Оқытуды ұйымдастырудың түрлері



Оқытуды ұйымдастырудың түрлері жайлы 1
түсінік 1
Сабақ . оқытуды ұйымдастырудың негізгі 5
формасы 5
1.3 Сабақтың типтері, түрлері олардың құрылымы 8
1.4 Сабақта қолданылатын оқытудың әртүрлі 12
формалары 12
ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ӘР ТҮРЛІ ФОРМАЛАРЫ
Оқытуды ұйымдастырудың түрлері жайлы
түсінік
Мектептердің даму тарихында оқытуды ұйымдастырудың әр түрлі формалары пайдаланылады. Оқыту формаларының бірте – бірте өзгеруі мұғалім мен оқушылырдың іс әрекетінің, өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығының және үдемелі ғылыми техниканың өзгеруіне байланысты болады.
Оқытуды жүзеге асыруда білім мен оқытуды ұйымдастыруда оны модернизациялау көзделеді. “Түрлері” деген ұғым латын тілінен аударғанда “forma” сыртқы көрініс дегенді білдіреді сыртқы сызық – белгілі орныққан тәртіп. Философия пәнінде “түрлері” ішкі мазмұнды ұйымдастыру деген ұғыммен анықталады. Яғни, “түрлері” ішкі байланысты білдіреді және ұйымдастыру тәсілдері, өзара құбылыс, сыртқы жағдайлармен де сабақтастықта. Былайша айтқанда, оқытудың түрі – оқу материалын меңгерудегі оқушылардың өзара әрекеті.
Оқытудың түрі: әдіспен, амалдарға, құралдарға, оқытудың іс - әрекетіне тәуелді болады. Оқытудың формасы оқыту үрдісінің құрылымы – мұғалім қызыметі: белгілі бір оқу материалын игеру барысындағы оқушының оқу іс -әрекетін басқару және оқу тәсілдерін меңгерумен сабақтас. Сабақтың сыртқы көрінісі оқу материалының ішкі бөліктерінің басын біріктіріп және дидактикалық категория ретінде оқу үрдісін ұйымдастырудың сыртқы пішінін белгілейді, мұның өзі оқушылардың білім сапасының көрсеткіші мен өтетін уақыты және орны, оның жүзеге асырылу тәртібі секілді жағдайлармен байланысты.
Ертедегі Грецияда оқытудың жеке формасы пайдаланылды. Бұл келесі ғасырға дейін – дворяндар үйелмендерінде сақталды. Орта ғасырда сабақ бір топ оқушылрмен өткізілді. Мектептерде сабақтардың тұрақты кестесі, оқытудың дәл мерзімі болмады, оқушылар мектепке жылдың қай мезгілі болса да қабылданды.
Мұнан былай қоғамның дамуы білім беру ісіне көтеріңкі талап қойды. Педагогика тарихында ұлы педагогтардың тұжырымдары және оқуды ұйымдастырудың әр түрлі тәсілдері бар. Оның дамып, жетілуі қоғамның қажеттілігі мен сұранысының талап мүддесіне қатысты. Оқытуды ұйымдастырудың түрлері негізінен былай жіктеледі: оқушының саны мен құрамы, жұмыс орны, оқу жұмысының ұзақтығы. Осыған қарап оқытудың түрі былайша бөлінеді:
-жеке (бір ғана оқушымен жұмыс істейді);
-жеке жұптық (оқушы – оқушы, мұғалімнің оқушымен қарым – қатынасы , қазіргі жағдайда оқушымен қарым – қатынасы жеке оқушының әзірлік үрдісіндегі қызыметі мен айқындалады);
-жеке – топтық : топ мектепте жұмыс істейді, бірақ бір мектепте оқытылатын оқушылардың жасы әр шаманы құрайтын топ болады (оқытудың бұл түрі орта ғасыр мектептерінде қолданылған).
-Өзара бірлесіп оқыту – бұл жүйе XVII ғ. аяғында XIX ғ. басында Ангелияда пайда болды, оны оқытудың белль –ланкастер жүйесі деп атады. Бұл жүйені жасаған дін қызметкері А.Белль және мұғалім Д.Ланкестер. Бұл жүйе бойынша мұғалім оқуды 600 – ден астам оқушымен үлен залда өткізеді. Содан кейін оқушыларды топтарға бөледі. Әрбір топтағы оқушылармен оқуды мониторлар – топ басқарушылары жүргізеді.
-Саралап оқыту, оқытудың бұл түрі оқушылардың қабілетіне қарай өтіледі (мангейм жүйесі);
-Бригадалық оқыту, тапсырманы бригада алды: бір сыныпта 5 –6 оқушы ұйымдасады, есеп беруші – бригадир;
-Американдық “Винетка – жоспар ”, “Трампа - жоспар” және т.б. XX ғасырдың бірінші жартысында орыс педагогтары АҚШ – тағы, Германиядағы оқытудың әр түрлі түрлерімен танысты, олардың бірсыпырасы бұрынғы совет мектептерінде пайдаланылды.
Мысалы дальтан – жоспар сабақты болдырмауды , жүйелі курстардың оқытылмауын талап етеді. Сонымен бірге дальтан – жоспар нәсіліне қарай

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
СОДЕРЖАНИЕ

Оқытуды ұйымдастырудың түрлері жайлы 1
түсінік 1
Сабақ – оқытуды ұйымдастырудың негізгі 5
формасы 5
1.3 Сабақтың типтері, түрлері олардың құрылымы 8
1.4 Сабақта қолданылатын оқытудың әртүрлі 12
формалары 12

ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ӘР ТҮРЛІ ФОРМАЛАРЫ

Оқытуды ұйымдастырудың түрлері жайлы

түсінік

Мектептердің даму тарихында оқытуды ұйымдастырудың әр түрлі формалары
пайдаланылады. Оқыту формаларының бірте – бірте өзгеруі мұғалім мен
оқушылырдың іс әрекетінің, өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығының және үдемелі
ғылыми техниканың өзгеруіне байланысты болады.
Оқытуды жүзеге асыруда білім мен оқытуды ұйымдастыруда оны
модернизациялау көзделеді. “Түрлері” деген ұғым латын тілінен аударғанда
“forma” сыртқы көрініс дегенді білдіреді сыртқы сызық – белгілі орныққан
тәртіп. Философия пәнінде “түрлері” ішкі мазмұнды ұйымдастыру деген ұғыммен
анықталады. Яғни, “түрлері” ішкі байланысты білдіреді және ұйымдастыру
тәсілдері, өзара құбылыс, сыртқы жағдайлармен де сабақтастықта. Былайша
айтқанда, оқытудың түрі – оқу материалын меңгерудегі оқушылардың өзара
әрекеті.
Оқытудың түрі: әдіспен, амалдарға, құралдарға, оқытудың іс -
әрекетіне тәуелді болады. Оқытудың формасы оқыту үрдісінің құрылымы –
мұғалім қызыметі: белгілі бір оқу материалын игеру барысындағы оқушының оқу
іс -әрекетін басқару және оқу тәсілдерін меңгерумен сабақтас. Сабақтың
сыртқы көрінісі оқу материалының ішкі бөліктерінің басын біріктіріп және
дидактикалық категория ретінде оқу үрдісін ұйымдастырудың сыртқы пішінін
белгілейді, мұның өзі оқушылардың білім сапасының көрсеткіші мен өтетін
уақыты және орны, оның жүзеге асырылу тәртібі секілді жағдайлармен
байланысты.
Ертедегі Грецияда оқытудың жеке формасы пайдаланылды. Бұл келесі
ғасырға дейін – дворяндар үйелмендерінде сақталды. Орта ғасырда сабақ бір
топ оқушылрмен өткізілді. Мектептерде сабақтардың тұрақты кестесі, оқытудың
дәл мерзімі болмады, оқушылар мектепке жылдың қай мезгілі болса да
қабылданды.
Мұнан былай қоғамның дамуы білім беру ісіне көтеріңкі талап қойды.
Педагогика тарихында ұлы педагогтардың тұжырымдары және оқуды
ұйымдастырудың әр түрлі тәсілдері бар. Оның дамып, жетілуі қоғамның
қажеттілігі мен сұранысының талап мүддесіне қатысты. Оқытуды ұйымдастырудың
түрлері негізінен былай жіктеледі: оқушының саны мен құрамы, жұмыс орны,
оқу жұмысының ұзақтығы. Осыған қарап оқытудың түрі былайша бөлінеді:
-жеке (бір ғана оқушымен жұмыс істейді);
-жеке жұптық (оқушы – оқушы, мұғалімнің оқушымен қарым – қатынасы ,
қазіргі жағдайда оқушымен қарым – қатынасы жеке оқушының әзірлік
үрдісіндегі қызыметі мен айқындалады);
-жеке – топтық : топ мектепте жұмыс істейді, бірақ бір мектепте
оқытылатын оқушылардың жасы әр шаманы құрайтын топ болады (оқытудың бұл
түрі орта ғасыр мектептерінде қолданылған).
-Өзара бірлесіп оқыту – бұл жүйе XVII ғ. аяғында XIX ғ. басында
Ангелияда пайда болды, оны оқытудың белль –ланкастер жүйесі деп атады. Бұл
жүйені жасаған дін қызметкері А.Белль және мұғалім Д.Ланкестер. Бұл жүйе
бойынша мұғалім оқуды 600 – ден астам оқушымен үлен залда өткізеді. Содан
кейін оқушыларды топтарға бөледі. Әрбір топтағы оқушылармен оқуды
мониторлар – топ басқарушылары жүргізеді.
-Саралап оқыту, оқытудың бұл түрі оқушылардың қабілетіне қарай
өтіледі (мангейм жүйесі);
-Бригадалық оқыту, тапсырманы бригада алды: бір сыныпта 5 –6 оқушы
ұйымдасады, есеп беруші – бригадир;
-Американдық “Винетка – жоспар ”, “Трампа - жоспар” және т.б. XX
ғасырдың бірінші жартысында орыс педагогтары АҚШ – тағы, Германиядағы
оқытудың әр түрлі түрлерімен танысты, олардың бірсыпырасы бұрынғы совет
мектептерінде пайдаланылды.
Мысалы дальтан – жоспар сабақты болдырмауды , жүйелі курстардың
оқытылмауын талап етеді. Сонымен бірге дальтан – жоспар нәсіліне қарай
қабілетті, дарынды балаларды оқытуды жақтайды. Дальтан – жоспардың мәні:
оқушы өз бетімен жұмыс істейді, тапсырманы орындайды, сынақ тапсырады,
келесі тапсырманы дайындайды. Демек, консультанттар балалармен дербес
оқытуды жүргізеді. Дальтан – жоспардың негізгі мақсаты ұжымнан жекеленетін
адамдардың психологиясын тәрбиелеу.
-Оқытудың микротоптық жүйесі (фронтальді, ұжымдық жұмыс т.б.).
Оқыту түрлерінің сыныптық – сабақ жүйесі XVII ғасырда туысқан
тәуелсіз мемелекеттердің Богемия, Украина, Белоруссия елдерінің
мектептерінде ең көп тараған және 300 жылдық уақыт бойы әлі дамып келе
жатыр. Сынып дегеніміз – жас ерекшелігіне қарай тұрақты, бірге оқитын
оқушылардың құрамы, бұл жүйеде оқушылар мұғалімнің тапсырмасын сабақ
барысында және үйге берілген тапсырманы орындайды.. Сабақта әр түрлі
дидактикалық принциптер пайдаланылды. Оқу сабақ формасында сынып
оқушылардың белгілі құрамымен кесте бойынша жүргізілді. Бұл жүйе оқытудың
сынып-сабақ формасы деп аталды.
Я.А.Коменский сынып-сабақ жүйесінде үш жүзге дейін оқушыларды
оқытудың мүмкіншілігі туралы пікір айтты. Бұл жерде сыныпты әрбір он балаға
бөледі, оқуды әрбір топпен жақсы оқитын оқушы-декурион жүргізеді.
Басқа оқытудың түрлерімен салыстырғанда, сыныпты – сабақ жүйесінің
көптеген ұтымды тұстарын атап өтуге болады: сабақ құрылымын тиімді етіп
құру, барлық оқу – тәрбие үрдісін тәртіптеуді қамтамасыз ету, оны қарапайым
дәрежеде басқару, оқу мәселесін талқылағанда, оқушылардың бір – бірімен
қарым – қатынасқа түсу мүмкіндігін пайдалану, белгілі мендеттерді шешу
барысында ұжымдық ізденіс жасау, уақыт үнемдеу, сабақ үстінде әр оқушының
рухани арттыруға құлшынысының бәсекеге түсуі, жүйелікті және кезеңдік
реттілікті жүзеге асырып, оның одан әрі дамуына, білімсіздіктен
білімділікке жетіліп отыруына ұмтылу.
Жалпы талаптардың ішінде, бүгінгі сабаққа сәйкес келетін, бөліп
қарауға болатын жіктеме төмендегідей:
- Ғылым жетістіктерінің жаңа түрін, озық іс – тәжірибені, оқу тәрбие
үрдісінің негізгі заңдарына құрылған сабақты;
- Сабақты өту үрдісінде барлық дидактикалық принциптер мен ережелер;
- Оқушылардың санасын қалыптастыруға әсер етерлік пәнаралық
байланысты;
- Бұрынғы білімін байланыстыруға, оны меңгеруде икем – қабілетін және
оқушылардың білім сапасын арттыру барысындағы тіректік ұғымдарға сілтеме
жасау;
- Тұлғаны жан – жақты дамытудың белсенді және түрінің қажеттілігі;
- Педагог оқу – құралдарын ұтымды қолдану;
- Алған білімін, өндірістік қызметпен, оқушының жеке іс
–тәжірибесімен байланысты жүзеге асыруы;
- Білімін, икемін, қабілетін тәжірибеде қалыптастыру, оны ойлау амалы
мен іс -әрекетке тиімді қолдануы;
- Сабақты диагностикалау, жоспарлау, жобалау және болжай алуы.

Сызба 1 Оқу түрлері

Сабақтың құрылымы кездейсоқ болмайды, ол оқыту үрдісінің
заңдылықтарын жүзеге асырады, жаңа сабақты меңгеруге логикасын ішкі
психологиялық құбылыс ретінде, оқушының ойлау іс - әрекетінің заңын, жеке
таным қабілеті сапасында алып, мұғалім қызыметінің түрін және оқушыны
педагогтік үрдістің субьектісі ретінде алады. Сабақ элементтері, ішінара
бөліктердің өзара біртұтастығында аталған заңдар жүзеге асады, өзектілігі
анықталып, оқушылардың жаңа ұғымдық түсініктер қалыптасады, сөйтіп, іс
-әрекет тәсілдерін меңгеріп оны тәжірибеде қолдануға төселеді.
Осы компоненттер сабаққа қажетті шарттар мен бағдарламалық
материалдарды меңгеруге жеткілікті біліктілік пен икем, қабілеттерді және
оқушылардың ойлау әрекетінің белсенділігін өздігінен қалыптастыру, олардың
интеллектуалдық қабілетін дамыту – оқушыларды өмірге бейімделуге және еңбек
етуге жаттықтыруға тиісті қадам.

Сабақ – оқытуды ұйымдастырудың негізгі

формасы

Сабақты мақсатқа бағытталған мұғалім мен оқушылардың ұжымдық
шығармашылық еңбегі деп қарастыруға болады. Сабақта оқыту мен тәрбиенің
мақсаттары, міндеттері, жүзеге асырылады, оқушылардың ой - өрісі кеңиді,
қабілеті дамиды, көз қарасы, адамгершілік қасиеттері қалыптасады. Сабақтың
шын мақсаы – тұлғаны оның қабілеті мен дарындылығына сүйеніп дамыту. әрбір
сабақ логикалық, психологиялық және ұйымдастыру бірлігі болуы тиіс.
Логикалық бірлік – бұл сабақ бөліктерінің , яғни құрылым
элементтерінің аралығындағы ішкі өз ара байланыс заңдылығы. Мысалы,
қайталау – қорытындылау сабағының бөліктері: қорытынды әңгіме немесе шолу
лекциясы, жаппай сұрау, кейбір сұрауларды анықтау; мұғалімнің сабақты
қорытындылауы. Мұндай сабақта, біріншіден, игерілген білім еске түсіріледі
және жүйеге келтіріледі; екіншіден, білімдігі, іскерлігі, дағдыдағы
кемістіктер толықтырылады; үшіншіден, оқылатын материалдардың маңызды
идеалары толық ашылады, төртіншіден, жыңа мен ескі салыстырылады, жаңа
мысалдар ойластырылады, жаңа міндеттер шешіледі.
Психологиялық бірлік оқушылардың танымдық іс-әрекетіндегі
белсенділігі, жинақтылығы. танымдық іс-әрекеті түйсік, қабылдау, ойлау,
зейін сияқты психологиялық процеспен байланысты. Психологиялқ бірлік – бұл
іс-әркетінің мотивтерін жасау. Сабақтың психологиялқ бірлігі оқушылардың
дербес ерекшеліктерін (темперамент, мінез, қабілет, ынта т.б.) есепке алуды
талап етеді. Бұл жеке адамның дербес – типологиялық ерекшеліктері.
Ұйымдастыру бірлігі – бұл сабақта алдын – ала жабдықтарды және оларды
рет – ретімен пайдалануды, бүкіл сабақ бойында оқушыларды белсенді тиімді
жұмысқа ұйымдастыру.
Мектепте сабақ қандай дидактикалық талаптарға жауап беруі тиіс?
Сабақтың міндеттері білім, даму және тәрбие мақсаттарымен анықталады.
Осы тұрғадан сабаққа қойылатан кейбір талаптар төмендегідей:
1) Сабақтың дидактикалық мақсатының айқындылығы. әрбір сабақта оқыту
және тәрбие мақсаты дәл қойылуы тиіс. Оқыту мақсаты дегеніміз жаңа білімді
меңгеру, іскерліктің, дағдының қалыптасуы, тәрбие мақсаты – жеке
адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру. Бұл мақсаттар оқыту және тәрбие
процесі функцияларының іске асырылуына байланысты.
2) Оқу материалының көлемін анықтау. Сабақтың дидактикалық мақсатына
сәйкес, яғни балалардың білім деңгейін, жас және дербес ерекшелігін еске
алып, сабақтың әрбір құрылым бөлігіне оқу материалын таңдап алу.
3) Оқыту мен тәрбиенің бірлігі. Оқыта отырып, тәрбиелеудің мәні –
тұлғаның өмірге, білімге қатынасын, қабілетін, адамгершілік қасиетін
қалыптастыру. Білім беру мен тәрбие міндеттерін оқыту процесінде шешу
мұғалім мен оқушылырдың іздену іс - әрекетінің нәтижесіне байланысты.
4) Оқытудың ұтымды әдістерін таңдап алудың сабақ типтеріне, сабақтың
әрбір кезеңіндегі оқу материалының мазмұнына сәйкестігі.

Кесте 1 Сабақта қолданылатын оқыту әдістері
Сабақ типі Сабақ кезеңдері Оқыту әдістері
Жаңа білімді игеру 1-кезең баяндау Лекция, әңгіме,
2-кезең алғашқы бекіту әңгімелесу, кітаппен
3-кезең үйге тапсырма немесе басқа
беру консультация әдебиеттермен жұмыс.
Әңгіме, жазба жұмыс,
есеп шығару, оқыту
машинасымен жұмыс.
Оқулықты, қосымша
әдебиеттерді пайдалану,
тапсырманы орындау
әдістері

1) Сөз бен көрнекілікті үйлестіру, қазіргі техникалық құралдарды,
әсіресе ЭЕМ, компьютерлерді, бағдарламалық оқыту машиналарын қоладну.
Осылардың бәрі оқу еңбегінің өнімділігін арттырады, уақытты өнімдеуге
мүмкіндік береді, оқыту процесін басқаруды жеңілдетеді.
1) Оқушылардың білімді терең ұғуын, сонымен бірге сабақта олардың
зейінін, есін, байқағыштығын, әуестілігін, елігушілігін үнемі бақылап
есепке алу.
2) Сабақты ұйымдастыруды ширақ, дер кезінде бастып, сабақ уақытын
тиімді, нәтижелі пайдалану.
Сонымен негізгі талаптарды кешенді түрде жүзеге асыру – оқыту
процесін жақсы өткізудің, сабақтың сапасын арттырудың қажетті шартарының
бірі.
Осы талаптың негізінде қарастырсақ, САБАҚ – бұл бір – бірімен өзара
байланысқан тұтас жүйе, мақсат, оқу материалын ашу деңгейі, қолданылатын
әдістер, сабақтың құрылымы, оқытудың нәтижелері т.б.
Сабақтың құрылымындағы басты элементтердің бірі – жалпы дидактикалық
мақсат. Оны үшке бөлуге болады:
а) білім (білім, іскерлік, дағды) жүйесін қалыптастыру;
ә) даму – оқушылардың өз бетімен танымын ынталандыру, олардың
дидактикалық ойлауын, шығармашылық қабілетін дамыту;
б) тәрбие – ғылыми дүниетанымын, құнды құлықтық қасиеттерін, өмірге
орайлық көзқарасын қалыптастыру.
Сонымен сабақ оқушыларды білім жүйесімен қаруландырып қоймайды, ол
тәрбиелеуші міндеттерін де атқарады.

1.3 Сабақтың типтері, түрлері олардың құрылымы

Сабақтың типологиясы әрі қиын әрі күрделі мәселе және сабақты
жіктеудің бір – біріне ұқсамайтын бірнеше жолдары бар. Бұл жөнінде көптеген
авторлардың еңбегі жарық көрді. Сабақты дидактикалық мақсатына қарай
жіктеу, сабақ үрдісінің негізгі кезеңдеріне қарай дидактикалық
міндеттеріне, оның сабақта шешілуіне орай, оқытудың әдістері мен
оқушылардың оқу еңбегін ұйымдастыру тәсілдеріне қатысты.
М.И.Махмутов сабақтың төмендегідей бес түріне тоқталды:
1) Жаңа оқу материалын өту сабағы.
2) Білім, дағды, қабілетті жетілдіру сабағы.
3) Жинақтау және жүйелеу сабағы.
4) Аралас сабақ.
5) Бақылау, білімге, дағды, қабілетке түзету енгізу сабағы.
Сабақ жіктемесінің әр түрлілігі: дидактика пайым мен тұжырымдардың
болуы, тәжірибеде тұрақталған сабақ түрлерінің негізгі дидактикалық
міндеттері мен оның кешендеріне байланысты.
И.Н.Казанцев сабақтарын жіктеу үшін үш принципті басшылыққа алады:
а) мазмұны бойынша – математика сабақтары алгебра, гиометрия т.б.
сабақтарға бөлінеді;
ә) дидактикалық мақсат бойынша - әрбір сабақта шешілетін нақты
міндеттерге түсіну;
б) сабақты өткізу тәсілі бойынша – бұл лекция, әңгіме, кино және
практикалық сабақтар.
Көптеген дидактар сабақтарды жіктеудің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқыту процессінің әдістері мен формалары
Оқытуды ұйымдастыру түрлері
Оқыту жұмысын ұйымдастырудың түрлері
Оқытуды ұйымдастырудың формаларының мәні, мазмұны және түрлері
Оқытуды ұйымдастырудың формасы
Оқытуды ұйымдастырудың басқа формалары
Бастауыш сыныпта оқытуды ұйымдастырудың түрлі формаларын пайдаланудың ғылыми - теориялық негіздері
Сабақ-оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы
Оқыту психолгиясының негіздері
Бейінді оқытуды ұйымдастыру жолдары
Пәндер