Қазақстан 2030



ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ БАСЫМ МАҚСАТТАР МЕН ОЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ
ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК
АУЫЛ ПРОБЛЕМАЛАРЫ
КЕДЕЙШІЛІК ПЕН ЖҰМЫССЫЗДЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК РЕФОРМАЛАР
КӘСІПҚОЙ ҮКІМЕТ
ҮКІМЕТКЕ 1998 ЖЫЛҒА 8 НАҚТЫ ТАПСЫРМА
ҚОРЫТЫНДЫ
Бүгін біз зор мүмкіндіктер табалдырығында тұрмыз. Азияның ең кедей елдерінің кейбірінің отыз жыл ішінде қайыршылықтан оңалып, индустриялы мемлекеттерге айналғанын сіздердің көпшілігіңіз білесіздер. Алғашқылары Корея, Тайвань және Сингапур болса, ал қазір оларға Малайзия, Индонезия және Таиланд қосылды. Біздің ұлы көршіміз — Қытай жоғары қарқын танытып отыр. Индия мен Бразилия да өз қуатын еселей түсіп келеді. Бізге достас Ресей де жуық арада ұлы елдің жаңа келбетіне ие болады деп шынайы үміт артамыз және оған сенімдіміз.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Алматы энергетика және байланыс университеті

Радиотехника және байланыс факультеті

Әлеуметтік пәндер кафедрасы

Қазақстан тарихы

Баяндама

Тақырып: Қазақстан 2030

Орындаған: Абдрахманов А., Тұқымбеков Д., Магнаев А.
Топ: БРк
10-06
Тексерген:
Раджапов А. Ө.

Алматы, 2010
Қазақстан-2030
АЛДЫҢДА НЕ КҮТІП ТҰР,
СОНЫ ОЙЛА. ИГІ МАҚСАТҚА ТУРА
ЖҮРГЕН ЖЕТЕДІ

Фирдоуси
 
Бүгін біз зор мүмкіндіктер табалдырығында тұрмыз. Азияның ең кедей
елдерінің кейбірінің отыз жыл ішінде қайыршылықтан оңалып, индустриялы
мемлекеттерге айналғанын сіздердің көпшілігіңіз білесіздер. Алғашқылары
Корея, Тайвань және Сингапур болса, ал қазір оларға Малайзия, Индонезия
және Таиланд қосылды. Біздің ұлы көршіміз — Қытай жоғары қарқын танытып
отыр. Индия мен Бразилия да өз қуатын еселей түсіп келеді. Бізге достас
Ресей де жуық арада ұлы елдің жаңа келбетіне ие болады деп шынайы үміт
артамыз және оған сенімдіміз.
Осыдан қырық жыл бұрын Сингапур өз тәуелсіздігін алған кезде, жан басына
шаққанда 200 долларға жетпес табысы бар әлемдегі ең кедей елдердің бірі
еді. Бүгінгі танда сингапурлықтардың жан басына шаққанда 20 мың доллардан
асатын табысы бар. Өзінің халқы, этникалық құрамы жөнінен және басқа да
„көптеген" параметрлері бойынша бізге ұқсас ел, Малайзия да 20 жылға
жетпейтін уақыт ішінде өз азаматтарының өмір сүру деңгейін 10 есе арттыруға
қол жеткізді. Осындай табыстарының нәтижесінде бұл елдер күллі әлемде Азия
Жолбарыстары ретінде танылып отыр.
Қазақстан өзінің күллі мүмкіндіктерімен нақ осындай нәтижеге қол жеткізе
алмайды дейтін себептер бар ма? Ондай себептер жоқ. 2030 жылға қарай
Қазақстан Орталық Азия Барысына айналады және өзге дамушы елдер үшін үлгі
болады деп сенемін. Бізде Жолбарыстар жоқ, ал тауларымызда тіршілік ететін
Қар Барысы дүниежүзілік қоғамдастыққа онша таныс емес.
Жануарлар әлемінде Жолбарыс туыстас болғанымен Барыстын, өзіндік
ерекшеліктері де бар.
Бұл — өзіне тән тектілігімен, бұлалығымен, алғырлығымен, жасқануды
білмейтін тәкаппарлығымен, батылдығымен, айлалығымен дараланатын Барыс
болмақ.
Ол ешкімге бірінші болып шабуыл жасамайды әрі тікелей соқтығыстардан бойын
тартатын болады. Бірақ егер өзінің еркіндігі мен тұрағына, ұрпағына қатер
төнген жағдайда, ол бұларды басын тігіп, бойындағы барын салып қорғайтын
болады.
Ол сыптай да серпінді болуға және семіздік пен жалқаулыққа бой алдырмауға
тиіс: әйтпеген күнде ол қатаң табиғи ортада өмір сүре алмайды.
Ол жаңа асулар мен шындарды бағындыруда, мақсатына жетелейтін елеусіз,
бірақ сенімді соқпақтарды іздестіруде табанды да бірбеткей болуға тиіс.
Ол қауіп-қатерден қаймықпауға, тоқшылықтан босаңсымауға тиіс.
Ол өз ұрпағын баулыған кезде: оны баса-көктей келген қонақтардан қорғай
отырып, аузындағы дәмдісін соның аузына тосуға, оның саулығына, өресі мен
пайымына нәр беруге тиіс, сөйтіп кез елген ортадағы қатаң бәсекелестік
жағдайында ерте сақайып, өз бетінше дербес өмір сүруге жетелеп, көрегендік
танытады.
Ол өзі ішетін тұнық судың ылайланбауын, ал өз аясында тіршілік ететін
табиғат пен тыныстайтын ауасының жақсаруын қатаң қадағалап отыратын болады.

Ендеше қазақстандық Барыстың бойына дамудың алдыңғы қатарлы үздік деңгейіне
үстелген батыстың талғампаздығы да, шығыстың кемеңгерлігі мен төзімділігі
де тән болуға тиіс.
Ол өзінің талпыныс-ұмтылыстарында, жеңістері мен сәтсіздіктерінде бір
ананың сүтін тел емген өзінің бауырлары — Өзбек, Қырғыз және басқа да
Орталық Азия барыстарымен дәйім бірлікте болып, олардың өрлеуі мен
жетістіктерін мақтаныш тұтатын болады.
Дегенмен 2030 жылғы осындай Қазақстан өзінен-өзі пайда болмайды. Оны біз өз
қалауымызбен және табысқа жетуге талпынған ерік-жігеріміз арқылы
тұрғызамыз. Егер біз осы мүмкіндікті сәтімен пайдалана алмасақ, егер біз
болашағымызға жоспар құрмай және бүгінгі күні нақты іс-қимылдарды іске
асырмай, күндер мен апталарды уысымыздан шығарып алсақ, егер сәтсіздікке
ұшырасақ, онда өзімізден басқа ешкімге кінә арта алмаймыз.
Еш нәрсеге бірден қол жетпейді. Табысты әрі тұрақты дамуға объективті түрде
белгілі бір сатылар тән, оған құлашты бір сермегеннен жетуге болмайтыны да
белгілі.
Салауатты әрі гүлденген экономика құрмайынша, біз қуатты мемлекет пен
Қарулы Күштер құра алмаймыз, демографиялық, экологиялық және әлеуметтік
міндеттерді шеше алмаймыз, әрбір адамның жеке басының қадір-қасиеті мен әл-
ауқатын арттыра алмаймыз.
Экономикалық дамудың жоғары қарқынына қол жеткізу өз кезегінде саяси
тұрақтылық пен тұрлаулылықты, қуатты әрі нысаналы реформаларды талап етеді.
Ал бұл үшін Президенттің, саясатын іске асыруға, ескінің қарсылығын
еңсеруге, әрі күмәнданушыларды соңынан ерте білуте қабілетті кәсіпқой,
зерделі, батыл және отансүйгіш Үкімет қажет.
Бұл жұмыста табысқа жету Қазақстан азаматтарының қолдауына байланысты. Ал
мұндай қолдау адамдар істің оңалуға беталысы мен әділеттілікке көзі жеткен
жағдайда ғана көрсетіледі. Нақ сондықтан адамдардың әл-ауқатының өсуі
біздің күллі күнделікті жүмысымыздың күретамыры болуға, ал сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күрес батыл жүргізілуге тиіс.
Осындай болашақтың іргесін тұрғызу үшін және алған бағытымыздан ауытқымас
үшін, бізге өзіміздің нені қалайтындығымызды білуге тиіспіз. Сондықтан ұзақ
мерзімді кезең жайында айтқан кезде, мен, мемлекет басшысы ретінде, біздің
еліміздің мұраты: ұлттық біртұтастық, әлеуметтік әділеттілік тән әрі күллі
халқының экономикалық әл-ауқаты артқан тәуелсіз, гүлденген және саяси
тұрақты Қазақстанды сомдау деп санаймын.
Барша қазақстандықтардың гүлденуі, қауіпсіздігі мен әл-ауқатының артуы —
өзіміз орнатсақ дейтін Қазақстанды сипаттайтын өрелі сөздер, міне, осылар.
Біздің ілгері жылжуымызға қарай бұл сөздер әрдайым біздің ізашарымыз болып
қалуға тиіс.
2030 жылғы Қазақстан әлі де барынша кемелдене алмайды, Ол әлі әлемдегі
ен, бай, ең білімді, ең дамыған ел бола қоймайды, бірақ ол күрделі жолдан
ойдағыдай өткен және дамудың келесі кезеңіне нық қадаммен аяқ басқан ел
болады.
Әрине, мұның бәрі — болашақты ой көзімен көру, оның моделі, асқақ мұрат,
арман ғана. Сіздердін, көпшілігіңіз бүл мұратты кей кезде ең қарапайым
нәрсенің өзі жетіспей жататын бүгінгі тіршілікпен салыстырып, мұны қиялға
балап, ащы мысқылмен езу тартуларыңыз да мүмкін.
Бірақ олай емес. Мұның бәріне де қол жеткізуге болады, әрі әлемдік тәжірибе
бүл жоспарлардың ақиқаттығын қуаттап отыр. Иә бүгін бәрімізге қиын түсіп
отыр. Оңай болған кезі бар ма? Біздің аталарымыз бен әкелеріміз осы жүз
жылда қандай жеңіл кезді бастан кешірген екен? Азамат соғысы, аштық пен
жұт, жаппай куғын-сүргін, Ұлы Отан соғысы немесе соғыстан кейінгі күйзеліс
жылдары оларға оңай тиді дейсіз бе? Өткен ғасыр мен оның алдындағы ғасыр
жеңіл болып па? Әрине, бұл — тарих. Тіпті бүгінгі күні де жер бетінде 800
милллион адам жыл сайын асқа жарымай, аштықты бастан кешіруде, талай
жүздеген миллион адамдардың баспанасы жоқ, миллиондар қанды соғыстарда қаза
тауып жатыр.
Ендеше, біз неге аһылап-уһілей береміз, ішкі қуатымызды қысыр сөз бен
күңкілге несіне жұмсаймыз?
Кез келген сыннан бірлігіміздің, күш-жігеріміздің және болашаққа деген
сеніміміздің арқасында абыроймен шыққанымызды ұмытатындай зердеміз сонша
қысқа ма еді? Тәулік бойы тыным таппай жұмыс істіп, аш құрсақ жүрсек те,
аузымыздағыны балаларымызға жырып беріп, олардың ертең жақсы өмір
сүретініне сенген едік қой.
Бүгін және ертең дәл осылай істеумізге не кедергі? Ендеше неге уайымға
салынып, еңсемізді түсіріп жібердік? Ендеше еліміздін, алдында,
әрқайсымыздың алдымызда орасан зор мүмкіндіктер ашылған осындай кезде, ең
бастысы бүрын ешқашан еншімізге тимей келген еркіндікке қолымыз жеткен
кезде мұнымызға не жорық! Барлығы тек өзімізге, сенімімізге, ерік-
жігерімізге, бірлігіміз бен еңбегімізге байланысты. „Ел мен үшін не істей
алады деп сұрамаңыз, ел үшін өзім не істей алам деп сұраңыз".

ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ БАСЫМ МАҚСАТТАР МЕН ОЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ
Біздің еліміз мен айтқан перспективаларға қол жеткізуі үшін мынадай
ұзақ мерзімді жеті басымдықты іске асыру қажет:
1. ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК. Аумақтық тұтастығын толық сақтай отырып,
Қазақстанньщ тәуелсіз егемен мемлекет ретінде дамуын қамтамасыз ету.
2. ІШКІ САЯСИ ТҰРАҚТЫЛЫҚ ПЕН ҚОҒАМНЫҢ ТОПТАСУЫ. Қазақстанға бүгін және
алдағы ондаған жылдар ішінде ұлттық стратегияны жүзеге асыруға мүмкіндік
беретін ішкі саяси тұрақтылық пен ұлттық біртұтастықты сақтап, нығайта
беру.
3. Шетел инвестициялары мен ішкі жинақталымдардық деңгейі жоғары ашық
нарықтық экономикаға негізделген ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ. Экономикалық өрлеудің
нақтылы, тұрлаулы және барған сайын арта түсетін қарқынына қол жеткізу.
4. ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТТАРЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ, БІЛІМІ МЕН ӘЛ-АУҚАТЫ. Барлық
қазақстандықтардын, өмір сүру жағдайларын, денсаулығын, білімі мен
мүмкіндіктерін ұдайы жақсарту, экологиялық ортаны жақсарту.
5. ЭНЕРГЕТИКА РЕСУРСТАРЫ. Мұнай мен газ өндіруді және экспорттауды қалыпты
экономикалық өрлеу мен халықтың тұрмысын жақсартуға жәрдемдесетін табыс алу
мақсатында жедел арттыру жолымен Қазақстанның энергетикалық ресурстарын
тиімді пайдалану.
6. ИНФРАҚҰРЫЛЫМ, ӘСІРЕСЕ КӨЛІК ЖӘНЕ БАИЛАНЫС. Осы шешуші секторларды ұлттық
қауіпсіздікті нығайтуға, саяси тұрақтылық пен экономикалық өрлеуге
жәрдемдесетіндей етіп дамыту.
7. КӘСІБИ МЕМЛЕКЕТ. Ісіне адал әрі біздің басты мақсаттарымызға қол
жеткізуде халықтың өкілдері болуға қабілетті Қазақстанның мемлекеттік
қызметшілерінін, ықпалды және осы заманғы корпусын жасақтау.
Осы ұзақ мерзімді басымдықтардың әрқайсысы үшін біз бір жылдық, үш, ал
кейіннен бес жылдық жоспарларда белгіленген нақты іс-қимылдарға күш-
жігерімізді жұмылдыра отырып, біз стратегиямызды талдап жасауға және оны
дәйекті түрде іске асыруға тиіспіз.
Осы ұзақ мерзімді басымдықтар мемлекет пен біздін, азаматтарымыздың күш-
жігерін жұмылдыру үшін қызмет етуге, еліміздін, бюджеті мен кадр саясатын
қалыптастыру кезінде өлшемдер негізіне алынуға тиіс.

БҮГІНГІ БІР КҮН ЕРТЕҢГІ ЕКІ КҮНГЕ ТАТИДЫ
Франклин
Егер біз XXI жүзжылдықтың басына дейін келесі үш жылға арналған қысқа
мерзімді міндеттерімізді белгілеп, оларды орындай алмасақ, осы
айтқанымыздың бәрінің де құрғақ қиял, жел сөз болып қалу қаупі бар.
Біздің көптеген азаматтарымызды дәл бүгін алыс келешектің онша алаңдатып
отырмағаны аян, өйткені қазіргі проблемалар еңсе жаздырмай тұр.
Адамдардың көпшілігі таяу уақытта аздап болса да, нақтылы нәтижелерді
сезінбейінше, олардың ұзақ мерзімді мақсаттар мен жақсы деген уағдалардың
өзіне сенімсіздікпен қарары анық.
Біздің стратегиялық жолымыздағы алғашқы қадамдар мен алғашқы нәтижелерді
неғұрлым тереңірек аңдау мен қадағалау мүмкіндігі бар. Солардың негізінде
таңдап алған жолымыздың дұрыстығын терең пайымдайтын боламыз, мемлекетке
деген сенім артады, ортақтық және отаншылдық сенім беки түседі. Біздің
азаматтарымыз парасатты. Бірталай жылдардың ішінде экономика сауығып қарқын
алмайынша, барлық әлеуметтік өткір проблемаларды шеше алмайтындығымызды
олар жақсы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасының орындалуы
Экономиканың өрлеуі
КӘСІБИ МЕМЛЕКЕТ
Кеден органдарының Қазақстанның даму стратегиясының міндеттерін жүзеге асыруы
Қазақстанның даму стратегиясын 2030 жылға дейін анықтау
Қазақстанның экономикалық өсу мүкіндігі
Даму стратегиясы
Қазақстан 2030 жылға дейінгі даму стратегиясының экономикалық құбылысы
Қазақстанның 2030 стратегиялық даму бағдарламасы
Экономикалық даму стратегиясы
Пәндер