Көне жазбалар



І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
а) Орыс ғалымдарының Орхон.Енисей жазбаларын зерттеуі
б) Ұлы түріктер хақында
в) Көшпелілердің этникалық.эстетикалық құндылықтары
г)Көне түркі жазба жәдігерліктерін зерттеу процесінің кезеңдері

ІІІ. Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Жазуы жок немесе жазуы болса да бізге жетпеген халықтардың тарихын құрастырудың,меншікті шежіресі бар халықтар тарихшысына мүлде бейтаныс,өзгеше бір қиындықтары болады. Түріктердің бұрын болған тарихи жазбалары сақталмаған,ал құлпытастардағы жазулар олардың орнын баса алмайды. Сол себепті де шетелдердегі нарративті бастаухаттардың ғылыми қажетке қосылған аудармаларына сүйенуге тура келеді.
Алайда әрқилы бастаухаттардан алынатын мәліметтердің бәрі бірдей бағалы емес және оларға көбіне-көп сене беруге де болмайды.
1. Аманжолов К.Р,түркі халықтарының тарихы.-Алматы ,2002
2. Махаева А.Ш. Көне түріктердің рухани мәдениеті. Алматы, 2000
3. Кәдірқұлова Г.Қ. Қазақстан тарихы: Оқулық. Алматы, 2005.
4. Алматы, 2005. Қазақтың көне тарихы. Алматы, 1993.
5. Қазақстан тарихы. Очерк. Алматы, 1994.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Ж о с п а р
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
а) Орыс ғалымдарының Орхон-Енисей жазбаларын зерттеуі
б) Ұлы түріктер хақында
в) Көшпелілердің этникалық-эстетикалық құндылықтары
г)Көне түркі жазба жәдігерліктерін зерттеу процесінің кезеңдері

ІІІ. Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

К і р і с п е
Жазуы жок немесе жазуы болса да бізге жетпеген халықтардың тарихын құрастырудың,меншікті шежіресі бар халықтар тарихшысына мүлде бейтаныс,өзгеше бір қиындықтары болады. Түріктердің бұрын болған тарихи жазбалары сақталмаған,ал құлпытастардағы жазулар олардың орнын баса алмайды. Сол себепті де шетелдердегі нарративті бастаухаттардың ғылыми қажетке қосылған аудармаларына сүйенуге тура келеді.
Алайда әрқилы бастаухаттардан алынатын мәліметтердің бәрі бірдей бағалы емес және оларға көбіне-көп сене беруге де болмайды. Оның себептері әр алуан: ол-кейде ертедегі автордың білімінің аздығы немесе материалды жазу мәндерінің ақауы, ал кейде оның сыңаржақтығы, өйткені замандас әрқашанда мүдделі жақтың өкілі, енді бірде VIIғ ғылым деңгейіндегі гипотезаға болжамға бейімдігі себеп болады.Сондықтан да тарихи сын мен XIX-XX ғғ. Ғалымдарының талдауы арқылы тексерілген мәліметтер дәйектірек те сенімдірек келеді де, жақын-жуықтығы себепті жаңылысу, адасу кеселіне ұшырамайды.Тарихи синтез негізінде тек осы мәліметтер ғана жарайды.
Европа елдері тарихының қаңқасы болып табылатын, әбден тексеріліп,даталары, қойылған оқиғалар жинағы, өкінішке орай, Азия елдері үшін әлі күнге дейін құралып жасалмаған.

Түркілердің тарихы VII -- VIII ғасырларда жазылған Орхон-Енисей жазбалары арқылы белгілі. Ол ескерткіштер -- бір замандарда түркілер мекендеген Енисей өзенінің бойы мен казіргі Монғолия жеріндегі Орхон өзені маңайынан табылған құлпытастағы жазулар. Сондықтан олар "Орхон-Енисей жазуы" деп аталып кеткен. Ескерткіштер -- VII -- VIII ғасырлардағы түркі рутайпаларының іргелі елі Түркі қағандығының тұсында тасқа қашалған Білге қаған (хан), Құлтегін (әскер басы), Тоныкөк (ақылшы, кеңесші) сияқты атақты адамдарға арнап тұрғызылған құлпытастағы жазулар.
Өтікен тауының шығыс жағындағы Орхон өзені жағалауына, қазіргі Кошо-Сайдам көлінің жағасына тұрғызылған бұл құлпытастар шоғырының айналасы тас кірпіштермен қоршалған. Қоршауға кіре берісте мәрмәр тастан кашалған екі кошқардың мүсіні орнатылған. Одан басқа бұл жерден тастан ойылған тасбақаның, адамның мүсіндері табылған. Жазуы бар мәрмәр тастың биіктігі -- 3,15, ені -- 1,24, қалыңдығы 0,41 метр. Ескерткіш текстері Түркі қағандығы дәуірінде қолданылған түркі және қытай жазуларымен екі тілде тас бетіне ойылып жазылған. Ескерткіштің шығыс, түстік, терістік беттеріне ескі түркі жазуымен, ал батыс жақ бетіне қытайша жазылған. Орхон-Енисей құлпытастарын алғаш Г. Спасский зерттесе, 1889 жылы орыс ғалымы
Н. М,. Ядоинцев Монғолия жерінен оның жаңа нұсқасын тауып, ғалымдар назарына іліктірді. Ескерткіш жазуын белгілі Дания ғалымы В. Томсен оқып, 1893 жылы неміс тіліне аударды (аударма 1895 жылы жарық көрді)Академик В.В.Радлов басқарған Ресей археологиялық экспедициясы 1894 жылы бұл жазба ескерткіштерді орыс тіліне аударып, 1894, 1897 жылдары жариялады. Шын мәнінде Орхон жазбаларын дәл әрі толық аударған ғалым С.Е.Малов болды. Ол Орхон-Енисей жазбаларының бірнешеуін аударып, бастырған.
1893 жылы П. М. Мелиоранский Орхон жазбалары жайындағы жеке зерттеулерге бірінші болып түркі ханы Елтеріс немесе Құтлүғ династиясы кезеңіндегі тарихи, географиялық, этнографиялық жағдайларға және VII -- VIII ғасырлардағы түркілердің ішкі тарихи ахуалына терең шолу жасайды.
Көшпенділердің жазу мәдениетінің тарихы сонау VII ғасырдың сына (руна) жазуынан бастау алатынын әлем тарихшылары бүгінде амалсыз мойындап отыр.
Орхон-Енесей жазбаларының мазмұны мен мағынасына қарап көшпенді халықтың өмірі үнемі дүрбелең жағдайда өткеніне көз жеткізсек те, мәдениеті төмен болмаған. Бұл жазбалар -- өздерін түркіміз деп есептеген, VI ғасырда Қытай шекарасынан сонау Иран мен Византияға дейін созылып жатқан кең далаға өз билігін жүргізген жауынгер халықтың еншісі.
ХХ ғасырдың бірінші жартысында Орхондық түркі жазба деректері тұтас бір тарихи-лингвистикалық зерттеулерді дүниеге әкелді. Солардың ішінде Күлтегін жөне Тоныкөк жазбасын зерттеген Ф. Хрит, Г. Е. Грумм-Гржимайло Түркі қағандарынан Ильтеріс -- Құтлық қаған, Мочжо -- Қапаған қаған, ал Могильян -- Білге қаған екенін дәлелдейді.
И. Маркварт орхондықтүркілерде қолданылған жыл санау жүйесінің дұрыс пайдаланылу жолын ұсынды. Ол түркілердің жыл санауында ондықтар бірліктердің алдында тұратынын (мысалы, бір отыз, дәлірек айтсақ, жиырмадан артық бір немесе бірліктер ондықтардың алдында келетінін (мысалы, бір қырық) дәлелдеді. Бір қырық деген басқалар ойлағандай 41 емес, 31. Сөйтіп И. Маркварт бұрынғы дұрыс зерттелмеген хронологиялық қарама-қайшылық пен тиянақсыздықтың бәрін ығыстырып, бүкіл түркі тарихына қатысты оқиғалар қатаң хронологиялық тәртіппен белгіленді. И. Маркварт Иенчу өзені -- Сырдария, ал Темір қақпа Байсит тауларындағы өткел-асу екенін деректермен дәлелдеп берді. Ал ғалым В. Мелиоранский түркі қағандығының көрші мемлекеттермен қарым-қатынасын зерттеп, көптеген мақалалар жазды. Ол бұрынғы Орхон жазулары туралы шыққан ғылыми еңбектерге өзгертулер енгізуді және бұл өзгертулерді қытай, араб деректерінде берілген фактілерге сүйене отырып дәлелдеді.
Әрине, қандай да бір халықтың тарихы мен оның мәдени өмірін зерттеп білу үшін алдымен сол халықтың тілін білу шарт. Бірақ, өкінішке орай, сол кездегі зерттеулер түркі халықтарының тілінде жазылмаған. Түріктің көне заманнан қалған бірден-бір даңқты жазба туындысы -- Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөк ескерткіші.
Кеңес өкіметі жылдарындағы түркілердің тарихы туралы жазылған құнды еңбектер: Толстовтың "Древний Хорезм" (1948) атты зерттеуі, Л. Гумилевтің "Древние тюрки" (1967),"Поиски вымышленного царства" (1970) және "Хунны в Китае" (1974) деген күрделі зерттеулері түркі тайпаларының ғасырлар бойғы даму ерекшеліктері, этнос ретінде қалыптасу кезеңдері мен мемлекеті туралы сыр шертеді. Л Гумилев "Хунны в Китае" деген еңбегінде ерте замандарда Қазақстан, Алтай және Орта Азия жерлерін мекендеген басты тайпа -- хундардың түркі қағанатына қатысы туралы жазды.
Академик В. В. Бартольдтың Орта Азия өлкесін мекендеген тайпалардың тарихы жөніндегі еңбектерінің ғылыми маңызы зор. Ол бұл еңбектерінде араб, парсы жене жергілікті тарихшылардың аса қүнды еңбектерін пайдаланған. Бартольдтың "Монғол кезеңіне дейінгі Түркістандағы христиандық туралы", "Жетісу тарихының очерктері", "Монғол шапқыншылығы кезеңіндегі Түркістан" т. б. еңбектері күні бүгінге дейін маңызын жойған жоқ. Оның бұл еңбектері Орта Азия және Қазақстан халықтарының көне дәуірден бастап-ақ өзіндік тарихи медениеті болғанын дәлелдеп берді. Орыс шығыстану мектебінің негізін қалаушылардың бірі болған ол Қазан төңкерісінен кейін Азия музейінің жанынан қүрылған шығыс зерттеушілерінің "Записки коллегии Востоковедов" дейтін баспасез ұйымын басқарды. Оның көптеген монографиялары ағылшын, неміс, түркі, араб т. б. тілдерде жазылған.
Бірақ отаршыл Ресей үкіметінің ең қауіпті, ең қасіретті қылмысының бірі -- Орта Азия мен Қазақстан, жалпы түркі халықтарының ұлттық санасын құлдануға күш салу еді. 1881 жылы Түркістан әскери округінің комендантының көмекшісі, патша генералы Мациевский Ташкентте жұмысқа кірісе бастаған Шығыстану коғамының мүшелеріне былай деп хат жолдайды: "Шығыстану қоғамының міндеті Шығысты зерттеу емес, Шығыс халқын орыстандыру". Патшаның саясаткер-ғалымдары орыстандыруды тоқтаусыз жүргізу үшін саяси-ғылыми айналымға "панисламизм", "пантюркизм" деген терминдерді енгізсе, Кеңес үкіметі жылдарында жергілікті халықты ата тарихынан, ата дәстүрінен, ана тілінен, ұстанған дінінен безіндіру үшін неше түрлі құйтырқы теорияны жан-жақты жетілдірді.
Кеңестік жүйе ыдырағаннан кейінгі түркологиянын проблемаларын ортаға салу және алдағы бағыт-бағдарын ойластыру; Түркі халықтарының мәдениетін әлемдік өркениеттің құрамдас бөлігі ретінде зерделеу; Көне жазба мұраларға Түркі халықтарының тарихы мен мәдениетін танып-түсінетін түп-нұсқа дерек көзі ретінде мән беру және ол мұраларды жинау, зерттеу жолында жаңа кезеңдік кешенді шараларды қолға алу; Қазақстанның тарихи-әлеуметтік, мәдени-рухани тек-тамырын генезис жалпы түркілік еркениет аясында пайымдау және тарихи сабақтастык мәселелеріне ден қою. Ақиқатты мойындау керек. Соңғы жылдары түркология мәселелеріне қатысты мұндай кең қарымды тақырыпты алкалы жиында сөз етудің орайы келе қойған жоқ еді жене байырғы жазба ескерткіштері төл тарихымызбен байланысты шендестіре зерделенген емес-ті. Бұл түрғыдан келгенде, дүние жүзіндегі жетекші түркологтардың қатысуымен елімізде еткен халықаралык конференцияның кезендік мән-маңызы бар деп айтуға болады
Олардың қоныстанған жері туралы белгілі түрколог Н. А. Аристов өз еңбектерінде түркі тайпаларының көбі ертеде Алтайды мекендегенін, ертедегі түркі халқының аңыздарында тайпа аттары көбінесе өздері тұрған жердің, (өзен, көл, тау т. б.) атымен байланысты болып келетінін атап көрсетеді.
Н. А. Аристов "түркілердің бастапқы шығу тегі мен олардың ата жұрты туралы" деген мәселеде:"Түркілердің негізгі басты үлкен тайпалары алғашында Алтайды мекендеген. Алтайдағы жер-су аттары көне түркі халық аңыздарына енуі бүған дәлел бола алады. Ежелгі түркі мемлекеті хундар империясы болып есептеледі", -- дейді. Орхон жазбалары бұған дәлел.
Махмұд Қашқари құрастырған түркі тілдерінің әйгілі сөздігі -- "Дивани луғат-ат-түрік"-те түркі тілдерінің жекелеген түрлері туралы көп мәліметтер келтіреді. Махмуд Қашқари көптеген түркі текті рулар мен тайпалар жерін аралап, олардың тұрмыс-салты, тілі, ауыз және жазба әдебиеті туралы қыруар мол материал жинаған. Махмуд Қашқари бұл жөнінде былайша деп жазды: "Мен түркілер, оғыздар, шігілдер, яғмалар, қырғыздардың шаһарларын аралап, қыстақ пен жайлауларын көп жылдар аралап шықтым, лұғаттарын (сөздерін) жинадым, түрлі сөз қасиеттерін үйреніп, анықтап шықтым. Мен бұл істерді тіл білмегенім үшін емес, қайта бұл тілдердегі әрбір кіші-гірім айырмашылықтарды да анықгау үшін істедім, солардың бұрын мұқият бір негізде жүйеге салдым".
Түрктің белгілі ғалымы Б. Аталай "Дивани лүғат-ат-түріктің" үш томдық аудармасын, осындағы сөздердің бірі томдық тізімін жасап шығарды. Бұл еңбек әрқилы зерттеу жұмыстарына пайдалануға кең жол ашып берді.
Махмұд Қашқаридің жазуы бойынша түркілерге шығу тегі жағынан түркі емес, бірақ түркіше білген халықтардың бәрі жатқызылады. Ол барлық түркі халықтарын солтүстік және оңтүсік деп екі топқа бөледі, әрқайсысында он-оннан халық болған. Солтүстік топқа енгендер: печенегтер, қыпшақтар, оғыздар, иемектер, башқұрттар, ябакулар, татарлар, қырғыздар т.б. Оңтүстік тобына жататындар: шігіл, тухси, яғма, играк, чарук, жумьш, ұйғыр, танғүт, хитай, табғаш.
Махмуд Қашқари таза түркі деп қырғыз, оғыз, тухси, яғма, шігіл, играк, және чарук халықтарын атады.Махмуд Қашқари қырғыздардан батысқа карай ябаку халқы түрды деп көрсеткен.
В. Томсон аз халқының шығу тегін белгісіз деп есептесе, аз және қырғыз халықтарымен бірге өмір сүрген чиктердің шығу тегі жөнінде ешқандай дерек жоқ. Солтүстік-шығысқа қарай ығысқан түркілердің бір бөлігі якут халқын құраған сияқты.
Қазақстан тек түркі әлемінің кіндік мекені ғана емес, сонымен бірге мұнда байырғы түріктік мемлекеттердің тарихы мен мәдениетіне қатысты айғақ-белгілер де молынан ұшырасады. Археологиялық ізденістер барысында Қазақстан аймағынан Есік, Үстірт, Берел "алтын адамдарының" бірінен сон бірінің анықталуы, сондай-ак түркілік жазба-мұралардың елеулі нұсқалары табылып, ғылым жүзінде Талас жазуы , Іле жазуы, Ертіс жазуы деген үғымдардың орнығуы біраз жайды аңғартса керек. Бұл сияқты терең тамырлы төл тарихын зерттеу барысында қол жеткізген қазақстандық ғалымдардың байсалды ой-тұжырымдары қазір дүние жүзіне таныла бастағанын атап өтуге болады. Әсіресе, түркология саласындағы ғылыми ізденістер назар аударарлық. Қазақстанның Ш.Уәлиханов, М.Әуезов, Қ.Жұбанов, Н.Сауранбаев, І.Кеңесбаев, С.Аманжолов, Ә.Марғұлан, Ғ.Айдаров, А.Құрышжанов, М.Жолдасбеков, А.Аманжолов, С.Қаржаубай, Қ.Салғараұлы сияқты ғылыми-зерттеушілерінің сүбелі еңбектері түркология ғылымын өзінің жаңалықтарымен толыстыра алды. Бүл дәстүрдің соңғы жылдары қайта жандануы көңілге қанағат сезімін ұялатады.
Көне түркі руникалық жазуы туралы әңгіме еткенде, осынау игілікті де ізгілікті іске Қазақстан оқымыстылары қосқан үлес туралы айтпай кетуге болмайды.
Соңғы 30 жылда қазақстандық ғалымдар Талас, Іле, Сырдария, Ертіс, Жайық өзендерінің аңғарларынан табылған эпиграфиялық жазуларды зерттеді. 1960 жылы Шардара өзені ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан ежелгі дәуір тарихының жазба деректері
Көне Түркі жaзулaрының зерттелуі. Орхон жaзуындaғы жәдігерліктер
Көне түркі жазуы
Дала жазуларының тарихы
Ежелгі түрік мәдениеті: Орхон, Енесей жазбалары
Септік жалғаулары
Көне түркі жазуы туралы
Көне Түркі жазуларының зерттелуі
ЕТІСТІКТІ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІНІҢ ДАМУЫ
Түркі халықтарының жазба ескерткіші және оның көздері
Пәндер