Мұстафа Шоқайдың қоғамдық-саяси қызметі



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
Мұстафа Шоқайдың өскен ортасы,балалық шағы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
Қайраткер ретінде қалыптасу кезеңі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5.6
Мұстафа Шоқайдың Түркістан Автомиясын құрудағы қызметі ... ... ... ... .6.9
Мұстафа Шоқайдың Кеңес өкіметімен қарым.қатынасы ... ... ... ... ... ... .10.12
Өшпес тұлға ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
Мұстафа Шоқай - Алаш қозғалысының қайраткері, Түркістан өлкесі халықтарының азаттық күресі жетекшілерінің бірі, публицист. Мұстафа Ақмешіт (Перовск, қазіргі Қызылорда) уезінде 1886 жылы желтоқсанның 25 – де дүниеге келген Мұстафа сауатын ауылда ашады да, оқуды Сұлутөбе станциясындағы орыс мектебінде оқудан бастайды. Кейін 1902 жылы гимназияға (Ташкентке) түсіп, оны 8 жылдан кейін «өте жақсы» деген бағамен аяқтады. 1917 жылы Түркiстан мұсылмандары басшыларының бiрi, Уақытша үкiметтiң түркiстандық комитетiнiң және Құрылтай жиналысының мүшесi.
1. Мұқанов М.Қазақ жерінің тарихы.-А., 1994
2. Нупеис К.Н.Алаш- Орда.- Алматы.,2004
3. Қазақстан тарихы.Көне заманнан бүгінге дейін. 5 томдық,3-т.,-Алматыл,2000
4. Абылхожин Ж.Б. XX ғ. Қазақстан тарихының социалды-экономикалық очеркі.-Алматы,1997
5. Алаш-Орда. Сборник документов.-Алматы,1992.
6. Түркістанхалықэнциклопедиясы .Алматы,2000ж . 268-270 б.
7. ҚазақстанРеспубликасыныңҒылымЭнциклопедиясы

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Алматы энергетика және байланыс университеті
Электроэнергетика факультеті

Әлеуметтік пәндер кафедрасы

Қазақстан тарихы
№2 семестрлік жұмыс
Тақырып: Мұстафа Шоқайдың қоғамдық-саяси қызметі

Орындаған:Айтқұл Ә.Б.
Топ. БЭк-11-12 индекс: 5В071800
Сынақ кітапшасының №114183
Тексерген: аға оқытушы Раджапов А.Ө.

Алматы,2012

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
Мұстафа Шоқайдың өскен ортасы,балалық шағы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
Қайраткер ретінде қалыптасу кезеңі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .5- 6
Мұстафа Шоқайдың Түркістан Автомиясын құрудағы қызметі ... ... ... ... .6-9
Мұстафа Шоқайдың Кеңес өкіметімен қарым-қатынасы ... ... ... ... ... . ... 10-12
Өшпес тұлға ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15

Кіріспе
Мұстафа Шоқай - Алаш қозғалысының қайраткері, Түркістан өлкесі халықтарының азаттық күресі жетекшілерінің бірі, публицист. Мұстафа Ақмешіт (Перовск, қазіргі Қызылорда) уезінде 1886 жылы желтоқсанның 25 - де дүниеге келген Мұстафа сауатын ауылда ашады да, оқуды Сұлутөбе станциясындағы орыс мектебінде оқудан бастайды. Кейін 1902 жылы гимназияға (Ташкентке) түсіп, оны 8 жылдан кейін өте жақсы деген бағамен аяқтады. 1917 жылы Түркiстан мұсылмандары басшыларының бiрi, Уақытша үкiметтiң түркiстандық комитетiнiң және Құрылтай жиналысының мүшесi. 1918 жылдың қаңтар айында орнап, ақпан айында қарулы күшпен талқандалған Түркiстан автономиясы ("Қоқан автономиясы") Үкiметiн басқарған. Түркiстан құрылтай жиналысын шақыру жөнiндегi Комитеттi басқарған. "Әрбiр халықтың ұлт және егемен мемлекет ретiнде танылу құқығын қорғау", "бұрынғы Ресей аумағындағы жаңа мемлекеттiк құрылымдарды реакциялық, большевиктiк режимдерге қарсы күрес негiзiнде" экономикалық, саяси және дипломатиялық жолмен бiрiктiру үшiн күреседi.
Ол "Жаңа Түркiстан" (Стамбұл, 1927-1931) журналының негiзiн қалаушы, "Жас Түркiстан" (Берлин, 1929-1939) журналының редакторы болады. Сонымен бiрге Түркiстан ұлттық бiрлестiгi (ТҰБ) Орталық комитетiнiң мүшесi, 1929 жылдан бастап оның жетекшiсi, Кавказ, Украина және Түркiстан халықтарын ұлттық қорғау органы -- "Прометей" (Париж, 1926-1938) журналы редакциялық алқасының мүшесi. 1928 жылы Варшавада Польшаның Бас штабы мен Сыртқы iстер министрлiгiнiң Шығыс бөлiмi эмигранттардың барлық топтарын бiрiктiру және КСРО-ға қарсы пайдалану туралы Ю.Пильсудскийдiң алға қойған мiндеттерiне байланысты құрылған "Прометей" (Ресейдiң езгiсiндегi халықтар лигасы) халықаралық ұйымының мүшесi.
Мұстафа Шоқай
Мұстафа Шоқай - Алаш қозғалысының қайраткері, Түркістан өлкесі халықтарының азаттық күресі жетекшілерінің бірі, публицист. Қызылорда облысының Шиелі ауданы Сұлутөбе ауылында Сыр өңірі қазақтары арасындағы беделді кісі Шоқайдың отбасында дүниеге келген.
Шоқайдың әкесі Торғай Сыр қазақтары Ресей патшалығының қоластына кірмей тұрғанда, Хиуа ханының уәлиі, ал нағашылары Хиуа хандығын орыстардан қорғауда ерекше көзге түскен әйгілі әскербасылар болған. Мұстафа Шоқай жазу-сызуды өз анасынан жасы беске толмай жатып үйренген.
Сұлутөбе станциясындағы орыс мектебінде бастауыш білім алған ол 1902 жылы Ташкенттегі гимназияға түсіп, 1910 жылы үздік бітіріп шығады. Болашақ қайраткер 1910 жылы Санкт-Петербург университетінің заң факультетіне оқуға түсіп, оны 1917 жылы бітіреді. Студент шағынан қоғамдық-саяси өмірге белсене араласып, түркі-мұсылман студент жастарының қозғалысына қатысады. Балқан соғысына байланысты 1912 жылы Санкт-Петербордағы қазақ, татар, өзбек, башқұрт және әзірбайжан студент-жастары арасында Түркияны қолдау қозғалысы өріс алған кезде оның арасында Мұстафа Шоқай да болады.
Ол 1915 жылы түркі-мұсылман халықтарының азаттық қозғалысына іріткі салу мақсатында орталық билік орындары құрған Сират-ул-мустақим (Тура жол) партиясына алғаш қарсылық танытқандар қатарында болып, студент жастар тобымен бірлесе отырып, зиялы қауым өкілдеріне Сират-ул-мустақим партиясын қолдамау жөнінде үндеу тастады. Бұл үндеу сол кезде татар тілінде жарық көріп тұрған Сөз газетінде жарияланды. 1916 жылы Ә.Бөкейхановтың ұсынысымен Мемлекеттік думадағы Мұсылман фракциясы жанындағы бюроға мүше болып, онда хатшылық қызмет атқарды. Түркістандағы көтерілістің себеп-салдарын тексеруге Мемлекеттік Дума Ташкентке арнайы комиссия аттандырғанда, оның құрамында депутаттар А.Керенский, Тевкелевтермен бірге Мұсылман фракциясы жанындағы бюро мүшелері Ш.Мұхамедияров пен Мұстафа Шоқай болды.
Жергілікті халықтың жағдайымен терең танысу мақсатында Мұстафа Шоқай Ташкентпен ғана шектелмей, Самарқанд пен Әндіжанда болып, жергілікті жағдаймен танысты. Петроградқа оралғаннан кейін өзі жинаған материалдар негізінде 1916 жылғы көтеріліс кезінде билік орындарының Түркістан халқын аяусыз қуғын-сүргінге ұшыратқаны туралы Мемлекеттік Думада Мұсылман фракциясы атынан жасалатын мәлімдеме мәтінін әзірледі. 1917 жылы Ақпан революциясы нәтижесінде патша өкіметінің құлауын зор қуанышпен қарсы алып, қалыптасқан саяси ахуал Ресей империясында ұлттық езгінің тауқыметін тартқан түркі-мұсылман халықтарының бостандыққа жетуіне мүмкіндіктер туғызады деп үміттенді.
1917 жылы сәуірдің 16-21-і аралығында Ташкентте өткен Түркістан өлкесі мұсылмандарының 1-ші съезіне қатысып, оның төралқасына мүше болып сайланды. Бірлік туы газетінің негізін қалап, оның алғашқы редакторы болды. Түркістан өлкесі жергілікті халқының мүддесін қорғауды мақсат еткен қоғамдық-саяси ұйымдардың қызметін үйлестіру үшін құрылған Түркістан өлкесі мұсылмандарының орталық кеңесіне төрағалық етті. Бірінші жалпықазақ съезіне қатысып, Бүкілресейлік құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылды.
1917 жылы Қазан төңкерісінен кейін Ташкенттегі жұмысшы-солдат депутаттар кеңесі жергілікті халықтың өзін-өзі басқару құқығын мойындаудан бас тартып, қарашаның 15-22-інде өткен кеңестердің 3-ші съезі қабылдаған өлкедегі барлық билік еуропалық нәсіл өкілдерінен кұралған Түркістан Халық комиссарлар кеңесіне көшеді деген қаулысын Мұстафа Шоқай нағыз әділетсіздік деп бағалады. Ұлттық қоғамдық-саяси ұйымдарды кеңестердің қырына алуына байланысты Мұстафа Шоқай жетекшілік еткен Түркістан өлкесі мұсылмандарының орталық кеңесі Ташкенттен Қоқанға көшіп, онда өлке мұсылмандарының төтенше съезін тез арада өткізу ісін қолға алды.
1917 жылы қарашаның 28-інде өткен Түркістан өлкесі мұсылмандарының төтенше 4-ші съезінің төралқасына басшылық етті. Осы съезд шешімімен құрылған Түркістан (Қоқан) автономиясының 54 адамнан тұратын Уақытша Халық Кеңесі құрамына сайланды және жаңа Уақытша үкіметтің Сыртқы істер министрі болды. Уақытша үкіметінің төрағасы М.Тынышбаев қызметінен кеткеннен кейін оның орнына Мұстафа Шоқай сайланды. Адмирал А.В.Колчак Комучты жойғаннан кейiн Грузия Республикасына барып, онда Түркiстан құрылтай жиналысын шақыру жөнiндегi Комитеттi басқарған. "Әрбiр халықтың ұлт және егемен мемлекет ретiнде танылу құқығын қорғау", "бұрынғы Ресей аумағындағы жаңа мемлекеттiк құрылымдарды реакциялық, большевиктiк режимдерге қарсы күрес негiзiнде" экономикалық, саяси және дипломатиялық жолмен бiрiктiру үшiн күреседi.
Ол сондай-ақ 1917 жылы желтоқсанда Екінші жалпықазақ съезіне қатысып, Алашорда құрамына сайланды. Съезд аяқталғаннан кейін Мұстафа Шоқай біртұтас автономия құру мәселесін қарау үшін Сырдария қазақтарының құрылтайын шақыру туралы тиісті қайраткерлерге жеделхат жолдады. Онда: Сырдария халқына өз тарапымнан айтарым, тегінде Алаш баласының басы қосылатын кезі осы бүгін. Айрылсақ, мұнан соң жұрттың басын қосуымыз қиын. Алаш ұранына шаппайтын қазақ баласы болмас. Сырдария қазағы кешікпей Алаш туының астына жиналар деген үміттеміз - делінген еді.
Мұстафа Шоқайдың Сырдария өңірі қазақтарын Алаш автономиясына қосу жолындағы әрекеті нәтижесіз болған жоқ. 1918 жылдың бас кезінде өткен Сырдария облысы қазақтарының съезі Алашорда өз алдына автономия жариялап, Түркістан (Қоқан) автономиясымен одақ болса, Сырдария қазақтары Түркістан автономиясынан шығып, Алаш автономиясына кіреді деген қаулы қабылдады.
Қоқан қаласын большевиктер жаулап алып, Түркістан (Қоқан) автономиясын құлатуына байланысты Мұстафа Шоқай шетелге эмиграцияға кетуге мәжбүр болды. 1918 жылы мамырда зайыбы Мария Горина Шоқаймен бірге Ақтөбеге, одан Екатеринбургке жетті. Онда кеңестік билікке қарсы оппозиция күштермен байланыс орнатып, большевиктер үстемдігіне қарсы күрес жүргізудің жолдарын қарастырды. Бүкілресейлік Құрылтай жиналысының Самарадағы комитеті мәжілістеріне қатысты. Осы комитеттің ұйымдастыруымен. 1918 жылы қыркүйекте Челябинскіде шақырылған съезге қатыспақ болып, барғанында өзге делегаттармен бірге Колчак әскерлері тарапынан тұтқынға алынды. Сәті түсіп, тұтқыннан босап шыққан соң 1919 жылы көктемде Маңғыстау арқылы Бакуге, одан Тбилисиге келді.
Мұстафа Шоқай онда 1921 жылғы ақпанның 25-іне дейін болып, осетиндік белгілі қайраткер А.Цалыковтың редакторлығымен шығатын Вольный горец және Грузия меньшевиктерінің Борьба газеттерінде істеді. 1920 жылы Тбилисиде украиндықтармен бірлесе отырып На рубеже журналын шығаруды жолға қойып, оның редакторы қызметін атқарды. Мұстафа Шафақ (Таңсәрі) газетіне бас редактор болды. Тбилиси қаласы Кеңес өкіметінің қолына өткен соң Мұстафа Шоқай зайыбымен бірге Түркияда біраз аялдап, соңынан Францияға ауысты. Шетелдік эмиграция жылдарында көптеген қиыншылықтарды жеңе отырып, ол кең ауқымды, терең мазмұнды саяси күрес жүргізді. А.Керенскийдің Дни және П.Милюковтың Последние новости газеттерінде қызмет етті. 1927 жылдан, Зәки Уәлиди Тоғанның редакторлығымен , Парижде шығып тұрған Иени Түркістан журналына атсалысып , Түркістан ұлттық бірлігі ұйымына жетекшілік етті.
Эмиграцияда жүрген түркі-мұсылман халықтарының Ә.Топчибашев және Г.Исхаки секілді өкілдерімен жиі араласып, пікірлес болды. Оларды Ресейдегі түркі-мұсылман халықтарын азаттыққа жеткізуде күш біріктіре әрекет етуге үндеді. 1923 жылдың 19 наурызында Шоқай Парижден Б.Николаевскийге "Түркiстандағы төңкерiс жылдары туралы естелiктер" жазу жөнiндегi оның ұсынысын қуаттайтынын бiлдiрiп жауап жазған. 1923 жылғы 20 маусымдағы хатында ол былай деп жазады: "Ойыма күннен-күнге жаңа деректер оралуда... "Төңкерiс шежiресiнiң" бiрiншi томын мұқият оқып шықтым. Құдай соларға қиған сабырлылықты маған да берсiн" деп жазады.
Шоқайдың Париждiң "Orent et Occ-ident" журналындағы (1923 жылдың мамыр айы) мақаласы Еуропа баспасөзiндегi Түркiстанның толық тәуелсiздiкке жету жолындағы мiндеттерi туралы ашық айтылған бiрiншi жарияланым болды. 1925 жылдың 29-мамырында И.Сталин "ақгвардияшы баспасөзге бейтаныс емес Шоқайдың" қазақ басылымдарынан алынған мәлiметтердi пайдаланып жазған мақалалары туралы РКП(б) Қырғыз өлкелiк комитетiнiң бюро мүшелерiне жолданған хатқа қол қойды. "Бiз өкiметтi, -- деп жазды Сталин, -- жастарды саяси және идеологиялық тәрбиелеудi буржуазиялық партияда жоқ интеллигенттерге табыстау үшiн алғанымыз жоқ. Бұл шайқас толығымен коммунистердiң пайдасына шешiлуi қажет. Олай болмаған жағдайда Қырғызстанда (Қазақстанда -- С.М.) шоқайшылардың жеңiске жетуi әбден мүмкiн. Ал бұл Қырғызстандағы коммунизмнiң идеологиялық және саяси күйреуiмен теңбе-тең".
Шоқайдың кеңестiк ұлттық саясатты талдаудағы әдiстемесi кеңес басшыларын қатты қауiптендiрдi.
1928 жылы Парижде француз тiлiнде жарық көрген Шоқайдың кiтабы Кеңес өкiметiнiң Орта Азиядағы iс-әрекетiн, оның саясатының отаршылдық сипатын айыптаған Еуропада басылған тұңғыш еңбектердiң бiрi саналды. Француз Социалистiк партиясының органы "Le Populaire" газетiнде (1928 жыл) осы партияның көшбасшыларының бiрi Ж.Лонге (К.Маркстiң немересi) аталған кiтапқа "Түркiстандағы орыс империализмi" деген тақырыппен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұстафа Шоқайұлының қоғамдық –саяси қызметі
Мұстафа Шоқай еңбектеріндегі тәуелсіздік идеясы
Мұстафа Шоқайдың 1917 жылғы қос революция кезеңіндегі және шетелге мұғажыр болып кеткенге дейінгі қоғамдық-саяси қызметі
Мұстафа Шоқай қоғамдық саяси қызметі. Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәні
Мұстафа Шоқай және Түркістанның біртұтастығы идеясы
Мұстафа Шоқайдың Түркістан Автомиясын құрудағы қызметі
XX ғ. басындағы Қазақстандағы өнеркәсіп саласының дамуы, ерекшелігі
Мұстафа Шоқай қоғамдық - саяси қызметі
М. Шоқайдың өмірі мен шығармашылығы
Мұстафа Шоқайұлы-тарихи тұлғалығын зерттеу
Пәндер