Гиподерматоз ауруы және қоздырғышы
Кіріспе
II. Әдебиетке шолу
Гиподерматоз ауруы және қоздырғышы.
Гиподерматоз балаңқұрттарының өсіп . өнуі.
Гиподерматоз ауруының сырт белгілері.
Гиподерматоз ауруын анықтау әдістері.
Гиподерматоз ауруының емі.
III. Негізгі бөлім: Гиподерматоз кезінде сойыс өнімдерін ветеринарлық . санитариялық сараптау және санитарлық бағалау.
1.1. Гиподерматоз кезінде сойыс өнімдерін сезімдік зерттеу.
1.2. Зертханалық зерттеу әдістері.
1.3. Гиподерматоз ауруының алдын . алу, сақтандыру шаралары және санитарлық бағасы.
IV. Қорытынды бөлім
V. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
VI. Қосымшалар

Мал шаруашылығы халқымыздың ежелден келе жатқан ауыл шаруашылығының негізгі саласы. Мал өнімдері халқымыздың басты тағамы болып саналатыны белгілі.
Ауыл шаруашылығындағы басты мәселенің бірі дайын өнімдердің сапасынкөтеру болып табылады, әсіресе ол адам тағамына пайдаланатын өнімдер үшін өте қажет. Тағамдық шикізат өнімдерінің сапасын анықтауда малдәрігерлігі мамандарының орны ерекше.
Мал өнімдерін дайындау барысында, өңдеуде, тасымалдауда, сақтауда және базарда сатқанда малдәрігерлік – санитариялық сараптау жүргізіледі. Дұрыс ұйымдастырылған және жауапты жүргізілетін малдәрігерлік – санитариялық бақылау жұмыстары биологиялық құндылығы жоғары тағамдық өнімдердің шығарылуын қамтамасыз етумен қатар, адамды мал өнімдерінен жұғатын аурулардан сақтайды.
Шаруашылықта, сондай – ақ ет комбинаты тоңазытқыш, темір жол, базардағы малдәрігерлік – санитариялық сараптау лабораторияларында, тағы басқа орындарда жұмыс атқаратын малдәрігері мамандарына үлкен жауапкершілік жүктеледі.

1. М.С. Сабаншиев, - «Паразитология және жануарлардың инвазиялық аурулары», - Алматы: «Дәуір»,2011ж.
2. А.А. Непоклонов, - «Болезни животных, вызываемые оводами», - Москва: «Колос»,1980г.
3. Т. Сайдулдин, - «Орысша – қазақша малдәрігерлігі сөздігі», - Алматы: «Қайнар»,1993ж.
4. В.Н. Бисли, - «Хозяино – паразитарные отношения при заражении подкожными оводами крупного рогатого скота», - Паразитология,1968г., №3.
5. В.А. Поляков, У.Я. Узаков, Г.А. Веселкин, - «Ветеринарная энтомология и арахнология», - Москва: «Агропромиздат»,1990г.
6. В.М. Дмитриев, - «Гиподерматоз крупного рогатого скота в Якутской АССР и причиняемый им экономический ущерб», - Труды ВНИИВС. Тюмень,1965г.
7. Д.И. Благовещенский, С.Н. Павловский, - «К биологии кожного овода Hypoderma bovis De Geer и меры борьбы с ним», - Изв. по прикл. энтомологии,1930г.
8. Д.И. Благовещенский, Г.В. Сердюкова, - «К биологии кожного овода Hypoderma bovis De Geer и организации борьбы с ним в Закавказье», - Паразитологический сборник зоологии института АН СССР,1936г.
9. К.П. Андреев, - «Ветеринарная энтомология и дезинсекция», - Москва: «Колос»,1966г.
10. М.В. Воронин, - «Оводы и меры борьбы с ними», - Москва: «Колос»,1964г.
11. М.В. Дегтярев, Д.В. Ненюков, - «Овод домашних животных и борьба с ним», - Москва: «Ленинград»,1931г.
12. К.Я. Грунин, - «Личинки оводов домашних животных СССР», - Москва: «Ленинград»,1957г.
13. К.Я. Грунин, - «Подкожные оводы», - Фауна СССР,1962г.
14. CH. Boulard, J. Soria, - Possibelite demploi de la reaction d’hemagglutination passiye pour le diagnostic de l’hypodermose en utilisant comme antigene une collegenase brune extradite des larves de ler stade Hypoderma lineatum, - C.R. Acad. Sci.,1970, D-270, N 15.
15. А.С. Мустафаевғ – «Особенности динамики развития подкожного овода крупного рогатого скота в Азербайджанской ССР», - Ветеринария,1960г.
16. К.А. Бреев, - «Борьба с кожным оводом в Западной Европе и США», - Москва: «Ленинград»,1956г.
17. С. Қырықбайұлы, Т.М. Тілеуғали, - «Ветеринариялық – санитариялық сараптау практикумы», - Алматы: «Агропромиздат»,2007ж.
18. К.И. Абдуладзе, - «Паразитология и инвазионные болезни сельскохозяйственных животных», - Москва: «Агропромиздат»,1990г.
19. kk.wikipedia.org/wiki/Бөгелек.
20. Г.И. Куничкин, - «Насекомые возбудители и переносчики болезней сельскохозяйственных животных», - Алма-ата: «Қайнар»,1989г.
21. З.К. Көжебеков, - «Мал аурулары», - Алматы: «Қайнар»,1989ж.
22. Оқыра – Уикипедия, Қазақша Ашық Энциклопедия. Бөгелек – Уикипедия.
23. Н.В. Демидов, - «Гельминтозы животных. Справочник», - Москва: «Агропромиздат»,1987г.
24. Қ. Мухаметалин, - «Малдың паразит аурулары», - Алматы: «Қайнар»,1973ж.
25. Н.Т. Кадыров, - «Паразитология и инвазионные болезни животных», - Астана,2000г.
26. Ж.С. Сматов, А.М. Дубицкий, - «Қос қанатты қан сорғыш насекомдар», - Алматы: «Қайнар»,1966ж.

Жоспар:
Кіріспе
II. Әдебиетке шолу
Гиподерматоз ауруы және қоздырғышы.
Гиподерматоз балаңқұрттарының өсіп – өнуі.
Гиподерматоз ауруының сырт белгілері.
Гиподерматоз ауруын анықтау әдістері.
Гиподерматоз ауруының емі.
III. Негізгі бөлім: Гиподерматоз кезінде сойыс өнімдерін ветеринарлық –
санитариялық сараптау және санитарлық бағалау.
1. Гиподерматоз кезінде сойыс өнімдерін сезімдік зерттеу.
2. Зертханалық зерттеу әдістері.
3. Гиподерматоз ауруының алдын – алу, сақтандыру шаралары және санитарлық
бағасы.
IV. Қорытынды бөлім
V. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
VI. Қосымшалар
Кіріспе
Мал шаруашылығы халқымыздың ежелден келе жатқан ауыл шаруашылығының
негізгі саласы. Мал өнімдері халқымыздың басты тағамы болып саналатыны
белгілі.
Ауыл шаруашылығындағы басты мәселенің бірі дайын өнімдердің
сапасынкөтеру болып табылады, әсіресе ол адам тағамына пайдаланатын өнімдер
үшін өте қажет. Тағамдық шикізат өнімдерінің сапасын анықтауда
малдәрігерлігі мамандарының орны ерекше.
Мал өнімдерін дайындау барысында, өңдеуде, тасымалдауда, сақтауда
және базарда сатқанда малдәрігерлік – санитариялық сараптау жүргізіледі.
Дұрыс ұйымдастырылған және жауапты жүргізілетін малдәрігерлік –
санитариялық бақылау жұмыстары биологиялық құндылығы жоғары тағамдық
өнімдердің шығарылуын қамтамасыз етумен қатар, адамды мал өнімдерінен
жұғатын аурулардан сақтайды.
Шаруашылықта, сондай – ақ ет комбинаты тоңазытқыш, темір жол,
базардағы малдәрігерлік – санитариялық сараптау лабораторияларында, тағы
басқа орындарда жұмыс атқаратын малдәрігері мамандарына үлкен жауапкершілік
жүктеледі.
Малдәрігерлік – санитариялық бақылаудың жүргізілетін орындары жағдайы
мен жұмыс ерекшеліктеріне орай малдәрігерлік мамандарынан тиісті кәсіби
білім мен дағды талап етіледі.
Республикада мал басын көбейту және олардың басын арттыруда
инвазиялық аурулар үлкен кедергілер келтіруде. Қазіргі кездегі мал сою
орындарының жетіспеушілігі малды көбінесе үй жағдайында сою, яғни
ветеринарлық – санитариялық шараларды толық сақтамау инвазиялық ауруларға
үлкен әсер тигізіп отыр.
Инвазиялық ауруға шалдыққан малдарда аурудың клиникалық белгілері,
сипаты көп жағдайда уақытылы байқалмайды. Сондықтан да шаруашылық
жағдайында оларды анықтау қиынға түседі. Инвазиялық аурулардан мал өлім –
жітімге ұшырайды немесе ауру созылмалы түрде өтіп малдан алынатын өнімнің
мөлшері мен сапасының төмендеуіне байланысты шаруашылыққа үлкен
экономикалық зиян келтіреді.
Инвазиялық аурулардың көбінесе созылмалы өтуіне байланысты ауырған
малдардың бірте – бірте қоңы төмендейді, арықтайды, салмағы азаяды,
малдардың етінің, жүнінің сапасы төмендейді, сүт беруі азаяды немесе сүттің
бөлінуі мүлде тоқтайды. Жануарлардың жұқпалы және паразитті ауруларына
төзімділігі нашарлайды, кей жағдайда малдар қысыр қалады.
Көптеген ғалымдардың зерттеуі бойынша гельминт жұмыртқаларымен
зақымданған малдардағы витаминдердің концентрациясы төмендеп, олардың өнім
бергіштігі кемиді. Малдардың ас қорыту жүйелері бұзылу салдарынан денедегі
биохимиялық реакция дұрыс жүрмейді. Соның салдарынан ағзаға қажетті
заттардың жетіспеушілігі туындайды. Гельминттер мал ағзасына механикалық
және уытымен әсер етеді. Ағзаның кілегей қабығын тітіркендіріп, беку
аппаратымен олардың бүтіндігін бұзып, қанталатып, жара пайда болуына және
қабыну үрдісінің дамып, ағзаларының қызметінің бұзылуына әкеп соқтырады.
Гельминттер жануарлардың денесіндегі дайын белоктармен, витаминдермен,
амин қышқылдарымен, басқа да қоректік заттармен қоректенедң, макроденедегі
бұл заттардың жетіспеушілігіне себеп болады. Сонымен қатар, дизбактериоз
тудырады. Гельминттер орналасқан ағзаның қызметін, зат алмасуын және
ағзадағы нейрогуморальды реттеуді олардың морфологиялық тұрғыдан өзгеруіне
мәжбүр етеді.
Ветеринарлық – санитариялық сраптаудың мәні – гельминттермен
зақымданған мал етінің биологиялық құндылығына қарай сапасын анықтап,
осыған байланысты сауда жүйесіне түсетін өнімнің құндылығына байланысты
тұтынушының таңдап алуына мүмкіндік туғызу.
Менің курстық жұмысымның мақсаты – халықты сойыс өнімдерінен жұғатын,
соның ішінде гиподерматоз ауруынан сақтандыру және бұл ауру кезінде сойыс
өнімдеріне ветеринарлық – санитариялық сараптау жүргізу болып табылады.
Осы курстық жұмысымды орындау барысында мынадай міндеттер
айқындалады:
➢ Гиподерматоз ауруы туралы толықтай мәліметтерді қамту.
➢ Бұл ауру кезінде сойыс өнімдеріне сезімдік, зертханалық зерттеулер
жүргізу.
➢ Зерттеу нәтижелеріне байланысты санитарлық баға беру.
➢ Ең бастысы гиподерматоздан сақтандыру шараларын қарастыру.
II. Әдебиетке шолу
Гиподерматоз ауруы және қоздырғышы.
М.С. Сабаншиевтің мәліметі бойынша (2011), гиподерматоз бөгелек
балаңқұрттары тудыратын, жалпы организмнің улануымен, малдың азып –
тозуымен және оқыра орналасқан терінің қабынып, өзгеруімен сипатталатын ірі
қара малының созылмалы ауруы. Қоздырғышы ірі қараның тері астын
мекендейтін Hypoderma туысына жататын бөгелектер.
Гиподерматозбен негізінен ірі қара мал (оның ішінде қодас, өркешті
бұқалар, буйволдар) ауырады. Паразит жылқыларға да жұғып, сирек жағдайда
ауру қоздыра алады.
Ірі қара малының оқырасын Hypoderma bovis – кәдімгі тері асты
бөгелегінің балаңқұрттары және Hypoderma lineatum – оңтүстік тері асты
бөгелегі (өңештік) қоздырады.
Hypoderma bovis бүкіл Қазақстанда, ал Hypoderma lineatum Қазақстанның
оңтүстік – шығыс аймақтарында кездеседі, сондықтан оны оңтүстік бөгелегі
деп те атайды.
Hypoderma bovis - бөгелегі имагосының дене тұрқы 13-15 мм. Денесі
түкті, басындағы түгі сары түсті, күрделі екі көзі мен төбесіндегі нүкте
тәрізді 3 қарапайым көздері және екі қысқа мұртшалары бар. Ауыз мүшелері
толық жетілмеген. Кеудесінің алдыңғы және артқы жақтары ашық сары түкті, ал
ортасы өара түсті, бал арасына ұқсас. Құрсақ жағының орта шені қара түкті,
арт жағы қызғылт сары түкті. Қанаттары ашық көгілдір түсті.
Hypoderma lineatum – дене тұрқы сәл кішірек – 11мм. Оның құрсақ
жағының алды сары түкті, арты – қызғылт сары түкті, ал қанаттары қоңыр
түсті. Кеудесі 3 буылтыұтан, ал құрсақ жағы 5 буылтықтан құралған. Оның 3
аяқтры, қос қанаты бар. Жетілмеген екінші жұп қанаттары ызылдауық үн
шығарады.
А.А. Непоклоновтың айтуы бойынша (1980), гиподерматоз – тері асты
бөгелектері тудыратын ірі қараның жасырын өтетін ауруы. Ол жалпы
организмнің улануымен, малдың өнім беруінің азаюымен, бөгелек орналасқан
жердің қабынуымен сипатталатын ауру. Ірі қараның тері асты бөгелектері қос
қанатты жәндіктердің жоғарғы тобына жатады. Олар Hypodermatidae
тұқымдастығына, Hypodermatinae туыстығына, Hypoderma Latreille тұқымына
жатады. Ірі қарада бұл тұқымдастықтың екі түрі кездеседі. Hypoderma bovis
De Geer – қарапайым тері асты бөгелегі, Hypoderma lineatum De Villers –
оңтүстік тері асты бөгелегі.
Т. Сайдулдиннің мәліметі бойынша (1993), ірі қараның гиподерматозы
(сәйгел, оқыра) Hypodermatidae тұқымы, Hypoderma туыстығының Hypoderma
bovis (үлкен тері асты жұлын бөгелегі) және Hypoderma lineatum (кіші тері
асты өңеш бөгелегі) түрлерінің тері асты шелінде тоғышарлығынантуындайтын
ауруы.
В.Н. Бислидің мәліметіне сүйенсек (1968), гиподерматоз Қазақстанның
ірі қара малдарында, әсіресе Орталық, Солтүстік, Батыс өңірлерінде кеңінен
таралған ауралардың бірі. Кейде гиподерма бөгелектері қой, ешкі, жылқы,
сиректеу жағдайда адамда табылғаны ғылымға мәлім. Табиғи жағдайда жайылымда
болған малдардың 3 жасқа дейінгілерінің барлығында ауруға шалдығу деңгейі
өте жоғары. Күзден қысқа дейін туған бұзауларда гиподерматоз байқалмайды.
Аурудың таралуына әдетте шеттен келген ветеринариялық мамандардың
қадағалауынсыз әкелінген және жергілікті жердегі ауру мал себеп болады.
В.А. Поляковтың дерегі бойынша (1990), жылқының гиподерматозы –
сирек кездесетін ауру. Көбінесе бұл ауру ірі қарамен бірге бағылған
жылқыларда кездеседі. Ірі қарадағы сияқты, жылқыларда да бөлек бөлек
бұлтықтар пайда болуы мүмкін.
У.Я. Узаковтың мәліметі бойынша (1990), қойдың гиподерматозы –
жылқыдағы сияқты сирек кездеседі. Бұл ауру бөгелектердің ұшу кезеңінде ірі
қарамен қойды бірге баққанда кездесуі мүмкін. Бұл инвазияның клиникалық
белгісі арық, әлсіз қойларда кездесуі мүмкін.
Г.А. Веселкиннің айтуы бойынша (1990), оқыра – сиырдың инвазиялық
созылмалы ауруы. Қоздырғышы – Hypoderma туысына жататын бөгелектердің
(H.bovіs, H.lіneatum) дернәсілдері. Оқырамен сиыр, буйвол, қодас, зебу, жас
мал ауырады. Жылқыда сирек кездеседі. Оқырамен ауырған малдың сүті, салмағы
кемиді. Оқыра дернәсілі мал терісін тесіп, жарақаттайтындықтан, терісінің
сапасы 30 – 50%-ға төмендейді.

М.С. Сабаншиевтің дерегіне сүйенер болсақ (2011), оқыра
бөгелектерінің өсіп – өнуі бір –біріне ұқсас. Олардың ұрғашылары ұрықтанған
соң ірі қараның шабына, аяқтарына көптеген жұмыртқа салады. H.bovіs ызыңдап
ұшып жүріп, малдың түгіне жұмыртқаларын желімдеп кетеді, ал H.lіneatum
ешбір дыбыссыз, жатқан малға жасырын келіп, жұмыртқаларын жабыстырып
кетеді.
Бір бөгелектің ұрғашысы – 800-ге жуық жұмыртқа салады. Қолайлы
жағдайда бөгелек жұмыртқаларынан І сатыдағы балаңқұрттар тұмсығымен теріні
тесіп, ет пен терінің арасына енеді. Сонан соң H.bovіs балаңқұрттары ірі
қан мен жүйке тамырларын бойлап, малдың жотасына қарай жылжиды. Мал
жотасына жеткен соң омыртқа аралық ұлпаға еніп, жұлынның майлы қабатына
орын тебеді. Ал, тері астына енген H.lіneatum балаңқұрттары өңешке жылжып,
өңештің кілегей қабатының астына барып орнығады.
Өңеш пен жұлында балаңқұрттар 5-6 айдай мекендейді. Сонан соң, олар
ірі қараның жотасы мен бел тұсына қарай жылжып орын ауыстырады. Тері астына
жеткен І балаңқұрттың маңына дәнекер ұлпадан қабықша түзіледі.
Балаңқұрттардың одан әрі дамуына оттегі керек. Сол себептен де олар теріні
тесіп, 1-8 тәуліктен соң түлеп, ІІ сатыдағы балаңқұртқа айналады. Бірнеше
тәуліктен соң ІІІ сатыдағы балаңқұрттар түзіледі. Бұл сатыдағы балаңқұрттар
терідегі тесік арқылы жерге түсіп, 1-2 тәулік ішінде топыраққа еніп,
қуыршақ сатысына айналады. Қуыршақтан 20-40 тәулікте бөгелектің ересектер
дамып,
қанаттары кепкен соң ұша бастайды.
Т. Сайдулдиннің мәліметі бойынша (1993), гиподерматозға төмен
деңгейде шалдығу негізінен жабық үлгідегі ірі қара мал кешендерінде
тіркелген. Сонымен қатар, гиподерманың мал басын көп қамтуы індетке қарсы
арнайы шараларды уақытылы немесе сапасыз жүргізілген, қолданылған
препараттың сақталу мен қолдану дозасының ережесін ескермегеннен болады.
Ересек бөгелектің жаппай ұшуы желсіз, тынық жылы және ашық күндері малды
мазалауымен байқалады. Бұл кезде мал қатты тынышсызданып, құйрықтарын
көтере бас сауғалап көлеңкелі ағаш немесе суға тығылады. Үлкен тері асты
бөгелегі әр қылшыққа біреуден, ал кіші түрі екеу – үшеуден жұмыртқа салады.
Жылына 1 генерация ұрпақ береді. Жазы ыстық, құрғақшылық жылдары инвазия
жиілігі артады.
В.М. Дмитриевтің ақпаратына сүйенсек (1965), ұрғашы бөгелек маусым –
шілде айларында ұрықтанған соң 1 – 2 сағаттан кейін малға қонып 800 (H.
bovіs), 450 (H. lіneatum) жұмыртқа салады. Бұдан 3 – 5 тәулікте дернәсіл
дамиды да, ол мал терісін тесіп, тері астына енеді. Мұнда күрделі дамып,
екі рет түлеп, көбінесе малдың арқа терісінің астында 3 – 5 ай мекендейді.
Дернәсіл тұрған жер ісінеді, жұқарып, тесік пайда болады. Бұдан жерге
түскен дернәсіл топыраққа еніп, 20 – 60 күнде ересек бөгелекке айналады.
Д.И. Благовещенский мен Е.Н. Павловскийдің мәліметтері бойынша
(1930), 13,5 – 26,4температурада және 53-73 ылғалдылықта
қуыршақтану фазасының ұзақтығы жұлын бөгелегінде – 24-30күнге, өңеш
бөгелегінде – 27-30 күнге тең. Ал, 10-2температурада және 60-80
ылғалдылықта 34-44 күнге созылады.
П.В. Семеновтың ақпараты бойынша (1965), Алтай төңірегінде мамыр
айында қуыршақтанған балапанқұрттан бөгелек 34-40 күннен кейін ұшып шығады,
маусым айындағы қуыршақтанғанынан 31-36 күннен кейін ұшып шығады.
К.П. Андреевтің дерегіне сүйенсек (1966), оқыра Қазақстанның барлық
облыстарында кездеседі. Бұл ауруға ірі қара жаздың ыстық күндерінде
шалдығады. Оған әсіресе жас мал бейім. Кейбір жеке шаруашылықтар оқыраға
қарсы тиісті шараларды жүргізбейді, осының кесірінен келесі жылдары оқыра
жаппай таралуы мүмкін. Оқыра бөгелегі өте өсімтал. Бір ұрғашы бөгелек 2-3
аптада 800-ге дейін жұмыртқа шашып, 30-40 малды ауруға шалдықтыра алады.
В.М. Дмитриев бойынша (1965), Якутияда қуыршақтану фазасының созылуы
24-49 күнді құрайды.
Ц. Дорж бойынша (1968), Монғолияда қуыршақтану фазасы орта есеппен
47,5 күнді құрайды.
В.Ф. Галаттың ақпараты бойынша (1966), Украинанның Батыс аймағында
мамыр айында түскен балапанқұрттың қуыршақтану фазасы - 39,7 күнге, маусым
айында түскен балапанқұрттың қуыршақтануы - 32,2 күнге, шілдедегі – 33,5
күнге, тамыздағы – 50,7 күнге созылады.
Г.И. Куничкиннің мәліметі бойынша (1970), Қазақстанның (ССР) Шымкент
және Алматы облыстарында ІІІ сатыдағы балапаңқұрттарының қуыршақтану уақыты
48 сағатқа, ал қоршаған ортаның температурасы мен балапаңқұрттардың түсу
уақытына байланысты қуыршақтану фазасының созылуы 16 – 44 күнге дейін
созылады.
Л.Ф. Ромашованың айтуы бойынша (1958), Қырғыз аймақтарында
балапанқұрттардың қуыршақтануы 15температурада бір күнде өтеді. Ал,
жазғы жайылымдарда 10 температурада 3 күнге созылады. Қуыршақтану
фазасының ұзақтығы ақпан – сәуір айларында 88 күн, мамыр – маусым айларында
24 күн.
А.П. Камарлидің мәліметіне сүйенер болсақ (1970), бұл зонаға
қуыршақтанудың жалғасуы 3-5 күнге, ал қуыршақтану фазасы 27-47 күнге
созылады.
С.А. Сомовтың дерегі бойынша (1970), Красноярск өлкесінде өңеш
бөгелегінің қуыршақтану фазасы орта есеппен 31 күн, жұлын бөгелегінікі 35-
37 күн. Бұл келтірілген мәліметтер бойынша өңеш бөгелегінің қуыршақтану
фазасы жұлын бөгелегіне қарағанда уақыты қысқалау.
W. Bevan мен E. Edwards мәліметтері бойынша (1951), Англияда өңеш
және жұлын балапанқұртының жануардың тері астына ену қатынасы әр түрлі
мезгілде келесідей: 5-ші наурызға дейін – 100:0, 10-шы наурызға дейін –
80:20, 1-ші сәуірге дейін – 50:50, 5-ші мамырға дейін – 5:95, 10-шы
мамырдан кейін – 0:100.
Гиподерматоз ауруының сырт белгілері.
М.С. Сабаншиевтің мәліметі бойынша (2011), ұшып жүрген бөгелектің
ызыңынан қорыққан мал тынышсызданып, жөңді жайылмай мазасызданады, қораға,
көлеңкелі жерге, орман – су сағалап қашады немесе суға түсіп тұрады. Осының
әсерінен мал арықтайды, сауын сиырларының сүті кемиді. Бірақ бөгелектің
ұрғашылары малды қуып жүріп немесе олардың жайылымда жатқан жерінде терінің
түгіне жұмыртқаларын жапсырып кетеді. 3-7 тәуліктен кейін жұмыртқалардан
шыққан балаңқұрттар теріге ену кезеңінде мал қатты ауырсынады.
Терінің шелі ісінеді, балаңқұрттар жұлынға немесе өңешке жеткенде, ал
кейін арқа тері астына шыққанда оқыраның клиникалық белгілері айқын
білінеді. Жұлынға барған балаңқұрттар шоңданай жүйкесін жартылай
салдандырады. Сондықтан, жатқан мал орнынан әрең тұрады, жүргенде арт жағы
шойқалаңдайды. Ал, өңеші зақымдалып, эзофагитке ұшыраған мал жем- шөпті
әрең жұтады, кейде өңеш тығындалып қалуы мүмкін. Аурудың кейінгі сатысында
малдың жотасы мен белінде кішірек түйіндер пайда болады. Сонан соң олар
үлкейіп, ортасында тесігі бар төмпешікке айналады. Балаңқұрттар өскен сайын
төмпешік ішінен жалқаяқ шығып, маңындағы түкті желімдеп тастайды.
Жалқаяқтың әсерінен малдың арқасы жасыл сары түске боялады. Төмпешік
қолға қап-қатты, аздап ыстығы бар, басып көргенде мал ауырсынады. Бір
малдың арқасында орта есеппен 50-150 балаңқұрттар болуы мүмкін. ІІІ
сатыдағы балаңқұрттар жерге түскен соң, алқадағы төмпешік бірте-бірте
дәнекер ұлпамен бітеліп, жазылып кетеді. Бірақ мұндай терінің сапасы өте
төмен болады. Себебі теріні өңдегенде төмпешік тесігін толтырған дәнекер
ұлпа тығын тәрізді шығып кетеді.
М.В. Ворониннің ақпараты бойынша (1964), сыртқы белгілеріне қарай екі
кезеңге бөлуге болады. Алғашқыда бірінші сатыдағы балаңқұрт жұмыртқалардан
дамып, теріні теседі де организмде миграция жасалады. Бұл кезең әдетте
жасырын түрде білінбей өтеді. Кейде жіті бақылап малдың тынышсыздануын,
қышыну, тері астының домбығуын я болмаса кілегейлі жалқаяқтың пайда болуы,
азықты жұтқанда ауырсынуы мен сілекейінің мөлшерден тыс көп бөлінуін, жүру
қабілетінің және орнынан күштеп тұруын аңғаруға болады.
Екінші кезеңде жон арқасын саусақпен сипағанда солтүстікте – ақпан мен
наурыз, ал оңтүстікте – желтоқсан және қаңтар айларынан бастап алғашқыда
төмпешіктерді сезуге болады. Кейіннен соңғыларының ұлғайып, тесіліп
жарылуына әкеп соғады. Бұл уақытта ІІІ сатыдағы балапанқұрт тесілген
өзектен жара тартылмас үшін антеннасын шығарып тыныстайды. Жараның маңайы
сарғылт – жасыл іріңмен желімденеді.
Мал үнемі оларды басы жеткен жерлерін тілімен жалайды, азыққа тәбеті
төмендейді. Өзек ауқымы үлкейген жағдайда саусақпен басып ішіндегі ІІІ
сатыдағы балапанқұртты іріңмен қоса қысып шығаруға болады. Кей жылдары ауру
малдың жон арқасының тері астында 200-ге тарта балапанқұрт мекендейді. Ауру
малдың терісі қатайып, сауын сиырда сүті қашады, жас малдың салмақ қосуы
күрт төмендейді.
А.А. Непоклоновтың дерегі бойынша (1980), гиподерматоздың алғашқы
клиникалық белгілері тері асты бөгелектерінің балаңқұрттарының жұмыртқадан
шығып, жануардың денесіне енген кезде басталады. Белгілері анық байқалмайды
және оларды көру қиынға соғады. Жануарларда қышыну, тері асты
клетчаткасының ісінуі, балапанқұрттармен зақымданған жерлердің ауырсынуы
байқалады. Өңеш бөгелегімен қарқынды зақымданған кезде жануарлардың азықты
қабылдауы қиынға түседі. Ал, бөгелектер көп мөлшерде сүйек майын
зақымдағанда артқы аяқтың салдануы болуы мүмкін.
Гиподерматоз ауруын анықтау әдістері.
М.С. Сабаншиевтің дерегіне сүйенер болсақ (2011), қыстың аяғында
гиподерматозға шалдыққан малды қарап зерттейді, арқа жотасының екі жағын
алақанмен сипап немесе саусақтарымен басып көреді.
Мал жотасының екі жағын, шоқтықтан бастап құйымшаққа дейінгі аумақты
сипайды. Мұндайда ІІ немесе ІІІ сатыдағы балаңқұрттарды түгел санап шығуға
болады. Бір малдан табылған балаңқұрттардың саны инвазияның интенсивтілігі
(ИИ) болып табылады. Табындағы ауру мал санының ппайыздық көрсеткіші
инвазияның экстенсивтілігі (ИЭ) деп көрсетіледі. ІІІ сатыдағы
балаңқұрттарының түрін ажырату үшін олардың перитремасын зерттеу қажет.
М.В. Дегтяревтің айтуы бойынша (1931), иммунобиологиялық балаудың
тәсілі ретінде гиподерманың екі түріне жататын личинкаларынан дайындалған
аллергенді туберкулезге жүргізілетін аллергиялық зерттеу секілді мойынның
тері арасына немесе көзге тамызып анықтайды. Сонымен қатар, соңғы жылдары
жоғарыда көрсетілген антигенді қолдана АР және ТЕГА (РНГА) немесе
эритроциттерден дайындалған диагностикум көмегімен қан сарысуын зерттеудің
тиімді екендігі дәлелденді.
А.А. Непоклоновтың дерегі бойынша (1980), оқыраның диагнозын ІІ – ІІІ
сатыдағы тері асты бөгелектерімен зақымдалған жануардың терісін сипап қарау
арқылы қояды. Жануарларды байқап қарау кезінде тері жамылғысына көңіл
аударады. Гиподерматозбен зақымданған жануарлардың терісі әсәп кетеді.
Теріні сипап қараған кезде аздаған өзгерістерге көңіл аудара отырып мұқият
тексереді. Себебі, балапанқұрттарды алғашқы сатысында байқау өте қиын.
Сондықтан жануар денесіндегі аздаған өзгерістің өзі маңызды.
И.И. Бартнинкастың ақпаратына сүйенсек (1964), тері асты бөгелегінің
личинкасының дайындалған антигеннің көмегімен балапанқұрттармен зақымданған
жануарларда гиподерматоздың алғашқы сатысын анықтауға болады. Бөгелектің
балаңқұртымен инвазияланған ірі қараның 80 агглютинация реакциясына
тері ішіндегі – 78,1, көздегі реакциясы – 73,9. Автордың ойы
бойынша, өндірістік орындарда көбіне тері ішілік реакция жақсы әсер етеді.
Мойын аумағына антигеннің 0,2 мл тері ішіне енгізгенде бір сағаттан кейін
терінің ісінуі басталады, соның ішінде ауру жануарларда 5-6 сағатта ең
үлкен көлемге дейін іседі.
В.З. Ямов, В.И. Потемкин және Н.Г. Калининалар (1976) ірі қараның
гиподерматозын тікелей емес гемагглютинация реакциясы (ТЕГА) арқылы
анықтауға ұсыныс жасаған болатын. Реакция ретінде гиподерматозбен
зақымданған ірі қараның сарысуы мен І және ІІІ сатыдағы гиподерма
балаңқұрттарынан дайындалған эритроцитарлық диагностикум қолданылды.
Д.В. Ненюковтың мәліметі бойынша (1931), патолого – анатомиялық
көріністері негізінен жылдың күз – қыс айларында жұлынның майында, көктемде
жон арқада личинкалардың мекендеуінен орналасқан жерлерінде туындайды.
Әдетте, гиподерманың түрлерін балау мақсатында К.Я. Груниннің (1955)
ажырата балау кестесі қолданылады.
К.Я. Груниннің гиподерманың түрлерін ажырата балау кестесі.
Белгілер Hypoderma bovis Hypoderma lineatum
Ересек бөгелектер Ұзындығы 15-20 мм, Ұзындығы 13 мм-дей түрі
денесі түсті, орта үлкен тері асты
кеудесінің үстіндеқара бөгелегіне ұқсас,
жолақтары бар қалың кеудесінің алдыңғы
түкпен жамылған, басынанбөлігі сұр түсті
денесі жалпақ, төбесіндежолақпен жамылған.
қосымша нүктеге ұқсас үшЕресек аналық
көзі болады. Ауыз ұрықтанғаннан кейін 1-2
аппараты жоқ, қанаттары сағаттан соң 450-ге жуық
сұр, аяқтары жақсы жұмыртқа салады.
жетілген, қомды, бес
сегменттен құралған.
Сопақша ұзын жұмыртқа
салғышы қалыпты жағдайда
ішке тартылып, ұшы үш
түрлі ұсақ түкпен
көмкерілген. Ересек
ұрғашысы 800-ге тарта
жұмыртқа салады.
І-ші сатыдағы личинка Қылшыққа желімденген Қылшыққа желімденген
жұмыртқалардан 3-5 жұмыртқалардан 3-5
күннен соң пайда болған күннен соң пайда болған
личинка иірілген жіп личинка иірілген жіп
секілді, 0,6 мм, жалған секілді, 0,6 мм, жалған
бас, үш кеуде мен сегіз бас, үш кеуде мен сегіз
құрсақ сегменттері құрсақ сегменттері
тікенекпен қаруланған, тікенекпен қаруланған,
ақ немесе ақшыл сары ақ немесе ақшыл сары
түсті. Соңғы сегментте түсті. Соңғы сегментте
қос демтүтік пен аналь қос демтүтік пен аналь
тесігі орналасқан. Үлкентесігі орналасқан. Үлкен
тері асты бөгелегі тері асты бөгелегі
личинкалары – арқаның личинкалары – арқаның
тері асты май шелінде, тері асты май шелінде,
кіші тері асты бөгелегі кіші тері асты бөгелегі
личинкасы – өңеште личинкасы – өңеште
орналасады. орналасады.
ІІ-ші сатыдағы личинка Тұрқы сопақша ұзындау Тұрқы үлкен тері асты
18-20 мм. Ауыз маңында бөгелегінің
тікенегі жоқ, жетінші личинкаларына ұқсас, тек
сегментке дейін арқа жетінші сегменттері
тұсы тікенмен айнала тікенмен
қаруланған, ал құрсақ қаруланған.
жағының төмеңгі
сегменттерінде олар жоқ.
ІІІ-ші сатыдағы личинка Ұзындығы 16-28 мм-дей, Ұзындығы 15-24 мм-дей,
денесі қомды, морфологиялық құрылымы
демтүтіктері май құйғыш бойынша үлкен бөгелек
тәпізді, алғашқы кезеңдетүрінен демтүтіктерінің
– қоңыр, соңында – қара – жайпақ, тікенектерінің
қоңыр түсті. Вентральды он бірінші сегментте
жағында тікенектері аяқталуымен және
оныншы бунақта соңғыларының алдыңғы
аяқталады. сегменттерінің астыңғы
Сегменттерінің шеттері жағында уақ тікенекше
жақсы жетілген. Өзекте жолақтарының болуымен
55-75 күн дамиды. ерекшеленеді. Өзекте
тіршілік ету ұзақтығы
45-55 күн.
Гиподерматоз ауруының емі.
А.А. Непоклонов дерегі бойынша (1980), АҚШ-та тері асты бөгелегіне
қарсы құрамында 5 ротенон бар ұнтақтан алынған 10 сулы
суспензиясы қолданылады. Оның мөлшері 0,5 л суға – 2,5 г. Дәріні щеткамен
балаңқұрттар орналасқан жерге жағады. Бұл ұнтақтың 1-дық сулы
суспензиясын айына 1-3 рет жануарға бүркиді. Сонымен қатар, 1,5-дық
ротенонның дустін (ұнтақ) де қолданады. Оны жануардың түк жамылғысына әр
басқа 120-150 г мөлшерінде жағады.
Тері асты бөгелектеріне қарсы хлорорганикалық заттар да кеңінен
қолданылады.трихлорметафос-3 – ветеринарлық практикада қолданылатын
троленге ұқсас және сәйкестердің қатарына кіреді.
М.С. Сабаншиевтің дерегі бойынша (2011), оқыраға қарсы күресті оның
балаңқұрттарының І сатысына қарсы бағыттау тиімді. Ол үшін жүйелік әсер
ететін фосфорорганикалық инсекти цидтер: гиподермин – хлорофос, амидофос,
сульфидофофс, гиподермацид және тағы басқалары қолданылады. Соңғы кездері
шетелдік дәрілер – ивомек, ивермек, цидектин, фасковерм және аверсектер де
қолданылып жүр. Негізгі емді күз айларында бөгелек ұшуы тоқтаған кезде
жүргізеді.
Гиподермин – хлорофос дайын дәрі. Ол хлорофостың 11,6 майлы –
спиртті ерітіндісі. Дәріні қолдану мөлшері: тірілей салмағы 200 кг-ға
дейінгі төлге - 16 мл, салмағы 200 кг-нан артық малға – 24 мл. Гиподермин
– хлорофосты малдың арқа жотасының екі жағына арнаулы аспап – дозатормен АД-
І немесе инесіз шприцпен, шоқтықтан құйымшаққа қарай сорғалата құю керек.
Дәрі жотаның екі жағына тең бөлініп құйылады. Егер көктемгі мал дәрігерлік
байқауда оқырасы бар мал 1-дан артық болса, онда дәл осындай емді
қайталап қолдану шарт.
Оқыраға шалдыққан бірен – саран малды 4 хлорофос ерітіндісімен
де емдеуге болады. Ол ерітіндіні бір малға 200-250 мл мөлшерінде арқанаың
шодырайған жрлеріне еппен ысқылайды.
Оқыраға қапсы 40 мгкг мөлшерімен 5 амидофос эмульсиясы да
жоғарыда көрсетілген әдіспен қолданылады. Сондай – ақ, сульфидофос – 20
тірі салмағы 200 кг-ға дейінгі төлге – 5 мл, салмағы 200-400 кг малға – 10
мл, ал салмағы 400 кг-нан артық болса – 12 мл көлемде қолданылады.
Көктемде малды 1 рет малдәрігерлік байқаудан өткізеді. ІІ және ІІІ
сатыдағы балаңқұрттармен зақымданған малды гиподермин – хлорофос, амидофос
немесе сульфидофос – 20 дәрілерінің біреуімен медейді.
Шетелдік дәрі – ивомек тері астына малдың әр 50 кг тірілей салмағына
1 мл-ден қолданылады.
В.И. Потемкиннің дерегіне сүйенсек (1961), трихлорметафос-3-тің 1,5-
3-дық майлы ерітіндісін зақымданған жануар денесіне жаққан кезде ІІ
және ІІІ сатыдағы балаңқұрттардың 65-80-ы өліп қалды. Жас төлдерге
дәріні 100мгкг мөлшерінде ауызы арқылы енгізгенде бұл сатыдағы
балаңқұрттарға қарсылық көрсеткіші төмен болған.
И.Г. Гетте (1962) ТХМ-3-ті 10 эмульсиясын сүтпен бірге 40 мгкг
мөлшерінде ірі қараның жас төліне ішке енгізу арқылы қолданды. Бақылаудағы
жануарларға қарағанда тәжірибе жүргізілген жануарлардың балаңқұрттарының
саны 97,4-ға азайды деген. Келесі зерттеулерінде И.Г. Гетте (1964,
1965) бұл препараттың 50-дық ерітіндісін өсімдік майымен бірге 32, 24
және 16 мгкг ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz