Ш.Жәңгіровтың өмірі мен шығармашылығы (ғылыми мақала). Ғ.Қараштың ізденіс жылдары
1. Ш. Жәңгіровтың өмір жолына шолу
2. Шәді шығармашылығы жайлы
3. Ғұмар Қараш . көрнекті ақын, ойшыл.философ.
4. Ғ. Қараштың өмірі мен қоғамдық.саяси қызметі.
5. Ізденіс жылдарында . Ғ. Қараш

Өз ортасында Шәді төре атымен белгілі болған ақынның әкесінің аты бірде Жәңгір болып берілсе, кейде Жаһангир болып кездеседі. Оған себеп, оның Орынбордан шыққан кітаптарында “Шәді Жәңгірұлы” деп аты - жөні аталса, Қазан, Ташкент қалаларында баспа көргенкітаптарында тіл ерекшелігіне байланысты “Шәді Жаһангирұлы” болып көрсетілгендігінде. Шәдінің әкесі Жәңгір – атақты Абылай ханның шөбересі, Кенесары ханның жорықтарына қатысқан. 1847 жылы Хан кене дүниеден өткенде, оның кіші әйелі Мәуті ханымды әмеңгерлік жолмен Жәңгір алған. Осы Мәуті ханымнан болашақ шайыр туады. Шәді Жәңгіров 1855 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданында дүниеге келген. Он жасына жетер - жетпесте ауыл молласынан діни сауат ашады.
1. Әуезов М. Шығармалары. 16 том. Алматы: Жазушы, 1985. –400б.
2. Алтынсарин Ы. Қазақ хрестоматиясы. Алматы: Білім, 2003. –112б
3. Байтұрсынұлы А. Шығармалары. 1 том. Алматы: Алаш, 2003. –408б.
4. Келімбетов Н. Қазақ әдебиет бастаулары. Алматы: Ана тілі, 1998. –256б.
5. Қирабаев С. Ұлт тәуелсіздігі және әдебиет. Алматы: Ғылым, 2001. –448б.
6. Сейфуллин С. Шығармалары. ҮІ том. Алматы: Қазкөркемәдеббас, 1964. –456б.
7. Ысмағұлов М.Ғ. Қарашевтің тәлім-тәрбие туралы пікірлері //
Қазақстан мұғалімі, 1959. – 21 мамыр.
8. Қараш Ғ. Аға тұлпар. – Орынбор, 1914.
9. Манайұлы Н. Шәңгерей. – Алматы: Қазақстан, 1933. – 117 б.
10. Боранбаева Б. С. Ғұмар Қараштың өмірі мен қоғамдық-саяси
қызметі (1875–1921 жж.) Тарих ғыл. канд. дисс. – ҚР, Орал, 2009. – 144 б.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Ш.Жәңгіровтың өмірі мен шығармашылығы (ғылыми мақала). Ғ.Қараштың ізденіс жылдары.
Орындаған: Мұратова А.А
Тексерген: Еспенбетов А.С.
Семей 2015
Жоспар:
1. Ш. Жәңгіровтың өмір жолына шолу
2. Шәді шығармашылығы жайлы
3. Ғұмар Қараш - көрнекті ақын, ойшыл-философ.
4. Ғ. Қараштың өмірі мен қоғамдық-саяси қызметі.
5. Ізденіс жылдарында - Ғ. Қараш
Өз ортасында Шәді төре атымен белгілі болған ақынның әкесінің аты бірде Жәңгір болып берілсе, кейде Жаһангир болып кездеседі. Оған себеп, оның Орынбордан шыққан кітаптарында "Шәді Жәңгірұлы" деп аты - жөні аталса, Қазан, Ташкент қалаларында баспа көргенкітаптарында тіл ерекшелігіне байланысты "Шәді Жаһангирұлы" болып көрсетілгендігінде. Шәдінің әкесі Жәңгір - атақты Абылай ханның шөбересі, Кенесары ханның жорықтарына қатысқан. 1847 жылы Хан кене дүниеден өткенде, оның кіші әйелі Мәуті ханымды әмеңгерлік жолмен Жәңгір алған. Осы Мәуті ханымнан болашақ шайыр туады. Шәді Жәңгіров 1855 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданында дүниеге келген. Он жасына жетер - жетпесте ауыл молласынан діни сауат ашады. Имандылық жолға түскен Шәді ақын әуелі Шаян мешітінде оқып, кейін Шымкенттегі Абдолла Шәріп деген ғұламадан дәріс алады. Онда ол араб, парсы тілдерін толық меңгеріп, шығыс мұсылман шайырларының атақты шығармаларымен жете танысады. Ғылым деген түпсіз терең теңіздің тамшысын ішкен болашақ шайыр, ілімін одан әрі жетілдіру мақсатымен, сол кездегі барша мұсылман баласына белгілі Бұхарадағы "Мир-араб" медресесінде оқиды. Онда Ислам құндылықтарымен жақыннан танысып, болашақ шығармаларына арқау болатын діни қағидаларды жақсы меңгереді. Өмірінің соңында "Молла" деген айып тағылып, қуғынға ұшыраған Шәді 1933 жылдың 12 қыркүйегінде дүниеден өтеді.Шәді есімі әдебиет сүйер қауымға таңсық есім емес. Оның өмірі мен
шығармашылығын Ә.Қоңыратбаев, Б.Кенжебаев, Р.Бердібаев, Н.Келімбетов,
Ө.Күмісбаев, У.Қалижанұлы сынды ғалымдар зерттеген болатын. Шәдi төре Сейтахмет ишанға (Сейтжан мағзымға), ол кiсi дүниеден өткен соң оның баласы Әппәқ ишанға қол берген. Оған мурид болған. Шәдi төре Шаяннан соң Қарнақта, одан соң Бұхарада оқыды. Шәді - көп жазған ақын. Әрі оның жазған шығармаларының басым бөлігі өзінің көзі тірісінде Орынбор, Қазан, Ташкент қалаларында жарық көріп отырған. Шәді ақынның мұраларын көп зерттеген Немат Келімбетов: "...Ол жүз мың жолдай өлең-жыр жазды, соның жетпіс бес мыңдай жолы ақынның көзі тірісінде түрлі қалаларда басылып шықты," - дейді. Ақынның баспа көрген бірқатар кітаптары мен әлі жарыққа шықпаған шығармалары Қазақстан Республикасы ұлттық академиясының орталық ғылыми кітапханасы мен М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер Кітап тағдыры - қоғам тағдыры: сирек басылымдар мен қолжазбаларды жинақтау, сақтау және зерттеу атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары. Қолжазбалардың бірінде Шәді төре Жәңгірұлының баспадан шыққан кітаптары мен баспаға берілген қолжазбаларының тізімі берілген. Баспадан шыққан еңбектерінің қатарында "Сияр Шәрип," "Назым Чоһар Дәруіш," "Шайхы Барсиса," "Беташар," "Қамарзаман," "Атымтай" сияқты жалпы саны он үш кітаптың аты көрсетілсе, "Хәзірәт Ескендір", „Тарихи Абылай хан," "Ибрахим Халилуллаһ," "Мұса Перғауын хикаясы," "Аһуал Қиямет" тәрізді тоғыз шығармасының баспаға берілгені айтылады. Ал, Немат Келімбетов шайырдың баспа көрген еңбектері жайында: "Шәді Жәңгіров үлкенді-кішілі
он сегіз дастан-поэма, қисса-хикаят, бірсыпыра өлең-жыр жазып, бастырған деген дәйекті келтірген. Шәді медреседе оқыған ислами пәндерінің негізінде дастандар жазып отырса керек. Мысалы, медреселерде оқытылатын Мұхаммед пайғамбардың өміріне (Сиярун-наби) "Назым Сияр Шәриф" дастанын жазса, ислами фәлсафаға "Ахуал қиямат" дастанын, шариғат іліміне "Фикһ қайдан" шығармасын, пайғамбарлар өмір тарихына (Қиссасуыл әнбия) "Назым Ибрахим Халиолла," "Хазірет Мұса мен Перғауын," "Дәуіт уақытындағы рәйіс" сияқты дастандарын дүниеге әкелген. Осындай діни дастандар жайында М.О. Әуезов " ... Діни өлеңдерін, қиссаларды, көбінің сарыны шеттік болудан басқа мазмұндары да түгелімен мұсылман ғылымынан келген көшпелі, қыдырма әңгімелер. Сондықтан оларды тексеріп, ұғынып түсіну үшін, жалғыз ғана қазақ топырағындағы көлеңкесіне қарап тон пішу керек емес, әрқайсысын тудырған жағдай мен себепті әуелі шыққан ұясынан бастап ұғыну керек - деп жазғаны бар. Суреткер-ғалымның сол кезде айтқан өсиетіне бүгінгі дінтанушылар мен шығыстанушы ғалымдар құлақ асады деген ойдамыз. Шәді өз заманының "кітаби ақындары" сияқты шығыс шығармаларын қазақ тіліне тәржімалаумен де айналысқан. Ол парсының атақты шайыры Фирдаусидің "Шахнамасын" қазақ тілінде сөйлетіп, Атбасар уезіндегі Қалменбайға тарту еткені жайлы деректер бар. Оған "Шәдінің болыс Қалменбайдан ат сұрап жазған" өлеңі дәлел:
Жібердім "Шахнаманы" сауап үшін,
Батыр мен балуан сөзі толған іші.
Өзіңіз оқып көріп түсінерсіз,
Ашылар естігеннің көңіл қошы.
Көрмекке сол кітапты көтерілген,
Төркініңнің ашкара қылды іші.
Тым қуат моллаларға оңай емес,
Сөздерін бұл кітаптың тез білісі.
Бағзы жерлерінде бас тіллә бар,
Молланың түсінетін әлібісі, - деп, қаласа тағы бір қайтара жазып беретінін айтады.
Мінбекке ағаңызға бір ат дәркор,
Бес жаста,я алтыда болсын тілі.
Толықтық, сұлулық пен семіздігі,
Ұқсасын өзіңізге әр жүрісі, - деп ақысына бір жақсы ат сұраған.
"Орақа - Күлше", "Чоһар Дәруіш" сияқты шығармаларымен әйел тағдырын, шынайы махаббат мәселесін көтерген ақын қазақтың той-томалақтарында келіннің бетін ашуға арналған "Беташар" деген жыр да жазған. Шәдінің басты ұстанған мақсаты - шынайы махаббат, адал жар, шаңырағы шайқалмайтын отбасы. Осы жолда ол болашақ келінгеақыл-өнеге айтады
Құлағыңды салып тыңдап тұр,
Келінжан менің тілімді.
Әдептің жолын үйренбекке
Жас кісіге ілімді.
Айтқанымды ұғарсың,
Егер болсаң сәлімді.
Ақылсызға айтқан сөз,
Далаға кеткен шығынды.
Бәрі саған керек іс
Тыңдасаң кейін жырымды.
Жырменен қосып айтамын
Бар насихат сырымды.
Шәдінің көлемді шығармаларының қатарына "Россия патшалығында Романов нәсілінен хұқымранлық қылған патшалардың тарихтары һәм ақтабан шұбырыншылық заманнан бері қарай қазақ халқының ахуалы" атты
тарихи реалистік поэмасы мен қазақ тарихына арналған "Тарихнама" деген көлемді тарихи шығармасы жатады. Екі шығарма да тарихи желіге құрылған.
Ақын Ресей туралы тарихи поэманы 1910 жылдары жазған. Шығарма ішінде Ресейді ежелден басқарып келе жатқан патшалар мен атақты қолбасшылардың өз халқы үшін істеген ерліктері кеңірек қамтылған. Шәдінің осы шығармасы 1912 жылы Орынборда кітап болып шығып, халық арасына кең тараған. Бұл туралы 1916 жылы көтерлісшілердің алдында сөйлеген сөзінде А.Имановтың: "Түркістан қаласынан шыққан ақын Ш.Жәңгіров бізге Россияның тарихын аударып берді, оны біз зор мақтанышпен оқимыз" - дегені ойымызды нақтылай түседі.Шәдінің қазақ тарихына арналған "Тарихнама" поэмасы екі үлкен тараудан тұрады. "Шыңғыс ханның тарихы" атты алғаш жартысы 32 тараудан тұрса, поэманың "Абылай хан тарихы" деген жартысы 22 тарауды құрайды. Шәдінің осы бумадағы үш қолжазбасының жалпы көлемі 31964 жол.Поэманың басында ежелде патшалық құрып, бұл күндері аттары аңызға айналған патшаларға тоқталады да Оғыз хан, Қара хан тарихтарын өрбітеді. Ру тайпалардың шыққаны, қазақтың үш жүзге бөлінгені жайлы жәйттерді келтіреді. Шығармадағы оқиға барысы бірінен соң бірі өрбіп, хандар өмірінен көп мәлімет береді. Шәдінің бұл шығарманы жазарда қандай дерекке сүйенгені жайлы Н.Келімбетов: "Мазмұнына, құрылысына қарағанда Шәді бұл дастанын Абулғазы Бахадурханның "Шежіре - итүрік" деген кітабының ықпалымен, соған еліктеп жазған сияқты. Сондай-ақ "Тарихнаманы" оқи отырып, Мұхаммед Юсуфты"Тарихи Мухимханий"(ХҮІІІ ғ), алғашқы нұсқасын Нуриддин Ахунд Мулла Тархад Самарханди жазған "Тарихи Рақимий", Мунис Хорезмиймен оның жиені Мухаммедриза Агахий жазған "Фирдаве уа-иқбол" сияқты күрделі тарихи еңбектермен Ш.Жәңгіровтың жақсы таныс болғанын аңғару қиын емес, - дегенді айтады. Шәді өзінің поэмасының"Қазақтың үш жүзге бөлінгені" деген тарауында: Ілгері рулардың хикаяты,Шығарған Абулғазы тарих хаты, - деп Абулғазының тарихымен таныс екенін аңғартады. Сондай-ақ Шәді поэма ішінде бізге аты белгісіз "Рузата Сафа" деген кітапқа да сілтеме жасайды. Бұдан ақынның осы еңбекті жазарда біраз кітапты қарап шыққанын байқауға болады.
Шыңғыс хан өз күшімен шаһлық еткен,
Уақытында онша түрлі іс көрсеткен.
Хорасан, Иран, Тұран, Дешті қыпшақ,
Һүндістан, Қытайға шейін үкімі жеткен, - деп, Шыңғыс ханның жасаған жорықтарына тоқталған. Шыңғыстың дүниеге қолына қан ұстап келгенінен-ақ, оның әлемді жаулайтынынан хабар береді:
Темужин анасынан дүние енді,
Бір қолдың алақаны жұмулы еді.
Қатындар қызмет еткен қарағанда
Ішінде ұйып қалған бір қан көрді.
Шыңғыс қағанның ел қамын ойлап, өзі құрған патшалықтың іргесі шайқалмауы үшінбалаларына әрқашанда бірлікте болыңдар дейді.
Менен соң біреуіңізді патша қылып,
Һүкіміне тұрыңыздар мойын ұсынып.
Сіздерге ешкім дұшпан бола алмағай,
Тұрады қол астыңа бәрі кіріп.
Шәді бұл поэманы ұзақ уақыт бойы сарыла жазған. Ол әрбір оқиғаларға
ерекше мән беріп, содан өзінше қорытынды шығарып отырады.Поэманың Абылай хан бөлімінде, оның бұл еңбекті жазудағы мақсаты - өшіп бара жатқан хан тарихын қайта жаңғырту, өткен тарихпен оқырманды таныстыру. Онда шайыр бабаларының ұмыт болып бара жатқан тарихын өзі жырламағанда кім жырламақ деп, өзін-өзі қайрап, содан күш-қуат алғандай болады:
Белгілі Абылай хан қазақ ханы,
Қаншасын патшалардың біледі оны.
Бұл уақытта халықтарға мәлім емес,
Жазылған Абылай ханның тарихтары.
...һәм өзім хан әулеті болған үшін,
Айтпаққа көңілім кетті қылған ісін.
Мойнына баласының лазым болар,
Істемек атасының әр жұмысын.
Осылай бабаларының шежіре-тарихын жырлаған ақын, поэманың соңын
Кенесары ханмен аяқтаған. Ақынның осындай батыл қадамға барып, хандардың тарихын жырға қосуы, оның шынайы шайырлығынан, өткенге деген жанашыр, қамқорлығынан болса керек.Шәдінің діни дастандарының ішіндегі ең көлемділерінің бірі - "Назым Сияр Шәриф. Бұл дастан бастан -аяқ Мұхаммед пайғамбардың өмір жолына арналған. Ақынның бұл шығармасы өткен ғасырдың басында Ташкент, Қазанқалаларында бірнеше рет жарық көрген. Кешегі кеңес заманында қайта баспа көрмеген. Бірақ, араға бірнеше жылдар салып, 1995 жылы Алматыдағы "Санат" баспасынан филология ғылымдарының кандидаты, доцент Оңайбек Құдышұлының құрастыруымен қайта жарық көрді. Алайда, мұнда ақын еңбегі толығымен берілместен, құрастырушы тарапынан буын саны, сөйлем құрылыстарына бірқатар өзгерістер енгізіліп, едәуір қысқартылып берілген. Қазақ даласында пайғамбарды дәріптеп, оның өнегелі ғұмырын жыр-дастанға қосушы ақын шайырлар аз болмаған. Түркі жұртына сопылық ілімді таратушы Қожа Ахмет Иассауи:
Он сегіз мың әлемге сәруар болған Мұхаммед,
Отыз үш мың асхабқа раһбар болған Мұхаммед, - деп, пайғамбардыңөнегелі істерін жырға қосқан. Шәді ақынның "Назым сияр шәриф" шығармасы шағатайша жазылған. Сондықтан да, шығармада араб, парсы сөздері көп орын алған. Профессор Б.Кенжебаевтың пікіріне жүгінер болсақ, бұл тіл орта ғасырлық әдебиет тілі болған.Шәді Жәңгірұлының өмірі мен шығармашылығын терең зерттеп, тың деректерді ғылыми айналымға енгізу арқылы, артында қалған мұрасынан қалың оқырманды сусындатып, қана қоймай, бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның ғылым-білімінің ілгері жылжуына үлесімізді қоса алсақ деген тілек, бұл біздің басты да негізгі ұстанымымыз.
Ғұмар Қараш - көрнекті ақын, ойшыл-философ, халқын өнер мен ғылымға, берекелі ел болуға үндеген қайраткер-ағартушы, дін-шариғат, имандылық жолын, араб, парсы, түрік, татар, башқұрт тілдерін жетік білген ғұлама-ахун, өз дәуіріндегі мерзімді баспасөзге қазақ елінің көкейкесті мәселелері хақында үзбей ой толғаған қаламгер, Қазақстан, Дұрыстық жолы сияқты газеттер мен Мұғалім журналын шығару үшін қызу атсалысқан баспасөз жанашыры.
Оның 1910-1918 жылдарда Қазан, Үпі (Уфа), Орынбор қалаларынан Ойға келген пікірлерім, Бала тұлпар, Қарлығаш, Өрнек, Тумыш, Бәдел-хажы, Аға тұлпар, Тұрымтай сияқты өлең кітаптары мен прозалық-философиялық толғаныстары жарық көрді. Сонымен қатар ел аузында жүрген ақын, жыраулар мұрасын, эпостық жырларды жинап, жариялауда елеулі істер атқарды. Қазақстанның батыс өңіріне тараған батырлық жыр мұраларды жинастырып, 1910-1912 жылдары Орынбор қаласынан Шайыр, яки қазақ ақындарының басты жырлары, Көксілдер, яки бұрынғы мырза ұлы һәм ноғайлы батыр-лары уа ғайри мағыналы жырлар деген екі жинақ шы-ғарады. Шайыр жинағына Байтоқ, Жанұзақ, Доспамбет, Қазтуған, Шәлгез, Әсет, Шәңгерей шығармаларын, шешендік сөздер мен Ер Шобан, Әділ сұлтан сияқты жырларды - жиырмадан аса әдеби мұраны топтастырған.
Ғұмар Қараш XX ғасырдың бас кезінде қазақ даласына кең тараған Айқап, Мұғалім, Шора журналдары мен Қазақстан, Ұран, Дұрыстық жолы, Қазақ дұрысты-ғы сияқты газеттерде сол дәуірдің көкейкесті мәселелері хақында өлеңдер мен мақалалар жариялап, мерзімді баспасөз бетінде жиі көрінеді.
Ғұмар Қараштың 1919 жылы Ордада қазақ жазушы-ларын біріктіретін алғашқы одақ негізін салғанын айтсақ, өзі туып-өскен өңірден Қырқұдық аталатын ауыл шаруашы-лық артелін ұйымдастырып, қандастарын жаңа өмірге бейімдегенін еске алсақ, қысқа ғұмырында қыруар іс бітірген тұлғаның толайым бейнесін тани түсеміз.
Ғұмар Қараш 1875 жылы бұрынғы Бөкей ордасындағы Таловка қисымында №2 старшындықтағы Құрқұдық тұрағында дүниеге келген. Ол Қараштың алты ұлының үлкені деп жазады белгілі тарихшы Исатай Кенжәлиев өзінің Ғұмар Қараш атты кітабында. Бұл 1920 жылы көкек айында Ғұмардың өз қолымен жазылған Тіркеу карточкасынан алынған дерек. Бұл өңір қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданына қарайды.
Ғұмардың руы - Кіші жүз құрамына кіретін ноғай-қазақ. Оның ішінде қояс, одан Оразақай. Әйгілі Шәлгез жырау Тіленшіұлы Ғұмардың түп атасы делінеді. Ғұмар әкеден жастай жетім қалса да, ауқатты ағайындары арқасында қатарынан қалмай білім алған - әуелі ауыл молдасынан оқып, хат танып, сауат ашады. Кейін Ғұмар Жазықұлы, Ысмағұл Қашғари сияқты молдалардан, Жалпақтал (Фурманов) елді мекеніндегі Ғұбайдолла Ғалікеев хазіреттен дәріс алғаны айтылады. Исатай Кенжәлиев Ғұмарды жас кезінде сол өңірдегі 1 кластық орыс-қырғыз училищесінде оқуы да мүмкін дейді. Өйткені Ғұмардың жастайынан татар, орыс, араб, парсы тілдерін жетік меңгерген. Ғұмар Қараш атты кітап жазған зерттеуші Мақсат Тәж-Мұраттың еңбегін-де кейіпкеріміздің Уфадағы Ғалия медресесінде, тіпті Стамбұлда оқығандығы туралы деректер бар екенін ортаға салады. Алайда бұл мәліметтерді нақтылайтын тарихи құ-жат әзірге табылмаған.
И.Кенжәлиев Ғұмардың 17 жасынан-ақ молда болып, 1892-1898 жылдары туған жері Құрқұдықта бала оқытқанын айтады. 1902-1910 жылдары да өзі туып өскен ауылында, Тіленшісай, Борсы мекендерінде жәдитше (жаңаша) бала оқытқаны белгілі.
Ғұмар Қараш - қазақ тарихында өз орнын ала алмай келген тұлғаның бірі. Өйткені оның өмірі мен қоғамдық-саяси қызметі, шығармашылығы халқына адал еңбек етіп, болашаққа жөн сілтеп, өз ұлтын өркениетті елдер қатарына қосуға бағытталған. Туған халқының мүддесі үшін адал қызмет етіп, сол жолда құрбан болса да, ұзақ жылдар бойына ұлтына беймәлім болып келген Ғұмар Қараштың өмірі мен қоғамдық-саяси қызметін тарихи тұрғыдан зерттеу қазіргі заман қажет етіп отырған тың тақырып екендігін айғақтайды.Тақырыбымыздың тарихи-танымдық маңызы осындай өзектілігімен ерекшеленеді.
Мәселенің зерттелу деңгейі. Ғ. Қараштың өмірі мен қоғамдық-саяси қызметі, көзқарасы біртұтас кешенді ғылыми жеке тақырып ретінде арнайы зерттелмегенімен, әдебиет, заң саласындағы зерттеулерде белгілі дәрежеде ғылыми айналысқа енді. Олардың құндылығы ғұмырнамалық, әдеби, саяси құқықтық көзқарасы ғылыми ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz