Психикалық дағдарыс



Дағдырыс
Психикалық даму дағдарысы
Дағдарыс кезеңі
Пайдаланған әдебиеттер
Дағдырыс(кризис)–адам дамуындағы бір кезеңнен екінші кезеңге өту кезіндегі қиыншылықтар жиынтығы, сапалық және сандық өзгерістер.
"Дағдарыс" ұғымы қандай да болмасын құбылыстың деградацияға ұшырап өмір сүруі мен қызмет етуі мүмкін емес болатын ерекше күйін сипаттайды. Соңымен, "дағдарыс" ұғымы құбылыстың ішкі ерекшеліктерін бейнелейді: оның табиғи қызмет етуге және эволюцияға қабілетсіздігі, онда өзінің сапаларын, қасиеттерін сақтау мен өсіруге және өзінің негізгі мәнді сипаттамаларын сақтай отырып дамудың мейлінше жоғары сатысына көтерілу мүмкіндіктерінің болмауы. Әрине, дағдарыстың келтіріліп отырған түсіндірмесі тым жалпы бірақ шынайы өмірде кез келген құбылыс белгілі бір кезенде өзінің қайта құрылуы мен қирауы, жоғалуына бастайтын дағдарыстық сатыға өтеді.
1. Прихожан А. М. Тревожность у детей и подростков: психологическая природа и возрастная динамика. — М., 2010.
2. Психология возрастных кризисов: Хрестоматия/ Сост. К. В. Сельченок. - Минск: Харвест, 2003.
3. Абрамова Г С Возрастная психология / Г С Абрамова - М: Академ, проект, 2001
4. Леонтьев А.Н. Проблемы развития психики/ А.Н. Леонтьев. М.: 1981.
5. Полищук В М Возрастная и педагогическая психология / В М Полищук - Сумы, 2007

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университет

СӨЖ
Тақырыбы:Психикалық дағдарыс

Орындаған: Нурсадыкова Ж.М
Тексерген: аға оқытушы Абдуллина Г. К

Семей 2015

Дағдырыс(кризис) - адам дамуындағы бір кезеңнен екінші кезеңге өту кезіндегі қиыншылықтар жиынтығы, сапалық және сандық өзгерістер.
"Дағдарыс" ұғымы қандай да болмасын құбылыстың деградацияға ұшырап өмір сүруі мен қызмет етуі мүмкін емес болатын ерекше күйін сипаттайды. Соңымен, "дағдарыс" ұғымы құбылыстың ішкі ерекшеліктерін бейнелейді: оның табиғи қызмет етуге және эволюцияға қабілетсіздігі, онда өзінің сапаларын, қасиеттерін сақтау мен өсіруге және өзінің негізгі мәнді сипаттамаларын сақтай отырып дамудың мейлінше жоғары сатысына көтерілу мүмкіндіктерінің болмауы. Әрине, дағдарыстың келтіріліп отырған түсіндірмесі тым жалпы бірақ шынайы өмірде кез келген құбылыс белгілі бір кезенде өзінің қайта құрылуы мен қирауы, жоғалуына бастайтын дағдарыстық сатыға өтеді. Сондықтан дағдарыстан шығу жолы құбылыстың сапалы жаңаруында жатыр.
Бала өмірге келген кезде ең бірінші дағдарысы (кризис) туғаннан 1 жасқа дейін болады, екіншісі 7-8 жастағы кризис, содан кейін мүшел -- 12-13 жастағы, сосын 22-25 жаста күйзеліске ұшырауы мүмкін. Ата-аналар осыны жадынан шығармауы керек. Мысалы, баланың сыртқы пішіні әкесіне, болмаса анасына, атасына ұқсауы мүмкін, ал, жан-дүниесі олардан мүлдем басқа болады. Ата-аналар баласына ұрысып, қарсы шыққанша, реті келгенде қолдап, баламен кеңесіп те отырса артық емес. Мамандық таңдайтын кезде де оларды шектемеу керек. Сонда ғана баланың психологиясы дұрыс қалыптасады. Анасының жас нәрестесін емізгенінің өзінде үлкен мән жатыр. Мейірімін төгіп, қолымен құшақтап отырып емізген бала осы ана мейірімін, сүйіспеншілігін өмір бойы сезініп жүретін болады.
Психикалық даму дағдарысы осы уақытқа дейін баланың ересектер-мен қарым-қатынасы кезеңіндегі қиындықтармен мінез-құлық ауытқу-ларын, теріс қылықтарын сипаттайтын ұғым ретінде қарастырылып келеді. Мәселен "теріс қылықтарын көрінісін жұмсаратындай етіп, тәрбиені қалай құрса болады?" деген сұрақтар іздестіріледі. Ал психикалық дамуда дағдарыс рөлі қаншалықты екендігі аса көп зерттелінбеді.
Психикалық даму дағдарысын педагогика ғылымы тұрғысынан қарастыру бихевиористік бағыттағы балалар психологиясына да тән: "тәрбиенің жетімсіздігі салдарынан туындаған психикалық даму барысындағы ауытқулар". Бұған қарсы ТМД кеңестігінде, Л.С.Выготскийден дағдарыс дамудың ішкі аса қажетті кезеңі ретінде, сапалық секіріс ретінде қарастырылды .Соның нәтижесінде бала психикасы жаңа деңгейге көтеріледі. Ал дағдарыстың оған қылықтар арқылы көрінуі-бұдан ары қарайғы даму үшін тежегіш ретінде көрінетін баланың үлкендермен қарым-қатынасының бұрынғы жүйесінің күйреуі; яғни оң жағымды жаңа құрылымдардың "келесі беті".Баланың психикалық дамуы диалектикалық үрдіс. Ол біркелкі, тегіс өтпейді: ішкі қақтығыстардың пайда болуы мен шешілуі арқасында қауырт қайшылықты түрде жүреді.
Л.С.Выготскийдің пайымдауынша,психикалық дамудың жалпы заңдарын түсіну кілтін өтпелі кезеңдерді,яғни даму дағдарыстарын зерттеу береді. Себебі, Осы кезде бала психикасындағы сапалық қайта құрулар барынша айқын көрінеді.
Белгілі балалар психологы Е.Е.Кравцова 7 жас дағдарысының рөлін ерекше бағалайды:"баланың, бұған дейінгі барлық дамуының даярлығы нәтижесінде 7 жас дағдарысы пайда болады". Осы дағдарыстың өту нәтижесінде балалардың мектепке психологиялық даярлығы қалыптасады, (Д.Б.Эльконин,А.Л.Венгер).

Жеті жас дағдарысы балалар психологиясы мен педагогиялық психологияда шартты түрде белгіленген жас мөлшері. Дамудағы даралық ерекшелікке байланысты, осы шамадағы дағдарыс кезеңі баланын, тура жеті жасында өтуі мүмкін. Сондай-ақ, алтыдан аса бере, немесе сегіз жасқа таяу уақытта да басталуы кәдік. Бірақ, бір жағдайы анық Жол-7жас шамасындағы дағдарыстың мектеп жасына дейінгі балалық шақ пен мектептік кезең аралығындағы шекара іспеттес екендігі.
6-7 жасар бала қоғамдық қатынастар әлеміндегі өз орнын түсіне бастайды. Ол өзі үшін жаңа әлеуметтік қатынастың мәнін ашады. Бұл үлкендер аса жоғары бағалайтын оқу әрекетімен байланысты, оқушылық қатынас.Осы жаңа орынды иелену тілегі қай кезде басталса да, баланың ішкі бағытының қалыптасуы оның өзіндік санасын түбегейлі өзгеріске ұшыратады. Л.И .Божовичтің пікірінше, 7-жас дағдарысы баланың әлеуметтік"Менінің" қалыптасу кезеңі. Өзіндік сананың өзгеруі-құндылықтар сипатының өзгеруіне әкеліп соғады. Бұрын аса жағдайлар қазір қосалқылық роль атқарып қалады.
Дағдарыс кезеңі біртіндеп өтіп, жеті жастағы балада жаңа құрылымдар қалыптаса бастайды. Олар: көңіл-күйін тұрақтандыраалу іскерлігі, қызығушылықтарының артуы, үлкендермен және құрдастарымен қарым-қатынасының ерікті сипатқа ие болуы. Бала қоғамдық өмірге кірісуге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психологиялық дағдарыс
Дағдарыс жағдайларындағы психикалық өзгерістер жайлы
Дағдарыстық күйлер және посттравмалық бұзылыстар туралы мәлімет
Жас кезеңдерге бөлу теориялары. Дағдарыстар
Психикалық дағдарыс туралы
Психология ғылымындағы жеткіншек шақ туралы ғалымдардың теориялары.
Мектеп алды кезеңдегі дағдарыс
Бала психологиясы туралы
Балалық шақ кезеңіндегі балалардың психологиялық дағдарыс мәселелері
Баланы мектепке даярлаудың психологиялық ерекшеліктері
Пәндер