Әдебиеттің тектері мен түрлері



ӘДЕБИЕТТІҢ ТЕКТЕРІ МЕН ТҮРЛЕРІ.
ӘДЕБИЕТТЕГІ СТИЛЬ МӘСЕЛЕСІ.
ӘДЕБИ ҮДЕРІС (ПРОЦЕСС), КӨРКЕМДІК ТӘЖІРИБЕЛЕР
Эпос – (грекше – баяндау, әңгімелеу) – көркем әдебиеттің көне, негізгі тектерінің бірі. Өмір шындығын мейлінше мол қамтып, кеңінен суреттейді. Адам мінезін мүмкіндігінше жан-жақты танытатын көлемді жанр.
Адамның көңіл күйінен туатын лирика мен қимыл - әрекетіне негізделетін драмадан эпостың негізгі айырмасы, оның ерекшелігі – мұнда шындық кең көлемдегі баяндау, әңгімелеу арқылы жинақталады. Эпостағы басты нәрсе – оқиға. Эпоста – адамның өмір жолы кеңінен баяндалады, оның басынан кешкен тағдыры мен тірлігі толық жинақталады, оқиғалар кеңінен суреттеліп , іс-әрекеттер тұтас алынады.
Эпикалық жанр көлем жағынан шағын көлемді, орта көлемді, кең көлемді эпикалық түр болып үшке бөлінеді.
1. А.Байтұрсынов «Әдебиет танытқыш» Кітапта: А.Байтұрсынов шығармалары. А.,1989
2. З.Ахметов «Өлең сөздің теориясы» А., 1973
3. Қ,Жұмалиев «Әдебиет теориясы» А., 1969

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ №12-15
Тақырыбы: ӘДЕБИЕТТІҢ ТЕКТЕРІ МЕН ТҮРЛЕРІ.ӘДЕБИЕТТЕГІ СТИЛЬ МӘСЕЛЕСІ.
ӘДЕБИ ҮДЕРІС (ПРОЦЕСС), КӨРКЕМДІК ТӘЖІРИБЕЛЕР

Пәні: Әдебиет теориясы
Тобы: Қ-217
Орындаған: Султанмуратова Ф.Қ
Тексерген: Құрмамбаева Қ.С

Семей, 2015

ӘДЕБИЕТТІҢ ТЕКТЕРІ МЕН ТҮРЛЕРІ.ӘДЕБИЕТТЕГІ СТИЛЬ МӘСЕЛЕСІ.
ӘДЕБИ ҮДЕРІС (ПРОЦЕСС), КӨРКЕМДІК ТӘЖІРИБЕЛЕР
Эпос - (грекше - баяндау, әңгімелеу) - көркем әдебиеттің көне, негізгі тектерінің бірі. Өмір шындығын мейлінше мол қамтып, кеңінен суреттейді. Адам мінезін мүмкіндігінше жан-жақты танытатын көлемді жанр.
Адамның көңіл күйінен туатын лирика мен қимыл - әрекетіне негізделетін драмадан эпостың негізгі айырмасы, оның ерекшелігі - мұнда шындық кең көлемдегі баяндау, әңгімелеу арқылы жинақталады. Эпостағы басты нәрсе - оқиға. Эпоста - адамның өмір жолы кеңінен баяндалады, оның басынан кешкен тағдыры мен тірлігі толық жинақталады, оқиғалар кеңінен суреттеліп , іс-әрекеттер тұтас алынады.
Эпикалық жанр көлем жағынан шағын көлемді, орта көлемді, кең көлемді эпикалық түр болып үшке бөлінеді.
Шағын көлемді эпикалық түрге жататын әдеби туындыларда өмір құбылысы ықшам түрде, жинақы бірер оқиға, көрініс негізінде баяндалады.
Оның бірі - миф, ежелгі көне түрлердің бірі. Өмір құбылысы - қиялға айналып баяндалады. Миф яғни қазақ әдебиетінде аңыз. Аңыздың мифтен айырмашылығы - аңыздың негізінде шындық жатады. Тіпті өмірдегі құбылыстар, халық жадындағы оқиғалар бар. Мысалы, Асан Қайғы, Қорқыт ата турасындағы аңыздар.
Шағын көлемді эпиканың тағы бір түрі - ертегі. Аңыз бен мифке ұқсас, адам өмірінде, не хайуанаттар дүниесіндегі әрқилы қызық та, тартымды, ғажайып оқиғалардың өсіре әңгімеленуі. Үш түрге бөлінеді. Хайуанаттар жайындағы ертегілерден туындап шығып, шағын эпостық өзгеше түріне айналған эпостық шығармалардың ішіндегі ең қысқа түрі - мысал.
Көркемдік дамудың жаңа кезеңдерінде бұрынғы эпостық шығармалардың түрі өзгеріп, жаңарып отырады. Феодализм мен капитализмнің тұсындағы шағын эпостың түрі - новелла, бұрын - соңды көз көріп, құлақ естімеген тамаша оқиға туралы шынайы суретті шығарма. Бүгінгі күні новелла мен көркем әңгіменің ара жігі жойылып, екеуі бір-бірінен ажырағысыз болып бара жатыр. (Оқшау шиеленіс, оқыс шешім тән).
Әңгіме - новелладан кейінірек туған ұғым болғанымен, екеуінің табиғаты бір. Әңгіменің көлемі шағын. Тартымды, сюжеттік желісі қызғылықты, кейіпкерлер жинақы, түсінікті, әбден дараланған типтік биіктен көрінуі шарт. Әңгіменің негізгі қасиеттілігі - қысқалығында , жинақылығында.
Шағын эпостың әңгімеге жақын бір түрі - очерк. Әңгімеге ұқсас. Очерктің әңгімеден бірнеше ерекшеліктері бар.
Очерктегі оқиға әңгімедегі сияқты ойдан шығарылған емес, өмірден алынған құбылыс. Қаһарманы да - өмірден алынады. Очерк кешегі немесе ертеңгіні емес, тек қазіргіні жазады. Өз кезінің үні, бүгінгінің жаршысы.
Шағын эпостық шығарманың бірі - фелетон. -Әрі әдеби, әрі газет жанры. Әдеби қасиеті мол, жақсыны бағалап, жаманды сынайды.
Орта көлемді эпикалық түрдің бір үлгісі - повесть. Повесть - ұзақ әңгіме, не қысқа роман дегенді айтып келеді ғалымдар. Мұнда шағын эпостағыдай бір емес, бірнеше оқиға, біршама құбылыстар кеңірек, біраз дамытыла суреттеледі. Әңгімеге қарағанда, повестің көлемі үлкен, сюжеті күрделі, оқиғалар мен образдарға бай болып келеді.
Орта көлемді - поэма - өлеңді повесть. Өмірдегі құбылыс пен адам образдарын, заман шындығын белгілі бір оқиғалық желіде өлеңмен беру.
Кең көлемді эпикалық түр. Кең қамту, жан - жақты тәптіштей беру бар. Тек бір адам басындағы оқиғалар жүйесі емес, бүкіл дәуір тынысы қопарыла көрсетіледі. Роман - көлемі үлкен, мазмұны қат-қабат, сюжеті мен композициясы орасан күрделі әдеби жанр. Эпикалық көлемді түрдің шыңы эпопея. Т.Нұртазин: "Бір романның кемеріне бірнеше роман иіндесе сыйысады" дейді эпопеяға анықтама бере келіп. Эпопеяның негізгі қаһарманы - халық, суреттер шындығы - сол халықтың сүрген дәуірі, заманы, қоғамы.
Лирика - әдебиеттің көнеден келе жатқан үш тегінің бірі. Лирика - адам сезімінен туған, көңіл - күйге сүйенетін, терең психологиялық, нәзік шығармалардың түрі.
Лирикада - ақын көңіл күйі басты орын алады.
Лирика эпосқа қарағанда ықшам. Сюжетке көп бара бермейді. Оқиғадан гөрі сезім басым. Лириканың бас қаһарманы ақынның өзі (Лирикалық қаһарман).
Орта ғасырда роман елдерінің поэзиясында туып, қалыптасқан лириканың ерекше түрі - баллада - шағын сюжетті өлең.(314). Идилия, мадригал, ода, сонет.
Стильді жазуға назар аударатын болсақ, алдымен жазылғалы тұрған шығарманың қай тақырыпта немесе қай салаға қатысты боларын анықтап алған жөн. Сосын оның белгілі бағытына орай жазу стильдерінің қажетін қолдануға болады. Айта кетсек, көркем шығарманы жазуға келгенде, әрине, әдеби стильді қолданатынымыз белгілі. Ендеше, осы орайда сөз қозғап көрелік.vКөркем шығарманы жазуға келгенде оның алдымен белгілі бір мазмұны мен бағытына және ол жерде автордың айтар ойына мән берген жөн. Ал оған көркем шығарманың композициясы, табиғи суреттеу ерекшеліктері, образы мен сюжеті және тақырыбы секілді әртүрлі жақтарын анықтап алу керек. Аталған жақтар көркем шығарманың негізгі мазмұнын негіздеуге көмектеседі. Мысалы:vТаңдану мен табыну ешқашан абстракциялы ұғым болып көрген емес, өйткені бұл екеуі тек жеке адамның ой-өрісі мен парасат деңгейіне тікелей байланысты. Ал жеке адамның өзі де, ой-парасаты да әрқашан нақтылы.Айталық, Теккерей, Гюго, Франс, Шиллер (прозалық шығармалары), Скотт т. б. әлемге белгілі жазушылардың шығармаларына өз басым ешқашан таңқалған да, табынған да емеспін. Осылай дегенім үшін бәлкім маған кейбіреулер тіл тигізер, қайдан шыққан данышпансың, өзің не бітірдің т. т. деген сияқты толып жатқан кінәлаушы сұрақтар қояр. Демек, олар табынушылар.Көрсетілген сындық көзқараспен жазылған көркем шығарманың әдеби стильде жазылғаны көрініп тұр. Себебі сөйлемдер толық көркем сөздермен әрленіп, стилистикалық норманың барлығы қамтылған. Сондай-ақ, жоғарыда айтылып өтілген жоспарлы бағыттардың ескерілгені де көрініп тұр.Әрбір оқушы немесе білімгер белгілі бір ерекше жазу стилін қалыптастырады, яғни ол өзінің әдеби білімімен, нақтырақ айтар болсақ, қаншалықты әдеби шығармаларға бейім болып, оқуға қызығушылығы болғанына қарай оның жазу мәнері де толыға түспек. Мысалы, шығарма жазу барысында кез келген білім алушы алдымен қысқа болса да жоспар жасап алады. Сосын өзі оқыған әдеби кітаптардағы ақын немесе жазушылардың жазу стилін ескере отыра, өзіндік әдеби стильге бейімделе жаза бастайды. Міне, осылай әдеби стильдің белгілі бір жеке-дара тұлғалық бағыттары пайда болады.
Әдеби үрдіс- бұл белгілі бір дәуірде, сонымен қатар, ұлттар мен елдердің, аймақтардың, әлемнің күллі тарихи кезеңдерінде өмір сүріп келе жатқан әдебиеттің тарихи-заңды қозғалысы. Әдеби үрдіс - адамзаттың эстетикалық, рухани құндылықтарының толығуының тарихы. Әлемдік деңгейдегі үрдіс қоғамдық-тарихи үрдістің бір бөлшегі болғандықтан, оған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әдебиеттің тегі мен түрі. Эпос, лирика, драма
Көркем әдебиеттің табиғаты, ерекшелігі және мәндері жайлы
Әдебиеттің көркем шығарманың көркемдеу құралдары мен тілі; өлең сөздің теориясы; шығармашылық әлемі және әдеби жанрлар мен олардың түрлері; әдеби үдеріс (процесс), әдеби әдіс, бағыттар мен көркемдік тәжірибелер
Әдеби тек. Драма. Лирика. Эпос
Әдебиеттің түрлері мен тектері
Көркем әдебиет жанрлары және олардың даралық ерекшеліктерін таныту амалдары
ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы әдебиет
Қазіргі замандағы батыс әдебиеттану ғылымы жанр мәселесі
Әдебиет танытқыш кітабы
Әдебиеттің көркем шығарманың көркемдеу құралдары мен тілі. Шығармашылық әлемі және әдеби жанрлар мен олардың түрлері. Әдеби дәстүр мен жаңашылдық. халықаралық әдеби байланыс
Пәндер