белді батыры Жанқожа Нұрмұхаммедұлы бастады. Бұл отаршылдыққа қарсы болған қазақ халқының ұлт - азаттық күресі халқының тарихындағы өзекті оқиғалардың бірі. Кеңестік тарихнамада Қазақстанды отарлау мәселесі Ресейге қосылуы тұрғысынан берілген. Кейбір авторлар мәселенің экономикалық және саяси себептеріне мүлде тереңдеп бармай, оны тек қана сырт жағынан қарап, қосылу кездейсоқтықтан болды деп санады. Кейбіреулері империялық идеяларды ашықтан - ашық уағыздап, қазақтарды жабайылар деп санады. Сөйтіп, олардың сан ғасырлық созылған дербес және мәдени дамуын мүлде ескермеді.
1856-57 жылдары Сырдария өңірі қазақтарының отаршылық езгіге қарсы Жанқожа Нұрмұхаммедұлы бастаған көтерілісі болды, сол кезең әдебиеттерінде бұл оқиға тым жұтаң көрсетілген. Негізінен алғанда олар түрлі басылымдардағы үзік - үзік жарияланымдар. Барлық жарияланымдарда халық бұқарасының бой көтерулері Бүлік деп түсіндірілді, ал көтерілістер басшыларының жеке басы автордың көзқарасына қарай түрліше сипаттама алды.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік алғаннан кейін зерттеушілер отандық тарихи проблемаларды идеологиялық өктемдіксіз зерттеуге мүмкіндік алды.
Тарихи тұлға - Жанқожа
Жанқожа Нұрмұхаммедұлы 1774 жылы қазіргі Қызылорда облысы, Қазалы ауданының Арықбұлақ ауылында дүниеге келген. 1860 жылы Қызылқұмда дүние салған. Ол Сыр бойы қазақтарының Хиуа, Қоқан хандықтарының езгісіне және Ресей отаршыларына қарсы ұлт - азаттық көтерілісінің басшысы болды. Жанқожа Нұрмұхаммедұлы өзінің бүкіл өмірін Арал өңірі қазақтарының тәуелсіздігіне арнаған аса ірі - тарихи тұлға. Ол XIX ғасырдың бірінші ширегінде Хиуаның зұлымдығына қарсы күрескен Арынғазы Әбілғазиевтің істерін ілгері жалғастырды. Көтерілістің басында күресте сынақтан өткен жетекші, жат жерлік отаршыларға өзінің ымырасыз көзқарасымен ерекше көзге түскен Жанқожа Нұрмұхаммедұлы болды. Шекті руы басшыларының бірі Жанқожа өзінің сирек кездесетін сапалық қасиетімен қарапайым еңбеккерлер арасында беделді әрі мақсаткер батыр ретінде даңққа бөленді. Өз дегенімен істейтін әрі өктем басқарушы Жанқожа сол уақытта Сырдария бойы қазақтарының негізгі бұқарасын құрайтын егінші қазақтар өте күшті отаршылық езгіге душар етілгенін түсіне бастаған. Жалпы Жанқожаның ерлігімен көзге түсіп алғаш батыр атануы мынадай оқиғамен байланысты. Қазақта Тәжік атқа мінсе, тәңірін ұмытады деген сөз бар. Хиуа мен Қоқан хандықтары қазақ жеріне бекініс салғаннан кейін тіпті, арандап түрлі сылтаумен мал барымталауды, тұтқынға алып кеткеп кісілерді бекіністің қара жұмысына жегуді әдетке айналдырған. Осындай әрекеттің біріне жауап ретінде, әрі жақайым Жылқайдардың кегін қуған сол кездегі Әлім, Шөменнің ханы Қылышбай жасақ құрып Жаңадария бойындағы Хиуа бекінісін шабуға аттанған жасөспірім Жанқожаны да әкесінен сұрап алып кетеді. Екі жақ бетпе - бет келген сәтте ортаға жұлқына шыққан Жанқожа жекпе - жекте Тықы батырды өлтіреді. Жанқожа өзінің ерлігімен жас кезінде-ақ көзге түскен. Сыр бойындағы қазақтардың өзара тартысында, жас Жанқожа жекпе - жекке шығып, өзімен таласқа түскен батырды жеңген. Осыдан рухы көтерілген қазақ жасақтары қамалдың бытшытын шығарып, хиуалықтарды түре қуады. Қайтар жолда олжасын алдырып алған шаруаға араша түсіп, әділетсіз ханның өзіне қол жұмсағаны белгілі. И.В. Аничковтың қолжазбасында бұл жорық 1790 жылы болды делінген.
Міне, осы оқиғадан соң, балаң жігіттің батыр, әділ атағы шығып, есесі кеткен жетім - жесір соған жүгінетін, ел шетіне жау келсе, Жанқожаны іздейтін болған. Жалпақ жұртқа белгілі тағы бір жайт - Жанқожа қаракесек Ақтан батырмен тізе қосып көне Жанкенттің жолындағы Хиуа бекінісі қаланы тас - талқан етіп, қара халыққа тізесі болып отырған Хиуаның Наибы Бабажанды қазыққа отырғызады. П. П. Ивановтың көрсетуі бойынша бұл оқиға 1842 жылы болған. Еркін даланың ең соңғы санаулы ерлерінің бірі, қорғансыз халқы үшін кеудесін оққа тосқан Жанқожа Нұрмұхаммедұлының екі арманы болатын. Ең бастысы - елін азат ету еді, көзі тірісінде ол арманы орындалмады. Екінші арманы - Аллаһтың аманатын орыңдап, қас жауымен жағалас үстінде шейіт кету - тұғын. Бұл да орындалмады. Сырдария әскери шебінің бастығы Жанқожаға қарсы оның ежелгі қас дұшпаны Елекей Қасымұлының басшылығымен 1860 жылы Жанқара көліне жақын жердегі Қызылқұмда орналасқан, Жанқожа ауылын 600 орыс әскерімен қоршап алады. Жанқожа келе жатқан жасақты көрсе де асықпай намазын оқып, жауларына қарап отыра береді. Жаулары оны қолға түсіруге батпай, алыстан атқылайды. Осылайша 90 жастағы батыр орыс женденттері мен итаршыларының қолынан қаза тапты.
Дастанның әдеби кейіпкері - тарихта болған адам. Ол туралы талай аңыз, әңгіме, тарихи жыр - дастандар бар. Қазақстан тарихының жаңаша қарастырылуы кезінде Жанқожа батырдың тарихтағы ұлт - азаттық қозғалысының көсемі ретінде еңбектері толық сипатымен жазылған. Сонау ХІХ ғасырдағы 1894 жылы Қазан университетінің баспаханасында жарық көрген И.В. Аничковтың Қазақ батыры Жанқожа Нұрмұхаммедұлы (Ақ патша әскерінің Сыр бойындағы алғашқы қадамы туралы тарихи очерк) атты кітапты ұлт - азаттық қозғалысының батыры туралы тарихи шындықтың негізі салынған еді. И.В. Аничковтың шынайы деректерге негізделген очеркінде Жанқожаның халық тарихындағы тұлғасына баға берілген еді. Кіші жүз қазақтарының ішінде атақ абыройы таудай кезінде орыс ұлттары қулықпен маңдайына шертпей құрметтеген, Хиуа ханы да санасып, аса қадір тұтқан, кейіннен-ақ патшаның бақайшағына дейін мылтықпен қаруланған қалың қолына қарсы пайғамбардың ақ туын көтеріп, майдан құрған сайын жатқан сары даланың ең соңғы ұлы батырларының бірі төбесінде бұлты бар әруақты әулие Жанқожа батырдың өз ел атының ортасында қадір құрметі өте шексіз.
Жанқожа батыр - ХІХ ғасырдың орта шеніндегі Сыр бойы қазақтарының Хиуа, Қоқан отаршылдығына қарсы күресін суреттейтін жыр. Айтушысы - Мысабай (Мүсабай) жырау, ол - Қазалы маңындағы Қаракөл елді мекенінде тұрған. Жинаушысы - И.В. Аничков. Ол - Санкт-Петербург университеті шығыстану факультетінің түлегі. И.В. Аничков жырды 1893 жылы қағазға түсіріп, кейіннен Қазан университетінің археология, тарих, этнография қоғамының хабаршысында (1894 жылы, 3-бөлім) жариялаған. Шығармада Сырдың төменгі ағысындағы қазақтардың Хиуа хандығына, әсіресе, Бабажан сартқа қарсы күресі жырланады. Жанрлық тұрғыдан келгенде бұл тарихи жыр. Онда Кенесары, Төлік, Арынғазы, Есет, Бекет, Бабажан т.б. тарихи тұлғалар мен Үргеніш, Бұхара, Райым секілді жер - су атаулары көптеп кездеседі.
1992 жылы кіндік қаны тамған жерді азат ету үшін қанын төккен Қазалыда аруақ атына арнайы ас беріліп, көрнекті кесене орнатылды.
Көтерілістің алғышарттары
XVIII ғасырдың соңы мен ХІХ ғасырдың бірінші жартысында тарих сахнасына шыққан Хиуа, Қоқан хандықтарының езгісі орыс отаршыларының озбырлығынан бір мысқал да кем түспеді. Қазақтар осы кезеңде үш оттың ортасында қалды, бір жағынан орыстар бекіністер салып, қазақтың шұрайлы жерлерін басып алып жатса, екінші жағынан қоқандықтар күш көрсетті. Үшінші жақтан хиуалықтар тықсыра бастады.
XIX ғасырдың 30-50 жылдары Қазақстан тарихының маңызды шебі ретінде, белгілі болды. Өлкенің әлеуметтік - экономикалық жағдайында Қазақстанның кейбір аудандарының жалпыресейлік рынокқа тартылуына байланысты экономикалық дамуы арта түскендігі байқалды. Әйтсе де Қазақстанның саяси жағдайы бұл кезеңде тұрақсыз болды. Сырдария жағалауларындағы аймақтарды мекендеген қазақ халқыньң жағдайы бұл кезеңде тұрақсыз болды. Сырдария жағалауларындағы аймақтарды мекендеген қазақ халқының жағдайы мейлінше ауыр еді. Ресей империясының экспансиялық (кеңеюшілік) ұмтылысының (1853 ж. В.Перовский Ақмешітті басып алғанболатын) күшейе түсуі, сондай-ақ Хиуа хандығының агрессивтік сиясаты Сырдария бойы казақтарының Жанқожа Нұрмұхамедұлының қолбасшылығымен күреске шығуының негізгі себебі болды. Шекті руы басшыларының бірі Жанқожа өзінің сирек кездесетін сапалық қасиетімен қарапайым еңбеккер арасында беделді әрі мақсаткер батыр ретінде даңққа бөлейді. Өз дегенімен істейтін әрі өктем басқарушы Жанқожа сол уақытта Сырдария бойы қазақтарының негізгі бұқарасын құрайтын егінші қазақтар өте күшті отаршылық езгіге душар етілгенін түсіне бастады. Басты мәселенің бірі - жер мәселесі еді. Ақмешітті басып алынғаннан кейін Сырдария әскери желісі құрылды. Ол желіге қазақ халқының иелігіндегі көлемді жерлер қазақтар мен келушілерді коныстандыру үшін бөлініп берілді. Ал қазақтардың өздерінен үйді-үйлері бойынша салық алынып отырды. Бұған қоса олардың мойнына тағы да көптеген жұмыстар жүктелді. Олар - жолдарды дұрыстап ұстау, көпірлер салу, белді арықтарды тазалау сияқты істер болатын. Көлік түріндегі борыш бойынша қазақтар әскери желі бастығының талап етуімен әр түрлі жұмыстар үшін жүйелер бөліп, отыруға, бекіністер салуға адамдар шығаруға және құрылыс материалдарын тасу үшін көлік күшін беруғе міндетті болды. Соның өзінде мұндай борыштарды орындау көбінесе науқанды жұмыстармен тұспа - тұс келіп, егіншілерге өте қымбатқа түсетін. Бір жағынан хиуалықтардың озбырлығы, екінші жағынан қазақтардың жерлерін орыстардың басып алушылығы бұл отарлық езгіге қарсы ашық көтеріліске шығуға дұшар еткізді. Әрине, котерілісшілер өздерінің мұндай бақытсыздықтарының басты кінәлілері Қазалы форты деп ұқты және сондықтан олардың қимылдары бірінші кезекте патша әкімшілігіне қарсы бағытталды, ал көтерілісшілердің басшысы сол кездері 90 жастан асқан Жанқожа Нұрмұхамедұлы болды. Сонымен, көтерілістің тууының негізгі себебі: Орынбор әкімшілігінің шешімі бойынша қазақтардың еріксіз жұмыстарға жегілуінде, жолды пайдалануда, сондай-ақ патша режимінің қоныс аудартушылық саясатында жатты.
Патша өкіметінің езгісіне қарсы күрес
1847 ж Райымға келіп бекініс сала бастаған Ресей әскерлеріне Жанқожа қарсылық көрсетпеді. Сол кездегі Орынбор генерал - губернаторы В.Обручевпен жолығып сөйлескен Жанқожа онымен орыс әскері жергілікті
Халықтың тыныштығын бұзбайтындығына және хиуалықтардың шапқыншылығынан қорғайтындығына келіседі. Бірақ кейін іс жүзінде керісінше болады. Патша шенеуніктері мен әскерлері елдің тыныштығын бұзып, бұл кезде егде тартып отырған Жанқожаға маза бермейді. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz