Бірлестіктер экологиясы және экожүйедегі энергия туралы



Бірлестіктер экологиясы және экожүйедегі энергия
Табиғи қорлар және оларды тиімді пайдалану
Әлемдегі және қазақстандағы демографиялық жағдай және азық түлік мәселесі
Синэкология (грекше syn — бірге және экология) — популяцияның, табиғи бірлестіктердің және экожүйенің бір-бірімен өзара және қоршаған ортамен қарым-қатынасын зерттейтін экология бөлімі. Синэкология Брюссельде өткен ІІІ Халықаралық ботаникалық конгресте (1910) экологияның жеке бөлімі ретінде танылды. Синэкология қазіргі фитоценология ғылымының баламасы ретінде қолданылады. Кейіннен синэкологияның зерттейтін нысандарының құрамына микроорганизмдер, саңырауқұлақтар және жануарлар жатқызылды. Қазіргі кезде синэкология биоэкологияның бір саласы деп қарастырылады. Бұл терминді алғаш рет ұсынған швейцариялық ботаник К.Шретер болды.
1. Қазақстанньң физикалық географиясы, Алматы: Атамұра, 2008. ISBN 9965-34-809-Х
2. Биология: Жалпы білім беретін мектептің, 9-сыныбына арналған оқулық, 2-басылымы, өңделген/ М. Гильманов, А. Соловьева, Л. Әбшенова. - Алматы: Атамұра, 2009. ISBN 9965-34-927-4
3. Қ. Бекішевтің «Жасыл желекті тиімді пайдаланайық» атты мақаласы «экология және тұрақты даму» Астана- 2014 (44-49 беттер)
4. Г.С. Оспанова, Г.Т. Бозшатаева «Экология». Оқулық. – Алматы. 2002 ( 82-196 беттер)

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі

Семей Қаласы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Бірлестіктер экологиясы және экожүйедегі энергия. 1 Табиғи қорлар
және оларды тиімді пайдалану. 2 Әлемдегі және қазақстандағы демографиялық
жағдай және азық түлік мәселесі (2014-2015 ж.). 3 Өнеркәсіп пен ауыл
шаруашылығында аз қалдықты технологиялар енгізу.  

Орындаған: Тлеубаев М.Е

Тексерген: Мурзалимова А.Қ

Тобы: ВМ-401

Семей 2015ж

Жоспар:

Бірлестіктер экологиясы және экожүйедегі энергия

Табиғи қорлар және оларды тиімді пайдалану

Әлемдегі және қазақстандағы демографиялық жағдай және азық түлік мәселесі

Синэкология (грекше syn — бірге және экология) — популяцияның, табиғи
бірлестіктердің және экожүйенің бір-бірімен өзара және қоршаған ортамен
қарым-қатынасын зерттейтін экология бөлімі. Синэкология Брюссельде өткен
ІІІ Халықаралық ботаникалық конгресте (1910) экологияның жеке бөлімі
ретінде танылды. Синэкология қазіргі фитоценология ғылымының баламасы
ретінде қолданылады. Кейіннен синэкологияның зерттейтін нысандарының
құрамына микроорганизмдер, саңырауқұлақтар және жануарлар жатқызылды.
Қазіргі кезде синэкология биоэкологияның бір саласы деп қарастырылады. Бұл
терминді алғаш рет ұсынған швейцариялық ботаник К.Шретер болды.
Синэкологияның қалыптасуына даниялық гидробиолог К.Мебиустың (1825 — 1908)
Солтүстік теңіздің таяз жағалауын мекендейтін устрица ұлуларының тіршілігін
жан-жақты зерттеуі үлкен әсер етті. Ол устрица ұлуларының тіршілік
әрекетіне судың тұздылығы, температурасы, мекен ететін ортасы, сондай-ақ
ұлулармен бірге тіршілік ететін басқа да организмдердің бір-біріне әсері
туралы қорытынды жасай отырып, ондай табиғи бірлестікті “bіocenosіs” деп
атауды ұсынды. Қазіргі уақытта синэкология табиғи бірлестіктердегі энергия
алмасу, қоректік тізбек, кеңістік пен уақытқа тікелей қатысы бар
биологиялық сан алуан тіршілік, биогенді элементтердің айналымы,
эволюциясы, организмдердің бір-бірімен қарым-қатынасы, табиғи
бірлестіктерді басқару, т.б. көптеген мәселелерді зерттейді.

Экожүиедегі энергия. Жоғарыда келтірілгендей биоценоздағы организмдер
арасында тұрақты қоректік байланыстар қалыптасқан. Осы қатынастар белгілі
бір организмдердің тобын біріктіріп отырады. Ол қоректік тізбектер бірнеше
құрамдас бөліктерден тұруы мүмкін. Ол үш бөлімнен тұрады.

Біріншісі — продуценттер немесе өндірушілер. Бұнда автотрофты жасыл
өсімдіктер органикалық заттар түзіп, алғашқы биологиялық өнімділікті түзеді
және күн энергиясын жұмсайды (сіңіреді).

Екінші – консументтер, бұған жануарлар жатады.

Үшінші — редуценттер немесе қайта қалпына келтірушілер. Оларға
микроорганизмдер жатады. Олардың ролі ерекше. Ягни, заттарды ыдыратып,
кайта қалпына келтіріп, зат айналымын жалғастырып отырады.

Әрбір қоректік тізбектің қатарында белгілі бір трофикалық деңгей
қалыптасады. Ол өзінен өтетін зат және энергия ағымының активтілігімен
сипатталады. Мәселен, жасыл өсімдіктер – бірінші трофикалық деңгейді түзсе,
фитофагтар — екінші, ал жануарлар тектес қоректілер — үшінші, т.б. жалғаса
береді.

Табиғи қорлар және оларды тиімді пайдалану

Барлық қоректік тізбектер бір — бірімен байланысты және тәуелді болып
отырады. Әрбір деңгейден екінші, үшіншіге өткен сайын зат немесе энергия
беру жүзеге асады. Осының бәрі биоценоздағы қоректік тізбектің күрделілігін
және біртұтас жүйе ретінде әрекет ететіндігін көрсетеді.

Осыған байланысты табиғи қорларды қорғаудың бүгінгі таңда дүниежүзілік
маңызы бар проблемаға айналуы заңды мәселе. Табиғи қорларға зиянды әсер
тигізетін литосфера, гидросфера, атмосфераның ластануымен ойдағыдай күресу
көптеген елдермен бірлесе отырып, бұл күрделі мәселені шешуді талап етеді.

Қазақстандағы тектоникалық құрылымдардың ерекшелігі, геологиялық даму
тарихының күрделілігі, аумағының кең көлемді болуы мүнда сан алуан табиғи
қорларының шоғырлануына жағдай жасайды. Республика аумағынан табиғатта
кездесетін пайдалы қазбалардың көптеген түрлері табылған, бұған қоса
климаттық және минералдық, отын-энергетикалық т. б. қорлар жөнінен де
республикамыз дүниежүзінде көрнекті орын алады. Жалпы Қазақстанда
кездесетін табиғи қорларды мынадай топтарға бөлуге болады:

Отын-энергетикалық қорлар

Қазақстанда бұл қор түрлерінен тас көмір, қоңыр көмір, мұнай, табиғи
газ және жанғыш тақтатастар таралған. Тас көмір өндірілетін аудандары
Екібастұз, Майкүбі, Қарағанды, Кендірлік, Таскөмірсай, Алакөл кен орындары.
Осылардың ішінде маңыздырағы Қарағанды және Екібастұз алаптары. Мұнай мен
газ қорлары Қазақтанның батысында шоғырланған. Бұлардың Маңғыстау түбегі
мен Жемнің төменгі ағысындағы алқаптар игерілген. Барлық кен орындарында
мұнайға қосымша табиғи газ өндіріледі. Ембі мұнайының сапасы жөнінен дүние
жүзінде алдыңғы орындарда. Соңғы жылдары мұнда жаңа кен орындары барланып,
игеріле бастады.

Минералдық қорлар

Қазақстан минералдық қорлардың түрлері мен қоры жөнінен теңдесі жоқ
аймақ болып табылады: мұнда шын мәнінде Менделеев кестесіндегі
элементтердің барлығы дерлік кездеседі. Солтүстік Қазақстанда әйгілі
Соколов-Сарыбай, Қашар, Лисаков, Қоржынкөл кен орындары орналасқан. Сондай-
ақ темір кені Алтайда (Шығыс Қазақстан), Қарсақпай, Қаражалда (Орталық
Қазақстан) кездеседі.

Қазақстан полиметалл кендеріне де бай оның негізгі қорлары Кенді
Алтайда, Сарыарқада, Оңтүстік Қазақстанда шоғырланған. Сирек және бағалы
металл түрлерінің кен орындары бүкіл аумақта таралып орналасқан. Кен емес
қазбалардан фосфориттер мен тұздардың, құрылыс материалдарының кен орындары
негізінен Батыс және Оңтүстік Қазақстанда (Қаратау өңірінде) кездеседі.
Фосфориттің қоры және сапасы жөнінен республикамыз дүние жүзіне әйгілі
болып отыр.

Климаттық қорлар

Қазақстанның географиялық орнының ерекшеліктеріне байланысты климаттық
қорлары мол. Өсіп-өну мерзімінің ұзақтығы, күн сәулесінің мол түсуі
Қазақстанда, әсіресе оның оңтүстігінде көптеген жылу сүйгіш өсімдіктерді
(жүгері, күріш, мақта, бидай және т.б.) өсіруге мүмкіндік береді. Мол күн
энергиясын гелиоқондырғыларда қолдану мүмкіндіктері бар. Қазақстанда күн
энергиясы түрғын үйлерді, жылыжайларды жылытуға жұмсалады. Республика жел
энергиясына бай. Желді аудандарда (Шар, Жаңғызтөбе, Жоңғар қақпасы, Іле
аңғары және т. б.) жел энергиясын механикалық және электр энергиясына
айналдыруға болады.

Су қорлары

Қазақстанның су корларына беткі сулардан (өзен, көл, мұздақтар) басқа
жер асты суы мен минералды су көздері жатады. Қазақстанның климаты
жағдайында өзен жүйесі онша жиі болмағандықтан, халық шаруашылығы үшін жер
асты суы қорларын пайдаланудың үлкен маңызы бар. Мал шаруашылығын өркендету
үшін шөлейт пен шөл зоналарында артезиан құдықтары пайдаланылады. Үлкен
қалаларды, суға тапшы аудандардағы елді мекендерді сумен қамтамасыз ету
көбіне жер асты суы есебінен болады. Қазақстан жер қойнауынан құрамында
адам ағзасына қажетті тұздары бар минералды су көздері табылған. Мұнда
Алмаарасан, Барлықарасан, Қапаларасан, Жаркентарасан, Сарыағаш сияқты
санаторий-курорттар осы арқылы емдеу орталықтарына айналған.

Жалпы Қазақстан аумағының климаттық ерекшеліктеріне байланысты су
қорларының маңызы арта түседі. Себебі қуаң климат жағдайында ауыл
шаруашылығын, әсіресе суармалы еғістерді өркендету үшін су қорлары басты
орын алады. Бүған қоса қалалар мен өнеркөсіп орындарының өсуі,
республикадағы су корларының жетіспеушілік жағдайына әкеп соғады. Еліміздің
трансшекаралық өзендері Ертіс пен Ілені үтымды пайдаланумен бірге
экологиясының қауіпті жағын да ескерген жөн. Олардың бастауы біздің
мемлекеттік шекарадан тыс жатқандықтан трансшекаралық өзендердің проблемасы
сан қырлы. Олардың шаруашылық жөне экологиялық сипатымен қатар саяси,
тарихи, экономикалык және табиғатын корғау мәселелері тұр. Көршілес,
туыстас мемлекеттермен ортақ өзендердің (Сырдария, Талас, Шу) тағдырына
қатысты да дәл осындай проблемалар туындайды. Трансшекаралық өзендер мен
көлдерді (Каспий жөне Арал) қорғау мен тиімді пайдалану ережелері 1992 жылы
БҰҰ Хельсинки конференциясында бекітілген.

Су корларын пайдаланудың жыл сайын өсуіне байланысты оларды ұтымды
пайдалану, ластанудан қорғаудың маңызы зор. Өзендерге гидротехникалык
кондырғылар салу кезінде де жергілікті табиғат ерекшеліктерін ескеру қажет.

Топырақ-өсімдік қорлары

Республикадағы топырақ, осімдік қорлары аумағының ауқымды болуына
байланысты әркелкі таралған. Бұл кор түрлерінің ерекшелігі олардың
өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы үшін шикізат көзінің қызметін атқаруы, осыған
байланысты адамның шаруашылық әрекетінің әсеріне көп ұшыраған.

Қазақстан құнарлы топырақ түрлеріне онша бай емес. Бірқатар аймақтарда
топырақтың, ылғалдың, қоректік элементтердің жетіспеуінен немесе сортаңдану
әсерінен ауыл шаруашылығында пайдаланылмайды. Сондықтан жарамсыз жерлерді
оңдеуден өткізу немесе мелиорациялау арқылы шаруашылыққа пайдалану алдағы
міндет.

Өсімдік корларын бірнеше топтарға бөлуғе болады: орман қорлары,
дәрілік өсімдіктер, мал азықтық өсімдіктер. Ормандар неғізінен таулы
аймақтарда шоғырланған. Қазақстандағы орманды алқаптың ауданы 21 млн
гектар.

Дәрілік өсімдіктердің республикада 250 түрі бар. Олар фармацевтік
өндірісі үшін қымбат шикізат болып есептеледі. Республиканың оңтүстік
аймақтарында дүние жүзінде теңдесі жоқ аса кұнды дермене (сантонинді жусан)
өседі.

Адамдардың денсаулығына зиян әкелетін, аллергия тудыратын химиялық
жасанды дәрі-дәрмектердің орнына табиғи өсімдіктерден жасалатын дәрілерді
пайдаланудың мүмкіндігі зор. 1997-2001 жылдарға ұсынылған мемлекеттік
бағдарлама бойынша Қазақстан ғалымдары 20-дан астам фитопрепараттар мен әр
түрлі фармакологиялық дәрілер шығармақ. Табиғи емдік қасиеттері мол
өсімдіктерден біздің елімізде жасалатын дәрі-дәрмектер экологиялық жағынан
таза, ал экономикалық тұрғыдан арзан. Соның қатарында қарағандылық ғалымдар
жасаған қатерлі ісікке қарсы арглобин дәрісін атауға болады. Қазір бұл
дәрі емханаларда кеңінен пайдаланылуда. Қалақай мен сораң майларынан
жасалған қабынуға карсы аллапинин препаратының, сол сияқты шырганақ
жемісінен алынған майдың емдік қасиеті оте жоғары. Жалбыз, жолжелкен,
түйетікен, сарғалдақ, қымыздық, жабайы сарымсақ сияқты өсімдіктердің өр
түрлі емдік қасиеттері бар. Тобылгы мен аріианың кәсіптік маңызы зор.
Тобылғыдан халқымыз ежелден-ақ бояу алған және қымыз ашытатын ыдыстарды
(саба, күбі) ыстауға пайдаланған. Табиғи дөрілік өсімдіктер қазір адам
әрекеті салдарынан сиреп, азаюда. Сондыктан дөрілік өсімдіктердің азайған
түрін қалпына келтіре отырып, тиімді пайдаланып, оны қорғауға алу керек.

Шабындықтар мен жайылымдарда өсетін шөптесін өсімдіктер мал азығы
ретінде пайдаланылады. Өсімдік қорлары халық шаруашылығының түрлі салалары
үшін шикізат базасы болғандыктан табиғи өсімдік жамылғысын қорғаудың,
әсіресе, кұрып бара жаткан өсімдік түрлерін сактаудың маңызы зор.

Жануарлар дүниесінің қорлары

Республика аумағында омырткалы жануарлардың 835 түрі есепке алынған.
Олардың ішінде сүтқоректілердің 172 түрі, құстардың 481, бауырымен
жорғалаушылардың 48, балықтардың 150 түрі кездеседі. Омыртқасыз
жәндіктердің бүгінгі күнге дейін анықталғаны ғана 50 мыңнан асады.
Қазақстан аумағында, әсіресе таулы өлкелерде жабайы жануарлар көп
ұшырасады. Мұнда терісі бағалы аңдар таралған. Бұған қоса Зайсан мен Алакөл
маңына, таулы тайганың қара түлкісі мен бұлғын жерсіндірілген. Сол сияқты
республиканың өзен-көлдерінің барлығында дерлік терісі аса қүнды америкалық
ондатр жерсіндіріліп, аң шаруашылығының негізгі салаларының біріне айналып
отыр. Олардың кәсіптік маңызы бар. Шөлейттер мен шөлді өңірлерде тулкі,
қарсақ, ақбөкен, киік, қарақщрық кездеседі. Қорықтардың ұйымдастырылуына
байланысты олардың санын реттеу дұрыс жолға қойылған.

Республиканың өзендері мен табиғи және жасанды көлдері балық қорына
бай. Каспий теңізінен бағалы балықтың көптеген түрлері ауланады. Мұнай
өндірумен байланысты бұл аймақтың экологиялық жағдайы кейінгі кезде
нашарлаған. Каспий теңізінің өзіне тән эндемигі итбалықтың 2000 жылдары
жаппай қырылып барып тоқтауы, уылдырық шашатын құнды балықтардың азаюы
теңдесі жоқ тағамдық қара, қызыл уылдырық өндіретін шаруашылыққа қауіп
келтіріп тұр. Бөгендерде, тоғандарда балық шаруашылығын өркендету балыққа
деген сұраныспен республика халқын қамтамасыз етуге жағдай жасайды.
Шөлдерде тіршілік ететін жыландардың уы медицинада қолданылады. Жануарлар
дүниесі қорлары азықтүлік, шикізат ондірісінде пайдаланылады. Сонымен қатар
олардың ғылыми-практикалық және экономикалық маңызы бар. Елімізде ежелден
мекен еткен жабайы жылқы (тарпаң), қулан, домбай (жабайы есек), сусар,
бцлгын, лаиіын, жолбарыс, дала сілеусіні, шақиіақай, қоқиқаз, жірпар тышқан
және т.б. жануарлар бүгінде жоқ немесе жоқтың қасы.

Осындай сирек кездесетін немесе жойылып кетуге таяу өсімдіктер мен
жануарлар дүниесін қорғау мақсатында 1962 жылы Халықаралық табигат және
табиги байлықты қоргау одагы кұрылды. 1966-1981 жылдары осы жойылып бара
жатқан өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғау мақсатында Қазақстанның
Қызыл кітабы шықты. Мұнда негізінен жойылып кету қаупі бар және сирек
кездесетін өсімдіктер мен жануарлар тіркелген. Қазіргі Қазақстан жерінде
экологиялық апатты аймақтардың, ластанған жарамсыз жерлердің молаюына
байланысты сирек кездесетін жануар түрлеріне аса қауіпті жагдай тууда.
Сондықтан Қызыл кітапқа тіркеуге алынбаған түрлерді қорғау шараларына
Қазақстан ғалымдары да белсене ат салысуда. 1996 жылы Қазақстан
Республикасы Қызыл кітабының жаңа басылымы жарық көрді. Бұл кітапқа
сүтқоректілердің 40, күстардың 56, бауырымен жорғалаушылардың 10, қос
мекенділердің 3, балықтардың 16 түрі еніп отыр.

Табиғи қорларды тиімді пайдалану

Қазақстандағы табиғи қорларды тиімді пайдалану республиканың даму
болашағы үшін маңызы зор. Алайда аумақты игеруге қатаң табиғат жағдайлары
кедергі келтіреді. Табиғи қорларды игеру мәселесі табиғатты қорғаудың
түйінді мәселелерін де туғызады. Табиғи қорларды игерудегі жіберілген
қателіктер табиғаттың қай қоры болмасын таусылмайды деген жаңсақ үғымның
үстем болуына байланысты болды. Осының салдарынан табиғаттағы тепе-теңдік
бұзылды. Мұны су қорын пайдалану мысалынан айқын көруге болады.

Республика үшін су қорын тиімді пайдаланудың маңызы зор. Өйткені дамып
келе жатқан өнеркәсіп пен суармалы егіншілік алқаптарының ұлғаюы суды көп
қажет етеді. Еліміздегі қазір қалыптасқан экологиялық жағдайда өзен суының
ластанып немесе құмға сіңіп, ысырап болып жатқаны белгілі. Су қорларының
дұрыс пайдаланылмауы, адамның шаруашылық әрекеті нәтижесінде су режимінің
өзгеруі өз кезегінде табиғаттың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бірлестіктер экологиясы және экожүйедегі энергия жайлы
Табиғи қорлар және оларды тиімді пайдалану. Әлемдегі және қазақстандағы демографиялық жағдай және азық түлік мәселесі
Биоценез, биогеоценоз туралы түсініктер
Экожүйелердің біртұтастығы және орнықтылығы
Бірлестіктер экологиясы және экожүйедегі энергия туралы ақпарат
Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында аз қалдықты технологиялар енгізу. Бірлестіктер экологиясы және экожүйедегі энергия. Табиғи қорлар және оларды тиімді пайдалану
Синэкология (бірлестіктер экологиясы)
Әлемдегі және Қазақстандағы демографиялық жағдай және азық түлік мәселесі (2014-2015 ж.)
ҚАУЫМДАСТЫҚТАР ЭКОЛОГИЯСЫ – СИНЭКОЛОГИЯ
Бірлестіктер экологиясы және экожүйедегі энергия
Пәндер