Қазақ халқының қолданбалы өнерінің семантикасы


АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ
«Әлеуметтік пәндер» кафедрасы
«Қазақстан тарихы» пәнінен
Тақырыбы: « Қазақ халқының қолданбалы өнерінің семантикасы»
Орындаған
БЭк-10-12 тобының студенті
Омархан А. Ш.
Тексерген
Жылгелдинов М. Т.
Алматы 2011
Жоспары
I . Кіріспе . . . 3
II. Негізгі бөлім
а) Қолөнер бұйымдарына талдау . . . 5
ә) Ою-өрнек - өрелі өнер . . . 12
б) Ағаш бояулары . . . 17
в) Атау төркіні . . . 19
г) Аң терілерін өңдеу . . . 26
д) Ұсталық - зергерлік өнері . . . 27
ІІІ. Қорытынды . . . 34
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 37
Кіріспе
Мәдениет әлеміндегі дәстүрлі бейне бірлігі - табиғи гармонияға тоқталатын болсақ, дәстүрлі мәдениеттің бір көрінісі ретінде қолөнері мен ондағы ою-өрнекке тоқталғанымыз жөн. Себебі бұл екеуі кеңістіктік және пластикалық қасиеттеріне қарай бейнелеу өнерінің бір көрінісі іспеттес. Мысырдың пирамидаларындай тамаша архитектуралық ескерткіштері бар шаһарлары жермен-жексен болған қазақ даласы басқа өнердің түрлерін сақтай алмағанмен, бізге асылдардың асылы сөз өнері мен ою-өрнек өнерін мирас етті. Сондықтан Ә. Марғұлан бұл мұралар жөнінде: "Ертедегі Қазақстанда өмір сүрген көшпенді және жартылай көшпенді тайпалардан қалған аса бағалы мұралардың ішінде қазірге толық сақталғаны халық эпосы және ою-өрнек, ал архитектура, көне өрнек түрлері із-түзсіз жоғалды, олардың біздің заманға жеткені ертедегі мұралар мен қорғандардың сынықтары ғана" - деп баяндайды. Ал, шындыққа келгенде, қазақ халқының қолөнері - ертеден келе көне тарихы бар, өнегелі дәстүрі бар, өзіндік ерекшеліктері мол байырғы өнер. Халқымыздың қасиетті қолөнері атадан балаға ауыса отырып, өте жақсы дамыған күрделі өнер. Халық шеберлерінің қолынан шыққан бірегей бұйымдарды өте үлкен талғаммен жасалған өнер туындылары деп бағалаған жөн. Өйткені көптеген халықаралық көрмелер мен байқауларға, өнер фестивальдары мен форумдарына қолөнер туындыларын қойып, байқағанымыз біздің қолөнеріміз әлем халықтарының қолөнерімен терезесі тең, тіпті кейбір тұстарда көп елден шоқтығы биік тұр.
Халқымыз ежелгі замандардан бері еңбек етумен қатар, уақыт ағымымен бірге өнерін де ұдайы дамытып отырды. Солардың бірі халқымыздың қолданбалы өнері.
Қолөнер тарихи-экономикалық, саяси-әлеуметтік жағдайларға байланысты әр заманда әр түрлі сатыда дамып, түрленіп отырды.
Ғылымда «Андронов мәдениеті» (б. з. д XVIII-X ғ) деген атпен белгілі болған андроновтық тайпалардың қолөнершілері (шеберлері) сол кездің өзінде-ақ әр түрлі қола қарулар, пышақ, найза, т. б. сәндік бұйымдар мен сазбалшықтан әр түрлі ыдыстар жасап, оларды геометриялық өрнектермен безендірген.
Қазіргі қазақ жерін мекендеген ертедегі сақ, үйсін, қаңлы. тайпалары қазақ халқын, құрайтын негізгі тайпалар болып саналатыны ғылымда дәлелденген. Халқымыздың мәдениеті мен өнерінің дамуына Алдыңғы және Орта Азия, Шығыс Еуропа скифтері мен Қиыр Шығыс, Сібір, Алтай халықтарының ықпалы зор болды.
Ерте кездерден-ақ көршілес жатқан мемлекеттермен мәдени қарым-қатынас нығайып, саяхат, сауда жасау арқылы, әр мемлекет бір-бірінен өнердің озық үлгілерін үйреніп, жетілдіріп отырған.
Ежелгі тас дәуірінен бастап, бүгінгі күнге шейінгі қазақ жерінен табылған қолөнер үлгілерінің түпнұсқалары мен шынайы шеберлердің қолынан шыққан өнердің озық үлгілерін бұл күнде музейлерден көріп те жүрміз.
Ал енді қолөнер дегеніміз не, оның адам өміріндегі қызметі қандай? Қолөнердің қандай салалары бар деген сұрақтарға жауап іздеп көрелік. Қол өнер ғасырлар бойы дамып, қалыптасып келе жатқан халық творчествосының сарқылмас қайнар көзі, халық мәдениетінің айнасы. Ол талай ғасырлар кезеңінен өтіп түрленіп, жаңарып келіп, атадан балаға мұра ретінде бізге жеткен дәстүрлі де қастерлі өнер. Қандай халықтың өнері болса да оның тарихымен, қоғамдық құрылысы, әдет-ғұрып, салт-санасымен астасып қатар өркендейді. Қолөнер адам баласының әсемдікке, нәзіктікке деген ұмтылысын, сол бағытта табиғатты өзінше таңбалап бедерлеуін, сұлулықты іздеуге деген құштарлығын танытады. Ол арқылы біз үлкен рухани-эстетикалық тәлім алып, өнер әлеміне қанат қағамыз.
Кіп-ішкентай түймеден бастап, толып жатқан үй жиһаздары, ат әбзелдері, қару-жарақ, музыка аспаптары, кілем, киім-кешек, ыдыстар, әсемдік, сәндік бұйымдарының барлығы да халық қолөнерінің туындылары болып саналады.
Қолөнер бұйымдарын көркем эстетикалық талғаммен, нақышына келтіріп, өрнектеп, әшекейлеп шығаратын адамдарды қолөнер шеберлері дейміз. Әр шебердің өзі сүйетін материалы мен сол материалды ұстап, әшекейлеп-өңдеуде меңгерген өз тәсілі болады. Қазақ шеберлері көп қолданатын материалдарға ағаш, металл, тері, былғары, тарамыс, қайыс, жүн, жіп, ши, қамыс, киіз, мата, бояу, тағы басқалары жатады.
Аталған материалдарды өңдеп, әшекейлеп әр түрлі бұйымдар жасау үшін қолданатын тәсілдер: ою, қашау, нақыс салу, өрнектеу, бояу, бұрау, ширату, кесу, тесу, илеу, өру, тоқу, иіру, бедерлеу, тігу, сыру, шабу, қақтау, ыстау, лажылау, дәнекерлеу, құрсаулау т. с. с болып кете береді.
Әр түрлі ою ойып, ою-өрнек үлгілерін жасайтын адамдар оюшы, ағашты көркемдеп өңдеп, одан түрлі бұйымдар жасайтын адамды ағаш шебері немесе ағаш ұстасы дейміз.
Темірден түйін түйіп, әр түрлі өндіріс құралдарын соғатын адам темір ұстасы, ал түрлі металдар мен тастарды пайдаланып, өте нәзік сәнді бұйымдарын жасайтын шеберлерді зергер деп атайды.
Осы сияқты істейтін ісінің ыңғайына қарай әр шебер: тігінші, кестеші, өрімші, бәдізші, тері илеуші, бояушы, музыка аспаптарын жасаушы, тағы басқа да атала береді.
Қазақта: «Жігітке жетпіс өнер де аз» деген мақал бар. Егер кімде-кім бірнеше өнерді бірдей жетік меңгерсе, ол адам туралы: «Он саусағынан өнер тамған, бесаспап шебер» екен дейді.
Мысалы, қазақ шеберлерінің арасында киіз үйдің сүйегін (ағаштарын) түгел жасап, құрастырған үй бораушы шеберлер, немесе ат әбзелі ер-тұрман, саймандарын басынан аяғына шейін өзі жасайтын бесаспап шеберлер көп болған.
Өнер сүйіп, өнер сыйлап өскен қазақ халқы әр уақытта өнерлі, шебер адамдарға үлкен ілтипат көрсетіп, құрметтеп келген.
Халық қолөнерлерінің тарихын біліп, оның құпия құбылыстарын игеру, халық қазынасын байыта түсу бүгінгі талапкер жастарға үлкен сын. Ол үшін ұдайы талаптанып, үзбей тер төгу керек. Сонда ғана бесаспап шебер болып шығасың. .
Қазақ халқын жер жүзінің көп халқытарынан ерекше көрсететін қасиеті- ол мәдениеті мен өнері, әдет-ғұрып, салт-дәстүрі. Қазір жастар арасында еуропа мәдениетіне еліктеу, солықтау үрдісі басым. Өз халқының тілін, мәдениетін жете білмеген адам - басқа елдің мәдениетімен алысқа бара алмасы - ақиқат.
Дәстүрлі өнердің соның ішінде қолөнерінің өзіндік заңдылықтары бар. Бейнелеу өнеріне қарағанда оның ауқымы кең. Мұнда тұтастылық пен бірлік, масштабтылық пен гармония, әсемдік пен саналылық уақыт талаптары мен функциялық қолданыстарына сай үйлесімді шешімін табады. Сөйтіп, суретшілер алдында айналып өте үлкен міндет тұрды. Ол халықтық дәстүрлі өнердің мәдени - рухани белгілерін меңгеру. Қазақ өнерінің қазіргі жағдайын толығырақ түсініп, оның болашағына көз жүгірту үшін біз халықтық дәстүрлі өнер тудырған табиғи көркем заңдылықтарды да, әлемдік мұраны да, қазіргі таңда күнделікті өмір қойып отырған жаңа міндеттерді де назардан тыс қалдыра алмаймыз.
Бейнелеу өнерінде дәстүрлі өнердің конондық мәдени заңдылықтары бұзылғанымен, халықтық өнердің керемет динамикалы ішкі энергиясы, үндестігі, философиялы ой-тәжірибесі реалистік өнер үшін де маңызды. Халықтық дәстүрлі дүниетанымның тұрақты нақыштарына тереңірек бойлай алмай, оның формальді белгілерімен ғана шектелген уақытта суретшілердің тығырыққа тірелетіндігі жөнінде кеңес үкіметі жылдарында да айтылған болатын.
Қалай айтқанда да бейнелеу өнері мен дәстүрлі өнер арсында үлкен айырмашылық бар екендігі сөзсіз. Кенеп бетіндегі екі өлшем үшінші өлшемді оптикалық иллюзия арқылы жасау мүмкін емес. Ондағы бояу түсі де нұсқадағы табиғи бояу түсінен бөлек, өзгеше. Ал халықтық дәстүрлі дүниетанымдағы кеңдік, биіктік, тереңдік (бойлық) - масштабты зор ауқымды өлшеммен байланысты.
Дәстүрлі өнерде бояу түсі өзінің тұрақты мағынасымен қуатты күшке ие. Ол дүниетанымдық көзқараспен байланысты. Бір жағынан, эмоционалды екпінділікті күшейтуге жағдай жасайтын живопистік реңдер өнертану теориясы тұрғысынан тереңірек ашылса, ал біздің жағдайымызда қарастырылатын бояу түсінің тұрақты нақыштарын мәдениет филосо-фиясы тұрғысынан талдаған ыңғайлы.
Мысалы, И. Кант өнер мен көркемдік кәсіпшілікті ажыратып таратады: біріншісі - еркін өнер, екіншісі - табыс үшін жасалатын өнер.
Қазіргі халық шеберін не жасап жатқандығынан бейхабар аңғал қолөнерші ретінде қабылдауға болмайды. Халық шеберінің өзі бізде суретші болса, оның кәсібі - өнер, ал оның қолынан шыққан зат өнер туындысына айналды”. - деп жазады кеңес дәуіріндегі өнер зерттеушілерінің бірі. Фабрикалар шығарған бұйымға қарағанда халық шеберлері жасаған бұйымдар жоғары бағаланады. Таза өнер әр уақытта жоғары бағаланатын.
1925 жылы В. С. Воронов: “Суретшінің міндеті халық шеберінің алдында тұрған көркем шығармашылық ерекшеліктерді ұғынуға көмектесу. ” - деп жазған болатын.
Көркемдік, авторлық ой - сананың қалыптасуында халықтық өнердің көркемдік тілін меңгеру және басқаларға бере білу, жеткізу әдісі де өзгерген. Оның мәні бұрынғыдай дағдылану, шеберлікті жетілдіру, қолдың машықтығын дамытумен шектелмейді. Ең бастысы - көркем шығармашылық процесін, өнер принциптерін тану, меңгеру, ұғу. Бүгінгі күндері халықтық өнерді арнайы оқу орындарында оқытады. Онда оқушылар алдына мақсатты міндеттер қойылады. Оның ең бастысы - көркем шығарма жасауға, көркем образды сомдауға үйрену.
Осы мәселеге байланысты 1960 жылдары жазылған мақаланың өзінде төмендегідей ой айтылады: “Текемет, алаша, тұскиіз сияқты халықтың ою - өрнек өнерінен туған бұйымдар осы кезде бірсыпыра зиялы адамдардың үйінен сирек көрінетін болып жүр. Бұл заттардың жақсы екенін жұрттың бәрі біледі. Олай болса, осы күнгі қаладағы пәтерлерде осындай бұйымдардың көзге түспеу себебі неде? Жылтыраған әдемі мебельдердің қасында машинамен тоқылған стандарт кілемдердің ғана жататын себебі неде? Әлде бұл кілемдер бұрынғыдан артық па?
Ескіліктің зиянды қалдықтарына қарсы күресеміз, жаңа тұрмыс жағдайын жасаймыз деп жүргенде, халық шеберлерінің өнерін менсінбеушіліктің де пайда болғаны мәлім. Ал ою - өрнек өнері қазақтың ұлттық игілігінің, халықтық мәдени мұраның маңызды саласы екендігі даусыз. Ойлап қарасақ, халық дегеніміз осындай әдемі текемет пен сырмақ, алаша мен кілем, тұскиіз, аяққап, шымылдық жасаған ата-бабаларымыз бен әжелеріміз ғой. Халық өнері кәсіпкерлік емес, бұл шын мәнінде үлкен өнер деп үзілді - кесілді айтатын мезгіл жеткен сияқты.
Бейнелеу өнерін философиялық тұрғыдан бағалауға үйренген теоретиктер қолөнер бұйымдарын бұрынғы тұрмыстық ортадан көруді көксейді. Мазмұн мен форма үйлесімділігін аңсайтын олар қарапайым тұрмыстық заттардан, бұйымдардан семантикалық сәйкестік іздейді. Сондықтан да осындай нәрселердің табиғи сипатын олар үшін шеберлердің көрмеге дайындаған әсем бұйымдары, әсіресе сәндендірілген әшекейлер, бұралатын сәнді пластика артық нәрсе болып көрінеді. Себебі, мұндай заттар табиғи өнерге қылау түсіреді. Ал әдейі маманданған, кәсіптік дайындықтан өткен шеберлер өздерінің білімдері мен дағдысын композициялар арқылы сомдап отыруға әуес. Қарапайым көрермендерді де осындай ізденістер, эксперименттер, жаңалықтар қызықтырады. Өнер философтары жекелік ізденіс деңгейінде қалып қойған өнер жөнінде өздерінің өкініштерін жасырмайды. Олардың аңсайтыны әлемнің ұлттық бейнесі жинақталған қоршаған орта мен синкретті бірлікте көрінетін қарапайым халықтық шығармашылық. Халықтық мәдениетті табиғатпен біріктіретін, ешқандай айласыз, бүкпесіз табиғи сипаттың оралмастай болып кетіп бара жатқандығы өнер теоретиктерін аса қынжылтты. Бұл жөнінде де кезінде аз жазылып, аз айтылған жоқ.
Дәстүрлі өнерге қойылған өркениет заманындағы кәсіпкерлік талап-тілектер мәдени ортаны өзгертпей қоймайды. «Мәдениет - өзінің жетістіктерінде ешқандай пайда көздемейді, өркениеттілік әр уақытта себепсіз, пайдасыз ешнәрсе жасамайды. » - дейді Н. Бердяев.
Бірақ шебердің өзіне ғана тән жекелік ой-өріс халықтық өнердегі көркем тілдің жекелік тілдің жекелік сипатынан озып кетіп отырады. Себебі халық өнерінің көркемдік тілі жекелік болмағандығымен, ұжымдық санамен, дәстүрлік сипатымен құнды. Ол қазіргі болып жатқан сұраныстарды өтемейді, ол өткенге тән . . . себебі оны бізге дейін көптеген ұрпақтар қалыптастырып келді. Сонымен, осыдан келіп қарама-қарсы жағдай туындайды. Жеке авторлық өзіндік санамен жұмыс істейтін суретшілер индивидуальді авторлық емес шығармалар жасауға қатысады.
Белгілі философ Н. Бердяев: «Өркениетте мамандануға бағытталған бастау көздері жеңеді, онда біртұтас рухани мәдениет байқалмайды. Мәдениет руханилықтан жұрдай болып өркениетке өтеді, руханилық кеми түседі, сапа санмен алмасады. » - деп көрсетеді.
Өркениет тудырған қайшылықтар қолөнері мен бейнелеу өнерінің саралық белгілерін шатастырып пайдаланудан басталады: «Соңғы кездері кілем тоқушы шеберлер «шатыр гүл» стилінде орындалған дәстүрлі кілемдерден гөрі нақты суреті бар композицияларды оң көреді. Олардың айтуынша жаңа, қазіргі заманға сай өтімді ою - өрнектерді іздестірген жөн. Жаңа қажеттіліктерді қанағаттандыратын өтімді стильді олар балалар кітапшаларындағы қызылды-жасылды суреттерден, Молдавиядан әкелінген үлкен қызыл раушан гүлі бар кілем бұйымдарынан, ұп-ұсақ, шимай-шатпақ өрнектері бар Алматы - жаккард төсек жабқыштарынан табады, мысалы, бір шебердің жолбарыс, аққу, таутеке суреттелген кілемі алыстан көрінетіндей шүйгін түсті ал-қызыл қалампырлар тізбегімен шұбарланған. Оның ауқымы 10 м 2 шамасында. Дегенмен, осындай кілемдер халыққа ұнайтын көрінеді. Оны көруге көршілері келіп «жолбарысың тірі сияқты екен» деп мақтайды екен. Суретті кілемдер қазір көптеген үйлерде кездеседі. » - деп күйіне баяндайды Алматылық өнертанушылар.
Жалпы алғанда бұл жерде халық шеберлерінің қолөнерінің өзіндік функциясын түсінудегі адасушылықтары байқалады. Жалпы қолөнері өзінің табиғаты жағынан екі функция атқарады: біріншісі - көркем эстетикалық қызмет; екіншісі - оның тұтынылатын зат ретіндегі қызметі. Осы жерде біраз шатасушылықтар бар.
Адасушылықта көрінетін екінші бір құбылыс қолөнері мен бейнелеу өнерінің өзіндік табиғи сипатын шатастыру. Қол өнері және ою-өрнекті бейнелеу өнерімен қатар қою. Сондықтан ою-өрнектің өзін көсемдердің портреттері алмастыра бастады. Кейін онымен де қанағаттанбайтын болдық. Түрлі реалистік әдісте орындалған пейзаждар, сюжеттік тақырыптағы жұмыстар пайда болды.
Осы жерде тағы да мынадай нәрселерге көңіл бөлген жөн. Осындай шешімдердің дұрыс емес екендігін біле тұра қазірдің өзінде қолында дипломы бар оқыған маман кәсіпкерлердің өзі осындай тиімді композицияларды аттап өте алмайды. "Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар таза түрінде және қарым-қатынастардан, қоғамдастықтан тыс қалыптаспайды . . . Ұлттық сезім ерекше әлеуметтік-психологиялық құбылыс, ол сыртқы әсерлерге тез бой алдырады, тез қызуланып, сағы тез сынады. Сондықтан ол үнемі тәрбиелеуді және ақыл - парасат тарапынан бақылауды қажет етеді. Жеке тұлғаның ұлттық сезімін тәрбиелеу айналасындағы ортаның қалыптасқан, олар үшін өмірлік қағида болып табылатын белгілі бір құндылықтармен толықтыру арқылы жүзеге асуы тиіс. Ақыл-ойдың бақылауындағы және белгілі бір ортаның ықпалындағы ұлттық сезім ізгі, адамгершілікті болады. Табиғи, биологиялық, тектік нышандармен органикалық түрде араласады. Бірақ ақыл - парасаттың өзі адамдардың қандай да бір бөлігінде, ал кейбір жерлерде едәуір бөлігінде әртүрлі қоғамға қарсы идеялар мен психологиялық тойымсыздықтан, өзімшілдіктен, басқа ұлттық құндылықтарды қабылдамау арқылы да ластануы мүмкін".
Қолөнері мен ою өрнектің өн бойында образды айқындаудағы форма ретіндегі және әлемнің ұлттық бейнесі ретінде көрінетін оның бейнелік тұрақты нақыштары жөнінде айтқанда, рәміздік белгінің құрылымдық жүйесі мен мағыналық тілін ұғыну барысында оның семиотикалық заңдылықтарын ескеріп, моррис бойынша рәміздік белгі жүйесінің үш деңгейін пайдалануға болады: біріншісі - семантикалық деңгей - қолөнер бұйымдары мен ою-өрнек нақыштарының тұрақты қалыптарындағы (сызықтық, таңбалық, ырғақтық сипаттары мен бояу түсі, материалындағы) берілетін мән - мағына, астарлы ой желісі. Ондағы бейнелік тұрақты қасиеттердің космоспен, о дүние, бұ дүниемен байланысы, кеңістік пен уақытқа қатынасы, кеңістіктегі ариенттер ретіндегі, уақыт аралығындағы статистикалық немесе динамикалы көрінісі және оның философиялық тұрғыдан алғанда өнердің басқа түрлеріне қатынасы қарастырылады; екіншісі - статистикалық деңгей - қолөнері мен ою-өрнектегі бейненің тұрақты нақыштарының сыртқы дүниемен байланыссыз ішкі заңдылықтары қарастырылады. Яғни, біртұтас композицияға енетін жеке элементтердің рәміздік белгісі мен өзара қатынасынан туындайтын белгі-хабарлар; үшіншісі - прагматикалық деңгей, рәміздік белгі жүйелерінің мән мағынасының адамға қызмет етуі. Осыған байланысты тұрмыста пайдаланылатын кез - келген қолөнерінің басқа түрлеріне қарағанда зергерлік өнер сәндік декоративті қызмет атқарумен бірге, оның, біріншіден бойтұмар ретінде сақтандырушы киелік қасиеті, екіншіден оның адамдар арасында бір-біріне ниет білдіруде қатынас, жөн-жоралғы, сый-сияпат, ізгілік, сәлемдеме хабар қызметін атқаруы. "Алғашқы қауым адамы өзінің практикалық іс-әрекетінде логикалы ойлап, дұрыс бақылаулар жасап, бүгінгі күн адамдарына қарағанда онысын жақсырақ пайдалана білді. Себебі ол өзін қоршаған ортаға жақсырақ бейімделген болатын". Алғашқы қауымдық қоғамның өзінде қара дүрсін тотемизм адам мен табиғат арасын үйлестіруде өзіндік реттеуші қызмет атқарды. Шын мәнінде бұл жерде біз адамның қоршаған ортамен бірлігін қамтамасыз етіп, оның адамдық "мендігін" табиғатқа сіңдіріп жіберетін "тотемистік моральмен" істес болып отырмыз.
Осы айтылған ойларға қазақ дүниетанымынан көптеген мысалдар келтіруге болады. Оның ең бастыларының бірі көшпелі қазақтың әлеуметтік дүниесімен байланысты Қошқар ата, Зеңгі баба, Қамбар ата, Ойсыл қара - төрт түлік малдың желеп-жебеуші пірлері.
Өнердегі қайталауларды меңзейтін дәстүр мен конон арақатынасы жайындағы сұрақтардың нақты теориялық тұрғыдан қойылуы Б. М. Бернштейннің тартымды мақаласында орын алған. Ол дәстүрлі және конондық өнердегі қайталанулардың заңдылықтарын теориялық тұрғыдан негіздеді: "Дәстүрлік (конондық) пен вариативтілік бірлігі - жалпы көркемдік заңдылық болып табылады.
Енді біз осы анықтамаға қатысты өзіміздің көзқарасымызды нақтылы анықтап алғанымыз жөн. Біріншіден, қандай халықтың да дәстүрлі өнерге қатынасы оның төменгі даму сатысының көрсеткіші емес екендігін айтуымыз керек. Себебі ол еуроцентристік көзқарастан туған пікір. Еуропалық классикалық өлшеммен алғанда оған ұқсамаған өнердің барлығы төменгі сатыда тұр деп есептеледі. Екіншіден, мұнда дәстүрлі өнер анықтамасы алғашқы өнер сатысы мен бір деңгейге қойылған. Осы тұжырымға да біздің көзқарасымыз бөлек. Сондықтан біз "қазақтың дәстүрлі өнерінде ғасырлар бойы сұрыпталып, әлеуметтік мәдени ортада шыңдалған бейненің тұрақты нақыштарын қарастырған уақытта, біріншіден, оның сақталу, екіншіден, одан әрі жалғасу, даму заңдылықтарына, бейненің ұлттық нақыштарының табиғатын ұғу, түсіну, меңгеру, игеру мәселелеріне көңіл бөлеміз.
Егер ата-бабаларымыз элементтер арқылы ойлайды деп қарастыратын болсақ, әрине, олар бүгінгі күнге дейін жетпей жоғалып кеткен болар еді. Себебі дүниені элементтер арқылы қарастыру, жеке элементтер арқылы ойлау мүмкін емес. Ондай ой сыңар жақты келте дүниеге айналады. Біз ою-өрнек тұтас ойлаудан, дүниені тұтас қабылдаудан пайда болған бір тұтас жүйе деп айта аламыз. Тұтас қабылдаудың нәтижесінде оның рәміздік, белгілік нышандары қалыптасты. Ою-өрнек пен таңбалар тұтас қабылдаудың, түсінудің нәтижесінде пайда болғаны белгілі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz