Сақтардың мәдениеті



Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1. Сақтардың мәдениеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
Кіріспе
Б.з. дейінгі бірінші мыңжылдықта Орта Азия, Таяу және Орта Шығыс жерлерінде Ассирия мен Мидия мемлекеті құрылады. VІ ғ. Мидия мемлекетінің орнын Ахеминидтер мемлекеті басады. Бір топ парсы тайпаларының көсемі ІІ-Кир оның негізін салады, б.з. дейінгі 550 жылы ол Мидияны талқандап, өзіне бағындырады да, тіпті Орта Азияның оңтүстік аудандарында қоластына қаратып орасан зор империя құрады. Б.з. дейінгі 530 және 522 жылдар арасында Ахаменид мемлекетінің құрамына Парфия мен Хорезм, Бактрия мен Соғдиана, Сақа енеді, ал Орта Азия мен Қазақстан территориясын мекендеген халықтарды Ахеминидтер не жаулап алады, не бағындырады.
Көне деректерге жүгінсек, бактриялықтар, соғдылар мен хорезмдіктердің теріскей жағын «желдей жүйрік атты көшпелі турлар» мекендеген. Парсы деректерінде турлар – сақтар деп аталады, бұл «еңіреген ерлер» деген сөз, ал грек авторларының туындыларында олар скифтер деген атпен кірген, бұл көшпелілердің екінші аты, бейнесі ретінде айтылып, әдетке айналып кеткен.
Б.з. І ғ. Көне рим оқымыстысы Плинийдің Үлкені: «Яксараттың арғы бетінде скиф тайпалары тұрады. Парсылар жалпы оны сақтар деп атайды... Скиф халықтарының саны хисапсыз көп... Олардың ішіндегі ел-жұртқа әйгілі болғандары сақтар, массагеттер, даилар, исседондар... аримасптар» – деп жазады.
Біздерге жеткен деректерге қарасақ, сақтар малшылар болған, олар жылқы, мүйізді ірі қараны, уақ малдарды өсірген, шеттерінен ат құлағында ойнайтын шабандоздар, құралайды көзінен ататын садақшы-мергендер екен.
Дарийдің Бехустин жартасында сақтарға жорық кезінде жазған текстерінде сақ тайпаларының үш тобы аталады. Олар: хаомоварга сақтары (хаомо сусының дайындайтын сақтар), парадария сақтары (теңіздің арғы жағындағы сақтар), және тиграхауд сақтары (шошақ тымақты сақтар) деп аталады.
Зертеушілердің пікіріне сенсек, парадария сақтары Арал өңірінде, Сырдария мен Амударияның төменгі арасында немесе Қаратеңіздің теріскей бетінде өмір сүріп, тіршілік құрған, тиграхауд-сақтары Сырдарияның орта аймағы мен Тянь-Шаньді мекендеген; хаомоварга-сақтар Мұрғап алқабынан қоныс тепкен. К. А. Ақышевтің пікірі бойынша, Иран жазба деректеріндегі тиграхауд сақтарына ортокарибантия скифтері сәйкес келеді, өйткені жоғарғы екі атаудың екеуі де «шошақ бөрікті сақтар» деген сөз. Бұған қоса айтатын бір жәйт, персепольдегі Ксеркс сарайының барельефтерінде бейнеленген сақтардың бет пішіні моңғолоидті және олар биік шошақ бөрік киеді, ендеше бұлар, әсілі, тиграхауд-сақтар Жетісуда тұрып тіршілік еткен деп қорытынды шығарады ол. Есік обасына қойылған сақ патшасының басына биік шошақ бөрік кигендігі оның бұл болжамын дәлелдеп дәйектейді.

Сақтардың мәдениеті
Сақ тайпалары Қазақстан жеріндегі алғашқы өркениетті құра білді. Олар мал асыраумен қатар, егіншілік пен қолөнерді жақсы меңгерген. Бұл тайпалар Қазақстан тарихында қатысты алғашқы мемлекеттерді орнықтырды. Тарихшы М. Ақышевтің пікірінше, «қазақтар – түрік, моңғол тектес халықтың екі бұтағынан (Ғұн және сақ тарауынан) құралған ежелгі
Пайдаланылған әдебиеттер.


1. Т. Х. Ғабитов. М. Ш. Өмірбекова, Мәдениеттану негіздері. Алматы, 2003

2. К. Р. Аманжолов. Түркі халықтарының тарихы. Алматы «Білім» 2002.

3. Қазақтың көне тарихы. Алматы «Жалын» 1993.

4. Қазақстан тарихы очерктер. Алматы «Дәуір» 1994.

5. Қазақстан тарихы. І том. Алматы «Атамұра» 1996.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..3
1. Сақтардың мәдениеті ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...5
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
13
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ..15

Кіріспе
Б.з. дейінгі бірінші мыңжылдықта Орта Азия, Таяу
және Орта Шығыс жерлерінде Ассирия мен Мидия мемлекеті
құрылады. VІ ғ. Мидия мемлекетінің орнын Ахеминидтер мемлекеті
басады. Бір топ парсы тайпаларының көсемі ІІ-Кир оның
негізін салады, б.з. дейінгі 550 жылы ол Мидияны талқандап,
өзіне бағындырады да, тіпті Орта Азияның оңтүстік
аудандарында қоластына қаратып орасан зор империя құрады.
Б.з. дейінгі 530 және 522 жылдар арасында Ахаменид
мемлекетінің құрамына Парфия мен Хорезм, Бактрия мен
Соғдиана, Сақа енеді, ал Орта Азия мен Қазақстан
территориясын мекендеген халықтарды Ахеминидтер не жаулап
алады, не бағындырады.
Көне деректерге жүгінсек, бактриялықтар, соғдылар мен
хорезмдіктердің теріскей жағын желдей жүйрік атты
көшпелі турлар мекендеген. Парсы деректерінде турлар – сақтар
деп аталады, бұл еңіреген ерлер деген сөз, ал грек
авторларының туындыларында олар скифтер деген атпен
кірген, бұл көшпелілердің екінші аты, бейнесі ретінде
айтылып, әдетке айналып кеткен.
Б.з. І ғ. Көне рим оқымыстысы Плинийдің Үлкені:
Яксараттың арғы бетінде скиф тайпалары тұрады. Парсылар
жалпы оны сақтар деп атайды... Скиф халықтарының саны
хисапсыз көп... Олардың ішіндегі ел-жұртқа әйгілі
болғандары сақтар, массагеттер, даилар, исседондар... аримасптар
– деп жазады.
Біздерге жеткен деректерге қарасақ, сақтар малшылар
болған, олар жылқы, мүйізді ірі қараны, уақ малдарды
өсірген, шеттерінен ат құлағында ойнайтын шабандоздар,
құралайды көзінен ататын садақшы-мергендер екен.
Дарийдің Бехустин жартасында сақтарға жорық кезінде
жазған текстерінде сақ тайпаларының үш тобы аталады. Олар:
хаомоварга сақтары (хаомо сусының дайындайтын сақтар),
парадария сақтары (теңіздің арғы жағындағы сақтар), және
тиграхауд сақтары (шошақ тымақты сақтар) деп аталады.
Зертеушілердің пікіріне сенсек, парадария сақтары Арал
өңірінде, Сырдария мен Амударияның төменгі арасында
немесе Қаратеңіздің теріскей бетінде өмір сүріп, тіршілік
құрған, тиграхауд-сақтары Сырдарияның орта аймағы мен Тянь-
Шаньді мекендеген; хаомоварга-сақтар Мұрғап алқабынан қоныс
тепкен. К. А. Ақышевтің пікірі бойынша, Иран жазба
деректеріндегі тиграхауд сақтарына ортокарибантия скифтері
сәйкес келеді, өйткені жоғарғы екі атаудың екеуі де
шошақ бөрікті сақтар деген сөз. Бұған қоса айтатын бір
жәйт, персепольдегі Ксеркс сарайының барельефтерінде бейнеленген
сақтардың бет пішіні моңғолоидті және олар биік шошақ
бөрік киеді, ендеше бұлар, әсілі, тиграхауд-сақтар Жетісуда
тұрып тіршілік еткен деп қорытынды шығарады ол. Есік
обасына қойылған сақ патшасының басына биік шошақ
бөрік кигендігі оның бұл болжамын дәлелдеп дәйектейді.

Сақтардың мәдениеті
Сақ тайпалары Қазақстан жеріндегі алғашқы өркениетті
құра білді. Олар мал асыраумен қатар, егіншілік пен
қолөнерді жақсы меңгерген. Бұл тайпалар Қазақстан
тарихында қатысты алғашқы мемлекеттерді орнықтырды. Тарихшы
М. Ақышевтің пікірінше, қазақтар – түрік, моңғол тектес
халықтың екі бұтағынан (Ғұн және сақ тарауынан) құралған
ежелгі халық. Қазақ деген сөз этнонимиканың бір мағынасында
қас (нағыз), сақ деген екі сөзден – қас сақ дегеннен
шыққан.
Сақ тайпаларының қай этносқа жатқаны, қай тілде
сөйлегені туралы әдебиетте әр түрлі пікір бар. Ерте
заманнан бізге жеткен грек, парсы, латын, қытай
авторларынан білетініміз негізінен жалпы сілтемелер, жер
және ру-тайпа аттары мен жалқы есімдер. Древние
цивилизации атты Мәскеуде шыққан қалың кітапта скифтерде
жазу-сызу болған жоқ деген үзілді-кесілді пікір айтылады.
Алайда, 1969-1970 жылдары Есік обасынан табылған атақты: Алтын
адаммен қоса жерленген күміс ыдыстың сыртындағы екі жол
жазу Қазақстан тұрғындарының бұдан 2,5 мың жылдай
бұрын жазу таңбаларын жасап, оларды пайдалана білгенін
көрсетеді. Осындай тіл материалдарын талдау арқылы, Қазақстан
территориясын біздің заманымыздан бұрынғы VІ- VІІ ғасырларда
мекендеген сақ тайпаларының солтүстік тобы түркі тілдес
болған да, оңтүстік тобы иран тілінде болған.
Тарихи деректер сақтардың материалдық мәдениетінің
сол кезеңге салыстырмалы алғанда жоғарғы дәрежеде
дамығанын көрсетеді. Сақтар қола мен темірден түрлі қару-
жарақ (найза, семсер, айбалта, садақ жебелері, дулыға т.б.),
үй шаруашылығына қажетті және зергерлік бұйымдар жасаған.
Жоғарыда айтылғандай, сақ мәдениетінің тамаша үлгісі Есік
обасынан және Еуразиялық даланың басқа жерлерінен де
табылған жазу. Бұл жазу туралы да тарихи әдебиетте әр түрлі
пікір бар.
Сақ жазуын жан-жақты зерттеген ғалымдардың қатарына
А. Аманжолов пен Ә. Қасенов жатады. Бұл ретте алдымен
көзге түсетіні сақ жазуының жоғары даму деңгейінде
болуы. Жазу эволюциясын пиктограммалық сурет-жазудан
ироглифтік немесе сыналық жазу арқылы логограммалық әріптік
жазуға өту. Тарихтан осы әріптік жазуды Шумердің
сыналық жазуының негізінде финикиялықтар ойлап тапқаны
белгілі. Есік жазуы - әріптік жазу және қазақстан
ғалымдарының зертеулері оны ескі прототүрік тілінде
жазылғанын көрсетеді. Атақты Орхон-Енесей таңбалары мен
сақтар жазуының арасында белгілі бір сабақтастық бар.
Скиф-сақ өркениеттің дүниежүзілік маңызы бар
жетістігінің бірі Аң стилі деп аталатын бейнелеу өнерімен
байланысты. Ол, - дейді Қ. Ақышев, - адамзаттың керемет
жетістігіне жатады. Оның тотем-магиялық бастаулардан
шығатыны анық. Сақ мәдениетінің Аң стилі тек әшекейлі
заттармен шектеліп қалмай, негізінен әр адамның әлеуметтік
орнының рәмізі түрінде қоғамдық иерархиялық сатыға тығыз
байланысты болды. сондықтан басқа мәдени ортада олар түсінік
таппай, өздерінің таңбалық және мағыналық ақпарат белгілерінен
айырылып қалып отырды. Мысалы, Есік қорғанында табылған алтын
адамға байланысты ескерткіштерде хайуанаттық және өсімдік
бейнелер қабаттаса жүреді. Жалпы алғанда сақ өрнегіндегі
хайуанат стиліне тіршілікті динамикалық түрде бейнелеу тән.
Арыстан секірейін деп тұр, бұғының қозғалысынан серпіліс
сезіледі, ат шабысы әлемдік гармонияға ұқсас. Зооморфтық (адамды
және құдайды аң кейіпте суреттеу) скиф – сақ өнері табиғат
пен мәдениет байланысының куәсі. Сақтардың Хайуанат стилі
кейін қазақ мәдениетінде өзінің өшпес ізін қалдырды. Ислам
діні тірі жанды бейнелеуге тыйым салған соң қазақта атақты
тұйыққоюы деп аталатын белгі – айғақ осы стильмен үндес.
Дәстүрлі ұғымымызда тұйыққоюы бақыттың, достықтың, мәңгіліктің,
шексіздіктің айғағы. Сондықтан да тұйықоюы ел қорғаған
батырлардың иығы мен қалқанына, аузы дуалы билердің жауырын
тұсына салынатын болған. Қазақ шеберлері тұйық оюын
тасбақа деп те атайды.
Скиф-сақ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сақтардың мәдениеті туралы
Көшпеліліктің қалыптаса бастауы: Дәндібай-Бегазы мәдениеті
Сақ, массагет, сарматтардың көне қалалары
Алғашқы қауымдық құрылыс тұсындағы Қазақстанның мәдениеті
Сақтар (сақалар)
Қазақстанды қола дәуiрiнде мекендеген тайпалар
Ерте темір дәуіріндегі тайпалық одақтар мен ерте мемлекеттік құрылымдар
Сақ дәуіріндегі ескерткіштерге археологиялық зерттеулер
Қазақстан территориясындағы тайпалар мен ертедегі мемлекеттер
САҚ ӨНЕРІ
Пәндер