Электр тогынан болатын жарақаттар жайлы


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министірлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті
БӨЖ
Тақырыбы: Электр тогынан болатын жарақаттар
Орындаған : Абылғажинова А. У.
Тобы: ВМ-201
Тексерген : Ахметжанов О. Н.
Семей 2015 ж
Жоспар
I. Кіпіспе
II. Негізгі бөлім
2. 1. Физикалық жарақат
2. 2. Электр жарақаттары
2. 3. Электр жарақаттарының дәрежелері
III. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер
Жер бетінде адамзат ерте заманнан жан-жануармен айналысқан, сол кезден малды бағу тәсілін үйрене бастаған, және аурған малды емдеп, тіпті хирургияның кейбір қарапайым жұмыстарын істеген. Сонымен қатар хирургиялық емдер халық арасында кеңінен жайылып, мал иелері, бақташылар хирургиялық еммен айналысқан. Олар бір-бірінен үйреніп, кейінгі ұрпақтарға өз тәжірибесін беріп жалғастырған.
Жарақаттар хирургиялық аурулардың ішіндегі ең жиі кездесетін кеселдің бірі. К. И. Шакалов және т. б. ғалымдардың деректері бойынша шаруашылықтардағы кездесетін аурулардың 94-97% жұқпалы емес ішкі аурулар болса, соның ішінде 40% астамы хирургиялық аурулар екен. Көптеген ғалымдардың деректеріне жүгінсек жарақаттар үлесіне хирургиялық аурулардың 23%-тен 30%-ке дейін тиеді. Жарақатгардың әсерінен мал уақытынан ерте санаттан шығарылады, өнімділігі азаяды, салмағы төмендейді, мал шығыны да болады. Бұған ауру малға көрсететін дәрігерлік көмек пен дәрі-дәрмекке кететін шығыңды қоссақ, жарақатгың мал шаруашылығына тигізетін экономикалық зияны орасан зор екендігін көреміз. Себептеріне қарай жарақаттар 5 түрге бөлінеді:
1) механикалық,
2) физикалық,
3) химиялық,
4) биологиялық,
5) жүйке-стресстік.
Физикалық жарақат ыстық суықтың, элекгрдің және сәуленің әсерінен пайда болады. Мысалы: малдың отқа күйгені, суыққа үсігені, электр тогі немесе найзағайдың әсерлері жатады.
Сол физикалық жарақаттын ішіндегі электр жарақатына тоқтала кетсек.
Электрожарақаттар - сирек те болса жануарларда кездесіп тұрады. Оның себебі жануарлар денесене электр тогы әсер етуі. Элект тогы, электрлі құрал жабдықтар қазіргі шаруашылықтарда кеңінен пайдаланылады. Егер әсер еткен ток күші 0, 1 амперден, ал ток кернеуі 45 вольттан жоғары болса ол жануарлар ағзасына қауіпті, егер ұзақ әсер етсе тіпті өлтіруі мүмкін. Әсіресе 120 вольттан жоғары кернеулі ток қауіпті, ол өлтіре алады. Токтың жануарларды жарақаттауы сонымен бірге әсер ету уақытының ұзақтығы мен қоршаған орта жағдайына (су, құрғақ, ағаш еден немесе жер т. б. ) да байланысты. Ток әсеріне әсіресе жылқы сезімтал, 120 вольттан жоғары кернеулі ток оны өлтіреді. Ток ағзаға электромеханикалық, температуралық және биологиялық әсер етеді.
Электр тоғының немесе атмосфералық электр түйісінің әсерінен болатын зақым электр жарақаты деп аталады. Электр тоғы тікелей және тікелей емес әсер етуі мүмкін.
Тікелей емес әсері электрлік күйікке әкеп соқтырады. Электр тоғы жүректен және мидан өткенде өте қауіпті. Электр жарақаты кезіндегі жүйке жүйесіне электр тоғының әсері нәтижесінде пайда болған ортақ құбылыстар байқалады: бірден есінен айырылады, жүрек қызметі әлсірейді, тынысы тарылады, дене құрысады. Ауыр жағдайда клиникалық өлім байқалады: тамыры соқпайды, тынысы мүлдем жоқ, терінің беті ағарады.
Тоқтың денеге кіретін нүктесінен шығатын жеріне дейінгі жолы «тоқ ілгегі» деп аталады. Ол төменгі, жоғары және толық ілгек болып бөлінеді.
1. Төменгі ілгек: аяқтан-аяққа (онша қауіпті емес) .
2. Жоғарғы ілмек: қолдан-қолға (қауіптірек) .
3. Толық ілмек: тоқ бастан, аяқ- қолдан, жүректен өтеді (өте қауіпті) .
Электр жарақаты төрт дәрежеге бөлінеді:
1-ші дәрежеде жарақат алған малдың есінен айырмай бұлшық етінің дірілін сезінеді;
2-ші дәрежеде жарақат алған малдың бұлшық еті дірілдеп, кейін есінен айырылады;
3-дәрежеде жарақат алған малдың есінің айырыуымен қатар жүрек және тыныс алуы бұзылады;
4- дәрежеде жарақат алған мал клиникалық өлім жағдайында болады.
Электр жарақатын алған малға алғашқы медициналық көмек көрсеткен кездегі басты шаралардың бірі - жарақаттанған малды тез арада тоқтан ажырату. Бұл шараны қауіпсіздік тәртіптерін сақтай отырып, өте мұқият жасаған жөн. Бұған бүкіл тізбектен тоқты ажырату, рубильникті, қосқышты, тығынды ажырату, өткізгіштерді кесу, жануар денесінен электр сымын құрғақ таяқпен алып тастау керек.
Ажыратылмаған өткізгіштерді жатқан кезде жалаңаш қолмен ажырату өте қауіпті. Жарақат алған малды өткізкіштен босатып, қауіпсіз жерге апарғаннан кейін оны мұқият тексерген қажет.
Электрлік күйік кезінде жарақат алған малды таза таңғышпен орайды. Жеңіл және орташа кезеңде (талықсу, естен уақытша айырылу, бастың айналуы мен ауыруы және жүректің шаншуы), тез арада көмек көрсету керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz