Балалар футбол клубын ашу


Бизнес-жоспар
Балалар футбол клубын ашу
Орындаған: Оразбаев Е. Ж АУ-401
Тексерген : Есенбекова З. Ж
2011 жыл
МазмұныКестелер тізімі3
Суреттер тізімі4
Резюме5
Кіріспе7
1. Жобаның тұжырымдамасы8
2. Өнімнің (қызметтердің) сипаттамасы9
4. Маркетингтік жоспар11
4. 1 Өнімдер (қызметтер) нарығының сипаттамасы11
4. 2 Негізгі және әлеуетті бәсекелестер12
4. 3 Нарықты дамытудың болжамды бағасы, күтілетін өзгерістер13
4. 4 Маркетинг стратегиясы13
5. Техникалық жоспарлау15
5. 1 Техникалық процесс15
5. 2 Ғимараттар мен құрылыстар15
5. 3 Жабдық және инвентарь (техника) 15
5. 4 Коммуникациялық инфрақұрылым15
6. Ұйымдастыру, басқару және құрам16
7. Жобаны іске асыру17
7. 1 Іске асыру жоспары17
7. 2 Жобаны іске асыру шығындары17
8. Пайдалану шығыстары18
9. Жалпы және әкімшілік шығыстар19
10. Қаржыландыру қажеттілігі21
11. Жобаның тиімділігі22
11. 1 Cash-flow проекциясы22
11. 2 Пайда мен залалдардың есептері22
11. 3 Баланс проекциясы22
11. 4 Қаржы индикаторлары22
12. Әлеуметтік-экономикалық және экологиялық әсер24
12. 1 әлеуметтік-экономикалық мәні24
12. 2 Қоршаған ортаға әсер24
Қосымшалар25
Кестелер тізімі Суреттер тізімі Резюме
Жобаның тұжырымдамасы Шымкент қаласында футбол клубын ашуды қарастырады.
14 жасқа дейінгі балалар нысаналы топ болып табылады. .
Жоба бойынша жалпы инвестициялық шығындар мыналарды қамтиды:
Жобаны қаржыландыруды жоба бастамашысының өз қаражаты есебінен сияқты қарыз капиталы есебінен де жүзеге асыру жоспарлануда.
Кредиттеудің келесі шарттары қабылданды:
Жобаның 5 жылына арналған кәсіпорын қызметі тиімділігінің көрсеткіштері:
13% дисконттау ставкасы кезінде инвестицияланған капиталдың дисконтталған таза кірісі 5 жылда 12 915 мың теңгені құрады.
Жоба экономикалық көзқарас жағынан мыналарға ықпал ететін болады:
- Шымкент қаласында 5 жаңа жұмыс орнын құру;
- Шымкент қаласының бюджетіне қосымша түсімдер.
Жобаның әлеуметтік әсерлері арасынан мыналарды бөліп көрсетуге болады:
- халықтың, атап айтқанда балалар мен жасөспірімдердің дене тәрбиесімен және спортпен үнемі айналысуына деген қажеттіліктерін қанағаттандыру;
- халықтың (балалар мен жасөспірімдердің) денсаулығын сақтау, нығайту, жұмыс істеу қабілетін арттыру, салауатты өмір салтын және бос уақыттарын қалыптастыру;
- спорт ғимараттары мен басқа да сауықтыруға бағытталған объектілерді барынша тиімді пайдалану;
- спортқа тартылатын балалар санын ұлғайту, нәтижесінде жасөспірімдер жасайтын құқық бұзушылықты азайту.
КіріспеШағын-футбол соңғы кезде Қазақстанда, қазақстандық бизнесте кеңінен тараған.
Шағын футбол спорттың қызықты түріне айналуының себептері мол.
Біріншіден, футбол - бұл спорттың құмарлы түрі, ол бизнеспен айналысатын көптеген адамдар сияқты тұтастай алған, да ер-азаматтардың бәріне ұнайды.
Екіншіден, спорттың басқа көптеген түрімен айналысуға қарағанда шағын футбол үшін жағдайлар көп. Негізінен онымен көптеген спорт залдарда айналысуға болады.
Бұдан басқа, шағын футбол үшін командаға 11 ойыншы емес ғана қажет болады, 12 футбол құмар адам болса, олардың екі командаға бөлініп, жаттығуларына болады.
Жалпы, футболдың имиджі соңғы кезде қатты өзгерді, егер бұрын оған ұлттық спорт ретінде қараса, енді белгілі ойыншылардың нәтижесінде ол ерекше және беделді ойынға айналды.
Жобаның тұжырымдамасы Шымкент қаласында балалар спорт клубын ашуды қарастырады.
14 жасқа дейінгі балалар нысаналы топ болып табылады.
Клуб мектептің жалға алынған спорт залында орналасады. Сондай-ақ, мектеп жанындағы балалар футбол алаңын жалдауға да болады.
Осы бизнес-жоспарда жоспарланған кәсіпорынның айналымдарын жеңілдетілген декларацияның негізінде арнайы салық режимін қолдана отырып қызметті жеке кәсіпкер шеңберінде жүзеге асыру ұсынылады.
Осы бизнес-жоспар басшылыққа алатын соңғы нұсқа емес, тек осындай бизнес-идеяны дамытудың әлеуетті мүмкіндігі ғана. Сондықтан да жобаны іске асырған кезде сату бағдарламасы сияқты көрсетілетін қызметтердің де өзгеруі мүмкін. Жоспарланған қызметтердің бәсекелестік басымдығын, сондай-ақ сатып алынатын жабдықтың ерекшелігін барынша ашып көрсету қажет болады.
2. Өнімнің (қызметтердің) сипаттамасыДене шынықтыру-сауықтыру қызметтері бүгінде сервистік қызметтің ерекше түрі болып табылады. Адамдарда әлеуметтік маңызды болып табылатын сауықтыру қажеттілігі туындады. Осыған байланысты спорттық қызметтерді ұйымдастыруда ақылы қызметтер маңызды рөл атқарады және сондықтан да ақылы қызметтер өндірісі дене тәрбиесі ұйымдары ұсынатын қызметтер сапасын арттыру болып танылады.
Халыққа көрсетілетін ақылы қызметтері кеңейту және коммерциялық дене шынықтыру және спорт қызметтерін ұйымдастыру халықтың дене шынықтырумен және спортпен үнемі айналысуына деген қажеттіліктерін барынша толық қанағаттандыруға, денсаулықты сақтауға, нығайтуға, жұмыс істеу қабілетін арттыруға, салауатты өмір салты мен бос уақытын қалыптастыруға, сондай-ақ спорт ғимараттары мен сауықтыруға бағытталған объектілерді барынша тиімді пайдалануға бағытталған.
Жаңа ақылы спорт қызметтерін құру процесін зерделеу сервистік қызметке перспективті бағыт ұстау болып табылады. Бүгінде ақылы қызмет түрлері өсуде, өйткені олар мынадай санаттар бойынша әр түрлі: қызметтерді ұсыну бағасы, түр-түрі, дене шынықтыру әсері, сондай-ақ ересектер санаттары бойынша.
Топ жастарына қарай бөлінеді. 1-топ - 7 жасқа дейінгі балалар, 2-топ - 8-ден 11 жасқа дейінгі балалар, 3-топ - 12-ден 14 жасқа дейінгі балалар. Әрбір жас топтарының саны - 2. Осылайша, барлық топ саны - 6. Жарты топ дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері, екінші жартысы - сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері дайындалатын болады. Бір сабақтың уақыты - 1 сағат. Сабақ уақыты күндізгі және кешкі деп бөлінеді. Осылайша, әрбір баланың бос уақыты ескерілетін болады.
3. Өндірістер бағдарламасы
1- кестеде өндірістің жылдар бойынша жоспарланған бағдарламасы берілген.
1-кесте - Өндірістің жылдар бойынша жоспарланған бағдарламасы
Сату бағдарламасы жүргізілген маркетингтік зерттеулер (тұтынушылардың қаланың әр түрлі аудандарында балалар футбол клубтарына деген қажеттілігін айқындау мақсатында) нәтижелерінің негізінде, сондай-ақ жарнамалық акциялар арқылы жүзеге асырылатын болады.
Бағаны қалыптастырған кезде тұтынушылардың орташа табыстары арқылы айқындалатын сатып алу қабілеттіліктері ескерілді.
Бағаны қалыптастыру нарықтық бағаларға және өнімнің толық өзіндік құнына негізделген.
2-кесте - Өнімнің жоспарлы бағалары
Сату бағдарламасын есептеген кезде инфляция назарға алынған жоқ, өйткені инфляцияға байланысты бағаның көтерілуі сонымен қатарлас кәсіпорын қызметі бағасының ұлғаюына әсер ететін болады. .
4. Маркетингтік жоспар 4. 1 Өнімдер (қызметтер) нарығының сипаттамасыЖаңа технологияларды игерудің дамып отырған серпіні спорт қызметтері саласы инфрақұрылымының белсенді дамуын айқындап берді. .
1-сурет - Оңтүстік Қазақстан облысында демалыс, мәдени және спорттық іс-шараларды ұйымдастыру қызметтері, мың теңге
Ақпарат көзі: ОҚО Статистика департаменті
Суретте көрсетілгеніндей, ОҚО демалыс, мәдени және спорт іс-шараларын ұйымдастыру қызметі көлемінен түсетін түсімдер жылдан-жылға ұлғаюда. Мәселен, егер 2005 жылы 3 042, 6 млн. теңгенің спорт қызметтері көрсетілген болса, ал 2010 жылы бұл көрсеткіш 2 166, 5 млн. теңгеге (немесе 19, 5%) ұлғайды және 5 209, 1 млн. теңгені құрады.
Бұл жобаның пайдасына тағы бір көрсеткіш - халық санының ұлғаюы.
2-сурет - Оңтүстік Қазақстан облысы халқы санының серпіні, адам
Ақпарат көзі: ОҚО Статистика департаменті
2-сурет ОҚО халқы саны өсуінің оң серпінін көрсетеді. Мәселен, 2010 жылы халықтың саны 2 567 707 адамды құрады, бұл 2009 жылға қарағанда 56 009 адамға көп.
Источник: Департамент статистики ЮКО
3-суреттегі деректерді ескере отырып, балалар футбол клубы клиенттерінің үлесі (5-14 жастағы балалар) 2010 жылғы ОҚО жалпы халқы санының 19, 5% құрайды.
Ақпарат көзі: ОҚО Статистика департаменті
Яғни, Оңтүстік Қазақстан облысында балалар және шынықтыру ұжымдарының саны 1 223 бірлікті құрайды, бұл жалпы санының 84, 2%.
Осы уақытта Шымкент қаласында 9 спорт алаңы бар. Қалада дарынды балалар көп, бірақ алаңдар мен жаттықтырушылар жетіспейді.
4. 2 Негізгі және әлеуетті бәсекелестерКәсіпорының негізгі бәсекелесі Шымкент қаласындағы дене шынықтыру ұжымдары болып табылады. 3-кестеде көрсетілгеніндей Оңтүстік Қазақстан облысында олар онша көп емес.
Шымкент қаласында сондай бір балалар футбол клубы жоқ, тек мектептерде дене шынықтыру ұжымдары мен спорт алаңдары бар, оларда спорттың әр түрімен айналысады.
Шымкент қаласында кәсіби футбол клубы бар. Ол 2000 жылғы шілдеде «Томирис» және «Жігер» командаларының 2003 - «Ордабасы» командасымен бірігуі нәтижесінде «Достық» деген атпен құрылды.
4. 3 Нарықты дамытудың болжамды бағасы, күтілетін өзгерістер«Қазмұнайгаз» компаниясы Қазақстанда көп функционалды спорт алаңдарын салудың екі жылдық бағдарламасын әзірледі және бекітті. Ұлттық компания өзінің еншілес компаниялары арқылы 60 спорт алаңын салуды жоспарлап отыр. Олардың үшеуін «ҚазТрансГаз» АҚ өткен жылы Шымкент қаласында салды, сондай-ақ Қазақстанның басқа өңірлерінде тағы да 9 алаң салу жоспарлануда. Сондай-ақ «ҚазТрансГаз» АҚ үстіміздегі жылғы мамырда футбол турнирін өткізуді ұйымдастырды, ол Шымкенттегі № 50 мектептің футбол алаңында өтті.
4. 4 Маркетинг стратегиясыҚызмет беру саласында жұмыс істейтін заманауи компаниялар жетістіктері құрамдауыштарының бірі - оны ұсыну сапасы. Нарықтағы бәсекелестіктің күшеюіне байланысты басқа да тең жағдайларда клиент өз таңдауын сервис деңгейі барынша жоғары компанияның таңдауына береді.
Клубтағы сервистің сапасына басымдық беру болжануда. Ең алдымен, бұл әрбір клиентке жеке қызмет көрсету, барлық шағымдар мен ұсыныстарды (жеке әңгіме, сауалнама) қарау, инабатты, ізетті қызмет көрсету.
Жоспарланған жарнама науқанының басталуы - клубтың ашылуына бір ай қалғанға дейін. Ең алдымен, Интернетте дербес web-ресурс ашу, БАҚ-та жарнамалар беру, жарнаманы объект орналасатын аудандардағы лайт-бокстарда орналастыру.
Сондай-ақ, спорт дүкендері желісін («Мегаспорт», «Adidas» және басқалары. ) ынтымақтастыққа тартуға болады. Нұсқалардың бірі ретінде мынадай схеманы қолдану жоспарлануда: спорт құралын сатып алатын адамға пакетіне спорт клубының карточкасы салынады, оның қысқаша сипаттамасы мен деректемелері, сондай-ақ жасалатын жеңілдіктер көрсетіледі. Өз кезегінде, дүкен клубтың ғимаратында өз жарнамасын орналастыру мүмкіндігіне ие болады.
Әрбір келушіге жеке қызмет көрсетілуіне орай карточка жүйесін енгізу, жеңілдіктер мен бонустар жүйесін әзірлеу.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz