Сақтаудың жекелеген түрлері


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1. САҚТАУ ШАРТЫНЫҢ ТҮСІНІГІ

1. 1 Сақтау шартына жалпы түсінік

1. 2 Сақтау шартының нысаны

1. 3 Сақтау шартының пәні

1. 4 Сақтау шартының мазмұны

1. 5 Сақтау бойынша жауапкершілік

2. САҚТАУДЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРІ

2. 1 Ломбардта сақтау

2. 2 Құндылықтарды банкте сақтау.

2. 3 Көлік ұйымдарының сақтау камераларында сақтау

2. 4 Ұйымдардың киім ілгіштерінде сақтау

ҚОРЫТЫНДЫ

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Сақтау шарты бойынша бір тарап (сақтаушы) оған екінші тараптың (жүк берушінің) берген затын сақтауға және бұл затты сақталған күйінде қайтаруға міндеттенеді.

Қазіргі қоғамда сақтау бойынша қатынастардың кеңінен таралуын толық түсінуге болады. Азамат өз үйінен шығып, қоғамдық орындарға барғанда-ақ заттарды сақтауға беру қажеттілігі жиі туындайды. Мұндай жағдайларда азамат үшін шарт еркіндігі, біз бұған мән бермесек те, елеулі түрде шектеледі. Білім беру, дәрігерлік, өзге де мекемелерде, ұйымдарда, театырлар мен тағы да басқа жерлерде сырт киімді гардеробқа өткізу талабы белгілену мүмкін. Дүкендерде (сауда кәсіпорындарда) сөькелерді, қол сандықтарды, кейстер мен өзге де ұқсас заттарды сақтауға өткізуді талап ете алады.

Заттардың белгілі бір түрлері тек тиісті жағдайлары бар, заттардың сақталуын қамтамасыз ете алатын, оларды беру мен сақтауға қабылдаудың тиісті режимін қамтамасыз ететін сақтаушылармен ғана сақтала алады. әрине, мұндай жағдайларда да заттарды сақтауға беру қажеттілігі туындайтын болады. Осы курстық жұмысымда осы сақтаушы мен жук беруші арасындағы қарым-қатынасты қарастырып өттім.

  1. САҚТАУ ШАРТЫНЫҢ ТҮСІНІГІСақтау шартына жалпы түсінік

Сақтау шарты бойынша бір тарап (сақтаушы) оған екінші тараптың (жүк берушінің) берген затын сақтауға және бұл затты сақталған күйінде қайтаруға міндеттенеді (ҚР АК 768-б. 1-т) 7

Сақтау мәселесін баяндайтын бірқатар теориялық зерттеулерде атап өтілгендей сақтау қызмет көрсетудің ерекше түрі, соның ішінде қызмет көрсетулердің ішінде азаматтық-құқықтық міндеттемелер арқылы қамтамасыз етіле алатын кең таралған түрлерінің бірі болып табылады.

Қазіргі қоғамда сақтау бойынша қатынастардың кеңінен таралуын толық түсінуге болады. Азамат өз үйінен шығып, қоғамдық орындарға барғанда-ақ заттарды сақтауға беру қажеттілігі жиі туындайды. Мұндай жағдайларда азамат үшін шарт еркіндігі, біз бұған мән бермесек те, елеулі түрде шектеледі. Білім беру, дәрігерлік, өзге де мекемелерде, ұйымдарда, театырлар мен тағы да басқа жерлерде сырт киімді гардеробқа өткізу талабы белгілену мүмкін. Дүкендерде (сауда кәсіпорындарда) сөькелерді, қол сандықтарды, кейстер мен өзге де ұқсас заттарды сақтауға өткізуді талап ете алады.

Жалпы пайдаланыстағы орындарда саудамен айналысатын кәсіпкерлер базарларға тиесілі үй-жайларда сақтау қызметін пайдалана алады. Жалпы кіші кәсіпкерлік субъектілеріне өз тауарларының сақталуын қамтамасыз ету үшін сақтаумен кәсіби түрде айналысатын субъектілердің қызметтерін пайдалану тиімірек болып табылуы мүмкін. Бұл аталған кәсіпкерлерге қайта үй жайларының құрылысына оларды жалға алуға, күзетуге, сондай-ақ қойма жабдықтарын сатып алуға қомақы соманы жіберуге мәжбүр болғанның орнына өзінің айналым қаражаттарын жұмсамауға мүмкіндік береді.

Сақтау қажеттілігі заңдарының талаптарына сәйкес туындайтын жағдайлар да орын алады. Мысалы, арестке алынған мүлікті, мұраға қалдырылған мүлікті, кеден қоймаларындағы мүлікті және тағы да басқа сақтау жүзеге асырылады.

Заттардың белгілі бір түрлері тек тиісті жағдайлары бар, заттардың сақталуын қамтамасыз ете алатын, оларды беру мен сақтауға қабылдаудың тиісті режимін қамтамасыз ететін сақтаушылармен ғана сақтала алады. әрине, мұндай жағдайларда да заттарды сақтауға беру қажеттілігі туындайтын болады.

Яғни, сақтау бойынша міндеттеменің туындауы әртүрлі себептермен жетеленуі мүмкін және ол тек сақтау шартына ғана байланысты туындамайды. Алайда сақтау шарты басқа да барлық жағдайларда осындай міндеттеменің туындауының негізі болып табылады. Сақтаушы тұлға мен заттарды сақтауға берген тұлғаның құқықтары мен міндеттері шартқа сәйкес сақтау туралы ережелермен анықталатын болады. Қазіргі жағдайларда мүлікті сақтау бойынша міндеттердің тұлғаға оның еркінен тыс жүктелуі, сирек кездесетін жағдайларды қоспағанда, мүмкін емес екенің атап өткен жөн. Сондықтан біз, мұны қаласақ та, қаламасақ та сақтау шартының құрылымына жүгінүге мәжбүр боламыз.

Сақтау қолданылатын аялар сақтаудың жекелеген түлерін сондай-ақ сақтау қатынастарын реттейтін заңнама актілерін қарастыру кезінде тағы да бір рет сипатталатын болады.

Пост кеңістікте сақтау институның қазіргі жай күйндегі мәселелерін жан-жақты баяндаған аз ғана авторлардың бірі - М. И. Брагинский. оның сақтау қамтамасыз етілетін мүмкін болатын заңдық құрылымдарды талдауы назар аударуға тұрарлықтай.

Аталған автор сақтау бойынша қатынастардың төрт негізгі құрылымын ажыратады. Біріншісі ретінде, біз айтқандай, шарт үлгісі алынады. Ол бүтіндей және толығымен заңды анықтама аясына сай келеді. Бұл құрылымға деген қажеттілік енемесе мұқтаждық сақтау қызметі дербес сипатқа ие болғанда туындайды.

Сақтау бойнша міндеттеме басқа түрдегі шарттар мазмұнына кіретін жағдайлармен туындауы мүмкін.

Осылайша сақтау жөніндегі міндеттемелердің қалған құрылымдары, олардың басқа шарттардың мазмұнына кіруіне енгізделеді.

Бұл жағдайлар да, сақтау бойынша қатынастардың қалған үш құрылымын ажыратып алуға мүмкіндік беретін вариациялар мүмкін болады.

Екінші құрылым болып сақтау бойынша міндеттеменің бір тұтас күрделі шартқа енуі табылады. Сонымен бірге мұндай шарт сақтаусыз әрекет ету мүмкігдігіне ие болмауы тиіс. Мұндай шарттың мысалына тасымалдау шарты жатады.

Сақтау күрделі емес, аралас шарттың да құрамына ене алады. Сақтаудың аралас шарттың құрамына енуі екі құрылымды мүмкін етеді.

Бірінші құрылым кезінде сақтау шарттағы тараптың негізгі міндеттемесіне қызмет көрсетеді. Яғни оның өзі қосымша болып табылады. Оны ашатын мысалдарға бірнешеуін келтіруге болады. Мәселен, сақтау бойынша қосымша міндеттеме тараптардың келісіммен көлік экспедициясы, мердігерлік комиссия, тапсырыс шарттарында көзделуі мүмкін.

Төртінші құрылым сақтау бойынша міндеттеменің басқа міндеттемелерімен қатар орын алуын көздейтін болады. Сақтаушы өзіне экспедициялық қызмет көрсету бойынша, жүк беруші пайдасына қосымша мердігерлік жүмыстар атқару және тағы да басқа міндеттерді қабілдауы мүмкін.

Сол бір немесе өзге де құрылымды қолдану, сақтау бойынша қызмет көрсететін субъект пен оның несие берушісі қатынастарының тәжірибелік мәселелерін шешуге ықпал етеді. Алайда, біздің ойымызша, сақтау жөніндегі жалпы, негізгі ережелердің де маңызын кемсітпеген жөн. Елеулі айырмашылық сақтаудың күрделі шартқа енуі арасында айқын көрініс табады.

Сақтау шартын аралас шарттардан бөлектеген жөн. Бұл сақтау шартының өзі туралы толық пікір алуға мүмкіндік береді.

Сақтау шартының қарым-қатынасы туралы осы мәселені баяндауда А. П. Сергеева мен Ю. К. Толстойдың редакторлығымен шыққан азаматтық құқық оқулығының авторлары қомақты үлес қосты.

Аталған оқулықтың авторлары атап өткендей, сақтаудың жалға алу мен ссудадан ерекшелігі - сақтаушының мүліктің сақталуын оны пайдалану құқықтарын иеленбей қамтамасыз етуге тиіс екенінде. Ал жалға алушы мен несие беруші мүлікті пайдалану құқығын иеленеді. Яғни екі жағдайда да мүлікті уақытша иелікке берудің мақсаттары әртүрлі.

Аталған ерекшелікке сүйене отырып, сақтаушының әрекеттерін, егер ол өзінің шарттық өкілеттіктерін асыра отырып, мүлікті пайдаланатын болса, заңсыз деп тануға болады. Жалға алу шартында сақтау елементін бөліп көрсету мүмкін емес, өйткені жалға алушы, мүлікті уақытша болса да өз иелігіне ала отырып, оны өз мақсаттары үшін сақтайтын болады. Мүліктің сақталуын қамтамасыз ету бойынша жалға алушының міндеттері тікелей мүлікті жалға алу шартынан туындайды. Әрекет етуші заңнамада сақтау шартының барлық шартары үшін маңызды болатын маңызды болатын сақтау туралы нормаларды қандай пропорцияда, тараптардың қандай қатынастарына қолдануды анықтау міндеті туындайды. Бұл жөнсіз мәселе емес. Мәселен, жалға беруші мүлікті жалға бере отырып, затты пайдалану нәтижесінде оның мүмкін болатын тозуымен алдын-ала келіседі. Ал, жүк беруші болса затты бұрынғы күйінде, тозусыз қайта алуға жиынтық айырмашылық айқын көрінеді. Қандай нормалар басымды болып табылады, тараптар мүдделерінің балансы қада? Бұл даулар бойынша істерді шеше алатын аяттар, сондай-ақ зерттеушілер мен азаматтық құқықтың азаматтық құқықтың өзге де мамандары үшін күрделі сұрақтар болып табылады.

Сондықтан олардың мәнісіне, мазмұнына нормативтік реттелу мен осыған байланысты, мүмкін болатын тәжірибелік айырмашылықтарға сүйене отырып біз сақтаумен заем сақтау мен қозғалмайтын мүлікті күзету шарттарын ажыратамыз.

Әрекет етуші заңнамада сақтау шартының бірқатар түрлерінің тәртібі ретке келтірілген. Ең сақтаудың барлық шарттары үшін маңызда болатын сақтау туралы жалпы ережелер бөліп қарастырылады. Олармен кәдімгі сақтау да реттеледі. Субъектілердің қатарындағы айырмашылықтарға, мазмұнындағы кейбір ерекшеліктер мен нормативтік бекітілуіне байланысты сақтау шартының мынадай түрлері ажыратылады:

  • заттарды ломбардта сақтау;
  • құндылықтарды банкте сақтау;
  • көлік ұйымдарының сақтау камераларында сақтау;
  • ұйымдардың киім ілгіштерінде сақтау;
  • қонақ үйде сақтау;
  • даулы заттарды сақтау - секвестр.

Кәсіпкерлік аясындағы қарым-қатынастарды реттеу үшін арнайы көзделген және осыған орай нысанындағы тараптардың құқықтары мен міндеттеріндегі елеулі ерекшеліктерге байланысты жеке бөліп қарастырылатын сақтау шартының тағы бір түрі болып тауарлы қоймада сақтау шарты табылады.

Сақтау шарты туралы нормалар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде, 39-тарауда (768-802-баптар) қамтылған. Сақтау қатынастарына қатысты нормалар сондай-ақ өзге де заңдық және заңға сәйкес нормативтік актілерде көрініс тапқан. Оларға мыналарды жатқызуға болады: 31-тамыз 1995 жылғы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Заңы, 19-қаңтар 2001 жылғы Қазақстан Республикасының «Астық туралы» Заңы, 20-шілде 1995 жылғы Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Заң күші бар Жарлығы, 10-шілде 1998 жылғы Қазақстан Республикасының «Есірткі құралдары, психотропты заттар, прекурсорлар мен олардың заңсыз осы заңның атауын тексеру керек айналымы мен теріс пайдалануына қарсы әрекет ету шаралары туралы» Заңы және басқа да жекелеген заңдар.

Сақтау шарты реалды шарт. Бұл ҚР АК 768-бабының 2-тармағының мазмұнынан көрінеді.

1. 2 Сақтау шартының нысаны

Сақтау шарты ауызша және жазбаша нысанда да бекітілуі мүмкін. Ауызша нысанда заттарды қысқа мерзімге вокзалдардың, әуежайлардың мекемелерінің, кәсіпорындардың, мұражайлардың, стадион-дардың, саханалардың және тағы да басқа сақтау камералары мен киім ілгіштеріне сақтаушының нөмірлерді және сол сияқты заңды деп танылған белгілерді беру арқылы тапсыру жүзеге асырылады. Бұған қоса заттарды төтенше жағдайлар кезінде сақтауға өткізу де ауызша нысанда жүзеге асрылуы мүмкін.

Аталған жағдайларды қоспағанда сақтау шарты жазбаша нысанда қалуға тиіс. егер сақтауға алынған заттар сақтаушы жүк берушіге өткізу қолхатын, түбіртек, куәлік, сақтаушы қол қойған өзге де құжаттар беру жолымен куәләндырылған болса, шарттың жазбаша нысаны жасалған болып есептеледі.

Егер шарттың заңмен көзделген нысаны сақталса не сақтаушы заттың жасалу, оның орындалу фактісін дауламаса, онда сақтауға арналған зат пен сақтаушы қайтарған заттың бірдейлігі туралы дау туған жағдайда куәгерлік айғақтарға жол беріледі.

Заттарды төтенше жағдайлар кезінде сақтауға өткізу, шарттың жазбаша нысаны болмаған жағдайда сақтауға өткізілген заттардың құндылығына қарамастан куәгерлік айғақтар бойынша дәләлденуі мүмкін.

1. 3 Сақтау шартының пәні

Бұрын әрекет еткен заңнамада мүлікті сақтау туралы сөз болған. Яғни сақтау пәні нақтыланбаған. Қазіргі әрекет етуші заңнамада шарт пәні ретінде заттың өзі анықталған. Бұл шешім орынды және толық түсіндіріле алады. Бұрынғы заңнамада «мүлік» пен «зат» түсініктерінің арасындағы айырмашылық сірә теориялық сипатқа ие болды. Соның салдарынан сақтау пәнін анықтау үшін «мүлік» терминін де қолдануға болар еді. Қазіргі жағдайда, яғни заңнамаға сәйкес мүлік құрамы соншалықты біртектес болмаған кезде, шрт пәнінің мұндай анықтамасы шарт түсінігін бұрмалауға алып келуі мүмкін. Сақтау шарты өз бетінше «консервативті» деуге де болар еді. Егер сатып алу - сату, жалға алу, сыйға тарту, және кейбір өзге шарттар үшін олардың пәндері бола алатын объектілер аясы бірден кеңейтілсе, сақтау шарты үшін ол бұрыңғы қалпын сақтап қалды.

Сақтау шартының пәні болып қозғалмалы заттар болып табылады. Олардың қатарына жеке анықталған заттарды да, тектік белгілермен анықталған заттарды да жатқызуға болады.

Заттарды сақтауға беру бойынша шек қою конституциялық құрылымды қорғау мақсаттарында заңмен көзделген жағдайларда белгіленуі мүмкін. Мысалы діни экстремизмді тудыруға бағытталған, терреризмді насихаттау мен соған бағдарлайтын мазмұны бар әдебиеттерді сақтауға тыйым салу. Сол бір немесе өзге заттарды сақтауға шек қоятын басқа да негіздерге өзге тұлғалардың адамгершілігін, денсаулығын құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету, мемлекеттің қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттілігі жатқызылуы мүмкін.

Сақтау шартының пәні ретінде өз сипаттамасы бойынша азаматтық құқық объектісі ретінде бағалана алатын кез келген заттар бола алады. Олардың қатарына құжаттарды, бағалы қағаздарды, ақшаны соның ішінде шетел валютасын жатқызуға болады. Ақша немес бағалы қағаздар сақтауға жеке анықталған заттар ретінде беріле алады және әдейі соларға қатысты негізінен банктерде сейфтік сақтау туралы сөз болады.

Тектік белгілермен анықталған заттар оларды иесіздендіру туралы сақтау шартының пәні бола алады. Басқаша айтқанда ол «қалыпсыз» сақталу деп аталады. Қозғалмайтын заттар сақтау объектісі бола алмайды. Мұндай қозғалыс азаматтық құқық теориясында даусыз болып табылады.

1. 4 Сақтау шартының мазмұны

Сақтаудың реалды шарты бойынша сақтаушы өзіне берілген затты, оның сақталуын қамтамасыз ете отырып сақтауға міндетті. Сақтаушы сақтауды жүзеге асыра отырып затты қолайсыз ауа-райы, үй-жайындағы ылғалдық сияқты сыртқы факторлардан сақтап қалуы тиіс. Мұндай факторларға, сондай-ақ мүлікті бүлдіру, оны ұрлап кетуі мүмкін адамдардың құқықққа қайшы әрекеті де жатады. Соларға сақтаушы қарсы тұруға тиіс.

Сақтаушы міндеттерінің нақты көлемі оның тұрмыстық немес кәсіби сақтаушы болып табылатындығына, сақтаудың сол бір немес өзге жағдайларды және сақтауға берілетін заттардың қасиеттері жүк берушімен ескертілген немесе ескертілмегеніне байланысты болады. Шарттың ақылылығы немесе ақысыздығы сақталушы міндеттерінің аясын анықтау үшін шешу маңызға ие болмайды, өйткені оның барлық шығындары кез келген жағдайда өтелетін болады, бірақ дау туғанда, сот шартың ақысыз сипаты кезінде сақтаудың ерекше жағдайлары ескерілмегендікке көбірек мойынсұнуға тиіс.

Сақтаушы өзіне берілген заттардың сақталуын қамтамасыз ету үшін шартта көзделген барлық шараларды қолдануға міндетті. Осылайша, шарт сақтаушы үшін негізгі басшылыққа алатын құжат болып табылады және дәл соның өзі жүк берушінің сақтау бойынша қызметтерге деген мұқтаждығының іс жүзіндегі көлемін ескеруге мүмкіндік береді.

Егер сақтаушының оларды жүргізу жөніндегі сол бір немесе өзге шаралары ескртілмесе, бірақ, дегенмен де, олар қажетті болып табылса, онда сақтаушы орын алған жағдайға сүйене отырып оларды да қолануға тиіс.

Сақтаушы затты ақысыз сақтауға қабылдаған кезде және затты күту бойынша белгілі бір әрекеттерді жасау тараптарымен ескертілмеген кезде, сақтаушы сақтауға алынған затқа өз заты сияқты қамқорлық жасауға тиіс.

Кәсіби сақтау кезінде сақтау жағдайлары шартта толық сипатталмағанда сақтаушы тиісті іскерлік айналым дағдыларын басшылыққа алуы тиіс. Кәсіби сақтаушыға сол бір немес өзге заттарды сақтауға қабылдаған кезде оның өзі дербес олардың қасиеттерін ескеріп, тиісті шаралар қолдану жөніндегі талаптар қойылуы мүмкін. Бұған кәсіби сақтаушының өзі біле алмайтын заттардың ерекше қасиеттері кірмейді.

Барлық сақтаушылар, олардың тұрмыстық не кәсіби сақтаушылар екеніне қарамастан, жария тәртіп ұстанымдарын сақтауға тиіс. өйткені оларды ұстану немесе ұстанбау заттың сақталуына әсер етуі мүмкін. Яғни сақталуы салалық заңдармен талап етілетін әр түрлі нормативтер туралы сөз боып отыр. Мысалы, барлық азаматтарға Қазақстан Республаикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттік органдарының өрт, сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты талаптарды, кәсіпорындардағы авариялардың алдын алуға бағытталған талаптарды сақтау қажет. Денсаулық сақтау министрлігінің санэпидемқадағалау органдары тиісті санитарлық-эпидимиологиялық талаптарды белгілейді. Осындай талаптардың сақталуын қаматамасыз етпеген субъектілер егер соның салдарынан заттардың бүлінуі немесе жойылуы орын алса, бұл үшін жүк беруші алдында жауапты болады.

Сақтаушыда сол бір немесе өзге жағдайлар орын алғанда ол бұрын өзі болған үй-жайды жөндеуден өткізеді, оны ауыстырады немесе қандай да бір табиғи, техногендік құбылыстардың және тағы да басқа салдарынан затты сақтау жағдайлары өзгеретін болады, онда сақтаушы заттың сақталуын қамтамасыз ету үшін ағымдағы шараларды қолануға тиіс. Сақтаушы, сондай-ақ жүк берушіге сақтау жағдайларының өзгеретідігі туралы дереу хабарлауға және оның жауабын күтуге міндетті, заттың жоғалу немесе бүліну қаупі туған жағдайда сақтаушы жүк берушінің жауабын күтпестен, сақтаудың шартта көсетілген әдісі мен орнын өзгертуге міндетті.

Егер де қолданылған шараларға қарамастан, зат сақталу кезінде бүлінуге ұшыраса немесе оның сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейтін және жүк беруші тарапынан шаралар қолдануды күтуге болмайтын басқа жағдайлар туындағанда, сақтаушы сақтау және сату бойынша өз шығындарын өтей отырып, затты немесе оның бір бөлігін сатуға құқылы.

Затты сақтаушы ретінде ұстау кезеңінде, ол затты пайдаланудан тартынуға міндетті. Сақтаушының затты пайдалану мүмкіндігі сақтау шартымен көзделуі мүмкін. Сақтаушыға затты пайдалану құқығын беру кейбір жағдайларда сақтау үшін төленетін ақшалай төлемнің орнын алмастыратын болады. Егер бұл оның сақталуын қамтамасыз етуге қажет болса, сақтаушы затты пайдалануға құқылы болады.

Сақтаушы өзіне сақтау үшін берілген мүлікке заттық құқықтарды иеленбейтін болғандықтан, сақталынған заттардан алынған нәтижелер мен кірістерді меншік иесі мен өзінің арасында бөлу туралы да мәселе туындамайды. Сақтаушы заттарды қайтарумен бірге сақтау уақытысында алынған нәтижелер мен кірістерді де беруге міндетті. Шартпен басқаша көзделуі де мүмкін, жемістер мен табыстар көптеген жағдайларда егер бұл жөнінде тараптардың келісімі болса сақтау үшін берілетін кәдімгі сыйақыны толықтай алмастырады және сақтаушының шығындарын өтей алады.

Сақтаушы жалпы ереже бойынша өз міндеттерін жеке өзі атқаруға міндетті. Егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе, ол затты жүк берушінің келісімінсіз үшінші тұлғаға беруге құқылы емес. Біздің оймызша, сақтаушы заң бойынша сақтау жөніндегі міндетті үшінші тұлғаға жүктей алатын жағдай арестке алынған мүлікті сақтау тәртібі мен жағдайлары туралы нұсқаумен көзделеді. Сот орындаушысы, мүлікті арестке алғанда оның меншік иесі болмағандықтан сот шешімі орындалған кезеңге дейін оның сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.

Сақтаушы жүк берушінің келісімінсіз затты сақтауға үшінші тұлғаға, егер бұл орайда жүк берушінің мүдделеріндегі қажеттілік туса және сақтаушы оның келісімін алу мүмкіндігінен айырылса, беруге құқылы. Сақтаушы жүктің үшінші тұлғаға берілгендігі туралы дереу жүк берушіні хабардар етуге міндетті.

Барлық жағдайларда сақтаушы затты сақтауға берген үшінші тұлғаның іс-әрекеті үшін жауап береді.

1. 5 Сақтау бойынша жауапкершілік

Тараптардың жауапкершілігінің жекелеген сәттерін белгілі бір мәселелер аясында жоғарыда қарастырып өткенбіз. Біз мұндай жолды әдіснамалық тұрғыдан дұрысырақ деп есептейміз, өйткені соның арқасында тараптардың міндеттері мен олардың құқықтық жағдайының басқа да ерекшеліктері жақсы сипатталады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тауар қоймасында сақтаудың түсінігі мен жалпы жағдайлары
Сақтау шартының жекелеген түрлеріне азаматтық-құқықтық сипаттама
Сақтау шартының нысаны мен мерзімі
Сақтау шарты туралы түсінік
Сақтаудын жекелеген түрлеріне сипаттама
Сақтау шартының түсінігі, түрлері және элементтері
Сақтау шарты. САҚТАУ ШАРТЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Сақтау шартының мерзімі
Сақтау шарты жайлы
Сақтау шарты реалды шарт
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz