Атмосфераны ластайтын заттектер және олардың қоршаған ортаға әсері



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2
1 АТМОСФЕРАНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН ГАЗ ҚҰРАМЫ
1.1 Табиғи ауа құрамы және оның маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.2 Атмосфералық ауа сапасын бақылау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
2 АТМОСФЕРАНЫ ЛАСТАЙТЫН ЗАТТЕКТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕРІ
2.1 Атмосферада ластаушы заттардың таралуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
2.2 Ластаушы заттардың өзгеріске ұшырауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
3 АТМОСФЕРАНЫ ШАҢ . ТОЗАҢНАН ТАЗАРТУ ӘДІСТЕРІ
3.1Өндірісте түзілген шаң . тозаң бөлшектерінің формасы ... ... ... ... ... ... ... .16
3.2 Шаңдарды тазарту әдістерінің құрылысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
3.3 Газ қоспасын азот тотықтарынан тазарту тәсілі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
3.4 Атмосфераны қоғау туралы іс . шара ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29
Жұмыстың өзектілігі: Қашанда aдaмның тәні мен жанына дауа болатын фактордың бірі – таза ауа. Тал-ағаш, өсімдіксіз таза ауа өнбейтіні мәлім. Сондықтан жасылдандыру бүгін аса маңызды экологиялық, қоғамдық мәселеге айналып отыр.
Ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ерекше назарда ұстап, қала мен ауыл, елді мекендерді, айналаны көгалдандыруды қоғам алдындағы үлкен міндет қылып қойды.
Өнеркәсіп өндірісінің жедел дамуы, техникалық прогресс, іштен жану двигательдерінің траспортта кеңінен қолданылуы атмосфераға бөлінетін газ молшерін арттырып, ауа сапасының төмендеуіне әкеліп соқтырып отыр. Қалыптасқан жағдайларда қарағанда-өндіріс, өнеркәсіп орындарының әлі де қалдықсыз технология саласын жетік меңгере алмағандығынан, атмосфераға әуә кеңістігін ластаушы заттар шығарылып тұрады.
1. Бозшатаева Г. Т.,Оспанова Г. С. «Экология». Алматы – 2002
2. Бродский А. К. «Жалпы экология». Алматы – 1997
3. Жатқанбаев Ж. Ж. «Экология негіздері». Алматы – 2003
4. «Қала мен Дала» газеті, «Экологияның өзекті мәселелері» атты мақала, 2005 ж.26 мамыр.
5. Қазақстан Республикасының «Қоршаған ортаны қоғау туралы» заңы, Алматы. 2007.
6. Абралиев О. Жер ресурстары ластануының экология-экономикалық зияны (текст) – Естественная экология – 2003ж.
7. Ақбасова А.Ж., Жамалбеков Е.Ү., Қалыбеков Т., Қолұшпаева А.Т., Рысбеков Қ.Б., Саинова Г.Ә., Сәндібеков М.Н. Экологиялық энциклопедия – Алматы, 2007ж. – 303б.
8. Қойшыбаев М. Өсімдік қорғау және экология (текст) – Атамекен –2008ж. 10-15 сәуір. 3-бет
9. Неклюкова Н.П. Жалпы жер тану. Алматы, 1980.
10. Пономарева М.Н. Экология растений с основами биогеценологии. 2004.
11. Двораковский М.С. Экология растений. М; 1983.
12. Қосанов О.С. Экология және адам экологиясы.
13. Ә. Бейсенова, А. Самақова, Т.Есполов, Ж. Шілдебаев Экология және табиғатты тиімді пайдалану, Алматы.-2004,328 бет.
14. Атмосфера // Энциклопедический словарь Брокгауза и Ефрона: В 86 томах (82 т. и 4 доп.) — СПб., 1890—1907.
15. http://geography.kz/slovar/atmosfera/
16. rysiourieremig.narod2.ru/google-1551.htm
17. Сағынбаев Г.К. Экология негіздері. Алматы. 1995.
18. Әлімбеков. Табиғатты пайдалану және оны қорғау негіздері.
19. Саданов А.Қ. Әбжәлелов А.Б: Асқарова Ұ.Б. Экология. Алматы.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2
1 АТМОСФЕРАНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН ГАЗ ҚҰРАМЫ
1.1 Табиғи ауа құрамы және оның
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.2 Атмосфералық ауа сапасын
бақылау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
2 АТМОСФЕРАНЫ ЛАСТАЙТЫН ЗАТТЕКТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕРІ
2.1 Атмосферада ластаушы заттардың
таралуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
2.2 Ластаушы заттардың өзгеріске
ұшырауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
3 АТМОСФЕРАНЫ ШАҢ – ТОЗАҢНАН ТАЗАРТУ ӘДІСТЕРІ
3.1Өндірісте түзілген шаң – тозаң бөлшектерінің
формасы ... ... ... ... ... ... ... .16
3.2 Шаңдарды тазарту әдістерінің
құрылысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 20
3.3 Газ қоспасын азот тотықтарынан тазарту
тәсілі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ..24
3.4 Атмосфераны қоғау туралы іс –
шара ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .28
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29

Кіріспе

Жұмыстың өзектілігі: Қашанда aдaмның тәні мен жанына дауа болатын
фактордың бірі – таза ауа. Тал-ағаш, өсімдіксіз таза ауа өнбейтіні мәлім.
Сондықтан жасылдандыру бүгін аса маңызды экологиялық, қоғамдық мәселеге
айналып отыр.
Ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ерекше назарда ұстап, қала
мен ауыл, елді мекендерді, айналаны көгалдандыруды қоғам алдындағы үлкен
міндет қылып қойды.
Өнеркәсіп өндірісінің жедел дамуы, техникалық прогресс, іштен жану
двигательдерінің траспортта кеңінен қолданылуы атмосфераға бөлінетін газ
молшерін арттырып, ауа сапасының төмендеуіне әкеліп соқтырып отыр.
Қалыптасқан жағдайларда қарағанда-өндіріс, өнеркәсіп орындарының әлі де
қалдықсыз технология саласын жетік меңгере алмағандығынан, атмосфераға әуә
кеңістігін ластаушы заттар шығарылып тұрады. Тек соңғы жылдардың өзінде
дүние жүзі ғалымдары табиғат апаттарының барынша жиілеп, ауа райының
айрықша жылылық танытуын атмосфераға көміртегі газының шектен тыс бөлінуі
мен қоршаған ортаны жаппай аяусыз ластаудың салдарынан деп түсіндіруде.
Бұдан бірнеше ондаған жыл бұрын Ю.А.Израиль мен М.И.Будыко ауа райының күрт
өзгеріске ұшырауын пайдалы қазбаларды отын үшін жағып, мәшинелерге жаққан
жанар майларды пайдаланумен, көміртегі газының көп тарауымен ауа райының
жылынуына әкеліп соғып, Солтүстік мұзды мұхит пен Грен­ландиядағы және
Антарктидадағы мұздардың еруі мәңгі тоң аймақтарының жібуіне әсер етеді.
Сол кезде ғалымдардың біразы бұл пікірге қарсы шыққан-тұғын. Себебі,
1940-65 жылдары көміртегінің шығарылуы азаймаса да, ауа райында сондайлық
жылылық байқала қоймады. Тіпті, бұдан миллиондаған жылдар бұрын атмосфера
қабатына аталмыш газдың көтерілуі екі есеге дейін көбейсе де, ауа райы жылы
қабақ таныта қоймаған болатын. Бұдан шығатын қорытынды – қанша озық үлгілі
техника мен құрал-жабдық пайдаланылса да, оған қанша қаражат бөлінсе де
ғалымдар ауа райын ұзақ мерзім бұрын алдын ала болжау мүмкіндігіне қол
жеткізе қойған жоқ.
Жұмыстың мақсаты: Атмосферада ластаушы заттардың таралмауын қамтамасыз
ету, ауадағы ластаушы заттардың әуе кеңістігінде өзгеріске ұшырамауын
қадағалау және талдау.
Жұмыстың міндеті: Атмосфералық ауадағы зиянды заттардың сапалық және
сандық құрамын, сондай – ақ атмосфералық ауаға зиянды физикалық әсер етуін
анықтау қажет.
- Атмосфералық ауаны қоғау жөніндегі мемлекеттік бағдарламалардың
орындалуын қамтамасыз ету керек.
- Ауа атмосферасының жағдайы ауаға ластанған қалдықтардың көптеп
шығарылуын азайту.
- Атмосфераны қорғау туралы іс – шараны қолға алу.
Құрылымы: кіріспеден, 3 – негізгі бөлімнен, 5 – кестеден, 3 –
суреттен, 9 – формуладан, қорытынды және пайдаланған әдебиеттен тұрады.

1 АТМОСФЕРАНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН ГАЗ ҚҰРАМЫ

1.2 Табиғи ауа құрамы және оның маңызы
Атмосфера деген атау гректің екі сөзінен: atmos –ауа және phaira-шар,
алынған. Көбіне өзіміздің тіршілігімізде қолданатын ауаны біз атмосфера деп
атай береміз. Бірақ-та, бұл ұғым дұрыс емес, себебі ауа атмосфераньң
негізгі бөлігінің бірі ғана.Атмосфера әр түрлі газ, су буы және ауа тозаңы
бөлшектерінің қоспаларынан тұратын Жердің газ тәрізді қабықшасы. Ауа осы
газды қабаттың жерге жақын орналасқан бөлігінде шоғырланады және бұл ең
тығыздығы қабат болып саналады. Жоғары биіктікке көтерілген сайын
атмосфералық қысым төмендеп отырады (1 – кесте).

1 – кесте Атмосфералық ауаның биіктігі мен қысымы

Биіктік (км) 0 1
Азот % 78,09
Оттегі % 20,95
Аргон % 0,93
Көміртегі диоксиді % 0,02-0,04
Көміртегі Мгм3 0,2
Метан Мгм3 0,8-1,5
Күкіртті ангидрид Мгм3 60
Озон Мгм3 0-10
Азот оксиді Мкгм3 1-2
Азот диоксиді Мкгм3 2-9
Күкіртті сутегі Мкгм3 20
Аммиак Мкгм3 20-40
Формальдегид Мкгм3 20
Иод Мкгм3 1
Хлор Мкгм3 8

Барлық қалалардағы жыл ішінде шаңның орта есеппен шоғырлануы,
белгіленген нормадан асып кетеді. Мысалы, күкірт пен азоттың қос тотықтары
30-38 есе артық. Әсіресе, ауаның ерекше улы заттармен улануы өте жоғары.
Еліміздің 46 қаласында, ең алдымен қара және түсті металлургия орналасқан
кәсіпорындарда (әсіресе алюминий өнеркәсібі бар қалаларда, қатты отынды
пайдаланатын ірі жылу электр орталықтары мен қазандықтарында) 3,4-
бензапиреннің орташа концентрациясы 5 еседей асып кеткен.
Байқау жұргізілген 161 қаланың 17-сінде, қорғасын мөлшері көбейген.
Түсті металлургия кәсіпорындары орналасқан – Зырянов, Лениногор, Өскемен,
Рудный, Пристань қалаларында олардың мөлшері орташа деңгейден жоғары болған
[2].
Түсті металлургия мен минералдық тыңайтқыштар өндіретін
кәсіпорындардан шығатын қоқыстар ауаны фторлы сутегімен елеулі түрде
ластайды. Алмалық қаласында фторлы сутегі, тиісті деңгейден 5 еседей
жоғары. Қалалардың 87 пайызында, фторлы сутегінің максималь концентрациясы
жоғары болған. Мұның өзі, өнеркәсіп орындарындағы технологиялық
қондырғылардан шыққан қоқыстардан және технологиялық режимінің бұзылуынан
деп бағалауға болады.
Анализ деректеріне қарағанда, ауаға лас заттардың түсетін негізгі
көздер - өнеркәсіп орындары мен автотранспорттары екендігі анықталады. 1987
жылы КСРО территориясында 46 мың өнеркәсіп шыққан қоқыстардың жалпы
жиынтығы 63,5 млн.тонна болды.
Атмосфераның құрылымы мен құрамы: Жер бетінің газ күйіндегі қабаты –
атмосфера деп аталынады. Оның массасы 5.9х1015 тоннаға тең.
Атмосфера – мезосфера мен тропосфера қабаттарынан тұрады. Әрбір
қабатта ауа мөлшері мен температурасы әр түрлі болады.
Жер бетіне ең жақын атмосфера қабаты – тропосфераның қалыңдығы 10-12
км (орта еңдікте теңіз деңгейінен есептегенде) , ал полюсте 7-10, экваторда
16-18 км шамасын құрайды. Тропосферағы массасының 45 бөлігі келеді.
Тропосферадағы биіктік бойынша әрбір 100м сайын температура
0,60С-а өзгеріп, оның мәні +40 0С-тан – 50 0С аралығында орналасқан.
Тропосфераның жоғарғы бөлігі стратосерамен алмасады. Оларды
жалғастырушы тропопауза болып табылады. Әр түрлі ендік аймақтарында екі не
үш тропопауза қабаттары кездеседі.
Стратосфераның қалыңдығы 40 км-ге жуық. Бұл қабатта ауа сирек және
ылғалдылық төмен. Тропосфераның жанасқан шекаралықтан 30 км биіктікке дейін
ауа температурасы тұрақы, яғни - 50 0С шамасында. Ал онан соң температура
көтеріле бастайды да, 50 км биіктікке ол 10 0С-қа жетеді. Стратосферада күн
сәулесінің ультракүлгін және космос сәулелерінің қысқа толқынды бөліктері
арқылы ауа молекулалары ионданады және озон түзіледі.
Озон қабаты 25-40 км-дей биіктікке орналасқан. Мезосфера мен стратосфера
аралығы стратопаузамен бөлінген.
Мезосферадан жоғары термосфера (иносфера) орналасқан. Олар мезопауза
арқылы өзара жалғасып жатады.
Термосфера қабаты биіктеген сайын оның температурасы жоғарылай
береді. 150км биіктікте температура мәні 200-240 0С, 200км-де 500 0С, ал
500-600 км биіктікте 1500 0С-тан артық. Термосфера қабатында газдардың
сиректігі соншалықты, олардың молекулалары өте үлкен жылдамдықпен қозғалып
өзара қақтығыспайды.
Күн сәулесінің радиациясы нәтижесінде 70-80 км биіктікте ауа
құрамындағы газда ионданады. Яғни оң зарядты (N+ , H+, O+, O+2 және т.б.)
және теріс зарядты (N-, O-, O-2, CO-3 , NO-2 , NO-3) иондар түзіледі. Бұл
иондар өзара төмендегідей қосылыстар түзеді: NO+.N2; NO+. CO2; NO+. H2;
О2+, (Н2О).
Жер бетінен ең қашық жерде экзосфера орналасқан (қашықтығы 800-ден
1600 км-ге дейін). Экзосферада, атмосферада кездесетін газдарды ұшыратуға
болады. Олардың атомдары әлем кеңістігіне таралып жатады. Бұл газдар
қатарына негізінен сутегі мен гелийді жатызуға болады.
Атмосфераның төменгі қабатындағы ауа құрамы (2 – кестеде берілген)
Атмосферадағы ластайтын заттарды классификациялау. Агрегаттық күйіне қарай,
атмосфераны ластайтын заттарды 4 топқа бөледі. Қатты, сұйық, газ, және
аралас. Сонымен қатар, өніріс қалдықтарының атмосфераға тарайтын бөлігін
төмендегідей етіп те топтайды.
1. Шығару және бақылау жүйелерін үйлестіру бойынша;
2. Ластаушы затты шығару режимі бойынша (үздіксіз-периодты);
3. Температура бойынша (газ-тозаңды қоспаның температурасы ауа
температурасынан жоғары және төмен болады);
4. Шоғырландыру бойынша (негізгі, көмекші өндіріс немесе қосалқы
өндіріс);
5. Тазалау сипты не тәсілдері бойынша (ауаға тазаламай бірден
шығарылатын және жіберілетін заттар) (3 – кестеде)

3-кесте Ауаға таралатын зиянды тазарту және қолдану сипаты бойынша
классификациялау

Үйлестірілген өндіріс қалдығын шығару дегеніміз арнаулы газ жүретін
құрылғы, құбырлар арқылы газды атмосфераға шығару. Үйлестрілмеген өндіріс
қалдығын шығару – газ өнімдерін бейтарап, бағы бағдарсыз атмосфераға
жіберу.
Атмосфераға шығарылатын газдар- біріншілік және екіншілік қалдықтар
деп бөлінеді. Біріншілік қалдықтар өндіріс орнынан, өзге жерден тікелей
атмосфераға шығарылады. Екіншілік қалдықтар – біріншілік қалдықтардың өнімі
бола отырып, біріншілік қалдықтарға қарағанда улылау және зияндылығы жоғары
болады.
Ластаушы көздер. Атмосфера құрамын ластайшы жүйелер –табиғи және
жасанды деп екіге бөлінеді (4 – кесте).

4-кесте Ауаның ластануы

ң

Өнеркәсіп қалдықтарының атмосфералық әуә кеңістігін ластаушы көздерін
төмендегідей етіп топтауға болады.
1. Арнаулы сипаттағы
а) белгілі сүзгі, қондырғылардан, сіңірілуден өткен газдар,
аппараттарды үрлеуден босанған газдар;
ә) желдеткіш жүйелерінен, газ алмастыру барсында шығатын газдар.
2. Орналасу жағдайы бойынша:
а) жел бетінде орналасқан биік мұржалар;
ә) төмен орналасқан қысқа мұржалар;
б) жер бетіндегі өнеркәсіп құбырларының құдығы;
3. Геометриялық түріне қарай:
а) нүктелік мұржа, шахта, желдеткіштер;
ә) сызықтық аэрациялық шамдар, ашық терезелер.
4. Жұмыс жағдайына қарай:
а) үздіксіз;
ә) периодты;
б) дүркін-дүркін
в) лездік
Дүркін-дүркін ластау кезінде, ауаға бірден өте көп мөлшерде зиянды
заттар қосылады. Лездік ластау барысында ластаушы газдар ауаға өте аз уақыт
ішінде тарайды. Яғни, бұл – жарылыс, қопарылыс болған кезде пайда болған
газдар.
Қоршаған ортаның жағдайы мен оны қорғау проблемалары жыл өткен сайын
барынша көкейкесті сипат алуда. Ауа атмосферасының жағдайы ауаға ластанған
қалдықтардың көптеп шығарылуынан нашарлауда [6]. Ауаны ластаушылардың бірі
тұрақты ластау көздері бар кәсіпорындар болып табылады. 2010 жылы облыстың
965 кәсіпорынында ластанған қалдықтарды шығаратын 6 272 тұрақты көзі болды,
олардан 5 197 ұйымдастырылған болса, оның алтыдан бірі бөлігі тазалағыш
құрылғыларымен жабдықталған.
2010 жылы тұрақты ластаушы көздерден шыққан ластағыш заттардың көлемі
988,9 мың тонна құрады, оның 911,1 мың тоннасы немесе 92,1%-ы ұсталып,
зарарсыздандырылды.
2010 жылы облыстың кәсіпорындары атомосфераға 77,7 мың тонна ластанған
қалдықтар шығарған, оның 46,1%-ын қатты бөлшектер, 53,9%-ын газ
түріндегілер және сұйықтар құрайды. Газ түріндегі және сұйық шығарындылар
құрамында 49,9%-ы күкіртті ангидрит, 26,6 - көмір қышқылы, 14,0 - азот
қышқылы болып, 2,1 – көмірсутектер, 4,8 – ұшпалық органикалық қосылыстары,
2,5%-ды - өзге де ластайтын заттар құрайды [14].
Барлық қалалардағы жыл ішінде шаңның орта есеппен шоғырлануы,
белгіленген нормадан асып кетеді. Мысалы, күкірт пен азоттың қос тотықтары
30-38 есе артық. Әсіресе, ауаның ерекше улы заттармен улануы өте жоғары.
Еліміздің 46 қаласында, ең алдымен қара және түсті металлургия орналасқан
кәсіпорындарда (әсіресе алюминий өнеркәсібі бар қалаларда, қатты отынды
пайдаланатын ірі жылу электр орталықтары мен қазандықтарында) 3,4-
бензапиреннің орташа концентрациясы 5 еседей асып кеткен.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында неғұрлым өзекті экологиялық
проблемалар әлі күнге дейін климат пен озон қабатының өзгеруімен, биоалуан
түрліліктің қысқаруымен, шөлейттенумен, су ресурстарының, ауаның
ластануымен, өндіріс және тұтыну қалдықтарының жинақталуымен байланысты
проблемалар болып отыр.
Қазақстан Республикасының 2005 — 2007 жылдарға арналған қоршаған
ортаны қорғау бағдарламасының шеңберінде орындалған Қазақстан
Республикасында парник газдары шығарындыларының көздеріне өткізілген
түгендеудің нәтижелері бойынша соңғы 5 жыл ішінде атмосфераға парник
газдары эмиссияларының жыл сайынғы ұлғаюы 6,7% құрағандығы анықталған.
Қазақстандағы парник газдары эмиссияларының негізгі көзі энергетикалық
қызмет болып қалады, оның үлесі іс жүзінде өзгермеді, 2005 жылы 78,0%
құрады [18].
Атмосфералық ауаның ластануы проблемасы бұдан әрі өз шешімін талап
етеді. Қазіргі уақытта, Қазақстан Республикасы бойынша орташа, бір тұрғынға
есептегенде, атмосфераға жылына 200 кг-дан астам әртүрлі химиялық
қосылыстар шығарылады, ал 2000 жылы бұл көрсеткіш 163 кг-ға тең болатын.
1 - суреттегі графикті талдау көрсеткендей, соңғы жылдары шамамен
ішінде республика бойынша стационарлық көздерден шығарындылардың жылына 3
миллион тонна-деңгейінде тұрақтануы байқалады, ал автомобиль көлігінен
ластаушы заттардың шығарындылары тоқтаусыз өсуде, бұл автокөлік құралдары
санының республика аумағындағы күрт өсуімен шартталған. Атмосфералық ауаның
ластануы проблемасы қалалар үшін неғұрлым өзекті. Республиканың көптеген
ірі қалаларында ауа бассейнін ластауға автокөліктердің үлесі жалпы қалалық
жалпы шығарындыдан 60%-ға және одан да астам, ал Алматы қаласында — 90%-ға
жетеді.

1-сурет — Қазақстан Республикасының стационарлық және жылжымалы көздерінен
жалпы шығарындылары санының динамикасы, мың тонна.

Қазақстан Республикасында атмосфералық ауаның стационарлық көздерінен
ластануының негізгі себептері мыналар болып табылады: көптеген
өндірістердің ескірген технологиялары; тозаң және газ тазартқыш
қондырғыларының жеткіліксіз саны; бар тазарту қондырғыларының
тиімділігінің; жұмыстың технологиялық режимін бұзушылық; энергетикада төмен
сапалы көмірлерді пайдалану.

2-сурет — Қазақстан Республикасы қалаларының ластану индексінің динамикасы

2006 жылы 2005 жылмен салыстырғанда Астана, Теміртау, Павлодар
қалаларында атмосфералық ауаның ластану-деңгейі едәуір артты. Ақтау,
Ақтөбе, Атырау, Балқаш, Қостанай, Петропавл, Риддер, Тараз, Орал, Екібастұз
қалаларында және Глубокое кентінде атмосфералық ауаның ластану-деңгейі аса
өзгерген жоқ, Алматы, Қарағанды, Семей, Өскемен және Шымкент қалаларында —
төмендеген (2-сурет).
Қазақстан Республикасы аумағында бұрынғы Семей сынақ ядролық
полигонының қызметімен, атом өнеркәсібі кешені кәсіпорындарының қызметімен,
радиоактивті элементтердің жоғары құрамы бар пайдалы қазбаларды өндірумен
және өңдеумен, халықтың мекендеу орындарындағы және ауыз сумен қамтамасыз
ету үшін пайдаланылатын жер асты суларындағы табиғи радиоактивті
аномалиялармен негізделген радиациялық ахуалдың асқынуы Қазақстан
Республикасының 2005 — 2007 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау
бағдарламасы шеңберінде орындалған зерттеулермен расталады [16].

2 АТМОСФЕРАНЫ ЛАСТАЙТЫН ЗАТТЕКТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕРІ

2.1 Атмосферада ластаушы заттардың таралуы
Қоршаған ортаға енген немесе шектен тыс мөлшерде пайда болған және
ортаны ластайтын кез-келген физикалық агенттерді, химиялық заттектерді
және биологиялык микроорганизмдерді ластағыштар деп атайды.
Ластағыш заттектердің коршаған ортаға әсері физикалық, химиялық
қасиеттеріне, олардың ыдырауы арқылы пайда болған өнімдердің қасиеттеріне
және қоршаған ортаға тасталған әр түрлі өндіріс шығарындыларының
мөлшеріне байланысты. Ластағыштардың атмосферада таралуын анықтайтын ең
негізгі параметрге олардың атмосферада болатын уақыты жатады. Осыған
байланысты ластаушы заттектердің өзі немесе шығарындылар үш түрге бөлінеді:
* әлемдік көлемде ластайтындар - кай жерде шығарылса да қоршаған ортада
әлемдік аумақта тарайтын кабілеті барлар, атмосферада көп уақыт бойы
(бірнеше жыл немесе айлар) сақталатын шығарынды (тастанды) заттектер
(көмір кышқыл газы, фреондар, жартылай ыдырау мерзімі бір айдан жоғары
радионуклидтср);
* аймактық. (региондьқ) көлемде ластайтындар (бірнеше мемлекеттердің
территориясы немесе бір елдің едәуір әкімшіліктік бөлігі кіруі мүмкін) -
үлкен аймақты ластайтын, бірақ-та оның мөлшері осы жердің шекарасынан
асқасын тез төмендегеніне қарамай ластанудың іздік мөлшерде жан-жаққа
таралып, шектеулі уақыт (әдетте бірнеше тәулік) бойы атмосферада сақталатын
шығарынды заттектер (күкірт пен азот оксидтсрі, пестицидтер, ауыр
металдар);
* жергілікті көлемде ластайтындар (бір жердің шеңбсрінен аспайтын) -
атмосферада аз уақыт қана сақталатын шығарынды заттектер (ірі дисперсиялык
аэрозольдар, күкіртті сутек және басқа заттектер, сонымен қатар жоғарыда
келтірілген түрлердің өкілдері, мысалы, аласа көздерден шығатын күкірттің,
азотгың, т.б. оксидтсрі).
Әр түрлі көздерден шығарындының шығу ұзақтығына байланысты олар
үздіксіз және бір дүркінді болып бөлінеді. Апатты жағдайлардағы
шығарындылар бір дүркінділер тобына жатқызылады. Атмосфераға газ тәрізді
ластағыштар мен аэрозольдар түтін мұржалары, аэрациялық шаң тартқыштар және
әр түрлі желдеткіш қондырғылары арқылы тасталады[9].
Жер бетінің температурасы әркелкі болғандықтан, соның нәтижесінде ауа
қысымы әр түрлі болып, ауа ағынынан – жел туындайтын мәлім. Жел
жылдамдылығымен қатар кеңістік бойындағы осьтер бағытында трубленттік
пульсация пайда болады. Аталған пульсация, молекулалық диффузия құбылысымен
қосылып, зиянды әуе кеңістігіне таратады (төмендегі схемаға қараңыз).

Z
Y

X

Мұндағы Х өсі-жел бағытымен сәйкес, У өсі – жел бағытына перпендикуляр
(жазықтық бетінде), ал Z-жер бетіне перпендикуляр.
Әр түрлі бағыттарда ластаушы зат концентрациясы турбулентті диффузияны
сипаттайтын теңдеу бойынша анықталады. Ол:

dc + u dc + v dc + w dc = d kx+ dc + d ky+ dc + d kz+ dc - αc
dt dx dy dz dx dx dy dy dz dz
(1)

Мұндағы: с-сақтаушы зат концентрациясы;
Τ-уақыт;
Άс-концентрацияның түренулерін ескеретін өзгеріс
коэффициенті.
Кх, Ку, Кz-әрбір Х, Ү, Z өсіне сәйкес, трублентті диффузия
коэффиценті. Егер Кх- Ку – Кz болса, онда изотропты трубулентті
диффузия құбылысы байқалады[12].

2.2 Ластаушы заттардың өзгеріске ұшырауы
Атмосфераға бөлінген химиялық заттар – сан түрлі өзгеріске түрленуге
ұшырайды. Бұл өзгерістер сол заттардың атмосферада болу мерзіміне де
байланысты. Атмосферада болу мерзімі деп ластаушы заттардың қоршаған ортаға
шығарылған уақыттан бастап, олардың жауын-шашынмен не өзге құбылыс әсерінен
атмосферадан кеткенге дейінгі уақыт аралығы. Ластаушы заттардың өзгеріске
ұшырауы көбіне күн сәулелерінің әсерінен болады. Кез келген жүйе жарықты
сіңіргенде, оның ішкі энергиясының шамасына тең энергияға артады және онда
төмендегідей өзгеріс сатылары орын алады:
-электрондық деңгейлері қозған молекулалардың түзілуі:

А+hv ← A*.

-флуоресценция құбылысы арқылы дезактивтену:

А* ← A + hv

-өзге молекулалармен қақтығысу нәтижесінде, қозған молекуланың
дезактивтенуі:

А* + Q ← A + Q
-диссоциациялану:

А* ← В + С
(2)

Мұндағы h- Планк тұрақтысы, 6,62 · 10-34 Дж.с.;
v- белгілі фотанға байланысты жиілік;
Q-диссоциялық жылу.
Әуе кеңістігіне орын алатын фотохимиялық өзгерістер ішінде
электронды деңгейлері қозған молекулалардың (А*) диссоциациялануын ерекше
атауға болады. Қоздырылған күй өте тұрақсыз, өйткені ол кезде өнімдерге
айналып отыр.
Тропосфера және стратосфера химиялық түрленулерге негізінен О3, О2,
Н2О, N2O, NO2 молекулаларының фотолиз өнімдері иниццатор болып табылады.
Мысалы:
O2 + hv ← 2O
(3)
O + O2 + M ← O3 + M

Мұндағы: М – артық энегргияны қабылдайтын үшінші зат.
Атмосферада негізінен азоттың бес түрлі қосылысы кездеседі:

N2, NH3, NO, NO2 және N2O

Антропогенді жүйелерден пайда болған азот тотықтары негізінен
азоттың екі валентті сәкес келеді, яғни ол NO, NO2 түрінде кездеседі.
Олардың өзгеріске ұшырауы төмендегідей рекция теңдеулері арқылы
өрнектеледі:

2NO + O2 → 2NO2
NO2 + hv → NO + O
O + O2 → O3
O3 + NO → NO2 + O2
Немесе
O + NO2 → NO + O2
O + NO2 + M → NO3 + M
O + NO + M → NO2 + M
NO3 + NO → 2NO2
NO2 + O3 → NO3 + O2
NO3 + NO2 + M → N2O5 + M

Тропосферада, азот қос тотығы су буы және оттегі қатысында азот
қышқылын түзуі мүмкін, яғни:

4NO2 + 2H2o + O2 → 4HNO3

Озон және оттегінің атомды күйі әр түрлі органикалық қосылыстармен
әрекеттесуге оңай түседі. Қанықпаған көмірсутектердің озонмен әрекеттесуі
нәтижесінде альдегеид түзеді:
О
O3 + RCH = CHR → R – C + RO* + HCO*
(4)
Н

Мұндағы RO*, HCO* - бос радикалдар.
Түзілген альдегидтің фотодиссоциациялануға ұшырауы, төмендегідей
реакция теңдеуімен сипатталады:

О
R-C + hv → R* + HCO*
Н

Пайда болған бос радикалдар оттегімен әрекеттесіп, асқын тотықты
радикалдар (ROO*) түзеді:

R* + O2 → ROO*

Асқын тоықты радикалдар NO-мен әрекеттеседі.

ROO* + NO → NO2 + RO*

Сонымен қатар, асқын тотықты радикалдардың оттегімен әрекеттесу
нәтижесінде, озон пайда болады:

ROO* + O2 → RO* + O3

Төмендегідей теңдеулермен сипатталатын реакциялардың да орын алуы
мүмкін:
RCO2* + NO → RCO* + NO2

RCO* + O2 → RCO3*
RCO2* + O2 → RO2* + CO2
RCO3* + NO → NO2 + RCO2*
RCO3* + NO → RCO3 + NO2

RO* + NO → RONO
RO* + RH → ROH + R*
RH + O → R* + OH

Бос радикалдардың нәтижесінде, әр түрлі заттар, яғни альдегид,
кетон СО, СО2, органикалық нитроқосылыстар және оксиданттар түзіледі.
Оксиданттар құрамына – озон, азот қос тоығы, пероксиацетил-нитрат және т.б.
заттар кіреді [7]
Атмосфералық ауаны ластаушылар ішінде ең кең тараған түрі – отын
жаққанда бөлініп шығатын түтін. Қазіргі уақытта отын ретінде көмірдің әр
түрлі сорттары, мазут, сленец, шымтезек, газ және т. Б. қолданылады. Электр
станциялары, әр түрлі қазандықтар, іштен жану қозғыштары, пештер жұмыс
істеу үшін сұйық және қатты отын түрлері қолданылып, атмосфера құрамында
коміртегі тотығы тотығы, күйе, қарамайлы заттар, күкіртті газ, жеңіл күл
және т.б. заттар бар түтін бөлінеді. Күйе өз алдына улы емес, бірақ ол
канцрогенді қасиет бар қара майлы заттар тасмалдаушы болып табылады.
Адамның денсаулығына әсер етумен қатар, ауадағы түтін қала микроклиматын
нашарлатады. Күкіртті газдың түтін құрамындағы мөлшері де отын түріне
байланысты. Мұнай жанғанда күкіртті газ өте көп бөлінеді. Бірақ, күкіртті
газдың басты көзі – көмір, шымтезек, сленец жағу. Күкіртті газ - өте улы
зат, оның әсері тыныс алу мүшелерін зақымдаудан басталып, асқазан – ішек
жолдарын зақымдап, тотығу – тотықсыздану процесін бұзады, ферментативтік
әрекеті тоқыратып, организмнің иммунобиологиялық реактивтілігін төмендетеді
және орталық жүйке жүйесінің бұзылуына әкеледі. Түтін құрамында
көмірсутекті заттардың шала жануы нәтижесінде пайда болатын коміртегі
тотығының біраз мөлшері болуы мүмкін.
Қара металлургия өндірісі атмосфералық ауаның шаң – тозаңнан күкіртті
газбен, көміртегі тотығымен ластауын туғызады. Түсті металлургия өндірісі
де атмосфераны шаң – тозаңмен және газдармен ластайтын қуатты ластағыш
болып табылады. Бұл мекемелер ауаға шығаратын қалдықтарының құрамында
оларды өте қауіпті жасайтын токсиндік заттар бар. Мұнай өндеу және өндіру
атмосфераға көмірсутектердің, күкіртті сутектің және жағымсыз иісті
газдардың өте көп мөлшерде бөлінуінен себеп болады. Цемент және құрылыс
өндіру – атмосфераның әртүрлі шаң – тозаңмен ластануын туғызады. Химиялық
өнеркәсіп мекемелері атмосфералық ауаны әр түрлі химиялық заттардың
буларымен және газдармен ластануына себеп болады. Олардың көбі өте улы
болып келеді [13].

3 АТМОСФЕРАНЫ ШАҢ – ТОЗАҢНАН ТАЗАРТУ ӘДІСТЕРІ

3.1Өндірісте түзілген шаң – тозаң бөлшектерінің формасы
Өндіріс орындарында, көптеген жұмыс түрлерін: ұнтақтау, ұсақтау –
майдалау, оларды әр түрлі топтарға бөлу және сусымалы заттарды тасмалдау
сияқты процестерді жиі ұшыратуға болады. Мұндай процестер барысында, қатты
түйіршіктердің үнтақталуынан, шаң-тозаң әуеге көтеріліп, құнды заттар, бір
жағынан, шығынға ұшыраса, екінші жағынан, сол кәсіпорын еңбекшілердің тыныс
алу жағдайын нашарлатады.
Шаң - тозаң бөлшектерінің жалпы алатын аудан беті үлкен
болғандықтан, бастапқы заттарға қарағанда ол биологиялық және химиялық
тұрғыдан активтілеу болып келеді.
Өндіріс орындарында туындайтын шаң-тозаң бөлшектерінің формасы әр
түрлі болып келгендіктен, бөлшек мөлшері d (размер частицы) деген анықтама
шартты түрде енгізіледі.
Шаң – тозаңдар мынадай топтарға қатты түйіршіктерден тұрады:
І топ (қатты түйіршітер):
1. Ірі шаңдар, d10мкм;
2. Уақ (майда) шаңдар, d = 1+10мкм;
3. Түтіндер, d1мкм
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АТМОСФЕРАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ МЕН ГАЗДЫҚ ҚҰРАМЫ ТУРАЛЫ
Атмосфераны ластағыштардың құрамы
Атмосфералық ауаны қорғау. Ластағыш заттектердің түрлері
Қоршаған ортаны қорғаудан экологиялық механизмдер
Атмосфераға антропогенді әсердің ықпалдары
Қорғасын шаңынан таллийдi алу үрдiсiнiң технологиясы
Атмосфераның құрылысы мен газдық құрамы
Атмосфера, биосфера, гидросфера
Атмосфераға антропогенді әсердің ықпалы
Антропогендік ластанудың негізгі көздері
Пәндер