Табиғи су көздерін санитарлық –гигиеналық тұрғыдан бағалау


Жоспар
Кіріспе . . 4
І. Әдебиетке шолу . . . 6
ІІ. Негізгі бөлім . 10
2. 1 Табиғи су көздерін санитарлық -гигиеналық тұрғыдан бағалау …… . . . 10
2. 2 Судың өздігінен тазалануы 12
2. 2. 1 Су көздерін санитарлық тұрғыдан қорғау . . 14
2. 2. 2 Сарқынды лас сулардың су қоймаларға әсері және оларды жіберудің санитарлық тәртіптері . . . 17
2. 3 Суға қойылатын ветиринарлық-гигиеналық талаптар . . . 21
2. 4 Судың химиялық құрамы . . 24
2. 5 Су сапасын арттыру әдістері 26
2. 6 Мал суару тәртіптері . 30
ІІІ. Қорытынды . 33
IV. . . . 34
Кіріспе
Су кешенді табиғи байлық болып табылады және дүниежүзілік мұхит (94℅), жер асты суы (4℅), мұз бен қар (2℅), өзен, көл және батпақ суларынан тұрады. Барлық су қорының (1, 5 млрд км 3 ) тек 2 пайызы ғана тұщы су үлесіне тиеді.
Су дегеніміз негізгі биологиялық сұйық. Су организмге үш сұйық күйде (фазада) кездеседі: клетка ішінде, клетка сыртында және трансцеллюларлық. Оның ең көп мөлшері клетка ішінде жиналады (40-50 пайызы) . Клетка сыртындағы суға қан плазмасы, клетка аралық сұйық және лимфа жатады. Трансцеллюларлық сұйық (ішек-қарын жолындағы, перикардтағы, плеврадағы, құрсақ қуысындағы, көз ішіндегі, буын қалтасындағы) тамырлардан кілегей қабат арқылы бөлінген.
Адам өмірі үшін, жануарлар мен өсімдіктердің тіршілігі үшін су аса қажет. Сонымен қатар су сыртқы орта факторлары есебінде жануарлар денсаулығына едәуір әсер етеді. Сондықтан мал организмі үшін судың алатын орны ерекше. Ол ерекшелік организмінің құрамының үштен екі бөлігінің судың үлесіне тиюімен қатар оның құрамында зиянды заттар мен қауіпті микробтардың болуымен оның малды өсірудегі санитарлық орны жан-жақты көрсетілген.
Тірі және өлі табиғатта жүретін түрлі процестер мен құбылыстардың адам тіршілігіне жұмсалатын заттардың ішінде судың маңызы зор. Мұздарды, батпақтарды қосып есептегенде, жер бетінің 77, 5% - ын су алып жатыр. Су қорларына - мұхиттар, теңіз, өзен, көл, жер асты сулары, мұздықтар, атмосферадағы ылғал кіреді. Су адамдар мен жануарлардың организміне еніп, онда болатын зат және энергия айналымына тікелей қатысады. Көптеген процестер тек сулы ортада ғана жүре алады. Белок суда пайда болған және осы ортада дами алады, ал белок тірі клетканың негізі болып табылады. Жер бетіндегі биологиялық өнімдердің 43% - ын, ал оттегінің 50% - дан көбін мұхиттар мен теңіздер береді.
Су қоры - халық байлығы, өкінішке орай жер бетіндегі тұщы судың қоры өте аз. өзендер мен көлдердегі тұщы сулардың қоры, гидросфера ресурсының бір пайызына да жетпейді екен. Құрлық бетінің әр түрлі жерлеріндегі тұщы сулардың қорлары әр түрлі. Мысалы, Аляскада 1 адамға 2 миллион м3, Жаңа Зеландияда 100 мың м3, бұрыңғы Кеңестер Одағында 18, 3 мың м3, ал Қазақстан Республикасы тұщы су қоры тапшы мемлекеттер қатарына жатады. Қазақстанда 1987 жылы халық шаруашылығына жұмсалған судың жалпы мөлшері 38 км3-ге жетті.
Планетамыздағы адамзаттың тұщы суды пайдалануы жыл сайын өсіп келеді. Ал, мұхиттардың, теңіздердің тұзды сулары шаруашылықта мардымсыз болса да қолданылып жүр. Біздің республикамызда су тұщытқыш станциясы Ақтау қаласында ғана бар. Егер ерте кезде, бір адам басына шаққанда, тәулігіне 12-18 литр су пайдаланса, XX ғасырда мәдениеті дамыған елдерде оның шамасы орта есеппен 200-400 литрге жетіп отыр.
Су ресурстарының “мұхит-атмосфера-жер-мұхит” системасындағы айналым процестерінде тамаша бір қасиеті - өздігінен қайта қалпына келу қабілеті. Сондықтан табиғатты қорғаудың аса маңызды міндеттерінің бірі табиғи сулардың осы қасиетін сақтап қалуға барынша мүмкіндік жасау.
Судың өздігінен тазару процесіне әсер ететін физикалық факторлардың ішінде ластаушы заттардың сұйылуы, еруі және араласуы негізгі рөл атқарады.
Қазіргі кезде адамзат қоғамында 1 жылда тұщы судың 3000 км3 шамасындайы жұмсалады. Суды ең көп пайдаланатын ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығында пайдаланылған судың төрттен үш бөлігі қайтарылмайды. Мысалы, 1 тонна бидай өсіру үшін барлық вегетациялық кезеңде 7000 тонна, мақтаға 1 тонна су жұмсалады.
Ауыл шаруашылығында қолданылатын улы химикаттар топырақтан шайылып, суға түседі. Мал шаруашылығында түзілген өлі органикалық заттар (көң, шірінді, мочевина) топырақтан суға түсіп, су жүйелеріне едәуір әсер етеді. Органикалық заттары көп мұндай суларда көк-жасыл, қоңыр балдырлар және жоғары сатыдағы өсімдіктер тез көбейіп, өледі, нәтижесінде судағы органикалық заттардың массасы артады, сондықтан суда оттектің жетіспеушілігі туындайды.
Су - зат алмасу мен ағзалар дамуына қатысатын негізгі орта. Адамзат өмірі мен мәдениеттің дамуы көне замандардан бері сумен тығыз байланысты. Ол қазір өнеркәсіпте, энергетикада, ауыл шаруашылығы мен балық шаруашылығында, медицинада және т. б. толып жатқан салаларда кеңінен механика және басқа да ғылыми салаларының зерттеу объектісі.
Судың маңызы әсіресе жер бетіндегі органикалық өмірдің дамуымен сақталуы үшін өте зор. Биологоиялық өмірде су зат алмасу мен ағзалардың дамуын қамтамасыз ететін бірден бір негізгі орта болып табылады.
Атмосферадағы су жазда жерді құрғап қалудан сақтаса, қыста аса суып мұздыққа айналып кетуден қорғайды, яғни ғаламшардың біркелкі климаттың жағдайына қамтамасыз етеді.
І. Әдебиетке шолу
ТаңтаровА. Б., А. Атабайұлының(2005ж) айтуынша ашық су көздерінің өздігінен тазаруы түрлі қатынастарда бір мезгілде әсер ететін әр түрлі факторлардың көмегімен өтеді. Бұл факторларға гидрологиялық (судың негізгі массасымен бірге түсетін ластардың қосылуы мен араласуы), механикалық (қалқып жүретін бөлшектердің), физикалық (күн радиациясы мен температурасының әсері), биологиялық (су өсімдік организмдерінің лас ағынның бөліктерімен өзара өатынасы), химиялық (органикалық заттардың минералды заттарға айналуы) факторларын жатқызуға болады.
Ағынды лас сулар ашық су қоймасына келіп құйылады да сол су көзімен араласып ластығы азаяды. Қалқымалы минералды және органикалық бөлшектердің біразы шөгіп, су тұнады.
Өздігінен тазару процесі барысында сапрофиттер де, патогенді микроорганизмдер де қырылады. Олар судың 1 метрден әрі тереңдігіне дейін өтетін күннің ультракүлгін сәулесінің бактерицидтік әсерінен, судың қоректік заттармен қосылуының, сапрофиттер бөлетін бактериофагтар мен антагонистік әсерінен, қолайсыз температура жағдайының, тағы да басқа факторларының нәтижесінде өледі. Судың өздігінен тазару процесі жылдың жылы мезгілінде және ағынды су көздерінде, әсіресе өзендерде қарқынды жүреді.
А. Ф. Кузнецовтың (2003) зерттеуінше, малды суару, азықтандыру және қолайлы жағдай туғызумен қатар, олар әрқашанда күтуді қажет етеді, осы күтудің арқасында мал организмі өзіне қажетті табиғи тітіркендіргіш қабылдайды. Мұндай тітіркендіргіштер организмнің физиологиялық қызметіне, зат алмасу процесіне, организмнің функционалдық қызметінің өсуі мен қалыптасуын арттыруға, сондай-ақ денсаулығы мен өнімділігінің өсуіне өз ықпалын тигізеді.
Мал терісі, оның рецепторлық аппараты, бұлшық ет, жүйке жүйесін шынықтыру нәтижесінде түгел организмге және жекелей органға тура және жанама әсерін тигізеді. Мұндай жағдай гемостазды сақтап қана қоймай әрбір органдардың және жүйелердің функциональдық қабілетін арттыруға ықпалын тигізеді, түгел организмнің де жағдайын жақсартады және өнімділік қабілетін көтереді.
Б. Л. Белкин, А. А. Шуканов және тағы басқа ғалымдардың (2001) жазуы бойынша, тері - организмді сыртқы әсерлер мен химиялық және инфекциялық агенттердің өтіп кетуінен қорғайтын сыртқы жапқыш. Көптеген микробтар бүтін тері арқылы өте алмайды, бактериялар тек тер және май бездерінің өзектері арқылы ене алады.
Жануарлардың денесі терімен немесе тері жамылғысымен жабылған. Тері организмді сыртқы ортадан бөліп тұратын бөгет іспетті. Тері арқылы сыртқы ортамен байланыс жүзеге асырылады.
В. И. Гершун, Р. К. Туякова (2005) мәліметтерінше, Мал шаруашылықтары пайдаланатын табиғи су көздері мамандар тарапынан үнемі санитарлық бақылауда болуы қажет.
Санитарлық бақылауға алудың негізгі мал фермаларын сумен қамтамасыз ететін барлық су көздерін есепке алу мен паспорттаудан тұрады. Су көздеріндегі судың сапасы мен мөлшеріне сипаттама беру үшін санитарлық паспорт пайдаланылады. Бұл құжатта су көзінің санитарлық жағдайы, тексеру нәтижелері, судың химиялық құрамы мен бактериологиялық кқрсеткіштері, мал арасында, әсіресе суға байланысты шығатын аурулардың барлық шығу жағдайлары жайлы мәліметтер көрсетіледі.
Санитарлық паспорт су көзінің басында жүргізілген санитарлық зерттеулердің негізінде толықтырылып, эпизоотологиялық, топографиялық және техникалық жағдайлары анықталады.
Су қоймаларын санитарлық-топографиялық тұрғыдан зерттеу су көзінің тегі мен типін, көлемі мен тереңдігін, топырақ пен жер қыртысының терең топырақ асты қабатының сипатын, жер, су көзі айналасының топографиясын белгілеуге мүмкіндік береді. Топырақ пен судың көзін ластайтын мүмкіндіктердің бар -жоқтығын анықтайды. Су жиналатын орындар мен жабдықтар қаралады.
Ф. А. Соловьевтың (1969) дерек көздеріне сүйенсек, Лас суды механикалық тазалау-бұл сүзгі және арнайы құм ұстағыш арқылы, сондай-ақ әртүрлі тұндырушылар арқылы іске асырылады. Суда өте үлкен қалқып жүрген заттар арнайы сүзгіде ұсталып қалады. Қүм ұстағыш -бұл аса үлкен емес горизонтальды тұндырғыш, мұндағы су үлкен жылдамдықпен (30-60 м/сек) ағады. Осы кезде құм ұстағыштың түбіне тек ауыр минералды бөлшектер тұнып үлгереді, мысалы: құм, уақ тас және т. б. Ал, органикалық жеңіл бөлшектер лас судың өте жай аққан кезінде тұндырғышқа шөгеді.
Тұндырғыштардың екі түрін қолданады: біріншісі таза жаңа шөгінді, ал екіншісі шіріген шөгіндіні тұндыру. Үлкен тазалау станциясында лас судың жаңа шөгіндісін арнайы қондырғы -метантенкте залалсыздандырады. Ал кіші және орташа станцияларда тұндырғыштың екінші түрін жиі қолданады. Бұған септиктенк және екі ярусты тұндырғыш жатады. Ал септиктенк жергілікті каналдық жүйедегі тұндырғыштың өте тиімді түріне жатады. Мұның көлемін арнайы лас судың ағуы өте жай ағу үшін жасайды және 24-28 сағатта ағып өту керек. Осы кезде септиктенктің түбіне өте уақ және жеңіл органикалық заттардың бөлшектері және гельминт жұмыртқалары шөгіп қалады.
В. Ф. Костюнинаның (1971) еңбектері бойынша, Суда кездесетін тұздың жиынтығының құрамы мал организміне әсері әртүрлі. Мал ішетін судың органолептикалық белгілері бойынша минералдануының шегі 1 литріне 1 грамм болған кезде анықталады және тұщы суда бұл көрсеткіш бұдан жоғары болмауы керек. Құрамында тұзы көп судың дәмі кермек немесе ащы келеді. Тұщы судың құрғақ қалдықтарының негізгі бөлігі хлоридтер мен сульфаттар. Олардың дәмі кермек және ащы екендігін сезіну шегінің деңгейі мына төмендегідей: хлоридтер 1литрде 350 мг, ал сульфаттар 500мг/л дейін. Аса минералды су ас қазанның секреторлық қызметіне әсер етіп, су-тұз тепе-теңдігін бұзатындықтан организмде көптеген зат алмасу және биохимиялық процестер бұзылады.
Судың минералды болу -болмауын әуелі түйе, содан кейін қой, ешкі онша елемейді. Тағы бір айта кететін жайт судың минералды құрамының өзгеруін сақа, қысыр малға қарағанда жас мал мен буаз мал қатты сезеді.
В. А. Аликаевтың (1970) оқулығында жануарларды жуудың артықшылықтары келтірілген:
Егер судың температурасынан төмен немесе оған тең болса, терінің температурасының төмендеуімен және қантамырларының тарылуымен сипатталатын жергілікті салқындау болуы мүмкін. Ылғалды тері ылғалды жай буландырып, құрғақ теріге қарағанда жылуды шамамен 4 есе көбірек жоғалтады. Жуылған теріні тезірек құрғатады. Жануарларды щетка - душпен 30 0 С сумен жуады. Қолмен жуу көп еңбекті қажет ететін процесс. Сондықтан механикаландырылған жууды пайдаланады. 5-10 минуттың ішінде төрт сиырды жуа алатын машина жасалынған. ЛСД-1, ЛСД-2 және ДУК дезқұрылғыларды қолданады.
А. Г. Онеговтың (1984) оқулықтарына көз жүгіртсек, Ағынды лас сулармен су қоймасына әртүрлі микроорганизмдер: ішек микроорганизмдері, індетті ауру қоздырғыштары және гельминт - құрт жұмыртқалары да бірге ағып қосылады.
Су қоймаларына өнеркәсіптің ағынды сулары әртүрлі әсер етеді. Олардың кейбіреулері (ет комбинаттарының ағынды сулары, жүн жуған, тері, утильдеу, шарап-темекі өндірісі, қант және басқа зауыттар) құрамы жануар және өсімдік тектес органикалық заттармен ластанса олар өндіріс суларына қарағанда ерітілген көміртегіні көп пайдаланады. Сонымен бірге бқл су құрамында нашар еритін заттар бар және патогенді микробтар мен гельминт құрттары болады, олар су түбінде шөгінді түзеді. Кейде металл өңдейтін, химиялық және текстиль өнеркәсібінің ағынды суларымен бірге жануарлар мен балықтарға қауіпті, улы заттар түседі. Олардың көбісі ерімейді, жойылмайды, сондықтан оларды зарарсыздандыру еш қауіпсіз концентрацияға дейінгі деңгейде сұйылту нәтижесінде жүреді.
Әртүрлі қнеркәсіп мекемелерінің ағынды суларының әсерінен таза су қоймасы сілті және қышқылға қалыпты реакция өзгереді, әртүрлі дәм мен иіске ие болады. Су қоймасының ішінде май, мұнай қалдықтары болуы нәтижесінде су бетінде ауа өтуіне кедергі келтіріп, бұл суды басқа мақсатта пайдалануға еш мүмкіндік жоқ.
И. Ф. Храбустовскийдің ( 1984) жазғанына тоқтала кететін болсақ, Суға малды қатты уландыратын, тіпті өлім-жітімге ұшырататын басқа да улы заттар (пестицидтер, инсектицидтер, дезинфектанттар және т. б) түседі.
Мал суғаруға және мал шаруашылығы қажетіне пайдаланатын су сапасын стандарттау қазіргі кездегі ветеринариялық сақтандыру шараларының ең маңыздысының бірі.
Мал суаратын су құрамы мен сапасы жөнінен МЕМСТ 2874-82 «Ауыз су сапсына қойылатын гигиеналық талаптар мен бақылау» талаптарына сай келуі тиіс бүкіл су құбыры жүйесінде сақталуы қажет және олардың сумен қамтамасыз ету көзінің түріне немесе суды өңдеу жүйесіне қатысты болмауы керек.
Судың химиялық құрамының зиянсыз көрсеткіштеріне табиғи суда кездесетін, суды өңдеу үстінде реагент ретінде қосатын, су көздерін өнеркәсіпте, ауылшаруашылығында ластануы салдарынан болатын заттар енгізіледі.
Ж. Б. Мырзабековтың (2005ж) еңбегінде, Жер беті суларының сапасына келетін болсақ, барлық ірі су ағымдарының сапалы ішетін суға қойылатын стандартқа сәйкес емес. Ертіс, Іле, Орал, Сырдария сияқты ірі өзендер трансшекаралық болғандықтан қатты ластанған. Сондықтан олардың алдын ала өңдеусіз ішуге немесе шаруашылыққа пайдалануға жарамайды. Нұра өзені түпкі қабатында, суында және шайындыларда сынап мөлшерінің деңгейі жағынан республикада ең ласы болып есептеледі. Ертіс өзенінде мыс (2 ШЖК дейін) пен мырыш (25 ШЖК дейін) мөлшері осы уақытқа дейін жоғары. Балқаш суында, Іле өзенінде мыстың, мырыштың және никельдің мөлшері жылдан жылға көбеюде. (2-8 ШЖК арасында) .
В. И. Гершунның (1994) келтірген еңбектерінде қойларды екі мәрте суарады: өріске шығар алдында және одан кешкісін оралғанда. Қойлардың өрісте жайылу мерзімі жазда 12-14 сағат, ал күзде 8-9 сағат. Қойды жаю үшін күн шығар алдында бастап, сағат 10-10 ге дейін, сағат 11-ден 17-ге дейін мал күндіз демалады, сағат 17-ден 18-ге дейін суарып, 18-ден 22-ге дейін кешкі жаю өтеді. Күз бен көктемде қойларды өріске кешірек шығарып, қораға ертерек оралтады. Күн көзінің ұзақтығына қарай ауа да, өріс оты да тиісінше жылынады. Жазғы аптаған ыстықта мал нашар жайылады. Сондықтан сағат 10-11-ден 16-17-ге дейін бастырма астында немесе көгеріс қалқасында тынығуы тиіс. Жайылымдық жағдайында ветеринариялық байқаудан немесе өңдеуден өткізу үшін отардан жекелеген немесе бір тобын бөліп алуға тура келеді.
Ол үшін бөлгіштер пайдаланылады. Екі қалқан қойлар үшін кірме загонға айналып, олар ұзындығы 6-7 м және кеңдігі 0, 4 м коридормен өтіп, қайта загонға кіреді. Оған қойлар қайта серіппелі есікпен барады. Таулы жағдайда қойларды сатылы әдіспен жаяды. Мал көктемнен көк шөптің шығымына қарай жазық даладан тау басындағы жайылымдыққа біртіндеп өрлеп отырады. Күзге қарай қыстау үшін жазыққа баяу қайта түсе бастайды.
ІІ. Негізгі бөлім
2. 1 Табиғи су көздерін санитарлық -гигиеналық тұрғыдан бағалау
Организмдегі су құрамы олардың түріне, жасына, жынысына және ұлпаның типіне байланысты болады. Мысалы, жылқы организміндегі су оның дене массасының 55 пайызын, сиырда 60 пайыз, үй қоянында 72 пайыз, балықта 80 пайызды құрайды. Жас жануарларда, әсіресе, жаңадан туған төл организмінде су сақа жануарлармен салыстырғанда едәуір көп болады. Жаңа туған бұзау денесінің 72 пайызын, 1, 5 жастағы тайыншаның 61 пайызын, сақа бұқада 52 пайызын су құрайды. Семіз мал денесіндегі су мөлшері арық малға қарағанда айтарлықтай аз. Өйткені, май ұлпасы суға мейлінше кедей келеді. Мәселен, арық қой денесіндегі су 60 пайыз, семіз қойда 46 пайыз құрайды. Ал, кейбір жануарлардың (түйелер) ерекшелігі су жетіспеген жағдайда жиналған ішкі майлардан (өркеш майы) метаболикалық су түзіп, организмдегі су балансы теңестіріледі. Ал жануарлардың эмбриондарында су мөлшері олардың массасының 97 пайызын құрайды.
Шығу тегіне қарай су атмосфералық, жер беті және жер асты суы деп бөлінеді.
Атмосфералық су жер бетіне жауын, бұршақ, қар, шық және тұман күйінде түседі. Олар құрамындағы газдардың (азот, оттегі, көміртегінің қос тотығы) жоғарылығымен ерекшеленеді. Бұл сулар құрамында көмір қышқылы болғандықтан қышқыл реакциялы болады. Сондықтан да дәмі ұнамсыз келеді. Мұндай сулар ішуге, көбінесе жарай бермейді.
Жер бетіндегі сулар жер бедерінің (шалшық, тоған, өзен, көл, теңіз) ойпаңдау тұсына барып орын тепкен атмосфералық су мен жер беті суының кейбір бөлігі. Бұл суды да сол қалпында іше беруге жарамайды, алдын ала өңделіп барып пайдаланылады.
Қазақстан территориясында жер беті суының мол қоры орналасқан және оның негізгісі өзен мен көлдер болып табылады. Гидрологиялық 7557 өзен бар деп есептеледі. Өзендер Республика территориясында біркелкі орналаспаған. Олардың 50 пайыздан артығы таулы және тау етек аудандарында орналасқан.
Республикада үш үлкен су көздері (Балқаш көлі, Арал және Каспий теңіздері), екі көл (Алакөл мен Теңіз) және 38 мыңнан астам кіші көлдер орналасқан. Алайда, жер беті суларының ресурсының (100, 5 км 3 жылына) біркелкі орналаспауы оларды тиімді пайдалануға кедергі болып отыр.
Жер беті суларының сапасына келетін болсақ, барлық ірі су ағымдарының сапалы ішетін суға қойылатын стандартқа сәйкес емес. Ертіс, Іле, Орал, Сырдария сияқты ірі өзендер трансшекаралық болғандықтан қатты ластанған. Сондықтан олардың алдын ала өңдеусіз ішуге немесе шаруашылыққа пайдалануға жарамайды. Мысалы, Орал өзені фенолмен жоғары деңгейде ластанған (3ШЖК дейін) . Іле өзенінің экологиялық ауыр жағдайы оның суының бормен (21, 8 ШЖК дейін) және алты валенттілік хроммен (14 ШЖК дейін) шектен тыс ластануынан туып отыр. Нұра өзені түпкі қабатында, суында және шайындыларда сынап мөлшерінің деңгейі жағынан республикада ең ласы болып есептеледі. Ертіс өзенінде мыс (2 ШЖК дейін) пен мырыш (25 ШЖК дейін) мөлшері осы уақытқа дейін жоғары. Балқаш суында, Іле өзенінде мыстың, мырыштың және никельдің мөлшері жылдан жылға көбеюде. (2-8 ШЖК арасында) .
Үлкен су көздерімен кішігірім өзендердің ластануы негізінде канализациялық тазалау қондырғыларының шамадан тыс пайдалануы мен олардың тиімсіз жұмысы, аракідік лас сулардың жіберілуі, суды қорғау зоналарының қанағаттықсыз жағдайымен байланысты. Сондықтан ең бастысы жер беті суларын қоқымданудан, ластанудан және сарқылудан қорғау.
Қазақстан үшін, әсіресе, Аралдың тартылуы орасан зор дүниежүзілік әсері бар апат болып отыр. Теңіз суының тартылуы үлкен алқапты шөлейттенуге, аймақтың климатының өзгеруіне және адам мен мал денсаулығына үлкен зиян келтіруде. Қазіргі кезде Аралды (Кіші Арал) сақтау, соған байланысты экологиялық апаттың зардабын азайту мақсатында үкіметіміз қыруар жұмыс істеуде.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz