Информатика пәнінің оқыту әдістері


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Физика-математика факультеті

Информатика мамандығы

СӨЖ

Тақырыбы: Информатика пәнінің оқыту әдістері.

Орындаған: Арнабек Н. А.

Тексерген: Тұрғанбаева Б. Ш.

Тобы: Т-441

Семей 2015 жыл

Жоспары:

  1. «Информатика пәнін заманға сай жаңаша оқыту».
  2. Бастауыш сыныпта информатиканы оқыту.

«Информатика пәнін заманға сай жаңаша оқыту»

«Надан жұрттың күні -қараң, келешегі тұман», -деп М. Дулатов айтқандай, егеменді еліміздің тірегі-білімді ұрпақ. Сусыз, құрғақ, таса көлеңке жерге дән ексең өнбейтіні сияқты, жас ұрпақтарымызды тәрбиелемесек өспейді, өнбейді. Қазіргі мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған басты міндет- оқушылардың шығармашылық білім дағдыларын қалыптастыру.

Мектеп -еліміздің халыққа білім беру жүйесінің - күрделі тармағы. Сондықтан мектебіміздің мақсаты: жеке тұлғаны жан-жақты дамытудың алғы шарты ретінде оқушыларды сараптап оқыту арқылы шығармашылық қабілетін дамыту.

Міндеттері ретінде:

  • Оқу -тәрбие үрдісіне диаагностикалық талдау жасау
  • Оқушының жеке тұлғасының мониторингісін құру
  • Оқу -тәрбие үрдісін ізгілендіруді жүзеге асыру
  • Оқыту барысында оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру үшін ақпарыттық технологияларды (электрондық оқыулық, слайд, интерактивті тақтаман, видео т. б) тиімді пайдалану, әрі оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру арқылы жеке тұлға болып қалыптасу үшін білім білік дағдыларын қалыптастыру. Елбасымыз Н. Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер-бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» деген болатын. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгір болуы емес тарихи танымдық, педагогикалық психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс жасап, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады. Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі мақсаты оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру. Ақпараттық мәденеиет - бұл аңгімелесе білу, алынған мәліметті ой елегінен өткізіп, талдай білу және өзгелердің еркіндігіне әсер ететін жағдайларда өз еркіндігіңді шектей білу. ХХІ ғасыр ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет, ал бұл сауаттылықтың алғаш баспалдағы мектептен басталады. Мектеп қабырғасынан теориялық біліммен қатар практикалық білімнің алғы шарттарын меңгеруі тиіс. Қазіргі кезде республикалық білім беруді ақпараттандыру ғылыми әдістемелік орталығы негізінен білім жүйесінің барлық сатылары үшін электрондық оқулықтар жасаумен шұғылданып келеді. Мұғалім үшін электрондық оқулық бұл күнбекүн дамытылып отырған ашық түрдегі әдістемелік жүйе, оны оқытушы өз педагогикалық тәжірбиесіндегі материялдармен толықтыра отырып, әрі қарай жетілдіре алады. Қазіргі өмір талабына сай компьютерлік сауаттылықты жылдам дамыта отырып, педагогикалық, психологиялық әдістемелік бастапқы дайындықты қалыптастырмайынша, балалар өз білім деңгейін көтере алмайды. Сол себепті информатика пәнін бастауыш сыныптан бастап енгізу қажеттілігі туындайды. Бастауыш сынып оқушыларына информатика мен жаңа ақпараттық технология элементтерін енгізудің қажет екендігі зерттеу жұмыстары арқылы толық жүргізіліп, оқыту әдістемелері жан жақты қарастырылады. Атап айтатын болсақ, отандық және шет елдік зерттеулермен таныса отырып, алдымен теориялық материалдар жиналады, кейін осы жиналған материалдарға қатысты бағдарлама жасалды осы жасаған бағдарламаға сәйкес жазылған әрбір тақырыпқа тереңнен талдау жасалады. Ол үшін алдымен бастауыш мектептерге арналған әр түрлі басылымдағы педагогикалық - психологиялық теорияға негізделген көзқарастарды, мектептегі тәжірибелі мамандар бастауыш сынып мұғалімдерінің көзқарастарын есепке ала отырып, тап осы мақсатта жүргізілген ата-аналар пікірі мен экспериментар жұмыстың қорытындысын қолдана отырып 1- ші сыныптан бастап мектеп оқушыларына информатика пәні бойынша өткізілетін сабақтардың жылдық күнтізбелік - тақырыптық жоспарының үлгісі жасалды.

Еліміздегі өзгерістер, қайта жаңғырулар білім беру жүйесіне де айтулы реформалар мен жаңа мақсаттар әкелді. ХХІ ғасырда адамдар жаңа технологияның тасқынының куәгері болды. Компьютер мен интернет, жаңа байланыс құралдарын, жаңа материалдар мен қызмет көрсетулер, жаңа ғылыми жаңалықтар, осының бәрі оқушылардың ой-өрісіне әсерін тигізді. Қоғамдағы жаңа өзгерістер және оның тез ақпараттандырылуы мен даму жылдамдығы білім беруге қойылатын талаптарды да түбегейлі өзгертіп, қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласына төмендегідей міндеттерді қойып отыр: білім сапасын арттыру, әлемдік білім беру жүйесін ақпараттандыру, интернет желісін пайдалану, электрондық оқулықтар, мультимедиялық, телекоммуникациялық технологияларды пайдалану, қашықтан басқару және т. б. Ол жас буынды жаңашылдыққа жетелеу деген сөз. Жаңашылдық - білім жүйесіне инновациялық технологияларды енгізе отырып, оқушыны заман талабына сай етіп дайындап шығару. Информатика пәнінің білім беру жүйесіндегі орны ақпараттық орта мен қоғам мүшелерінің жаңа ақпараттық технологияларды кең қолдануға байланысты маңызды болып есептеледі және оның мазмұны үнемі жаңарып отырады. Информатика пәні мұғалімі әрбір сабақта дидактикалық принциптерді назардан тыс қалдырмауы тиіс. Оқушы білімінің қалыптасуы қашанда мұғалімнің сабақты ұйымдастыра білуіне, жаңа материалды жүйелі түрде баяндауда әртүрлі әдістерді қолдана отыра жеткізілуіне байланысты. Технологиялық оқыту білім алушыларды белсенді жағдайда қойып, оның субъектілігін қалыптастырады және шығармашылықты тудырады. Әсіресе, ақпараттық дәуірде технологияның қолданылуы ерекше. Білім сапасын жоғарылату, оны жеткілікті түрде арттыруда жаңа ақпараттық технологияларды қолданусыз, заманауи телекоммуникациялық құралдарды пайдаланусыз мүмкін емес. Озық әдістемелік технологиялармен қаруланған, заман талабына сай оқытудың жаңа әдістерін, яғни ақпараттық-коммуникациялық технологияларды толық меңгерген педагог қана білім алушының сапалы білім алуына мүмкіндік жасайды. Оқушының өз бетінше білім алуына, ізденуіне көп мән берілуі тиіс. Олардың кәсіптік білім алуымен қатар іздемпаз, тапқыр, ой-өрісі жоғары, өз пікірін ашық білдіретін, жаңашыл ұрпақ етіп тәрбиелеу керек. Бүгінгі заман талабы - қоғамның дамуымен бірге болашақ жастарды жаңашылдыққа, іздемпаздыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу. Осы аталғандарды іске асыру үшін сабақта ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану маңызды болмақ. Информатика пәнінің білім беру жүйесіндегі орны ақпараттық орта мен қоғам мүшелерінің жаңа ақпараттық технологияларды кең қолдануға байланысты маңызды болып есептеледі және оның мазмұны үнемі жаңарып отырады. Бүгінгі заман талабына сай жаңа технологиялармен сабақ жүргізуде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану өте тиімді.

Ақпараттық-коммуникациялық технологиямен жұмыс істеу - компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Компьютер адам қызметінің барлық саласында еңбек өнімділігін арттыру құралына айналады. Жеке тұлғаның ақпараттық мәдениеті негіздерін қалыптастыру оқушылардың компьютерде жұмыс істеуді игеруімен тығыз байланысты. Ақпараттық технологияның ерекшеліктерін айта келе, осы технологияны меңгеруде мұғалімнің кәсіби шеберлігі, ақпараттық технологияны тиімді және ұтымды пайдалана білуі басты мәселе болып саналады. Ақпараттық технология ғана білім берумен тәрбие беру процесіндегі мұғалімнің қосымша құралы ретінде ғана қолданылады.

Сабақта оқушылардың қызығушылықтарын арттыру үшін:

  • Ой еңбегі мен қабілетін арттыру және дамытудың тиімді әдістерін қалыптастыра білу;
  • Берілген тапсырмалардың орындалу тәсілдерін біліп, оны ұғыну;
  • Қосымша материалдар арқылы білім деңгейін толықтыру;
  • Ойын элементтерін пайдалану;
  • Бағалау әдістерін меңгерту;
  • Әр сабақта кері байланыс ұйымдастыру (Мысалы, «Екі жұлдыз, бір тілек», «Сабақтан кейінгі ой түйін», «Бүгін мен не үйрендім?» «Өзара әсер», смайликтер салу арқылы көңіл күйлерін көресту) .

Оқушыларды өздеріне бағалату әдісі әр оқушының дамуын қадағалайтын педагогикалық мониторинг құруға мүмкіндік беретін болғандықтан, сабақтарымдағы бағалау бөліміне көп көңіл бөлемін. Ол үшін сабақтың соңында жиналған ұпайларына сәйкес әр оқушы өзінің бағаларын алып шығады. Бағалау әдістеріне мына төмендегілерді жатқызуға болады:

  • Оқулықтағы материал бойынша сұрақтарға жауап алу әдісі. Бұл сұрақтарға оқушылар нақты түрде дұрыс жауаптарын жазулары тиіс.
  • Өтілген материалдар бойынша тест алу әдісі. Бұл тест сұрақтарына оқушылар дұрыс жауаптарын көрсетіп қоюлары тиіс.
  • Оқушылардың ойлау логикасын қалыптастыруға арналған әдістер. Мұнда сөзжұмбақтар, ребус, бесжолды өлең құрастыру, автор орындығы, реферат жазу, топтастыру беріледі, яғни өтілген материалдарға арналып жасалынады.

Бастауыш сыныпта информатиканы оқыту.

Информатика пәнінің пропедевтикалық курсын бастауыш сыныптан бастап оқытуға болатындығы және оның тиімділігі дүниежүзілік тәрбие негізінде дәлелденіп отыр.

Ғалымдардың, практик - мұғалімдердің пікірінше, бұл курсты бастауыш сыныптарда оқытуға негіз болатын факторлар мыналар:

- бастауыш мектеп оқушысын ақпараттық қоғамға бейімдеу;

- ерте жастан балалардың ақпараттық ойлау қабілетін дамыту;

- бастауыш мектеп оқушыларының ақпараттық мәдениетін қалыптастыра отырып, әлемдік ақпараттық білім кеңістігіне даярлау.

Ресей ғылымдарының соңғы зерттеулеріне сүйенсек бастауыш сыныптағы информатиканың пропедевтикалық курсының негізгі бағыттары төмендегідей:

  1. Қолданушылық. Бұнда оқушылар компьютермен алғаш танысып, оқу, ойындық және бастауыштағы пәндер мазмұнына құралған жаттықтырушы бағдарламалар негізінде компьютерлік сауаттылықтары қалыптасады. Бұл бағытты қолданушылардың пікірінше, баланың компьютерлік сауаттылықты меңгеруі - бұл сабақта және сабақтан тыс кезде компьютерді өз қажетіне қарай еркін пайдалана білуі, сондай ақ техникаға сауатты ұқыпты қарауы.

Қолданушылық бағыттары пропедивтикалық информатиканы меңгеру нәтижесінде оқушыларда төмендегідей білім мен іскерлік қалыптасуы тиіс:

- оқу ойын бағдарламалары мен жұмыс істей білу;

- программалармен жұмыс істеу кезінде бағдарламалық құжаттарды пайдалану;

- программамен жұмыс істеуге машықтану, программаны енгізу, керектісін табу, өз бетімен жұмыс істеу.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Информатиканы оқыту әдістемесі (ИОӘ)
Информатика пәнін бастауыш сыныптарда оқытудың мақсаты
Информатиканы оқытудың нақты мақсаттарын анықтау
БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Инфoрмaтикaның нeгізгі ұғымдaры жәнe oны oқыту әдістeрі
Мектепте информатика пәнін оқыту әдістемесі
Бастауыш сыныптарда оқушыларды оқыту барысында пәнаралық байланысты жүзеге асыру жолдары
Информатиканы оқытудың мақсатты жүйесі
Информатиканы оқыту әдістері
Бастауыш сыныпта информатика пәнінің оқыту ерекшелігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz