Оқушылардың оқу мотивтерін қалыптастырудағы психологиялық ерекшеліктер


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЕЛЕКЕТТІ

УНИВЕРСИТЕТІ

ПСИХОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕР ПСИХОЛОГИЯСЫ ПӘНІ

С Ө Ж

Тақырыбы : Оқушылардың оқу мотивтерін қалыптастырудағы психологиялық ерекшеліктер.

Орындаған : Тұрсынғали Аида, ПХ-415,

2-курс студенті

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ, 2015 ЖЫЛ

Жоспар :

  1. Мотивация психология ғылымында іс-әрекеті мен белсенділігін реттейтін фактор
  2. Оқу мотивтерінің қалыптасуы
  3. Оқушылардың оқу мотивациясының қалыптасуыдағы ерекшеліктер
  1. Мотивация психология ғылымында жеке бастың мінез-құлқы, іс-әрекеті мен белсенділігін реттейтін фактор ретінде қарастырылады. Ал жеке тұлғаның іс-әрекеттің қандайына болсын мотивациялық ерекшеліктерін ескермей әлеуметтік психологиялық тиімді өзара әрекет, қатынас жасау мүмкін еместігі белгілі. Әрбір жеке тұлғаның мотивациясы өзіндік сипатқа ие болатындықтан, нақтылы фактілер мен заңдылықтарды талқылауға өтпей тұрып, негізгі ұғымдарды анықтап алу керек. Қазіргі кездегі психология ғылымы мотив, мотивация ұғымдарына әр түрлі анықтамалар береді. Біз мотивті іс-әрекетті оятушы күш және ол белгілі қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталады; мотив ретінде жеке тұлғаның қызығушылықтары, әлеуметтік құрылымдар, құндылықтар, идеалдар әсері алынады деген пікірді ұстанамыз. Мотивтің мотивациядан айырмашылығы, мотив - субъектінің тұрақты, жеке басына тән қасиеті және белгілі бір іс-әрекет жасаудағы ішкі оятқыш күші болып табылады танымдық мотивтер өз ішінен бірнеше шағын топтарға бөлінеді:1) кең ауқымды танымдық мотивтер; 2) оқу-танымдық мотивтер; 3) өзін-өзі дамыту мотивтері.

Ал әлеуметтік мотивтердің түрлері мынадай болады: 1) кең ауқымды әлеуметтік мотивтер; 2) тар ауқымды әлеуметтік мотивтер немесе позиционды мотивтер; 3) әлеуметтік тұрғыдан бірлесіп еңбек ету мотиві.

Оқу мотивтерінің қалыптасуы білім мен тәрбиенің негізінде жатыр. Адамның белсенділігі, қызығушылығы, еңбекке жауапкершілікпен қарауы, мектеп қабырғасынан басталады, яғни баланың оқу іс-әрекеті процесінде қалыптасады. Жеке адамның қоғамдық маңызы бар мотивтерінің, қажеттіліктерінің қалыптасуы мектеп алдында тұрған маңызды мәселелерге жатады.
Оқу мотивтерін зерттеу барысында оқушылардың не үшін оқығысы келмейтінін, мотивтерінің қандай жақтары онда қалыптаспаған, қандай жағдайда ол оқығысы келмейді, оқуға деген мотивтерін қалай қалыптастыруға болатындығын түсіндіруге, анықтауға тырысу керек. Оқушылардыңң мотивтері оқу үрдісінде әр түрлі жағдайларда көрініс табады. Мысалы, кең ауқымды танымдық мотивтер тапсырманы орындау барысындағы шешім қабылдаудан, қосымша мәліметтерді білу негізінде оқытушыға қойған сұрақтарынан білінеді; оқу-танымдылық мотивтер - тапсырманы өз бетімен орындауда әр түрлі амал, тәсілдерді іздестіруі, жұмысты орындау тәсілдерін салыстыру туралы оқытушыға қойылатын сұрақтар; өзін-өзі дамыту мотивтері - оқу еңбегін рациональді ұйымдастыруға байланысты ұстазға қойған сұрақтарынан көрінеді. Әлеуметтік мотивтер оқушының жауапкершілігі мен парызын түсіну әрекеттерінен көрінеді; позиционды мотивтер - құрдастарымен қарым-қатынас жасауға ұмтылысы, жолдастарына көрсеткен көмегі мен пікірі; әлеуеметтік бірлескен еңбек мотивтері - ұжымдық жұмысқа ұмтылысы негізінде пайда болады. Оқушылардың оқу мотивтері олардың бағыттылығына және дәрежесіне байланысты; мотивациялық аймақтың иерархиясына байланысты; жеке мотивтердің өзара келісімділігі мен үйлесімділігі бойынша; мотивтердің тұрақтылығына байланысты; мотивтердің әрекеттері мен олардың мінез-құлыққа тигізетін әсері бойынша сипатталады.

Мотив формаларының ерешкеліктері мотивтердің динамикалық сипатын құрайды. Оларды жекелеп, айқындалық.

  • Алғашқы немесе маңызды ерекшеліктердің бірі - мотив тұрақтылығы мен оқушылар үшін құнды мотивтердің тұрақты болып қалыптасуы аса маңызды деп санаймын.
  • Мотивтердің көріну формасының екінші ерекшелігі - оның эмоциональдік бейнесі, модальдігі. Психологтар оқу мотивациясының жағымды және жағымсыз жақтары туралы сөз қозғайды. Жағымсыз мотивация оқушылардың оқу үрдісінде жауапсыздық танытуға кезінде саналы түрде пайда болатын жағдай (ескерту, төменгі бағалар, берілетін сөгіс, уайымдау, т. б. ) арқылы көрінеді. Жағымды мотивация - оқушының оқу еңбегінде жеткен жетістіктері мен, жаңа білімді меңгерімен, қоршаған адамдармен жақсы қарым-қатынаста болуымен байланысты.
  1. Оқу мотивтерінің формаларыәрқашанда оқытушы назарында болуы тиіс; олар бойынша оқытушы оқушытің мотивациясының сипаты туралы алғашқы мәлімет алады. Бірақ оқушының оқу мотивтерінің ішкі, мазмұнды ерекшеліктеріне талдау жасалуы қажет. Оқушытің оқу іс-әрекеті және оның табыстылығы туралы айтпас бұрын, жеке адамның интеллектуальдік дәрежесіне көңіл аудару қажет. Экспериментальді зерттеулерден (Т. Д. Дубовицкая, В. И. Ковалев) мотивациялық және интеллектуальдік факторлардың сәйкестігі мәселесіне көңіл аудару қажеттігі шығады. Оқушылардың эстетикалық шығармашылығын зерттеу барысында осы іс-әрекетке деген жоғарғы мотивациясының арнайы қабілеттіліктің жеткіліксіз дәрежесін компенсациялағаны байқалады. Техникалық шығармашылыққа оқушылар оригинальді модельдер жасап шығарған (В. И. Ковалев, А. К. Маркова) . Ал олардың белгілі бір іс-әрекетке деген мотивациясы төмен, бірақ арнайы қабілеттерінің дәрежесі жоғары жолдастары жұмысты шығармашылық қабілетпен орындай алмады. Оқушының оқу мотивациясын қалыптастырмас бұрын сол оқушыны тереңірек танып білу қажет. Қазіргі үнемі құбылып тұратын дүниеде бірінші орынға оқушының пәндік білімдері, дағдылары, шеберліктері ғана емес, сонымен қатар қоғамдық прогрессті қамтамасыз етеін белсенді іскер адамның жеке басы қойылады. Тек қана адамның жеке басы мен индивидуальділігі білім беру үрдісінің нәтижесі болып табылады. Жеке бастың тәрбиесі оның қажеттіліктері мен мотивтер жүйесінің дамуына байланысты және оқу мотивациясының сипаты мен жеке бастың ерекшеліктері білімнің сапа көрсеткіштері болып саналады. Біздің зерттеулерді де оқушылардың табысты оқу мотивациясының факторы интеллект факторына қарағанда күштірек болатыны тағайындалған-ды.
  2. Оқушылардың оқу мотивациясының қалыптасуына мынадай ерекшеліктер қатары әсер ететіні белгілі болды:

- өмірдегі өз орнын табу және болашаққа жоспар құру қажеттілігі;

- азаматтық борышқа байланысты әлеуметтік мотивтердің қалыптасуы;

- өзін-өзі дамытудың барлық формаларына деген қызығушылық;

- қоршаған адамдардың пікіріне тәуелсіз қызығушылықтарының тұрақтылығы;

- мамандыққа байланысты нақты мотивтер мен мақсаттарды таңдауы;

- тек өзіне ғана емес, басқаларға да қатысты шешім қабылдауы;

- мамандықты таңдаудағы өз мүмкіншіліктерін бағалауы, өмірлік позициясын түсінуі;

- әлеуметтік және танымдық мотивтердің қоспасы ретінде оқушытің өз дүниетанымын түсіну тенденциясы;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Географияны оқыту әдістемесінің мақсаттары мен міндеттері
Оқушылардың оқу мотивтерін қалыптастырудың психологиялық ерекшеліктері туралы
Бастауыш мектеп оқушыларының мотивациясының теориялық негіздері
Рефлексия - тұлғаның өзіндік тануының жолы мен формасы
Бейіндік оқыту сатылары
Оқушылардың оқу мотивтерін қалыптастырудың психологиялық ерекшеліктері
Студенттердің оқу әрекетінің мотивациясын арттыру мәселесі
Кіші мектеп жасындағы балалардың оқу танымдық мотивациялық сферасы
Бастауыш сынып жастағы оқушыларды оқыту процесінде пәнаралық байланысты жүзеге асыру мәселелері
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әркетін мотивацияландырудың педагогикалық шарттары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz