Әлемдегі ең бай адамдар



Уильям Генри Гейтс
Мicrosoft . өмірлік маңызды іс
Билл Гейтстің 11 ережесі
Билл Гейтс немесе Уильям Генри Гейтс III (толық аты) –Майкрософт корпорациясының (Microsoft) негізін қалаушы және құрушы, компьютер магнаты, әлемдегі ең бай адамдардың бірі. 1955 жылы 28 қазанда Сиэтлде (АҚШ, Вашингтон штаты) корпоративті адвокат Уильям Генри Гейтс II және мектеп оқытушысы, Вашингтон штатының Университет басқармасының мүшесі және United Way International қайырымдылық ұйымының төрағасы Мэри Максвелл дүниеге келген. Отбасында одан басқа екі қыз болды. Билл Гейтстің атасының әкесі қалабасы,атасы – ұлттық банктің вице-президенті болған.

Пән: Бизнесті бағалау
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ

Тақырыбы: Әлемдегі ең бай адамдар

Орындаған:Базар.Х
Тексерген: Есенбекова.З.Ж
Тобы:БТ-407

Семей 2015жыл

Уильям Генри Гейтс
Билл Гейтс немесе Уильям Генри Гейтс III (толық аты) - Майкрософт корпорациясының (Microsoft) негізін қалаушы және құрушы, компьютер магнаты, әлемдегі ең бай адамдардың бірі. 1955 жылы 28 қазанда Сиэтлде (АҚШ, Вашингтон штаты) корпоративті адвокат Уильям Генри Гейтс II және мектеп оқытушысы, Вашингтон штатының Университет басқармасының мүшесі және United Way International қайырымдылық ұйымының төрағасы Мэри Максвелл дүниеге келген. Отбасында одан басқа екі қыз болды. Билл Гейтстің атасының әкесі қалабасы,атасы - ұлттық банктің вице-президенті болған.
Билл Гейтс бастауыш білімді муниципалды бастауыш мектептен алды.Зерек әрі талапты Билл қарапайым бастауыш мектептен зерігетін. Ата-аналары өз ұлдарының қабілетіне деңгейі жоғары білім керек екенін түсініп,12 жасында оны Сиэтл Лейксайдтағы айрақша дәрежелі мектепке ауыстырды.
Ата-анасы оны әкесінің жолын қуады, Гарвард заң мектебіне оқуға түседі деп үміттенді. Алайда олардың үміті ақталмады. Уильямның мектептегі ұнататын пәні математика болды, сол пәннен жоғары бағалар алды. Бұл ретте гуманитарлық ғылымдарды (грамматика, азаматтықтану және т.б.) қажетсіз деп санады, сондықтан ол пәндерді зерделеу кезінде айрықша нәтижелер көрсетпеді, сол себептен төмен бағалар алды. Ол математика профессоры болуды армандады.Қарапайым, ұялшақ, көпшілікпен араласпайтындығымен ерекшеленді. Оны қатарластарының ойындары қызықтырмайтындығы ата-анасын алаңдатады. Сырт естуге қарағанда, оны тіпті мамандарға көрсеткен деген де сыбыс бар. Баланы қараған тәжірибелі психологқорғансыздықтың ар жағынан мойымас мінезді көрді және анасына ұлын өзгерте алмайтындығын айтады. Жалғыз жолы - өзінің бейімделуі.
Билл Гейтс он бірде болған кезде жергілікті пастор Сиэтл Спэйс Нидл мейрамханасына жолдаманы жүлдеге тігіп, байқауұйымдастырады.Байқауда жеңу үшін Інжілдің үш тарауынан тұратын Нагорная проповедь жатқа айту керек болатын. Билл осы жолдаманы қатты ұтып алғыс келді. Уоллэйстің және Эриксонның өмірбаянына сәйкес Билл Гейтсдіни өсиетті мінсіз айтып берді.Кейінірек өзі: Мен өз зердемді салған кез-келген нәрсені істей аламын деді. Орта мектептің оқытушысы Энн Стефенстің айтуы бойынша бір жолы Гейтс Джеймс Фарбердың пьесасының үшбеттік монологын бір қарап-ақ сөзбе-сөз айтып берген.
1968 жылы Билл және оның мектептегі досы Пол Аллен орта мектепте оқып жүргенде, мектеп басшылығы General Electric компаниясынан компьютер уақытын сатып алуды шешті. Бұл Биллдің өмірін түбегейлі өзгертті. Ол досы Алленмен бірге бос қызығушылық емес, үлкен қызығушылық танытты. Олар барлық қол жетерлік компьютерлік әдебиеттерді зерделеу үшін сабақтан қалды. Бір тәулік уақыт балалар үшін мағынасын жойды, олар зертханаларда сағаттар бойы отырды. Бұл кезде Билл өзінің алғашқы бағдарламасы - қарапайым симуляторды жазды, бұл машинаға қарсы ойнауға мүмкіндік берді.
Өмір бойы Гейтс өз менін бекіту мен тәуелсіздігі үшін күресті. Бұл күрестің ең бірінші құрбандары оның ата-анасы болды. Биллдің анасы - Мэри, мектеп мұғалімі қатал мінезді әйел болатын. Ол өзінің қиқар ұлына өз бөлмесін жината алмаған соң, оны жертөлеге көшірді. Түскі ас кезінде ол Биллді асқа шақырды. Ол жауап бермеді. Соңында шыдамаған ол интерком арқылы сұрады:
- Неге жауап бермейсің? Не істеп жатсың?
- Мен ойланып жатырмын, - деп жауап берді ұлы.
- Демек сен ойланып жатсың ғой? - деп ызаланды анасы.
- Иә, мамашым, мен ойланып жатырмын. Ал сен өміріңде ойланып көрдің бе? - Ұлы жанжалға дайын тұр еді. Гейтс бұл кезде алтыншы сыныпта оқитын еді.
Ұлының бүлігіне алаңдаған ата-анасы психиатр көмегіне жүгінді. Бірнеше сеанстан кейін психиатр былай деді:Ұлдарыңмен айқастан сіздер жеңілесіздер. Сондықтан мен оған жол табуға кеңес беремін. Тіпті физикалық жазалаудың өзі көмектеспейді. Онымен бәсекелесу мағынасыз және үмітсіз. Гейтстің ата-анасы саналы адамдар болатын еді. Олар кеңеске құлақ түрді. Онымен бәсекелесу мағынасыз және үмітсіз ... Жылдар өтті, америкалық бизнестің көптеген алыптары өз тәжірибесінде онымен бәсекелесудің не екенін біл- ді. Екі онжылдық аралығында Вильям Генри Гейтс III көптеген бәсекелестерді шаң қаптырды. Бірақ ең басты-сы - әлемдегі ең бай адам компьютер дәуірінің символына айналды.
Мектептің өзінде-ақ 13 жасар Билл Гейтс және оның айырылмас досы Пол Аллен алғаш рет өрескел компью- терлік терминалды жасады. Содан соң олар ол үшін екі бағдарлама жасап шығарды. Ерекше үлгеріммен көзге шалынбаған, ол 9 сыныпты кітаптарға көз салмай- ақ ылғи бестікке (ағылшынша А әріпі) бітірді және қабілеттілікке тест тапсыру кезінде Американың үздік оқушыларының ондығына кірді, бұл да оның бүлігінің бір түрі болатын. Оныншы сыныпта Билл компьютер ісін оқыған жоқ, оны өзі оқытты. Сол кезде ол өзінің оқу сыныбы үшін бағдарламасын жасады.
Сол жылдары Гейтстің жақын досы священниктің ұлы, Кент Эванс болды. Біз бірге әлемді жаулап алуды армандаушы едік, - деп есіне алады Гейтс. - Мен қазірге дейін оның телефон номерін жатқа білемін. Билл, Кент және Пол Lakeside Programmers Group компаниясының негізін қалады және жергілікті фирмаларға қызмет көрсете бастады. Дәл сол кезде мектеп қабырғасында жүріп-ақ Пол Аллен Гейтстің алдын орап, барлық істі өз қолына алмақшы болды. Бірақ көп ұзамай, Пол бағдарламалар кодын жасауда оған шаршау мен шалдығуды білмейтін Биллдің қажет екеніне көз жеткізді. Сөйтіп Пол оны шақырды. О'кей, - деді Гейтс, - бірақ менің бір шартым бар: мен қожайын боламын.
Билл Гейтс сол кезде Гарвардты бітірмегені қызықты жайт. Гарвард университетінің дипломының орнына дүниеге Майкрософт компаниясы келді. Жаңа компания жаңа ғана сәнге айналып келе жатқан жеке компьютерлер үшін бағдарламалық құралдар жасай бастады. Майкрософттың дүниеге келуі жайындағы аңыз былай дейді: Аллен 1974 жылы Гарвардтағы Гейтске келе жатып, жолда газет дүңгіршегінен журнал сатып алмақшы болады. Алайда онда көрген дүниесі оның және Гейтстің өмірін мүлдем өзгертеді. Танымал электроника журналының мұқабасында Altair-8080 суреті жарияланған, ал оның үстінде ірі шрифтпен Коммерциялық модельдермен бәсекелесуге қабілетті, әлемдегі ең бірінші компьютер деп жазылған. Олардың екеуі де олардың алдында қандай көкжиектердің ашылғанын бірден түсінді. Олар үй компьютерлерінің нарығы сәлден кейін құлпырып, миллиондаған адамдарға бағдарламалық құрал қажет болатынын түсінді. Бірнеше күннен соң Гейтс Altair өндірушісі - MITS компаниясына хабарласып, Алленмен бірлесіп Altair-де қолданыла алатын Basic бағдарламалау тілінің нұсқасын жасағанын айтты. Гейтс жалған айтты. Сол кезде достар кодтың бір жолын да жазған жоқ болатын. Соның үстіне, оларда Altair-де, оның чипі де болған жоқ. MITS бұл туралы білмей, Гейтстің ұсынысына қызығушылық танытты. Осылайша достар Basic бойынша қауырт жұмысқа кірісті. Гейтс кодпен жұмыс жасаса, Аллен PDP-10 мектеп компьютерінде Altair жұмысын симуляциялады. Бір жарым айдан соң, бағдарлама дайын болды. Аллен оны MITS-ке апарды. Сол кезде ол алғаш рет Altair-ді ұстап көрген еді. Таңғажайып керемет болды - достардың бағдарламасы іске қосылды! Келісім-шарт жасалды. Бағдарламалық құрал нарығы туындады! - деп айқайлап жіберді Гейтс.
Билл Гейтс колледжде Traf-O-Data компаниясын ұйымдастырды, онда болашақ магнаттың кластас достары жұмыс істеді. Жас бағдарламашылар іске құлшына кірісті, өз білімдерін қайда қолдану керектігі жөнінде ізденді. Билл Гейтс, өзінің айтуы бойынша бастамашы болды: Мен нақты өмірге қоңырау шалайық және оған бірнәрсе сатуды ұсынайық деген жігіттердің бірі едім. Жұмыс 1971жылы басталды. Бұл кезде Information Sciences компаниясы төлем ведомостілерін жасауға арналған бағдарламаны жасау үшін осы балаларды жұмысқа қабылдады. Жұмыс берушілер шектеу қойылмаған компьютер уақытымен қатар әзірлеушілерге олардың софтысы әрдайым пайда әкелсе, сол бойынша төлеуге келісті.
Олар сабақ кестесін жасау үшін компьютерлік бағдарламаларды әзірледі, жергілікті билік үшін тапсырыстар орындады. Көше қозғалысын реттеуге арналған бағдарламаны жазғанда Гейтс 15 жаста еді, осы жобада 20 000 доллар пайда тапты. Ата-анасы ұлдарының мұндай қызығушылығына үркіп қарады, сондықтан оның қалауына қарамастан компьютерлік жобалардан бас тартуға көндірді.
Билл бір жыл бойы өзінің сүйікті пәніне назар аудармады, Наполеоннан бастап Рузвельтке дейінгі ұлы адамдардың биографиясын оқыды. Гейтс он жеті жасына қарай Бонневиль бөгетіне энергияны тарату бойынша бағдарламалық пакет дайындау жөніндегі ұсынысты қабылдады, оның бұл шешіміне ата-анасы қарсы болған жоқ. Гейтс осы жобаны бір жыл орындаған жұмыс үшін 30 000 доллар алды. Билл оныншы сыныпта компьютер ісін оқыған жоқ, сол пәннен сабақ берді.
1973 жылы отбасылық дәстүрді сақтау үшін Билл Гейтс Гарвард университетіне оқуға түсті. Әкесінің жолын қуып заңгер немесе математика профессоры болғысы келді. Өзінің айтуы бойынша аса беріліп, үлкен құлшыныспен оқыған жоқ. Гарвардта оқыған жылдары көп уақытын пинбол, бридж және покер ойнауға жұмсады. Сонда Стив Балмермен танысты, ол қазіргі кезде Майкрософтты басқарады және өзінен бір саты жоғары тұр.
Вундеркиндтің кейінгі жылдарында кейбір жағдайлардың немесе қоршаған ортаның әсерінен барлық адамдар сияқты болып кететіні тарихтан белгілі. Билл Гейтстке мұндай көзқарас әсер еткен жоқ. Жеңіске жету жолында мақсат қою, жарысқа түсуге құштарлығы, басқалардан артық жасауға және ең озық істерді жасауға деген ұмтылысыоны қазіргі табысты әрі бай адамға айналдырды.
Мicrosoft - өмірлік маңызды іс. Биллдың ескі досы Пол Аллен оны жеке бағдарламалық қамсыздандыру фирмасын ашуға көндірмек болды,бірақ ол оқуын тастауға жүрексінді. Гейтстің досы Пол Аллен Бостондағы Ханивел жұмысын алды. Билл екеуі бағдарламаны жасауды түнгі сергектікпен жалғастырды. Майкрософттың пайда болуы туралы аңыз: Аллен 1974 жылы желтоқсанда, Гарвардтағы Гейтске бару үшін газет сататын киоскіге журнал сатып алу үшін тоқтайды. Сол журнал оның және Гейтс өмірін күрт өзгертті. Танымал электроника журналында Altair-8080 фотографиясы әдемі безендірілген, ал астында ірі қаріппен: Коммерциялық модельдермен жарысуға қабілетті әлемдегі тұңғыш микрокомпьютер деп жазылған. Аллен журналдың осы номерімен Гейтс жатақханасына бет алды.Достар өздеріне мүмкіндік беріліп тұрғанын түсінді. Үй компьютерлерінің нарығы көз алдында құрылып жатты, және болашақ жарылыс қарсаңында осы үй машиналарына шұғыл түрде бағдарламалық қамсыздандыру керек болды. Гейтс үлкен батылдықпен осы компьютерді құрушы компанияға BASIC бағдарламалаудың жаңа тілін ұсынды. MITS-ті бұл ұсыныс қызықтырды және Гейтс пен Алленге бағдарламалық код жасап, оны басқа компьютерлерде тексеріп, қарқынды түрде жұмыс істеуге тура келді.Бір жарым ай өткен соң бағдарлама дайын болды. Аллен оны MITS-ға апарды, Altair жақын танысты.Барлық заң бойынша бұл сәтсіздікпен аяқталуы тиіс еді. Бірақ бір керемет болды - достардың бағдарламасы жұмыс істеді! Компьютер бағдарламаны өзінікі секілді қабылдады және MITS оның құқығын сатып алғысы келді. Келісім- шартқа қол қойды. Бұл нұсқа менеджерлерге ұнады, оларға программалау тілін жазумен жұмыс істеуге ұсынды. Дәл сол күні, Гейтстің айтуы бойынша, софта нарығы пайда болды. Достар Нью-Мехикоға аттанды, сол жерден 1975 жылдан бастап Microsoft тарихы басталды (олар сызықшаны алып тастады).
Достар дербес компьютерлердің болашағы үлкен екеніне сенімді еді. Сондықтан Microsoft компаниясын ұйымдастыру және дербес компьютерлер үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу бойынша жұмысына Билл Гейтстің шын берілгені сонша Гарвард университетіндегі оқуын өкінішсіз тастап кетеді.
Кәсіпорын қызметкерлердің жанқиярлық еңбектеріне қарамастан басында өз өнімдерін таратуда белгілі бір қиыншылықтарды бастан кешті. Фирма өнімдерді өткізу жөніндегі жақсы менеджердің жұмысына төлейтін қаражаты жеткілікті болмағандықтан, Билл Гейтстің анасы осы қызметті орындады.
Дербес компьютердің әрбір жұмыс орнында және әрбір үйде тұруына шынайы сенген олар дербес компьютерлерге арналған бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлей бастады. Билл Гейтстің көрегенділігінің арқасында дербес компьютерлерді дамытуы Microsoft және тұтастай алғанда бағдарламалық қамтамасыз ету индустриясы табысының өзекті факторына айналды.Microsoft алғашқы бес тапсырысшысы банкротқа ұшырады, бірақ олар артқа кейін шегінген жоқ, 1979 жылы Сиэтлге қайтып келді. Жақсы менеджердің маңызды сипаты - басын құмға тықпай, кез-келген жағымсыз жаңалықты қабылдай алу батылдығы. Нағыз менеджер алдымен ненің жаман екенін, содан кейін барып қана ненің жақсы екенін анықтап алады - бұл қағида сол кездері-ақ Билл Гейтстің бизнеске деген көзқарасын көрсетті.Сол жылы университет Билл Гейтсті сабақты босатқаны және сабақ үлгерімі үшін оқудан шығарды. Бірақ бұл факт студентке айтарлықтай әсер еткен жоқ, себебі оған IBM әлемдегі дербес компьютер үшін операциялық жүйе құру туралы ұсыныс білдірді. Microsoft өкілдері оларға операциялық жүйенің де керек екенін айтқан кезде, Билл Гейтс оларға сол кезде кеңінен қолданылғанCPM операциялық жүйесінің әзірлеушісі Digital Research-қа баруға кеңес берді, бірақ IBM-ның Digital Research-пен жүргізген келіссөздері сәтті аяқталмады.
Бірнеше апта өткен соң Билл Гейтс Seattle Computer Products-тан (SCP) Тим Патерсен әзірлеген CPM операциялық жүйесіне ұқсас 86-DOS-ты (QDOS) пайдалануды ұсынды. Microsoft SCP-пен лицензиялау бойынша ресми серіктесі болуға келіседі және кейін осы операциялық жүйенің жеке иеленушісі болады. Операциялық жүйені PC-ке арнап бейімдеген соң, Microsoft жүйені PC-DOS деп өзгертіп, оның пайдалану лицензиясын авторлық құқығын басқа компьютер өндірушілері көшірмесін жасайды деген сақтық мақсатында Microsoft -те қалады деген шартпен IBM-ге $50 мың долларғасатады. Шын мәнінде, солай болады, және бағдарламалық қамсыздандыру нарығы ойыншыларының ең алпауытына айналады.1981 жылы Microsoft корпорацияға айналады, оны басқаруды Билл Гейтс және Пол Аллен өзара бөліп алады. Сол жылы IBM MS-DOS 1.0. 16-биттік операциялық жүйесі бар ДК шығарады.
Microsoft компаниясы және оны құрушылар алғашқы күннен бастап мынадай мақсат қойды: Компьютер әрбір үйде және әрбір үстел үстінде болуы тиіс. Гейтс Microsoft барлық компьютерлік индустрияның басты компаниясы етуге тырысты. Бұл тұжырым Microsoft компаниясының бағдарламалау тілін әзірлеушілерден: Windows, Word, Excel типтес операциялық жүйелерді, сондай-ақ инструменталды бағдарламалардан бастап оны өндірушілерге дейінгі жолды өткеруге тура келді.
Бұл кезеңде компания жылдам дами бастады. Оның Еуропадағы және Ұлыбританиядағы алғашқы өкілдіктері пайда болады. 1982 жылы Гейтс IBM басшылығын MS-DOS басқа компьютер өндірушілерге лицензия бойынша сату қажет екендігіне көз жеткізеді, осылайша меншікті операциялық базадан өз компьютерлерін сата бастаған Apple компаниясына бәсекелес болуға тырысты.
1983 жылы Microsoft графикалық интерфейсі бар компьютерде деректерді қолайлы енгізу үшін Mouse (тышқан) манипуляторын жасайды. Осы жылы корпорация MS-DOS арналған мәтін редакторын ұсынады. Бұдан басқа Билл Гейтс компаниясы Windows - графикалық қолданбалы бағдарламалар үшін әмбебап операциялық орта түрінде MS-DOS үшін операциялық жүйені кеңейтуді ұсынады.
1986 жылы Microsoft акционерлік қоғам болып қайта құрылады және оның акциялары ашық саудаға түсе бастайды. Биржадағы оның бір күндік бағасы 22 доллардан 28 долларға көтеріледі. Билл Гейтс бір мезеттің ішінде байлыққа кенеледі. Гигабайттар миллиард долларларға айналады. Гарвардта оқып жүрген кезінде ол бір профессорға отыз жасында миллионер болатынын айтқан еді. Шынында, отыз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлемдегі ең бай адамдар. Уоррен Баффетжәне Билл Гейтс
Халықаралық теңсіздік
Бизнес аңыздары жайлы мәлімет
Ең бай адамдар
Бизнес аңыздары(әлемнің бай адамдары) жайлы
Әлемдегі ең бай адам
Менің Отаным – Қазақстан. Қазақстан туралы ақпарат
Туризмді түлету – Ақ жайыққа бір арман
Бизнес аңыздары туралы (Әлемнің бай адамдары)
Әлемдегі азық-түліктің қажеттілігін қарастыру
Пәндер