Роwer Point


ЖОСПАР:

Роwer Point программасын іске қосу

Автомазмұн шебері көмегімен презентация құру

Шаблондар көмегімен және бос презентация құру

Презентацияны шаблондар көмегімен құру

Бос презентация құру

Power Point программасында слайдпен жұмыс істеу режимдері

Құрылымдық режимде жұмыс істеу ерекшеліктері

Пайдалынлған әдебиеттер

Роwer Point программасын іске қосу

• Рower Point программасы тапсырмалар тақтасындағы і ске қосу батырмасын шерткенде ашылатын бас менюдің Программалар, Місгоsoft Power Point қатарында тышқанды шерту арқылы іске қосылады.

• Менің компьютерім немесе Сілтеуіш программасының терезесінде С дискісінде сақталған Місrosoft Office бумасындағы Місгоsoft Power Point жарлығында тышқанды екі рет шерту арқылы да іске қосуға болады.

Роwer point программасы іске қосылған мезетте презентация құрудың тәсілдерін таңдау және бұрын құрылған презентацияны оқу мүмкіндігін беретін сұқбат терезе ашылады.

Автомазмұн шебері (Мастер автосодержания) ауыстырғышы таңдалса, жаңа презентация, белгілі тақырыпқа сәйкес мәтін және безендіру элементтері енгізіліп сақталған презентациялар тізімінен қажеттісін таңдап, сатылы түрде сұрақтарға жауап бере отырып құрылады. Бұл кезде презентация мазмұны автоматты түрде жасалады.

Презентациялар шаблоны (Шаблон презентации) ауыстырғышы өз презентацияңызды бұрыннан безендіру элементтері сақталып қойылған шаблон түріне келтіріп дайындау мүмкіндігін береді.

Бос презентация (Пустую презентацию) ауыстырғышы ешқандай мәтін енгізілмеген және безендіру элементтері пайдаланылмаған таза, бос презентация құру мүмкіндігін береді.

Презентацияны ашу ауыстырғышы бұрын құрылып, сақталып қойған презентацияны оқу мүмкіндігін береді. Бұл ауыстырғыш қосылғаннан кейін, ашуға қажетті презентация сақталған орынды көрсетуді талап ететін сұқбат терезе пайда болады.

Автомазмұн шебері көмегімен презентация құру

Автомазмұн шебері (Мастер автосодержания) көмегімен:

* Жалпы мәселелер бойынша баяндамалар; (Доклады по общим вопросам)

* Қызмет бабы бойынша баяндамалар; (Доклады по служебным вопросам)

* Мекеменің жұмыс істеуі жөнінде мағлұмат; (Сведения о функционировани предприятия)

* Сауда-саттық жөне маркетинг жөнінде іс есеп-қисаптар; (деловые отчеты о продажах и маркетинге)

* Жеке хабарламалар (личные сообщения) сияқты тақырыптарды кеңінен ашуға арналған алдын ала дайындалып қойылған презента-циялар ішінен таңдап, өз презентациямызды құра аламыз. Power Point программасы іске қосылғаннан кейін пайда болған сұқбат терезеде Автомазмұн шебері өрісін таңдап, ОК батырмасын шертеміз. Осы кезде А втомазмұн шебері іске қосылады.

Автомазмұн шебері презентация құру үшін сатылы түрде мынадай сұрақтарға жауап беруді талап етеді:

1-ші қадамда Презентацияның түрі, яғни оның жалпы тақырыптық бағытын таңдаймыз; Келесі қадамға өту үшін қажетті тақырыпты таңдаған соң, Ары қарай(Да лее) батырмасын шертеміз.

2-ші қадамда Презентацияны көрсету тәсілдері, презентацияның баяндаманы өзі түсіндіретін болғандықтан тек иллюстративті слайдтардан құралатынын немесе ақпараттық киоск түрінде дайындалып, көрермендер өз беттерінше қарауға арналатын операциялардың бірін таңдау қажет;

3-ші қадамда Презентацияны шығару материалының форматы, қағазға басылатынын, фотографиялық слайд немесе электрондық презентация болу керектігін көрсету қажет.

4-ші қадамда Қосымша мәліметтер. ІІрезентацияның тақырыбы және титулды слайдта жазылатын мәтіндерді теріп жазамыз.

Осы сұрақтардың бәріне жауап алғаннан кейін автомазмұн шебері презентацияны дайындайды. Тиісті мәліметтерді енгізгеннен кейін Дайын (Готово) батырмасын шертеміз.

Дайын болған презентациядағы мәтіндерді өз ыңғайымызға қарай өзгертіп, арнайы эффекттер қосып, көркемдеу элементтерін қолдана аламыз. Автомазмұн шеберін презентациямен жұмыс істеп отырған кезде қосу қажет болса, Файл - Құру (Файл - Создать) командасын орындап, айтылған сұқбат терезенің Презентациялар ішкі бетінде Автомазмұн шебері шарт белгісінде тышқанды екі рет шерту жеткілікті.

Шаблондар көмегімен және бос презентация құру

Power Point программасында презентация құру әрекетін автомазмұн шебері көмегінен басқа екі түрлі тәсіл арқылы орындауға болады. Оның бірі алдын-ала безендіру элементтерін пайдалана отырып құру болса, екіншісі ешқандай безендіру элементтері қарастырылмаған бос презентация құрып алып, одан кейін көркемдеу болып табылады. Power Point программасының бір ерекшелігі осы екі жағдайда да, құрылған перзентацияны, алдын ала безендіру элементтері сақталынып қойылған басқа шаблон түріне алмастыруға болады.

Презентацияны шаблондар көмегімен құру

Power Point программасында безендіріліп, дайындалған презентациялар шаблондар түрінде сақталынып қойылған. Кез келген уақытта осы шаблондарды пайдалана отырып, өз презентациямызды құруға болады. Шаблондарды пайдаланып құру әрекетін Power Point программасы іске қосылған мезетте ашылған сұқбат терезеде Презентациялар шаблоны (Шаблоны презентаций) опциясын таңдау арқылы құру мүмкіңдігі бар. Осы опция таңдалғаннан кейін Жалпы (Общие), Презентациялар дизайндары (Дизайны презентаций), Презентациялар, Web-парақтар (Web-страницы) астарлы беттерден тұратын, Презентацияны да сұқбат терезесі ашылады. Осы сұқбат терезе Файл-Құру командасын орындағаннан кейін де ашылады. Сұқбат терезенің оң жақ шетінде орналасқан үш батырма көмегімен презентациялар тізімін ірі шарт белгілер, ұсақ шарт белгілер және кесте түрінде көруге болады.

Презентацияның шаблонын тышқан көмегімен белгілеген кезде шығатын үлгіден қарап отырып өзімізге ұнағанын таңдап ОК батырмасын шертеміз. Осы мезетте экранға Слайд құру сұқбат терезесі шығады (1. 4-сурет) . Бұл сұхбат терезеде қажетті слайдтың түрін көрсетуіміз қажет. Экранда таңдаған шаблонға сәйкес бос презентация пайда болады. Осы презентацияға тиісті мәтіндерді енгізіп, арнайы эффектілер қосып, көркемдейміз.

Бос презентация құру

Бос презентация, яғни ешқандай көркемдеу элементтері қолданылмаған таза презентация құру әрекетін:

• Power Point программасын іске қосу мезетінде экранда пайда болған сұқбат терезенің презентация құру әдісіңдегі Бос презентация (Пустую презентацию) опциясын таңдау арқылы;

Файл-Құру командасын орындағанда ашылған сұқбат терезенің Жалпы (Общие) астарлы бетінде Жаңа презентацияны (Новую ІІрезентацию) шарт белгілерін таңдау арқылы;

• Стандарттар саймандар тақтасындағы Құру (Создатъ) батырмасында тышқанды шерту арқылы орындауға болады.

Осы әрекеттердің бірі орындалған соң экранға Слайд құру сұқбат терезесі ашылады (4-сурет) .

Презентация слайдтарын құрастыру, үйлестіру схемасын таңдау әрекетін Слайд-Құру сұқбат терезесінде жүзеге асыруға болады.

Слайдқа мәтін, сурет, графикалық объектілер енгізу Шаблон көмегімен немесе бос презентацияны құру командалары орындалған соң, Слайд Құру сұқбат терезесі ашылады. Осы сұқбат терезеде слайдтағы мәтін, графикалық объектілер, диаграммалардың орналасу схемасын таңдай аламыз. Қажетті схеманы таңдап, ОК батырмасын шерткен соң, экранда слайд пайда болады (5-сурет) . Әрбір өрісте әрекеттің орындалуына байланысты қандай элемент енгізілетіні көрсетіліп тұрады. Мысалы слайдтың жоғарғы жағындағы өріс аймағында тышқанды бір рет шертсек тақырып енгізіледі т. с. с. Бастапқы уақытқа слайд схемасы дұрыс таңдалмай қалса, оны кейін өзгертуге болады.

Тышқанды бір рет шертіп, тақырып және сол жақтағы өріске мәтінді енгізген соң, олардың қаріп түрін, түсін т. б. өзгертуге, яғни форматтауға болады. Форматталатын мәтінді ерекшелеп, белгілеген соң, Формат - Қаріп (Формат - Шрифт) командасын орындағанда ашылған сұқбат терезеде немесе форматтау саймандар тақтасындағы батырмалар көмегімен тиісті әрекеттерді орындаймыз.

Форматтау әрекетін өріс ішіндегі бүкіл мәтінге қатысты орындау үшін, өріс жақтауында тышқанды шертіп, алдымен оны ерекшелеп аламыз.

Мәтін енгізу өрісінде оны таңбалаған тізім түрінде жазған ыңғайлы. Әдетте таңба ретінде қара дөңгелектер немесе төртбұрыштар қолданылады. Осы стандартта таңбаларды өзгерту үшін, таңбаланған тізім жазылған өрісте тышқанды шертеміз де Формат - Таңба (Формат - Маркер) командасын орындаймыз. Таңбалар (Маркеры) сұқбат терезесі ашылады. Қаріптің Wingdings деген түрін ашсақ, бірнеше символдар тізімі шығады. Осы тізімнен кез келгенін таңдап, ОК батырмасын шерту арқылы таңба ретінде қолдануға болады.

Таңбаланған тізімнің соңында Enter пернесін басатын болсақ, келесі жолға таңба қойылады. Бос таңбадан кейін осы пернені қайта бассақ бұл таңба өшіп қалады. Ал, тұтас тізімнің таңбасын алып тастау үшін, оны ерекшелеген соң СtгІ+А қос пернесін басамыз немесе саймандар тақтасындағы Таңбаланған тізім батырмасын шертеміз.

Сондай-ақ, слайдқа кесте, диаграмма, сурет сияқты объектілерді слайд схемасын таңдаған кезде шығатын, өріс аймағында тышқанды екі рет шерту арқылы енгізе аламыз.

Енгізу - Сурет (Вставка -рисунок) - командасын орындап:

Картинкалар (Картинки) - Місrosoft Clip Gallery объектілерін;

Файлдан (Из файла) - файл түрінде сақтаулы тұрған суреттерді; Автофигуралар- әртүрлі автофигуралар;

Бірнеше тармақтан тұратын диаграмма (Организационная диаграмма), Word Art объектілерін, сканерден көшірме (со сканера), Місrosoft Word кестесін енгізу мүмкіндігі бар.

Енгізу - Объект (Вставка - Объект) командасын орындап, ашылған сұқбат терезеде қажетті типін таңдау арқылы объект енгізуге болады (7-сурет) . Мысалы, слайдқа Місrosoft Excel кітабының бір парағын орналастыруға болады т. с. с. . Слайдқа Ехсеl программасында құрылған дайын диаграмманы буферге көшіріп алып, енгізуге де болады. Ол үшін Ехсеl программасында қажетті диаграмманың ерекшелеп, Түзету - Көшіру (Правка - Копировать) командасын орындау арқылы, буферге алады. Power Point программасына оралып, Түзету - Енгізу (Правка - Вставить) немесе жанама менюді Енгізу командасын орындаймыз.

Місrosoft Office құрамындағы Міcrosoft Grарһ арнайы программасының көмегімен қарапайым диаграммаларды құру мүмкіндігі бар. Енгізу - Диаграмма (Вставка - Диаграмма) командасын орындаймыз немесе слайдқа диаграмма енгізу схемасы таңдалса, диаграмма өрісінде тышқанды екі рет шертеміз. Саймандар тақтасындағы диаграмма енгізу батырмасына тышқанды шертуге де болады. Осы мезетте экранда мәліметтер кестесі мен диаграмма таңба болады (8-сурет) . Меню қатарындағы командалар мен саймандар тақтасында болған өзгерістерді бірден байқауға болады. Кестедегі мәліметтерді тұтас белгілеу үшін, қатарлар мен бағаналардың тақырыптары қиылысқан сол жақ жоғары бұрышына тышқанды шертеміз. Оны пернесін басу арқылы оларды өшіріп, өзімізге керекті мәліметтерді енгіземіз де, меню қатарынан Диаграмма - Диаграмманың типі (Диаграмма - Тип диаграммы) командасын орындап, диаграмманың типін таңдаймыз. Диаграмма- Параметрлер (Диаграмма - Параметры) командасын орындап, қажетті параметрлерді тағайындаймыз (түсініктеме, тақырып, жазбалар қосу т. с. с) . Диаграмманы слайдқа орналастыру үшін, слайда тышқанды шертіп, Мәліметтер кестесі терезесін жабамыз.

Power Point программасында слайдпен жұмыс істеу режимдері

Роwer Point программасының графикалық объектілерді бейнелеуге арналған басқа программалардан айырмашылығы, бір мезгілде бірнеше слайдтардан тұратын презентациялармен жұмыс істеу мүмкіндігін береді Осы себепті слайдтарды қараудың бірнеше режимдері бар:

* Слайдтар режимі (режим слайда) ;

* Құрылымдық режим (режим структуры) ;

* Слайдтарды сұрыптау режимі (режим сортаровщика слайдов) ;

* Бетке ескертпе жазу режимі (режим страниц заметок) ;

* Слайдтарды көрсету режимі (режим показ слайдов) ;

Бұл режимнің әрқайсысы слайдты әртүрлі етіп көрсетеді және бір режимде жасаған өзгерту барлық режимде де іске асады.

Слайдтар режимі - презентацияның әр слайдын жеке қарауға және өңдеуге өте ыңғайлы. Осы режимде мәтін енгізуге және өңдеуге, графикалық объектілер мен кестелер енгізу болады. Сонымен бірге өзіміз дайындаған немесе дайын суреттер, мәтіндік түсініктемелер енгізу мүмкіндігі бар.

Құрылымдық режим - презентацияның тек мәтіндік мазмұнын көрсетеді Бұл режимде презентациядағы мәтінді өзгертуге немесе жаңа мәтін енгізуге болады. Слайд режимінде жасаған безендіру әрекеттерін құрылымдық режимде орындай алмаймыз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Информатика 10 сынып
Компьютердің программалық жабдықтары
Презентация және оған қойылатын талаптар
Microsoft Power-Point
ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ОҚЫТУ ПӘНІ РЕТІНДЕ
Суретті слайдтың өзінен кірістіру оңай
Информатиканы оқыту әдістемесіне қойылатын талаптар
Ұялы телефондарды зарядтау құрылғысы
MICROSOFT POWER POINT БАҒДАРЛАМАСЫ
Қазақстанның уран өндiрiсi және бiрiккен кәсiпорындар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz