ҚР жекешелендіру мәні, кезеңдері және оны жүргізу әдісі


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: ҚР жекешелендіру мәні, кезеңдері және оны жүргізу әдісі.

Орындаған:Жакенова Г. Е.

Тексерген: Қуантхан Б. Қ

Тобы: ВМ-401

Семей 2015 ж.

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

1. Жекшелендіру теориясы

2. Қ. Р-нда жүргізілетін жекешелендіру мақсаты, тәсілдері, бағыттары

3. Қ. Р-ндағы жекешелендіру кезеңдері

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Меншік - қоғамдық құрылыстың негізі - қоғамдық бастаулардың негізіне жатады. Меншік экономикалық категория ретінде өндіріс құрал - жабдықтарын және өндірілген өнімдерді иемденуге байланысты адамдар арасында туындайтын қоғамдық қатынастар.

Меншік қатынастарын дұрыс түсіну үшін, оны иемдену қатынастарымен салыстыру қажет. Иемдену - затты меңгеріп алудың нақты қоғамдық әдісі. Иемдену осы берілген меншіктің және оның нақты түрлерінің негізі, тамырлы белгісін құ райды. «Меншік» және «иемдену» деген түсініктерді ажыратып, әрқайсы жеке танып білу қажет: бұ лардың жеке ұ ғымдар және экономикалық қатынастар жүйесінде өздерінің жеке орындары болады.

Меншік ол зат емес, меншік - заттарға байланысты адамдар арасындағы қатынастар, яғни меншік объектісін пайдаланудағы субъектінің құқығы.

Меншіктің экономикалық мағынасы келесі қатынастармен сипатталады:

  1. Иемдену- затты өз игілігіне пайдалану.
  2. Жатсындыру- меншік объектісін иеліктен шығару
  3. Жекелешелендіру- әр бір тауар өндіруші мамандығы бойынша белгілі бір тауар өндірісіне жекеленеді.
  4. Қоғамдастыру- еңбектің қоғамдық сипатының дамуы.
  5. Өндірістіңматериалдық және жеке факторының бірігу тәсілі.
  6. Табыстыбөлу әдістері.

Осының ішіндегі жекешелендіруге тоқталамыз.

1. Жекешелендіру теориясы

Жекешелендіру - меншік қатынастарын реформалау арқылы мемлекеттік меншікті меншіктің басқа нысандарына айналдыру процесі. Ол бұрынғы социалисттік жүйеден нарықтық экономикаға көшудің өзекті шарты болып табылады, шаруашылық субъектілерінің іс белсенділігін күрт арттыру үшін, экономикалық бәсекелестікті жандандыру үшін жүргізіледі. Жекешелендіру - бұлақысызтапсыру, сату, акцио­нерлеу, беру, т. б. . , .

Жекешелендіруді кейде әлемді жаулап алатын тын­ыш революция деп те атайды. Негізінде, қазір, бұл процеске түрлі әлеуметтік экономикалық қатынастардағы әлемнің 50-ден астам елдері қатысады. Осы қайта құруларға ұмтылу­шы­лық әлемде, әсіресе 1981 жылдан бастап күшейді және қазіролар меншіктің жаңа қатынастарын құрудың өзекті процесіретіндегі даудың кез-келген деңгейі мен идеологиялық бағыттарынан тәуелсіз барлық елдерде жүргізіледі. Жекешелендірудің негізгі себебіне тәртіп бойынша мемлекеттік кәсіп­орындар ұлттық байлықты жұмсаушы болып табылатын, бюджеттік дағдарыстар әсерінен болған қаржы тапшылығы жатады.

Жекешелендірудің басты мәселесі - экономиканың жеке секторында тауарлар мен қызметтер өндірісінің басым бөлігі орталықтанатын институционалдық өзгерістерді қамтамасыз ету. Мақсаты - мәжбүрлі мемлекеттік тапсыр­ма­ны қысқарту, тауарлардың нарықта еркін сатылуын кеңейту, бағаны бейтараптандыру, тауар өндірушілердің бәсекелестігі мен олардың экономикалық жауапкершілігін қамтамасыз ету. Алайда, осының барлығы экономикалық және заңды нормативтер негізінде мемлекетті реттеушілік қызметтен босатуды білдірмейді. Жекешеленген кәсіп­орын­дардың барлық жеке және заңды иелері тек эконо­ми­калық және заңды борыштарды атқаруға, яғни олардың сақталуына, көбеюіне, меншік объектілерінің тиімді қызмет етуін қамтамасыз етуге ғана емес, сонымен қатар нарықтық жүйе инфрақұрылымын құруға келісті. Алайдатүрліел­.

Мемлекеттік өндіріс орындарын жекешелендіру - күрделі мәселе, ол әсіресе халықтың менталитетіне тура байланысты болғандықтан қысқа мерзімде өткізу қиын. Әсіресе, жерді, оның қазба байлықтарын жекешелендіру ұзақ уақытты талап етеді. Сол сияқты кейбір стратегиялық маңызды салаларда (қару-жарақ, ядролық заттар, тағы басқа өндірістер), не болмаса нарыққа көшіруге әлі толық негіз болмаған жағдайларда (іргелі ғылым, кейбір білім, мәдениет, өнер, тағы басқа орталықтар) жекешелендіру жүргізілмейді, олар мемлекет меншігінде қала береді. Қазақстан Республикасында мемлекет меншігінен алу және жекешелендіру процесі шаруашылық серіктестіктер және акционерлік қоғамдар жөнінде заңдар жүйесімен, нормативтік актілер арқылы және мемлекеттік бағдарламалар негізінде жүргізілді.

2. Қ. Р-нда жүргізілетін жекешелендіру мақсаты, тәсілдері, бағыттары

Қазақстан Республикасында мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің негізгі мақсаты мынада:

  • шаруашылық субъектілерінің тиімді түрі ретінде жеке меншік топтарын қалыптастыру;
  • бәсекелестік ортаны қалыптастыру арқылы, өндірісті монополиясыздандыруды қамтамасыз ету;
  • шағын және орта бизнесты дамыту;
  • жеке бизнес басымырақ ұйымдық шаруашылық құрылымды қалыптастыру;

бағалы қағаздар нарығының субъектісі ретінде инвестициялық құрылым жүйесін дамыту және нығайту.

Жекешелендірудің тәсілдері

1. Аукционда байқау бойынша сату және сатып алу.
2. Кәсіпорын капита-лының үлесін сату (акцияларды)
3. Жалға берілген кәсіпорынның мүлкін сатып алу.

Қазақстан Республикасында жекешелендіру мен мемлекет иелігінен алу процесі «Жекешелендіру және мемлекет иелігінен алудың Ұлттық бағдарламасына» сәйкес жүргізіледі. Жекешелендіру үш негізгі бағытта жүргізіледі.

  1. Кіші жекешелендіру- еңбеккерлердің саны 200 адамға дейін.
  2. Жаппай жекешелендіру- орташа және ірі кәсіпорындар (200-500 адам) және халыққа жекешелендіру купондарының бөлінуіне негізделді.
  3. Жеке жобалық жекешелендіру- ірі кәсіпорындар мен мемлекеттің ерекше маңызды кәсіпорындары.

3. Қ. Р-ндағы жекешелендіру кезеңдері

Қазақстан республикасындағы жекешелендіру мен мемлекет иелігінен алу процесін 4 кезеңге бөлуге болады :

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР жекешелендіру мәні, кезеңдері,оны жүргізу әдістері жайлы
ҚР-да жекешелендіру мәні, кезеңдері және оны жүргізу әдістері
ҚР жекешелендіру мәні, кезеңдері және оны жүргізу әдістері
ҚР-ның жекешелендіру мәні, кезеңдері мен оны жүргізу әдістері
ҚР жекешелендіру мәні, кезеңдері мен оны жүргізу әдістері жайлы
ҚР жекешелендіру мәні, кезеңдері
ҚР жекешелендіру мәні, кезеңдері және оны жүргізу туралы
ҚР жекешелендіру мәні, кезеңдері және оны жүргізу әдістері жайлы ақпарат
Қазақстан Республикасының жекешелендіру, кезеңдері және оны жүргізу әдістері
МЕНШІККЕ МЕМЛЕКЕТТІК МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУДІҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz