Түркі тілдерінің классификациясы



1. Түркі тілдерінің жіктелуі.
2. Түркі тілдерінің классификациясын жасаудың маңызы. Жетістік.кемістіктері.
3. М.Қашқари "Диуани лұғат ат түрік" сөздігі.
4. Пайдаланылған әдебиеттер
Тілдерде туыстық жақтан жіктеме жасаудың тіл білімі үшін берері мол. Тілдердің туыстық белгісін анықтап, олардың қаншалықты алыс – жақын екендігін көрсетіп беретін салыстырмалы – тарихи зерттеулер екендігі белгілі.
Туыстас тілдердің материалдарын өзара салыстырып қарайтын болсақ, кей тілдер өте жақын туыстық қатынаста болып, ұқсастық белгілері айқын көрініп жатса, екінші бір тілдер арасында ондай ұқсастық аз болады, тіпті кейбіреулерінің туыстық қатынасын анықтау арнайы ғылыми даму жолында да, жеке тіл ретінде қалыптасу кезеңіне де, көрші тілдердің әсеріне де байланысты болады. Қазақ, қарақалпақ, ноғай тілдерінің ұқсас белгілері өте көп, олардың туыстығын дәлелдеп жатудың керегі де жоқ.
1. Ә.Қайдар, М.Оразов. Түркітануға кіріспе. Алм.: Арыс, 2004ж.
2. Отар Әлі Бүркіт. Түркітану.
3. Т.Қордабаев. Түркология және қазақ тіл білімі. Қарағанды: 1992 ж.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Филология факультеті

СӨЖ

Тақырыбы:
Түркі тілдерінің жіктелуі. Түркі тілдерінің классификациясын жасаудың маңызы. Жетістік-кемістіктері. М.Қашқари "Диуани лұғат ат түрік" сөздігі.

Орындаған: Рахымбек Моншақ
Топ: КЯ-413
Тексерген: Қ.Шаяхметұлы

2015 жыл

Жоспары:
1. Түркі тілдерінің жіктелуі.
2. Түркі тілдерінің классификациясын жасаудың маңызы. Жетістік-кемістіктері.
3. М.Қашқари "Диуани лұғат ат түрік" сөздігі.
4. Пайдаланылған әдебиеттер

Тілдерде туыстық жақтан жіктеме жасаудың тіл білімі үшін берері мол. Тілдердің туыстық белгісін анықтап, олардың қаншалықты алыс - жақын екендігін көрсетіп беретін салыстырмалы - тарихи зерттеулер екендігі белгілі.
Туыстас тілдердің материалдарын өзара салыстырып қарайтын болсақ, кей тілдер өте жақын туыстық қатынаста болып, ұқсастық белгілері айқын көрініп жатса, екінші бір тілдер арасында ондай ұқсастық аз болады, тіпті кейбіреулерінің туыстық қатынасын анықтау арнайы ғылыми даму жолында да, жеке тіл ретінде қалыптасу кезеңіне де, көрші тілдердің әсеріне де байланысты болады. Қазақ, қарақалпақ, ноғай тілдерінің ұқсас белгілері өте көп, олардың туыстығын дәлелдеп жатудың керегі де жоқ.
Түркі тілдері -- Шығыс Еуропадан, Сібір мен Батыс Қытайға дейінгі кең аумақта тұратын 180 млн. адамның ана тілі, 210 млн. адамның екінші тілі боп табылатын, көбі бір біріне өте жақын болған 40 тілден тұратын тілдер тобы. Түркі тілдер жанұясы Алтай тілдері әулетіне жатады. Қазақ тілі соның бірі боп табылады.
Көрнекті түркітанушы Н.А. Баскаков Түркі тілдері-нің фонет., граммат. ерекшеліктерін сол тілде сөйлейтін халықтардың тарихи даму, геогр. орналасу жағдайымен ұштастыра отырып, бұл тілдердің тарихын төмендегідей кезеңдерге бөледі:
1. ) алтай дәуірі;
2. ) ғұн дәуірі;
3. ) көне түркі дәуірі (5 - 6 ғ-лар);
4. ) орта түркі дәуірі немесе негізгі түркі тайпаларының қалыптасу кезеңі;
5. ) жаңа түркі дәуірі немесе түркі халықтарының қалыптасуы мен даму дәуірі (16 - 19 ғ-лар);
6. ) ең жаңа дәуір (20 ғ.) немесе түркі тілдерінің Қазан төңкерісіне дейінгі және одан кейінгі даму дәуірі.
Қазақстан мен Орта Азия тілдері түркі тілдерінің әр түрлі группасына жатады. Қазақ, қарақалпақ, қырғыз тілдері -- қыпшақ, өзбек, ұйғыр тілдері -- қарлұқ, түрікмен тілі -- оғұз группасына кіреді. Біз осы тілдерді салыстырып зерттеу арқылы қалған түркі тілдердің генетикалық байланысын да анықтауымыз киын емес. Өйткені бүл тілдер қалған түркі тілдерімен де тығыз байланыста болды. Көптеген тюркологтар түркі тілдерін бір-бірімен салыстырып зерттеу былай тұрсын, оны монғол, тұңғыс, маньчжур тілдерімен байланыста тексереді. Типологиялық жақтан бұл тілдер орал тілдерімен (угро-фин, самодий) бірігіп, Орал-Алтай тілдерінің үлкен группасын түзеді. (Бұған қосымша: Е. Д. Поливанов, Ғ. И. Рамстедттер корея тілін, Т. Винклер жапон тілін де қосуды ұсынған). Қазіргі түркі тілдері мен алтай тілдерінің генетикалық байланысын былай қойғанда, алтай тілі мен орал тілдерінің байланысы онан артық болмаса, кем емес деген пікірді айтады.
Түркі тілдерінің фонетикалық жүйесіне отырып, В.В.Радлов оларды: 1) шығыс тобы, 2) батыс тобы, 3) Орта Азия тобы және 4) оңтүстік тобы деп 4 топқа бөледі.
Бұл топтастыруда тілдердің орналасу мекен - жайы негізге алынса да, ол оларыдң фонетикалық белгілеріне сүйенген. Мысалы, шығыс тобы деп аталатын түркі тілдерінің тобына Сібірдегі түркі тілдері енген. В.В.Радлов шығыс тобына саха тілін қоспастан, оны жеке тіл ретінде қараған.
Батыс тобына автор Батыс Сібір татарларының , Еділ татарларының тілін, сондай - ақ қырғыз, қазақ, башқұрт тілдерін енгізген.
Солтүстік тобы. Түркі тілдерінің бұл тобына алтай ( ойрат), қырғыз, қарачай, қазақ, ноғай, татар, башқұрт, т.б. тілдерді енгізген. Бұл топтағы түркі тілдері тағ сөзінің соңыдағы ғ дыбысын у дыбысына алмастырып ( тау ), осының негізінде созылыңқы айтумен ерекшеленеді. Яғни тағ - тау - тоо ( қырғызша) - туу ( чувашша).
Батыс тобы. Түркі тілінің бұл тобына автор түрікмен, түрік, әзірбайжан, гагауз, т.б. тілдерді енгізген. Бұл топқа енген тілдер қосымша басындағы ғ дыьысын жоғалтқан ( қалан) болса да, сөз соңындағы ғ дыбысын ( тау орнына тағ ) сақтап қалған.
Шығыс тобы. Бұл топқа автор көне орхон, көне ұйғыр, шағатай, қыпшақ, қарағас, т.б. тілдерді қосады. Бұл тілдерде сөз соңында ғ дыбысы сақталып ( тағ ) , қосымшалары ғ - дан басталады ( қалған); сөз соңындағы қысаң дауыстылардан кейін де ғ қолданылады ( сарығ ).
Аралас топ. Бұл топқа автор жоғарыдағы тілдермен байланысы жоқ саха, чуваш және Орта Азиядағы халықтардың кей тілдерін жатқызған.
Түркі тілдерінің өзіндік ерекшелігін кеғңінен қамтуға әрекет еткен жіктемені А.Н.Самойлович жасады. Академик А.Н.Самойлович Радлов пен Корштың топқа бөлуін қостай отырып, оған азын - аулақ өзгеріс енгізді. Ол түркі тілдеріндегі алты ( тоғыз, аяқ, бол, тау , сары, қалған ) сөздің фонетикалық, морфологиялық белгісіне қарай отырып, оларды алты топқа бөледі.
Түркі тілдерін профессор В.А.Богородицкий олардың орналасқан географиялық орнына қарай бөлуді ұсынған. Ол түркі тілдерін 7 топқа бөледі. 1) солтүстік батыс тобы ( саха, тува, қарағас тілдері); 2) хакас тобы; 3) алтай тобы; 4) батыс Сібір тобы ; 5) Еділ және Орал бойындағы татар, башқұрт тілдерінің тобы; 6) Орта Азия тілдері; 7) Оңтүстік батыс тілдері. . [3.30 ]:
Түркі тілдеріне тарихи тұрғыдан топтау жасаған С.Е.Малов болатын. Ол түркі тілдерін көне элементтерді құрамына сақтауына қарай ең көне тіл, көне тіл, жаңа тіл және ең жаңа тіл деп 4 топқа бөлген.
1. Ең көне түркі тілдері: бұлғар, ұйғыр, чуваш. якут тілдері.
2. Көне түркі тілдері: оғыз, тофалар, тува, ұйғыр, хакас, шор.
3. Жаңа түркі тілдері: әзірбайжан, гагауз, құман, қыпшақ, печенек, половец, салар, түрік тілдері
4. Ең жаңа түркі тілдері: башқұрт, қазақ, қарақалпақ, қырғыз, құмық, ноғай, ойрат, чуваш, якут тілдері.
Б.Серебренников тілдерді жіктеуде лексикалық белгілердің де мәні ерекше. Бір топқа жататын тілдерде олардың барлығына ортақ сездер мол кездеседі. Сондықтан ондай ортақ сездердің сандық мелшерін, проценттік шамасын айқындау да тілдерді топқа дұрыс жіктеуге зор септігін тигізеді дейді. Ортақ сездердің сандық мелшеріне қарай түркі тілдерін 4 топқа бөлуге болады. Олар: 1) түрік, әзербайжан, гагауыз, түрікмен; 2)татар, башқүрт, қүмық, ноғай, балқар, өзбек, ұйғыр; 3)қазақ, қырғыз, 4) Тува, хакас, якут, чуваш
Туыстық жақындығы жағынан талас туғызбайтын, әбден шешілген тілдік топтар қатарына Б.Серебреннитав мыналарды жатқызады: 1)татар, башқұрт, 2) ұйғыр, өзбек, 3)түрікмен, әзербайжан, түрік, гагауыз 4) хакас, шор, 5) якут, чуваш. Ал қалғандарының 1) қазақ, ноғай, қарақалпак 2) Алтай, қырғыз 3) қараим, құмық, қарачай-балқар, қырым татары 4) тува, тофа тілдерінің туыстық шамас өлі де зерттей, айқындай түскен жөн дейді.
Талдағанда классификацияларда жеке түркі тілдерінің қай топқа жаткызылатыны жөнінде бірізділік жоқ. Мысалы, Қазақ тілі И.Березин ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түркі тілдерінің жіктелуі (классификациясы)
Түркі тілдерінің жіктелуі жайлы мәлімет
Түркі тілдерінің жіктелуі. Түркі тілдерінің классификациясын жасаудың маңызы. Жетістік-кемістіктері. М.Қашқари "Диуани лұғат ат түрік" сөздігі
Түркі тілдерінің зерттелу тарихы
Түркі тілдерін жіктеу тарихы мен болмысы
Н. А. Баскаков классификациясы. Түркі тілдерінің батыс және шығыс хұн саласы, оған кіретін негізгі тілдерге шолу жасау
Н.А.Баскаков классификациясы.В.В.Радлов және түркология
Түркі тілдерінің фонетикалық жүйесі
Н.А.Баскаков классификациясы. В.В.Радлов және түркология туралы
Түркология
Пәндер