Экономикалық жүйенің дамуы үшін қажетті алғы шарттар мен жағдайлар жайлы



1. Экономикалық жүйелердің мәні, әртүрлі жіктелу өлшемдері, түрлері және ұйымдастыру үлгілері
2. Экономикалық жүйенің негізгі түрлері
3. Экономикалық жүйенің дамуы үшін қажетті алғы шарттар мен жағдайлар
4. Экономикалық жүйенің типтері мен модульдері

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Экономикалық жүйе материалдық игіліктер мен қызметтер өндіруде тұтынушылар мен өндірушілер арасындағы ерекше тәртіпке келтірілген жүйе. Экономикалық жүйе көпфакторлы: шаруашылық шешімін қабылдау жүйесі, меншік құрылымы, ақпаратпен қамту механизмі, адамдарды еңбекке тарту мен мақсат қою механизмі. Факторларды шаруашылық, әкімшілік, ақпараттық деп жіктеуге болады. Шаруашылық құрылым: шектелген ресурстарды пайдалануға қатысты материалдық техикалық база элементтерінің өзара әрекеті. Әкімшілік құрылым: шектелген ресурстарды меңгеруге байланысты құқықтар мен міндеттер тізбесін заңдық белгілеу. Тарихи алғаш пайда болған өндірісті экономикалық ұйымдастыру типі натуралды шаруашылық болды.
Нарықтық экономика. Алматы, 1995
Байтуғанов Ж.М., Әуелбаев С.Ш. Нарықтық экономика. Мейірбеков А.Қ. Кәсіпорын экономикасы. Алматы: “Экономикс”, Әубәкіров. Я “Экономикалық теория және нарықтық Әубәкіров Я., нәрібаев н., Есқалиев м.,Шеденов Ө.Қ., Жүнісов Б.А., Байжомартов Ү.С.,Энгельс Ф. «Анти-Дюринг» - ІҮ1.; 1973,Эклунд К. «Эффективная экономика. Шведская модель».,Брагинский СВ., Певзнер Я.А. Политическая экономия.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Экономикалық жүйенің дамуы үшін қажетті алғы шарттар мен жағдайлар

Орындаған: Тоқтарғазыева Қорлан
Топ: ТЖ-405
Тексерген: Қуантқан Б.Қ

Жоспары:
1. Экономикалық жүйелердің мәні, әртүрлі жіктелу өлшемдері, түрлері және ұйымдастыру үлгілері
2. Экономикалық жүйенің негізгі түрлері
3. Экономикалық жүйенің дамуы үшін қажетті алғы шарттар мен жағдайлар
4. Экономикалық жүйенің типтері мен модульдері

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Экономикалық жүйе материалдық игіліктер мен қызметтер өндіруде тұтынушылар мен өндірушілер арасындағы ерекше тәртіпке келтірілген жүйе. Экономикалық жүйе көпфакторлы: шаруашылық шешімін қабылдау жүйесі, меншік құрылымы, ақпаратпен қамту механизмі, адамдарды еңбекке тарту мен мақсат қою механизмі. Факторларды шаруашылық, әкімшілік, ақпараттық деп жіктеуге болады. Шаруашылық құрылым: шектелген ресурстарды пайдалануға қатысты материалдық техикалық база элементтерінің өзара әрекеті. Әкімшілік құрылым: шектелген ресурстарды меңгеруге байланысты құқықтар мен міндеттер тізбесін заңдық белгілеу. Тарихи алғаш пайда болған өндірісті экономикалық ұйымдастыру типі натуралды шаруашылық болды. Натуралды шаруашылықта адамдар өнімді тек қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ғана пайдаланады. Айырбас, сауда жасамайды. Не, қалай және кім үшін деген сауалдарға өз шаруашылығының қажеттілігіне қарай жауап береді. Натуралды шаруашылықпен салыстырғанда күрделі -товар шаруашылығы. Товар шаруашылығында тұтынушы мен өндірушіні байланыстыратын рынок, товарлар мен қызметтер сату үшін өндіріледі. Товар шаруашылығының пайда болу алғышарты -еңбек бөлінісі. Онда өндірушілер нақты товар түрлерін өндіруге маманданады. Товар өндірісінің даму кезеңдері айырбас пен рынокқа байланысты. Әр рынок типтеріне сай товар өндірісі моделі болады:
1. дамымаған рынок товар өндірісі;
2. еркін рынок товар өндірісі;
3. реттелмелі рынок товар өндірісі;
4. деформацияланған рынок товар өндірісі.
Дамымаған рынок товар өдірісі (қарапайым товар өндірісі) қоғамдық еңбек бөлінісіне негізделеді, өндірістік құрал жабдықтарға жеке меншік пен товар өндірушінің жеке еңбегін қажет етеді. Қарапайым товар өндірісі кезінде рынокқа жасалған өнімдердің бір бөлігі ғана келіп түседі. Сондықтан тұтас экономиканы қамти алмайды.
Еркін рынок товар өндірісі (рыноктық экономика) жалпы сипатқа ие. Онда: ерекше товар болып адамның жұмыс күші қабылданады да, өндіруші өз еңбегін емес, жалдамалы еңбекті пайдаланады; қоғамның өндірген өнімінің басым бөлігі сатуға рынокқа шығарылады.
Реттелмелі рынок товар өндірісі экономикада екі: мемлекттік және жеке меншік секторлардың болуымен ерекшеленеді. Мемлекет белсенді түрде рыноктық экономика қызметіне араласады, бірақ рыноктың реттеуші қызметін де жоққа шығармайды. Мемлекеттік реттеудегі негізгі формалар: заңдық, салықтық, қаржылық.
Реттелмелі рынок товар өндірісінің бірнеше модельдері бар:
1. әлеуметтік рыноктық шаруашылық (мысалы Германия);
2. аралас экономика (АҚШ);
3. карпоративтік экономика (Жапония, Швеция).
Деформацияланған рынок товар өндірісі -- командалық әкімшілік экономика. Рыноктық еркін қатынастарды басып, тұрақты түрде ұлттық экономиканы мемлекеттік реттеу іске асырылады.
Товар өндірісі ұғымы рыноктық экономика ұғымынан әлдеқайда кең.
Күнделікті экономиклық өмірде адамдар арасындағы қатынастар әрқашан да белгілі экономикалық жүйе ретінде қызмет жасайды.
Экономикалық жүйе - бұл экономикалық процестердің жиынтығы. Ол қалыптасқан мүліктік қатынастар мен ұйымдық түрлер негізінде қогамда жүзеге асады. Әлемдік экономикалық әдебиеттерде экономикалық жүйені топтаудың кең таралған екі фактор негізінде жүргізіледі:
Меншік типтері бойынша;
2. Экономиканы ұйымдастыру типтері бойынша;
Осындай әдістер негізінде экономикалық жүйені төмендегідей типтерге бөледі:
а) дәстүрлі экономика;
ә) әкімшілдік - әміршілдік экономика;
б) еркін бәсекелестік (таза капитализм) нарықтық эконмика;
в) қазіргі нарықтық экономика (қазіргі капитализм) немесе аралас экономика.
Енді осы типтерге толығырақ тоқталайық.
а) дәстүрлі экономика тұйық, оқшау шаруашылыққа негізделелі. Ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырған дәстүр мен салт, қандай тауарды қалай, кім үшін өндіру арқылы анықталады. Экономиканың осы түрі бұрынғы заманға қарағанда, Азия, Латын Америкасы мен Африка елдерінде қазір өте сирек кездеседі.
б) еркін бәсекелестік нарықтық экономика ресурстарға жеке меншіктік және тауар өндірушінің еркін бәсекелік механизмімен сипатталады. Тұлға өзінің барлық материалдық және рухани мүмкіндіктерін өз пайдалығы үшін қолдануға тырысады. Ол күнделікті өмірде қоғам үшін пайда келтіруді ойламайды. Адам тек өзінің мүддесін көздейді, бірақ бұл жағдайда көптеген басқа кездегідей, ол көрінбейтін қолмен, мақсатқа қарай бағыттайды және оның ойында бұл боғандай емес. Өзінің ойлаған мүддесін тіпті саналы түрде көздегенмен де, ол қоғам мүддесіне батымды - ақ жиі қызмет жасайды.
Мұндай экономика ең идеалды экономика ретінде қарастырылады. Еркін (либералды) нарықтық экономиканың негізін қалаушы А.Смит болды. Ол нарықтық экономикаға барынша еркіндік беру қажет деп есептеді. Алайда еркін нарықтық экономиканың нақты қызмет атқаруы көрсеткеніндей, оның бөлінбес серігі - артық өндіру экономикалық дағдарысының үнемі туындауы болып келеді. Экономикалық дағдарыстар тарихын зерттеуі көрсеткендей, олар 1825 жылдан бастап үнемі әрбір 8 - 10 жылда қайталанып отырады. Дағдарыс кезінде саудада тоқырау басталады, нарыққа өтпейтін өнімдер мөлшері көбейіп кетеді, қолма - қол ақшалар айналымнан жойылады, зауыт пен фабрикалар тоқтатылады және жұмысшылар жұмыссыз қалады. Тоқырау жылдарға созылады және экономика бүлінеді.
Кез-келген қоғам экономиканы ұйымдастыру және оның мәселелерін шешу үшін өз қарамағында әртүрлі құрылымдарды, тетіктерді және институттарды қолдана алады. Осындай механизмдердің бірсыпыра жиынтықтарын экономикалық жүйелер арқылы қарастыруға болады. Меншік қатынастарымен ұйымдастырылу түрлеріне сәйкес болатын барлық экономикалық іс-әрекеттердін жиынтығы сол қоғамның экономикалық жүйесін құрайды. Экономикалық жүйенің элементтеріне меншік негізінде қалыптасқан әлеуметтік - экономикалық қатынастар шаруашылықты ұйымдастыру мен басқару әдісі. Экономиканы реттеуші механизм және кәсіпорындар мен басқада шаруашылық субъектісі арасындағы нақты экономикалық байланыстар жатады. Қоғамның саяси жүйесінің негізін экономикалық жүйе құрайды, мысалы: капитализм; социализм - деген ұғымдар саяси жүйеге жатады. Ал нарықты экономика, аралас экономика деген сөздер экономикалық жүйеге жатады.
Барлық жүйелер қоғамдық өндірістің негізін құрайтын 5 мәселені шешу әдістеріне қарай анықталады:
1. Не өндіру керек? Қандай қызмет көрсету қажет.
2. Қанша өндіру керек? Қанша қызмет көрсету керек?
3. Қалай өндіру керек? (қандай технология керек?)
4. Кім үшін өндіру керек?
5. Өзгерген жағдайларға бейімделе алама? (яғни кәсіпкерлердің еркіндігі).
Экономикалық жүйе - бұл экономикалық процестер жиынтығы, ол қалыптасқан мүліктік қатынастар мен ұйымдық түрлер негізінде қоғамда жүзеге асады. Экономикалық жүйелер - экономиканың өзара байланысқан элементтерінің жиынтығы. Экономикалық жүйелердің жіктелу өлшемдері бойынша әртүрлі сыныптамасы бар: Ашықтылық дәрежесі бойынша
Жабық экономикалық жүйе - бұл барлық іскерлік белсенділік операциялардың ел ішінде ғана жүргізілуі орын алатын экономиканың ұйымдастырылуы. Ашық экономикалық жүйе - бұл экономиканың халықаралық экономикалық қатынастар жағдайында белсенді түрде жұмыс жасауы, бұл жерде ұлттық валютамен қатар шетел валютасы қолданылады. Меншік қатынастары бойынша. Дәстүрлі экономикалық жүйе - ғасырлар бойы сақталған салт-дәстүрлерге негізделген қатынастар. Бұл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық жүйенің дамуы үшін қажетті алғы шарттар мен жағдайлар туралы мәлімет
Экономикалық жүйенің дамуы үшін қажетті алғы шарттар мен жағдайлар
Экономикалық жүйенің дамуы үшін қажетті алғы шарттар мен жағдайлар жайлы мәлімет
Экономикалық жүйе: мәні, элементтері, даму сипаты. Экономикалық жүйенің дамуы үшін қажетті алғы шарттар мен жағдайлар
Экономика жүйесін дамыту үшін қажетті алғы шарттар мен жағдайлар
Аралас экономиканың қалыптасуының теориялық ас – пектісі
Кәсіпкерлік түсінігі және оның негізгі түрлері
Қазақстан Республикасында туристік саланың қонақ үй қызметі аясында дамуы
Экономикалық жүйе мәні, элементтері, даму сипаты. Экономикалық жүйенің дамуы үшін қажетті алғы шарттар мен жағдайлар туралы ақпарат
Экономикалық жүйенің дамуы үшін қажетті алғы шарттар және жағдайлар
Пәндер