Боталарды өсіру кезінде қойылатын ветеринарлық талаптар



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
I. Әдебиетке шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
II. Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
2.1 Боталарды күту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
2.2 Ботаны ауыздандыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
2.3 Ботаның жатырда өсуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
2.4 Інгендерді боталау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
2.5 Төлді атау және ен салу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
2.6 Жас ботаның ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
2.7 Ботаның азықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
2.8 Бота шаруашылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
2.8 Бота атаулары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 18
III. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
V. Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
XX ғасырдың соңындағы қоғамдық өзгерістер, нарық экономикасының қалыптасуы мемлекетімізде мал шаруашылығы саласына кері әсерін тигізді. Атап айтқанда, мал саны күрт азайды, азық сапасы мен малды күтіп – бағу деңгейі төмендеп, зоогигиеналық талаптар сақталмады. Осының бәрі малдың өнімділігін азайтып, денсаулығын төмендетті. Әсіресе түйе сапасының төмендеп, өнімінің нашарлауына әкеліп соқты.
Түйенің буаздық кезінен бастап олардың азықтандыру және кутіп бағу жағдайын дұрыс жолға қою арқылы дені сау ботаны әкелу және ботаның өсіп - өнуін қадағалауға болады.
Қазіргі кезде экономикамыздың қалыптасу, даму барысында басты мақсат - малды бағып – күтудегі бұған дейінгі қол жеткен табыстарымызды қалыптастыру, қарапайымда әрі тиімді де технологияларды шаруашылықтарға енгізу малшылардың, ғалымдардың және болашақ мал мамандарының міндеті. Бұл ретте ботаны дамытудың, оның өнімділігін арттырудың және малдың денсаулығын сақтаудың бірден – бір кепілі – шаруашылық жағдайында зоогигиеналық талаптарды, ветеринариялық – санитариялық нормалар мен ережелерді бұлжытпай орындау.
1. МырзабековЖ., Ибрагимов П. - Ветеринарлық гигиена, - А.: Білім, 2005. - Б.200 – 204.
2. Б.Л.Белкин, А.А.Шуканов. - Жануарлар гигиенасы, 2001 - Б 210-217.
3. В.И.Гершун, Р.К.Туякова. – Мал шаруашылығы, 2005, 47-52 Б.
4. Ф.А.Соловьев. – Гигиена сельскохозяйственных животных - М.: Колос,1990 – 45-49 Б.
5. В.Ф.Костюнин, - Мал өсіру гигиенасы, - 1984, - 58-63 б.
6. В.А.Аликаев, - Жануарларды күту ережелері, - 1970, -180–185 б.
7. А.Г.Онегов, - Ветеринария негіздері, - А.: Қайнар 1984,- 189-201 б.
8. Таңтаров А.Б, А. Атабайұлы. – Ветеринарлық санитария, - Алматы, 2005. – 158-157 б.
9. Гершун,В.И. – Ветеринарная гигиена, - А.: Қайнар, 1994. – 184 – 190 б.
10. Кузнецов,А.Ф.- Жануарларды күтіп бағу гигиенасы , - М.:Колос, 2003.- Б.145 – 150.
11. Кәдіров ,Н.Т. - Жас мал дәрігеріне кеңес, - Алматы.: Қайнар, 1973.-Б.48-53
12. Әлібаев,Б., - Мал өнімдерін өндіру технологиясы, - Астана.: Фолиант,2010.- 158-187 б.
13. Нәсіпбаев,Т.- Жануарлар физиологиясы, - Алматы.: Қайнар,1995.-148-156 б.
14. Волков,Г.К. - Ветеринарно – санитарные и зоогигиенические проблемы промышленного животноводства, – М.: Колос, 1979.-С.-354.
15. Хмелевский, Б.Н. - Профилактика микотоксикозов животных – М.: Агропромиздат, 1985.-С.-208.
16. Лаптев А.П., С.А.Поливский. – Гигиена, – М.: Колос,1990.-С.-123.
17. Кузнецов, А.Ф. - Гигиена сельскохозяйственных животных – М.: Агропромиздат, 1991.
18. И.Ф.Храбустовский, - Алматы.: Қайнар, 1984, - 65-70 б.
19. Юрков ,В.М. - Микроклимат животноводческих ферм и комплексов – М.: Россельхозиздат, 1985
20. Кузнецов,А.Ф.- Жануарларды күтіп бағу гигиенасы , - М.:Колос, 2003.- Б.145 – 180.
21. Утенкова,Т.А. – Домашняя птица. Разведение и уход. – М.: Вече, 2006. – С. – 176.
22. Морозова,О. – Утки и гуси на вашем подворье, - М.: Феникс, 2002. – С. – 200.23.
23. Кәдіров ,Н.Т. - Жас мал дәрігеріне кеңес, - Алматы.: Қайнар, 1973.-Б.48-53

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

I. Әдебиетке
шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...5

II. Негізгі бөлім
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...9
2.1 Боталарды
күту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...9
2.2 Ботаны
ауыздандыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...10
2.3 Ботаның жатырда
өсуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..11
2.4 Інгендерді
боталау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 11
2.5 Төлді атау және ен
салу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
13
2.6 Жас ботаның
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...13
2.7 Ботаның
азықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..14
2.8 Бота
шаруашылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...16
2.8 Бота
атаулары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... . 18
III.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .29
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...21
V.
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... . 23

Кіріспе.
XX ғасырдың соңындағы қоғамдық өзгерістер, нарық экономикасының
қалыптасуы мемлекетімізде мал шаруашылығы саласына кері әсерін тигізді.
Атап айтқанда, мал саны күрт азайды, азық сапасы мен малды күтіп – бағу
деңгейі төмендеп, зоогигиеналық талаптар сақталмады. Осының бәрі малдың
өнімділігін азайтып, денсаулығын төмендетті. Әсіресе түйе сапасының
төмендеп, өнімінің нашарлауына әкеліп соқты.
Түйенің буаздық кезінен бастап олардың азықтандыру және кутіп бағу
жағдайын дұрыс жолға қою арқылы дені сау ботаны әкелу және ботаның өсіп -
өнуін қадағалауға болады.
Қазіргі кезде экономикамыздың қалыптасу, даму барысында басты мақсат -
малды бағып – күтудегі бұған дейінгі қол жеткен табыстарымызды
қалыптастыру, қарапайымда әрі тиімді де технологияларды шаруашылықтарға
енгізу малшылардың, ғалымдардың және болашақ мал мамандарының міндеті. Бұл
ретте ботаны дамытудың, оның өнімділігін арттырудың және малдың денсаулығын
сақтаудың бірден – бір кепілі – шаруашылық жағдайында зоогигиеналық
талаптарды, ветеринариялық – санитариялық нормалар мен ережелерді бұлжытпай
орындау.
Жануарлар гигиенасы ілімі мал денсаулығын қорғау жөніндегі негізгі
жайттарды игеру, аурулардың алдын-алу, малдың өнімділігін көтеру және
олардан мол өнім өңдіру жөніндегі мәселелерді дұрыс жолға қою жағын терең
зерттейді. Әсіресе, сыртқы ортаны зерттеп оны малға зиянсыз және қолайлы
ету зоогиниена үшін басты мәселе. Сонықтан бота өсіру гигиенасын барынша
дұрыс орындалуында жануарлар гигиенаның маңызы зор.
Ботаны дұрыс бағу, азықтандыру және өсіріп – күтудің тиімді тәсілдерін
пайдалана отырып, олардың тұқымына байланысты өнімділігін қамтамасыз
ететіндей деңгейде денсаулығын сақтау және күшейту болып табылады.
Ветеринариялық гигиенаның ботаның күтімін жақсартып, ауруларын
болдырмауға, олардың мол өнімділігі мен өнімнің сапасын арттыруда маңызы
зор.
Курстық жобамның тақырыбы – боталарды өсіру кезінде қойылатын
ветеринарлық талаптар. Яғни, түйенің буаздық кезінен бастап олардың
азықтандыру және кутіп бағу жағдайын дұрыс жолға қою арқылы дені сау ботаны
әкелу және ботаның өсіп - өнуін қадағалау. Ең алдымен бота турал айтпас
бұрын, түйеге анықтама беріп кетуді жөн санадым.
Басқа түліктерге қарағанда түйе тұқымдары онша көп емес. Зоологиялық
тұрғыдан түйені негізгі екі топқа – қос өркешті бактриандар мен бір өркешті
дромедерларға – жіктейміз. Елімізде қос өркешті түйенің үш тұқымы – қалмақ,
монғол, қазақы түйелері, ал бір өркешті түйенің бір ғана тұқымы – аруана
өсіріледі.
Түйе малы қашанда, қайда пайда болды деген сұрақ тууы мүмкін. Мысыр
мен Арабстандағы жер асты қазбаларынан табылған құм ыдыстарға,
3
тастарға салынған түйе суреттері мен тастан қашалған мүсіндерді біздің
дәуірімізден бес мың жылдай уақытта түйе шөлейт жерді мекендеген елдің ең
қолайлы көлігіне айналды.
Өркешсіз түйенің шыққан жері Солтүстік Америка, ал өркештілерінікі
Орта Азия деп саналады. Қазіргі қос өркешті түйенің шыққан тегі – жабайы
түйе. Жабайы екі өркешті түйені алғаш рет атақты саяхатшы Н.М.
Прежевальский Орта Азияда Гоби шөліндегі Лобнар көлінің шығыс жағында
кездестірген. Оның деректеріне қарағанда жабайы түйенің екі өркеші шамалы
және шудасы үй түйесіне қарағанда сұйықтау келеді. Жабайы түйелер өте
сезімтал, шөл мен тау асуларын жеңіл жүріп өтеді. Сол жабайы түйелерден
үйретілген үй түйесінің екі түрі бар – бірі қос өркешті (таза қандысын
бактериан деп атайды), екіншісі – жалғыз немесе сыңар өркешті, яғни нар,
түйе (таза қандысын дромедар деп атайды). Өркешсіз лама туыстары таулы
жерді мекендейді, ал түйе шөлейтті жерде тіршілік етуге көбірек
бейімделген.
Інгендер – 450-550 кг, буралары – 550 – 560 кг (750 кг) тартады.
Боталары туғандағы 40-42 кг салмағын 3,5 жасында сақа інген салмағының 85%-
на жеткізеді. Монғол түйесінің жүні қою және ұлпалы. Бураларынан – 7,5 -
8,5 кг, інгендерінен – 5-5,5 кг жүн алынады. Сүттілігі өзге түйелердікінен
аздау, 18 айлық сауым маусымында майлылығы 5,7% 310-330 кг сүт сауылады.
Қоңдылығына байланысты сойыс шығымы 52-65%.
Аруананың аталығы – үлектердің – орташа тірілей салмағы – 670-690 (900-
950 кг), інгендерінікі -550-660 кг тартады. Аруана інгендері 12-15 ай
сауылу маусымында майлылығы 4% 2000-2500 кг сүт береді. Әр басынан 2-4кг,
ал үлкендеріген - 5-6 кг жүн қырқылады. Өсімтал түлік. Төлі 3 жасында 350-
400 кг тартып, енесі салмағының 70-75% жетеді. Үлкендердікі 4 жасынан
бастап 15 жыл шағылысқа пайдаланып, әрқайсысынан 200-300 бота алуға болады.
18-20 жасқа дейін пайдаланылған інген басынан 8-10 бота алынады.
Курстық жұмыстың мақсаты – боталарды өсіру кезінде оларды ветеринарлық
тұрғыдан қадағалау. Сонымен қатар, ботаның дұрыс жетілуін және болашақта
мол өнім алу мақсатында денсаулығын қадағалап, оның дұрыс азықтануын,
енесінің сүтімен дұрыс қоректенуін және уақытылы серуендеуін, оның
ерекшелігін, жатырда дұрыс өсуін, інгеннін боталау тәртібін ескеру қажет.
Курстық жобамның міндеті- бота туғанда өте әлсіз, нәзік және аурушаң
келеді. Ол өз еркімен тұрып, қозғала алмайды. Осы себептерге байланысты
бота туған сәттен бастап оның күтімін жақсартып, бота өз аяғымен тұрып
кеткенше аса назарда ұстау міндеттеледі.

4
Әдебиетке шолу.
Басқа түлік төлдеріне қарағанда бота өте нәзік келеді. Ауа райының
жағдайы бұзылған кезде суық тез тиіп ауырады және басқа да түрлі ауруға
көбірек шалдығады. Ол аяқтануына талпынып, бір құлап бір тұрады. Сондықтан
ботаның төсеніші қалың болу керек. Қос өркешті боталардың туған кезде
орташа 35-45 кг тартады. Ең кішкентай бота 25 кг, ал ең ірісі 60 кг болады
(туған кезде).
Ж.Мырзабеков пен П. Ибрагимов (2005 жылы) еңбегінде көрсеткендей,
түйелердің буаздық мерзімі басқа ауылшаруашылық малдарымен салыстырғанда
өте ұзақ. Ол орта есеппен дромедарлар – 390 күн, ал бактриандар – 400-410
күн. Інгендердің боталау мерзімі наурыз айынан басталып мамыр айына дейін
созылады. Кейбір жағдайларда аналық түйелерге төлдеу кезінде көмектесу
керек. Төлдің басы және алдыңғы аяқтары шыққан кезде оның аяқтарын жайлап
төмен қаратып тарту керек. Төлдегенге 20-30 күнге дейін аналық түйенің
желіні ұлғаяды, уыз төлдегенге дейін 1 тәулік қалғанда пайда болады.
Боталар, әсіресе буаз інгенді құндылығы төмен азықтармен азықтандырғандағы
әлсіз және кішентай болып туады. Жаңадан туған бота әлсіз болғандықтан
еркін тұрып, қозғалып жүре алмайды.[1]
Б.Л.Белкин мен А.А.Шукановтың (2001 жылы) жазылған еңбегінде атап
өткендей, олардың туғандағы орташа салмағы 35-45 кг болады. Бұл енесі
салмағының 5-7 процентіне тең. Ботаны енесіне алғаш рет туғаннан кейін 1,5-
2 сағаттан кейін жібереді. Бұл кезде бота әлі әлсіз, аяғын нық басып жүре
алмайды, сондықтан да оны ұстап тұрып енесінің емшегін емуге көмектеседі.
Төлге енесінің уызымен қоректену өте маңызды, өйткені оның құрылымындағы
белоктар, майлар, витаминдер және иммунды денелер ішіндегі алғашқы пайда
болған нәжісінен тазартуға себебін тигізеді.[2]
В.И.Гершун мен Р.К.Туякова (2005 жылы) атап өткендей алғашқы жұмада
уыздың құрамындағы құрғақ заттар, белоктар азаяды, қышқыл бөлшектері де
бастапқыдан екі есе төмендеп, майлылығы 6,0 процентке жуық жоғарлайды.
Туылғаннан кейін бота алғашқы қидан босана алмауы мүмкін. Бұл жағдайда оған
2-3 рет 150-200 г ерітілген сары май беру керек. Енесінің уызын өз
уақытысында әрі жеткілікті емген боталар ауырмайды және де олар тез өсіп
дамиды.[3]
Ф.А.Соловьев (1990 жылы) жазылған еңбегі бойынша, бота суыққа тез
тоңғыш, түрлі иіс-қоқысқа, ласқа төзімсіз болады. Сондықтан боталар тұратын
алаң таза болуы керек. Оның үстіне еркек бота сыз жерге жатып қалса немесе
суық жел өтіне көп жүрсе қоскіндік ауруы бірден нышан береді. Осы себепті
жас ботаны жылы жерде қымтап ұстау керек. Алғашқы айларда боталар тәулік
бойы әрбір 3 сағат сайын емізеді. Ал ауа райы қолайлы болса оларды далаға
шығарып енесімен бірге жақын жайылымға жаяды. Денсаулығы жақсы боталар
туғаннан кейін үш аптаға жетпей отыға

5
бастайды. Түйелердің төлдеу көбіне көктем айларына сәйкес келгендіктен бұл
кезде жердің шөбі әлі де қысқа болады. Жас боталар – мортық, беде, ақ
қайын, еркек шөп тараңбоз тағы басқа шөптерге жайылады. Идіріп сауып жүрген
түйелерлің боталарын 6 айдан кейін енесіен айырып, жеммен және шөппен
бағады. Жас боталардың тез жетілуі үшін, денсаулықтарының мықты болуы үшін
қатаң режим ұсталған жөн. Төлді белгілі бір уақытта емізуге, жаюға, жемге
байлауға ерекше маңыз беру керек. Режим сақталмайтын болса, төл түрлі
ауруларға, әсіресе іш ауруларына шалдыққыш келеді. Ботаның өсіп-жетілуін
үнемі бақылап отыру керек. Оның тірілей салмақтарының және өлшемдерінің
өзгеруін білу үшін туған кезде, бір айлығында, бір жасында, екі жасында,
дене салмағымен өлшемдерін алып отырады. Осылардың нәтижелеріне қарап
боталардың әрбір өсу кезеңінде қандай қандай өзгерістер болатынын байқауға
болады. Бота туғанда ірі болса, оның ана құрсағында дұрыс дамығандығын
көрсетеді.[4]
В.Ф.Костюнин (1984 жылы) атап өткендей, ботаның туғандағы тірілей
салмағына буаз інгеннің күтімі, ата-енесінің тұқымдық ерекшеліктеріне, т.б.
әсер етеді. Ботаның салмағы туғандағы салмағынан үш айда 2,5 есе, 6 айда
3,5 есе, бір жасында 5 есе артса, оның өсу дәрежесінің дұрыс екендігін
дәлелдейді. Түйе түрінің тірілей салмағы 3,5 жасқа дейін өседі.
Мүмкіндігіне қарай түйе иесі інгеннің биологиясы мен физиологиясын жете
білуге, малдың жақсылап бағып-күтуге және шағылыс науқанын ойдағыдай
өткізуге күш салу керек. Боталарды енесінен айырғаннан кейін зооинженермен
кеңесіп, ботаны әрі қарай өсіруге бола ма, жоқ па соны білуге тиіс.[5]
В.А.Аликаев (1970 жылы) еңбегінде көрсеткендей, ботаны тәулігіне 4
мезгіл емізеді. Егер де енесінің сүт емізгеннен кейін желінінде қалып қойып
отырса оны сауып алады. Түйелерді саууды боталағаннан кейін 2-ші айдан
бастайды. Боталарды жастайынан шөп пен жемді жеуге үйрету, олардың асқорыту
аппаратының жақсы дамуына оң әсер етеді, әрі жүнді, жердегі басқа да қоқыс
нәрселерді шайнау әдетінен сақтандырады.Сондықтан да боталар тұратын
қорадағы астаушаларда әрдайым тұз, құрама және көк шөп болуы керек. Құрама
жем беруді боталардың 5-7 айлығынан бастайды: 200 г бастап енесінен
ажыратқан кезде тәуліктік жем беруді 1,5-2 кг дейін жеткізеді. Боталар
алғашқы айынан бастап жайылымдағы шөптерді жеп үйрене бастайды.[6]
А.Г.Онегов (1984 жылы) еңбегінде көрсетендей, қыста жаңа туған
боталарды жылы қорада аяздар біткенше ұстайды. Жылы кезде туған боталарды
өз еркімен жүргенге дейін қорада ұстайды. Боталар ұсталатын қора-жаймен
жапсарланып олардың ауа райының жақсы күндері серуендеп ұстайтын арнайы
алаңдар жабдықталады. Жас боталар өте нәзік және суық тигіш келеді.
Сондықтан алғашқы күндері боталардың үстіне киіз жабу жауып өсіреді, ал
суық аймақтарда боталар үшін арнайы жылы бота - қоралар салынады.
Інгендердің боталау алдында бота қораларды тазалап дезинфекциялайды.[7]

6
А. Таңтаров пен А. Атабайұлы (2005 жылы) еңбегінде атап өткендей,
бота қораларды жергілікті материалдардан жасауға да болады (сабан, қамыс).
Мұндай қоралар жылы әрі құрғақ келеді. Қоралар жарықпен және ауа алмасу
жүйелерімен қамтамасыз етіледі. Қоралардың терезелері екі қабат, ал
биіктігі еденнен 1,5 м болуы керек. Сонымен қатар ауа алмасу құбырлары мен
азық астаулары орналастырылады. Бота қораның ішінде арнайы алаң жасайды,
онда інгендер өздерінің боталарын емізеді. Күннің жақсы жылы кездерінде 10-
15 күннен кейін боталаған інгендерді төлдерімен бірге жайлымға шығарып
жаюға болады. Кейде тұрақты жылы күндері ботаны енесімен бірге қалдырады,
ал ауа райы бұзылған кезде боталарды енесінен бөліп қорада ұстады. Енесінің
сүтімен жеткілікті азықтандыру, таза ауада емін-еркін серуендеу, үнемі күн
сәулесінің әсерін қабылдау – дені сау төлдерді өсірудің басты кепілі.[8]
В.Гершун (1994 жылы) еңбегінде атап көрсеткендей, боталарды бір
жарым жасында енесінен айырады. Бұл кезде боталар өсімдік текті азықты
жеуге толығымен үйренген және енесінен бөлек ұстау оларға аса ауыр тимейді.
Боталарды енесінен ажырату алдында оларға сырға тағып таңбалайды. Енесінен
ажыраған боталарды жынысына қарай бөлектейді. Бөлектеп алынған боталарды
ересек түйелермен бағуға болады, бірақта оларды бөлек жайып, бөлек қорада
ұстаған жөн.[9]
А. Кузнецов (2003 жылы) еңбегінде атап өткендей, енесінен бөлінген
боталар көбінесе жайылымда жүріп азықтанады. Қыс мезгілінде оларды қосымша
жем-шөппен азықтандырып отырады.[10]
Н. Кәдіров (1973 жылы) еңбегінде көрсеткендей, алғашқы күндері ботаға
қамқорлық басқа малмен салстырғанда көбірек керек болады. Мұның негізгі
шартының бірі – түйенің, әсіресе ботаның күтімі жақсы болуы керек. Бота
желден, суықтан, жауын – шашыннан тез ауруға шалдығады. Сондықтан жем-
шөбімен бірге қора – жайы да ыңғайлы болуы шарт.[11]
Б. Әлібаев (2010 жылы) атап өткендей, көктемгі жайылымда боталар
да тез дамып, өседі. 1,5 айлығында олар өркештеріне май жинай бастап,
туғандағы салмағын 1 жаста – 5,5 есе, 2 жаста – 9есе ұлғайтады.[12]
Т. Нәсіпбаев (1995 жылы) еңбегінде атап өткендей, шаруашылыққа
боталарды іріктеп алған кезде олардың тез арада май жиналып, қоңдылығын
жақсы сақтауын ерекше бағалайды. Қоңдылығы бойынша бота мына 5 категорияға
бөлінеді:
- семізінің өркеші майға тығыз толы, тік, арқа бөлігі мен өркеш
айналасы да майға толған;
- жақсы қоңдылықтағы бота өркеші майға толы, тік;
- орташа қоңдылықтағы ботаның өркеші майға жартылай толғандықтан бір
жағына қарай қисайып тұрады;
- қоңдылығы шамалы бота өркешінде май жоқтың қасы, ол босап қалған
қапшық тәріздес қисайып, салбырап тұрады.
- арық ботаның өркеш майымен бірге бұлшық еті азайған, қабырғалары
айқын ырсияды.
7
Бота тұрпаты оның сырт тұлғалық пошымымен айғақталатын экстерьері мен
дене ішкі құрылымымен айқындалатын интерьері бойынша
бағаланады. Ішкі асқазан құрылысы бойынша бота қарыны көп (үш) бөлімді
күйіс қайыратын малға (ірі қараға) жатады. Бота қарынының оң жақ астында
қатпарланып жататын үлкен, яғни, мес қарыны, жұмыршақ қарыны мен ұлтабары
болады.[13]
Жаңа туған ботада – тіс болмайды, бірақ астыңғы иегінде жаңа шығып
келе жатқан алты күрек тіс орны байқалып тұрады, біртіндеп шыққан сүті
тістері ақ, кішкене, түбі жіңішке болады.
Боталау қарсаңында түйе ағзасындағы айтарлықтай өзгерістер орын
алып, мінез-құлық күрт өзгереді. Олар құйрығын көтеріп, аңрап,
мазасызданып, байыз таппай арлы-берлі жүре береді. Кейде тіпті айдалаға
безіп кетеді. Бұл кезде түйешілер аса сақ болы, есептелген мерзім және
сырты белгілері, мінезінің өзгеруі бойынша інгеннің боталауына 2-3 тәулік
қалып, желіндеп, желініне уыз жинала бастағанда оны өріске шығармай қорада
ұстайды.
Г.Волков (1979 жылы) еңбегінде көрсеткендей, боталауы жақындаған түйе
аунай бастайды, ернін шүйіреді, безектеп, бір орында тұра алмайды. Толғақ
басталуына 12-13 сағат қалғанда жатырдың етті қабаты бәсең жиырыла бастайды
да оның айырығындағы төл созылып, денесінің омыртқалары жоғары қарай
бағытталады. Сөйтіп, жатыр айрығы мен мойнына еніп, келе – келе қынапқа
өтеді. Жатырдың етті қабаты мен құрсақ еттері қалыты жиырылып, малдың
толғағы одан әрі күшейе береді. Қынаптан 1,5-2 л сарғыштау сұйық зат ағады.
Төл шығар кезінде шаранадағы оны қоршаған іші сулы, жылтыр, сырты сырғанақ
жұқа қабат (амнион) жарылады. Қағанақ ұлпалары ұзындығы 60-80 см яғни
қағанақ бота кіндігінің қабатын құрайды да, орта бөлігін тегіс қоршайды.
Кіндікте өлі қоректендіріп, тыныстандыратын төрт қан тамыры – екі
қызылтамыр (артерия), екі көк тамыр (вена) – болады. Олар аллантоис пен
хорион қабырғасына таралып, қызылтамырлармен хорион бүрлеріне кіреді. Жұп
қызылтамыр мен көктамыр ортасында төлдің зәр шығаратын түтігі – урахус
өтеді.
Туылған ботаның кіндігі құрсақтан 10-15см аралықта, кейде түбінен
үзіледі. Кейде бота шарана қабаттарымен бірге де туады. Түйе қиналып
боталайтын жануар. Ботаның алдымен екі аяғы, басы, төстабаны шығады. Сол
кезден ептен аяғынан тартып көмектесу жеткілікті. Жаңа туылған бота тынысын
кеңейту үшін бірден кеңсірігін жарады. Туылғаннан кейін түйе әлсіреп
қалады. Буындары босап, денесі дірілдеп, көздері үлкейіп кетеді. Оған
ботасын иіскетіп, әсіресе, тұмса түйенің төліне үйренуіне жағдай жасайды.
Жаңа боталаған түйені біраз уақыт жабық қорада ұстап, ретсіз мазаламай,
үркітпей, жел өтінен, ал ботасын көзден сақтандырады. Оларды әл жиып,
ширағаннан кейін ғана аулауға серуендете бастап, бірте – бірте өріске
шығарып, қалыпты бағып – күту жағдайына көшіріледі.[14]

8
Негізгі бөлім.
2.1.Боталарды күту.
Бота (лат. Camelus) — сірітабандылар отряд тармағына
жататын сүтқоректі ірі жануарлардың бір туысы. Боталар шөлге де, қатты
аязға да төзімді. Мұның екі түрі бар: қос өркешті бота  (Бактрия түйесі) —
негізгі өсірілетін жерлері: Қазақстан,  Қырғызстан,  Өзбекстан, 
Астрахан, Сталинград, Саратов және  Чита облыстары, бұрынғы КСРО-да мұның
Астрахан ботасы, Қазақстан ботасы, моңғол ботасы деп аталатын негізгі үш
тұқымы өсіріледі; бір өркешті бота (дромедар), —Түрікменстанда,
көбінесе Тәжікстанда, Өзбекстанның Оңтүстік аудандарында және Қазақстанның
кейбір жерлерінде өсіріледі. Ең көп өсірілетін жері — Қарақұм. Қоспақ
түрлеріне, пайдалануына, қанына қарай:  аруана, желмая,  нар деп аталады.
Әр түйеші жас ботаны нәрестеге теңейді. Ол өте нәзік әрі адам
қамқорлығына зәру келетін жануар. Ол суыққа тез тоңғыш, түрлі иіс-қоқысқа,
ласқа төзімсіз келеді. Міне, сол себепті боталар тұратын қора таза болу
керек. Бота ауызданар алдында енесінің желінін жылы сумен жуып құрғату
қажет. Бота туғанда экстерьері мен дене құрылымы бойынша кемістіктер болуы
мүмкін. (1-кесте)
Жас ботаға дүркін-дүркүн аздап балық майын ішкізіп отыру керек. Ол
бота ішіндегі шарана тоғын (мәйегі) жібіту үшін керек. Әйтпесе, ол іш
ауруына шалдығуы мүмкін. Бота үркек, шыдамсыз келеді, буыны бекімегендіктен
ол төрт аяғын төрт жаққа жіберіп, әлсіздік танытады, соныдықтан оны
ауыздандырған кезде сүйеп көмектесу керек. Жас бота екі тәуліктен кейін
буыны бекіп, енесінің бауырына еркін жақындайды.
Боталарды тез жетілу үшін күн тәртібін жасап, соған орай күту керек.
Ботасына әбден бауыр басып, өзімсініп кеткенше жас түйелердің ботасы
қасында болғаны жөн. Жаңа бүршік атып, көктей бастаған шөпті жұлып әкеліп
беру арқылы ботаны отығуға тез үйретуге болады.
Енесінің уыз сүті мен көк шөптен нәр алған бота тез өсіп-жетіледі.
Боталар қол-аяғын бауырына алып кеткенше астының сызды болмауын қадағалап
отыру керек.
Ботаның туғандағы салмағы түйе салмағының 5-7 процентіне тең болуы
керек. Жас ботаның тіршілік қасиеті күшті, ширақ болып тууына інгендер мен
бураларды шағалыс науқанына жақсы қоңдылықта түсіру белгілі дәрежеде әсер
етеді. Буралар мен інгендер күйлі болса, олардың жыныстық сапасы да
жақсарады, боталары берік, ширақ және әр түрлі жағдайға төзімді келеді.
Жаз мезгілінде (маусым-тамыз айларында) шөптің түрлері азайып, сапасы
төмендей түседі де, өсімдіктер кұрғақ әрі құнарсыз болып келеді. Күннің
ыстық қызуымен астық тұқымдастар қурап кетеді. Жусан мен сораң құрамында
эфир майлары көбейіп, олардың дәмі сәл төмендейді. Бұл кездегі бір
жастағылардың салмақ қосуы 318 г-ға дейін түседі. Сол себепті жаз
9
мезгілінде туған боталарды қосымша азық беріп отыруы қажет.
Бота санын көбейту үшін олардың бағып – күту мәселелеріне жете мән
беру керек. Жақсы өсіп жетілген інгендерді шағылысқа үш жасынан, ал бура
мен үлектері төрт жасынан бастап түсіреді. Бураның жыныстық қозуы желтоқсан
айының ортасында басталып, мамыр айына дейін созылады. Ұрғашы түйелер
қаңтар айынан басталып, мамыр айына дейін созылады. Сондықтан түйе
өсірушілер ақпан-наурыз айларының арасында інгендерді қайытып, келесі жылы
наурыз-сәуір айларында бота алуды жоспарлағаны дұрыс. Ал шағылыс науқаны
кезінде жемді 4-5 кг жеткізген жақсы әсер етеді.
2.2.Ботаны ауыздандыру.
Бота 1-1,5 сағаттан кейін аяқтанып, енесінің емшегін іздей бастайды.
Ол енесін өздігінен еме алмайды. Сондықтан емізбес бұрын інгеннің алғашқы
қара уызын сауып алады. Содан кейін ғана ботаны алғашқы уызына еркін
тойғызады. Жас ботаны 2-3 күн енесімен бірге қалдырады. Себебі егер
туғаннан кейін ботаны басқа жерге ұстаса, інгендер ботасын жеріп кетуі
мүмкін. Енесіне бауыр басқаннан кейін бота жалпы бота қораға шығарылады.
Бота қора кең, жарық, төсеніші қалың болуы керек. Бота қорасында тазалық
сақтаудың маңызы зор. Оның есігінің алдында аяқ киімді дезинфекциялауға
арналып, лизол ерітіндісі сіңірілген ағаш үгіндісі салынған жәшік, қол
жуғыш, сабын және орамал болуы тиіс. Ашық, жылы күндерде боталарды далаға
шығарып, бойын жаздыру, серуендету қажет. Боталар тәулік бойына әрбір 3-4
сағат сайын емізіледі. Ол үшін бота қорасынан басқа арнаулы қора болады.
Сүтті інгендердің сүтін ботасы тауыса алмаса, оны сауады, әйтпесе інгендер
желіні ісініп, ауруға шалдығады. Бота туғаннан кейін үш апта толғанда
отыға бастайды. Бота қорасына жақсы жоңышқа пішенін іліп, астауға ас тұзын
салып қою керек. Ал минералды заттар жеткіліксіз болған жағдайда боталар
бірінің бірі жүнін жұлып жейді. Ішке кеткен жүн ішекте ширатылып қалады,
соның салдарынан ол өлуі де мүмкін. Ботаның енесі құрсағында және туғаннан
кейінгі өсу барысы басқа түлік төлінің өсу барысы сияқты. Құрсақта оның
сирақ сүйектері өте жедел өсетін болса, туғаннан кейін дене сүйектері тым
тез өседі. Егер буаз інген жеткілікті азықтандырылмаса, онда ботаның
сирақтары өспейді де, туғанда сирақтары қысқа болады. Ал ботаның туғаннан
кейінгі кезеңіде азықтандыру жеткіліксіз болса, оның дене сүйектері дұрыс
жетілмей, үлкейген кезде де жалпы кейпі ботаға ұқсап қалады. Яғни, ботаның
жақсы өсуі, ең бірінші оның жатырдағы өсу дәрежесіне байланысты. Ботаның
жақсы жетіліп, өсуі көбіне сүтке кенеле тоюына да байланысты. Асыл тұқымды
фермаларда ботаның жақсы өсуі үшін інгендер сауылмайды.
Бота туылғанда жақсы өсуі үшін – шағылыстыратын малдың тұқымдарын және
түрлік тегін ескеру қажет. Негізінен, бота өсіру ісінде оны өсіріп
шығарудың мынадай әдістері қолданылады – таза тұқым өсіру, қайыту,
түраралық будандастыру.
Бұлардың әрқайсысы мал тұқымын асылдандыруда нақтылы бір селекциялық
мәселені шешуге бағытталған. Олардың биологиялық мәні,
10
генетикалық әсері әр түрлі. Дегенмен де, мал өсіру әдістерін бір-біріне
қарсы
қоюға болмайды.
2.3.Ботаның жатырда өсуі.
Қайыту және боталау науқандарында қос өркешті түйе інгендері орташа
есеппен ботаны 415 күн, аруана 390 күн, нар мая 410 күн, қоспақ 390 күн,
нарлар 385, күрт нар 387 күн көтереді. Мұны білу түйенің қай кезде
боталауын жоспарлауға және жұмыс процесін ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Ботаның құрсақта жақсы өсуіне және жетілуіне енесінің күйі, оның
қоректілігі, құнарлы азықпен толық қамтамасыз етілуі үлкен әсер етеді.
Інгеннің күйі ортадан жоғары болса, оның ботасы да құрсағында
жақсы өседі. Інген арық және көп жегілген болса, оның ботасы да нәзік
келеді.Аса семіз інгендердің де ботасы кішкене болып туады. Өйткені ботаның
құрсақта жатып жақсы өсуіне енесінің майы кедергі жасайды. Жас ботаның
тіршілік қасиетінің күшті, ширақ тууына інгендер мен бураларды шағылыс
науқанына жақсы қоңдылықта түсіру белгілі дәрежеде әсер етеді. Буралар мен
інгендер күйлі болса, олардың жыныстық сапасы да жақсарады, боталары берік,
ширақ және әр түрлі табиғи жағдайға төзімді келеді. Сондықтан тар алдында
бақылауды күшейткен дұрыс. Ботаның кеудесінің шығуы қиын болады. Сондықтан
басы мен алдыңғы аяқтары шыққан кезде аяқтарын ұстап інгеннің бауырына
қарай жайлап соза тартып көмектескен дұрс. Басқа мал сияқты түйе ботасын
жалап құрғатпайды. Сол себепті ботаның үстін сүртіп құрғатады, аузын,
тұмсығын және құлақтарын шараналарын тазартып, кіндігін түбінен 10 см-дей
қалдырып, дезинфекцияланған жіңішке кедір жіппен байлап, кесілген жеріге 5
процентік йод жағады.
Дербес шаруашылық иелерінің есінде болатын бір жайт боталаған түйелер
біраз уақыт жабық қорада ұсталуы тиіс. Кейін аулаға шығарылады. Содан соң
бірте-бірте өріске шығып, қалыпты жағдайға келеді.Әсіресе, тұмса түйелердің
төлдеріне үйренуіне жағдай жасау керек. Жаңа туған түйелерді суық желдің
өтіне шығаруға, ретсіз мазалауға, ретсіз үркітуге болмайды. Оның ботасын
искеуіне мүмкіндік берген жөн.
2.4.Інгендерді боталау.
Қайту науқаны кезіде інгендердің қашан күйлеп, қашан қайығаны
есепкен алынып, оның қай бураға немесе үлекке тоқтағанын, аты-жөнін,
тұқымын, ата-тегін көрсетіп, арнаулы кітапқа жазады. Шағылыстыруға
пайдаланылатын буралар мен үлектер шағылыс науқанының бас кезінде жайылымға
жіберілмей, салқын қорада жеп-шөп беріліп азықтандырылады.
Ботаны аман алып, жақсы өсіру үшін оның тәсілдерін жете меңгеріп,
дұрыс қолдана білген жөн. Буаз інгендердің боталауына екі ай қалғанда
қорада ұстап бағады. Ол үшін інгендер күнде таңертең, жайылымға шығарда
мұқият бақылауға алынады.
Тұқым түріне қарай боталардың өсу дәрежесі де түрліше болады.
Маңғыстау облысының Қызыл-өзен совхозында жүргізілген бақылаулар
нәижесінеде біз айыр түйе аруана мен боталардың тірі салмағының өсуі
жөнінде мәліметтер жинақтадық.(3-кесте)
11
Кестеде көрсетілгендай айыр түйелер мен аруаналардың аз болса
айырмашылығы – жалпы айыр түйелердің семіруге қабілетті екенін көрсетеді. 8
ай ішінде олардың өсуіндегі айырмашылықтар өте айқын болады. Ауыл
шаруашылығы ғылымдарының докторы А. Г. Бестужиев енесінің сүтін және сұлы
ұнының қоректік заттарын ботаның бойына сіңіру мөлшерін зерттеген. Соның
нәтижесінде 20-30 күндік бота енесінің сүтін бойына толық сіңірген, ал 60-
70 күндігінде сұлы ұны органикалық заттарының 88,62 процентін, 180-190
күндігінде пішен мен сұлының 69,71 процентін сіңіретінін анықтаған.
Сондықтан інгендерді сауған кезде боталарға қосымша жем беру керек.
Бота, тайлақ, құнаншалардың өсу қарқыны азықтандыру, күту жағдайына
байланысты дедік. Жалпы тайлақтар 10,5 жасқа дейін толысады. Атырау
облысының Ақжайық совхозынада жүргізген бақылаулар тайлақтардың 10 жасқа
дейінгі толысуда жөніндегі мынандай мәліметтерді береді.
Бұл мәліметтер түйе 2,5 жсқа толан кезде-ақ жетіліп, жұмысқа
жарымды болатынын көрсетеді.
Туғаннан кейінгі алғашқы 10күн ішіндегі ботаның тәуліктік салмақ қосуы
оның жаңа тіршілік жағдайына бейімделуіне байланысты өте көп емес,
210 г-нан 590 г аралығында болады. Бірақ бұл қосымша салмақ туғаннан
кейінгі екінші оң күндігінен арта отырп, үшінші айында ең жоғарғы шамаға
жетеді. Бір ай мен 3 ай аралығында салмақ қосуы 627 ден 995 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жануарларды жайылымда ұстау гигиенасы
Бота ешерихиозы (ақтышқақ) ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар
Түйе - жайылым малы
Шұбатқа ветеринариялық-санитариялық баға беру
Түйе өсіру шаралалы
Жылқылар мен түйелердің гигиенасы қойлар мен ешкілердің гигиенасы
Туйе обасы
ҰСО ШЖҚ РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының Арал аудандық бөлімшесінде түйе сүтінің сапасын сараптау нәтижелері
Жылқылардың, түйелердің, сиырлардың және ұсақ малдардың гигиенасы
Заңның мақсаттары және маңызы
Пәндер