Ауыл шаруашылығында колданатын бактериалды препараттар



1. Бактериялды препараттарды алу
2. Ауылшаруашылығындағы бактериалды препараттар
3. Нитрагин
4. Азотобактерин
5. Фосфобактерин
Өсімдіктердің тіршілігінде маңызды орынды азотфиксирлеуші бактериялар алады. Мысалы, топырақта өмір сүретін Azotobacter немесе бұршақтұқымдастардың тамыр түйнектерінде болатын түйнекті бактериялар. Бұл бактериялар өсімдік қосылыстар үшін ауаның молекулярлы азотын ың бекітілуін катализдейтін ферментті жүйелерден тұрады. Мәдени өсімдіктерді егу алдындағы өңдеу өсімдіктің азотпен қамтамасыз етілуін жақсартады, өнімділік артады және топырақты резервті азотпен қамтамасыз етеді.
Azotobacter түрлері бір жыл ішінде алқаптың әрбір гектарын 20—40 кг, ал түйнекті бактериялардың бұршақтұқымдас культуралармен селбесуі— 100—300 кг/га азотпен байланыстырады. Бұл бактериялар сонымен қатар белсенді витаминдерді, фитогормондарды және басқа ад физиологиялық маңызды заттарды синтездейді.
1. Беккер М.Е. Введение в биотехнологию. М.: «Пищевая промышленность». 1976г. 272с.
2.Егорова, Т.А. Основы биотехнологии: учебное пособие для высш. пед. учеб. заведений/ Т.А. Егорова, С.М. Клунова, Е.А. Живухина. – 2-е изд., стер. –М.: Академия, 2005. – 208 с.
3.Цапалова И.Э., Маюрникова В.М. Экспертиза продуктов переработки плодов и овощей. 2003.
4.Сеитов З.С Биохимия., Алматы қаласы., - 2007

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

БАӨЖ
Тақырыбы: Ауыл шаруашылығында колданатын бактериалды препараттар

Орынаған: Нуғумар Е.Қ.
Тексерген:Мирашева Г.О.

Семей 2015
Жоспар:

1. Бактериялды препараттарды алу
2. Ауылшаруашылығындағы бактериалды препараттар
3. Нитрагин
4. Азотобактерин
5. Фосфобактерин

Бактериялды препараттарды алу
Өсімдіктердің тіршілігінде маңызды орынды азотфиксирлеуші бактериялар алады. Мысалы, топырақта өмір сүретін Azotobacter немесе бұршақтұқымдастардың тамыр түйнектерінде болатын түйнекті бактериялар. Бұл бактериялар өсімдік қосылыстар үшін ауаның молекулярлы азотын ың бекітілуін катализдейтін ферментті жүйелерден тұрады. Мәдени өсімдіктерді егу алдындағы өңдеу өсімдіктің азотпен қамтамасыз етілуін жақсартады, өнімділік артады және топырақты резервті азотпен қамтамасыз етеді.
Azotobacter түрлері бір жыл ішінде алқаптың әрбір гектарын 20 -- 40 кг, ал түйнекті бактериялардың бұршақтұқымдас культуралармен селбесуі -- 100 -- 300 кгга азотпен байланыстырады. Бұл бактериялар сонымен қатар белсенді витаминдерді, фитогормондарды және басқа ад физиологиялық маңызды заттарды синтездейді.
Ауылшаруашылық тәжірибесінде азотобактерин мен нитрагин кеңінен қолданылады. Азотобактерин Azotobacter тірі клеткаларының препараты болып табылады, ал нитрагин -- түйнек бактерияларының препараты болып табылады. Бактериалды тыңайтқыштардың ішінен сонымен қатар фосфобактеринді де атап өтуге болады. Ол Bacillus megaterium var. phosphaticumтың клеткалық препараты.
Бұл споратүзуші бактериялар фосфордың органикалық қосылыстарын белсенді минералдайды. Бұл топқа өсімдіктің эпифитті бактерия препараттары да жатады. Эпифитті деп өсімдіктің беткі қабаттарында, яғни жапырақтада, бұтақтарда және тамырларда өмір сүретін бактерияларды айтады. Олар өзінің өсуі үшін өсімдіктің әртүрлі бөліністерін пайдаланады. А. Кирхенштейна атындағы АН ЛатвССР микробиология институтында эпифитті бактериялардың белсенді культуралары бөлініп алынды. Олар өсімдіктің тамыр жүйесінің түзілуін стимулдап, олардың өсуін тездету арқылы мәдени өсімдіктердің өнімділігін арттырды.
Бұл эпифитті бактериялар В тобындағы витаминдерді, гетероауксиндерді және басқа да өсімдіктерге пайдалы заттарды синтездейтіндігі анықталған. Топыраққа енгізілген бактериалды тыңайтқыштардың физиологиялық әсері тұқымға жақын жерде өтуі үшін және олардың әсер етуі нәтижесінде өсімдіктің қоректенуі жақсару үшін бұл тыңайтқыштарды өсімдіктің тұқымына міндетті түрде егу алдында енгізеді. Қазіргі кездің агротехникасында тұқымды уландырады, нәтижесінде тек зияндысы ғана емес, сонымен қатар тұқымның бүкіл микрофлорасы жойылады. Сондықтан тұқымның беткі қабатында пайдалы микрофлораның жаңаруы маңызды шара болып табылады. Топырақтағы бұл жасанды микрофлора топырақтың физико - химиялық комплексімен қоса топырақтың микрофлорасымен де байланысқа түседі. Бұл бактериалды тыңайтқыштар үшін культураларға таңдау жүргізе отырып азотты сіңіру мен активті заттарды синтездеуге қабілетті екендігін ғана атап өтпей олардың топырақ микрофлорасымен де бәсекелесе алатындығын атап өтуге болады. Азотобактерин өндірісі үшін Azotobacter chroococcum культурасын қолданады. Бұл аэробты спорасыз организмдер. Azotobacter жасушалары бөліну мерзімінде ұзыншақ немесе сопақ болып келеді.
Олардың мөлшері 2 -- 5 мкм. Қартаю кезінде жасушаның маңайында шырышты капсулалар түзіледі. Azotobacter түрлері азот көзі жоқ орталарда да өсе алады. Азоттың бекітілуі ауада молибден қосылыстарының болуын жоғарылатады, сондықтан оның тұзын ортаға үнемі қосып отырады. Ортаның оптимальді температурасы 25 -- 27°С, рН 7,2.
Ауыл шаруашылығындағы бактериалды препараттар
Ауыл шаруашылық дақылдарын өсіруге қажетті агротехникалық шаралардың бірі -- бактериялы тыңайтқыштарды қолдану.Бұл тамыр айналасындағы топыракты микроорганизмдердің пайдалы топтарымен байытып, өсімдіктердің қоректенуін жақсартады. Сөйтіп дақылдар өнімділігін арттырады. Біріншіден -- бактериялы тыңайтқыштардағы микроорганизмдер өсімдіктерге аса қажетті физиологиялық активті заттар да (ауксиндер, витаминдер, түрлі органикалық қышқылдар т. б.) түзеді, екіншіден -- микроорганизм-дердің бір тобымен тотіырақты әрқашан байыту нәтижесінде, олар-дың басқа топтарының тіршілігін жандандыруға және жақсартуға болады. Соның нәтижесінде өсімдіктерде косымша қоректік заттар түзіледі. Мәселен, бұған фосфоробактериннің нитрификация процесін жақсартатыны жатады. Үшіншіден -- бактериялы тыңайтқыштармен бірге келіп түскен микроорганизмдер өсімдіктерді ауруға шалдықтыратын кейбір микробтарды жояды (мәселен, фосфоробактеринді колданғанда күибағыстың склеротиния ауруы азаяды, бәсеңдейді), төртіншіден -- бактериялы тыңайтқыштар топырақты пайдалы микроорганизмдерге байытады.
Осыған байланысты біздің елімізде ұзақ жылдар бойына зерттеулер жүргізілді. Соның нәтижесінде, микроорганизмдердің пайдалы топтары табылды, олар жеке бөлініп алынып ұқыіпты зерттелді. Нәтижесінде, олардан практикаға қажетті бактериялы тыңайтқыштар даярланды. Мүндай тыңайтқыштарға нитрагин, азотобактерин, фосфоробактерин, торфты -- ізбесті қоспада өсіріл-ген бактериялардан даярланған АМБ тыңайтқыштары және силикат бактерияларынан әзірленгеи препараттар жатады. Міне, осы тыңайтқыштарды жеке қарастырып, оларға сипатта-ма береміз.
Нитрагин. Топырақты азот қосылыстарымен байытуда бүр-шақ түқымдас өсіімдіктердің зор маңызы :: бар. Ғылым олардың тамырында бірлесіп тіршілік ететін түйнек бактерияларының барлығын анықтады. Оларды 1888 жылы бірінші рет Бейеринк жеке бөліп альш зерттеді. Оны бактериум радицикола деп атады. Міне осы бактериялар бүршақ түқымдастарды азотпен камтамасыз етуде елеулі роль атқарады. Осы бактериялардан нитрагин деп аталатын препарат даярланды. Нитрагинді қолданғанда астык өнімі гекта-рына 2 -- 3 -ге дейін, ал шөп 50 -- 60-ге дейін артатыны анықтал-ды. Сонымен қатар, бұршақ тұқымдастардың түріне байланысты күзде егістің әрбір гектарында шамамен 20-дан -- 2000 сг-ға дейін азот жиналады. Бұл осы дақылдардан кейін еғілген өсімдіктердің өнімділігін арттырады. Практикада жаңа жерлерге егілген бұршақ тұіқымдас өсімдіктер бірден өніп-өсіп, өнім бере алмайтыны байқалады. Бұл жерде оларға қажетті түйнек бактерияларының болмауынан деп түсіндіріледі. Сондықтан бүршак түқымдастар жаңадан егілетін аудандарда нитрагинді қолдану кажетті агротехникалық шаралардың бірінен саналады. Бұл қосымша өнімді 50%-ке дейін арттырады. Сонымен қатар, бұршақ тұқымдастар көп жылдан бері өсіріліп келе жатқан аудаидарда да, тұқымға әлсін-әлінитрагинді жүқтыру, қосымша өнімді 15-тен 20%-ке дейін арттырады.
Соңғы кездерге дейін практикада топырақты нитрагин қолданы-лып келді. Оны даярлау да, жер-жерге тарату да өте қиынға түсті. Сондықтан еліміздің шаруашылықтарының нитрагинге мұқтаждығын толық қанағаттандыра алмады. Қазір заводтарда нитрагинді құрғақ күйінде даярлайды (29-сурет).
Үстіміздегі ғасырдың 30-шы жылдарында құрғақ нитрагинді даярлаудың қарапайым әдістері ұсынылды. Оны қазіргі кезде де қолдаыуға мүмкіндік бар. Н. И. Р ю м и н бұршақ тұқымдас өсімдіктердің тамырын күзде жинап альш, оларды топырактан тзартып, көлеңкеде кептіріп, үнтақтауды ұсынды. Осындай тәсілмен даярланған құрғақ нитрагинді көктемге дейін салқын жерде сактап, көктемде 1 гектар жерге себілетін түқымға нитрагиннен 100 -- 200 г-дай қосып, жақсылап араластырып тұқыммен бірғе сеуіп тастайды.
Е. Ф. Березова мен Л. И. К ор е н я к о нитрагинді даярлаудың қарапайым оңай әдісін үсынды. Бұл үшін бұршақ түқымдас өсімдіктер өскен, өнімі мол учаскелерінен өсімдік тамырларын түйнектермен бірге қазып алып, суда аздап жуып, кептіріп, қүрғақ бөлмеде көктемге дейін сақтайды. Егістің бір гектарына сөбілетін түқымға сиыржоңышқа немесе бүршактың даяр тамырлары-ның 100 -- 150 грамынан жоңышқа немесе беде тамырының 200 -- 300 грамынан даярланған ерітіндімен тұқымды шылайды. За-водтық нитрагин жоіқта, осындай нитрагинді қолдану шаруашылық үшін өте пайдалы.
Көрсетілген тәсілмен әрбір шаруашылық нитрагинласап алуына болады.Соңғы жылдары Бүкіл одақтық ауыл шаруашылық микробиология институты қүрғақ нитрагинді өндірістік жолмен өндіруді жүзеге асырды. Қүрғақ нитрагинді даярлау мынадай негізгі буындардан тұрады. Бактерияларды анаэробты жағдайда өсіру; бактериялар өсірілгеы қоректік ортаны машинада тартьш, одан коймалжың пас-та өндіру; бактерияға бай паста үшін қорғаныш орта даярлап, онымен араластырып, артынан ,құрғату. Қүрғақ бактерияларға бай препаратты арнаулы сазбен (коалинмен) араластырып, қағазға орап, даярлау. Жоғарыда баяндалған жүмыстардың ішінде бакте-рияларды қүрғату -- ең ібір қиын да, жауаптысы. Көпшілік жағдай-да осындай орепаратта тіршілікке қабілетті клеткалардың мөлшері 10 -- 20%-тен аспайды. Әдетте бөлме температурасында мүндай препаратты сақтаса, тірі клеткалар саны тез азаяды. Қайта +2 -- 5°-та олар біршама тәуір сақталады. Сонымен қатар, қүрғақшылыққа төзімді түйнек бактерияларын іздестіріп тауып, олардан препарат даярлау кажет. Мүндай жұмыстар жүргізіліп, препараттар да даярланды. Соның нәтижесінде қазір әрбір грамында 5-тен 10 мил-лиардқа дейін бактериялары бар ыитрагиндер пайдаланылады.
Құрғақ нитрагинді іпайдалану да оңай. Бұл үшін әдетте дән улайтын машиналарды қолданады.
Осы мәселемен айналысып келген ғалым Ю. С. Бородулина құрғақ препараттың қолайлы және қажетті мөлшерін анықтауда тәжірибе жасады. Тәжірибеде нитрагиннің екі мөлшері алынды. Оның бірінде клеткалар саны 90 миллиард, екіншісіиде -- 150 мил-лиард болды.
Егер де жұқтырылатын құрғақ нитрагинде 90 миллйардтай бак-териялар болса, барлық уақытта бірдей өнім бере бермейді, қайта клеткалар саны көбейсе өнім де артатынын көрсетеді (19-таблица). Нитрагинмен өңделген түқымдар біркелкі өніп-өседі, дамиды жэне тез өнім береді. Сонымен қатар, түқымдарды нитрагинмен өңдеу, бұршак тұқымдастарды түрлі ауруға шалдығуынан сақтайды, олардағы азот мөлшерін де арттырады.
Нитрагиннің пайдалы әсері топырақ түріне байланысты. Әдетте қышқыл топырақтар нитрагиннің пайдалы әсерін мүлде төмендетіп жібереді. Сондықтан ол жерде -бұршақ түқымдас өсімдіктердің егілгеніне карамастан түкыммен бірге нитрагинді қайтадан ендіруге тура келеді. Түйнек бактериялары қышқыл топырақтарда (рН -- 5,4) бес жылға жетпей-ақ қырылып қалады. Сондықтан мұндай топырақтарды алдын ала ізбестеу керек. Ол бактерия-ларға қолайлы жағдай жасайды. Ал реакциясы нейтралды (рН -- 7,0) топырақтарда олар жақсы тіршілік етеді. Бірақ мүндай топырақка да мезгіл-мезгіл нитрагин беріп түруға тура келеді. Осы кезде дақылдардың гектарынан қосымша 20 -- 25%-тей өнім алуға болады. Түйнек бактерияларының өніп-өсуі және көбеюі үшін топырақтағы ауаның зор маңызы бар. Ауыр, лайлы, әрі бал-шьщты топырақтарда түқымға нитрагинді жүқтыру айтарлықтай нәтиже бермейді. Ал, қарашірігі мол топырақтар бүл препараттың тиімділігін арттырады. Отанымызда үзақ жылдар бойына жүргізіл-гөн (1958 -- 1963) тәжірибелер нитрагинді қолдану арқылы дақыл-дар өнімін молайтуға мүмкіндік туатындығын толық дәлелдеді (19-таблица).
Бұл таблицадан бұршақ түқымдастарға нитрагин жұқтыру көпшілік жағдайда пайдалы екендігін көруге болады. Алынған қосымша өнім әдетте нитрагинді сатып алу мен қолдануға кеткен шығынды артығымен өтейді.
Әсіресе нитрагин ылғалы мол, қара топырақты жерлерде жақсы нәтиже береді. Мәоелен, Бүкіл одақтык астық шаруашылығы институтының жүргізген тәжірибесі нитрагин жүқтырылған бүршақ суперфосфатпен тыңайтылған жерге егілгенде жақсы нәтиже бере-тіндігін көрсетті. Алынған қосымша өнім гектар басына 13 -- 22%-тей болды. Нитрагин тек өнімділікті арттырыіп қана қоймайды, сонымен қатар бүл тәсіл топырақты азотқа бай өсімдік қалдықта-рымен де толықтырады.
Академик Д. Н. Прянишн-иковтың керсетуі бойынша беде бір жылда гектар басына 300 сг-нан астам атмоісфера азотын жинай
алады. Ал люпин осы мерзімде 160 -- 170 сг-дай азот жинайды. Бір жылдық бұршак тұқымдас өсімдіктер (бұршақ, жем бұршақ т. б.) гектар басына 100 кг-ға дейін топырақта азот қалдырады.
Айта кететін жағдай тұқымға нитрагин жұқтыруды түрлі улы химиялық заттармен залалсыздандырумен ұштастыра білу қажет.
Л. М. Доросинский тәжірибесіне қарағанда, алдын ала хи-миялық препараттармен залалсыздандырылған тұқымды нитрагин-мен еңдеуге болатындығы анықталды. Мұны мына деректерден байқауға болады.
Ескерту: Нитрагин тұқымды себер алдында ғана жұқты-рылды.
Бұдан тұқымды химиялық препараттармен залалсыздандыру неғұрлым ертерек жүргізілсе, соғұрлым нитрагиннің пайдасы да арта түседі.
Мәселен, бұршақ тұқымдастардың тұқымының бір тоннасын 1 -- 2 кг гранозан, меркуран және ТМТД (мыстың үш хлорлы феноляты) препараттарымен залалсыздандырып, одан кейін төрт жүма өткен соң нитрагин жүқтырып сепсе, түйнек бактерия-ларына бүл химиялық препараттардың әсері болмайтыны аньщтал-ған. Осы кездеегіске кеңінен қолданылып жүрген атразин, атратан, пропазин, прометрин және симазин препараттары түйнек бактерия-ларына керісінше әсер ете алмайды. Бірақ тұқымды және егісті улы химикаттармен өңдеу нитрагин құрамындағы түйнек бактерияла-рына қолайсыз әсер ететіні дәлелденген. Сондықтан ондай пре-параттармен, әсіресе түқымды өңдеуді неғұрлым ерте жүргізіп, содан кейін нитрагин жұқтыру іқажет.
Азотобактерин. 1901 жылы Бейеринк атмосферадағы молекула күйіндегі азотты сіңіре алатын азотобактер микробын тапты. Ол топырақта жеке, өз бетінше тіршілік ететін аэробты ор-ганизм. Бүл микроорганизмдерді зерттеуші ғалымдар ауыл шаруа-шылық дақылдарын азотпен қамтамасыз ету үшін, олардан бакте-риялы тыңайтқыштарды әзірлеуді үсынды.
Ауыл шаруашылығында мұны кеңінен қолдану мақсатымен Бүкіл одақтық ауыл шаруашылык микробиология институты азо-табактерден тыңайтқыш жасап шығарды және оны азотобактерин деп атады. Жалпы азотобактеринді даярлау 1937 жылдан бастал-ды. Қазіргі кезде оны бактериялы тыңайтқыштар даярлайтын заводтар әзірлеп, шаруашылықта кеңінен лайдаланып келеді.
Азотобактеринді даярлаудың бірнеше тәсілдері бар, Әдетте лабораторияда және заводтарда агарлы* азотобактерин даярлана-ды (30-сурет). Бүл үшін алдын ала қантты микроэлементтерді және борды суда ерітеді. Алынған ортаны қатты күйге .айналдыру үшін, 1,5 -- 2%-тей агар қосады. Осындай коректік ортаны 0,2 -- 0,5 литрлік сүт бөтелкелеріне құйып, залалсыздандырады да, сүйықты көлбей қатырады. Осы көлбей қатырылған ортанын бетіне азото-бактерді себеді. Бүдан кейін бөтелкелерді темпе-ратурасы +25 -- 27° жерде 4 -- 6 күндей үстайды.
Қоректік зат бетінде азотобактер қалың шы-рыш түрінде өседі, кейін ол қара қошқыл түске айналады. Осындай бөтелкедегі азотобактер клет-касының саны 40 миллиардқа жетеді. Мұндай препараттарды үш ай ішінде қолдану керек. Агарлы азотобактерин жақсы препарат болғанымен оның толып жатқан кемшіліктері бар. Біріншіден -- тыңайтқыштарды өндіру процесін механикаландыруға мүмкіндік жоқ, екіншіден үш айдан кейін бактериялардың азайып қырылып қалуы, тыңайтқышты қолдануды қиындатады, үшіншіден -- еліміздің егіс даласына қажетті азотобактеринді даярлау үшін өте көп мөлшерде бөтелкені керек етеді, төртіншіден -- жер-жерге тыңайтқышты таратқанда жолшыбай қолайсыз жағдайдың болмауын қадағалау қажет. Өйткені бактерия клеткалары қолайсыз жағдайға тап болса, қырылып кетуі мүмкін.* Агар-агар -- теңіз балдырларынан алынатын зат. Қо-ректік ортаға қаттылық қасиет береді.Оеыған байланысты азотобактеринді тиімді етіп өндіру мәселесі алға қойылды. Қазір азотобактеринді топырақ немесе торф қосып даярлайды.
Бұл үшін азотобактер қарашірікке бай топырақта немесе шымтезекте өсіріледі. Бұған арналған шымтезектің қышқылдығы өте аз және ол ыдырау процесіне ұшырамаған болуы тиіс. Топырақтың да қышқылсыз және қарашірікке бай болуы шарт. Бұл үшін жақсы өңделген жерлердің топырағын алып, оған парник қараші-рігін қосады. Шымтезектің немесе топыраіқтың сапасын жақсарту мақсатымен оған 1 -- 2% бор, 0,1%-тей түйіршіктелген суперфосфат қосқан жөн.Азотобактерин даярланатын топырақ күз басында жиналып, електен өтхізіліп, қүрғақ бөлмеде сақталынуы тиіс.
Алдымен азотобактерді қ^рамында 2% канты және осындай мөлшерде минерал түзы бар қоректік ортада төрт тәулік бойына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауыл шаруашылығында қолданатын бактериалдық препараттар
Ауыл шаруашылығында қолданатын бактериалды препараттар туралы ақпарат
Бациллдар немесе спора түзуші бактериялар тұқымдастары
Биотехнология дамуының негізгі бағыттары және анықтамасы жөнінде
Баз және олардың ассоциаттарының ауыл шаруашылықтың дамуына әсері
Антибиотик түзуші микроорганизмдер
Рекомбинантты ДНК технологиясы негізіндегі жаңа буынды вакциналар
ДНҚ вакциналарын алу технологиясы
Түйнек бактериялары препараттарын жасау технологиясы
Бактериялды препаратттар
Пәндер