Өрттің шығуы


Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
«Экология және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасы
СӨЖ №1
Тақырыбы: Өрттің себептері, өрттен қорғану туралы түсініктер. Туындаған өрттің қауіпті факторлары. Өрттің жүктемесі. Жылулық жүктеме. Құрылыс құрылымдарының жанғыштық және отқа төзімділік дәрежелері.
Орындаған: Бликс Айгерім
Тобы: БЖ-215
Тексерген: Бейсебаев Ш. Т.
Семей-2015
Жоспар:
- Өрттің себебтері, өрттен қорғану туралы түсініктер.
- Туындаған өрттің қауіпті факторлары.
- Өрттің жүктемесі. Жылулық жүктеме.
- Құрылыс құрылымдарының жанғыштық және отқа төзімділік дәрежелері.
Өрт - адамдардың өміріне қауіп тудыратын және материалдық құндылықтардың жойылуымен қатар жүретін бақылаусыз жану процессі.
Өрт қауіпсіздігі - халықтың, шаруашылық және басқа да бағыттағы нысандардың, сондай - ақ қоршаған табиғи ортаның қауіпті факторлар мен өрттің ықпалынан қорғаныс жағдайы.
Өрттің шығу себептері
Өрт шығып оның күшею себептері мына жағдайлардан болады:
1. жану зонасында жаңғыш затпен белгілі сандық және сапалық қатынаста болуы керек;
2. жану ортасы мен тұтану көзі өзара түйісу керек;
3. тұтандыру көзінің температурасы жану ортақ өздігінен жану температурасына дейін қыздыру керек.
4. Жаңғыш заттар бар жерде ашық отты абайсыз қолдану;
5. Жылыту жүйесін электр желісін электр қондырғыларын дұрыс пайдалану;
6. Газ, бу, шаң газ баллоны, компрессорлардың жарылуы;
7. Жаңғыш заттардың өздігінен тұтануы;
8. Жанармай, бояу материалдары және басқа жаңғыш сұйық заттарды дұрыс сақтамау;
9. Құрал-жабдықтардың қатты қызуы.
Өртті қарсы шаралар
1. Жану зонасымен жаңғыш затты салқындату;
2. Жаңған затты атмосфера ауасынан оқшаулату;
3. Жану реакциясы төмендететін химиялық заттарды қолдану
4. Жану зонасына жанбайтын заттарды енгізу;
5. Жаңғыш затты жану зонасына оқшаулау.
Экономикалық, өндірістік, әлеуметті, тұрмыс және тұрғын үйлердегі өрттер мен жарылыстар осы нысандағы адамдар мен халыққа үлкен қауіп тудырады және орасан зор материалды шығынға әкелуі мүмкін. өндірістік және тұрғын үй ғимараттары мен нысандардағы өрт қауіпсіздігі туралы сұрақтар үлкен маңызға ие және мемлекеттік шешімдер мен қаулылар арқылы бекітіледі. Өрт қауіпсіздігі өрттің алдын алу шараларымен және белсенді өрттен қорғау ұйымдастырылуымен қамтамасыз етіледі.
Өрттің алдын алу түсінігі-өрттің пайда болуын ескертуге және олардан келетін шығынды болдырмау шараларын құруға бағытталған шаралар кешені.
Белсенді өрттен қорғау - пайда болатын өрттермен табысты күресу жолдарын және жарылыс қауіпі бар жағдайларды болдырмауды ұйымдастыратын шаралар.
Нысандарды өртке қарсы қорғау негіздері стандарттармен бекітілген (ГОСТ 12. 1. 004-76 «Өрт қауіпсіздігі» және ГОСТ 12. 1. 010-76 «Жарылыс қауіпсіздігі»)
Өрттің алдын алу шаралары өндірістегі технологиялық процестердің негізгі құрамдас бөлігі. Өрттің алдын алу шараларын ұйымдастырумен Мемлекеттік өрт бақылау органдары айналысады.
Өрттің алдын алуға қол жеткізу үшін:
- өрт нормалары мен ережелерін әзірлеу және нысандарға енгізу мен орындалуын бақылау керек:
- өртке қарсы құралдардың дайын тұруын және жетілдіруін қамтамасыз ету;
- нысандарды, тұрғын үйлерде және қоғамдық орындарда өрт-техникалық зерттеулерді үнемі жүргізу;
- халыққа өрт-техникалық білімді насихаттау керек.
Өрттің алдын алу шаралары ұйымдастырушылық, техникалық, режимдік және пайдаланушылық деп бөлінеді.
Ұйымдастырушылық шаралар қарастырады:
- жабдықты және көлікті дұрыс пайдалануды;
- ғимараттар мен нысандардың дұрыс құрылуын;
- жұмысшылардың және нысан қызметкерлерінің өртке қарсы нұсқауларын;
- өрттік -техникалық комиссиялардың, ерікті өрт құрылымдарын ұйымдастыруды;
- өрт құрылымдарын күшейту жөніндегі сұрақтар мен бұйпрықтарды шығаруды.
Техникалық шараларға мыналар жатады :
- ғимараттарды жобалауда электр өткізгіштерді және жабдықтарды, жылыту жүйесін, желдету жүйесін, жарықтандыру жүйелерін орнатуда өртке қарсы ережелермен нормаларды ұстану;
- жабдықтарды дұрыс орналастыру.
Режимді сипаттағы шаралар - өрт қауіпі бар орындарда дәнекерлеу және басқа да отпен байланысты жұмыстар жүретін бөлмелерде шылым шегуге тиым салу.
Пайдаланушылық шаралары - технологиялық жабдықты өз уақытында сынау, жөндеу және жағдайын бақылау.
Өрттің алдын алу нысан түріне байланысты жүргізіледі. Азаматтық ғимараттарда, қоймаларда, базаларда, өндірістік нысандарда, көлікте, ормандарда және шымтезек әзірлеуде әртүрлі шаралар ұйымдастырылады.
Азаматтық ғимараттарда жылыту жүйесі, электрмен жабдықтау, газды немесе керосинді құралдармен байланысты өртке қарсы шараларды қарастырады.
Қоймаларда, базаларда, дүкендердегі өрттің алдын алу шаралары келесі ережелерді қамтиды:
- ғимараттар құрылысы кезінде арақашықтықты сақтау
- ішкі су құбырын құру;
- өрт және өрт күзет дабылының құрылғысы
- үлкен қойма бөлмелерін өртке төзімді қабырғалардан тұрғызу
- тез тұтанатын және жарылғыш заттарды бөлек сақтау
- пеш пен газбен жылытуға тиым салу.
Өнеркәсіп нысандарындағы өрт профилактикасы барлық нысандарға ортақ талаптар негізінде ұйымдастырылады.
Ғимараттардың өртке төзімділігін арттыру үшін ағаш құрастырмаларды гипс, цемент және т. б. заттармен сылау немесе оларға өртке төзімді бояулар жағу керек. Лифт және басқа да механикалық құрлдар адамдарды тасымалдағанда есепке алынбайды. Эвакуация жолдарының ені 1м кем болмауы керек, осы жолдардағы есіктер ені 0, 8м кем емес болуы керек. Эвакуацияға қажетті уақыт СНиП терде бекітіледі.
Өрт және жарылыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін техникалық шаралар:
1. Ғимараттардың сыртқы қорғандарын СНиП 2. 09. 02-85 пен сәйкес жеңіл тасталатын құрылыстық материалдардан салу. Жеңіл тасталатын материалдар ретінде терезелерді әйнектеу, шамдарды қорғаныштауды қарастыруға болады.
2. Апаттық желдетуді қолдану. Негізгі желдетудің мақсаты- технологиялық үрдіс қалыпты өтуде бөлмедегі өрт және жарылыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Автоматты апаттық желдету негізгі желдету істен шыққанда іске қосылады, ал технологиялық үрдіс бұзылғанда негізгі желдетуге көмектеседі.
3. Өнеркәсіптік бөлмелердегі атмосфераны флегматизациялау. Флегматизация мақсаты жарылыс қауіпі бар ортаның қалыптасуының алдын алу. Флегматизацияның екі әдісі мүмкін, олар жарылыс қауіпі бар өнеркәсіп орындарындағы ауаны араластыруға негізделген. 1. инертті еріткіштермен (азот, су буы) 2. жану ингибиторлары
4. өнеркәсіп орындарындағы ауада жарылыс қаупі бар және жанғыш газдар мен булардың жиналуын бақылау. Бұл мақсатта газоанализаторлар, газды дабылқаққыштар және индикаторлар қолданылады.
5. Жарылыс және өрт қаупі бар ортада жану көздерін жою. Бұл мақсатта келесі әдістер тиімді болып саналады.
- апаттар кезінде түзілетін булар мен газдардың жану көздермен байланысын болдырмау;
- жарылыстан қорғалған электр жабдығын қолдану;
- түзілген заттардың өздігінен жану температурасына дейінқызуын шықтау;
- соқтығысқанда ұшқын шығармайтын материалдарды пайдалану.
Материалды және адам шығындарын төмендетуге бағытталған шаралар:
1. Жұмысшыларды қорғану құралдарын пайдалануға, төтенше жағдай кезіндегі іс-әрекеттке, құтқару қызметтеріне үйрену;
2. Үлкен ғимараттарды жанбайтын қабырғалармен, секцияларға бөлу;
3. Ғимараттардың арақашықтығын көршілес екі ғимараттың биіктіктерінің орташа шамасына сай етіп алу;
4. Тез тұтанатын және жанғыш заттарды бөлек блоктарға орналастыру;
5. Аласа нысандарды топырақпен жауып, қауіпсіздігін арттыру;
6. Биік нысандарды жан-жағынан бекіту;
7. Жарылыс қауіпі бар, жанғыш заттар қорын азайту.
Апат болжамы бар кәсіпорын жұмысын сенімді қылуға бағытталған шаралар.
1. Электрмен қамту жүйелерінің сенімділігін қамтамасыз ету;
2. Газбен қамыту сенімділігін қамтамасыз ету;
3. Сумен қамыту жүйелерінің сенімділігін қамтамасыз ету;
4. Бумен және жылумен қамыту жүйелерінің сенімділігін қамтамасыз ету;
5. Өндірістік және шаруашылық канализациясының сенімділігін арттыру;
6. Басқару пунктерін, диспетчер пунктерін, АТС радиотораптарды сенімді қорғау;
7. Жергілікті билік органдарымен, АҚ және олардың штабтарының жоғары бастықтарымен сенімді байланыс.
Жылулық жүктеме түрлері Жылумен қамдау жүйелері жылуды өндіріп өнеркәсіптік кәсіпорындарға, әлеуметтік ғимараттарға жэне тұрғын үйлерге тасымалдайды.Жылулық жүктемелерді былай бөлуге болады:
- маусымдық;
- жылбойлық;
Маусымдық жүктеменің өзгеруі ең алдымен ауа райыныњ жағдайына байланысты, оныњ ішінде сыртқы ауа ыстықтығы (температурасы) негізгі роль атқарады. Маусымдық жүктемеге жылыту, желдету жэне ауаны баптау жатады. Жылыту мен желдету - қысқы жылулық жүктемелер. Ауаны баптау жазда қолданылады, ол үшін, ол үшін жасанды суық қажет.
Ыстық сумен қамдау жэне тәсілдемелік жылу ж‰ктемесі жылбойлыққа жатады. Тәсілдемелік жүктемелер мен ыстық сумен қамдау сыртқы ауа температурасына онша тәуелді емес. Бұл жүктемелер әдетте тәулік бойынша бір қалыпты емес, ал жыл бойынша қыстан жазға қарай өзгереді. Қысқы жүктемелер әдетте жазѓыдан жоѓары, бұл су құбырындаѓы бастапқы су жэне т±тынылатын шикізат температурасыныњ төмендігіне, жылу ысыраптарының артуына байланысты.
Жыл бойынша тұтынылған жылу мөлшері жылдық жылу тұтыну деп аталады. Жылдық жылу тұтынудың есептеулік шамасы жылыту жэне жылытпайтын кезењдердегі жылу тұтынудың қосындысы ретінде анықталады.
Кәсіпорындарды жобалау барысында өрт қауіптілік категориясы салынатын үйлердің қажетті отқа төзімділік дәрежесін және олардың қабаттылығын (этаждылығын) анықтау үшін ең басты фактор болып есептеледі.
Құрылыс материалдары мен конструкцияларының жанғыштық дәрежесі бойынша топтасуы
Құрылыс материалдары мен конструкцияларының тұтануға қарсы төзімділігі және жану процессінін тоқталуы жөнінде едәуір айырмашылықтары болады. Материалдардың бұл қасиеттері олардың жанғыштығын, яғни өрт туғызу кауіптілігін сипаттайды.
Сонымен материалдар мен конструкциялардың жанғыштығы деп олардың от және жоғары температураға төзімділік (карсылық) көрсету қабылеттілігін айтады. Барлық құрылыс материалдары мен конструкциялары жанғыштық дәрежесі бойынша үш топқа бөлінеді: жанбайтын, баяу жанатын және жанатын болып ( СНиП 2. 01. 0285) .
1. Жанбайтын материалдар от не жоғары температураның әсерінен тұтанбайды, бықсымайды, көмірленіп күймейді. Оларға жататындар: барлық табиғи және жасанды органикалық емес материалдар, құрамында органикалық масса 8% дейін гипс және гипс талшықты плиталар, құрамында синтетикалық, битумдық не крахмалдық біріктіргіш зат 6% дейін минерал талшықты плиталар, құрылыс металлдар. Жанбайтын материалдардан жасалған конструкциялар жанбайтын деп аталады.
2. Баяу жанатын материалдар от не жоғары температураның әсерінен әрен дегенде тұтанып, бықсып, көмірленіп тек от көзі бар болғанда ғана жанады, ал егер оны алып тастаса, жану тоқталады. Бұларға құрамында жанбайтын және жанатын бөліктері бар материалдар жатады, мәселен, құрамында органикалық толтыргыш массасы 8% артық асфальбетон, гипс және бетон материалдары, битум біріктіргіш массасы 7-15 % минералды плиталар; цемент фибролит антипирен сіндірілген ағаш; балшық ертіндісіне малынған киіз; кейбір полимерлік материалдар; балшық-сабан материалдары т. б.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz