Қазіргі қазақ тілі фонетикасы: зерттелу тарихы, фонема ілімі, зерттеу әдістері және дауысты-дауыссыз фонемалар


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Филология факультеті

СӨЖ

Пән: Қазіргі қазақ тілі фонетикасы

Тақырыбы : 1. Қазіргі қазақ тілі фонетикасы пәнінің зерттелу жайы 2. Фонема туралы ілімнің алғаш негізін салушылар 3. Фонетикалық зерттеуде қолданылатын әдістер 4. Дауысты және дауыссыз фонемалар

Топ: ФИ-503

Орындаған: Жармұхамбет С. Ж

Тексерген: Қалиева С. Е.

Семей 2015 ж.

Жоспар

1. Қазіргі қазақ тілі фонетикасы пәнінің зерттелу жайы

2. Фонема туралы ілімнің алғаш негізін салушылар

3. Фонетикалық зерттеуде қолданылатын әдістер

4. Дауысты және дауыссыз фонемалар

Қазіргі қазақ тілі фонетикасы пәнінің зерттелу жайы. Қазақстанның Ресейге қосылуы қазақ даласында ірі өзгерістерді тудырды. XIX ғасырдың екінші жартысында орыс патшалығы Қазақстанды отарлау саясатын толық іске асыруы үшін қазақ халқының тұрмыс -тіршілігін , салт-cанасын жетік біліп, тілін, дінін жан-жақты зерттеуді қолға алды. Осы мақсатпен орыс зерттеушілері қазақ даласына көптеген зерттеу жұмыстарын ұйымдастырды. Зерттеу нәтижелері жинақтарда, мерзімді баспасөздерде жарияланды.

Қазақ тілінің фонетикасы туралы тұңғыш пікір миссионер Н. И. Ильминский (1822-1891) еңбегінде айтылды. 1860 жылы Қазанда жарық көрген «Материалы к изучению киргизского наречия» деген еңбегі орыс графикасымен жазылған еді. 162-беттік еңбектің 140 беті қазақша-орысша сөздіктен тұрады, ал сөздіктің бас жағында автор қазақ тілі және грамматикалық жүйесі жөніндегі пайымдауларын келтірген.

Н. И. Ильминский сөздігі - тұңғыш қазақша-орысша cөздік болуымен құнды және автор өзінің еңбегі арқылы осы күнгі орыс графикасына негізделген қазақ жазуының негізін салды. Оның еңбегінде қолданған кейбір қосымша таңбалар (д, ц, у, і, w, j, k, r, нь) ғана өзгеріске ұшырады.

А. В. Старчевский «Спутник русского человека в Средней Азии» деген 1878 жылы жарық көрген еңбегі өзбек, қазақ, татар, тәжік тілдерінің грамматикасына арналған. Еңбекте қазақ тілінде 9 дауысты, 17дауыссыз бар екеендігі көрсетілген.

Түркі тілдерін зерттеудің жаңа кезеңі В. В. Радлов (1837-1918) еңбектерінен басталады. Қазақ тілін және оның салаларын зерттеуде В. В. Радловттың 1882 жылы Лейпциг қаласында неміс тілінде жарық көрген «Солтүстік түркі тілдерінің фонетикасы» деп аталатын еңбегінің маңызы ерекше. Мұнда қазақ тілінің дыбыстық жүйесі біршама дұрыс жүйеленген. Ол қазақ тілінің дыбыстық жүйесін 9 дауыстыдан (а, ә, е, о, ө, ы, і, ұ, ү) және 20 дауыссыздан тұратынын анықтаған. Дауыстыларды ашық-қысаң, жуан-жіңішке, еріндік-езулік деп жіктеген.

Қазақ фонетика мәселелерін арнаулы жүйеге салып зерттеу кезеңі профессор Құдайберген Жұбановтан бастау алады. Қ. Жұбанов қазақ лингвистикасының ірге тасын қалаушылардың бірі болды. Ол қазақ фонетикасының бір топ мәселелерін (атап айтқанда - тіл дыбыстарының фонологиясы мен жіктелуі, дыбыстардың өзгеру құбылысы, үндестік заңы және акцентуация саласы жөнінде зерттеу жүргізіп, олар туралы белгілі шешімге келген [1] .

Фонема туралы ілімнің алғаш негізін салушылар. Фонема, сондай-ақ морфема туралы ілімнің алғаш 1870 жылы негізін салған орыс және поляк тілін зерттеуші И. А. Бодуэн де Куртанэ(1845-1929) . Фонеманың көршілес келген әр түрлі фонемаларының тигізген әсерінен пайда болған реңкін - комбинаторлы реңк деп атады. Тіл білімінде фонема туралы мәселенің өзіне тән тарихы бар. Фонема туралы ілім орыс лингвистикасында өткен ғасырдың жетпісінші жылдарында пайда болған. Куртанэнің ғылыми-зерттеу жұмыстарының әр дәуірінде фонема туралы түсінік өзгеріп отырды. Мысалы, Бодуан де Куртанэ алғашында фонеманы этимология-морфологиялық құбылыс деп қараса, кейінгі кездерде фонемаға психологиялық анықтама береді. Бодуен де Куртанэнің фонема туралы ілімін ары қарай жалғастырған өзінің шәкірті, академик Л. В. Щерба. Л. В. Щербаның айтуы бойынша сөздер мен формаларды ажырататын реңк - фонема деп аталады.

Фонетикалық зерттеуде қолданылатын әдістер. Сөйлеудің табиғи фонетикалық жағы ерекше зерттеу әдістерін қажет етеді. Өйткені фонетика, бір жағынан, акустикалық аспекті тұрғысынан акустикамен, екінші жағынан, физиологиямен байланысты болып келеді.

Дыбыстың акустикалық сипаттамасын - күшін, қарқынын, созылыңқылығын, сондай-aқ оның артикуляциялық табиғатын, яғни қандай мүшелердің қатысуымен қалай жасалып тұрғанын нақты білу үшін, оны тиісті аппараттардың көмегімен қарастыруға болады.

Экспериментті-фонетикалық әдіс - тіл дыбыстарын акустика мен физиология саласында пайдаланылатын аппараттарды қолдану арқылы зерттеу. Бұл әдіс 2 үлкен топқа бөлінеді:

  1. акустикалық әдісарқылы тіл дыбыстары, олардың акустикалық қасиеттері қарастырылады;
  2. физиологиялық әдіснемесесоматикалық әдісарқылы дыбыстың жасалуына қандай мүшелер қалай қатысып тұрғаны, оның артикуляциялық ерекшеліктері айқындалады.

Аталған әдістердің әрқайсысы пайдаланылатын құралдың түріне қарай іштей бірнеше әдіске бөлінеді: Акустикалық әдіс : 1) кимографтық әдіс; 2) осциллографтық әдіс; 3) спектографтық әдіс. Соматикалық әдіс : 1) палатографтық әдіс; 2) рентгенографиялық әдіс; 3) кинофотоға түсіру әдісі. Бүгінгі күні эксперименттік әдіс қазақ тіл білімінде кең түрде қолданылып жүр [2] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі қазақ тілі фонетикасы: фонема ілімі, зерттеу әдістері, дауысты және дауыссыз фонемалар
Қазіргі қазақ тілі фонетикасының зерттелу тарихы, фонема ілімі, әдістері және дауысты-дауыссыз фонемалар
Қазіргі қазақ тілі фонетикасының зерттелу тарихы: фонема ілімі, зерттеу әдістері және дауысты-дауыссыз фонемалар
Қазіргі қазақ тілі фонетикасы: зерттеу нысаны, мақсаты, салалары және терминологиялық глоссарий
Қазақ тілінің дауысты және дауыссыз дыбыстық жүйесі: тарихы, жіктелуі және оқыту әдістемесі
Қазақ тіліндегі дауысты фонемалар: құрылымы, жіктелуі және артикуляциялық сипаттамасы
Қазіргі қазақ тілі фонетикасы: транскрипция және транслитерация мәселелері
Қазақ тіліндегі дауысты және дауыссыз дыбыстарды үйретудің ғылыми-әдістемелік негіздері
Қазақ тілі дыбыстарының жіктелімі мен фонетикалық жүйесінің зерттелу тарихы
Жапон тіліндегі дауысты және дауыссыз дыбыстардың фонетикалық сипаттамасы: қазақ және орыс тілдерімен салыстырмалы зерттеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz