Ірі қара малының гигиенасы туралы



1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
2.1.Ірі қара малының гигиенасы
3.Қорытынды
4.Пайдаланған әдебиеттер
Зоогигиена - қоршаған орта мен күтім жағдайларының жануарлар денсаулығы мен өніміне әсері жөніндегі ғылым. Жануарлар организмі мен қоршаған ортаның байланысын зерттейді, қоршаған ортаның қолайсыз әсерін жою тәсілін іздестіреді және малдың денсаулығын сақтап, мол өнім алу үшін оларды бағып-күту, азықтандыру мен суару, пайдаланудың тиімді жолдарын белгілейді. Жекелеген түліктің жыныс, жас, өнім бағытының ерекшелігін ескере отырып мал қорасы салынатын жерге, құрылыс материалдарына, мал басына қажетті орын, жарық, қораның жылылығы мен ылғалдылығы, ауасының құрамы, оны қалыпты сақтайтын ауа алмастыру жүйесіне, жегізілетін жемшөп пен суарылатын су сапасына, азықтандыру мен суару, малды пайдалану тәртібіне қойылатын талаптарды Қазақстанның әр түрлі табиғи-экономикалық аймақтарына сәйкес белгілейді.
1.Садуақасов М.С. - Ауыл шаруашылық малдарының және құстардың гигиенасы. Алматы,2010ж
2.Байшагиров.Д Ветеринарлы- санитарлы аспектілер
3.Саданов А.К – Экология,1999ж
4.Интернет желісі
5.Ветеринариялық гигиена - Мырзабеков.Ж.Б, Ибрагимов П.Ш

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Шәкәрім атындағы Семей Мемлекеттік Университеті

СРО
Тақырыбы: Ірі қара малының гигиенасы

Орындаған: Өмірбек І.Ө.
Тексерген: Садуақасов М.С.
Тобы:ВМ-305

Семей 2015 жыл
Жоспары:
1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
2.1.Ірі қара малының гигиенасы
3.Қорытынды
4.Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе
Зоогигиена - қоршаған орта мен күтім жағдайларының жануарлар денсаулығы мен өніміне әсері жөніндегі ғылым. Жануарлар организмі мен қоршаған ортаның байланысын зерттейді, қоршаған ортаның қолайсыз әсерін жою тәсілін іздестіреді және малдың денсаулығын сақтап, мол өнім алу үшін оларды бағып-күту, азықтандыру мен суару, пайдаланудың тиімді жолдарын белгілейді. Жекелеген түліктің жыныс, жас, өнім бағытының ерекшелігін ескере отырып мал қорасы салынатын жерге, құрылыс материалдарына, мал басына қажетті орын, жарық, қораның жылылығы мен ылғалдылығы, ауасының құрамы, оны қалыпты сақтайтын ауа алмастыру жүйесіне, жегізілетін жемшөп пен суарылатын су сапасына, азықтандыру мен суару, малды пайдалану тәртібіне қойылатын талаптарды Қазақстанның әр түрлі табиғи-экономикалық аймақтарына сәйкес белгілейді. Ол талаптар мал түлігінің түріне, өніміне, жасына, жынысына карай ерекшеленеді. Оны бұлжытпай орындау мал өсірушілердің міндеті.

Ірі қара малының төлдерін өсірудің гигиенасы.
Ірі қара малдарының қораларын жобалап-салу және пайдалану кездерінде оларға ветеринариялық-санитарлық бақылау жүргізу технологиялық жобалау нормаларына (НТП) және ветеринариялық-санитарлық ережелерге (СНИП) сүйеніп жасалады.
Әр малдардың түрі, жасы, тұқымы, бағыты ескеріліп оларға арналған жобалар сызылады. Ол жобаларды таңдау әр шаруашылықтың ерекшеліктеріне, ауа райы, жер орайы, малдарды күтіп-бағу жүйелеріне байланысты жүргізіледі.
Қандай болмасын ірі қара малдарына арналған өндірістерді жобалап-салу және пайдалану кездерінде ең басты ветеринариялық-санитарлық проблема малдарды әртүрлі аурулардан сақтау және олардан алынатын өнімдердің сапасының жоғары болуын қамтамасыз ету болып саналады.
Малдарды өсіру қарқынына жер орайы, ауа райының ерекшеліктеріне байланыстыра отырып ірі қара малдарын ұстаудың мынандай жүйелері болады.
1. Қолда тұрғызып-жайып ұстау. Бұл жүйе көбінесе сүт өнімін өндіруге арналған шаруашылықтарда кең таралған, себебі ветеринариялық гигиеналық тұрғыдан қарағанда бұл жүйеде ұстау кезінде малдардың физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес келеді де, мал организмінің табиғый төзімділігін арттыруға мүмкіншіліктер туып, малдың өнімділік қасиеттері жоғарлайды. Мұндай жүйемен ұстау кезінде сиырлардың қозғалысы шектелмей, денедегі зат алмасу процесстерінің жоғарлауына, күн сәулелерінің оң әсерлері тиіп, белокқа, витаминдерге және миниралды заттарға бай азықтарды қабылдауына қолайлы жағдай жасалады. Әсіресе, малдарды еркін жаю кездерінде олардың ауа райы қолайсыз мезгілдерде қолда тұрғызып ұстаған уақыттарда кейбір физиологиялық процесстерінің төмендеуі қалпына келіп, малдардың күйлері жақсарып, өнімдерінің молаюына әсерін тигізеді. Онымен қоса малдарды жайылымға шығару мезгілдерінде қора маңайының санитарлық жағдайын жақсартуға, әртүрлі жеңіл құрылыс жұмыстарын жүргізуге, ішкі технологиялық жабдықтарды реттеп тазалауға, қора, ауыл маңдарына дезинфекциялар жасауға, сөйтіп мал қораларының мезгілінен бұрын тозып, істен шығып қалмауына әсері болады.

2. Қолда тұрғызып ұстау. Мұндай жүйе ірі қара малдарын көбінесе жайылым жерлері жоқ, немесе малдарды көптеп-топтап шағын жерлерде (комплекстерде) ұстағанда және аз уақыт ішінде малдарды қарқынды жолмен күтіп семірту мақсатында пайдаланады. Жаз айларында сиырларды жаюға шығармай тұрғызып қолда ұстап, дайындалған көк шөптерді шауып әкеп орнында азықтандырады.
Сондықтан малдарды қолда тұрғызып ұстау кезінде оның жағымды (қораның біріктірілуі, құрлыс материалдарының шығынының кемуі, технологиялық процесстерінің-вентиляция, канализация, жарықтандыру - жүйелерінің қысқаруы, қора бөлшектерінен тарайтын жылудың азаюуы т.б.) әсерімен қоса кемшіліктері де, яғни малдардың қозғалысы азайып, денсаулығы төмендеп, жалпы организмі әлсіреп, әртүрлі ауруларға ұшырағыш болуы және күтіп-бағуда санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес келмейтін кемшіліктердің жиі жіберілуі кездеседі.

3. Жайып ұстау жүйесі - кезінде малдар жылдың барлық мезгіліндерінде де жайылымды пайдаланады. Шаруашылықты экстенсивті жолмен дамыту кезінде - көбінесе табиғи және жайлау шабындықты жерлерді пайдаланса, интенсивті даму тәсілінде-мәдени жасанды жайылымдарды қолданады.
Жайып ұстау жүйесін жайылым аймақтары мол жер орайы қолайлы, ауа райы жылы шаруашылықтарда пайдаланады. Ондай кездерде малдарға арнап күрделі құрлыстар қаралмай, тек жауын шашындардан, өткір күн сәулелерінен сақтау мақсатында жергілікті арзан материалдардан жеңіл-күрке (қабырғасыз төбелі қора), ықтырма (бір қабырғасыз қора), жылыландырылмаған (малдар өз еркімен кіріп-шығып жүруіне арналған қора) типті қоралар қаралады.
Сүт өнімін өндіретін шаруашылықтарда табиғый жайылымдардың ортасына, немесе жасанды шыбындықтар маңайына, арнайы жылжымалы немесе тұрақты лагерлер тұрғызылып, олардың ішіне мал тұратын орындар, байлауыштар, азық, су науалары қаралып, сүт алып өңдейтін құрылымдар орнатылады.
Ірі қара малдарын ұстау жүйелерінің негізіне байланысты әртүрлі тәсілдер қолданады.
Ірі қара малдарын ұстау тәсілдері.
Ірі қара малдарына арналған шаруашылықтарда көбінесе екі тәсіл қолданылады. 1. Тұрғызып байлауда ұстау; 2. Байлаусыз еркін ұстау.
1) Тұрғызып байлауда ұстау - сүт өнімдерін өндіруге арналған шаруашылықтарда, кей кездерде малдарды интенсивті түрде, жедел семіртіп ет алу үшін қолданылады. Мұндай тәсілмен ұстау үшін арнайы сиыр қоралар қаралады да олардың ішінен байлау орындары (тұрақ орын), байлауыштар, азық науалар мен су құбырлары және олардың арасынан азық таратып, көң тазалайтын, малдар мен адамдар жүретін жолдар қалдырылады. Мал басының мөлшеріне байланысты мал тұратын орындарды екі немесе төрт қатарлы қылып жасайды. Көбінесе қорадағы малдың саны жүзге дейін жоспарланса екі қатарлы, ал 150 одан артық болса төрт қатарлы тұрақтар қаралған жөн. Қора ішінде мал тұратын орындар екі қатар орналасатын болса ондай қоралардың ендерінің ішкі өлшемі 12-15 м, ал төрт қатарлы болса 18-21 м жасалады.
Малдар байланатын тұрақтарға мынандай негізгі гигиеналық талаптар қойылады:
1) Тұрақ орны тегіс, тайғақ емес, ойық шұнқыры жоқ, сәл артқы жаққа қарай су ағар еңістігі бар (1 градустан аспау керек) болу қажет.
2) Тұрақ орнының астына сұйық өтпейтін, яғни мал нәжістері өтіп, сіңіп, одан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ірі қара малының гигиенасы.Мал қораларына және мал шаруашылық өндірісіне қойылатын санитарлық гигиеналық талаптар
Ірі қара мал гигиенасы жайлы
Ірі қара малының гигиенасы
Ірі қара гигиеналары
Ірі қара малының гигиенасы туралы мәлімет
Ірі қара мал гигиенасы жайлы мәлімет
Ірі қара малының гигиенасы жайлы
Ірі қара малының гигиенасы. Суалтылған сиырлар мен құнажындардың гигиенасы
Малды жазда бағып-күту гигиенасы
Ауа алмасуды су буларының және көмірқышқыл газының бөлінуі бойынша есептеулерді жүргіз
Пәндер