Органдар биохимиясы ІІ



1)Бауыр
І. Бауырдың атқаратын қызметі;
ІІ.Бауырда майдың жиналуы;
2)Бүйрек және зәр шығару жүйесі
І. Бүйректің қызметі;
ІІ.Бүйректе тастардың пайда болуы;
ІІІ. Зәрдің химиялық құрамы;
ІV.Зәрдің түзілуі;
3)Жалғастырушы ұлпа
І. Жалғастырушы ұлпа фибробластары;
ІІ.Қызметтері;
4)Тері
І. Терінің қызметі;
ІІ.Тері қабаттары;
Бауыр- ең үлкен ас қорыту безі. Омыртқасыз жануарларда бауыр ас қорыту және қоректі сіңіру процестеріне қатынасады, сондай-ақ, онда май, көмірсу жиналады. Омыртқасыздардың бауырын кейде бауыр-ұйқы безі деп те атайды, себебі ол омыртқалы жануарлар мен адамның ұйқы безі бөлінетін затқа ұқсас секрет (бездердің бөліп шығаратын заты) шығарады. Омыртқалы жануарлар мен адамда бауыр — күрделі орган, ол организмдегі зат алмасу процесіне қатысады әрі онда ас қорыту сөлдерінің бірі - өт түзіледі. Оның ересек адамдардағы орташа салмағы 1,5 - 2 кг. Бауыр іш қуысының оң жақ жоғарғы бөлігіне орналасқан. Бауырдың көк етке жанасып жататын жоғарғы дөңес, төменгі ішкі (висцеральдық) беттері бар.
1.Сапаров Қ.Ә., Цитология және гистология., Оқу құралы.— Алматы: Қазақ университеті, 2009. — 128 бет.
2.Сейітов.З., Биохимиялық химия., - Алматы: Қазақ университеті, 2012.
3. Биологическая химия/под ред. Н.И. Ковалевской.-М.: Академия, 2009.-255бет

Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
ҚР Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ
Тақырыбы: Органдар биохимиясы ІІ

Орындаған: Нұрбекова М.
Группа: БТ - 407
Тексерген: Кайрханов К.К.

Семей 2015
Жоспар:
1)Бауыр
І. Бауырдың атқаратын қызметі;
ІІ.Бауырда майдың жиналуы;
2)Бүйрек және зәр шығару жүйесі
І. Бүйректің қызметі;
ІІ.Бүйректе тастардың пайда болуы;
ІІІ. Зәрдің химиялық құрамы;
ІV.Зәрдің түзілуі;
3)Жалғастырушы ұлпа
І. Жалғастырушы ұлпа фибробластары;
ІІ.Қызметтері;
4)Тері
І. Терінің қызметі;
ІІ.Тері қабаттары;

Бауыр- ең үлкен ас қорыту безі. Омыртқасыз жануарларда бауыр ас қорыту және қоректі сіңіру процестеріне қатынасады, сондай-ақ, онда май, көмірсу жиналады. Омыртқасыздардың бауырын кейде бауыр-ұйқы безі деп те атайды, себебі ол омыртқалы жануарлар мен адамның ұйқы безі бөлінетін затқа ұқсас секрет (бездердің бөліп шығаратын заты) шығарады. Омыртқалы жануарлар мен адамда бауыр -- күрделі орган, ол организмдегі зат алмасу процесіне қатысады әрі онда ас қорыту сөлдерінің бірі - өт түзіледі. Оның ересек адамдардағы орташа салмағы 1,5 - 2 кг. Бауыр іш қуысының оң жақ жоғарғы бөлігіне орналасқан. Бауырдың көк етке жанасып жататын жоғарғы дөңес, төменгі ішкі (висцеральдық) беттері бар. Бұлар бауырды оң(үлкен) және сол(кіші) бөліктерге бөледі. Бауырдың бетінің ортасында бауыр қақпасы деп аталатын көлденең ойық болады. Ол арқылы бауырға артерия, қақпалық вена тамырлары, жүйке талшықтары өтеді де, одан лимфа тамырлары мен өт түтігі шығады. Бауыр қақпасының алдыңғы жағында өт қуығы жатады. Бауыр қорғаныш қызметін де атқарады, яғни тамақ құрамында болып, ішекте сіңірілген зиянды заттар мен белок алмасуының нәтижесінде түзілетін қанның құрамындағы улы өнімдер Бауырда зарарсыздандырылады. Бауырдың лимфа түзілудегі, қан ұюын реттеудегі және қанның тұрақты құрамын сақтаудағы маңызы зор. Бауырда қанмен келген амин қышқылдарынан белоктар, глюкоза, фруктоза, глицерин, май қышқылы түзіледі, сондай-ақ, қандағы көмірсулар бауырда гликогенге айналады. Бауырдағы зат алмасу процестері әр түрлі ферменттердің қатысуымен жүреді, оны жүйке жүйесі мен түрлі гормондар реттеп отырады.
Құрамында 70-73% су, 2 -- 4 % май, 17 -- 18% ақуыз, оның ішінде ауыстырылмайтын түрлері болады. Бауырда көптеген В тобының витаминдері және А, Д, Е витаминдері де бар. Сонымен бірге бауырда көптеген ферменттер, экстрактивті заттар және темір, фосфор көп. Майдаланған, пісірілген бауыр өзіне майды жақсы сіңіреді. Бауырды алдымен өтінен бөліп алып тазалайды, содан соң жуып, кесіп 2 -- 3 сағат суық ағынды суда ұстайды. Бауырдың атқаратын қызметі:
-ас қорту кезінде мүшелердің қажетті энергиямен, атап айтқанда, глюкозамен қаматамасыз ету және әр түрлі энергия көздерін глюкозаға түрлендіру;
-ағзадағы қажетсіз химиялық қалдықтарды ағзадан шығарып тастау;
- ағзадағы қан жасау немесе жаңарту кезінде қан плазмасындағы ақуыздарды синтездеу;
-холестерин мен оның эфирін синтездеу, липидтер мен фосфолипидтерді синтездеу және ағзадағы липид алмасуын реттеу;
Бауырдың атқаратын ең бір маңызды қызметі зат алмасу процесіне қатысуы. Бәрінен бұрын ол аралық зат алмасу процесіне тікелей қатысы бар. Май алмасуының бастапқы бірінші кезеңінде де, қорытылуына және сорылуына қатысады. Біріншіден өт майдың түйіршіктенуін шақырады: ол ыдырауына қолайлы жағдай туғызады, екіншіден ет панкреастық липазаны қабілеттендіреді және үшіншіден жоғары май қышқылының сорылуына жағдай жасайды . Адам бауырында бір тәулік ішінде 500-700 мл ет жасалады, оның құрамында ет қышқылының мөлшері 80-85г аспайды. Егер оны қайталап қолдану болмаса ас қорыту процесінде ол жетпес еді. Өт қышқылдары қанға сорылып, бауыр арқылы өт құрамында қайталап ішектен ас қорыту процесіне қатысып отырады. Сонымен ішек ішінде өт қышқылының болмауы немесе жеткіліксіз бөлінуі майдың қорытуын және сорылуын бұзады, май сорылуының төмендеуімен бірге майда еритін витаминдер жетіспеуі дамиды. А.Д.Е.К. витаминдері жетіспейді. Нәжіс майлы балшықтанып және түсі жойылады, май қорытылмай шығады.
Бауырдың бір төтелей жұмысы липидтердің аралық алмасуына қатысуы. Жоғарғы май қышқылдары бауырда кетон денелер жасағанға дейін тотығады, одан арығы метоболизм процестері бауырдан басқа жерде жүреді.
Бауырда липидтердің белокпен жиыны -- липопротеидтердің жасалуы жүреді. Майдың бауырда жиналуы инфекциялы -- токсикалық жарақатта, тканьдік және айналымдық созылмалы гипоксия түрлерінде жиі болады. Бұл процесте фосфолилидтердің мөлшерінің азаюы негізгі патогенездік роль атқарады, фосфолипидтер қалыпты жағдайда тканьдердегі майларды диспергиялап шығарады, сондықтан бауыр тінінен майдың бөлшектерінің шығуына ықпал жасайды. Фосфолипидтер синтезі холин және метионин жетіспегенде төмедеуі мүмкін.
Бауырда майдың жиналуының үш дәрежесі бар. Біріншісі -- бауырдағы май мөлшері қалыпта, тек липидтер жасалуы бұзылған. Екінші дәрежесі майлармен инфильтрация процесі бар бірақ оны қалыпқа қайтаруға болады. Үшіншісі майлы дистрофия деп аталады, ол қайта оралмайтын өзгеріс.
Көмірсу алмасуы біріншіден, бауырда глюконеогенез жүреді.
Екіншіден -- глюкозадан бауырда гликоген жасалады.
Сонымен қатар бауырдағы гликоген қажет болғанда ыдырап, қандағы глюкоза мөлшерінің деңгейін ұстап тұрады. Сондықтан гликогенолиз бұзылса, гипогликемия, одан ес кету дамуы қаупі туады. Екінші бір жағы бауырда гликоген мөлшері шамадан көп болып кетуі мүмкін. Ол тумыстан болған ферменттер жетіспеуінен болады. Оны гликогеноздар-аутосомда рецессивті түрде тұқым қуалайтын аурулар-дейді. Олардың ішінде ең бір жиі кездесетін түрі Гирке дел аталатын ауру.
Антитоксикалық қызметі. Токсикалық заттарды зарарсыздандыру, оларға дәрілерді қосқанның өзінде, бауырда тотығу, қалпына келу, метилдену, адетилдену, коньюгациялық процесстерімен байланысты жүреді. Оған гидролиздік ыдырау да жатады. Коньюгация процесі дегеніміз токсикалық заттардың глюкорон немесе күкірт қышқылымен өзара әсерлесуін айтады, одан глюкороноидтар және сульфаттар жасалады. Осы жолмен негізінен тирозин-фенол және крезол, триптофан-иңдол және скатол алмасуынан пайда болған улы заттар зарсызданады. Ацетилдену және басқа детоксикациялық реакцияларының қабілеті тек қоршаған ортаға ғана тәуелді емес, сонымен бірге тұқымдық қасиетке байланысты. Изоэнзим ацитилтрансфераза түріне тәуелді болады. Аммиакты зарарсыздандырудың негізгі әдісі мочевина жасау болып табылады, оның жасалуы да бауырда жүреді. Детоксикацияның екінші жолы улы аммиактан қорғану-амидтелу реакциясы, глюкорон қышқылымен қосылып глютатион жасалу арқылы жүреді. Осы аммиакты детоксикациялау екі жолы да энзималық процестермен байланысты. Сондықтан олардың нашарлауы тек бауырдағы құрылыстық жарақаттан емес, сонымен бірге кейбір ферменттер күшінің төмендеуімен байланысты болады.
Бүйрек - функцияларының біріне электролиттер мен метаболизм өнімдерінің фильтрациясы болып табылатын жұп мүше. Зәрдің құрамындағы бұл қосылыстар ағзадан шығарылуы тиіс. Бірақ кейбір химиялық қосылыстар, зәрде ерімей, кристалдар түзіп, бүйректің ішінде, оның табақшаларында, түбекшесінде жиналып, бірітіндеп, кокременттерді түзеді. Тастардың химиялық құрамы, оның көлемі, сыртқы көрініс әртүрлі. Химиялық құрамы боййынша олар бейорганикалық және органикалық болып бөлінеді. Бейорганикалық тастарға: кальций оксалттары, кальций фосфаттары, ураттар, магний фосфаты. Бүйрек -- жұп мүше, оның қүрылымдық бірлігі -- нефрон. Бүйректе І минутта 1000 - І300 л қан сүзіледі. Бүйрек қанмен жақсы қамтамасыз етілетіндіктен басқа мүшелермен, ұлпалармен тығыз байланыста болады және ағзаның жалпы ішкі ортасына ықпал етеді.
Бүйректің қызметі: 1. Экскреторлық: а) катаболизмнің соңғы өнімдерін шығаруы - бүйрек ағзадан керексіз затгарды сыртқа шығарады, мысалы, мочевина, креатинин және басқа да токсикалық өнімдер; б) ішектен сіңірілген және метаболизм процесінде пайда болған қажетсіз заттарды шығарады: судың артық мөлшерін, органикалық қышқылдарды, витаминдерді (дәрілік препараттарды), гормон және т.б. в ) ксенобиотиктерді шығарады -- бөтен заттар (дәрі-дәрмек, никотин).
2. Гомеостазды тұрақтандыру. Бүйрек гомеостаз реттелуіне қатысады: а) су гомеостазының; б) тұз гомеостазының; в) қышқылдық-негіздік қалыптың.
3. Метаболиттік қызмет: а) белок, май, көмірсу алмасуына қатысуы; б) бүйректе кейбір биологиялық активті заттар синтезделеді: ренин, Дз витаминнің активті түрі, эритропоэтин, простагландин, кинин. Бұл заттар артериялық қысымға, қан ұюына, фосфор-кальций алмасуына, эритроциттердің дамуына ықпал етеді. Зәр түзілуінің механизмдері. Бүйрек зәрді плазма компоненттерінен түзеді және оның құрамының қалыптасуына қатысады.
Бүйректің метаболиттік қызметі.
1. Д3 витаминнің активті түрінің түзілуі. Бүйректегі микросомалық тотығу реакциясының нәтижесінде Д3 витаминні теріде ультракүлгін сәуленің әсерінен холестериннен синтезделеді, содан кейін бүйректе, бауырда гидроксилденеді. Дз витаминінің активті формасы ағзадағы фосфат-кальций алмасуына қатысады. Сондықтан бүйрек ауырғанда Дз витаминінің гидроксилденуі бұзылып остеоди-строфия дамиды.
2. Эритропоэз реттелуі. Бүйректе гликопротеин синтезделеді немесе оны бүйректік эритропоэтикалық фактор (эритропоэтин) деп атайды. Бұл гормон сүйек майындағы бағаналы жасушаларға әсер етеді және олар оның нысана-жасушалары болып табылады. Бүйректің эритропоэтикалық факторы (БЭФ) эритропоэздегі эритроциттердің дамуына әсер етеді. БЭФ-тің бөлінуі бүйректің оттегімен қамтамасыз етілуіне тәуелді. Егерде қабылданатын оттегі мөлшері төмендесе, онда БЭФ түзілуі күшейеді, ал БЭФ эритроциттердің көбеюіне әкеледі. Сондықтан бүйрек ауырғанда бүйректік анемия байқалады.
3. Белок биосинтезі. Бүйректе ұлпаларға қажетті белоктың биосинтезі өтеді. Мұндағы синтезделетін компоненттер: қанның ұю жүйесінің белоктары; комплемент жүйесі белоктары (ферменттері); фибринолиз жүйесінің белоктары; юкстагломерулярлық аппараттың жасушаларында ренин синтезделеді. Ренин-ангиотензин, альдостерон жүйесі артериялық қысымды төмендететін калликреин-кининдік жүйемен тығыз байланысты. Бүйректе кининоген белогы синтезделеді. Сериндік протеиназа әсермен кининоген қанға түсіп, вазоактивті пептид -- кининге айналады. Мысалы: брадикининге және каллидинге. Брадикинин және каллидин тамырларды кеңейтеді, артериялық қысымды төмендетеді. Карбоксикатепсиннің әсермен кинин инактивтеледі. Бұл фермент артериялық қысымның жоғарлауына әкеледі. Карбоксикатепсиннің ингибиторы емдік мақсатта қодданылады. Мысалы: артериялық гипертензия кезінде клофеллин препараты қолданылады. Сонымен бірге, бүйректің артерия қысымды реттеушілігі -- гипотензивтік эффектісі бар простагландиннің түзілуімен сипаттамалады. Ол липидтердің асқын тотығу реакциясы нәтижесінде бүйректегі арахидон қышқылынан түзіледі.
4. Белок катаболизмі. Бүйрек бірінші ретті зәрде сүзілетін пептидтердің және кіші молекулалы белоктардың катаболизміне қатысады. Оларға кейбір гормондар мен биологиялық активті заттар кіреді. Бұл белоктар мен пептидтер лизосомалық протеолиттік ферменттердің әсерінен түтікшеде аминоқышқылға дейін гидролизденеді. Бүйрек ұлпасы метаболизмінің ерекшеліктері. 1. АТФ-ң көп мөлшерде жұмсалуы. АТФ негізінен активті тасымалдау, реабсорбция, секреция және белок биосинтезі үшін жұмсалады. Бүйректің массасы жалпы дене массасының 0,5%, ал оның отгегімен қамтамасыз етілуі қабылданған оттегінің 10% құрайды. 2. Бүйрек жасушасындағы биототығу реакциясындағы субстраттардан - май қышқылы, кетондық денелер, глюкоза және т.б. түзіледі; 3. Белок биосинтезіндегі жоғары жылдамдық; 4. Протеолиттік ферменттердің күшті активтілігі; 5. Аммониогенез және глюконеогенезге қабілеттілігі. Фосфат-кальций иондары алмасуының реттелуі. Кальций ионы (Са2+) және фосфат-ионы толыққа жуығы бүйрек каналшаларында реабсорбтелінеді, процесс энергияны АТФ түрінде пайдаланып жүреді. Бұл жолмен Са2+ -дің 99%-дан астамы, фосфат-ионның -- 80-90%-ы қайта толықтырылады. Бұл иондардың реабсорбциясы дәрежесі паратгормон (паратирин), кальцитонин және кальцитриолмен реттеледі. Паратирин, пептидтік гормон (ПТГ), қалқанша маңы безінен синтезделетін, кальций ионы реабсорбциясын стимулдейді, ал сол мезгілде фосфат ионы реабсорбциясын ингибирлейді. Сүйек ұлпасының және ішектің басқа да гормондарымен қосарланып бұл қанда кальций иондарының мөлшерінің жоғарлауына және фосфат иондарының төмендеуіне әкеледі. Кальцитонин, пептидтік гормон, қалқанша безінің С-жасушаларында синтезделеді. Кальций және фосфат иондарының реабсорбциясын ингибирлейді.
Тастардың пайда болуы белгілі бір зат алмасуының бұзылғандығының көрінісі болып есептеледі. Дегенмен де осы тас түзуші себептерді екі топқа бөліп қарау керек. Бірінші, жалпы себептерге белгілі бір минералдар алмасуының бұзылуы., А витаминінің жетіспеуі, Д витаминінің мөлшерден тыс көбейіп кетуі., кермек су ішу, ауаның ыссы жәнен құрғақ болуы және т.б. кіреді. Ал жергілікті себептерге: несеп жолдарының қабынуы, несеп ағардың туа пайда болған кемістікиері, несеп шығарылуының қиындауы, несептің қышқылдылығының немесе сілтілігіні ңарып кетуі және басқаларды кіргізуге болады. Тастардың алғашқы түзілуіні екі теориясы түсіндіріп береді. Қалыпты жағдайда несеп құрамында еріген кристалоидлты және ерімегне коллоидты бөлшектер бар. Коллоид заттр ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Органдар биохимиясы жайында
Органдар биохимиясы жайлы
Органдар биохимиясы II жайлы
Сібір жарасы бактериясы
Гидропиялық дистрофиясы
Органдар биохимиясы жайлы ақпарат
Органдар биохимиясы І
Биогеохимиялық провинциялар. Қазақстан аумағындағы табиғи және антропогендік биогеохимиялық провинциялар
Ағзалардың химиялық құрамы
Органдар биохимиясы
Пәндер