Патогендік бактериялардың антигендік құрылымы туралы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
БӨЖ
Тақырыбы: « Патогендік бактериялардың антигендік құрылымы »
Орындаған :Балықпаева Л. Е.
Тексерген : Нуркенова М. К.
2015ж
Жоспар:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2. 1 Микроорганизмдер антигендері.
2. 2 Антигеннің қасиеттері
2. 3 Ішек инфекциясын тудыратын бактериялардың антигендік қасиеттері.
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Антигендер (antigen; көне грекше: anti - карсы; көне грекше: genesis - шығу тегі) - организмге әртүрлі жолдармен енген және оған қарсы жүретін иммундық реакциялар нәтижесінде адам мен жануарлар денелерінде қарсы денелер (антиденелер) түзілетін, табиғаты организмге жат ірі молекулалы протеиндік заттар және полисахаридтер, қанға еніп, ерекше антиденелерді қалыптастыруға қабілеті бар полисахаридті немесе ақуызды заттар. Барлық ақуыздарда өте ауыр дерттен қорғау қасиеті бар.
Антигендер - гендеp жағынан ерекше бөлек немесе олардың жасанды түрлері. Организмде арнайы иммундық (антидене, немесе әсерленген лимфоцит клеткаларын жасау) жауап туғыза алады. Антигендік қасиет барлық тірі организмдердің макромолекулаларына-белоктарға, полисахаридтерге, карбогидраттарға, липополисахаридтерге (табиғи антигендер) және бір қатар күрделі жасанды полимерлерге (жасанды антигендер) тән. Барлық табиғи Антигендер белгілі бір биологиялық түрге тән, ал өзара олар тәнсіз, яғни әр түрге тән. Антигендер қүрамында әрдайым иммундық жауаптың тәндігіне жауапкер детерминанттар болады. Бұл жауапкершілік Т-лимфоциттердің рецепторларына жабысу және қорғаныс жауаптарын тұрақтандырумен байланысты.
Микроорганизмдер антигендері.
Микроб клеткаларында топтық және арнайылық антигендердің болуы оларды жіктеуге мүмкіндік береді. Клетка құрамының антигендерінің табиғаты белоктік, полисахаридтік, липидтік заттар. Сонымен қатар олардан бөлініп шығатын токсиндер мен энзимдердің де антигендік қасиеті бар. Көптеген микробтардың антигендек қасиеттері жақсы зерттелген. Туберкулез микробактериясының антигендерінің сны 30- жуық. Табиғаты бойынша липополисахарид, липополипептидтер. Оларға қарсы антиденелер аз түзіледі және қорғаныс қабілеті шамалы болады. Д- балауызбен қосылысқан баяу липополисахаридтік антигенні Фрейнд адьювантының құрамына кіреді. Д - балауыздың белокпен қосылысы баяу жүретін аса сезімталдық реакциясын тудырады. Ботулизм клостридиясының антигендерінің ішінде белоктік экзотоксинінің улылығы өте күшті, 1мг 48 өлтіргіш дозасы бар, зақымданған тері, ас қорыту жолдары арқылы организмге өте алады. Қарын сөлінің ферменттерінің әсерінен күші 10-1000 есе артады. Ботулотоксиндер 6 топқа бөлінеді (А, В, С, Д, Е, ), молекулалық массасы 150 kda, нейтротоксиндер қатарына жатады, антигендігі жоғары. Стрептококтер бірнеше иммунологиялық топтар құрайды және оларды А мен S аралығындағы әріптермен белгілейді. Адамға науқас жұқтыратын А тобы 47 типтен құралады. А тобының клетка бетінде адамның дәнекер тканінің гиалоуринаттарына ұқсас антигендер анықталған. Стрептококтың өзінен бөліп шығаратын 10 астам антигендері бар. Олар организм патогенезінде белгілі бір роль атқарады; эритрогендік токсиндер, гемолизиндер, стрептолизиндер және ферменттер деп бөлінеді. Соның ішінде стрептолизин О ревматизм науқасын тудырады. Стафилакоктің патогендік түрінің клетка бетінде белоктік және полисахаридтік антигендер орналасқан. Белоктік антиген протеин А (мол. 13 kda) IgG молекуласының Е фрагментімен байланыса алады. Оның қасиеті антителоларды бөліп алуға қолданылады. Стрептококтар өзінен токсиндер және ферменттер бөліп шығарады. Күйдіргі бацилласында екі түрлі антигендер тобы бар микроб клеткасының және оның өнімдері. Клеткалық антигендері полисахаридттерден құралған, жоғарғы молекулалы. Бацилла Д- глютамин қышқылынан құралатын полипептидтік тізбекпен қоршалған, сондықтан оған қарсы антиденелер түзілмейді. Күйдіргі токсині үш фактордан құралған, липопротеиндерге жатады. Тұмау вирусының антигендері. Вирус антигендерін үш топқа бөледі: ішкі - нуклекапспидтік немесе рибонуклеопротеиндік антиген (мол. m50 kda), сыртқы- гемагглютинин (м. m77 kda) және нейраминидаза (56 kda) . Осы үш антигендердің құрылысы бойынша грипп вирусы үш түрге (А, В, С) жіктеледі және олар айқаса әрекеттеспейді. А және В вирустары гемаглютинин (Н) мен нейраминидаза (N) варияциясы бойынша субтиптерге НО, Н1, Н2, Н3, N1, N2, бөлінеді. Осы бойынша мысалы А(Гонгконг типі) 1/68 (Н3 N2) А (Токио) 3/67 (Н2N2) . В тип те жиі өзгереді ал С тип тұрақты. Вирус антигендерінің өзгерісі мутация арқылы жүріп (әсіресе Н бойынша) кең тарап індетке айналып отырады.
Антигеннің қасиеттері
Антигендердің антигендік, спецификалық және иммуногендік деп аталатын басты қасиеттері болады.
Антигендік. Антигендік дегеніміз ол антиген молекуласының иммундық жүйе бөлімдерінің белсенділігін арттырып және иммунитет факторларымен (антидене, эффекторлық лимфоциттердің клоны) спецификалық байланысқа түсу қабілеті. Иммундық жүйенің бөлімдерімен байланысуға антигеннің тек кана белгілі бір бөлігі жауапты. Антигеннің ол бөлігі “антигендік детерминант” не “эпитоп” деп аталады.
Эпитоптар шығу тегіне және антигенде орналасу орнына сәйкес бірнеше түрге бөлінеді:
- ұзындық, не секвенциалдық
- сыртқыбеттік, не конформациялық
- шеттік және орталық
- тереңдіқ, не жасырын.
Эпитоп - ықшам көлемді, бірақ құбылмалы. Ол қасиет бір жағынан иммунитет факторларына байланысты болса, екінші жағынан эпитоптың түріне тәуелді.
Эпитоптың құрылысы мен құрамының аумалы кезеңді маңызы бар. Антигеннің тек қана бір құрылыс құрамы аустырылса, ол өзге қасиетті жаңа эпитоп пайда болуына соғады. Антиген ыдыраған кезде эпитоптан айырылып, немесе жаңа эпитоптарға ие болады да, сонымен қатар антигеннің спецификалық қасиеті жоғалады.
Заттардың антигендік қасиеті көбінесе эпитоптың бар-жоғына, және де оның санына байланысты. Кейбір антигендердің көлемі ірі болғандықтан олардың құрамына көптеген эпитоптар кіреді.
Антигендік қасиет іске асу үшін ол міндетті түрде бөгделі болу керек. Бөгделік көрсеткішіне байланысты, жүре пайда болған иммунитет жүйесі биологиялық әлемде аса қауіптілігі бар генетикалық өзгеше қалыпта құрылған антигендерді ажыратады.
Иммунитетке жауапты жасушалар антигеннің бөгделігін молекулалық құрылысына қарап ажыратады.
Қалыпты жағдайда иммундық жүйе өзінің меншікті биополимерлеріне сезімталсыз. Егерде қандайда бір меншіктік биополимердің түріне иммундық жауап пайда болса, онда ол заттың бөгделік қасиетке ие болып, меншіктік қасиеттінен айырылғаны. Ондай көрініс кейбір патологиялық жағдайда иммундық жауаптың жұмыс тәртібі бұзылғандығынан пайда болады (мысалы, аутоиммундық аурулар мен аутоиммунитет) .
Бөгдетектік реципиент организмдер мен антиген донорының “эволюциялық қашықтылығына” тікелей тәуелдікте болады, организмдер неғұрлым филогенетикалық дамуда бірінен бірі алшақ болса, соғұрлым олардың антигендерінің бір біреуіне бөгдетектігі зор. Кейде бөгдетектікті бір түрдің ішіндегі дараларда бақылауға болады. Сонымен қатар генетикалық туыстастыққа жатпайтын эпитоптарда шамалы ұқсастық болуы мүмкін. Ондай жағдайда әртүрлі жануарлардың антигені иммунитеттің бір тектес факторларымен қатынасқа түседі. Ондай антигендер “қайшылай байланысатындар” деп аталды. Айтылған көрніс әр түрге жататын жануарлардың альбуминдеріне, коллагендеріне, миоглобулиндеріне тән. Мысалы, ондай ұқсастық, стрептококтар мен миокардтың саркомасында, мерез қоздырғышы мен ірі қара малдың миокардының липидінде, оба қоздырғышы мен О(I) топқа жататын адамдардың эритроциттерінің антигендік детерминанттарынан табылған.
Егерде микробтың бір түрі антигендік ұқастықты организм иммунитетінің факторларынан қорғану үшін қолданса, ондай жағдайды антигендіқ мимикрия деп атайды.
Иммуногендік. Иммундогендік дегеніміз ол антигенің макроорганизмде өзіне қарсы қорғаныс жауабын туғызу мүмкіншілігі.
Иммундогендіктің дәрежесі әр түрлі факторларға байланысты. Факторларды үш топқа жатқызуға болады:
1. Антигеннің молекулалық ерекшелігі.
2. Антигеннің ағзадағы клиренсі (тазартылуы, өңделуі) .
3. Макроорганизмнің реактивтік (жауап қайтару) қабылеті.
Бірінші топ факторлары - табиғаты, химиялық құрамы, молекулалық салмағы, құрлысы және тағы да басқалары бойынша сипатталады.
Иммуногендік көбінесе антигеннің табиғатына байланысты. Ең жоғарғы дәрежелі иммуногендік қасиет ақуыздарда, полисахаридтерде бар екені, ал нуклеин қышқылдары мен липидтер, керісінше әлсіз иммуногендік қасиетке ие екені әйгілі. Сонымен қатар иммундық жүйені белсендіру мүмкіншілігі бар болғандықтан олардың сополимерлерінің (қосындылар) ; ЛПС, гликопротеидтер, липопротеидтер иммуногендік дәрежеліктің орта мөлшердегі түріне жатады.
Иммуногендікке антиген молекуласының химиялық құрамы белгілі дәрежеде әсер етеді. Мысалы, ақуыздар иммуногенді болу үшін олардың құрамына аминқышқылдарының бірнеше түрі кіру керек. Тәжрибеде аминқышқылының бір түрінен тұратын полипептидтер иммундық жүйеге әсер етпейді.
Сонымен қатар, ақуыздың молекуласын құратын аминқышқылыдарының оптикалық изомерлігінің маңызы бар. L- аминқышқылынан тұратын пептидтер ферменттермен жеңіл өңделіп жоғарғы дәрежелі иммуногендерге айланады. Ал аминқышқылының оң жаққа айландыратын изомерлерінен құралатын пептидтер, керісінше нашар иммундогендер.
Эпитоптардың иммуногендігі көрінетін біркелкілігіне қарамастан олардың арасында белгілі сатылық бар. Өйткені, эпитоптардың әртүрлі иммундық жауап туғызу қабілеттілігі бойынша айырмашылығы болады. Сондықтан, белгілі бір антигенді енгізгенде соған қарсы өндірілген антиденелердің ішінде жекеленген эпитоптарға спецификалық иммуноглобулиндердің өлшемі үстем келеді. Бұл көрініс иммундыдоминаттық деп аталды. Қазіргі кездегі пікір бойынша бұл көрініс гистосәйкестіктің антиген мөлшерінің презенттеуші кешеніне эпитоптардың ұқсастығының айырмашылығымен байланысты. Жүйеге жақсы әсер ететініне қарамастан, молекулалық салмағы 5 кДа полипептидтер әдетте әлсіз иммуногендер. Полипептидтер иммуногенді болу үшін оның молекулалық салмағы 450 Да-нан төмен болмауы керек. Пептидтің мөлшері ұлғайған сайын оның иммуногендік қасиеті жоғарылай бастайды. Теориалық көзқарас бойынша бұл көрсеткіштердің арасында белгілі тәуелдік бар, бірақ тәжиребеде басқа факторлардың әсерінен іске аспауы мүмкін. Мысалы, 70 кДа салмақты альбуминнің иммуногендігі сол салмақты басымрақ болады.
Полисахаридтердің де арасында осындай тәуелдік байқалады. Айта кететін жағдай, нуклеин қышқылдарының арасында айтылғандай көрніс байқалмайды. Иммуногендіктің дәрежесіне антигеннің кеңістік құрлысының әсері бар.
Антигеннің құрамында α - бұрама (спираль), бұтақталған бүйір тізбектер және де өте тығыздықтағы құрылысымен ұқсас эпитоптар болуының аса зор маңызы бар.
Антигеннің жоғары дисперсті коллоидты ерітінділерінің иммундық жауапты нашар тудыратындығы тәжірибе түрінде дәлелденген. Молекулалардың қосындысы корпускілді антигендер, бүтін жасушалар (эритроциттер, микробтар т. б. ) жоғарғы сапалы иммуногендікке ие, өйткені олардың фагоцитозға түсуі өте жеңіл.
Антиген молекуласының кеңістік құрылысының тұрақтылығы да мәнді рөл атқарады. Коллаген желатинге дейін ыдыраған кезде оның молекуласының «қатаң» қеңістік құрылысымен бірге иммуногендік қасиеті жоғалады. Сондықтан, желатин ерітінділері ағзаға парентералдық жолмен еңгізуге қең қолданылады.
Иммуногендіктің тағы бір маңызды көрсеткіші, ол ерігіштік қасиеті. Мысалы, кератин, меланин, табиғи жібек сияқты жоғарғы молекулалы ақуыздар қалыпты жағдайда коллоидті ерітінді түрінде алынбайды, сондықтан олар иммуноген емес. Сол себебтен қыл, кетгут т. б. медициналық тәжірибеде ағзалар мен тіндерді қайталап бірлестіруге яғни тігу үшін қолданылады.
Екінші топ факторлары антигеннің организмге ену және одан шығару қарқынымен байланысты. Антигеннің иммуногендігі оның организмге еңгізу тәсілене байланысты екені әйгілі. Бұл қасиет иммундық жүйенің антиген қонақтайтын жерлерінің анатомиялық және топографиялық құрлыс ерекшелігі мен иммундық жүйенің жетілуіне негізделген. Бұл жағдаймен вакцина еккенде міндетті түрде санасу керек. Иммундық жауапқа антигеннің организмге еңген саны әсер етеді: саны неғұрлым көп болса, ол соғұрлым иммундық жауапты қарқындату мүмкіншілігін тудырады. Бірақ, антигенді кемелінен асырып еңгізсе, онда керісінше иммунологиялық толеранттық деп аталатын көрініс туады.
Антигеннің өлшемі мен иммундық жауап күшінің арасында белгілі логарифмдік теңдік бар ( А. А. Воробьев, А. В. Маркович ) . IgH = альфа + бетаIgD - Альфа және Бета антигеннің иммуногендігі мен макроорганизмнің иммундық жауабын сипаттайтын коэффициент. Н - иммундық жауаптың күші, D - антигеннің саны.
Үшінші топ факторлары, макроорганизмнің жағдайына байланысты иммуногендіктің тәуелділігін анықтайды. Осыған сәйкес бірінші шепте тұқымқуалаушылық факторлар болады. Иммунизацияның нәтижесі әрбір дараның генотипіне байланысты екені жақсы мәлім. Табиғатта белгілі антигендер түріне сезімтал, не сезімтал емес жануарлардың туыстастықтары мен түрлері бар. Олар әр түрлі жануарларға тәжірибелер жүргізілгенде қолданылады. Мысалы, ор қоян және егеуқұйрық кейбір бактерия антигендеріне жауап бермейді, ал теңіз шошқасы мен тышқан оларға қарқынды иммундық жауап береді. Тіпті түр тобының ішінде еңгізілген антигенге әртүрлі жауап беретін жақын туыстас даралар тобын табуға болады (инбредті жануарлар ұрпағы) .
Тышқандарда қарапайым антигенге жауапты бір ғана ген барлығы және ол тұқымнан тұқымға доминантты модус түрінде тарайтындығы, ал күрделі антигендерге иммундық реакция көп санды гендермен бағдарланатыны гибридологиялық зерттеулер тәсілімен анықталған. Тышқандар мен егеуқұйрықтарда антигенге жауаптың күші тікелей басты гистиосәйкестік кешенмен байланысты екені нақтылы дәләденген. Айтылған көрініс адамдар арасындағы екпеге қарсы әр түрлі сезімталдықпен жауап беру түрінде кездеседі, сондықтан олар иммунологиялық реактивті және иммунологиялық оқшау топтарына бөлінеді. Сонымен қатар, генетикалық жақындыққа макроорганизмнің функционалдық жағдайы: қөнілкүйі, гормоналдық жағдайы, зат алмасу процестерінің қарқыны бірталай әсер етеді. Сондықтан, әр жеке дараның, не болмаса бұкіл адамзаттың әр жас шағында, бір текті антигенге әртүрлі сезімталдық көрсетуі осыған байланысты.
Спецификалық. Спецификалық дегеніміз антигеннің тек қана белгілі бір эпитопқа иммундық жауап туғызу мүмкіншілігі. Бұл қасиет иммундық жауаптың құрылу кезіндегі ерекшелікпен байланысты, сондықтан иммундық жауапты жасушылардың рецепторлары тек қана бір белгілі антигеннің эпитобына жауап беруге арналған. Соған қарай антигеннің спецификалығы көбінесе сол эпитоптардың құрылымдық қасиетімен анықталады. Бірақ, әрқашанда эпитоптар құрылысының әртүрлі екенін және антигенге жауап беретін лимфоциттердің спецификалық гетерогенділігі де есте болу керек. Соның нәтижесінде антигендік тітіркенуге организм көпклоналды иммундық жауап қайырады. Кейбір антигендік эпитоптар бір уақытта 100-ден астам эффекторлық лимфоциттердің клонымен өзара қатынасатыны анықталған. Бұл көрініс спецификалық иммундыглобулиндердің аффиндығының, кең спектрлығының негізі, және де мұндай иммундыглобулиндерді поликлоналды деп атайды.
Ішек инфекциясын тудыратын бактериялардың антигендік қасиеттері.
Enterobacterіaceae тұқымдастығына 30-дан астам туыстастығы мен 100-ден астам түрлері кіреді. Адамға аса маңызды туыстастықтар: Escherіchіa, Cіtrobacter, Нafnіa, Klebsіella, Salmonella, Erwіnіa, Serratіa, Edwardsіella, Shіgella, Yersіnіa, Proteus, Morganella, Provіdencіa, Enterobacter. Осы туыстастықтардың дифференцияциясы негізінен биохимиялық белгілермен (40-тан астам) өткізіледі. Энтеробактерийлердің серологиялық классификациясы О-, Н- және К-антигендер анықтауымен негізделген.
Escherіchіa туыстығының негізгі өкілі - Е. соlі - алғаш рет 1885ж Эшерих Т. ашты. Escherіchіa туыстығына 7 түр кіреді. Маңызды роль Е. соlі түрі атқарады.
1. Ішек таяқшасы түрлі ауруларды қоздырады: ірінді қабынулар, септицемия (өзінше немесе ірінді коккалармен және грам(-) бактериялармен) .
2. Е. соlі диарея (эшерихиоздар) қоздырғышы ретінде маңызды роль атқарады.
3. Е. соlі халықаралық стандартта нәжіспен инфицирлену көрсеткіші, ең алдымен ас суының (коли-титр, коли-индекс) .
Антигендік құрылысы:Е. соlі адам, сүтқоректілер, құстар, балықтар және рептилий ішек трактісінің қалыпты микрофлорасы. Е. соlі О-антигенінің 171 вариантары анықталған (О1-О171), Н-антигеннің 57 варианты (Н1-Н57), К-антигеннің 90 варианты. Бірақ нақты О-антигеннің 164 варианты және Н-антигеннің 55 варианты. Диареегенді Е. соlі тізімі 43 О-серотоптары және 57 ОН-сероварианттарынан құралған. Колиэнтериттер қоздырғышы жиі келесі топқа кіреді: О111; О55; О26; О86; О126; О127; О20 (145) . Дизентерияға ұқсас аурулар тудыратын бактериялар серобоптары: О124; О120; О135; О143, ал О1, О6; О78 серотиптері тырысқаққа ұқсас ауру тудырады.
Salmonella туыстастығына көптеген бактериялар топтары кіреді, олардың 2000 серотиптері анықталған. Сальмон ең бірінші болып осы бактерияларды ашқандықтан, бактерияларды сальмонеллалар деп атап кетті.
Сальмонеллалардың жіктелуі (антигендік құрылысы) . Сальмонеллалардың жіктелу негізіне олардың антигендік құрылысы жатыр. Антигендік комплекс құрамына соматикалық О-антиген (термотұрақты) және талшықтық Н-антиген (термоқұбылмалы) кіреді.
Сальмонеллалардың антигендік құрылысын зерттеген Уайт пен Кауфман енбектерінде, сальмонеллалардың антигендері бір келкі емес, бөлек компоненттерден тұрады. О-антигені бойынша барлық сальмонеллалар серологиялық О-топтарына бөлінеді, латын әріптерімен белгіленеді - А, В, С, D, E және т. б. (60 топтан астам) . Әр топтың ішінде бірнеше О-антигендері бар, оларды араб сандарымен ажыратады 1, 2, 3, 4, 5 және т. б. Мысалы, В топтың О-антигені 4 әр түрлі компоненттерден құралған - 1, 4, 5, 12. Талшықтық Н-антигендер де біркелкі емес. Олар екі фазадан тұрады. Әр фаза құрамында өзінің антигендері болады. 1934 жылы А. Феликс және Р. Питт S. typhі О- және Н-антигендерінен басқа беткейлі антиген (вирулентті антиген) Vі-антигенін ашты. Vі-антиген жас, таза дақылда кездеседі. Ф. Кауффманн S. typhі Vі-антигені бойынша 3 топқа бөлді:
- таза v-формасы (көптеген болуы мүмкін)
- таза w-формасы (аздаған болуы мүмкін)
- орташа vw-формасы
S. typhі барлық антигендері О-, Н- және Vі-антигендері иммуногенді қасиетке ие. Фаготиптеуге болады.
Campylobacter туыстастығы 1909ж қойлар арасында инфекциялық түсік кезінде ыдыраған эмбрионынан табылған (C. fetus) . Қазір 13 түрі анықталған - спираль тәрізді S- әріп секілді имектелген, “шағала қанатына” ұқсас бактериялар. Антигендік құрылысы - күрделі, әсіресе термолабилді антигендер құрамы. Маңызды беткейлік Аг ЛПС (О-Аг) және қышқылға сезімтал белоктық фракцияларынан құралған, серотиптелінеді. Жалпы энтеробактерийлерде кездесетін антигені жоқ. Талшықтық Н-Аг табылған. О-Аг кампилобактерлердің иммунологиялық ерекшелігін айқындайды, тура емес гемагглютинация реакциясында байқалады. Жақын арада белоктық талшықтық Н-Аг табылған.
Қорытынды
Антигеннің өте маңызды иммуногендік қасиеті тек қана ғылыми зерттеуде ескеріліп қоймай, барлық жағдайда ойда болуы керек. Вакцина егудің популяциялық мәселелері иммуногендікпен, дәл айтса антиген енгізген кезде макроорганизмнің жеке даралық жауабымен байланысты. Вакцинаның дербестік өлшемін анықтау күрделі болғандықтан, әдетте, жоғарғы пайызды оң иммундық жауап беретін мөлшер алынады. Эпидемияның алдын алу үшін, не оның қарқынын баяулатып доғару үшін, қоғамда вакцинация жасалған адамдардың 95 пайызында иммунитет түзілуі керек. Жоғарғы айтылған факторларды қолданып антигеннің иммуногендігін бағыттап басқаруға болады. Антигеннің қасиеттерін бейспецификалық әсер етумен үдететін заттар тобы бар. Олар адьюванттар, және иммундымодуляторлар деп аталады. Осындай тиімді әсер ету вакцина жасағанда, иммундық емдеуде, иммундық алдын алуда және ғылыми-зерттеуде кең пайдаланылады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
- Поздеев А. В. Медицинская микробиология //М. Медицина, 2004, 382с.
- freeref. ru/wievjob. php?id=275144
- http://studopedia. ru/5_6414_antigender. html
- Толысбаев Б. Т, Шоқанов Н, Булашев А, Бияшев Қ, Мал дәрігерлік микробиология. Алматы, 1999
- Сайдулдин Т. С Ветеринариялық індеттану, 1-2 кітап. Алматы, 2000
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
БӨЖ
Тақырыбы: «Бруцеллезды серологиялық балау»
Орындаған :Балықпаева Л. Е.
Тексерген : Нуркенова М. К.
2015ж
Жоспар:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2. 1. Этиологиясы. Эпидемиологиясы.
2. 2. Серологиялық реакция
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Бруцеллез (brucellessis) - жануарлар мен адамдарда болатын созылмалы жұқпалы ауру. Көптеген жануарларда іш тастаумен және шуы түспеумен, ені қабынумен, өмір сүру қабілеті жоқ төлдердің тууымен және қысырлықпен байқалады. Бруцеллез -осы аурумен ауыратын малдың сүтін ішуден болады. Ол сондай-ақ терідегі жырындылар мен жаралар арқылы организмге тарайды, бұл жағдай ауру малдарды күтіп-бағатын адамдарда жиі кездеседі, сонымен қатар ауру зақымданған ауамен демалған кезде тыныс жолдары арқылы да денеге түседі. Бруцеллез-бруцеллалармен шақырылатын қоздырғышы әртүрлі механизммен берілетін, клиникасында созылмалы қызбамен, қимыл-қозғалыс аппаратының, жүйке жүйесінің, жүрек-қан тамыр жүйесінің, зәр шығару жүйесінің және т. б жүйелердің зақымдалуымен жүретін, созылмалыға ауысуға бейім, инфекция-аллергиялық, зоонозды инфекциялық ауру.
2. 1 Этиологиясы. Эпидемиологиясы
Brucella тұқымына 6 түр кіреді:
- Br. melitensis- Қазақстанда жиі кездеседі
- Br. abоrtus
- Br. suis
- Br. cauris
- Br. neotomae
Шар тәрізді, грам «-», эндотоксин бөліп шығарады, S-форма түзеді, сыртқы ортаға кең төзімді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz