Шу өңірінің тарихын білеміз бе?



Біздің білетініміз — Шу тарихын зерттеп жүрген екі ғалым бар. Бірі — тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің құрметті профессоры, Әбу Насыр Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің құрметті кафедра меңгерушісі, Қазақстан Республикасының, Қарақалпақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері, ҚР гуманитарлық академиясының толық мүшесі Уахит Хамзаұлы Шәлекенов. Ол — белгілі тарихшы, археолог және этнолог. 400-ден астам еңбектің (оның 20-дан астамы монография, жинақ кітаптар) авторы. Екінші ғалым — Ә. Марғұлан атындағы археология институтының аға қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты Айман Досымбаева.
Тұңғышбай БАЙҚҰЛОВ, тарихшы, М. X. Дулати атындағы мектептің директоры.
1973-1974 жылдары С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде бізге (қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) археология мен этнография ғылымы негіздерінен У. X. Шәлекенов дәріс оқыды. Ғалымның әрбір лекциясы ғылымға деген ізденісті, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыра түсетін. Әлі есімде Уахит Хамзаұлы: «Қазақстан тарихын зерттеу болашақтың ісі. Түбінде қазақ елі өз алдына мемлекет болады, сонда ғана халқымыздың шын тарихы жазылады», дегенде бала көзімізден кеңестік идеология санамызда берік қалыптасқан студенттер бір-бірімізге таңырқаса қараушы едік.
Сонау Кеңес өкіметі тұсында басталып «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында 2006 жылы Алматы қаласындағы «Жібек жолы» баспасынан шыққан У. X. Шәлекеновтың «V-XIII ғасырлардағы Баласағұн қаласы" деген монографиясы Қазақстан тарихына ғана емес, дүниежүзілік өркениетке қосылған үлкен ғылыми еңбек деп атауға толық негіз бар.
Ұлы Жібек жолының бойына орналасқан ортағасырлық Баласағұн қаласының орнын анықтау үшін ғалымдар алты ғасыр бойы еңбек етті. Бірақ, таба алмады. Осы жұмбақтың шешімін 1974 жылдан бастап 30 жыл бойы Шу ауданындағы Шу өзенінің сол жағасында орналасқан (жергілікті халық «Ақтөбе» деп атап кеткен) көне қала орнын зерттеу үшін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің экспедициясын басқарған профессои У. Х. Шәлекенов тапты. Бұл экспедиция өзінің археологиялық зерттеу жұмысын оқу үдерісімен байланыстырып, бұрынғы Калинин атындағы колхоздан 4-5 шақырым жерде орналасқан Ақтөбені тарих факультеті студенттерінің археологиялық тәжірибе базасына айналдырды. Осы жерге университет жүз орынды тұрақты жатақхана салды, әр жылы болашақ тарихшылар сол жерде тәжірибеден өтіп отырды.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Шу өңірінің тарихын білеміз бе?

Біздің білетініміз — Шу тарихын зерттеп жүрген екі ғалым бар. Бірі —
тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қожа Ахмет Ясауи атындағы
Халықаралық қазақ-түрік университетінің құрметті профессоры, Әбу Насыр Әл-
Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің құрметті кафедра меңгерушісі,
Қазақстан Республикасының, Қарақалпақстан Республикасының еңбек сіңірген
ғылым қайраткері, ҚР гуманитарлық академиясының толық мүшесі Уахит Хамзаұлы
Шәлекенов. Ол — белгілі тарихшы, археолог және этнолог. 400-ден астам
еңбектің (оның 20-дан астамы монография, жинақ кітаптар) авторы. Екінші
ғалым — Ә. Марғұлан атындағы археология институтының аға қызметкері, тарих
ғылымдарының кандидаты Айман Досымбаева.

Тұңғышбай БАЙҚҰЛОВ, тарихшы, М. X. Дулати атындағы мектептің директоры.

1973-1974 жылдары С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде
бізге (қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) археология мен
этнография ғылымы негіздерінен У. X. Шәлекенов дәріс оқыды. Ғалымның әрбір
лекциясы ғылымға деген ізденісті, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыра
түсетін. Әлі есімде Уахит Хамзаұлы: Қазақстан тарихын зерттеу болашақтың
ісі. Түбінде қазақ елі өз алдына мемлекет болады, сонда ғана халқымыздың
шын тарихы жазылады, дегенде бала көзімізден кеңестік идеология санамызда
берік қалыптасқан студенттер бір-бірімізге таңырқаса қараушы едік.
Сонау Кеңес өкіметі тұсында басталып Мәдени мұра бағдарламасы аясында
2006 жылы Алматы қаласындағы Жібек жолы баспасынан шыққан У. X.
Шәлекеновтың V-XIII ғасырлардағы Баласағұн қаласы" деген монографиясы
Қазақстан тарихына ғана емес, дүниежүзілік өркениетке қосылған үлкен ғылыми
еңбек деп атауға толық негіз бар.
Ұлы Жібек жолының бойына орналасқан ортағасырлық Баласағұн қаласының
орнын анықтау үшін ғалымдар алты ғасыр бойы еңбек етті. Бірақ, таба алмады.
Осы жұмбақтың шешімін 1974 жылдан бастап 30 жыл бойы Шу ауданындағы Шу
өзенінің сол жағасында орналасқан (жергілікті халық Ақтөбе деп атап
кеткен) көне қала орнын зерттеу үшін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық
университетінің экспедициясын басқарған профессои У. Х. Шәлекенов тапты.
Бұл экспедиция өзінің археологиялық зерттеу жұмысын оқу үдерісімен
байланыстырып, бұрынғы Калинин атындағы колхоздан 4-5 шақырым жерде
орналасқан Ақтөбені тарих факультеті студенттерінің археологиялық тәжірибе
базасына айналдырды. Осы жерге университет жүз орынды тұрақты жатақхана
салды, әр жылы болашақ тарихшылар сол жерде тәжірибеден өтіп отырды.
Ақтөбе қаласындағы У. X. Шәлекеновтың экспедициясы басталғанға дейін
тарих факультетіндегі археология бөлімінің студенттері тәжірибеден өту үшін
Оңтүстік Қазақстан облысы Шәуілдір ауданының орталығынан 4 шақырымда және
Сырдарияға құятын Арыс өзенінен алыс емес жерде орналасқан бүкіл әлемге
әйгілі ортағасырлық Отырар қаласының археологиялық қазба жұмыстарына жыл
сайын белсене қатысатын. Археология бөлімінде оқитын менің де 1970-1971
жылдары Кеңестер Одағына танымал белгілі археолог, тарих ғылымдарының
докторы, академик К. Ақышов ұйымдастырған экспедицияға қатысып, тәжірибеден
өтуіме тура келді. Сол жылдардан алған әсерімді күні бүгінге дейін
ұмытпаймын. Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи мазарына және Отырар оазисіндегі
Арыстанбаб кесенесі, Құйрықтөбе, Қоңыртөбе, Отырартөбе ескерткіштеріне
барған саяхаттан алған білімімді оқушыларға үнемі айтып отырамын.
Өткен ғасырдың 80 жылдары Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік
сыйлықтың лауреаты Шерхан Мұртаза Ақтөбе қаласының орнына арнайы барып,
профессор У. X. Шәлекеновпен кездесіп, өзінің көргендері бойынша терең
құнды пікірлерін білдірді. Көпшілік оқырман таныс болсын деген мақсатпен
Баласағұн жұмбағы атты мақаласын жариялады. Қазақстандағы археология
ғылымының негізін қалаушы академик Ә. X. Марғұлан Шу ауданындағы Ақтөбе
қаласында қазба жұмыстары жүргізіліп жатқан кезде үш рет арнайы келіп,
ескерткішпен жан-жақты танысып, табылған бұйымдарға шолу жасап,
ортағасырлық Баласағұн қаласының орны осы болуы керек, деген болжам айтты.
Баласағұн қаласы туралы тарихи жазба деректер ортағасырлық ғалымдардың,
саяхатшылардың еңбектерінде азды-көпті кездеседі. \ІІІ-ІХ ғасырларда өмір
сүрген Әл-Хорезми дүниежүзілік географиялық карта жасап, Шу, Талас, Жетісу
өңірлеріндегі түрлі қалаларды картаға түсірген, олардың координаттарын
белгілеген. Солардың ішінде Баласағұн қаласы да бар. Ортағасырлық ғалым Әбу-
Райхан Әл-Бируни Х-ХІғ. және араб саяхатшылары Ибн Хордадбек IX ғ., Әл-
Хамадани X ғ., Әл-Макдиси -X ғ. өздерінің еңбектерінде Баласағұн туралы
аздап мағлұмат береді.
Ортағасырлық ғұламалардың ішінде Баласағұн туралы жан-жақты мағлұмат
берген — Махмұд Қашқари. Ол Шу өлкесінің перзенвекенін аудармашы,
түркітанушы, филология ғылымдарының докторы Асқар Егеубай өз еңбегінде
дәлелдейді. У. X. Шәлекенов Ү-ХІІІ ғасырлардағы Баласағұн қаласы деген
еңбегінде М. Қашқаридың сызған дөңгелек картасы мен Диуани лұғат аттүрк
ғылыми мұрасынан көптеген деректер келтірген. М. Қашқари өзінің еңбегінде
табиғи-географиялық жағдайды ескере отырып, Баласағұн екі таудың арасында
орналасқан деген қорытынды жасаған. Олар Ақтөбе Баласағүн қаласының
солтүстік шығысында созылып жатқан Жайсан тауы мен оңтүстігінде Қырғыз
Алатауы екені байқалып тұр.
Ортағасырлық ғалымдардың зерттеулеріне қарасақ. Баласағұнды түркілер әр
түрлі атаған. Ал, М. Қашқаридың деректері бойынша қаланың аты екі сөзден
тұрады: Баласағұн. Бірінші сөз жас деген ұғымды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлытау өңірінің тарихи географиясы (XV ғ. – XIX ғ. соңы)
Қазақ хандығының құрылуы: қазақ хандары Жәнібек және Керей
Тарих толқынындағы көне қалалар
Тараз - мұсылман өркениетінің Орталық Азиядағы орталығы
Тарихи өлкетану материалын тарих сабағында пайдалану әдістері
Жазушы Шерхан Мұртазаның еңбектері
Шу өңіріндегі ортағасырлық қалалар
Туған жерге деген қазақы ұғым, қазақы көзқарас
Алтын Орда дәуіріндегі Сыр бойы қалаларының қалыптасу тарих
Балқаштың биологиялық әртүрлілігі
Пәндер