Мал азықтары жайлы


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе . . . 3

1. Әдебиеттерге шолу . . . 5

Негізгі бөлім

2. Бұзауларға арналған азықтарға сипаттама

2. 1. Мал азықтарының топтастырылуы және олардың сипаттамалары . . . 9

2. 2. Ауыл шаруашылығы жануарларын нормаға сәйкес азықтандырудың негізгі принциптері . . . 15

2. 3. Бұзауды уыз еметін, сүт ембейтін және одан кейінгі кезеңдерде азықтандыру техникасы . . . 19

2. 4. Өнеркәсіптік комплекс жағдайындағы төлдерді өсіру мен азықтандыруды ұйымдастыру . . . 24

Қорытынды . . . 27

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 29

Кіріспе

Жануарлардың денсаулығын, өсіп-өну функциялары мен жоғары өнімділігін қамтамасыз етуші фактор ретінде азықтандырудың маңызы үлкен.

Малдың денсаулығын сақтауы, белгілі бір жұмысты атқаруы өсімдік және жануарлар тектес азықтардың құрамындағы қоректік заттардың жеткілікті мөлшерде болуына байланысты.

Мал негізгі қоректі өсімдіктен алады. Өсімдіктің қоректі заттары мал ағзасында қорытылмай, әр түрлі химиялық өзгерістерден өтіп, қолайлы, сіңімді күйге келіп, ағзаның қажетіне жұмсалады.

Малдан алынатын өнім сапасының ең маңызды факторы - азықтандыру. Азықтан мал денесіндегі борпылдақты (тканьды) қуатты (энергияны) тағы да басқа зат алмасуын құрап, реттейтін құрылымдық материалдар алады. Жақсы мал азығының қоры мал шаруашылығын дамытудың ең басты шарты болып табылады. Мал ағзасы өзінің тіршілігіне қажетті заттарды өзін қоршаған ортадан алады. Бұл өз кезегінде рацион құрамында қоректік заттардың шоғырлануын қажет етеді.

Ауыл шаруашылығы малын азықтандыру ілімі - адамдардың жабайы малдарды қолға үйрету кезінен бері дамыған.

Мал азықтандыру ілімі ХҮІІІ ғасырдың екінші жартысынан бері қарай ғылыми түрде дамуда. Жалпы көптеген физикалық, химиялық, биологиялық заңдылықтардың негізінде, органикалық химияның қарқынды дамуы нәтижесінде өсімдік құрамын талдау, азықтың нәрлілігін бағалау әдістері зерттелді. Әсіресе, бұл зерттеуді кең түрде өткізген Э. Вольф болды. Ол азық нәрлілігінің құрамы жөнінде кестені өңдеп тәртіпке келтірді (заттардың нәрлілігінің қорытылуының мазмұны бойынша) -дейді Придорогин М. И. өзінің «Скотоводство и скотоврачевание» оқулығында. Ресейде осы кестені бірінші жасап, өндеп 1899 жылы баспа беттеріне берген. Жалпы мал азықтандыру ілімінің дамуы ХІХ ғасырдың екінші жартысынан басталды. Ресейде малды азықтандыру ілімінің негізін қалаушы Чирвинский Н. П. (1848-1920) деп есептеуге болады.

Азықтандыру ілімінің дамуына үлкен үлес қосқан ғалым-зоотехник Придорогин М. И. (1862-1923), мал азықтандыру ілімін дамыту жөнінде көп еңбек сіңірген Богданов И. А. (1872-1931) болды. Бұл ғалым өзінің зерттеу жұмысын тамақтағы белоктан организмде майдың түзілуін түсіндіруден бастады. Богданов И. А. зерттеу әдістерін жетілдіруге көп көңіл бөлді. Ол пішеннің, көк азықтың және тағы басқа азықтардың нәрлілігін анықтаудың өзіндік түпнұсқа әдістерін зерттеді. Оның басшылығымен 1922-1923 жылдары кеңес (сулы) азық өлшемінің жобасы жасалды. Ол жоба 1933 жылы қабылданды.

Азықтандыру малдың тобын және тұқымын жетілдірудің сенімді құралы.

Азықтандыру малдың ішкі органдарының дамуына үлкен әсер етеді. Шаруашылықтарда малды дұрыс азықтандыру - малдың денсаулығын жақсартуды, қалыпты төл беруін, мал тобының толық сақталуын қамтамасыз етіп, жақсы дамуы үшін, өнім беруге қабілеттілігін арттырады.

Көптеген ғылыми деректер және алдыңғы қатарлы шаруашылықтардың көрсеткіштеріне қарасақ, мал өнімінің өндірістік технологияда дамуы, оның көбеюі, ірі қара тұқымының сапасына, мал азығының өзіндік құны мен азық сапасына көп байланысты болып тұр.

1. Әдебиеттерге шолу

Бұзауларды мақсатқа сай бағыттап өсірудің көптеген әдістерінің ішінде жануарларды өсіп жетілу кезендері бойынша азықтандырудың және тірілей массасының өсімін жоспарлауды реттеп отырудың ерекше зор маңызы бар. Өсіру жоспары дегеніміз кез келген жастағы төлдердің тірілей массасының өсімін керекті денгейге жеткізуге мүмкіндік беретін мақсатты шаралар. Оны жануардың тұқымын, биологиялық ерекшеліктерін жіне өнімділік бағытын ескере отырып жасайды. Асыл тұқымды төлдің өсуін жоспарлаудың екі жолы бар: төл марқайған сайын оның қосатын қосымша салмағын арттыру және кеміту.

В. Ф. Красота (7) бастаған ғалымдардың он жыл бойы (екі ұрпақ) бестужев тұқымының төлдерін мақсатқа сай бағыттап өсіруге жүргізген зерттеулерінің нәтижесі мынадай болған. Бестужев малы үшін 6 айға дейін тірілей салмағын жедел арттыру мақсатында тәуліктік өсімін 800-850г деңгейінде жоспарлау тиімді, 6 айдан 12 айға дейін оны 700-750 г деңгейінде сақтау керек, ал екінші жылында төлдің тәуліктік салмақ қосуы кемінде 500-600 г болуы тиіс. Бұлайша өсіру сүтті етті бестужев малының биологиялық ерекшеліктеріне сай келеді және олардың ақырғы тірілей массасы 550-600 кг болады. Бұл жағдайда сақа сиырлар жұмсалған азықты сүтпен жақсы өтейді және әрбір кг тірілей салмаққа есептегенде оны көп береді.

Белгілі бір мақсаттар үшін төл өсіруде мынадай екі өсу заңдылығын ескеру қажет: онтогенез барсында әр түрлі мүшелер мен ұлпалардың әркелкі дамитыны және жас организмнің белокты заттарды қарқынды синтездейтін қабілетінің болуы. Н. П. Чирвинский (6) жылы ақ бұзаулар организмінің жедел өсу қабілетін ұтымды пайдалану қажеттігін ұсынған болатын. Ол бұзауларды тұқымдық ерекшеліктері мен қандай мақсатта өсірілетінін ескерместен, қалай болса солай мол азықтандыра берудің тиімсіздігін атап көрсеткен.

Азықтандыру және күтіп бағу жағдайларының әсеріне тоқталар болсақ, өсіп келе жатқан жануарларды азықтандырудың деңгейі мен сипаты төлдерді мақсатқа сай бағыттап өсірудің негізгі факторларының бірі болып табылады. И. П. Чернопятов, Н. П. Чирвинский, П. Н. Кулешов (11) тиісті азықпен азықтандыру арқылы жас төлдің дене пішінін өзгертуге, оның жұмсаған азықты белгілі дәрежеде өтеуіне, жетілуі мен өнімділік деңгейі әр түрлі жануарларды қалыптастыруға әсер етуге болады деп атап көрсетті. Төлдерді азықтандырудың үш типін көрсетуге болады: ірі азықтар, мұндай рационда ірі және балауса азықтар басым; жем азықтар; құрама азықтар - брикеттер мен түйіршіктерді пайдаланатын көлемді жем, пішендеме жем.

Бордақылау аланыңың көпшілік иелері малды аукциондардан немесе тікелей фермерлерден сатып алады да, бордақылағаннан кейін сою пунктіне және ет комбинатына тапсырады. Алайда малды сатып алмайтын, тек бордақылауға қабылдап алатын бордақылау алаңының иелері де бар. Мұндайда мал иесі фермерлер болып қалады. Алаң иесі малды өзіндегі немесе сатып алған азықпен бордақылайды, ал бордақылау аяқталғаннан кейін фермерлерден бордақылаған кезінде аздаған ақы (мәселен, әр басқа күніне 5 центнер) және азықтың құнын алады. Мұның өзі алаң иелеріне тұрақты пайда береді, ал фермерлер тиісті қондылыққа дейін бордақыланған мал алады.

І. Бонд, В. Гаррст, А. Вебетер (6) және басқа да шетел ғалымдарының алаңдағы малды бордақылауға климат факторлары мен күтіп-бағу жағдайының әсерлерін зерттеулеріне қарағанда, қыс айларындағы төменгі температураның салмақ қосу деңгейін кемітуге елеулі әсер етпейтіндігі байқалды. Мұндағы шешуші факторлар - ылғалдық, жел, жаңбыр және лайсаң. Мәселен, лайсаң батпақта малдың тәулігіне салмақ қосуы 25-27% кемитіндігі және қашада жайғанда 1 кг салмақ қосуға жұмсалатын азық 20-33% артатындығы байқалды. Жаңбырлы күндері (тәулігіне 12 мм) етті малдың өнімділігі жел әсеріне қарағанда көп, лайсаң күндерге қарағанда аз кемитіндігі аңғарылды. Тәулігіне салмақ қосуы 15 % кеміп, азықты пайдалану тиімділігі 20 % артады. Сонымен қоса, бордақылау алаңы өкпек желдің ығына, елді мекендерден 8 км және тұрғын үйлерден 3, 5 км шалғай орналастырған жөн. Табаны топырақпен жабылған алаңды салғанда ыза суы ең кемі 3 м тереңдікте, ал мал қашасы -4-6 0 көлбеулікте болуы тиіс. Табаны топырақпен жабылған ашық алаңды пайдаланғанда және қи садырасы өздігінен ағызылғанда мұндай жағдайдың айрықша маңызы бар.

М. Ф. Томмэнің ( 11 ) деректеріне қарағанда мал бордақыланғанда күніне 1000 г қосымша салмақ қосқызу үшін әр кезенде (алғашқы 10-20 күн, негізгі 70-80 күн, ақырғы 30 күн) малдың салмағына қарай (300-500 кг аралығында) 7, 4-8, 7; 7, 4-9, 2; 8, 4-9, 7 азық өлшемі қажет болса, қорытылған протеин 605-740 г; 650-780 г: 690-825 г қажет болады.

Ғалымдар Г. П. Легошин және Л. С. Обуховтардың (21) ірі қараны зерттегенде белок алмасуының биохимиялық көрсеткіштеріне мән берген. Оған: жалпы белок, азот амины, иодтың белокпен байланысы, альбуминдер, глобулиндер, азот қалдығының белокпен қатынасы жатады. Осылардың 4-6 көрсеткіштерін ескеріп сұрыптағанда үлкен нәтижеген жеткен. Сонымен селекцияның болжау нәтижесі сүт өнімінен 3-4 рет есе жоғарылауына себеп болған. Әрине бұл тәсіл шығу тегі бойынша сұрыптаудан көбінесе дәлірек, әрі зор сенім туғызады.

Ірі қара малы тұқымының бөлінуі, қазіргі уақыттағы ірі қара малының тұқымының бірінен-бірінің айырмашылығы көп. Сондықтан ғалымдар оны бірнеше топқа бөлуде (зоологиялық, географиялық т. б. ), ал ауыл шаруашылықтарда қолайлы жағын қарастырып тұқымды әр түрге бөлуде.

Қазіргі асыл тұқымды ірі қара малын шаруашылық жағдайына қарап 3 топқа бөледі: сүтті-сүтті-етті немесе етті -сүтті және етті тұқымдар.

Академик М. Ф. Иванов: «Мал организміне оның тұқымы мен ата-тегінен гөрі азық және азықтандыру үлкен әсер етеді» -деп, айтқан екен. Биологиялық толық құнды азықтандыру дегеніміз - малдың жасын, тірілей салмағын, өнімдік дәрежесін және физиологиялық жағдайын ( сиырдың суалуы, буаздығы, мегежіннің буаздығы т. б. ) ескере отырып, организмнің қоректі заттарға мұқтаждығын толық қанағаттандыра азықтандыру.

Жас малдардың өсіп-дамуына азық мөлшері де азық түрлері де рациондағы азық үлесі де әсер етеді. Егер бұзау жас уақытынан бастап көлемді және шырынды азықтарға үйретілсе, олардың ас қорыту органдары да тез жетіледі, азықты тез қорытатын болады. Көлемді және шырынды азықтарды бұзаулардың көп жеуі олардың күніне сүтті 3-4 рет ішсе, онда басқа азықты аз жейтін болады. Ал күніне сүтті 1-2 рет ішетін болса, онда жас уақытынан көлемді және шырынды азықтарға үйренеді. Көптеген ғалымдардың (А. С. Емельянов, В. С. Храмов, А. П. Бегучев, И. А. Лебедев т. б. ) тәжірибесі бойынша аса сүтті ірі қаралар тайынша кезінде әр түрлі азықтармен азықтандыру арқасында жетіліп шығатындығын көрсетеді.

Профессор П. Н. Кулешов ірі қара малының конституциясын анықтағанда оның беретін өніміне, морфологиялық және функциялық ерекшеліктеріне қарады. Мысалы, сүтті ірі қаралардың ас қорыту органдары, өкпесі, жүрегі өте жетілген болса, сүйегі мен терісі жұқа болады. Сүтті ірі қара көлемді және шырынды азықтарды көп жеп қорытады да сүтке айналдырады. Ал, етті ірі қаралардың іші, ас қорыту органдары, өкпесі, жүрегі және сүт бездері шамалы жетілсе, дене еттері өте жақсы жетілген. Етті сиырдың терісі босаңқы болғанымен, тері астына май көбірек бітеді. Толық және дұрыс азықтандырған уақытта етті малдардың денелеріне ет пен май тез бітеді.

В. А. Эктовтың тәжірибесі бойынша ірі қаралардың бұзаулары туғаннан кейін 18 айлығында салмағы 16 есе өссе, қаңқасы 8, 7 есе, ал ткань еттері 18, 6 есе өскен. Бұзаулардың туған уақытында перифериялық қаңқасы ерекше дамыса, ал постэмбрионалдық кезеңінде тұлға қанқасы жақсы дамиды. Ет тканы малдың 12-14 айлығында жақсы дамиды, одан кейін оның өсіп, дамуы саябырсып, май тканы малдың жасы ұлғайғанда ғана дамиды. Жас малдар белокты жақсы қорытады, себебі оның құрамында нуклепротеиндер көп болады.

Ғылыми тәжірибелердің анықтауы бойынша, төл жас кезінде жеткіліксіз азықтандырылып, кейін мол азықтандырылса, онда оның кем салмағы толықтандырылады. Сүтті тұқымға жататын тайыншаларды өсіргенде алғашқы екі-үш айда олардың тәуліктік салмақ қосуы 400-500 г болғаны жөн, кейін тәуліктік салмағы қосылуы кем болса, толықтыруына мүмкіндік бар. Тәуліктік қосқан салмағы орташа болған тайыншалар кейін сүтті көп беруі мүмкін.

А. С. Гурьянованың тәжірибесі бойынша, мал жас уақытынан азықтың белгілі бір түріне үйретілген болса, азықтың осы түріне организмі бейімделгендіктен сүйсініп жейді, сондықтан өсу кезінде де осы азық түрімен азықтандыру тиімді нәтиже беретіні сөзсіз.

Ірі қара өнімінің қалыптасуына оның күтіміде көп әсер етеді. Оның ішінде зоогигиеналық шаралар: ауаның және қораның температурасы, қораның жарықтығы, ауаның ылғалдылығы және оның газ құрамы, әрі дер кезінде серуендеу - міне бұлар организмнің дұрыс жұмыс істеуіне, зат алмасуының дұрыс болуына әсер етеді, -деген А. Ә. Төреханов өз еңбегінде.

Е. Ф. Зубриянов, Е. И. Солдатова деректері бойынша, асыл тұқымды сиыр табындарында 1000 сиыр болса, онда олар жылына 100-150 тайынша-қашар дайындай алады. Мұндай әдіс мал кешендеріне сауын сиырлармен толықтырады. Ол үшін ауданда, облыста асыл тұқымды шаруашылық белгіленгені дұрыс, бұл шаруашылықтар жоспарлы түрде сүт кешендеріне қашар дайындайды. Мұндай шаруашылықтарда асыл тұқымды топ 60-65 және өндірістік топ 35-40 % болуы тиіс. Асыл тұқымды топқа жататын сиырларды таза тұқымды жоспарлы линиядан шыққан бұқалармен шағылыстырады, ал одан алынған қашарлар өз табынын толықтыру үшін қалдырылады. (2) .

Өсіп келе жатқан жануарларды азықтандырудың деңгейі мен сипаты төлдерді мақсатқа сай бағыттап өсірудің негізгі факторларының бірі болып табылады. И. П. Чернопятов, Н. П. Чирвинский, П. Н. Кулешов тиісті азықпен азықтандыру арқылы жас жануардың дене пішінін өзгертуге, оның жұмсаған азықты белгілі дәрежеде өтеуіне, жетілуі мен өнімділік деңгейі әр түрлі жануарларды қалыптастыруға әсер етуге болады деп атап қөрсетті. Жануарларды азықтандырудың үш типін көрсетуге болады: ірі азықтар, мұндай рационда ірі және балауса азықтар басым; жем азықтар; құрама азықтар -брикеттер мен түйіршіктерді пайдаланатын көлемді жем, пішендеме-жем. Жануарлардың ет өнімділігін арттыруға және етінің сапасын жақсартуға бағытталған азықтандыру өсіру мен бордақылаудың барлық кезеңдерінде олардың жақсы жетілуін қамтамасыз етуі тиіс. (4) .

П. Д. Пшеничныйдың мағлұматтары бойынша қоректік құндылығы жақсы ет беретін динамикалық және динамостатикалық қаңқа бұлшық еттері ірі қараның алғашқы 6 айында барынша жедел өседі. Өсудің кеш қалуын кейін жақсы азықтандыру арқылы жоюға болады, бірақ бұл басқа бұлшық еттердің, әсіресе май, дәнекер ұлпаларының, сүйектер мен шеміршектердің өсуіне себепші болады. Ет майлы болғанымен, дәмі мен белоктық құндылығы нашар болуы мүмкін. (2) .

Негізгі бөлім

2. Бұзауларға арналған азықтарға сипаттама

2. 1. Мал азықтарының топтастырылуы және олардың сипаттамалары

Теңестірілген жемшөп қоры, малды толыққұнды азықтандыру ісін ұйымдастыру, олардың сапалы азықпен қамтамасыз етілуі мал шаруашылығын өркендетуге шешуші рөл атқарады. Шаруашылықтарда өндірілген жемшөптер мен өнеркәсіп шығаратын азықтардың қолданылу орны, құрамы мен жұғымдылығын, физикалық және технологиялық қасиеттері жағынан бір-бірінен айтарлықтай айырмашылықтары бар.

Жемшөп қорын жоспарлауға және оларды ұтымды пайдалануға ыңғайлы болу үшін, олардың негізгі көрсеткіштері (бастапқы шикізаты, дайындау технологиясы, қоректік және азықтық қасиеттері, ағзаға тигізетін физиологиялық әсері) бойынша бір-біріне жақындарын топтарға біріктіреді. Іс жүзіндегі мақсаттар үшін оларды: көк азықтар, табиғи және жасанды жолмен кептірілген ірі азықтар, шынды азықтар, дәндер, тұқымдар және оларды өндеуден алынған өнімдер, өнеркәсіптің жанама өнімдері мен тағам қалдықтары, малдан және микробтардан алынған азықтар, құрама жемдер, БВК, ТСА (табиғи сүтті алмастырушы), белоксыз азотты қосылыстар, минералды және витаминді қоспалар деп бөлген мейлінше ыңғайлырақ.

Көк азықтар . Бұл топқа табиғи және екае шалғындық-жайылым шөптері, астықтұқымдас және бұршақтұқымдас екае дақылдар, тамыртүйнек жемістілер мен бақша дақылдарының пәлектері мен жапырақтары, жасанды ортада арнайы минералдық тұздар ерітіндісін сіңіріп дайындаған азықтар кіреді. Көк азықтардың өсу кезеңіне байланысты азық қоректілігі де өзгереді. Орташа есеппен қоректілігі 0, 5-0, 7 азық өлшеміне тең. Азық өлшемі көк азықтардың құрамына да байланысты.

Көк азықтардың ерекше айырмашылығы - ылғалдылығының жоғарылығы (70-83%) . Олардың құрғақ заты протеиннің, минералды заттардың және витаминдердің өте көптігімен ерекшеленеді. Оңың құрамында 13-25% - шикі протеин, 4-5%-шикі май, 15-18%-талшық, 45%-ға дейін АШЗ және 8-11% шикі күл бар.

Құрамындағы қуат (1, 0-1, 2 МДж алмасатын қуат) пен қорытылатын протеинің (1 кг-да 120-20 г) мөлшері жағынан көк азықтар, өсімдіктен дайындалған құнарлы азықтарға шамалас, бірақ протеиннің биологиялық құндылығы мен витаминдердің мөлшері жағынан олардан артық. Өсімдіктердің қаулап өсу кезеңінде олардың қоректік құндылығы өзгереді: құрамындағы протеин мен каротин азайып, талшықтар көбейеді, соның салдарынан қорытылу деңгейі мен қуаттық құндылығы төмендейді.

Көк азықтардың қоректік құндылығы шөптердің ботаникалық құрамына, олардың өсу жағдайлары мен жерлеріне, өсіру агротехникасына, жайылымдарға мал жаюдың қайталану уақытына байланысты болады.

Табиғи және жасанды жолмен кептірілген ірі азықтар . Мұндай азықтар табиғи және екпе шөптер, пішен. Пішен ұны, шөп ұны, жасанды жолмен кептіріліп туралған шөптер, пішендеме, сабандардың барлық түрлері, топан, кебек, бұтақ азық, қылқан-жапырақ ұны жатады. Азықтардың бұл тобын сипаттайтын негізгі көрсеткіш - оның құрамында талшықтың көптігі. Мәселен, пішендегі талшық мөлшері 18-32%, сабанда -42%, топанда -25-35%, шөп ұны мен туралған шөпте -13-16%.

Бұл азықтар тобында ылғалдылығы 22%, ал пайда және азық өлшемі 0, 4-0, 65 кг.

Бұл топтағы азық түрлерінің жұғымдылығы олардың құрамындағы талшық мөлшеріне де, өсімдіктердің ботаникалық құрамында да, шөптерді ору кезеңіне де, азықты дайындау технологиясына да байланысты. Әртүрлі пішендердің 1 кг-да5, 5-8, 0 МДж АҚ, және 30-80 г қорытылатын протеин, пішендемеде тиісінше: 3, 5-5, 0 және 45-105 г; сабанда 3, 7-6, 9 және 5-35 г, шөп ұнындап 7, 3-8, 6 және 80-150 г.

Ірі азықтар - көмірсулардың, протеиннің, витаминдер мен минералды заттардың жақсы көзі. Күйіс малы үшін бұл азықтар мерзімдік азық үлестерін толықтырушы қызметін атқарады, азықтық аралас шөптердің белгілі бір көлемі мен құрылымын жасайды, қарындағы азықтың қорытылуына оң әсерін тигізеді.

Шырынды азықтар. Сүрлем, тамыржемістілер, түйнекжемістілер, бапқшалық және жапырақты дақылдардың шырынды жемістері, көкөністер сияқты сұлы азықтар өздерінің құрамындағы судың көптігімен (90%-ға дейін) ерекшеленеді, жеңіл сіңірілетін көмірсулардың жақсы көздері (сүрлемнен басқалары) болып табылады, сүт шығару қасиеті бар, қарындағы азықтың қорытылуына оң әсерін тигізеді, мерзімдік азық үлесіндегі қоректік заттардың тиімділігін арттырады. Қоректілігі 0, 10-0, 3 азық өлшеміне тең.

Бұл азықтарда ылғал көп болғандықтан, қуаттық, жұғымдылығы жоғары емес. Олардағы алмасатын қуат 1, 2-3, 5 МДж-дан аспайды, протеин мен талшық та аз. Алайда, жеңіл қорытылатын және сүт шығаратын азықтар ретінде, олар (әсіресе, тамыржемістілер) -төлдер мен сүтті сиырлардың мерзімдік азық үлестері үшін бағалы жемістер.

Дәндер, тұқымдар және оларды өңдеуден алынған өнімдер - ең алдымен, қуат пен протеин көздері болып табылады. Қоректілігі 1, 0-1, 34 азық өлшеміндей болады. Бұл азықтардың 1 кг-да 7. 8-13, 0 МДж АҚ, және 80-100 г-ға дейін қорытылатын протеин болады. Құрамындағы негізгі қоректік заттардың мөлшерлеріне қарай, дәнді азықтарды көмірсуларға бай (астықтұқымдастардың дәндері мен тұқымдары), протеинге бай (бұршақтұқымдастардың дәндері мен тұқыцмдары) және майға бай (майлы өсімдіктер тұқымдары) азықтар деп бөледі. Азықтардың бұл тобына дәндер мен тұқымдарды өндеу арқылы өндірілген өнімдер, ұн тарту өндірісінің қалдықтары, астық қалдықтары, жарма, тұқымдар жатады.

Астық тұқымдастар дәндері- азықтық, құнарлы қоспалар дайындау үшін қажетті негізгі құрамдық заттардың бірі. Оларда орта есеппен алғанда 120 г шикі протеин бар болса, оның ішінде 75%-дайы қорытылатын протеин.

Астықтұқымдастар дәні протеиннің биологиялық құндылығы төмен болады. Лизин шикізаттың осы түріне жататын барлық азықтардағы аминқышқылдары мөлшерлерін шектеп тұрушы болып табылады. Сондықтан да, дәннің бір түрін екінші түрімен алмастыру жолымен азық қоспасы немесе құрама жем протеинінің сапасын айтарлықтай арттыру мүмкін емес.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мал азықтарының жіктелуі
Шаруаларды жемшөппен қамту технологиясы
Ғұндар империясы
Қойларды азықтандырудағы протеин мөлшері
Мал азықтық бақша дақылдары
Төлдерді өсіру әдістері жайлы
Мал басына жазғы жайылым кезінде жем-шөп көлемін жоспарлау әдістері
Мал азықтық өсімдіктердің химиялық құрамы
Буаз саулықты азықтандыру ерекшеліктері
Мал шаруашылығы және ірі қара шаруашылығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz