Сақтар (скифтер)



Сақтар (скифтер) массагеттер, дактар (дайлар) аримаспылар. Сарматтар бірлестіктерінің этногенезі туралы мәселенің тарихнамасы

Сақтардың шаруашылығы, әлеуметтік құрылысы және көрші мемлекеттермен қарым.қатынастары

Сақтардың І Дария Кир әсерлерімен және Александар Македонскидің басқыншылық жорықтарына қарсы күресі
Сақтар (скифтер) массагеттер, дактар (дайлар)
аримаспылар. Сарматтар бірлестіктерінің этногенезі туралы
мәселенің тарихнамасы
Біздің заманымызға дейінгі X—V ғасырларда Хуанхэ өзенінен Еділ мен Дунайға дейінгі аралықта тарихи мәліметтерде парсыларша — "сақ", гректерше "скиф" деген атпен белгілі болған түркі тілдес тайпалар тұрған.
Дарийдің Бехустин жартасындағы сақтарға жорық кезінде жазған текстерінде сақ тайпаларының үш тобы аталады. Олар: хаомоварға сақтары (хаомо ішімдігін дайындайтын сақтар), парадария сақтары (теңіздің арғы жағындағы сақтар), және тиграхауда сақтары (шошақ тымақты сақтар) деп аталады.
Сақтардың ескі зираттары, оның ішінде патшалардың жерленуі Шілікті, Талас, Шу, Іле жағалауларында, қырғыз және Жоңғар Алатауының бектерлерінде, Кеген мен Нарынқолдың таулы аймақтарында, содан соң, Еділ мен Дунай аралығынан табылған.
Ежелгі текстің сақтар туралы дерек беретін екі түрі белгілі. Ахеменид патшасының сына жазу үлгісімен Геродоттан басталған грек-рим авторларының, оған қоса ежелгі авторлардың шығармаларында әр түрлі жолдармен алынған және әрқилы сараптаудан өткен басқа хабарлар да бар. Мысалы, Геродоттың хабарламаларында тек парсылар емес, сонымен қатар жергілікті скифтер мекендеген орындар да белгілі болады, онда скиф жеріне саяхат жасаған және шығысқа сапар шегу мәселесі туралы мәлімет жинаған Қаратеңіз гректерін атайды. Мұны Орта Азиялықтардың сол кездегі "мекендеу әлемін" - Хань мемлекеті кезінде жазылған тарихи деректер, ертедегі қытай жазбалары толықтыра түседі.
Скиф-сақ бірлестігінің өмір сүрген кезеңі, көне тарихшылардың деректері мен археологиялық материалдарға назар аударсақ, рулық қоғамның ыдырауы кезіне дөп келетін сияқты. Сол тұсты (В.В.Бартольдтің айтуынша) түркі тілдес тайпалардың қалыптаса бастаған шағы деуге болады.
Қазіргі Алматы қаласы орналасқан жерді сақтар мекендеген. Оларды грек шежіресінде массагеттер деп атайды. Тарихтың атасы деп танылған Геродот айбарлы массагеттер туралы былай деп жазады: "Бұл халық өзінің көптігімен және жаугершілігімен көзге түседі. Массагеттер киген киімі, тұрмыс-салты жағынан скифтерге жақын. Сақ тайпаларының одағына мыналар кіреді: массагеттер, дайлар (дахилар), каспилер, исседондар, аримаспалар, алаңдар, кейініректе, савроматтар мен сарматтар. Олардың арасында көнедегі аңыздарда айтылатын "алтын қорыған құмайлар" деп аталатын тайпалар мәдени жағынан жоғары сатыда болды".
Массагет, яксарт тайпалары Көк теңіздің, Арал теңізінің Солтүстік және Шығыс-Солтүстік өңіріне, Сырдарияның оң жақ алқабына орналасқан. Ерте заманда Сырдария "Яксарт" деп аталған. Дайлар (немесе дахилар) тайпасы Сырдарияның төменгі жағына, Көк теңіз қолтығына орын тепкен.
Каспилер тайпасы Каспий теңізінің шығыс жағалауын мекендеген. Памир — Алтай тауларының солтүстік шекараларынан бастап, Тянь-Шань тауларын басып өтіп, Шығысынан Солтүстік Алтайдың сілемдеріне дейінгі, Солтүстікте Балқаш көліне және Шу өзенінің аяғына дейінгі, Батыста Талас өзенінің жағалауына дейінгі жерлерді қоныстанған.
Исседондар тайпасы: Іле мен Шу өзендерінің өн бойын, оның шығыс жағындағылары Тарбағатай тауына дейін созылған алқапты мекендеген.
Аримаспалар тайпасы исседондардың Солтүстік және Шығысы-Солтүстік жағында, Алтайдың Батыстағы сілеміне дейінгі жерлерде тұрған.
Сарматтар мен савроматтар тайпасы Каспий теңізінің терістігінде, Шығыста Еділ өзеніне дейінгі, Солтүстікте Жайық өзенінің басына дейінгі жерлерде тұрғаны белгілі.
Геродот берген деректер мен кейінгі қазба жұмыстарының материалдарына сүйенген біраз ғалымдар сақтарды -скифтерді Қаратеңіздің Оңтүстік батыс жағалауын түгел, Дунайдың сағасына дейін, Төменгі Буг пен Днепрден Азов теңізіне дейінгі аралыққа орналастырса, енді біразы оларды Еділдің төменгі ағысынан Шығысқа қараған кең алқапты мекендейді дейді.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Сақтар (скифтер) массагеттер, дактар (дайлар) аримаспылар. Сарматтар
бірлестіктерінің этногенезі туралы мәселенің тарихнамасы

Сақтардың шаруашылығы, әлеуметтік құрылысы және көрші мемлекеттермен қарым-
қатынастары

Сақтардың І Дария Кир әсерлерімен және Александар Македонскидің басқыншылық
жорықтарына қарсы күресі

Сақтар (скифтер) массагеттер, дактар (дайлар)
аримаспылар. Сарматтар бірлестіктерінің этногенезі туралы
мәселенің тарихнамасы
Біздің заманымызға дейінгі X—V ғасырларда Хуанхэ өзенінен Еділ мен
Дунайға дейінгі аралықта тарихи мәліметтерде парсыларша — "сақ", гректерше
"скиф" деген атпен белгілі болған түркі тілдес тайпалар тұрған.
Дарийдің Бехустин жартасындағы сақтарға жорық кезінде жазған
текстерінде сақ тайпаларының үш тобы аталады. Олар: хаомоварға сақтары
(хаомо ішімдігін дайындайтын сақтар), парадария сақтары (теңіздің арғы
жағындағы сақтар), және тиграхауда сақтары (шошақ тымақты сақтар) деп
аталады.
Сақтардың ескі зираттары, оның ішінде патшалардың жерленуі Шілікті,
Талас, Шу, Іле жағалауларында, қырғыз және Жоңғар Алатауының бектерлерінде,
Кеген мен Нарынқолдың таулы аймақтарында, содан соң, Еділ мен Дунай
аралығынан табылған.
Ежелгі текстің сақтар туралы дерек беретін екі түрі белгілі. Ахеменид
патшасының сына жазу үлгісімен Геродоттан басталған грек-рим авторларының,
оған қоса ежелгі авторлардың шығармаларында әр түрлі жолдармен алынған және
әрқилы сараптаудан өткен басқа хабарлар да бар. Мысалы, Геродоттың
хабарламаларында тек парсылар емес, сонымен қатар жергілікті скифтер
мекендеген орындар да белгілі болады, онда скиф жеріне саяхат жасаған және
шығысқа сапар шегу мәселесі туралы мәлімет жинаған Қаратеңіз гректерін
атайды. Мұны Орта Азиялықтардың сол кездегі "мекендеу әлемін" - Хань
мемлекеті кезінде жазылған тарихи деректер, ертедегі қытай жазбалары
толықтыра түседі.
Скиф-сақ бірлестігінің өмір сүрген кезеңі, көне тарихшылардың
деректері мен археологиялық материалдарға назар аударсақ, рулық қоғамның
ыдырауы кезіне дөп келетін сияқты. Сол тұсты (В.В.Бартольдтің айтуынша)
түркі тілдес тайпалардың қалыптаса бастаған шағы деуге болады.
Қазіргі Алматы қаласы орналасқан жерді сақтар мекендеген. Оларды грек
шежіресінде массагеттер деп атайды. Тарихтың атасы деп танылған Геродот
айбарлы массагеттер туралы былай деп жазады: "Бұл халық өзінің көптігімен
және жаугершілігімен көзге түседі. Массагеттер киген киімі, тұрмыс-салты
жағынан скифтерге жақын. Сақ тайпаларының одағына мыналар кіреді:
массагеттер, дайлар (дахилар), каспилер, исседондар, аримаспалар, алаңдар,
кейініректе, савроматтар мен сарматтар. Олардың арасында көнедегі аңыздарда
айтылатын "алтын қорыған құмайлар" деп аталатын тайпалар мәдени жағынан
жоғары сатыда болды".
Массагет, яксарт тайпалары Көк теңіздің, Арал теңізінің Солтүстік және
Шығыс-Солтүстік өңіріне, Сырдарияның оң жақ алқабына орналасқан. Ерте
заманда Сырдария "Яксарт" деп аталған. Дайлар (немесе дахилар) тайпасы
Сырдарияның төменгі жағына, Көк теңіз қолтығына орын тепкен.
Каспилер тайпасы Каспий теңізінің шығыс жағалауын мекендеген. Памир —
Алтай тауларының солтүстік шекараларынан бастап, Тянь-Шань тауларын басып
өтіп, Шығысынан Солтүстік Алтайдың сілемдеріне дейінгі, Солтүстікте Балқаш
көліне және Шу өзенінің аяғына дейінгі, Батыста Талас өзенінің жағалауына
дейінгі жерлерді қоныстанған.
Исседондар тайпасы: Іле мен Шу өзендерінің өн бойын, оның шығыс
жағындағылары Тарбағатай тауына дейін созылған алқапты мекендеген.
Аримаспалар тайпасы исседондардың Солтүстік және Шығысы-Солтүстік
жағында, Алтайдың Батыстағы сілеміне дейінгі жерлерде тұрған.
Сарматтар мен савроматтар тайпасы Каспий теңізінің терістігінде,
Шығыста Еділ өзеніне дейінгі, Солтүстікте Жайық өзенінің басына дейінгі
жерлерде тұрғаны белгілі.
Геродот берген деректер мен кейінгі қазба жұмыстарының материалдарына
сүйенген біраз ғалымдар сақтарды -скифтерді Қаратеңіздің Оңтүстік батыс
жағалауын түгел, Дунайдың сағасына дейін, Төменгі Буг пен Днепрден Азов
теңізіне дейінгі аралыққа орналастырса, енді біразы оларды Еділдің төменгі
ағысынан Шығысқа қараған кең алқапты мекендейді дейді. Соңғылардың айтуына
қарағанда, сақтар-скифтер бұдан кейін Еділдің батыс жағалауына етіп, одан
терістік Кавказға келген. Содан қазіргі Дағыстан мен Дербент асуы арқылы
Әзірбайжан жеріне өткен.
Геродот массагеттер туралы: "Массагеттер киім киісі мен тұрмыс-салты
жөнінен скифтерге ұқсас. Олар салт атқа мініп те, жаяу жүріп те шайқасады.
Соғыстың екі әдісін білді: садақ тартып, найзамен де айқасады. Әдетте
айбалтамен қаруланған. Олардың барлық заттары алтын мен мыстан жасалған.
Бас киімдері, белдіктері және орамалдары алтынмен безендірілген. Олар
аттарына арналған өмілдірікті де мыстан жасайды. Керісінше, жүгенді,
ауыздықты, құйысқанды алтынмен әшекейлеген. Темір мен күмісті мүлде
қолданбайды. Өйткені олардың елінде алтын мен мыс көп болған, ал әлгі
металдар мүлде жоқ болған. Олар ешнәрсе екпеді.
Үй жануарлары мен Аракс өзенінен аулайтын мол балықты тамақ етті, сүт
ішті. Құдайлар мен күнге ғана табынып, оған құрбандыққа жылқы шалды. Мұның
мәнісі - құдайлардың ең жүйрігіне ең жүйрік жануар шалады дегенге саяды.
Страбон сақтар мен массагеттер туралы: "Бұрын Қара теңіздің, Дунайдың,
Адрияттың жағасында тұратын халықтар - гаперборейлер, сарматтар,
аримаспалар, ал Каспий теңізінің арғы жағында тұратындар - сақтар мен
массагеттер деп аталған". "Массагеттер тек күнді ғана құдай деп санады,
оған құрбандыққа жылқы шалды. Оларда күміс жоқ, темір аз, бірақ қола мен
алтын өте көп. Жазықта тұрса да, олар егіншілікпен айналыспады, қайта
көшпенді скифтер сияқты мал бағып, балық аулап, тіршілік етті. Бұл
халықтардың тұрмыс-салты, зираттары ортақ, мінез-құлқы бірдей, олардың бәрі
де дөрекі, жабайы, жаугер, бірақ турашыл - уәдесінен айнымайды және ат
құлағында ойнаған қайсар халықтар бодды.
Геродот жазбаларында суреттелетін, аңызға айналған амазонкалар мен
скифтерден жаралған жаңа халық -саураматтардың нақты өмір сүрген адамдар
екендігін археологиялық деректер анықтап отыр. Американдық археолог Жанина
Дэвис Кэмбелл Ресей мен Қазақстан шекарасындағы "Покровка" деген кентке
жақын жердегі саурамат-сарматтардан қалған елу шақты қорғанды зерттеу
нәтижелерін АҚШ-тың "Археология" журналында жариялады (1997. № 1). Онда
былай делінген: "Қорғандардан біз қоладан жасалған қанжар және садақ
жебесінің ұштары қоса жерленген әйелдердің қабірлерін таптық. Бұл олжалар
грек жазушыларының амазонкалар - жауынгер әйелдер туралы жазбаларының
шындыққа негізделгенін танытады".
Әрине, Геродоттың жазып кеткендерінің бәрі бірдей шындық деуге де
болмайды. Мәселен, Геродот саураматтар Батыстан Шығысқа жылжыды деп
санайды. Ал, қазіргі ғылым болса, саураматтар андрондықтардың (арийлердің)
нәсілдері, олар Каспий мен Арал теңіздері аралығында мекендеген дейді.
Шамасы, олар б.д.д. ҮІІІ-ҮП ғасырларда Батысқа қарай жылжып, Оңтүстік Орал,
Еділ және Донның Шығыс даласына қоныстанған болса керек.
Қазақстанды мекендеушілер туралы Геродоттан кейінгі ежелгі дәуір
авторлары да жазба деректер қалдырған. Олардың еңбектерінде Қазақстан
тайпаларының өмірлерінен алынған жекелеген маңызды мағлұматтар болғанымен,
Геродоттың жазбаларындағыдай жүйелі, толық мәліметтер аз. Ғалым дәрігер
Гиппократтың да (460-377) скифтер туралы деректері өте құнды. Ол тарихта
бірінші болып скифтердің баспанасы - доңғалақты күркелерін суреттеді.
Гиппократтың айтуынша, "скифтердің доңғалақты үйлерінің кішілері төрт
доңғалақты, ал үлкендері - алты доңғалақты болып келеді. Олар айнала
киізбен жабылып, үй тәрізді бірі - екі, енді біреулері үш бөлмеден тұрады.
Олардан жауын да, күн де, жел де өтпейді".
Дәрігер Гиппократтың мына бір тұжырымы да назар аударарлықтай:
"Скифтер зор денелі және денелерінде ештеңе өспеу себепті олар бір-біріне
өте ұқсас. Бүкіл скиф әулеті сары".
Страбонның дерегі бойынша, скиф, сақ тайпалары қазіргі Қазақстан, Орта
Азия жерлерін мекендеген, Страбон: Каспий теңізінен бастап скифтердің басым
белігі дай деп аталады, одан әрі Шығысқа қарай тұратыңдары массагеттер мен
сақтар, қалғандарын жалпылай скифтер дейді, алайда әрбір тайпаның өз
атаулары да бар. Олардың ішіндегі ең танымалдары - сақтар мен соғдылардан
соң Яксарт (Сырдария) жағасынан келген астар, пасиактар, тохарлар,
сакаравлдар; бұл жағалауды сақтар иеленген. Страбон осы тайпалардың Грек-
Бактрия патшалығының (Ескендір Зұлкарнайынның иелігі-мұрасы) құлауында
шешуші рөл атқарғанын атап көрсетеді.
Страбонның басты еңбегі "Жағрапияда" скиф тайпаларын мінездеуге
байланысты айтқан екі қағидасы ерекше назар аударады. Оның бірі - мүлік
ортақтығы, жеке меншіктің, тауарлы-ақша қарым-қатынасының болмауы себегаі
скифтерде қалыптасқан жоғары моральдық қасиеттер. Ал, екіншісі
-методологиялық сипатта. "Номадтар (көшпенділер) қарақшылықтан гөрі
соғыспен көбірек айналысады, әрі оны алым-салық алу мақсатында жасайды", -
деп жазады Страбон. Көшпелілерге бүйрегі бұрып түр деп санауға ешқандай
реті жоқ. Страбон, тонаушылық пен пайдакүнемділік қылықтарды отырықшы
жұрттан көреді. Олар "ең бейбіт, ең өркениетті адамдар қатарында
саналғандарымен де, табиғатынан пайдакүнем болуынан тонау және басқа да баю
жолына қатысты заңсыздықтардан тартынбайды", — деп әділ бейнелейді Страбон.
Көріп отырғанымыздай, ұлы географ көшпелілер мен отырықшылар
арасындағы қарым-қатынастарды объективті түрде сипаттауға тырысады. Ол
кейінгі жүгенсіз нәсілшілдер мен шовинистердей, номадтарды басбұзар, тағы,
адамның азғын тобы есебінде санамайды. Страбонның соғыс көшпелілер
тарапынан тек алымсалық алу мақсатында болады дегені номадтардың барлық
соғыстарының мәнін дұрыс айқындайды.
Үлкен Гай Плинийдің (23-79) "Табиғаттану тарихы" атты еңбегіңде сақ
тайпаларының есімдері толығырақ келтіріледі. Онда былай делінген: "Осы
өзеннің (Сырдария) арғы жағын скиф халықтары мекендейді. Олар сансыз
тайпалар және парфалар сияқты өмір сүреді". Скиф тайпаларының орнала-суын
атақты грек астрономы Птолемей (90- 160) өте қызықты суреттейді. Оның
айтуынша, Скифия Имай (Памир тауы) тауының сырт жағында, Батыста бергі
беттегі Скифиямен және таудың бұрылысына дейінгі өн бойын алып жатқан
сақтармен, Солтүстікте белгісіз жермен, Шығысында Серикпен (Қытаймен) -
Оңтүстікке қарай Ганга өзенінің сыртындағы Үндінің бір шетімен шектеседі.
Бұл Скифияның Солтүстік бөлігін аби-скифтер, сонымен қатар гиппофактар
("жылқы жегіштер") мекендейді. Одан әрі Авзакит өңірі созылып жатыр, оған
жалғас - Касия, төменірек - хайт-скифтер қоныстанған. Кейбір
зерттеушілердің пайымдауынша, Касия - қазіргі Қашқар.
Антика авторларынан жеткен деректер қазіргі заманғы археология
жетістіктері, оның ішінде аса көрнекті археолог К.А.Ақышевтің ашқан
жаңалықтарымен (сақ "пирамидалары", Есік қорғанынан табылған "Алтын адам")
дәйектеле түсіп, Қазақстанның ертедегі темір ғасыр кезеңіндегі тарихын
кестелеуге нақты мүмкіндік береді. Көне дәуірдегі сақтар мен саураматтар
Қазақстанның тарихында айқын іздер қалдыра тұра, өзінің нәсілі жағынан
европеоидтік, тілі жөнінен иран тектестігіне байланысты қазақ халқының дәл
арғы тегі бола алмайды. Алайда, белгілі антрополог О.И.Смағұловтың орынды
көрсеткеніндей, сақ және саураматтар, арий тайпалары сияқты, қазақ халқының
алыстан қосылатын тектері болып саналады.
Сақтардың шаруашылығы, әлеуметтік құрылысы және көрші мемлекеттермен қарым-
қатынастары
Сақтардың тайпалар одағы - алғашқы қауымдық қоғамның этникалық
бірлігінің әлеуметтік ұйымдасу формасы. Басқыншылық соғыстың таралуы мен
қорғаныс қажеттігі тайпалардың неғұрлым ірі қоғамдық бірлестіктерге
бірігуіне жағдай жасады. Тайпалар одағы территориясының, экономикалық жігі,
өкімет органдарының, кей жағдайда тіл, әдет-ғұрып, салт-сана, материалдық
және рухани мәдениетінің ортақтығымен сипатталады. Тайпалар одағы өзінің
құрамына кіретін тайпаларға қарағанда біртұтас бірлікте бола алмады.
Сондықтан тайпалар одағы жиі ыдырап, құрамы өзгеріп отырды. Оны таптық
мемлекеттердің болашақ үлгісі деуге болады. Өйткені оларда мемлекеттің
кейбір үлгісі мен белгілері кездеседі. Тайпалар одағы егішпілікпен
айналысатын отырықшы қауымдардан гөрі жиі өзгеріске ұшырап, ыдырап отырған
көшпелі әлеуметтік организмге ұқсас. Тайпалар одағы оның құрамына кіретін
ықпалды, күшті тайпалардың атымен аталды. Қазақстан жерінде алғаш таптық
қатынастардың пайда болуымен тайпалар одағы қалыптаса бастады.
Ертедегі көшпенділер дәуірінде - б.з.б. 1-мыңжылдықтың орта шенінде
мұнда сақтар мен савроматтардың одағы құрылды. Сақтар оңтүстік-шығыс және
орталық Қазақстан территориясын, ал савроматтар батыс және ішінара
солтүстік аудандарды мекендеді. Олардың ішінде салыстырмалы түрде
автономиялы тайпалық қауымдар: массагет, исседон, аримаспа, аргиппей, дай
т.б. болды. Олар этникалық жағынан бірыңғай болмады, өйткені түрлі
этникалық тайпалардан құралды және олар тұрақты одақ құра алмады. Мұны сақ
тайпаларының антропологиялық жағынан біркелкі болмағандығы дәлелдейді,
сондай-ақ монғол нәсіліне тән белгілер үлесі түрлі-түрлі аймақтарда және
сол дәуір қабірлерінде түрліше. Жалпы алғанда, сақтар мен савроматтар
Европа нәсілдес болды. Сақ және савроматтардың тірлігі, тұрмысы маусымдық
көшіп-қонуға ыңғайланды, билік жүргізу де соған тән еді. Бұған "сақ
патшалары мен патша ханымдары" туралы әдебиеттердегі жазбалар, археологтар
тапқан орасан зор қабірлер (патша қорғандары) дәлел. Сақ және савромат
тайпалар одағы әлеуметтік-саяси организм ретінде көрінеді, бірақ олар
көшпенділікке байланысты біртұтас бірлікте болуымен ерекшеленеді.
Сақ, скиф деп аталатын тайпалардың әрқайсысының өз алдына ханы болған.
Хандардың өмірі күшті еді. Хан қаза болса, оның өлігін арбаға салып ел
аралатқан. Ханның өлігін көргенде бұқара қатты қайғырып, өз құлағын
қанатын, шашын жұлып, бетін тырнаған. Геродоттың айтуынша, Скифтердің
патшаларын жерлеу рәсімдері өзге халықтардан өзгеше болып келеді. Бір
патшаны жерлеу үшін ондаған адамның өмірі құрбан етіледі. Көп мал, жылқылар
құрбандыққа шалынады. Сол әдет-ғұрып скифтерден тараған ұрпақтарда сақталып
отырған. Бұл дәулеттілер мен патшаларды жерлеу рәсімі болса, былайғы
бұқараны жерлеу рәсімдері әлдеқайда қарапайым, әрі аз шығын жұмсадды.
Олардың бірі дүниеден өткен жағдайда жақын туыстары оны арбаға салып
достарына апарады. Олардың әрқайсысы марқұм үшін ас береді. Оның бір бөлігі
марқұмға бөлінеді. Жеке адамды осылай қырық күн бойы алып жүреді де,
соңынан жерлейді. Жерлеуден кейін скифтер өздерін тазартады. Алдымен
бастарын жуады. Үш бағанның басын біріктіріп, оның сыртын терімен жабады.
Шатырдың ортасына ішіне қып-қызыл болып қызған тасқа ыдыс қояды. Осы
қыздырылған тастарға көкнәрдің тұқымын тастайды. Скифтер денелерін сумен
жумайды. Бірақ әйелдері қатты тасқа үйкелген қарағай тұқымдас ағаштық
(кипарис) үгіндісіне су қосып, балқарағайдың хош иісті қара майын (смола)
араластырып, одан алынатын қоймалжыңды денелеріне, беттеріне жаққан. Ол
денеге жағымды иіс береді. Келесі күні оны денеден сылып алғанда, тері
таза, әрі жылтыр болады.
Қазіргі Жетісудың жері сол заманда сақ патшаларының орталығы болған
көрінеді. Өйткені бұл өңірлерде басқа жерлердегіге қарағанда қорғандар көп
кездеседі. Ішкі Азия аудандарында байырғы замандарда сары шашты, көк кезді
тайпалар тұрған деседі. Біздің дәуірімізге дейінгі төртінші ғасырда өмір
сүрген Чжоу әулеті жөнінде жазған Қытай шежірелерінде сары шашты, көк көзді
бес тайпа бар екені айтылады. Олар Қытаймен үнемі жауласып келген.
Сондықтан Қытайда жын-шайтанды сары шашты, көк көзді етіп бейнелейтін
дәстүр бекер қалыптаспаса керек. Бас сүйегінің бітісіне қарағанда олар
еуропалықтарға ұқсайды. Бұл тайпаларды Оңтүстіктегі қытайлар "ди" деп
атаса, солтүстіктетілері "динди" деп атаған. Кейбір ғалымдар оларды үнді-
герман тегінен шыққан халықтар қатарына жатқызады. Бірақ бұл тұжырым теріс.
Минусинск аңғарындағы қабірлерді зерттеудің нәтижелері бұл тұжырымды
дәлелдей түседі. Сары шашты, көк көзді азиялықтар еуропеидтердің көне
тармақтарына жатады. Олар кельтгердің норд нәсілімен қатар шығып, өсіп-
өркендеген ұлыстар болуы мүмкін. Көне замандағы аңшылар бұл тайпалар өмір
сүру үшін олжа іздеп, мұз дәуірінен кейінгі кезеңде бүкіл Еуропа мен Азия
далаларын кезген. Сақтардың қабірлерін археологиялық жолмен ашқан кезде
сақтардың арасында еуропейдтік нәсілдік сипат басымырақ екені байқалады.
Сақтардың этникалық процестерге қатысқаны айқын, олар қазақ, қырғыз,
өзбек, қарақалпақ, тәжік сондай-ақ Ауғанстанның, Иранның, Үндістанның және
Қытайдың кейбір халықтарының этногенезі болып табылады. Сақтар - қазақ
тайпаларының көне ата-бабалары. Олар мал бағумен, егін-шілікпен айналысқан.
Олардың жерлерінде суармалы егіншілік жақсы дамыған.
Отырықшылық егіншіліктің өркендеуіне әсер етеді. Қазбалардан табылған
астық бастыратын және бидай түйетін құралдардың табылуы соның дәлелі. Олар
өз заманына сай үлкен де күрделі ғимараттар сала білген. Оларға ағашты,
тасты және қамысты қолданған. Бұлардың арасынан бізге дейін жеткендері тек
қана қабірлер болып отыр. Мысалы, Алматы қаласының төңірегінде сақтардың
көптеген қорғандары бар.
Есіктегі қорғаннан табылған сақ кесемінің үстіндегі киім теріден
жасалған. Ол алтынмен апталып, түрлі әшекейлермен безендірілген. Бұл
адамның мойынында алтын алқа бар. Онда жолбарыстың басы бейнеленген.
Сонымен қатар қанатты және мүйізді жылқылар, таутекелер, барыстар, арқарлар
мен түрлі құстар бейнеленген. Сақ кесемінің киген киімі ете күрделі
әшекейлермен апталған. Алтын адамның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дарий I Скифияға жорығы
Сақтар жөнінде деректер
Сақ, массагет, скифтердің жауынгерлік өнері. Шу-батыр поэмасы. Жазуы
Сақтар
Сақ тайпаларының орналасуы
Жетісу жеріндегі сақтардың отырықшылығы, жер шаруашылығы және қалалық өмірі
Қола мәдениеті
Сақтар (сақалар)
Сақтар (скифтер), массагеттер, дактар (даилар), исседондар, аримаспылар
Сақтардың соғыс стратегиясы
Пәндер