Газ турбиналық АЭС



Кіріспе 3
Газ турбиналық қондырғының сипаттамасы 4
Жұмыс істеу принципі 7
ГТҚ.дың қолданылуы 9
Қорытынды 11
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 12
Газ турбиналық электр станциясы – электр тогын және жылулық энергияны генерациялайтын жаңа заманғы, жоғары технологиялық қондырғы. Газ турбиналық электр станциясының негізін электр генераторымен механикалық байланысқан және басқару жүйесімен бір энергетикалық кешенге біріктірілген күштік агрегаттар – бір немесе бірнеше Газ турбиналық қозғалтқыштар құрайды. Газ турбиналық электр станциясы 20 кВт-тан жүздеген мВт электр қуатына ие бола алады. Газ турбиналық электр станциясы тұтынушыға электр қуатына қатысты ~ 1:2 коэффициентімен бірталай мөлшерде жылулық энергияны бере алады.
1 Ганчев Б.Г.,Калишевский Л.Л.Ядерные энергетические установкиИздательство: 2-е изд., перераб. и доп. – М.: Энергоатомиздат– 1990 – 630б.
2 Маргулова Т.Х. «Атомные электрические станции» – Москва: «Высшая школа» 1984 г.
3 Стерман Л.С., Лавыгин В.М., Тишин С.Г. «Тепловые и атомные электрические станции» – Москва: «Энергоатомиздат», 1995 г.

Пән: Мұнай, Газ
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУЛИКАСЫ БІЛІМ және ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Инженерлік-технологиялық факультет
Техникалық физика және жылуэнергетика кафедрасы

Конструирование и САПР ЯЭУ

СӨЖ

Газ турбиналық АЭС

Орындаған: Омарханов Е.Б.
Тексерген: Нургалиев Д.Н.

Семей 2015
Мазмұны

Кіріспе 3
Газ турбиналық қондырғының сипаттамасы 4
Жұмыс істеу принципі 7
ГТҚ-дың қолданылуы 9
Қорытынды 11
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 12

Кіріспе

Газ турбиналық электр станциясы - электр тогын және жылулық энергияны генерациялайтын жаңа заманғы, жоғары технологиялық қондырғы. Газ турбиналық электр станциясының негізін электр генераторымен механикалық байланысқан және басқару жүйесімен бір энергетикалық кешенге біріктірілген күштік агрегаттар - бір немесе бірнеше Газ турбиналық қозғалтқыштар құрайды. Газ турбиналық электр станциясы 20 кВт-тан жүздеген мВт электр қуатына ие бола алады. Газ турбиналық электр станциясы тұтынушыға электр қуатына қатысты ~ 1:2 коэффициентімен бірталай мөлшерде жылулық энергияны бере алады.
Газ турбиналық электр станциясы жоғары маневрлік сапаларға, төмен меншікті ақша саламына және қатысты жоғары меншікті отынды қолдануға ие.

Газ турбиналық қондырғының сипаттамасы

Газтурбиналық электр станциясының негізігі ұтымды жақтары: - ГТЭС айтарлықтай сенімді құрылым. Орта есеппен алғанда, жалпылама жөндеу жұмыстарынсыз, негізгі түйіндердің жұмыс істеу ұзақтығы 100-130 мың. сағат шамасында. Газ турбинасын жеткізетін көп тасымалдаушылар, айтылған құрылымның орналасқан жерінде, жеке түйіндердегі толық жөндеу жұмыстарын жүргізе берді. Бұл әрине жөндеу жұмыстарына кететін шығынды айтарлықтай азайтады. Қазіргі кездегі газтурбиналық құрылымның ұтымды жері, оның мотор ресурстарының қанағаттандырарлықтай жұмысы және жағылым майларының шығының аздығы (шамамен тәулігіне бір литр). Сонымен қоса 0 ден 100% қуат диапазонында ешбір оқыс оқиғасыз жұмыс істеу қабілеті, сумен салқындату жүйесінің жоқтығы, құрамында күкірті бар газды қолдану, аз қуатты және қуаты 30 МВт тан жоғары газтурбиналық қондырғылардын тиімділігін арттырады;
- Газтурбиналық құрылымның жеке пайдалы әсер коэффициенті шамамен 40% құрайды. Ал өтпелі газдардың қайта өңделуін ескерсек, ПӘК айтарлықтай жоғары болатыны анық. Осы жерде бугаздық құрылымдардың электрлік ПӘК і шамамен 50% дан асатының ескеру керек. Салыстырып қарасақ, қарапайым бу айдағыш құрылымның ПӘК і 33-40% аралығында деп есептейік, ал газтурбиналық құрылымда 28-42% аралығында;
- Жоғарыда айтылғандай, газтурбиналық электр станциялардың аумақтық көлемі қарапайым. Сол себепті станцияны салу уақыты мен оның өзіндік құнының өтелуі көңіл толтыратын көрсеткіштерді береді. Қарапайым циклде жұмыс істейтін газ турбиналарының электр энергиясымен қоректенуі, көмір мен атомдық электр қондырғыларына қарағанда, аз болғандықтан, оларды аз және үлкен қуатты қондырғыларға арнап та жасай береді. Монтаждық жұмысына шамамен бір жыл кететін, базалық қуат өндіретін бу электр станцияларына қарағанда, газтурбиналық станцияларда монтаждау жұмысы шамамен бірнеше аптаны немесе бірнеше айды құрайды. Станцияның басқа ұтымды жағы, оның бірнеше минутта қосып, ажырай алуы және асқын жүктеме кезіндегі қосымша энергияның қамтамассыз етілуі;
- Дәл осы құрылым, яғни газтурбиналық электр станциялары басқа электр станцияларымен салыстырғанда айтарлықтай экологиялық таза энергия көзі. Осы мәселеге соңғы кездері көп көңіл бөлінгені жөнінде де айта кету керек. Тағы бір көңіл толтыратын жайт, газтурбиналық қондырғының қолдану нәтижесінде қоршаған ортаға зияндылық көрсеткіші 9 - 25 ppm (англ. Parts per million) аспағанында. Яғни салыстырмалы түрде, станция қоршаған адамзатқа зиянсыз. Бұндай тамаша көрсеткіштер станцияны кез келген қолайлы жерге орналастыруға болатының көрсетеді.
- ГТЭС толықтай дерлік автоматты режимде жұмыс істей алады. Бұл дегеніміз станцияны басқару жүйесінің жеңілдігі, айтарлықтай аз 17 жұмысшыларды қажет ететіндігінде. Ал бұл көрсеткіш станцияның жағымды жақтарын толықтырады. Негізінде газтурбиналық қондырғылар бу қондырғыларына қарағанда, кейініректе пайда болған. Ең алғашқы қуаты 4 МВт болатын газтурбиналық қондырғы 1939ж. қолданысқа берілген болатын. Газтурбиналық қозғалтқыштардың кейінгі жылдардағы дамуы тікелей авиациямен тығыз байланысты. Ал 1980 жылы жекеленген қуаты 100 МВт тан асатын қондырғылардың пайда болуымен және газдардың бастапқа температурасының көтерілуінен, біріккен бугаздық қондырғылардың ПӘК і айтарлықтай жоғарылауымен, газтурбиналық қондырғылар электр энергетикасында тең өріс ала бастады.
Қазіргі кезде газтурбиналық қондырғылардың өзектілігі артып келеді. 1-кестеде қарапайым термодинамикалық циклде жұмыс істейтін газтурбиналық қондырғының көрсеткіштері көрсетілген.Қондырғы бір валға орналасқан екі тіректі турбиналар тобының роторларынан тұрады. Ал оларды айнала блокты сақиналы жану камерасы орналасқан. Жану камерасында отынның таза түрі, яғни көп жағдайда табиғи газ және сұйық дизельді отындар қолнанылады.
Дәстүрлі энергетиканың осы типті қондырғылары өзінің сенімділігі мен ұзақ мерзімді жұмысымен ерекшелінеді. Рационды конструкциялау және технологиялық дайындау арқасында, газдар белгіленген жоғары температураға дейін өңделеді. Ал технологиялық дайындау эффективті салқындану жүйесі бар турбинадан және отқа төзімді құймалар мен жабындардан тұратын, циклді ауа жүйесі бар жану камерасынан тұрады.
ПӘК тің жоғары технико экономикалық және экологиялық көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін, меншікті өзіндік құнды азайту үшін, жөндеу шығындары мен атмосфераға таралатын азот оксидінің мөлшенрін азайту үшін газдың бастапқы температурасын оңтайландырады. Сонымен қатар, автономды және гибритті жұмыс істейтін, энектр энергиясы мен жылуды өндірушілердің жұмысын жақсарту мақсатында аэродинамиканың ең дамыған бағыттарын қолданады.
Өткен ғасырдың 90-ы жылдары қаржыландыру бағдарламасына қатысты, дәлірек айтқанда, АҚШ пен Жапония үкіметтері арасында, турбинаның бірінші және екінші ауысымының арасындағы жұмыстық бөлікке құйықталған булы салқындату жүйесі еңгізілген қуатты газтурбиналық қондырғының жобасы жасалып, салынған болатын. Ауамен салыстырғанда, бу ұтымды жылу тасығыш. Будың жылу сыйымдылығы және жылу беру коэффициенті салыстырмалы түрде жоғыры екенін майындау керек. Сонымен қоса булы термодинамикалық жүйе, ауалы жүйеге қарағанда тиімдірек. Себебі екеуінде де қолданылатын жылу тікелей бу циклде бар. Көптеген техникалық қиындықтарға қарамастан, бу арқылы салқындатылатын газтурбиналық қондырғылардың негізгі түрлерінің жұмыстық көрсеткіштері жоғары.
"Mitsubishi" фирмасы жиілігі 60 Гц болатын энергожүйе үшін, газ жинақтағын жану камерасы және бумен салқындатылатын бөлігі бар 18 газтурбиналық қондырғыны тұрғызды. Бұл элект станция тәжірбиелік екі жыл жұмысында үнемі жүктеме қажеттілігін өтеп, тікелей осы фирманың басқада қондырғыларымен қоса тиімді жұмыс істеді.
Жұмыс істеу принципі

Газдық және булы турбиналардың жұмыс істеу принципі ұқсас, бірақ газ турбиналарының ағыс бөлігінің конструкциясы жеңіл болып келеді. Олар салыстырмалы түрде кішкентай жылуберілуде жұмыс істейді және сондықтан аз мөлшердегі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЯЭҚ сораптары
ЖЭС құрылысы
Газ турбиналық АЭС туралы ақпарат
Электрмен қамтамасыздандыру жүйесін автоматтандыру және диспетчерлеу жүйесін дамыту
ЖЭС және АЭС автоматты қосымша қондырғылары туралы
Бу турбиналық АЭС-тер
Газ турбиналық АЭС туралы мәлімет
Энергия қондырғысының құрылысы
Асинхронды-синхорнды тізбектелген порт
Бу қаныққан. Ол салқындаған немесе қызған кезде қалай өзгереді
Пәндер