Нарықтық қатынастар жағдайында Қазақстан Республикасының салық жүйесінің дамуы



Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Қазақстан Республикасында салық салудың көрінісі

2. Қазақстанда салық жүйесінің қалыптасуы мен даму кезеңдері

3. Мемлекеттің салық саясатының қазіргі жағдайы

Қорытынды
Пайдалынған әдебиеттер тізімі
Салық – кез-келген өркениетті мемлекеттің негізгі табыс көзі.
Нарықтық қатынастар жағдайында салық жүйесі мемлекеттің қаржылық-кредиттік механизмінің негізі, экономиканы ретке келтіруші маңызды құралы болып табылады. Салық жүйесі қаншалықты дұрыс құрылса, шаруашылық қызметінің тиімділігі соған байланысты дамиды.
Батыс елдерінде салық салу мәселелеріне Қазақстанның тәуелсіз салық жүйесінің дәл бүгінгі шынайы жағдайына бейімделген теориялық тұжырымдар мен салық теориясын түпкілікті зерттеген отандық ғалымдар қатары аз.
Салықтардың маңыздылығы жөнінде классик ғалымдар: «салықтар қоғамның кластарға бөлініп, мемлекеттердің қалыптасуына қатысты пада болған бұқара билікті қамтамасыз ету үшін төленетін азаматтардың төлемдері» екендігін атап өткені бізге тарихтан мәлім.
1. Құлпыбаев С.К., Баязитова Ш. «Қаржы теориясы»Оқу құралы-Алматы: Мерей,2007

2. Салық және бюджетке түсетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Қазақстан

3. Казахстан в современном мире: реалии и перспективы. – Алматы: КИСИ при Президенте Республики Казахстан, 2008.

4. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, X том

5. «Қаржының жалпы курсы» - авт.: Мельников;

6. Қ.Р. Парламентінің жаршысы 1999 # 14.

7. Бухгалтерлік бюллетені – 2000 # 3-4

8. Салық кодексі. Юрист,2001-2002

9. П.И. Вахрин, А.С. Нешитой Финансы – М.: Учебник, 2000 г

Пән: Салық
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ОӨЖ

Нарықтық қатынастар жағдайында Қазақстан Республикасының салық жүйесінің дамуы

Орындаған: Қадырова Ж.Р.
Тобы: УА-303
Тексерген: Акишева Д.М.

Семей 2015 жыл
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Қазақстан Республикасында салық салудың көрінісі

2. Қазақстанда салық жүйесінің қалыптасуы мен даму кезеңдері

3. Мемлекеттің салық саясатының қазіргі жағдайы

Қорытынды
Пайдалынған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

Салық - кез-келген өркениетті мемлекеттің негізгі табыс көзі.
Нарықтық қатынастар жағдайында салық жүйесі мемлекеттің қаржылық-кредиттік механизмінің негізі, экономиканы ретке келтіруші маңызды құралы болып табылады. Салық жүйесі қаншалықты дұрыс құрылса, шаруашылық қызметінің тиімділігі соған байланысты дамиды.
Батыс елдерінде салық салу мәселелеріне Қазақстанның тәуелсіз салық жүйесінің дәл бүгінгі шынайы жағдайына бейімделген теориялық тұжырымдар мен салық теориясын түпкілікті зерттеген отандық ғалымдар қатары аз.
Салықтардың маңыздылығы жөнінде классик ғалымдар: салықтар қоғамның кластарға бөлініп, мемлекеттердің қалыптасуына қатысты пада болған бұқара билікті қамтамасыз ету үшін төленетін азаматтардың төлемдері екендігін атап өткені бізге тарихтан мәлім. Бұл тұжырымнан байқағанымыздай қоғамның даму тарихында бір де бір мемлекет салықсыз қызмет еткен емес, себебі ұжымдық қажеттіліктерді өтеу барысындағы өз қызметін жүзеге асыру үшін мемлекетке белгілі ақша қоры қажет. Осыдан келіп, салық ауыртпалығының аз мөлшері мемлекеттің белгілі бір қызмет түрлерін жүзеге асыруда шығарған шығынын өтеумен анықталады. Айталық, мемлекеттік басқару, қорғаныс, сот, қоғамдық тәртіпті сақтау сияқты мемлекеттік қызмет түрлері көбейген сайын, салықтар түрі де көбеюі тиіс.
Салықтық төлемдердің шынайы мәнін түсіну үшін оның негізгі принциптерін анықтап алған жөн. Қазіргі заманғы нарықтық экономикалық сипаты басым салық принциптерін атап өтуге болады:
-- салық ставкасының мөлшері әрбір салық төлеушінің мүмкіндіктерін ескере отырып, яғни, табысына қарай белгіленгені жөн. Табысқа салынатын салық прогрессивті болуы керек. Алайда, бұл принцип әрқашан сақталмай, көптеген елдерде салықтар пропорционалды түрде есептелуде;
-- табыстарға салықтың бір рет қана салынуына күш жұмсау қажет;
-- табысқа немесе капиталға бірнеше мәрте салық салынуына жол берілмегені жөн;
-- салық төлеу міндеттілігі әркімге тән;
-- салықтарды төлеу жүйесі мен процедурасы салық төлеушілерге түсінікті, қарапайым және ыңғайлы болғаны жөн, ал салық жинаушы мекемелер үшін салық жинау экономикалық тұрғыдан үнемді болғаны абзал;
-- салық жүйесі қоғамдық - саяси өзгермелі өзгерістерге оңай ыңғайланатындай тиімді болуы керек;
-- салық жүйесі қалыптасқан жалпы ішкі өнімді бөлуді қамтамасыз етіп, мемлекеттік экономикалық саясаттың тиімді құралына айналуы тиіс.

1.Қазақстан Республикасында салық салудың көрінісі

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы егемендік алып, дербес мемлекет болған және белсенді түрде нарықтық экономикаға өту кезінде салық жүйесі елеулі орын алады. Өзінің тәуелсіздігін және дербестігін алған кез-келген мемлекетке тұрақты, әрі күшті қаржылық база қажет. Дамыған елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай нарықтық экономика жағжайында мемлекеттің қаржылық негізі шаруашылық субъектілерден және халықтан жиналған салық болып табылады.
Экономикалық жағынан салық жүйесі мемлекеттің, аймақтардың және муниципалды құрылымдардың қызметін қаржылай қамтамасыз етуге байланысты әр түрлі мемлекеттер, мемлекет пен салық төлеуші арасындағы, әр түрлі салық төлеушілер арасындағы, сондай-ақ оған тікелей қатысушы заңды және жеке тұлғалар арасындағы күрделі өзара байланысты әлеуметтік-экономикалық қатынастардың жиынтығын құрайды.
1995 жылдың 24 сәуірінде қабылданған ҚР Президентінің Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы заң күші бар жарлығы салық жүйесіне оңтайлы өзгерістер енгізді. Олардың қатарына қолданылып келген салықтар мен салықтар мен алымдар санының 46-дан 11-ге қысқартылуы, салық салу принциптерінің дүниежүзілік тәжірибеге сай өзгертілуі, халықаралық салық салу тәртібінің енгізілуі, салықтардың нышанына, белгілеріне қарай топталуы, сонымен қатар бұл құжаттың көптеген заңдармен тығыз байланыстылығы, салықтық әкімшіліктің жаңа ережелерінің енгізілуі салық жүйесіндегі басқа да түбегейлі өзгерістер жатады. Әрине мемлекттің нарықтық экономикалық қатынас талабына сай дамуы жағдайында салық жүйесінің бір орында, өзгеріссіз қалуы мүмкін емес. Алайда қысқа уақыт аралығында қабылданған шексіз өзгерістер мен толықтырулардың енгізілуі нәтижесі оның әлі де болса жетілмегендігін көрсетеді.
Қазақстандағы салықтардың атқаратын реттеуші қызметіне кеңінен тоқталсақ, оның оншалықты өз атына сәйкес келе бермейтін жақтарын байқаумызға болады. Салықтардың реттеушілік ролі негізінен мынадай шарттарға жауап беруі қажет: мемлекеттік бюджетке түсетін кіріс мөлшерінің белгілі бір деңгейін ұстап отыру және кәсіпорындар мен жеке тұлғаларға салынатын салықтардың ауыртпалығын реттестіру.
Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясында болашақтағы мемлекетіміздің негізгі байлық көзі шикізатты, соның ішінде ең біріншіден мұнайды экспорттау болып табылады. Осыған сәйкес, салық жүйесінің алдында тұрған маңызды мәселелердің бірі шикізатты экспорттаушыларға салынатын салықтардың тиімділігін арттыру болып табылады.
Қазақстан Республикасының азаматтары, шет мемлекеттің азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар табыс салығын төлеуші жеке тұлғаларға жатқызылады. Резидент - Қазақстанда салық жылы басталатын немесе салатын кез келген тізбекті 12 айлық кезеңде 183 күн немесе одан да көп күндер бойына Қазақстанда жүрген не шетел Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметінде төлеуші жеке тұлға.Жеке тұлға өзінің келген жылының алдындағы жылы Қазақстанның резиденті болса ғана өзінің келген кезіңнің алдындағы кезең үшін резидент ретінде қаралады. Жеке тұлға өзінің Қазақстанда болған жылы аяқталған жылдан кейінгі жылы резидент болса ғана ол Қазақстанда болған кезеңнен кейінгі кезең үшін резидент ретінде қаралады.
Салық төлеушінің бір жылғы жиынтық табысы мен табысты алуға шыққан шығындардың арасындағы айырма ретінде есептелген табысы табыс салығын салу объектісі болып табылады. Салық төлеуші резиденттің жылдық жиынтық табысы резидентінің қандай көздерден алынғанына қарамастан Қазақстан Республикасында және Қазақстан Республикасынан сырт жерде алған табыстарынан құралады. Салық төлеуші резиденттің жылдық жиынтық табысына оның Қазақстан Республикасында немесе одан сырт жерде алынғанына қарамастан Қазақстандағы көздерден алынған табыстары кіреді.

2.Қазақстанда салық жүйесінің қалыптасуы мен даму кезеңдері

1991 жылға дейін, яғни КСРО ыдырағанға дейін елде көбінесе экономиканы басқарудың әміршіл-әкімшіл жүйесіне, бағаларға қатаң мемлекеттік реттеуге сәйкес келетін салық жүйесі қызмет етті. Бюджеттің басты кіріс көздерінің бірі болған айналым салығы тіркелген бөлшек сауда және көтерме сатып алу бағаларын қолдануға және мемлекеттік реттеп отыруға бағытталған болатын. Қазақстан егемендікке ие болғаннан кейін 1991-1995 жылдары қабылданған бірқатар заңдарға сәйкес республикада жаңа салық жүйесі қалыптасты.
1991 жылдың 25 желтоқсанынан бастап біздің елімізде тұңғыш салық жүйесі қызмет ете бастады. Ол Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы заңға негізделді. Бұл заң салық жүйесін құрудың принциптерін, салықтар мен алымдардың түрлерін, олардың бюджетке түсу тәртібін белгілеген алғашқы құжат еді. Осы заңға сәйкес Қазақстанда 1992 жылғы қаңтардың 1-нен бастап 13 жалпы мемлекеттік салық, 18 жергілікті салықтар мен алымдар, 11 жалпыға міндетті жергілікті салықтар мен алымдар енгізілді.
Дегенмен, өмірге келген әрбір жаңа құбылыста кездесетін ерекшеліктермен қатар кемшіліктер де бұл заңда да орын алды, яғни ҚР алғашқы салық жүйесінде бірқатар шешімін таппаған мәселелер болды. Атап айтсақ, біз салық жүйесін құрғанда елемізде жиынтықталған ғылыми және практикалық тәжірибе болған жоқ. Салық қызметі де, салық төлеушілер де мұндай жаңа бастамаға психологиялық жағынан дайын еместігі көрінді. Салық жүйесінде дүниежүзілік тәжірибеде қолданылып келген салық салу принциптері сақталмады. Сондықтан бұл салық жүйесінің нарықтық қатынастардың талабына толығымен жауап беруге мүмкіндігі болмады. Ең бастысы, салық жүйесінің өндірісті дамытуға еш ықпал етпеуі, бюджет кірісін құрудағы өз ролін жете атқара алмауы, яғни салық көзі табыс не пайда емес, керісінше тұтыну болды.
Салық санының көптігі, айналымды анықтаудың қиындығы, шектен тыс дәлелсіз берілген салық жеңілдіктері, салық ставкаларының бір салық түрі бойынша бірнеше түрлі болуы, халықаралық салық салу негіздерінің тыс қалуы және т.б. кемшіліктер салық жүйесін одан әрі реформалаудың қажеттігін көрсетті.
ҚР Үкіметі 1995 жылдың басында салық реформасының ұзақ мерзімді тұжырымдамасын қабылдап, онда еліміздің салық жүйесі мен заңнамасын бірте - бірте халықаралық салық салу принциптеріне сәйкестендіру көзделді. Осыған байланысты Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы 1995 жылғы сәуірдің 24-нде ҚР Президентінің заң күші бар жарлығы шықты. Ендібұрынғы 42 салықтар мен алымдар едәуір қысқартылып, олардың саны 11 болып қалды. ҚР Президентінің 1999 жылғы шілденің 16-сындағы № 440-I заңына сәйкес заң мәртебесін алды. Осы уақыт аралықтарында Президент жарлықтарымен және ҚР заңдарымен бұл заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Осы уақыт аралығында Президент жарлықтарымен және ҚР заңдарымен бұл заңға бірнеше рет өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. 2002 жылға дейін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нарықтық қатынастар жағдайында ҚР-сы салық жүйесінің дамуы
Қазақстан Республикасының қаржы саясаты және оның нарықтық экономиканы дамытудағы ролі
Өнеркәсіптік кәсіпорындағы салық салу
Бюджетаралық қатынас: жағдайы мен дамуы
Салық жүйесінің экономикалық мәні мен маңызы
«Қаржы» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен
Мемлкееттік бюджет
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің дамуы
Қазақстан Республикасының салықтық жүйесінің құрылымы
Бұланды ауданы салық комитетінің мысалында экономиканы мемлекеттік реттеу
Пәндер