Инновациялық топырақ өңдеу жүйесі


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

БӨЖ Тақырып: Инновациялық топырақ өңдеу жүйесі

Орындаған: Нұрбақыт Қ

Тексерген: Сағындыков С. Н.

Топ: АГ-213

2015жыл

Жоспар :

Кіріспе

Жалпы топырақ өңдеу жүйесі

Негізгі бөлім

  1. Топырақ өңдеудің инновациялық жүйесі
  2. Инновациялық жүйенің маңыздылығы

Қортынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Егіншіліктегі ең ауыры жəне маңыздылығы жағынан ерекше орын алатын агротехникалық шаралардың бірі - топырақ өңдеу. Оны ғылыми жəне өндірістік тұрғыдан алып қарасақ егіншіліктің негізгі фундаменті болып табылады. Э. Рассел топырақ өңдеудің маңызын атай келіп, оның құнарлылығын арттыру үшін қолдан берілетін тыңайтқыштардан да зор екенін, өйткені тыңайтқыш беру арқылы топырақтың тек коректену режімін жақсартсақ, ал топырақты өңдеу арқылы оның ауа, жылу, ылғал жəне коректік заттар режімдерін қолайлы жағдайға келтіреміз деген еді. Шынындада, тіршілік факторларының өсімдіктер үшін қолайлы қалыптасуы топырақ өңдеу жүйесіне тікелей байланысты. Топырақты өңдеуге үлкен қаражат, көп еңбек жəне энергия жұмсалады. Атап айтқанда, егіншілікте жұмсалатын энергияның 30-40 пайызы осы топырақ өңдеудің үлесіне тиеді. Сондықтан, егіншілікте энергия жұмсалу мөлшерін азайту ең өзекті мəселелердің бірі. Көптеген ғалымдардың зерттеулері жəне шаруашылықтардың тəжірибелері осы күні өндірісте қолданылып жүрген топырақ өңдеу жүйесі энергиялық шығындарды көп болса 5-20 пайызға азайтады, сондықтан бұл мəселені түбегейлі шешу үшін əдеттен тыс топырақ өңдеу жолдарын іздестіру қажет.

Негізгі бөлім

  1. Топырақ өңдеудің инновациялық жүйесі

Топырақты жылдам инновациялық өңдеу - Егіншілік пайда болған заманннан бастап бүгінгі күнге дейін топырақ өңдеу жылдамдығы ғылым мен техниканың дамуына байланысты өзгеріп отырды. Алғашқы кезеңдерде, əсіресе өткен ғасырдың 20-30 жылдары, жер өңдеу құралдарын аттың немесе ірі қара малдың күшімен жүзеге асырды, сондықтан жерді өңдеу жылдамдығы сағатына 3-5 шақырымдан аспады. Бертін келе егіншілікте ЧТЗ, ХТЗ, ДТ-54 сияқты шынжыр табанды тракторлар егіншілікте кеңінен қолданылды. Сондықтан, жер өңдеу жылдамдығы сағатына 6-7 шақырымнан 9-10 шақырымға жетті. Көптеген ғылыми-зерттеу мекемелері мен ғалымдардың зертеулері топырақы неғұрлым жылдам, өңдесе, солғұрлым еңбек өнімділігі артады, ал топырақты өңдеу сапасы сағатына 3-5 шақырым жылдамдықпен өңдегеннен кем болмайды, тіпті кейде артық болатындығын көрсетті. Сонымен қатар топырақты жоғары жылдамдықпен өңдеу экономикалық жағынан тиімді, себебі машиналар мен құрал-жабдықтар, жұмыс күші, жанар-жағар майлар аз мөлшерде керек. Топырақ өңдеу жылдамдығы бір орнында тоқтап қалған жоқ, əрі қарай өзгеріске ұшырады. Ауыл шаруашылығында қуатты К-700, К-701 дөңгелекті тракторлардың пайдалану арқасында топырақ өңдеу жылдамдығы сағатына 15-16 шақырымға жетті. Топырақты көрсетілген жылдамдықта өңдеу оның жақсы үгітіліп, өңдеу сапасының көрсеткіштері жоғарылайтындығын ғылыми-зерттеу мекемелерінің жұмыс нəтижелері көрсетті. Сөйтіп, топырақты жоғары жылдамдықта өңдеу барлық агротехникалық шараларды қысқа мерзімде орындауға, еңбек өнімділігін арттыруға, егіншіліктің мəдениелігін көтеруге мүмкіндік туғызды.

  1. Инновациялық өңдеу жүйесінің маңыздылығы

Көптеген ғылыми-зерттеу мекемелері мен ғалымдардың зертеулері топырақы неғұрлым жылдам, инновациялық жлмен өңдесе, солғұрлым еңбек өнімділігі артады, ал топырақты өңдеу сапасы сағатына 3-5 шақырым жылдамдықпен өңдегеннен кем болмайды, тіпті кейде артық болатындығын көрсетті.

Сонымен қатар топырақты жоғары жылдамдықпен өңдеу экономикалық жағынан тиімді, себебі машиналар мен құрал-жабдықтар, жұмыс күші, жанар-жағар майлар аз мөлшерде керек.

Топырақ өңдеу жүйесі алғы дақылдарға, танаптың жағдайына, яғни оның ылғалдық дəрежесіне, арамшөптермен ластануына, топырақтың грануметриялық құрамына, құрылымына, құрлысына, егілетін ауылшаруашылық дақылдарының биологиялық ерекшеліктеріне, аймақтың топырақ-климаттық жəне басқа жағдайларға байланысты.

Қортынды

Топырақты инновациялық өңдеу жұмысы дер кезінде жəне сапалы түрде жүргізілсе оның ылғалдық, жылулық, ауа жəне коректік заттар режимдерінің жақсы реттелуіне, яғни ауылшаруашылық дақылдарының өніп-өсуіне жəне дамуына оңтайлы жағдай жасалады. Топырақты инновациялық өңдеу арқасында оның жырту қабатының жағдайы, яғни тығыздығы, құрылысы, фитосанитарлық жағдайлары жақсарады. Сонымен, топырақты инновациялық өңдеу деп ауылшаруашылық дақылдарының өсуіне қолайлы жағдай жасау үшін оған машиналар мен құралдардың жұмыс органдары арқылы механикалық əсер етуді айтады. Өзінің мағнасы, еңбек сіңіруді, энергияны қажет етуі жағынан топырақ өңдеу егіншілікте бірінші орында тұр. Сондықтан, оны ешқандай басқа агротехникалық шаралармен алмастыруға болмайды. Топырақ өңдеу сапалы жүргізілсе, онда ауылшаруашылық дақылдарының өнімі 25 пайызға артады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі :

  1. Егіншіліктегі топырақ қорғау жүйесі, (жалпы редакциясын басқарған А. И. Бараев), Алматы, 2000.
  2. Тазабеков Т. Т. Апушев А. К., Тазабекова Е. Т. Топырақ жəне қоршаған орта, Алматы 2001.
  3. Румянцев В. М. Земледелие с основами почвоведения, М:, 2005
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Төртінші индустриялдық революция
Ақтөбе орман шаруашылығы КММ
Қазіргі замандағы педагогикалық оқыту технологиялары
Технология пәнін оқытуда оқытудың белсенді әдістерін қолдану жолдары
Мақта дақылының агротехникасы
Ауыспалы егіс сызбалары
АӨК салаларындағы инновациялық қызметтің теориялық негізін қалыптастыру
ФОСФОР ӨНЕРКӘСІБІНІҢ ӨНДІРІС ҚАЛДЫҚТАРЫН МЕЛИОРАНТТАРҒА ӨҢДЕУ
Шығыс Қазақстан аумағының геоглогиялық құрылымы
Ауыл шаруашылық өнімін өндіруге арналған ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz