Стресс



Стресс туралы ілім
Стресстің жіктелуі
Стрессті тудыратын факторлар
Пайдаланған әдебиеттер
Стресс туралы ілім – Ганс Сельемен негізі құралған қазіргі медицинаның ең басты бөлімдерінің бірі. Ганс Селье 1926 жылы әр түрлі өзін нашар сезінумен зардап шегетін аурулар туралы алғашқы бақылауын жазды. Бұндай аурулардың бәрінде тәбеттің болмауы, бұлшық ет әлсіздігі, артериялық қысымның жоғарлауы, жетістікке талпынудың жоғалуы сияқты өзгерістер байқалады. Ол оны «жай ауру синдромы» сияқты белгіледі. Ол көптеген ағзасында ауырған кезде біртекті байқалатынын көрсетті: бүйрек үсті безінің қыртысындағы өзгеріс (гипертрофия), лимфоидты тіннің құлдырауы (лимфатикалық түйіндер және айырша без), асқазанның жаралануы. Ағза ішіндегі барлық мұндай өзгерістердің жиынтығын сипаттау үшін ол «күйзеліс» түсінігін енгізді.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті.

БӨЖ

БӨЖ

Тақырыбы: Стресс

Орындаған: Туржигитов А.Х.
Тексерген: Нуркенова М.К.

Семей 2015ж
Стресс туралы ілім - Ганс Сельемен негізі құралған қазіргі медицинаның ең басты бөлімдерінің бірі. Ганс Селье 1926 жылы әр түрлі өзін нашар сезінумен зардап шегетін аурулар туралы алғашқы бақылауын жазды. Бұндай аурулардың бәрінде тәбеттің болмауы, бұлшық ет әлсіздігі, артериялық қысымның жоғарлауы, жетістікке талпынудың жоғалуы сияқты өзгерістер байқалады. Ол оны жай ауру синдромы сияқты белгіледі. Ол көптеген ағзасында ауырған кезде біртекті байқалатынын көрсетті: бүйрек үсті безінің қыртысындағы өзгеріс (гипертрофия), лимфоидты тіннің құлдырауы (лимфатикалық түйіндер және айырша без), асқазанның жаралануы. Ағза ішіндегі барлық мұндай өзгерістердің жиынтығын сипаттау үшін ол күйзеліс түсінігін енгізді. Осыдан кейін ол ұзақ жылдар бойы зерттеу медициналық және хирургия институтында және кейіннен стресстің халықаралық институты болған Монреальда жұмыс істеді. 1936 жылы Г.Селье өзінің стерсс туралы түсінігін құрастырған кішене стаьясын жазды және бір мезгілде (Әр түрлі зақымдаушы себеппен шақырылатын стресс және Жалпы бейімделу синдромы және биологиялық стресс синдромы деген жаңа ұғымдарын енгізді. Шамамен Г.Селье бүкіл ағзаға қатысты стресс концепциясын құрған кездері, 1934 жылы ҚССР-да Насосов Д.Н. бірінші рет тірі клетканың құрамы айналадағы қоршаған ортаның кез келген өзгерістеріне біртекті сезімтал екендігін көрсетті. Өзгеріс ең басты келесе түрде өтті: цитоплазманың тұтқырлығы өсті, оның диперсиясы азайды, сутегі иондарының концентрациясы жоғарлады. Бұл көрініс паранекроз деп аталады. Д.Н. Насосовтың жолын қуушы, Александров В.Я. 1965 жылы зақымданудың денатурациялық теориясын ұсынды. Одан кейінірек Тагеева С.В. кез келген клетканың органелласы сыртқы орта әсерлеріне біркелкі морфологиялық және қызметтік өзгерістер комплексімен жауап беретінін көрсетті. Сондықтан стресстің организм деңгейіндегі концепциясы Г.Сельенікі болса, клеткалық деңгейдегі (клеткалық бейімделу) бейспецификалық жауап теориясы Кеңес Одағында дамыды деп айтсақ шындық болып саналады. Г.Селье бойынша стресс анықтамасы былай: стресс бұл кез келген сыртқы талаптарға ағзаның бейспецификалық реакциясы.
Стресс - организмнің күшті әсерлерге реакциясы, ол өз табиғаты бойынша стресстік жауап - зақымдаушы факторлар әсер еткенде организмнің тұрақтылыққы (резистентікке) жету әдісі. Сонымен қалыпты дені сау организмде қолайсыз факторлармен күресуге бағытталған механизм бар. Сол қолайсыз фактор әсерінен организм өліп кетуі де мүмкін. Бұл механизм - стресс-реакция немесе жалпы бейімделу синдромы деп аталады.
Стресстің жіктелуі

Жалпы стресстің біртұтас алынған жіктелуі жоқ. Малдәрігерлерінің тәжірибесінде оның себептеріне байланысты жіктеуді қолданған дұрыс сияқты. Ол бойынша:
транспортты-тасымалдау;
технологиялық - малды күтіп-бағу; ауырсынғандық; ауа райына байланысты;
вакцина жасауға байланысты;
температураға байланысты;
малдың қозғалмай, бір орнында тұрып қалуына байланысты; жылқы, ит, маймылдарда көңіл-күйге (эмоционалды) байланысты т.б. түрлерін ажыратуға болады.
1.Транспорттық-тасымалдау стрессі. Малдарды тасымалдау кезіндегі ережелерді бұзудан болатын стресс. Бірнеше стрессорлар әсер етеді: мал таситын көлікті дұрыс дайындамау; жаңадан әкелінген малдарды бірінші күндері дұрыс күтпеу; ауа райының, температураның өзгеруі; т.б. қосымша әсерлер ретінде көп малды тығыз күйінде тасымалдау. Мұндай стресс асыл тұқымды, буаз малдарда, бұзауларда кездеседі. Малдарды ыстық күні, ауаның ылғалдылығы жоғары болғанда тасымалдағанда жиі кездеседі. Су уақытында берілмей, рацион дұрыс болмағанда, әсіресе онда: кальций, магний аз, калий көп болғанда; арық малдарды тасымалдағанда; бұзауларды стресске қарсы дәрі беріп дайындамағанда да пайда болады.
Организмнің резистенттілігі нашарлап бұзаулар өкпе, ас қорыту жүйесінің ауруларына шалдыққыш келеді.
Емі. Шаруашылықта ұйымдастыру, санитарлық мәселелерді дұрыстап шешу керек.
Организмнің табиғи резистенттілігін арттыратын, қозу процесін төмендететін дәрілерді қолданады (димедрол, хлоралгидрат, валериана тұнбасы). Нейролептиктер ретінде аминазин, стресснил жақсы әсер етеді. Бұзауларға еттің ішіне тасымалдауға дейін 30-40 минут қалғанда, тасымалдау қашықтығына байланысты, аминазинді 0,5-2 мгкг; стресснилді 1-2 мгкг мөлшерінде жібереді. Егер бұл дәрілерді ауыз қуысы арқылы берсе, онда мөлшерін 2-2,5 есе өсіреді.
Малдың резистенттілік қабілетін жоғарлату үшін элеутерококктың сығындысын тасымалдауға дейін және одан кейін сүтке араластырып күніне 1 рет 10-14 күндей, 0,1 млкг мөлшерінде беруге болады.
Энергияны толықтыру үшін бұзауларға 2,5 гкг мөлшерінде глюкоза ертіндісін ішкізеді. А, Д2, Е витаминдерін жіберуге болады.Стресске қарсы ТВАГ (транквизин, витамин, аминазин, глюкоза) және АнВАГ (антибиотик, витамин, аминазин, глюкоза) препараттары бар. Бұл препараттарды ауруды емдеу және олардан сақтандыру ретінде арнайы нұсқаулар бойынша қолданады.
Стресстің белгілеріне қарсы күрес: венаға кальций хлоридін, күкірт қышқыл магнийді, глюкозаға кофеин қосып, оймақ гүл, кордиамин, лобелин препараттарын жібереді.Өкпе ісінгенде қан ағызып, венаға хлорлы кальций ертіндісін құяды.
2.Технологиялық стресс. Малдарды күтіп-бағуда жіберілетін кемшіліктерден туындайтын стресс. Оған жататындар:
# малдардың жиі-жиі орнын ауыстырып, жиі-жиі жаңа топтарға бөлу;
# төлдерді енелерінен ерте айыру;
# малдарды байлап, қозғалыссыз ұстау - адинамия;
# кенеттен жаңа күту әдістеріне ауыстыру.
Көбінесе стресс бірнеше факторлар қатарынан әсер еткенде пайда болады. Ауру малдардың өнімі азаяды, өнімінің сапасы төмендейді. Өсіп-өнуден қалады. Клиникалық белгілері, әсіресе шошқаларда, қамдану сатысында-ақ біліне бастайды.Ауруды емдеу әдістері алдыңғы ауруды емдеу әдістеріндей. Әсіресе сақтандыру шараларына көп көңіл бөлген жөн.
3. Эмоционалды стресс. Малдарға қатты ауырту арқылы әсер еткенде, олардың көңіл-күйінің өзгеруімен сипатталатын стресс.Нерв жүйесі тез қозатын спорт аттарының, декоративті иттердің, зоопарк және цирк малдарының арасында кездеседі.Дайындықсыз, дұрыс ұйымдастырылмаған малдәрігерлік істер: қан алу, мүйізсіздендіру, пішу, өлшеу, косметикалық операциялар (құлаққа, құйрыққа т.б.) жасау стресс жағдайын туғызуы мүмкін.
Стресс үш кезеңнен тұрады:
1. үрейлену - жағымсыз тітіркендіргіш әсер еткен сәтте туатын жауаптың алғашқы кезеңі. Таңырқау іспетті сезім пайда болады;
2. төзімділік - жағымсыз тітіркендіргіш әсеріне беріліп кетпей, оған төзу реакциясы туады. Бұл кезде гипоталамус-гипофиз жүйесінің ықпалымен бүйрек үсті безінің гормондарының мөлшері қанда тез мөлшерде көбейіп кетеді. Симпатикалық жүйке жүйесінің әсерімен жүректің соғу ырғағы жылдамданады, тыныс алу ырғағы да жиілене түседі. Бұлшық еттердің жиырылу қабілеті күшейеді;
3. әлсіреу - ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Стрестік жағдайлардың психофизиологиясы
Стресске бейімделу кезеңдері
Стресстің репродуктивті жүйеге әсері
Стресс, стреске қарсы дәрілер қолдану, стресстің алдын алу
Психологиялық стресстің формуласы
Оқушылардың оқудағы стресстік жағдайлары
Тұлғалық факторлар
Стресс және дистресс
Стрестің даму сатылары
Стресс дегеніміз не?
Пәндер