Психология ғылымы


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Орындаған:Саматов С.

Тексерген: Кулмышева Н. А.

Тобы: И-411

Семей 2015 жыл

Психология пәні. Психорлгия - психикалық құбылыстардың пайда болуын, даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Психология - ерте заманан келе жатқан білім салаларының бірі. Оның дүниеге тұңғыш келген жері - ежелгі Грекия. Психолгия гректің екі сөзінен тұрады: оның біріншісі - “псюхе” (жан), екіншісі - “логос” (сөз, ілім) . Сөйтіп бұл сөзді жан туралы ғылым деп түсінген жөн.

Жалпы психология - психика дамуының жалпы заңдылықтарын, оны зерттеу әдістерін, теориялық принциптерін және оның ғылыми ұғымдарының қалыптасу жүйесін зерттейді. Басқаша айтқанда, бұл ғылым - теориялық және эксперименттік психология деп те аталады. Жалпы психология - адамның танымы мен практикалық іс-әрекеттерін, түйсіну мен қабылдауын, ес пен қиялын, ойлау мен сөйлеуін, ерік-жігері мен сезім күйлерін адамның өзін-өзі меңгеруінің жалпы заңдылықтарын қарастырады. Ғылым ретінде психологияның міндеті - психикалық өмірдің негізгі заңдарын зерттеу. Бұл заңдарды білу әрбір адамға қажет. Әлеуметтік ортада азаматтың адамгершілік қасиеттері мен жеке басының қажеттері болып табылатын дүниетанымдық көзқарасын, мінез-құлқын, қабілетін, темперамент ерекшеліктерін жетілдіру - психология ғылымының басты міндеті.

Психикалық құбылыстардың жіктелуі. Біздің түйсіктеріміз, қабылдауларымыз, ес, ойлау, сөйлеу, қиял, еркіміз психикалық процестер деп аталады. Кейде психикалық процестер неғұрлым күрделеніп кетсе, онда адам белгілі бір толқуды басынан кешіреді, бұл психикалық қалып деп аталады. Мысалы, оқушының сабаққа деген зейіділігі немесе селсоқтығы, адамда болатын шаттану не ренжу, т. б. жағдайлар. Қабілет, темперамент, мінез - бұл адамның психикалық қасиеттері.

Психологияның басқа ғылым салаларымен байланысы. Қазіргі кезде психология ғылымы - көптеген салалар мен тармақтарға бөлініп, ілгері дамып отырған өрісі кең ғылыми тән. Еңбек психологиясы - адамның еңбек ету әрекетінің психологиялық ерекшеліктерін, еңбекті ғылыми тұрғыда ұйымдастырудың психологиялық аспектілерін зерттейді және психология ғылымының жеке салалары болып табылатын бірнеше бөлімдерден тұрады: инженерлік психологиясы, авиация психологиясы, ғарыш психологиясы. Ал Педагогикалық психология - адамға білім және тәрбие берудің психологиялық заңдылықтарын зерттейді. Ол оқушылардың ақыл-ойы мен ойлау жүйесін, дағдыларын қалыптастырудың, олардың оқу материалдарын меңгеруі мен ұстаз-шәкірт арасындағы өзара қарым-қатынастарды реттеудің түйінді мәселелерін қарастырады. Медициналық психология - дәрігердің іс-әрекетінің және аурудың мінез-құлқының аспектілерін зерттейді. Заң психологиясы - құқыққа қатысты мәселелерді реттеу және оларды тәжірибе жүзінде қолданудың психологиялық мәселелерін зерттейді. Бұл салалар: сот психологиясы, қылмыс психологиясы, еңбекпен түзету психологиясы деп аталатын тармақтардан құралады. Әскери психологиясы - әскери әрекеттер кезіндегі адамның мінез-құлқын, басшылар мен олардың қарамағындағылар арасындағы қатынастардың психологиялық жақтарын, әскери азаматтардың отаншылдық қасиеттерін қалыптастыру, психологиялық насихаттың және кері насихаттың тәсілдерін және т. б. мәселелерді зерттейді. Спорт психологиясы - спортшылардың іс-әрекетіндегі психологиялық ерекшеліктерін қарастырыды. Спорт жетекшілері мен бағынушылардың өзара қарым-қатынасын, оларды даярлаудың жағдайын, құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуін, психологиялық даярлығын іздестіре келе, оларды жаттықтыру және күш-қуатын жинақтау деңгейін, жарыстарды ұйымдастыру, өткізу мәселелерінің психологиялық факторларын зерттейді. Әлеуметтік психология - адам мен қоғам арасындағы қатынас мәселелерімен айналысады. Бұл сала адамдардың белгілі бір негізде ұйымдасқан топтары мен кездейсоқ топтары арасындаы өзара қарым-қатынастағы психологиялық құбылыстардың сырын зерттейді.

Психология принциптері
1. Детерменизм принципі бойынша әр түрлі психикалық құбылыс өмір салты, қоршаған орта әсерлеріне орай пайда болады, тіршілік жағдайының ауысуымен психика да өзгеріске келеді.
Детерменизм принципі психикалық процестердің табиғи механизмдері қоғамдық-тарихи факторлардың ықпалымен өзгеретіні,, яғни адамның психикалық дамуына оның адамзат мәдениеті өнімін игеруі, қоғамдық қатынастарға араласуы маңызды ықпал жасайтыны жөніндегі коцепцияға негіз болады. психологиядағы детерминистік бағыттың іске асуының және бір жолы психиканың ми қызметіне қатынасты мәселе екені жөніндегі шешімінен. Детерминизм -психикалық құбылыстарды түсіндіруде физиологиялық заңдылықтарды қолданудың негізі болды. Ғалым детерминизм принципін психикалық құбылыстардың табиғаты мен мәнін талдау үшін қолданып, психикалық құбылыстарды материалдық дүниемен өзар байланысты қарастырады.
2. Даму принципі . Даму идеясы Ч. Дарвиннің эволюциялық теориясының ықпалымен еніп, алғашқыда бала, кеін ересектер психологиясының қалыптасу негізіне айналады. Психика дамуы психика проблемаларын зерттеуде жалпы принциптік немесе әдістеме қызметін атқарады. Барша заңдылықтар, соның ішінде психикалық та, даму барысында қозғалыс пен өзгеруден туындап және жойылуына орай танылады. Психология ғылымы үшін даму принципі ерекше маңызға ие, себебі оның зерттейтін объектісі психика-өзінің аса үлкен динамизмімен сипатталады. Барша психикалық болмыс нақты даму процесінде пайда болады, жасайды және өзгереді.
3. Сана мен іс-әрекет бірлігі принципі . Бұл принцип психология ғылымының өзекті категориялары. Аталған принциптің жүйелі зерттелуі 30 жылдары басталды. Алғашқы рет сана мен іс-әрекеттің бірлігі жөніндегі идеяны алға тартқан Л. С. Рубинштейін . Ғалым ”Іс-әрекет және сана назар аударылған объектінің екі, әртүрлі тарапы емес. Олар табиғи біртұтас; теңдік емес, бірлік”-деп жазған.
Ғылымға бұл принциптің енуі іс-әрекет теориясын дұрыс түсінуге бағыт береді. Осы кезге дейін психологияның қай бағыты болмасын, психиканы-ішкі құбылыс, ал әрекетті - сыртқы деп түсіндіретін. Ал сана мен әрекет бірлігі принципінен келетін болсақ, шынында да, психика, сана тек ішкі құбылыс болып қалмайды. Осылайша, әрекет те тек тысқы көріністермен танылып қалмай, өзіне тән ішкі мазмұнға да ие, бірақ бұл қасиет оның бір тараптан толық сипатын бере алмайды. Сана мен әрекет бірлігінің мәні:тұлғаның санасы мен барша психикалық қасиеттері әрекетте көрініп қана шектелмей, сол әрекет процесінде қалыптасады.

Ежелгі психология

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психологияның зерттейтін құбылыстар әлемі ұланғайыр
Психология менің өмірімде және кәсібімде
Саяси психологияның дамуы
Психология ғылымының кеңестік кезеңдегі даму тарихы
Пихология гылымының қалыптасуы мен дамуы
Психология пәні
Қазіргі заман психологиясы және міндеттері
Психология пәні туралы
Қазіргі таңдағы білім беру жүйесіндегі психологияның рөлі мен орны
Психология мыңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz