Дж.М. Кейнстің экономикалық ілімінің негізгі зерттеу мәселелері жайлы



1.Джон Мейнард Кейнс туралы дерек
2.Дж.М.Кейнстің экономиканы мемлекеттік реттеу теориясы
3.Дж.М.Кейнстің Белгісіздік, экономикасы
4.Қорытынды
1.Джон Мейнард Кейнс (1883-1946) ағылшындық экономист, мемлекеттік қайраткер.Қазіргі экономикалық ілімдер тарихының негізін қалаушы ағылшын экономисі Дж.М.Кейнс болып табылады. Оның басты енбегі – «Еңбекпен қамту, пайыз бен ақшаның жалпы теориясы» (1936) деп аталады. Нарық жағдайында сұранымның ынталандыру қабілеттілігі жаппай жұмыссыздықтан құткарады деген тұжырымға келді. Еңбекпен қамту деңгейін мемлекеттік реттеу жүйесіне көшіру Дж.М.Кейнстің жасаған негізгі қағидасы. Батыста ХХ-шы ғасырдың 30-шыдан 80-шы жылдарына дейін «кейнстіліктің» әсерінен нарықты реттеу жүйесі жүзеге асты.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Семей қаласындағы Шакәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ



Такырып; Дж.М. Кейнстің экономикалық ілімінің негізгі зерттеу мәселелері
Тексерген; Қуантқан Биболат
Орындаған; Сансызбаев Нуртай Нурболұлы

Семей 2015
Дж.М. Кейнстің экономикалық ілімінің негізгі зерттеу мәселелері
ЖОСПАР
1. Джон Мейнард Кейнс туралы дерек
2.Дж.М.Кейнстің экономиканы мемлекеттік реттеу теориясы
3.Дж.М.Кейнстің Белгісіздік, экономикасы
4.Қорытынды
1.Джон Мейнард Кейнс (1883-1946) ағылшындық экономист, мемлекеттік қайраткер.Қазіргі экономикалық ілімдер тарихының негізін қалаушы ағылшын экономисі Дж.М.Кейнс болып табылады. Оның басты енбегі - Еңбекпен қамту, пайыз бен ақшаның жалпы теориясы (1936) деп аталады. Нарық жағдайында сұранымның ынталандыру қабілеттілігі жаппай жұмыссыздықтан құткарады деген тұжырымға келді. Еңбекпен қамту деңгейін мемлекеттік реттеу жүйесіне көшіру Дж.М.Кейнстің жасаған негізгі қағидасы. Батыста ХХ-шы ғасырдың 30-шыдан 80-шы жылдарына дейін кейнстіліктің әсерінен нарықты реттеу жүйесі жүзеге асты.
2.Экономиканы мемлекеттік реттеу теориясы және Дж.Кейнстің экономикалық 1929-1933 жылдардағы дүние жүзілік экономикалық дағдарыс өнеркәсіп саласындағы Дж.М.Кейнс өзінің Индекстік әдіс Оның ең басты жаңа идеясы-рыноктік экономикалық қатынастар жүйесі.Кейнстің экономикалық тоқырау кезінде баса назар аударған мәселесі.Сұраныс проблемасын Кейнс жұмыссыздық проблемасымен байланысты қарастырады.ХХ-шы ғасырдың 70-ші жылдарындағы экономикалық дағдарыс пен кәсіпкерлік белсенділіктің бәсеңсуі А.Смиттің мемлекеттік реттеудің тиімсіздігі идеясына алып келді. Осы жағдайлардың толқынымен экономикалық ілімде жаңа бағыттар пайда бола бастады. Осы бағыттағы экономистер ұсынымды ынталандыру идеясын тілге тиек етті. Олардың ойынша, нарық механизмі, бәсеке негізінде өсуді баланстандыру қамтамасыз етіледі немесе сұраным мен ұсыным арасында тепе-теңдік қалыптасады. Мемлекеттің ролі еркін бәсекеге дұрыс жағдай жасаумен шектелуі қажет. Бұл неоклассикалық немесе неолибералдық бағыттың көздегені жекешелендіруге пайдаға салық өсімін төмендету арқылы және бәсеке жағдайында жеке кәсіпкерлікті күшейтіп, ұсынымды ынтатандыру. Мемлекет жұмыспен қамтамасыз ету идеясынан бас тартып, әлеуметтік бағдарламаны барынша қысқартады. Әлеуметтік амортизаторлар сақталып, тегін қызмет көрсету сияқгы әлеуметтік кепілдік жойылып, кәсіпорын акцияларына иелік жасау арқылы жұмысшыларды кәсіпкерлікке тарту, басқаруға қатыстыру және сол сияқты бойын көтере бастайды. Олардың қолдауынша, жеке кәсіпкерлік өндіріс пен қоғамдық әл-аукаттың қарқынды өсуіне алып келеді, ұсынымды ынталандыру теориясы рейганомика мен тетчеризмнін негізін қалады.Дж. М. Кейнстің "Қамтылу, процент және ақшаның жалпы теориясы" атты басты еңбегінің жарыққа шығуы тек қана көптеген жақтастары мен саясый - экономикалық әдебиеттердін пайда болуына себеп болу мен қатар, сондай - ақ әртүрлі теориялық бағыттарды, мектептер мен экономикалық ағындарды туғызды. Дж. М. Кейнстің осы еңбегі жарыққа шыққаннан соң бірнеше жылдан кейін, ең алғыр байқағыш экономистер, тек-қана бірнеше синтездік көзқарастарды пайдаланып экономикадағы тепе-теңдікті сақтаудың рецептерін табуға болатындығын түсіне бастады. Соғыстан кейінгі жылдары кейнсиандық бағытта біршама өзгерістер болды, яғни жаңа бағыт - неокейнсиандық жүйе қалыптасты.Кейнстің бірінші қысқртылған (ықшамдалған) үлгісіндегі жиынтық сұраныс немесе жоспарланаған шығындар (Е), тұтынуға (С), және инвестицияларға (І) бөлінеді, ал жиынтық ұсыныс ұлттық табыстың (Ү) деңгейімен анықталады. Шартты тепе - теңдік мына теңдеумен сипатталады:Ү=E=C+I Қорыта айтканда, қазіргі кезде экономикалық ілімдер тарихы мынадай төрт ірі ағымдармен сипатталады.капитализмді реттеу теориясымен айкындалады. Оның негізін қолдаушы ағылшын экономисі Дж.Кейнс (1883-1946 ж.ж.) болып табылады;Дж.М. Кейнс теориясында А. Смиттің рыноктың көрінбейтін қолының орнын шарттылықтың көрінбейтін жібі басқан. Мұның өзі Кейнске адамның мінез-құлқын классикалық мектепке қарағанда шынайырақ сипаттауға мүмкіндік береді. Жалпыдан жалқыға келістің негізгі мақсаты жеке тұлғаның құлқы мен тапшылықтың материалдық шарттары арасындағы тікелей байланыстың жігін ашып көрсету болған еді. Бүгінгі таңда бұл түсініктердің байланыстылығы мемлекет пен әлеуметтік институттар арқылы расталып отыр.Кейнс тепе-теңдік идеясынан бас тартқан жоқ, бірақ оның түсінігінде тепе-теңдіктің жаратылысына табиғи негіз берілуі қажет. Мұндай келістің практикалық нәтижесі бәсекелі экономика қалыпты жағдайларда жұмыспен толық қамтуға ұмтылады дейтін көзқарастан бас тарту еді. Кейнс бойынша экономикада әртүрлі тепе-теңдіктердің болуы мүмкін, бірақ олардың біреуі басқасынан гөрі табиғилау болуы мүмкін емес.
3.Экономикалық болмыстың сипаты, Кейнске сәйкес, белгісіздіктерге толы құбылыстар. Белгісіздік факторы адамдарды өздерінің жинақтарын өтімділік (банктердің өз міндеттемелерін уақытылы атқаруы) формасында сақтауға итермелейді. Инвестициялардың өзгермелілігі және жинақтар мен инвестицияларға пайыз мөлшерлемесі арқылы ықпал жасаудың қиындығы дәл осы белгісіздік факторымен айқындалады. Адамзат тарихы бойынша экономикалық прогрестің баяу және кідірісті жүруі де белгісіздік факторымен түсіндіріледі. Кейнс келтірген кейіпкерлердің баршасы белгілі бір дәрежеде өздерінің болашағы туралы белгісіздікте болғандықтан ақшалы болуды сақтанудың маңызды құралы деп есептейді. Белгісіздік өндіріс өзіне қажетті сұранысты туындатады дейтін Сэй заңын да әлсіретеді. Үрейлі күтулер атмосферасының іскерлік белсенділікті жаншуы, тауарлардың, қызметтер мен инвестициялардың қолайлы бағалар арқылы қолжетімді болғанға дейін қозғала қоймауы да белгісіздік факторының әсері. Белгісіздік сезімі бірде арта түседі, бірде кемиді; қайсыбір кезеңде адамдар болашаққа сенімді, басқа бір уақытта қарама-қарсы сезімдер пайда болады. Сенімділік деңгейі жоғарыласа экономика гүлденеді, төмендесе даму тежеледі.Кейнс белгісіздік жағдайын бүкіл экономикалық болмысқа жайып, таратудан аулақ. Белгісіздік, экономиканың өміршеңдігі мен гүлденуі біздің болашағымызға тәуелді болған жағдайда ғана экономикалық теорияның зерттеу пәніне айналады. Егер сұраныс күнделікті қажетті тауарлармен ғана шектелген болса, онда экономикалық теорияға белгісіздік түсінігін қарастырудың қажеті де болмас еді. Мұндай жағдайда ауа райы немесе соғыс жағдайы сияқты сыртқы факторлар белгісіздіктің қайнар көзіне айналар еді. Капитализм тұсында белгісіздікті экономикалық жүйе туындатады, өйткені жүйенің өзі капиталдың қорлануы үшін жасақталған машина болып табылады. Ал күрделі тауардың пайдалы әсері бірден емес, уақыт өте келе байқалатыны белгілі.Сонымен, байлықты жасау механизмі бір уақытта экономикалық және әлеуметтік тұрақсыздық қызметін атқарады.Өзінің негізінде Кейнстің классикалық мектептен қол үзуі аталған ілімнен толықтай бас тарту емес еді; мұндағы мәселе мәміле жасаушы экономикалық агенттердің қолындағы ақпарат көлеміне байланысты туындады. Кейнс негізгі айырмашылықты тәуекелдік факторлары (оны есептеуге болады) мен белгісіздік (есептеуге болмайды) арасынан байқады. Өзінің Ықтималдық туралы Трактатында мәселені келесідей қояды: Біздің біліміміздің әртүрлі деңгейі жағдайында болашаққа қатысты ұтымды күтулер деген нені білдіреді[1]. Оның негізгі идеясы статистикалық ықтималдық теориясын терістеп оны логикалық теориямен алмастыруда еді. Логикалық теориядағы ықтималдық - бұл статистиканың емес, логикалық пайымдаулардың функциясы. Ықтималдықтардың статистикалық болуы мүмкін, бірақ ол міндетті емес. Кейнстің осылайша пайымдауларының өзгешелігі - ол білім көздерін іздестіруде байқау мен бақылауға емес, санаға сенеді, санаға жүгінеді. Оның логикалық ықтималдық теориясы әдетте адамдардың түйсік-түсінігіндегі ықтимал, мүмкін, кім білсін деген көзқарастарға мейлінше максималды жақындайды. Бұған қарама-қарсы тиімді рыноктар теориясы тәуекелдерін дәл есептеуге болатын қаржылық рыноктардың сақтандыру рыноктарына эквивалентті екендігіне сендіргісі келеді.Көптүрлі ықтималдықтардың ішінен Кейнсті әсіресе белгісіз ықтималдықтар қызықтырады. Олар, әдетте салыстыруға келмейтін аргументтер тоғысында пайда болады.Жойылмайтын белгісіздіктердің өміршеңдігі (бар болуы) Кейнсті эконометриканың пайдалылығы туралы ұстанымын өзгертті. Тәуелді айнымалының болашақ мәнін болжауға мүмкіндік туғызатын тәуелсіз және тәуелді айнымалылардың арасындағы өзара байланыстарды табу мақсатында статистикалық әдістерді қолдану Кейнсті күдіктендіреді.Біріншіден, әлдебір параметрлерді табу үшін регрессивті талдауды қолдану, оны шындыққа балау - бұл іргелі қателікке ұрыну. Параметрлер әрдайым жылдан жылға өзгермейді деп жорамалдау негізсіз Екіншіден, Кейнс сандық модельдерді сынады, себебі олар белгілі бір оқиғаға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дж.М. Кейнстің экономикалық ілімінің негізгі зерттеу мәселесі
Кейнстің экономикалық ілімінің негізгі зерттеу мәселелері жайлы ақпарат
Кейнстің экономикалық ілімінің зерттеу мәселелері
Дж.М. Кейнстің экономикалық ілімінің негізгі зерттеу мәселелері туралы мәлімет
Дж.М. Кейнстің экономикалық негізгі зерттеу мәселелері
Дж.М. Кейнстің экономикалық ілімінің негізгі зерттеу мәселелері туралы
Дж.М. Кейнстің экономикалық ілімінің негізгі зерттеу мәселелері
Кейнстің экономикалық ілімінің негізгі зерттеу мәселелері туралы ақпарат
«Кейнсиандық бағыт және оның эволюциясы»
Кейнстің экономикалық ілімі
Пәндер