П.П Семенов - Тянь-Шанский



Кіріспе
П.П Семенов . Тянь.Шанскийдің өмірі.
Алтай суреті
Қазақ даласы
Шу өзенінің құпиясы
Барнаул қысы
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қазақстанның тарихы мен географиясын, этнографиясын және мәдениетін зерттеуде Ресей ғалымдарының сіңірген еңбегі зор болды. Ресей зиялы қауымының Қазақстан аумағына саяси себептермен жер аударылып келген өкілдері көптеген ғылыми еңбектер жазып қалдырды. Олар, әрине, әр түрлі кәсіп пен мамандық иелері — ақын-жазушылар, тарихшылар, географтар, әскери қызметкерлер мен дәрігерлер болатын. Сонымен қатар олар қазақ өлкесін отарлау саясатына ғылыми тұрғыдан негіздеуге де ішінара қызмет етті.
1. А.Алдан Семенов. Аударған Төлеген Тоқбергенов, «Жалын» баспасы, Алматы 1977 жылы « Семенов Тянь - Шаньский» (Өнегелі өмір).
2. Петр Петрович Семенов Тян - Шаньский. Его жизнь и деятельность. Сб.,Ленинград, 1928 год .
3. Муканов М.С. Казахская юрта.- Алма-Ата: Кайнар, 1981.
4. Саушкин Ю.,П.П.Семенов Тян-Шаньский как экономик- географ.// В сб.: Отечественные экономико-географы, Москва, 1957 г.
5. Қазақстан Ұлттық Энцеклопедиясы, 7 том, Н-С «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, Алматы ,2005 жыл.
6. Майтанов Б. Абай :тарих, тұлға, уақыт. –А,.-2004.

Пән: Экономикалық география
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Қазақстанның тарихы мен географиясын, этнографиясын және мәдениетін зерттеуде Ресей ғалымдарының сіңірген еңбегі зор болды. Ресей зиялы қауымының Қазақстан аумағына саяси себептермен жер аударылып келген өкілдері көптеген ғылыми еңбектер жазып қалдырды. Олар, әрине, әр түрлі кәсіп пен мамандық иелері -- ақын-жазушылар, тарихшылар, географтар, әскери қызметкерлер мен дәрігерлер болатын. Сонымен қатар олар қазақ өлкесін отарлау саясатына ғылыми тұрғыдан негіздеуге де ішінара қызмет етті.
Семенов Тянь - Шаньский (1906 жылға дейін Семенов) Петр Петрович {1827.2.14. қазіргі Ресей Федерациясы Липецк облысы, Чаплыгин ауданында Уросово селосы маңындағы иелік - 26.2} - Ресей географы, статист, қоғам және мемлекет қайраткері, Санк - Петербург Ғылым Академиясының вице-төрағасы (1873-1914) Санкт Петербург унверситетінің жаратылыстану бөлімін бітірген (1848).1851 жылы Дон бойының флорасы мен фаунасын зерттеп, магистрлік диссертация қорғады, 1853-1857 жылы Тянь - Шаньға саяхат жасап, бұл орасан зор тау жүйесінің жанартаудан пайда болғанын дәлелдеп оның орографиясын және биіктік белдемдігін анықтады, ірі мұздықтарды ашты. Сырдарияның бастауын зерттеп, Шу өзенінің Ыстықкөлден ағып шықпайтынын дәлелдейді. 50 тау шыңының биіктігін өлшеп, 23 асуды зерттеді, 1500 - ге тарта тау жыныстарының коллекциялары мен өсімдік гербарийлерін жинады. Семенов жазығы деген атаулар енгізді. Семеновтің көмегімен Орыс География қоғамының әйгілі орта Азиялық экспедлары (Ш.Уәлиханов, Н.М.Пржевальский, М.Б.Певцов, Г.Н.Потанин, т.б. қатысқан) ұйымдастырылды. Семенов шет елдік және ресейлік 53 ғылыми мекеменің құрметті мүшесі 20 ғылыми қоғамның мүшесі болып сайланды. Семенов саяхаты кезінде қазақтардың тұрмыс салтымен терең танысты. Уәлихановты орыс География қоғамының мүшелігіне ұсынды. Шоқан мезгілсіз қайтыс болған соң ғалымның еңбектерін жинақтап, жариялауға ат салысты. Семенов есімімен ондаған тау шыңдар мен мұздықтар, 30-ға тарта өсімдік, көптеген жануарлар туыстары мен түрлері аталады.
Семенов-Тян-Шанский(1827 -- 1914) де Қазақстанды зерттеуші ірі ғалымдардың бірі болды. Ол Алтай мен Жетісудың және Қазақстанның оңтүстік өңірін зерттеуге қатысты. Ғалым Ресей. Толық географиялық сипаттамасы атты көп томдық серияның Қырғыз өлкесі және Түркістан өлкесі деген іргелі екі томын әзірлеуге белсене қатысты. Оларда Қазақстанның географиясы ғана емес, сонымен қатар қазақтардың тарихы, тұрмыс-тіршілігі, сауда-саттығы және шаруашылық қызметінің түрлері туралыегжей-тегжейлі мәліметтеркелтірілген.
1815 жылы Петр Семенов Петербургке қайтып оралады да, 5 жылдан соң шығады. Москва архитекторы Бланктың қызы - Александра Петроваға үйленіп, Урусоваға кеп орнығады. Петр Петрович гвардия прапорщигі мен кавалерия юнкерлерінің Петербургтағы мектебінің шәкірті әрі Университеттің ерікті тыңдаушысы еді, сонымен қатар - жас ботаник, орыс география қоғамның мүшесі.
1842 жылдың күзінде Семенов бірден 3-ші класс емтихандарын тапсырып, гвардия прапорщиктері мен кавалерия юнкерлерінің петербургтік мектебіне оқуға түседі. Семенов мектепті өте үздік бітірді. Оның есімі ең үздік шәкірт есебінде мектептің мәрмәр тақтасына жазылды. Семеновқа коллегия секретары атағы берілді, алайда қызмет ету оның ойында жоқ еді. Ол Петербург университетіне түсуді арман ететін.
1845 жылы университеттің ерікті тыңдаушылары арасынан қунақы, әрнені білмекке құмар, бұйра шаш жас өспірімді көруге болатын еді. Ол барлық сабаққа құштарлықпен қатысатын, лекцияны қалдырмай, естіп - білгенін жазып отыратын, білімнің ересен молдығымен жолдастарын таң қалдыратын. Ол физика мен физикалық географиядан сабақ беретін академик Леництің, профессор - ботаник Шиховскийдің, минералогия мен геология профессоры, Уралды - зерттеумен даңқы шыққан Гофманның лекцияларын айрықша ықылас қойып жазып алушы еді.
1848 жылы университетті бітірген ол мемлекеттік қызметке тұрмай, өз ғұмырын біржола ғылымға бағыныштауға бел байлады.
Сол бір Петербургте өткен айқай - шуға толы күндерде Семенов қалай дегенмен де мемлекеттік, қоғамдық қызметтен гөрі ғылым туралы көбірек ойлаған еді. Өзінің Россияның қара топырақты кеңістіктерін зерттеу жоспарларымен ол Данилевскийді еліктіріп алған болатын.
Екі дос Тамбов пен Воронеж губернияларына, Маныч даласына, Дон әскері жерлеріне 3 жылдық экспедиция жасайтын боп пәтуаласты. Саяхаттың мақсаты анық әрі дәл еді: қара топырақты өңірдің шекарасын белгілеу, оның топырағы мен өсімдігін зерттеу.1
Бұлар саяхат жобасымен Ерікті экономикалық қоғамның ықыласын аударып еді. Қоғам жобаны құптап өздеріне мүшелікке қабылдады. Семенов пен Данилевский сапарға жинала бастады, ойда жоқта Семеновтың өмірінде оның келешек тағдырына әсер еткен оқиға болды. Бұның туысы Александр Гирс - Императорлық Географиялық қоғамның секретары, бұған қоғамның толық мүшелігіне өтуге кеңес береді. Семенов бұл кеңесті қуана қабылдайды. География, шын мәнінде, бала күнімнен сүйікті ғылымым болған еді, - дейді ол.
Ол география ғылымына әл-әзір ешқандай еңбек сіңірген жоқ болатын, ғылымға деген сүйіспеншілігінен басқа, оған риясыз әрі адам қызмет етуге дайындықтан өзге оның еш нәрсесі жоқ болды.
Александр Гирстің, Константин Гроттың және қарт профессор Небольсиннің ұсынысы бойынша ол географиялық қоғамның толық мүшелігіне толық қабылданды. Қоғамның вице- председателі, талапты жастарға оң көзімен қарайтын атақты теңіз саяхатшысы Федор Петрович Литке: -Егер сіз географ болғыңыз келсе - оның әліппесінен бастаңыз, -дегенеді.
-Әліппеден бастауға мен әзірмін, адмирал, - деп келісті Семенов.
- Онда сіз біздің кітапханамызды ретке келтіріңіз.

П.П Семенов - Тянь-Шанскийдің өмірі.
П.П. Семенов - Тянь Шанский (1827-1914) Петр Петрович Семенов - Тянь Шанский Орталық Азияның Тұңғыш зерттеушісі, саяхатшы, ғалым,географ. 1827 жылы 14 қаңтар Петр Петрович Семенов Тянь Шанский дүниеге келді. Ол белгілі географ сондай-ақ, Ресейдің алғащқы статисті болып саналды.
Ол XIX ғасырдың орта кезінде дүние жүзі география ғылымына әлі нақты белгісіз Тянь-Шань тау жотасын ашты. Сол үшін ол Семенов Тянь- Шанский аталды.Ол орыс география қоғамын үздіксіз 40 жылдан астам басқарды. Ғылымның өмірбаянын, ғылыми еңбектерін зерттеушілер шетел ғылымдары; Россияда бірнеше мамандықты игерген Семенов бар- деген-ді. Расында , ол географ, геолог,ботаник,энтомолог, этнограф, суретші әрі сурет өнерін зерттеуші, бұл салаларда өте маңызды із қалдырған ғалым.
Семенов жас кезінде - ақ планетамыздың ең үлкен материгі Азияны зерттеуді арман еткен. Ол алғашқы жұмысын Тянь- Шань тауларын зерттеуден басталды. Кейін Орталық Азияны зерттеу жұмыстарына басшылық етті. Семеновке дейін дүние жүзі географтары үшін Орталық Азия белгісіз ақ таңдық болатын.
XII ғасырда Еуропаға Азия туралы тұңғыш деректер әкелген Венеция саяхатшысы Марко Поло еді. Бірақ, одан кейін алты ғасыр қтсе де бірде бір еуропалық Орталық Азияны зерттей алмады, Орталыө Азия ғылымға жұмбақ боп өала берді.
Берлинде, адамдар ағылып келіп - кетіп жататын қарапайым үйдің музей-кітапхана тәрізді кең залында екі адам сойлесіп тұр. Олар мұндағы сан алуан экпонаттарды : кітаптарды, суреттерді қарайды. Әсіресе жан-жануарлардың қаңқасын, тау жыныстарынын коллекциясын көріп, көп әңгімелеседі. Ақ шашты қарт адам жас жігітке қабырғадағы суреттерді көрсетіп,түсіндіріп жатыр. Бұлардың бірі осы үйдің үй иесі немістің атақты ғалым географы Александр Гумбольт та , екіншісі Семенов еді.Жас жігіт Орталық Азияны зерттеуге аттанар алдында Гумбольтпен ақылдасуға келген. Гумбольт қз тарапынан оған жол болсын айтады әрі бұл сапардың қиын екендігін ескертеді. Ақырында ол: Егер сіз маған Тянь - Шань тауларынан бірнеше тау жыныстарын әкеліп берсеңіз мен дүниеден армансыз көз жұмар едім,-деп қоштасады.
Семеновтың Берлинге баруында мән бар еді, өйткені бұған дейін неміс ғалымдары : Карл Риттер, Ферденанд Ричгофен, Александр Гумбольт екі деректерге сүйеніп Азия деген атпен бірқатар кітап жазған. Бұлар құнды деректер болса да қатеден кенде емес-ті.
Семенов 1856 жылдың көктемінде Тянь-Шань тауларын зерттеуге аттанды. Петербургтен шыққан саяхатшы поезбен Москваға келеді. Ол кезде Сібірге, Қазақстанға темір жол тартылмаған. Сондықтан ол Горький (Новгород), Қазан қалаларыа ат0арбамен жетіп, 1июньде Омбы қаласына келді. Саяхатшы мұнда Омбы кадет корпусын жаңа ғана бітіріп шыққан жас офицерлер Г. Н. Потанин мен Ш. Уәлихановқа ерекше назар аударды. Шоқан жайында кейін былай деп жазды: Омбыда мен Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановты көрдім. Бұл-ерекше қабілетті адам. Омбыда кадет корпусының курсын үлкен табыспен бітірді, кейіннен мен арқылы Петербург университетінде лекция тыңдады. Сөйтіп, ол француз, неміс тілдерін жақсы үйреніп, шығыс тарихының, әсіресе, қырғыз рулас халықтар тарихының маманы болып алды... Осы талапты жас адамға генерал Гасфорттың ерекше назарын аудартуды өзімнің міндетім деп есептедім; менің ойым, Тянь-Шань саяхатынан қайтып келгенше Уәлихановты қырғызша киіндіріп, Қашқартяға жіберу болды және оны Уәлиханов кейіннен ойдағыдай толық орындап шықты. Бұдан кейін Семенов суыт жүріп Барнаул, Змейногор қалалары арқылы , Ульба, Уба, Ертіс өзендерінің бойымен Семейге келіп, ондағы досы Федор Михайлович Достаевскийге жолығады. Семейден 6 августа шығып, 31 августа Верныйға ( Алматы) келеді. Кейіннен ол Алматы өзеніні келеді. Кейіннен ол Алматы өзеніні жағалауында жалаңаш тау бөктеріндегідей, бірнеше кесінділер мен киіз үйлер тұрғаны есімде. Қазір жасыл желекке оранған әсем қала..,-деп,эжазды Верный қалсы туралы.
Саяхатшы Верныйда көп аялдамады. Ұзынағаш, Қаскелең, Талғар арқылы жүріп, Тянь-Шаньның тау аралық ойыстарын, жоталары тізбегін, биік шыңдарын зерттеп қайтты. Алғаш рет Ыстықкөлде болды. Дәл осы жолы ол Шу өзенінің басы Ыстықкөлден басталмай, таудан басталатынын анықтады. Семенов 1856-57 жылдардың қысын Барнаулда өткізді де шығысымен Верныйға қайтна оралып, тағы да Тянь-Шань тау жоталарын зерттей бастады. Ыстықкөлдің шығысында болды. Көптеген минералды заттарды, тау жыныстарын, өсімдік түрлерін жинады. Тянь-Шань тауларын картаға түсірді. Сондай-ақ Тянь-Шаньның биік шыңы - Хан тәңірін ашты, оның биіктігін 6995 м деп есептеді. Сөйтіп, саяхатшы Тянь- Шаньның құз- қияларын картаға тұңғыш рет дұрыс түсірді.
1856-57 ж П.П. Семенов Тянь-Шаньтауына өзінің әйгілі саяхатын жасады. Ол бұл сапарындағы зерттеу қорытындысында таулы өлкенің географиясына жаңаша сипаттама беріп, тұңғыш рет биік тау ландшафтын анықтады. П.П. Семеновтың бұл сапарда ашқан аса маңызды жаңалықтарының бірі орта Азиядан тау мұздықтарының табылуы. Ғалымның осы жолғы еңбегі лорта Азия мен Қазақстанның Тянь-Шань сияқты таулы өлкелерін жан жақты зерттеудің ғылыми негізін жасағандығы болды.
Семенов өзінің зерттеу жұмыстарының бірін былай деп қорытты: Тянь-Шань шөгінді тау жыныстарынан құралған, Гумбольдтың ойлағанындай, мұнда жанартау қалдықтары жоқ. Тянь-Шаньда қар сызығы теңіз деңгейінен 4000 м биіктікте жатады. Бұл өңірдің ауа райы құрғақ болып келеді Тянь-Шань тауларындағы мұздықтар Альпідағы мұздықтардан үлкен.
Атақты саяхатшы П.П. Семенов Тянь-Шаньский редакторлығымен 1865 жылы басылып шыққан Ресей империясының географиялық статистикалық анықтамалық сөздігіне маңызды мақалалар жазды.Өзі бүкілресейлік халық санағын өткізудің жобасын дайындады.Оны тіпті ресейдің экономикалық географиясының негізін қалаған ғалым деуге толық негіз бар.
П.П. семенов Тянь Шанский жарты ғасырдай орыс географиялық қоғамын басқарды. Оның басшылығымен бұл мекеме географиялық зерттеулердің нағыз штабы болды деуге болады.Оның басшылығының арқасында орыстың саяхатшылары Кропоткин, Потанин,Обручев,Северцов, Уәлиханов секілді ғалымдар шоғыры өсіп жетілді әрі өздерінің атақты саяхаттарын жасады. Және осы саяхаттардың негізгі бағыт бағдарын жасауға П.П. Семенов Тянь Шаньский мол үлесін қосып отырды.
Ол өз өмір жолын бүкіләлемдік ғалым ретінде аяқтады.
Семенов - россия география ғылымының негізін қалаушы.Ол Россия Ғылым академиясының жане Россия мен шетелдердегі 73 ғылыми қоғам ұйымдарының құрметті мүшесі болды. Петр Петрович Семенов Тянь Шаньский 1914 жылы 11 мартта 87 жасында қайтты. Қазір кқптеген жер аттары, өсімдік пен жануарлар оның есімімен аталады. Бұл халықтың оған деген шынайы ескерткіші.
Алтай суреті
Барнаулда ол он екі күн кідірген. Заводтарды аралап, Алтай таулы аймағының геологиялық, палеонтологиялық, археологиялық коллекцияларымен танысуға, жол жабдықтарын сатып алуға көп уақыты кетті.
Петр Петрович көптеген тау - кен инженерлерімен - Полетика, Самойлов, Давидович - Машинскийлермен жақын танысты. Таулы аймақтың басшысы Андрей Родионович Гернгросс бұны қуана-қуана қабылдады. Семеновтың Алтай кендеріндеболғысы келетінін білген Гернгросс Жыланды тау кенінің басқарушысына саяхатшыға жәрдемдесуін сұрап хат жазып берді. Өзі Семеновқа шатырын сыйлады.
20 маусымда Петр Петрович көгілдір мұнар тартқан Алтай тауларын көрді.
oo Шоқылар түтіндеп жатыр,- деді жәмшік шыбыртқысымен бөлек-бөлек
шыңдарды нұсқап. - Оларды жергілікті казактар Түрік құлақ, Өзенді, Игнат тау деп атайды.
Алтай таулары мен аңғарларында Семенов қырық күн жүрді. Ол Жыланды тау тобының бүкіл кендерінде, Ульба мен Уба бойында орналасқан кендердің бәрінде де болды. Казактар мен кержақтар өмірінің барлық жағы, бүкіл Алтай табиғаты жас саяхатшыны қызықтырып еді. Алғашқы қоныстанушылардың Алтайға қалай үйренгенін де білгісі келді. Суға, құрылыс материалдарына бай табиғат шашыраңқы қоныстанушылыққа кедергі болған жоқ әрі селолық хуторлық шаруашылықтың дамуына жағдай жасады. Бірақ соған қарамастан, Алтайда қора-қопсы салып, қоныстанушылар он сегізінші ғасырдың екінші ширегінен бастап, айтарлықтай ірі селендер сала бастады.
Ол бұны былайша түсіндіреді: Орыс тұрғындарының үй-жай салып, орналасуы қоныс аударушылардың ерекшеліктеріне ғана байланысты емес сонымен қабат, елдің жергілікті жағдайына да байланысты еді.
Кержақтар діни қудалаудан қашып Алтайдың қалың түкпіріне кетісті. Әдетте олар тас сыртына - тау асып Бұқтырма өзенінің оты мол, шүйгінді аңғарына қашты. Алайда, кержақтар да табиғатпен бірлесіп күресті.
Семенов кержақтардың селосы Секисовкаға барады. Секисовка тұрғындарын поляктар дейтін. Олардың бабалары патриарх Никонның қудалауымен Польшаға ауып кеткен-ді. Польша бөліске түскенде Екінші Екатерина кержақтарды Алтайға көшірген болатын. Секисовкаға барған кезімде мені бұл селеннің тұрғындарының киімі мен үйлеріндегі кейбір өзгешеліктер таңдандырған еді. Әйелдердің бас киімі жұп-жұқа шүберекпен әсемдеп орап байлағандықтан сәлде тәрізді боп көрінетін. Олардың көйлектері мен паневалары қызыл жіппен кестеленіп, әсем өрнектелетін. Тұрғын үйлер ерекше таза; сырланбаған ағаш еден әбден жуылады екен. Мебель, әсіресе шкафтардың, сондай-ақ үйдің төбелері мен қабырғаларының бояуы қанық.2
Ол жол күнделігіне казактар мен кержақтардың этнографиялық белгілерін, салт-санасына байланысты бейнелі сөздерін жазыпалады. Казактар кез келген тау жоталарын Урал деп, бөлек шыңдарды шоқы деп, кержақтар дәлелдеу деген етістікті хабар деген мағынада қолданады екен. Оның күнделігінде кен орындарындағы басыбайлы жұмысшыларды қатал қанаушылық турасында жазбалар пайда бола бастайды.
Аз зерттелген елде Семенов үшін елеусіз немесе мағынасыз дерек, құбылыс атымен жоқ. Бәрі де қызық, маңызды елеулі, бәрінің де ғылыми мәні бар. Локтевка деген шағын өзен жағалауынан алғаш рет Алтайдың қатты тау жыныстарының жалаңаштануын ұшыраттым: сұрғылт қалақ тастар, оның жартастарында Алтайдың кәдуілгі өсімдігі - патриния өседі екен. Мен айналдыра көріп шыққан Герихов төбесі порфирден, брекчий мен әктен тұрады екен. Бір қуанғаным сол, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
XVI-XIX ғасырларда Қазақстан аумағын физикалық-географиялық тұрғыдан зерттеу
Қазақстан және орыс зиялылары
Семенов - Тянь - Шанский
Ш. Уәлиханов
Қазақстан аймағы туралы көне замандағы мәліметтер
Шоқан шыңы
Азияны зерттеуші ғалымдардың саяхаттары мен еңбектері
Ш.Ш.Уәлиханов. (1835—1865)
Қазақ жері туралы ерте географиялық мәліметтер
Әке мирасына Уәлидің үлкен баласы
Пәндер