Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық себептері мен формалары туралы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СОӨЖ
Тақырыбы: Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық себептері мен формалары
Орындаған:Исабаева А. А
Топ:ВС-403
Тексерген:Қуантқан Биболат
Семей 2015 жыл
Жоспар
Ι Кіріспе
- Жұмыссыздық түсінігі
ΙΙ Негізгі бөлім
- Қазақстандағы жұмыссыздықтың себептері
ΙΙΙ Қорытынды
ΙV Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Қашанда өзекті мәселелердің бірі жұмыссыздық - еңбек нарығының бөлінбес элементі . Дегенмен, экономиканың тұрақтылығы еңбек нарығында жұмысқа деген сұранысты тудырады . Жылдан - жылға жұмыссыздық деңгейі әр қилы болып келеді . Бір жылы жұмыссыздық деңгейі жоғары болса, келесі жылы төмен болады . Бұған себеп не ? Бұл мәселеде көптеген себептерді алға тартуға болады . Ол :мемлекеттің экономикалық деңгейі, халқымыздың әлеуметтік жағдайы, білім деңгейі, инфляция, жұмыс орындарының аздығы немесе жұмысшыларға қойылатын талаптардың жоғарылығы, қатаңдығы, тіптен еңдек шартының өзі де жұмыссыздықтың туындауына әсер етпек .
Қазіргі таңда жоғары білімі бар немесе жоғары оқу орнын тамамдап, өз мамандығы бойынща қызметтерге орналаса алмай жүрген азаматтар қаншщама . Бәрінен де күрделі жағдайға келіп тірелетін оқу орнын жаңа бітірген жас мамандар . Өз мамандықтары бойынша жұмысқа орналасқан болса, бұрын соңды жұмыс істеген өтілі қажет етіледі . Осыдан барып адамдардың ағайын - туыс, жора - жолдас арқылы пара беру көмегімен жұмысқа орналасу жолдары пайда болады .
Басқа қаладан немесе ауылды жерлерден келгендері жұмыс таба алмаса өз жерлеріне қайтып, бірнеше жыл бойы оқып, ауыр еңбекпен алған дипломдары жарамсыз болып қалады . Ал енді біреулері өз мамандықтары болмаса басқа жұмыстарға орналсып, өлместің күнін көреді . Осыдан барып жоғары арнайы мамандығы бар жастардың мейрамханаларда,
автокөлік жуу, тағы сол сияқты жерлерде жұмыс істеп жатқандары жиі кездесті .
Нарық жағдайындағы күрделі мәселелердің бірі жастардың еңбек нарығына тез қалыптаса алмауы . Жалпы жұмыссыздық деңгейінің азаюына қарамастан, кейбір мәселелер шешімін таба алмай отыр .
Жұмыссыздық әр мемлекетте бар және нарықта белгілі бір көлемде болып табады . Жұмыссыздықтың шамадан тыс болуы халықтың әл - ауқатына кері әсерін тигізері хақ . Ал бұл жағдай мемлекеттің араласуын талап етеді .
Жұмыссыздықтың мынадай саналуан түрлері болады: жасырын, фрикциондық, маусымдық, құрылымдық, техналогиялық және т. б .
Жасырын жұмыссыздық - Өндіріс пен мемлекеттік аппаратта артық жұмыскерлерді қолданған жағдайда орын алады . Шын мәнінде, олардыңжұмысына аз ғана жұмыс күшімен орындауға болады .
Фрикциондық жұмыссыздық -еңбек нарығында бос жұмыс күші туралы ақпарат жорқтығының нәтижесінде болады .
Маусымдық жұмыссыздық - ауыл шаруашылығының кейбір салалағында,
әсіресе қайта өңдеу өнеркәсібінде жұмыс күші тек маусымдық кезеңдері қолданылғанда болады .
Құрылымдық жұмыссыздық - өндіріс қуатының жетіспеуінің нәтижесінде,
сондай - ақ жынысының, жасының, ұлтының, мамандығының және басқа жеке қасиеттерінің ерекшеліктеріне байланысты жұмыс таба алмаған жағдайда болуы мүмкін .
Техналогиялық немесе өтпелі жұмыссыздық адамдарды машинамен ауыстру нәтижесінде болады, ол жұмыскерден кәсібін өзгертуді немесе мамандықта игеруді қажет етеді .
Жұмыс істейтіндер өндіріс тауарлары мен көрсетілген қызмет түрлеріне байланысты жұмыстарды атқарады, ал жұмыссыздар атқармайды, осыған байланысты жұмыссыздық деңгейінің жоғарылауы нақты ЖҰӨ көлемінің төмеңдеуіне әсерін тигізеді . Бұл жұмыссыздық деңгейі мен ЖҰӨ көлемі арсындағы жағымсыз тәуелділік, бірінші болып осы тәуелділікті зерттеуші, экономист Артур Оукеннің есімімен Оукен заңы деп аталады .
Енбек нарығы бұл нарықтың ерекше түрі, онда жұмыс күші тауарын сату және сатып алу жүзеге асады . Осы жерде оның құны мен жалдану жағдайы бағаланады . Еңбек нарығы - экономикаға жағдай көрсетудің айнасы, тұрғындарды жұмыспен қамту көлемі мен динамикасын,
жұмыссыздықтың сала бойынша, кәсіби біліктілік, демографиялық және басқада көрсеткіштерінің құрылымын байқатады . Осы құбылыстар АҚШ тағы еңбек рыногында айқын көрінеді . Осындағы салалық құрылымда екі тенденция байқалады : ауыл шаруашылығымен айналысатындар санының тез қысқаруы және олардың қызмет көрсету саясатында артуы . Себебі бұл сала бойынша ұлғая түсті және ол қоғамдық еңбекті қолданатын басты салаға айналды .
Жұмыссыздық мәселесін шешуде ерекше орынды еңбек биржалары ( тұрғындарды жұмыспен қамту орталығы ) алады . Еңбек биржасы - бұл тұрақты негізде қызмет жасайтын мекеме, мұнда еңбекті жалдау кезінде жұмыскер мен кәсіпкер арасындағы делдалдық іс - әрекет жүзеге асады
Қазақстан Республикасы ˝ Тұрғындарды жұмыспен қамту туралы ˝ жұмыссыздығы үшін олардың, негізгі жалақысының 50 % - нан төмен емес мөлшерде кепілдікпен ақы белгіленді . Ол төлем республикадағы қалыптасқан жағдайға, күн көру деңгейімен төмен болмауы қажет . Салыстыру үшін жұмыссыздық бойынша ақы мөлшерін келтірейік : АҚШ - да жалақының 50 % - ын құрайды, Жапонияда жұмыссыздардың жас ерекшелігі мен басқада көрсеткіштеріне байланысты 3 - 12 айдың жалақысының - 60 - 80 % құрады, Францияда - 1 - 2, 5 жылдағы жалақының 42 % - ын құрап, қосымша күніне 40 франк төленеді, ал 3 жыл бойы ерекше ақы төленеді . Ұлыбританияда 52 апта бойы 28, 5 фунт стерлинг төлейді . Жұмыс істейтіндердің жалақысынан шегеріліп, сол жиналған соммалардан арнайы қор пар құрылады .
Қалай десек те, жұмыссыздық дерті - ауыр дерт . Осыншама жастарымыздың жұмыссыз болып, олардың арасында нашақорлық, түрлі қылмыс көбейе түскендігіне түк тандануға болмайды .
Негізгі бөлім
Жұмыссыздық - бұл жұмыс істегісі келетін еңбекке жарамды халықтың өндірісте жұмыспен қамтылмауы. Жұмыспен қамтылмау өндірістің тиімділігін арттыруы, сонымен бірге жұмысшы күшінің бір бөлігін жұмыстан босатуға мүмкіндік жасайтын немесе оның құрылымына, сапасына жаңа талаптар қоятын ғылыми - техникалық прогресстің салдары болуы мүмкін. Нарықтың экономикада жұмыссыздық дағдарыстар кезінде көбейеді. Нарық жоқ жағдайда жұмыссыздықтың көбею себебі мемлекеттің өндіргіш күштерді орналыстырудағы бұрыс құрылымдық саясаты болуы мүмкін.
Жұмыссыздық - құбылыс, жұмысқа қабілетті адамдардың тұрақты немесе уақытша жұмыс істемейтін бөлігі.
Жұмыссыздық нарықтық экономикада типтілік құбылыс. Себебі, жұмыс күшіне сұраным, оны сатып алуға жұмсалатын капитал көлеміне тәуелді. Сондықтан капитал көлемінің азаюы, жұмыс күшіне деген сұранысты төмендетеді. Мұндай жағдай, нарықтық экономикадағы қорлану заңының іс-әрекетінің нәтижесі объективтік заңдылық. Осы заңның нәтижесінде қосымша жұмыс күшін өндіріске тарту жай жүреді және капиталдың органикалық құрылымының өсуінің әсерімен өндірістегі жұмысшылар қысқарады - нәтижесінде жұмыссыздар армиясы пайда болады.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғанына 23 жыл болып қалды. Алайда Қазақстанның бірінші күндерінде алдынан шыққан мәселелер әлі де толық жетілген жоқ. Сондай мәселелердің бірі жұмыссыздық болып табылады. Жұмыссыздық дегеніміз - әлеуметтік - психологиялық құбылыс, осы құбылыс кезінде елдің экономикалық белсенді халқының бір бөлігі біршама уақыт не тұрақты жұмыссыз немесе жалақысыз болады. Соңғы жылдары жұмыссыздық халықтың қалың топтарын қамтуда және барған сайын ұлғайып келеді. Оның деңгейі ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ-ОЭСР) кіретін елдердің барлығында дерлік өсу үстінде. Тіпті экономикалық өсудің жоғары қарқындары белгіленген дамушы елдердің көпшілігі халық санының өсуінен қалып қоймаулары үшін біршама жылдам қарқындармен жұмыспен қамтуды ұлғайту мәселесін әрең игеріп отыр. Шығыс Еуропа және ТМД елдерінде кепілденген және толық жұмыспен қамтылуға ұзақ жылдар бойы дағдыланып қалған адамдар, кенеттен мемлекеттік секторды қайта құру мен жеке секторда жұмыс орындарын ашудың баяу қарқындары себебінен жұмыспен қамтылу кепілдігінен айырылып, жұмыссыздықтың өсу проблемасын бастан кешірді. Тіпті экономикасы өрлеу үстіндегі елдерде де жалақы деңгейінің төмендеуі байқалады [1] .
Жұмыссыздық - әлеуметтік жетістіктерінің адам дамуына ықпалын азайтатын құбылыс. Біріншіден, ол адамдар мен үй шаруашылықтарының белгілі бір бөлігін (кейде едәуір көлемін) экономикалық әрекет жағдай жасайтын мүмкіндіктерге қол жеткізуден айырады. Олар үшін адам даму жағдайлары едәуір нашарлайды. Екіншіден, жұмыссыздық (әсіресе, ұзақ мерзімді, тоқыраулы) еңбек дағдыларын жоғалтуға, яғни жинақталған адам капиталынан айырылуға ұшыратады және осылайша ол адам дамуына теріс ықпалын тигізеді. Үшіншіден, жұмыссыздық тек жеке адамдардың ғана емес, сонымен бірге жұмыссыздардың әл-ауқатының деңгейін қолдауға, мемлекеттердің жұмыспен қамту жөніндегі түрлі бағдарламаларын іске асыруға байланысты елеулі әлеуметтік шығындарға ұшыратады, ал мұндай жағдай адам дамуына анағұрлым тиімді бағытталуы мүмкін ресурстарды қоғамнан оқшауландырады. Жұмыссыздық құбылысы қоғам үшін қазыналық жоғары шығындарды, адам капиталынан айырылуды, әлеуметтік саралардың күшеюін, жастар проблемасының шиеленісуін білдіреді [2] .
Осы мақсатқа жетуде келесідей міндеттер қойылады:
1. Жұмыссыздықтың мәні мен пайда болу себептерін анықтау;
2. Жұмыссыздықты еңбек рыногының элементі ретінде қарастыру және жан-жақты талдау;
3. Жұмыссыздықтың түрлері мен олардың психологиялық ерекшеліктерін қарастыру;
4. Қазақстандағы жұмыссыздық мәселесінің жалпы жағдайын, жұмыссыздық деңгейін, олардың өзіндік ерекшеліктерін қарастыру;
5. Еліміз тарапынынан жұмыссыздықпен күресудің негізгі шараларын және әлеуметтік саясаттың негізгі бағыттарын айқындау.
Жұмыссыздықты жою, жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында түрлі бағдарламалар қабылданып, соларды жүзеге асыру негізінде елдегі жұмыссыздар саны біршама азайып келеді. Жұмыссыздық - бұл жұмыс істегісі келетін еңбекке жарамды халықтың өндірісте жұмыспен қамтылмауы. Жұмыспен қамтылмау өндірістің тиімділігін арттыруы, сонымен бірге жұмысшы күшінің бір бөлігін жұмыстан босатуға мүмкіндік жасайтын немесе оның құрылымына, сапасына жаңа талаптар қоятын ғылыми - техникалық прогресстің салдары болуы мүмкін. Жұмыссыздық - құбылыс, жұмысқа қабілетті адамдардың тұрақты немесе уақытша жұмыс істемейтін бөлігі. Жұмыссыздық әлемдегі орталық проблеммалардың бірі болып табылады. Және де ол бір жүйеден екіншісіне өтетін елдерде кең байқалады. Мысалға мұндай процес Қазақстанда жүріп жатыр. Ол өзімен бірге бірқатар жаңа проблемаларды алып келеді. Сонымен қатар жұмыссыздық проблеммасы адамдармен тығыз-байланысты және соларға тікелей әсер етеді. Жұмысынан айрылу олардың табысының азаюына, өмір сүру деңгейінің төмендеуіне, сонымен қатар психологиялық стреске алып келеді. Осы себепті көптеген саясат адамдары өзінің сайлауалды компанияларында жұмыс орындарын жасауға көп көңіл бөледі. Жұмыссыздықты зерттеу олардың пайда болу себептерін аныктайды, мемлекеттің тарапынан шараларды анықтайды. Бірақ сонымен қатар көптеген экономистердің ойынша жұмыссыздық қажет нәрсе, оны зұлымдық ретінде қарастыруға болмайды. Өйткені жұмыссыздықтың ең маңызды пайдалы жақтарына оның сапалы еңбекті, бәсекені туындыратыны болса керек.
Жұмыссыздықтың негізгі себептері:
Неоклассикалық теория. Жұмысшылардың табыспен келіспеуі, төмен жалақымен жұмыс істеуден бас тарту. Кейнтік теория. Жұмыс бастылық жиынтық ұсынысқа, тұтыну бейімділігіне және инвестициялар көлеміне байланысты.
Маркстік теория. Қорланған капиталдың қажетті нәтижесінде, жанды еңбекте машина мен жабдықтарға қарағанда аз өседі.
Қазіргі замандағы жұмыссыздықтың сипаттына бірнеше факторлар ықпал етеді:
Ғылыми - техникалық прогресс; •
Психологиялық және әлеуметтік негіздері; •
Сыртқы экономикалық бәсекелестің күрт күшеюі. •
Мұндай жағдайларда еңбек нарығы мынаған міндетті:
1. Өте жоғарғы жинақылыққа жетуге (кәсіпойлық, біліктілік, аймақтық және халықаралық көзқарастар аясында)
2. Үлкен икемділікке барып, қазіргі заманғы жағдайларға сай өте үлкен бейімділік танытуға. Өнеркәсібі дамыған елдердегі жұмыссыздықтың себептерін талдай отырып, шетел авторлары олардың жекелеген түрлерін тудыратын нақты факторларын қарастырады. Мысалы, АҚШ Конгресі экономикалық статистика бойынша комиссиясының жүргізген зерттеуі, жұмыссыздықтың 70 түрін атаған. Олардың әрқайсысының өзінің ерекше себептері бар. Барлық жұмыссыздықтың түрлерін негізінен екі топқа жіктеп қарайды. Жұмыссыздықтың бірінші тобына - «жиынтық сұранымның жеткіліксіздігінен» туындауын жатқызады, алдыменен циклдық жұмыссыздықты айтамыз. Жұмыссыздықтың екінші тобына - «жиынтық сұраным өзгерісімен байланысты емес фрикциондық, құрылымдық, технологиялық және басқа түрлерін» жатқызамыз. Жұмыссыздық психологияда типтілік құбылыс. Себебі, жұмыс күшіне сұраным, оны сатып алуға жұмсалатын капитал көлеміне тәуелді. Сондықтан капитал көлемінің азаюы, жұмыс күшіне деген сұранысты төмендетеді. Осы заңның нәтижесінде қосымша жұмыс күшін өндіріске тарту жай жүреді және капиталдың органикалық құрылымының өсуінің әсерімен өндірістегі жұмысшылар қысқарады - нәтижесінде жұмыссыздар армиясы пайда болады [4] . Кез келген жұмыссыздықтың болуы - қоғам үшін ең ауыр психологиялық және әлеуметтік сілкініс. Батыс ғалымдарының пікірі бойынша, адамды жұмыссыз деп есептегенде, ол тек жұмыстан айырылып қана қоймай, өзінің абыройын да жоғалтады. Шетелде жұмыстан айырылуды психологиялық зақым ретінде бағалап, тек ең жақын туысқаны қайтыс болғанда алатын стресс деңгейінде қаралады. Жұмыссыздық оның деңгейімен өлшенеді. Жұмыссыздық деңгейі - жұмыссыздар санының жұмысқа қабілеттер санындағы үлес салмағы. Жұмыссыздық деңгейі жұмыспен толық қамтылғанда “жұмыссыздықтың табиғи деңгейі” деп атайды.
Жұмыссыздық деңгейі психологиялық жағдайының негізгі көрсеткіштерінің бірі, бірақ оны тура көрсеткіш деп толық айтуға болмайды. Себебі, ресми статистикада, кім жұмыссыздыққа байланысты көмек алады, соларды ғана есептейді.
Жұмыссыздық деңгейін есептеу төмендегідей формуламен анықталады:
ЖД = ЖС/ЖК* 100%
Мұндағы: ЖД - жұмыссыздық деңгейі;
ЖС - жұмыссыздар саны;
ЖК - жұмыс күшінің саны;
Жұмыссыздық деңгейі оның нормасымен сипатталады. Оның нормасымен жұмыссыздықтың жалпы санының жұмыс күші санына қатынасымен пайыз түрінде есептеледі.
Жұмыссыздықтың психологиялық және әлеуметтік салдары:
1. ЖҰӨ-нің көлемі қоғамның өзінің бар потенциалды мүмкіншілігін пайдаланғандағы көлемімен салыстырғанда төмендеуіне әкеліп соғады.
2. Халықтың әр түрлі топтарының арасында жұмыссыздық шығыны бірдей бөлінбеуіне соқтырады.
3. Жұмысшылар мамандығын төмендетіп (ескіреді), тіпті айырылып тақалады.
Жалпы жұмыссыздық мәселелерін шешуде психологияға мемлекеттің араласуы қажет. Мемлекет жұмыссыздықты реттеуді негізінен төрт бағытта жүргізеді.
1. Жұмыссыздарды жұмыспен қамту, оларға мамандығын жоғалтпау үшін еңбек биржасы арқылы кәсіби дайындықтардан және қайта дайындаудан өткізуге көмек көрсету.
2. Әрбір әлеуметтік топтардың (әйелдер, зейнеткерлер, жастар) ерекшеліктерін толық есептеу үшін икемді еңбек нарығын қалыптастырып, оны осы жұмыстарды жүргізу үшін ынталандыру.
3. Еңбек қатынасын құқықтық қамтамасыз ету.
4. Жұмыссыздық зардабын шеккен адамдарды әлеуметтік қорғау [5] .
Кез келген жұмыссыздың деңгейімен байланыста болатын экономикалық зиянды анықтау үшін, әлемдік практикада Оукен заңы қолданылады. Бұл заң американ экономисі Артур Оукеннің (1724-1780 ж. ж. ) есімімен аталған. Осы заң математикалық тұрғыдан жұмыссыздық деңгейі мен жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) көлемінің төмендеуі арасындағы байланысты көрсетеді. Егер жұмыссыздықтың сандық деңгейі табиғи деңгейден 1%- ға асса, онда ЖҰӨ көлемінің төмендеуі 2, 5% құрайды. Осы 2, 5 санымыз - Оукен коэффициенті болып табылады. Мына 1:2, 5 қатынасы, бұл жұмыссыздықтың ЖҰӨ көлемінің төмендеуіне қатынасы болып табылады және жұмыссыздықпен байланысты өнімнің абсолюттік зиянын анықтауға көмектеседі. Мысалы, жылына (1983 ж) жұмыссыздық деңгейінің төмендеуі 9, 5% немесе 3, 5 % - ке жетті, артық ұйғарудың табиғи деңгейі 6%. Осы 3, 5% санын Оукен коэффициентіне (2, 5) көбейтсек, онда 1983ж. ЖҰӨ көлемінің төмендеуі 8, 75% құрайды. Басқа сөзбен айтқанда, егер де 1983 ж. Жұмыссыздық деңгейі толық қамтамасыз етілсе, ЖҰӨ нақтыға қарағанда 8, 75% - тен көп болар еді.
Жұмыссыздықтың теориялары ( Дж. Кейнс, К. Маркс) . Жұмыссыздық экономикалық теорияның бұрынғы және қазіргі тарихындағы ең өткір мәселелердің бірі. Мысалы, мальтузиандық теория жұмыссыздықтың пайда болуын түрғындардың тым артып кетуінен түсіндіреді. Кейнстік теория бұл құбылысты рыноктық сұраныстың жетіспегендігімен түсіндіреді, еркін кәсіпкерлік мектебінің геориясы жұмыссыздық жалақы деңгейінің жоғарылауымен туындайтынын айтады, яғни ол еркін болып табылады.
К. Маркстің қорлану теориясы мен қазіргі технологиялық теория жұмыссыздықтың болуын біріншіден - капиталдың қорлануымен, екіншіден, - техника прогресімен болатындығын айтады.
Мальтузиандық теорияны ағылшын экономисі Томас Роберт Мальтус (1766-1934) жасаған. Ол 1798 жылы «Халық саны туралы заңның тәжірибесі» кітабын шығарған. Онда ол былай деп жазған: «Жер шарындағы тұрғындар теометриялық прогрессиямен өседі; ал өмір сүру жабдығы тек арифметикалық прогрессиямен өседі; яғни әрбір 25 жылда екі есе өседі; ал өмір сүру жабдығы тек арифметикалык прогрессиямен өседі: халық саны - 1, 2, 4, 8, 16, 32 ж. т. б. ». Ол халық санының және өмір сүру әдісінің өсу каркыны жоғарыдағы көрсетілген есеппен салыстыра отырып мынандай қортындыға келген: тұрғындардың жоғары қарқынмен өсуі кайыршылық пен жұмыссыздықтың себеп салдары болып табылады. Мысалы, жаңа зеландиялық экономист Олбен Филлипс (1914 ж. ) осы тәуелділікті математикалық тілде қисық түрінде көрсетіп, кейінірек ал «Филлипс қисығы» аталды (1суретте көрсетілген) .
Сурет 1. Филлипс қисығы.
Қазірде жұмыспен қамту саласында, өндіріске қажетті жұмыс күші мен олардың жұмыстың жағдайында қоятын талабы арасында елеулі қайшылықтар бар. Оның шиеленісуі кадрлардың тұрақсыздығынан көрінеді. Миллиондаған адамдар, өздерінің экономикалық және әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында жұмыс орнын ауыстырам деп біраз уақыт жұмыссыз қалады. Ол көбінесе 2 айдан 6 айға дейіңн созылады. Сонымен бірге миллиондаған дипломы бар мамандар да ондай дайындық деңгейін талап етпейтін қызметтерде жұмыс жасайды, ал бұл құрылымдық, яки салалық жұмыссыздықтың орын алып отырғанын көрсетеді. Көріну сипаты жағынан жасырын және ашық жұмыссыздық түрлерін ажыратады. Жасырын жұмыссыздыққа - берілген уақыт кезінде экономикалық белсенді халық санына кірмейтін адамдар жатады. Алайда, егер де ұсынылған жұмыс олар үшін қолайлы келсе, жұмыс күші қатарына қосылуға даяр. Ашық жұмыссыздыққа - жұмыс істмейтін, бірақ еңбек қатынасы кәсіпорынмен ресми түрде үзілмеген (осы себепті жұмыс істеушілер қатарында болып есептелінеді) және мөлшерленген жұмыс уақытында (күн, апта) жартылай жұмыс істейтін адамдар жатады.
Жұмыссыздықтың түрлері:
1. Жасырын жұмыссыздық - өндірісте және мемлекеттік аппаратта артық жұмысшылардың қолданылуы. Қазіргі болмыста олардың жұмыстарын аз жұмыс күшімен атқаруға болады.
2. Фрикциондық жұмыссыздық (лат. үйкеліс) - адамдар бір жұмыстан басқа жұмысқа, бір жерден басқа жерге жұмыс ізденумен ауысуын айтамыз.
3. Маусымдык жұмыссыздык - жұмыс күшінің тек маусымдық кезенде жұмыс жасауы, бұл кейбір ауыл шаурашылығы өндірісі саласында кездеседі, әсіресе қайта өндеу өнеркәсібінде т. б.
4. Құрылымдық жұмыссыздық - өндірістік қуаттың жетіспеуінің нәтижесінде болады: жеке саланың дамуының кері пропорционалды болуынан және ескі саланы жабу мен жаңа саланы дамытудың нәтижесі ретінде қараймыз.
5. Технологиялық жұмыссыздық - адамдарды машинамен ауыстырудың нәтижесі, білікгілікгі өзгертуді немесе басқа мамандықгы игеруді талап етеді
6. Циклдық жұмыссыздық - өндірістің құлдырауынан туындайды, яғни экономикалық циклдың осы фазасымен байланысты.
Жұмыссыздық психологиялық тұрғыдан алып қарағанда бірнеше топтарға жіктеледі. Әдетте, жұмыссыздықтың амалсыз және еркін түрлері ажыратылады. Амалсыз жұмыссыздықта адам берілген жалақы деңгейінде жұмыс істегісі келеді және ол қолынан келеді, бірақ оған жұмыс табылмайды. Еркін жұмыссыздықта (кейде күту жұмыссыздығы деп аталынады) адам жұмыс таба алар еді, бірақ жұмыс істемегенді қалап, айлығы ұсынылған жалақыдан жоғары жұмыс орнын іздеуді жалғастырады. Жұсыссыздық ұзақ және қысқа мерзімді болуы мүмкін. Ұзақ мерзімді циклдық және құрылымдық, ал қысқа мерзімдікке - маусымдық және фрикциондық жұмыссыздық жатады. Ал халықаралық тәжиребеде бұл жәйтті толық жұмыс істеушілік деп атайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz