ҚР-ғы сақтандыру классификациясы


Пән: Сақтандыру
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: ҚР-ғы сақтандыру классификациясы

Орындаған: Оразбаева А. М. (ФН-305)

Тексерген: Курманбекова Г. А.

Семей 2015 ж.

Жоспар:

  1. ҚР- ғы сақтандыру классификациясы
  2. Ерікті сақтандыру салалары
  3. Жалпы сақтаңдыру
  4. Пайдаланылған әдебиеттер

Сақтандыру көп қырлы ол әр түрлі категориядағы сақтаушылар мен сақтандыру объектілері қамтиды. Сақтандыру шарттары сақтандыру жауапкершілігінің көлемімен ерекшеледі: ол заң күшімен міндетті және ерікті түрде жүрзілуі мүмкін. Сақтаңдыру қатынастарын ретке келтіру сақтандыруды жіктеуді қажет етеді.

Жіктеу дегеніміз - өзара байланысты звенолардың бағынышты жүйеге жинақталуы. Қазіргі Қазақстан Республикасының «Сақтандыру қызметі туралы» Заңының 6 бабына сәйкес сақтандыру салаларға кластарға түрлерге жіктеледі.

Сақтандыру - экономикалық жүйе қатынастары ретінде әр түрлі сақтандыру жауапкершілігіне байланысты субъектілер мен объектілерді қамтиды және әр түрлі формадағы қызмет көрсететін мекемелердің заң нормалары мен құқықтарын анықтау үшін қажет. Сақтандыру классификациясы экономикалық қатынастардың түрлеріне байланысты оларды реттеп бір жүйеге келтіру үшін қажет.

Сақтандыру классификациясы өзіне бір - біріне тәуелді, өзара байланысқан сақтандыру қатынастарды жатқыздырады. Сақтандыру классификациясының барлық звеносы сақтандырудың екі түрін қамтиды. Олар: 1. Міндетті сақтандыру. 2. Ерікті сақтандыру.

Міндетті сақтандыру - заң негізінде сақтандыру қорлары ресурстарының құрылуы және пайдалануымен байланысты. Яғни, азаматтық, құқықтық байланыстарды білдіреді. Міндетті сақтандырудың инициаторы болып мемлекет табылады. Яғни, заңды және жеке тұлғалардың қоғамдық мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында заң арқылы міндеттейді. 1997 жылы Қазақстан Республикасы міндетті сақтандыру ауылшаруашылық өндірісін жаңартуға қолданған. Негізінде міндетті сақтандыру, сақтандыру төлеміне тәуелсіз және белгіленген мерзімде ғана әрекет етеді.

Соңғы жылдары міндетті сақтандыру кеңінен қодданынады. Мысалы, әскери қызметкерлердің, ішкі істер органдарының қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығын, мүлігін міндетті сақтандыру жүргізілген. Міндетті сақтандыру азаматтық - құқықтық жауапкершілікті сақтандыру саласында дамыған, яғни автомобиль көлігі иелерінің азаматтық - құқықтық жауапкершілігі, нотариустардың және кейбір өзге субъектілернің азаматтық құқықтық жауапкершілігі міндетті сақтандыруға жатады.

Міндетті сақтандырудың түрлері, тәртібі мен талаптары заң актілерімен белгіленуі өз өмірін немесе денсаулығына сақтандыру міндетін азаматқа заң актілерімен де шартпен сақтандыру жағдайларында міндетті сақтандыру сақтандыру қатынастарында сақтанушының (сақтандырылған тұлғадан бөлек қатысуын) міндетті қатысуын талап етеді. Жиі - жиі шартта сақтанушы болып онымен азамат еңбек - қызметтік қатынаста тұратын мемлекеттік орган қатысады. Мұндай жағдайларда сақтандыру сақтанушы қаражаттарының есебінен жүргізіледі.

Міндетті сақтандыру кезінде сақтанушы сақтандырудың осы түрін реттейтін заң актІлерінде жазынған талаптар бойынша сақтандырушымен шарт жасауға міндетті Міндеттілік негізінен сақтандыру объектілеріне, сақтандыру жағдайларының тізіміне бір немесе басқа жағдайларда тиесілі сақтандыру төлемінің көлеміне, қатысты болып келеді. Сақтандыру төлемдерінің мөлшері өз кезегінде сақтанушының сақтандыру сыйақыларын телеу міндетіне әсер етеді.

Заң актілеріне сәйкес пайдасына міндетті сақтандыру жүзеге асырылуы тиіс болған адам, егер оған оның сақтандырылғандығы белгілі болса, осы міндет жүктелген тұлғадан өзінің сақтандырылуын сот тәртібінде талап етуге құқылы.

Сонымен міңдетті сақтандыруға тән белгілер:

1. Міндетті сақтандыру шарттары заңмен бекітіледі. Сақтандырушы заң бойынша сақтандырылуға тиісті объектілерді сақтандыруға ал сақтанушы сақтандыру төлемдерін төлеуге міндетті.

Заңды нормативті актке мыналар қарастырылған:

- сақтандыруға жататын объектілер тізімі;

- сақтандыру жауапкершілігінің көлемі;

- сақтандыру сомасын қамтамасыз ету деңгеиі;

- тарифтік ставкаларды белгілеу тәртібІ;

- сақтандыру төлемдерінің төлену тәртібі;

2. Заңда көрсетілген объектілердің барлығының жаппай
сақтандырылуы. Бұл қағида әсіресе мүлікті сақтандыруда қатты сақталады.

3. Сақтандыру сомасымен қамтамасыз ету нормаланған. Мысалы автокөлік иелерінің азаматтық құқықтық жауапкершілігінің жабуға арналған сома 400 айлық есептік көрсеткішпен шектелген.

Ерікті сақтандыру - міндетті сақтандырудың әрекетіне қарағанда азаматтық, құқықтық қатынастар негізінде пайда болған сақтандырушы (сақтандыру компаниялары) және сақтандырушы (жеке және заңды тұлғалар) өзара келісім негізінде пайда болды. Ерікті сақтандырудың инициаторы болып, шаруашылық субъектілері мен жеке және заңды тұлғалар табылады. Міндетті сақтандыру формасын мемлекет тек қана жеке сақтандырулар мүддесін қорғау мақсатында ғана емес, сонымен қатар жалпы қоғам үшін белгіленіп және бекітіледі. Заң міндетті сақтандыруды жүргізетін сақтандыру мекемесін анықтайды. Ерікті сқтандыру алдын-ала келісілген сақтандыру мерзімі анықталады. Ерікті сақтандыру, сақтандыру жарнасын төлеген соң ғана күшіне енеді.

Ерікті сақтандыруға тән белгілер:

1. Ерікті сақтандыру заңды және ерікті түрде жүргізіледі. Заң сақтандырудың жалпы шарттарын және ерікті сақтандыру объектілерін белгілейді.

2. Сақтандыруға қатысу сақтандырушыларға байланысты. Бұл принцип сақтандыру келісім шартының сақтанушының талабына сай жасалатынына кепілдік береді.

3. Ерікті сақтандыру ішінара қамту арқылы жүргізіледі, яғни барлығы жаппай сақтандырылуы міндетті емес.

4. Ерікті сақтандыру сақтандыру мерзімімен шектелген.

5. Сақтандыру сомасымен қамтамасыз ету сақтанушы талабына байланысты болады.

Ерікті сақтандыруды екі үлкен салаларға бөлуге болады:

1. Мүлікті сақтандыру.

2. Жеке басты сақтандыру.

Сақтандыру өз іс-әрекетінде танымның теориялық және эмпирикалық тәсілдеріне сүйенеді және бірқатар ғалымдардың, экономиканың, статистиканың, ықтималдықтардың теориясының нәтижелеріне негізделеді. Сақтық қорғауы ұйымдастырылатын құбылыстардың бұқаралық сипатына байланысты, сақтандыру саласы барлық ақпаратты жинауға, топтауға, жүйелеуге және жалпылауға мәжбүр. Бұл ақпараттарды сақтандыру саласы қызметінің тиімділігін арттырудың тиімді стратегиясын жасау үшін қолданылады. Экономикалық қатынастар жүйесі ретінде сақтандыру сақтық жауапкершіліктегі әртүрлі объектілер мен субъектілерді, заңдық ережелер мен тәртіптерге сәйкес қызметтерін ұйымдастыру түрлерін қамтиды.

Экономикалық қатынастардың алуан түрлігін реттеп, бірыңғай және өзара байланысты жүйені жасау үшін сақтандыруды жүйелеу қажет. Сақтандыруды жүйелеу әрбір сақтандырудың келесі буыны алдыңғы буынның бөлігі болатындай буындар мен салаларға бөлудің ғылыми жүйесі болып табылады.

Сақтандыруды жіктеудің негізіне екі критериясы алынған: сақтандыру объектілеріндегі өзгешелік және сақтық жауапкершілігі көлеміндегі өзгешелік. Осы бөлуге сәйкес жіктеудің екі жүйесі қолданылады: сақтандыру объектілері бойынша және қауіптің тегі бойынша.

Кеңейтілген және нақты мағынада сақтандыруды жіктеу сақтандырушыларда және олардың жұмысында, объектілерді, сақтандырушылар категориясында, сақтық жауапкершілігі көлемінде және сақтандыру өткізу түрінде өзгешеліктерді көрсету түрін бейнелейді. Нарықта меншік түрі жағынан мемлекеттің және мемлекеттік емес болып бөлінетін арнаулы сақтандыру ұйымдары қызмет көрсетеді. Бұл ұйымдардың қызмет ету саласы ішкі, сыртқы және аралас нарық салаларын қамтиды. Бұл экономикалық қызмет түрі ретіндегі сақтандыру саласын ұйымдық жіктелуі болып табылады. Ұйымдастыру түріне қарай сақтандыру мемелекеттік, акционерлік, өзара кооперативтік болып бөлінеді. Ерекше ұйымдық түрге дәрігерлік сақтандыру жатады.

Мемлекеттік сақтандыру - сақтандырушы ретінде арнайы өкілетті ұйым тұлғасы арқылы мемлекет болатын ұйымдастыру түрі: мемлекет мүдделерінің щеңберіне оның кез-келген және жеке сақтандыру түрлерін жүргізуге үстемдігі жатады.

Акционерлік сақтандыру - сақтандырушы ретінде жарғылық қоры жеке және заңды тұлғаларға тиесілі акциялардан және басқа құнды қғаздардан жиналған акционерлік қоғам түріндегі жеке капитал болатын мемлекеттік емес ұйымдастыру түріне жатады. Бұл ұйымдастыру түрі сақтандыру компанияларның жұмысын тиімді қылуға қамтамасыз етеді.

Өзара сақтандыру - қабылданған шарттарға сәйкес бір-біріне мүмкін шығындарды анықталған үлестері көлемінде жабу жөніндегі жеке және заңды тұлғалар топтары арасындағы келісімді бейнелейтін мемлекеттік емесұйымдастыру түріне жатады. Бұл түрдің қызметі құрылған сақтандыру кәсіпорыннан пайда табу мақсатын көздемейтін, яғни коммерциялық емес кескіндегі сақтандыру ұйымы болып табылатын өзара сақтандыру қоғамы арқылы жүзеге асырылады. Бұл сақтандырудың ұйымдық түріне жатады.

Ең кеңінен тарағаны ол - объект бойынша сақтандыру классификациясы болып табылады. Ол сақтандырудың салаларға байланысты бөлінуін және сақтандырудың түрлерін қамтиды. Объектілердің сипаттамасына байланысты нарықтық экономикада сақтандырудың төрт түрі белгіленген: мүліктік сақтандыру, жеке бас, жауапкершілікті сақтандыру, кәсіпкерлік тәуекелділікті сақтандыру.

Мүліктік сақтандыру дегеніміз - сақтандыру объектісі болып әр түрдегі мүлік табылады. Оның экономикалық мазмұны - сақтандыру оқиғасы нәтижесінде пайда болған зиянды өтеу.

Мүліктік сақтандыруды бөлген кезде сақтандырудың формасы мен сақтанушылардың категориялары ескеріледі. Осы белгі бойынша келесі мүліктік сақтандырудың қосалқы салалары белгіленген: заңды тұлғалардың мүлкін сақтандыру (мемлекеттік, жекеменшік, акционерлік және т. б. ) және қоғамның мүлкін сақтандыру.

Мүліктік сақтандырудың түрлері: құрылысты сақтандыру, негізгі және айналымды қорларды сақтандыру, үй мүлігін және транспорттық құралдарды сақтандыру.

Жеке басты сақтандыру дегеніміз ол - сақтандыру объектісі болып өмір, денсаулық және жұмысқа қабілеттілік табылады.

Жеке басты сақтандыру сақтандыру жауапкершілігінің көлеміне байланысты қосалқы алаларға бөлінетін сақтандыру мерзімі: өмірді сақтандыру, кенеттен болған жағымсыз оқиғадан сақтандыру.

Жеке сақтандыру түрлері: өмірді сақтандыру, қосымша зейнетақыны сақтандыру, некелік сақтандыру, әскери адамдардың сақтануы және т. б.

Жауапкершілікті сақтандыру ол - сақтандыру объктісі басқа үшінші тұлға алдындағы жауапкершілік болып табылады. Жауапкершілікті сақтандыру арқылы зиян тигізген адамдардың экономикалық қызығушылығын қорғау жүзеге асады.

Жауапкершілікті сақтандыру келесі тармақшаларды қамтиды: берешекті сақтандыру және зиянды өтеу оқиғаларын сақтандыру немесе азаматтық жауапкершілікті сақтандыру.

Жауапкершілікті сақтандыру түрлері: қарыз беруші және несие беруші алдындағы жауапкершілікті, транспорттық құрал иелерінің азаматтық жауапкершілігін, адам тасымалдаушылардың жауапкершілігн сақтандыру.

Жауапкершілікті сақтандыру - сақтандыру қызметінің жеке саласы болып табылады. Жауапкершілікті сақтандыру объектісіне -сақтанушының қандай да бір әрекетін немесе әрекетсіздігінен зиян келтірілуі мүмкін үшінші жақ алдындағы жауапкершілігі жатады. Субъектілері - сақтанушы, сақтандырушы, пайда алушы. Жауапкершілікті сақтандырудың мақсаты залал келтірушінің экономикалық мүддесін сақтандыру арқылы қорғау. Азаматтық -құқықтық жауапкершілікті сақтандыру кезінде басқа тұлғалардың өміріне, денсаулығына немесе мүлкіне зиян келтірудің салдарынан туындайтын жауапкершіліктің болу тәуекелі (қаупі) сақтандырылады. Азаматтық - құкықтық шарттардан және басқа да негіздерден пайда болуы мүмкін, жауапкершілік сақтандырылуы мүмкін.

Жауапкершілікті сақтандыру ерікті және міндетті түрде жүргізіледі. Жауапкершілікті сақтандырудың оны басқа салалардан бөліп тұратын өзіндік ерекшеліктері бар:

1) азаматтық жауапкершілікті сақтандыру түрлерінде сақтандыру окиғасының болуын анықтау сақтандырудың қатысушыларының құқықтары мен міндеттерін белгілейтін азаматтық-құқықтық нормалары мен тікелей байланысты.

2) жауапкершілікті сақтандыру сақтанушының үшінші тұлғаға келтірген зиянының орнын, келісім шартта көрсетілген сақтандыру сомасы көлемінде жабуды қамтамасыз етеді, яғни жауапкершілікті сақтандыру келісім шарты үшінші тұлғаның пайдасына жасалады.

3) жауапкершілікті сақтандыру сақтанушының үшінші тұлғаға алдындағы жауапкершілігін сақтандыру болып табылады.

Кәсіпкерлік жауапкершілікті сақтандыру - кәсіби кызметі барысында үшінші тұлғаға зиян келтіруі мүмкін, әр түрлі категориядағы тұлғалардың мүліктік мүддесін сақтандыру түрлерін қамтиды. Кәсіби жауапкершілікті сақтандырудағы тәуекелдер екі топқа бөлінеді:

1) үшінші тұлғаның денсаулығына залал келтіру және дене жарақатымен байланысты тәуекелдер. Мұндай жағдайлар дәрігерлер, хирургтар, дантистер, формацевтер тәжірибесінде жиі кездеседі.

2) материалды шығын келтірумен байланысты тәуекелдер. Кәсіби қызметке талап және оның жүрзілуі арнаулы заңды және нормативті актілерге сәйкес белгіленеді. Сақтандыру жеке кәсіби қызметпен айналысатыны тұлғаға қатысты жүргізіледі. Жеке тәжірибеленуші маманның (сақтанушының) клиентке келтірілген материалдық зияны мен оның көлемі соттың шешімі бойынша анықталған жағдайда ғана сақтандыру оқиғасы болады деп есептеледі.

Сақтандырудың салалық сипаттамасы - сақтандыру жұмысының жалпы бағалау міндеттерін шешеді.

Кәсіпкерлік тәуекелділігін сақтандыру екіге бөлінеді: тікелей тәуеклділікті сақтандыру және жанама шығындарды сақтандыру. Тікелей шығындарға: табысты толық алмағандықтан пайда болатын шығындар, шикізаттарды дер кезінде жеткізбеуіне байланысты құрал - жабдықтардың тұрып қалуы және т. б. Жанама - мекеменің банкротқа ұшырауына байланысты сақтандыру.

Кәсіпкерлік тәуекелділігін сақтандыру түрлері: коммерциялық тәуекелділікті сақтандыру, валюталық тәуекелділікті сақтандыру, биржалық қатынастарды сақтандыру.

Сақтандыру классификациясы өзара иерархиялық байланысқан 4 түрге бөлінеді:

1. Құрылыс, құрал - жабдық, тауар сияқты объектілерді өрттен, табиғи апаттардан сақтандыру.

2. Ауыл шаруашылық объектілерді құрғақшылық пен табиғи апаттардан сақтандыру.

3. Жануарларды сақтандыру.

4. Көлік құралдарын авариялардан мен т. б. қауіпті жағдайлардан сақтандыру.

Қазақстан Республикасының "Сақтандыру қызметі туралы" Заңында классификация белгіленген. Бұл классификация сала, класс және түрлерге байланысты сақтандыруды бөледі. "Өмірді сақтандыру" саласы келесі кластарға бөлінеді:

1. Өмірді сақтандыру.

2. Аннуитеттік сақтандыру.

Өмірді сақтандыру - сақтандыру мерзімі біткенге дейін немесе сақтандыру шартында белгіленген жасқа дейін өмір сүрген жағдайда сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздейтін жеке сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.

Аннуитеттік сақтандыру - сақтандырылушы белгілі бір жасқа жеткен, еңбек ету қабілетін (жасына байланысты, мүгедектігіне байланысты, науқастығына байланысты) жоғалтқан, асыраушысы қайтыс болған, жұмыссыз қалған жағдайларда немесе сақтандырылушының жеке табыстарының келуіне немесе одан айырылуына әкеліп соққан өзге де жағдайларда сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін жеке сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.

Жалпы сақтаңдыру белгілі бір сақтандыру жағдайларының келіп түсуінде заңды және жеке тұлғалардың аймақтық бұзылған құқықтары мен қызығушылықтарының орын төлеуді қамтамасыз етуде дәстүрлі жолда болып келеді. Қазіргі кезде жалпы сақтандыруды кластарға бөлу кеңейтілген тізімді қамтиды, оған шолу жасасақ қазіргі кезеңде азаматтық - құқықтық қатынастар субъектілерінің құқықтарын қамтамасыз етуде сақтандырудың мәні бұрыңғыға қарағанда салыстарымсыз жоғары болып келеді деген пікірде орнығуымыз мүмкін.

«Жалпы сақтандыру» саласы ерікті сақтандыру нысанында мынандай сыныптарды қамтиды:

  1. жазатайым жағдайдан және аурудан сақтандыру;
  2. медициналық сақтаңдыру;
  3. автомобиль көлігін сақтандыру;
  4. темір жол көлігін сақтандыру;
  5. әуе көлігін сақтандыру;
  6. су көлігін сақтандыру;
  7. жүктерді сақтандыру;
  8. көлік пен жүктерді сақтандыру қоспағанда, мүлікті сақтандыру;
  9. кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру;
  10. автомобиль көлігі иелерінің азаматтық-кұқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
  11. темір жол көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
  12. әуе көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
  13. су көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтаңдыру;
  14. тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
  15. шарт бойынша азаматтық - құкықтық жауапкершілігің сақтандыру;
  16. зиян келтіргені үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру.

Ерікті сақтандыру нысаныңдағы әрбір кластың мазмұны және оны жүргізу жағдайлары бойынша қосымша кластар өкілетті мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді. Сонымен, сақтандырудағы әрбір класқа байланысты заңнама занды нормативтік актілері бойынша арнайы реттеуді қарастыруы қажет.

Осыған байланысты, сақтандырушылар үшін сақтандырудың әрбір класы бойынша жалпы жағдайлар көбіне міндетті болып анықталатынын айтуға болады. бұның өз сыры бар, міндетті реттеу сақтандырушылардың қызметін пайдаланатын субъектілерінің мүдделерін ескеруіне мүмкіндік береді.

Жазатайым жағдайдан және аурудан сақтандыру, сақтандырылған тұлға жазалайтын жағдайдың немесе аурудың салдарынан қайтыс болған, еңбек ету (жалпы немесе ішінара) жоғалтқан немесе оның денсаулығына өзге де зиян келтірілген жағдайларда оның қосымша шығындарын шектеулі сомада не Ішінара немесе толық өтеуді қарастыратын жеке сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады. Төленетін өтемдердің негіздері мен көлемі азаматтың деликтік құдықтық нормалармен айқындалатын адамның өмірі мен денсаулығына келтіретін зиянның түрлерімен байланысты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инвестиция туралы
Кәсіпкерлік құқықтың субъектілері
ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ, СЫНЫПТАМАСЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ
Үйренушілік шығындар принципі
ҚАРЖЫ ЖӘНЕ Инвестиция және олардың кәсіпорын қызметінің тиімділігін қамтамасыз етудегі ролі
Инвестициялық тәуекелдіктер түсінігі және олардың түрлері
Коммерциялық банктердің лизингтік операцияларының дамуы
БТА АҚ қаржылық қызметін талдау
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік жағдайы
Тұтыну несиесі туралы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz