Аңдар биологиясы



1. Қарақұйрықтылар отрядының морфофизиологиялық мінездемесі.
2. Биологиялық негіздегі сирек кездесетін аңдардың түрін қалпына келтіру.
3. Республикадағы аңшы шаруашылығын дамыту және Қазақстандағы қымбат аң терісі ресурстары.
1.Қазақстанның оңтүстік аймағын мекен ететін қарақұйрық (Gazella subgutturosa subgutturosa) – басқа тұяқты жануарлардан өзінің әсемдігімен және көр¬кем¬дігімен бірден ерекшеленеді.Қазіргі кездегі түрі Алдыңғы, Орта және Орталық Азияда кеңінен таралған. ТМД бой¬ынша қарақұйрық Қазақстан, Өзбекстан, Әзір¬байжан, Қырғызстан, Тә¬жікстан мен Түркіменстан аумақтарында мекен етеді. Бұрындары қарақұйрық аңшылық нысаны болып табылған. ХХ ғ. ортасында республика аума¬ғын өнер¬кәсіпте пайдалану, құйрықтың мекен ету аймағы¬ның күрт қысқаруына әкеліп соқты, соның сал¬дарынан жа¬нуарлар саны едәуір азайды. Нәтижесінде Қазақстанда қарақұйрыққа аңшылық етуге 1951 жылдан бастап тыйым салынды. Осылайша, антропогенді әсер ету салдарынан, қарақұйрықтың кезінде мекен ететін тұтас аймағы Іле, Тауқұм, Мойынқұм, Қы¬зылқұм және Үстірт-Маңғыстау болып жекеленген, оңаша микропопуляцияларға бөлініп кетті.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ҚазақстанРеспубликасыБілімжәнеғылым министірлігі
Семей қаласыныңШәкәріматындағымемлекеттік университеті

СӨЖ
Тақырыбы: Аңдар биологиясы.

Орындаған: Айдосова Л.А
Тобы: Бл-209
Тексерген: Тугамбаева С.М

Семей-2015

Жоспар:
1. Қарақұйрықтылар отрядының морфофизиологиялық мінездемесі.
2. Биологиялық негіздегі сирек кездесетін аңдардың түрін қалпына келтіру.
3. Республикадағы аңшы шаруашылығын дамыту және Қазақстандағы қымбат аң терісі ресурстары.

1.Қазақстанның оңтүстік аймағын мекен ететін қарақұйрық (Gazella subgutturosa subgutturosa) - басқа тұяқты жануарлардан өзінің әсемдігімен және көр-кем-дігімен бірден ерекшеленеді.Қазіргі кездегі түрі Алдыңғы, Орта және Орталық Азияда кеңінен таралған. ТМД бой-ынша қарақұйрық Қазақстан, Өзбекстан, Әзір-байжан, Қырғызстан, Тә-жікстан мен Түркіменстан аумақтарында мекен етеді. Бұрындары қарақұйрық аңшылық нысаны болып табылған. ХХ ғ. ортасында республика аума-ғын өнер-кәсіпте пайдалану, құйрықтың мекен ету аймағы-ның күрт қысқаруына әкеліп соқты, соның сал-дарынан жа-нуарлар саны едәуір азайды. Нәтижесінде Қазақстанда қарақұйрыққа аңшылық етуге 1951 жылдан бастап тыйым салынды. Осылайша, антропогенді әсер ету салдарынан, қарақұйрықтың кезінде мекен ететін тұтас аймағы Іле, Тауқұм, Мойынқұм, Қы-зылқұм және Үстірт-Маңғыстау болып жекеленген, оңаша микропопуляцияларға бөлініп кетті. 1978 жылы қарақұйрық мекен ету аймағы мен саны жағынан азайып бара жатқан сирек кездесетін түр ретінде Қазақ КСР Қызыл кітабына енгізілді.
Қарақұйрық - қатты қиыршықты және сазды жамылғылы болып келетін әр түрлі шөл далаларды мекендейді. Бұдан басқа, ол бітік өсімдігі бар құмды далаларды - Қызылқұм, Мойынқұм, Тауқұм, Сарыесік атырауларында да кездеседі. Бұл биік емес құм төбе-шіктерде жүзгін, таспа, тікенек, жыңғылбас, сексеуіл сияқты әр түрлі жыңғыл бұталары өседі. Шөп жамылғысы шөл қияғы, ермен мен барқын-дардан тұрады. Қыс-тың суық үскірік желінен қорғану мақсатында қа-рақұйрықтар өсімдіктері қалың ойпатты орманды, тіпті қамыстың арасын да паналайды. Оңтүстік далаларда қар жамылғысы өте қалың емес (шамамен 10 см. және одан да аз) және ұзақ жатпай, күн көзіне тез еріп, буланып кетеді. Қарақұйрықтар сондай-ақ, ашық тау бөктерлерінде және шөл өсімдіктері бар жазық тауларда да мекендейді. Тауаралық далаларда тұяқтылар теңіз деңгейінен 800-1200 м. биіктікке еркін көтеріледі.
Қарақұйрық мекендеу аймағында біркелкі тегіс таралмаған. Олар негізінен азығы мол жерлерде, жазық тау бөктерінде, сулы және қорғаныштық қа-сиеті бар өңірлерде өмір сүреді. Оның таралу аймақ-тарының көп бөлігі мезгілдік ауысыммен байланысты көшіп жүре-тін жерлер: таралу аймағының солтүстік бөлі-гінде қар түсумен байланысты - күзгі-қысқы (оңтүстікке) және сулы, жайылым жері мол - жазғы болып келеді. Жазғы көшулері өсім-дік-тердің қу-рауына байланысты басқа жайы-лым-ды, суға жақын жерлерге ауысуымен көрінеді.

Қарақұйрық дәнді дақылдар, барқын, қына, жыңғылдар мен бұтақтар сияқты әр түрлі нәр-селерді қорек етеді. Ол өсімдіктердің ша-мамен 70 түрін жейді. Осындай азықтық өсімдіктердің мол жиынтығы - оның белгілі азығының жоқ екендігін көрсетеді. Нәтижесінде қарақұйрық шөл даладағы өсетін бар-лық өсімдіктермен қоректене береді. Бұл қарақұйрықтың азықты шөптері әдемі өскен шөл далаларда кеңінен жортуына жол береді. Қарақұйрықтар тек тұщы суды ғана емес, соны-мен қатар ащы суды да іше береді. Олардың су ішу тәртібі азықтанған өсім-діктерінің ылғалдығына бай-ланысты. Көктемде және жаз мезгілінің бас кезінде олар көктемгі шырынды азықтармен қанағаттанғандықтан суды сирек ішеді. Аптап ыстық түсе бастасымен жануарлар сулы аймақтарға көше бастайды.Қарақұйрықтардың табын құрып өмір сүруі өте сирек - негізінен олар жалғыз жүреді, не болмаса 2-5 бастан, 6-15 бастан (сирек кездеседі) құралған шағын топ болып өмір сүреді. Қарақұйрық популя-циясының ұсақтоптық құрылымы шөл дала ішіндегі арнайы табиғи жағдайға қалыптасуын көрсетеді. Осындай құры-лымда жануарлар қорегі аз шөл өсімдіктерін толығымен пайдалана алады.Қыс мезгілдерінде қарақұйрықтардың жас және ересек аталықтар мен аналықтардан тұратын әртүрді табындары топтасып жүреді. Бұл олардың бірігіп қорек табуына, жыртқыш жануарлардан және т.б. қорғануына мүмкіндік береді. Көктем шығысымен табындары ыдырып кетеді. Жазғы уақыттарда қарақұйрықтар көбіне жалғыз жүреді, кейде 2-4 бастан құралған топтары сирек кездесіп жатады. Жаздың соңы және күз мезгілінің бас кезінде де олар шағын топ болып өмір сүре береді. Қаңтар айында, күйлеу аяқталғаннан кейін қарақұйрықтар біртіндеп бірігіп үлкен табын құра бастайды.
Қарақұйрық - көпүйірлі аң. Күйлеуі қараша-желтоқсан айларында жүреді, ешкілерінің буаз болу мерзімі шамамен 5,5-6 айға со-зылады. Жыл сайын төлдейтін ересек еш-кілері 3-4, ал жас аналықтары 1-2 төл береді. Төлдері тез жетіледі.Басқа жабайы жануарлар сияқты қарақұйрықтар-дың да өлім-жітімі жиі кездеседі. Табиғи жағдайлардан қарақұйрыққа аса қауіптісі - қалың қар мен көктайғақ мұз. Қарақұйрықтың тұяқтары кішкентай болғандықтан қалың қарда жүруі қиын және оның астынан азық іздеп табуы да қиынға соғады. Сол себептен қар қалыңдығы 10 см.-ден жоғары болған жағдайда ол оңтүстік аймақтарға қоныс аударады.

Қарақұйрықты қорғау және санын қалпына келтіру - бұл мемлекеттік көлемдегі мәселе болып табылады. Қазақстанда сирек және құрып бара жатқан жануарлар мәселесіне байланысты Қазақстан Респуб-ликасы Үкіметі және Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті жануарлар әлемін қорғау бойынша арнайы шаралар қолдануда. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің "Охот-зоопром" ӨБ" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнында 2003 жылдан бері сирек және құрып бара жатқан жануарлар түрлері мен киіктерді мемлекеттік қорғау қызметі құрылып, қызмет атқаруда. Қорғау шараларының нәтижесі бойынша Қазақстанда қарақұй-рықтың саны 2005 жылғы 12150 бастан 2009 жылы 17000 басқа дейін өсті.Қарақұйрықтардың таралу аймақтарының көп бөлігінде экожүйелер аздап бұзылғандықтан, алдағы уақытта оларды қалпына келтіру мүмкін болатын жағдай. Қазіргі уақытта бұл тұяқтылардың сақталып қалған популяция-ларын экологиялық бақылап отыру қажет. Бұл ретте республикадағы сирек кездесетін және құрып бара жатқан жабайы тұяқты жануарлар түрлері мен киіктерді қорғау және санын арттыру мәселесі қарастырылған "Сирек кездесетін тұяқты жануарлар мен киіктерді қорғау және санын арттыру бойынша 2005-2007 жылдарға арналған бағдарлама" (2005 жылғы 25 наурыздағы №267) мен "Су ресурс-тары- мен жануарлар әлемін сақтау мен тиімді пайда-ла-ну және 2010 жылға дейін ерекше қорғалатын та-биғи аумақтар жүйесін дамыту жөніндегі бағдар-ламаны" (2007 жылғы 8 қазандағы №914) бекіткен Қазақстан Республикасы Үкіметі қау-лыларының маңызы зор. Аталған қаулыларға сәйкес Қазақстанда қарақұйрықтарды тарихи таралу аймақтарына көшіру жұмыстары белсенді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бүлдірген нематодасы
Зиянды кеміргіштер Кеміргіштердің жалпы сипаттамасы және экономикалық маңызы
Астық немесе дән кенесінің таралуы, морфологиясы, биологиясы және онымен күрес шаралары
Қазіргі кездегі балықтардың басым көпшілігі осы сүйекті балықтар
«Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданында қызанақ егістерінде кездесетін зиянды нематодтардың, кенелердің және кеміргіштердің таралуы, зияндылығы және күресу шаралары»
Қызанақ көшеттерін өсіру
Аңшылық құстардың аңшылықта алатын орны
Гепардтардың биологиялық ерекшелігі
Тары дақылының өсіру
Картоп дақылын өндіру
Пәндер