Жануарлар трихинеллезі


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе . . . 3

ІI. Әдебиетке шолу . . . 4

ІІI. Негізгі бөлім . . . 8

3. 1. Жануарлар трихинеллезі . . . --

3. 2. Қоздырғышы. Өсіп өнуі . . . 10

3. 3. Эпизоотологиясы . . . 12

3. 4. Сырт белгілері. Диагнозтикасы . . . 14

ІІІ. Жалпы тексеру және санитарлық бағасы . . . 15

3. 5. Етті трихинеллезге тексеру. Балауса етті трихинеллезге тексеру . . . 17

3. 6. АВТ аппаратымен трихинеллезді анықтау . . . 18

3. 7. Консервіленген (мұздатылған, тұздалған) шошқа еті тесеру . . . 20

3. 8. Шошқаның шел майын трихинеллезге тексеру . . . 21

3. 9. Етті жасанды асқазан сөлінде қорытып трихинеллезді анықтау

(санитарлық бағасы) . . . 22

IV. Қорытынды . . . 23

V. Қолданылған әдебиеттер . . . 24-25

Кіріспе

Малдардан алатын өнімдерді өндіру кезінде, оларды өңдеуде, сақтауда, базарда сатуда ветеринариялық-санитариялық сараптаудан өтеді. Санитарлық сапасы жоғарғы тағамдар мен мал өнімдерін дайындауда ветеринариялық-санитариялық бақылау кезінде дұрыс ұйымдастырып жүргізілуі керек, бұл жағдай малдар мен адамдарға ортақ инвазиялық аурулардың таралуынан сақтайды.

Кейінгі кезде мал өнімдері оларды дайындалатын тағамдар базардан сырт сатылып жүр, ветеринариялық бақылаудан өтпейді. Бұл жағдай адамдардың арасында инвазиялық аурулардың кенеттен пайда болуына әкеп соғуы мүмкін.

Осының өзі мал өнімдерінің сапасын базарлар арқылы сатылатын ветеринариялық-санитариялық бақылауды күнделікті, тыңғылықты жүргізуді керек етеді. Осы инвазиялық аурулардың ішіндегі адамдар үшін ең қауыпті аурулардың бірі жұмыр құрттарға жататын трихинеллез.

Курыстық жұмыстың мақсаты: сойыс өнімдерін сараптау арқылы сатылатын сойыс өнімдеріне ветеринариялық-санитариялық тұрғыдан бақылауды күшейте отырып бактериологиялық, биохимиялық сынама жолдарын алға апару.

ІI. Әдебиетке шолу

С. Қырықбайұлы /2007жыл практикум/ бул оқулықта ғалым сойыс өнімдерін трихинеллезге тексерумен қатар финнозға тексеру әдістерін енгізіп баяндаған. Финнозда трихинеллез сияқты адам өміріне қауіпті құрттардың бірі. Цистицеркоз адамда және итте т. б жануарларда кездесетін таспа құрт балаңқұрттарынатын болатын инвазиялық ауру. Цистицерктер тек жануарларды сойып қарағанда ғана еттің талшықтарының арасында көрінеді. Кейде цистицерк орналасқан жер іріңдеп, түсі көкшіл сұрғылт тартады. ірі қараны сойғаннан кейін цистицеркозды анықтау үшін жақ еттерін сырт жағынан 2 рет, іш жағынан 1 рет тіліп қарайды.

Әбдірахманов /1978 ж/ бойыншатрихиннеллезды таратып, тасымалдауда шошқалардың маңызы зор. Олар трихинеллалармен залалданған егеуқұйрық, тағы аңдардың өлексесін немесе шикі еттерін, қасапхана қалдақтарын, үй тастандыларын жеп, инвазияны жұқтырады. Ит пен мысық кеміргіштерді, сойылған мал қалдықтарын жеп ауруға шалдағады. Фермада өсірілетін терісі бағалы аңдар қасапхана қалдықтарын, тағылардың ұшасын, теңіз сүтқоректілерінің етін жеп ауруға шалдығады. Ал адам болса шошқа, аң немесе басқа да жануарлар еттері арқылы трихиннеллезге душар болады. Трихиннеллез жиі ұшырайтын жерлерде бұл ауруға көп ұшырайтын хайуанаттардың қатарына қасқыр, ит, мысық, егеуқұйрық және тышқан қосылады.

М. С. Сабаншиев /2011 ж/. Адамды трихинеллезден сақтандыру үшіншошқа, жабайы шошқа, аю, сазкүзен ұшаларын міндетті түрде соы гельминтозға тексереді. Ұшаларды бір жола жойып немесе өтелдеу үшін паразиттің бір данасы да жеткілікті. Бұлшық еті бар басұа ағза өнімдері (субөнімдер) де өтелдеуге кетеді. Шошқаның сырт майын, ет майын 100 о С температурада 20 минут бойы шыжғырып ерітеді, ал ішкі майын жарамды деп санайды.

Шошқа және тағы басқа етінен малдәрігерлік - санитарлық лабораториялық трихиннелла табылса, шұғыл шаралар қолдану үшін, ет әкелінген жердің малдәргерлеріне хабарлау керек. Ал, терісі бағалыаңдарды өсіретін фирмаларда, шаруашылықта хайуанаттарға кез келген ет, ағзаларды жегізуге болмайды. Ит, мысық, жабайы аңдар, егеуқұйрық, тышқан өлекселерін өртеп жібереді. Алдын ала зарарсыздандырылмаған қасапхана қалдықтарын, үй тастандыларын шошқа мен терісі бағала аңдарға жегізбейді. Кейде өлексе ұшаларын жақсылап қайнатқан соң немесе ет сүйек үгінді ретінде ит пен аңға не құсқа береді. Дератизация шараларын қатаң түрде өткізген дұрыс. Шошқа фермасында, қасапханада, ет комбинатында кеміргіштерді жою үшін зоокумарин тағы басқа улы дәрілер қолданылады. Шошқалардың тентіреп жүруіне жол бермеу керек. Трихиннеллездің табиғи ошақтары білінген елді мекендерде бұл ішқұрт ауруының аса қатерлі екенін ескере отырып, медицина қызметкерлері мен малдәрігерлері тізе қосыпатқаратын сақтық шаралардың маңызы ерекше зор. Шошқаларды ет комбинаындағы сойыс қалдықтарымен, сондай-ақ аң шаруашылығындағы және аңшылықта ұсталынған жыртқыштардың еті мен ет ұшасымен азықтандыруға рұқсат етілмейді.

Т. М. Тілеуғали /2007ж/. Ауыл шаруашылық малдары мен жабайы кәсіпшілік малдарының ұшалары базарға салқындаған, тоңазытылған және мұздатқан түрінде жеткізіледі. Олар тұтас немесе жарты ұша түрінде я болмаса ұшаның төрттен бірі түрінде ағзаларымен бірге әкелінеді.

Кесек еттер сараптауға қабылданбайды және оны базарда сатуға рұқсат етілмейді. Шошқа мен жылқы және басқа сыңар тұяқты малдардың ұшаларымен қоса басын әкеледі.

Сыңар тұяқты малдардың ұшаларымен бірге өкпесін кеңірдегімен және көк бауырын әкеледі. Үй қояны мен қоян ұшаларының артқы бір сирақтарында ұзындығы 3-4 см етіп терісін қалдырады, ал құстың ұшасын ішкі ағзаларымен жекелеп алып келеді.

Лажсыздан сойған малдың ұшаларын базарда ветеринарлық-санитарлық сараптаудан өткізбейді, демек сатуға да жібермейді.

Майқанов Б. /2007ж/. Етті сатуға рұхсат ету немесе етпеу оны жалпы қарап, бактериологиялық және биохимиялық тексерулердің қортындыларына байланысты шешіледі. Анықтама дұрыс жазылмаған жағдайда да осылай жасайды.

Ет комбинаттарымен мен қасапханада сойылған мал еттері, сол жерлерде тексеріліп және таңбаланғанның соңында базарға сатуға шығарылатын болса, ветеринарлық-санитарлық сараптау зертханасында екінші рет тексеріледі. Тек қана базардаң ішінде орналасқан фирмалық дүкендерге ерекшелік жасайды. Демек бұнда ет комбинаттарында тексерілген ет пен ет өнімдері ветеринарлық-санитарлық сараптаудан өтпеуге болады.

Сахариянов А. Ж. /2007ж/. Шошқаның ұшасын ағзалар тексергенде төменгі жақ шықшыт және мойынның беткей лимфа түйіндері қаралады, оларды тексеріп болғанша шошқаның басы ұшасында қалады. Жақ сүйектерінің шайнау бұлшық еттері финнозға тексеріледі. Ауыз қуысындағы кілегей қабықтарын, жұтқыншақ пен көмекей және көмекей қабығын қарайды. Төменгі жақ лимфа түйінін қарап, топалаң ауруының бар жоғын анықтайды. Басқа ағзалар әдеттегі тәртіппен тексереді. Белдеме мен желке бұлшық еттерін және көк етін кесіп финнозға тексереді. Сонан соң трихинеллезге тексеру үшін көк етінен кесінді алады. Осы алынған үлгімен ұшаның нөмері бірдей болуы тиіс. Шошқаның лимфа түйіндерін тексеру қиынырақ себебі олардың түсі ет пен майдың түсіне ұқсас келеді.

Жұмагелдиев А. А. /2007ж/. Трихинеллез ет қоректі жануарлар мен адамның ішегінде не еттерінде тіршілік ететін жүмыр құрт T. spiralis тудыратын жіті немесе созылмалы түрде өтетін ауру. Бұл аурумен үй жануарларынан шошқа ауырғанмен, табиғи жағдайда ауру аю, қабан, борсық, түлкі, күзен, құндыз, егеуқұрық, тышұан және тағы басқа жабайы хайуандарда кездеседі.

Қиыр солтүстікте морж, белуха, итбалық секілді теңіз сүтқоректілері де осы ауруға шалдығады. Бұл құртты ішектегі (жыныстық жағынан жетілген) және бұлшық еттегі (балапан құрт) деп екі түрге бөледі. Трихинелланың балапан құрттары көлденең талшықты еттердің ішінде, айналасы қабықпен қоршалған, өсіп жетіледі. Олар майды мекендемегенмен, шелмайдың арасындағы ет талшықтарында тірідей кездесуі де мүмкін. Ет талшықтары семіп жойылған жағдайда да тіршілігін сақтайды.

Нурғалиев Б. Е. /2011ж/. Сойғаннан кейін малдың ішкі ағзаларын және етін белгілі бір тәртіппен тексеріп оларға ветеринарлық санитарлық баға береді. Егер сойылған мал ауруға шалдыққан болса, тексерген ағзалардан түрлі өзгерістер байқалуы мүмкін. Сойылған малдың басы, тілі, жүрегі, өкпесі, бүйрегі, бауыры, көк бауыры, қарыны мен желіні пышақпен тілініп қаралады.

Ал ұшаның ет арасындағы лимфа түйіндері ет комбинанттарында өте қажет жағдайда ғана тексеруден өтеді. Бас пен ішкі ағзаларды тексергенде зақымдалған жері болса немесе ауру белгілері болса ұшаның лимфа түйіндері түгел тілініп қаралады. Ерекше белгілер байқалмаса тіліп қарамайды, себебі кескіленген ұшаның тауарлық құны төмендейді, тоңазытқышқа ұзақ сақтауға келмейді. Сойылған малдың еті тез тартылып жіберілетін болса ұшаның лимфа түйіндері түгелімен тексеріледі.

Есимова Б. Д. /2007ж/. Сойылған малдың басы мен ағзаларын және ұшасын екінші малмен шатастырып алмау үшін олардың әр қайсысын бір номермен белгілейді. Тексерілген ағзалардың біреуінен патологиялық өзгерістер байқалса, ось номер арқылы сол малдың ұшасы мен терісін тағы басқа ағзаларын тез тауып алады.

Ірі қараның бір жерде басы, екінші орында өкпе-бауыр, жүрегі, үшінші жерде ұшасы мен бүйрегі байқаудан өткізіледі, төртінші орында күдік туғызған ұша мен ағзаларды соңғы рет тексереді.

Шошқаны бауыздағаннан кейін, терісін сыпырмастан бұрын бастың лимфа түйіндерін тіліп қарап, топалаңға тексереді. Кейін басын, ағзаларын, бұлшық еттерін финнозға тексереді. Ұшасы соңғы рет мұқият қаралады. Оның категориясы анықталады және таңбаланады.

Қой мен ешкінің, бұзаудың басы ең соңында қаралады, ал ағзалары мен ұшасын тексеру әдістері ірі қараның ұшасы мен ағзаларын тексеру әдістеріне ұқсас.

ІIІ. Негізгі бөлім

3. 1. Жануарлар трихинеллезі

Трихинеллез - жіті немесе созылмалы түрде өтетін антропозоонозды ауру. Оны қоздыратын нематодалар Trichocephalata тек бұтағына, Trichinilldae тұқымдасына жатады. Қазіргі кезде ғылымға белгілі құрттардың төрт түрі бар: Trichinella spiralis (Owen, 1835ж) шошқа трихинелласы, T. nativa (Britov et Boev, 1972ж) Евразия жыртқыш аңдарының трихинелласы, T. nelsoni (Britov et Boev, 1972ж) Африка жыртқыштарының құрттары және T. pseudospiralis (Дағыстан жанатынан), соңғы түрі алғашқыларынан денесінің қысқалығымен ерекшеленеді және оның балаң құрттары бұлшық ет арасына дәнекер ұлпамен қапталмайды. Сонымен қатар, ол даму аймағын толығымен құс ( тауық, үйрек, шіл, торғай т. б) денесіне өткізе алады. T. nativa және T. nelsoni түрлерінің дербестігі әлі даулы, толық анықталмаған.

Ересек трихинеллалар жануарлар мен адамдардың ащы ішегінде тіршілік етеді. Ал балаң құрттары олардың көлденең жолақ еттерін мекендейді. Адам немесе жануралар бірдей артық та, аралық та иесі болып табылады.

Сурет 1. Даму айналымы

Бүгінгі таңда сүт қоректілердің 100 астам түрінен аталған гельминттер табылған. Олар шошқа, ит, қасқыр, мысық, аю, егеуқұйрықта жиі кездеседі. Паразитке бейімділері: жабайы шошқа, борсық, көгілдір түлкі, аққұс, қара күзен, бұлғын, күзен, кірпі, жолбарыс. Теңіз аңдары да трихинелла құрттарымен залалданады. Трихиннеллдердің экономикалық келтіретінзияны орасан зор.

Сурет 2. Ағзаны зақымдауы

3. 2. Қоздырғышы. Өсіп, өнуі.

Өте ұсақ шаш тәрізді нематодалар. Денесінің соңғы жағында, клоакасының артына таман орналасқан екі еміздігі бар. Тұрқы: еркегінікі 1, 4 - 1, 6 мм, ұрғашысынікі 3 - 4 мм, оның жатырының ұзындығы 0, 1 мм немесе 0, 66 мм балаң құрттармен толған.

Сурет 3. Трихиннелла

Сурет 4. Трихиннелла

Өсіп, өнуі. Ащы ішектін кілегейлі қабығына орналасқан люберкюн бездеріндегі трихинелла ұрғашысы 2100 данаға дейін тірі балаң құрттар туады. Олар сөл тамырларына еніп, қан айналымының әуелі кіші, одан кейін үлкен шеңбері арқылы көптеген мүшелермен ұлпаларға енеді. Қыл тамырлық жүйеден, балаң құрттар көлденең жолақ бұлшық еттерге келіп тіреледі. Олар ет талшығының сыртқы қабық қабатын тесіп, ішіне кіреді, оны айналасындағы дәнекер ұлпалар жан жағынан қоршауға алады. Шошқа организіміндегі балаңқұрттың етке енуі 5-7 күннен кейін басталады, ал 17 икүннен соң ол шиыршықтанып оралады. 19-20 күні құрт дернәсілі өзінің жұқпалы сатысына жетіп, тұтастай жұқа қабықтың құрсауында қалады. Бұл құбылыс жалпы алғанда 15-18 айда аяқталады.

Олар жануар денесінде бірнеше жыл бойы, ал адамда ширек ғасыр бойы өмір сүре алады. Адам мен аңдар трихинеллезбен зарарланған етті жеп ауруға шалдағады. Ас қорыту жүйесінде нематода қабықтары қарын шырындары әсерінен еріп, босап шыққан балаң құрттар ащы ішектің тереңінен бойлай кіріп, жайғасады. Мұнда олар өсіп, түлейді де 2-3 күн өткен соі жынысы жетілген еркек және ұрғашы құрттарға айналады. Шағылысқаннан кейін ұрғашылары балаң құрттарын туа бастайды.

3. 3. Эпизоотологиясы.

Трихиннеллез шошқа, қабан және жабайы аңдар арасында кең тараған ауру. Гельминтоз Ресей, Белорусь, Украина республикаларында адам мен жануарлар арасында жиі тіркеледі. Қазақстанда бұл ауру Солтүстік және Шығыс Қазақстан облыстарында кездеседі. Трихиннеллезды таратып, тасымалдауда шошқалардың маңызы зор. Олар трихинеллалармен залалданған егеуқұйрық, тағы аңдардың өлексесін немесе шикі еттерін, қасапхана қалдақтарын, үй тастандыларын жеп, инвазияны жұқтырады. Ит пен мысық кеміргіштерді, сойлған мал қалдықтарын жеп ауруға шалдағады. Фермада өсірілетін терісі бағалы аңдар қасапхана қалдықтарын, тағылардың ұшасын, теңіз сүтқоректілерінің етін жеп ауруға шалдығады. Ал адам болса шошқа, аң немесе басқа да жануарлар еттері арқылы трихиннеллезге душар болады. Трихиннеллез жиі ұшырайтын жерлерде бұл ауруға көп ұшырайтын хайуанаттардың қатарына қасқыр, ит, мысық, егеуқұйрық және тышқан қосылады.

Тағы жыртқыш аңдар мен кемірушілер және синантропты жануарлар трихинеллездің табиғи ошақтарын құрайды. Табиғи ошақтағы инвазия шошқасыз-ақ тіркеле береді, оны елді мекендерге оқтын - оқтын келетін, кезбе тышқандар мен егеуқұйрықтар таратады, себебі олар ит, шошқа мысықтың азығы.

Бұлшық еттегі трихиннелла құрттары қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларына өте төзімді келеді: мысалы шіріген етте олар 4 айға дейін жұқпалы қабілетін сақтай алады. - 10 0 С суықта да көп уақыт сақтала береді, тұздалған және қақталған етте де тіршілігін ұзаққа дейін жоймайды. Олар шошқа ұшасына - 30 о С 52 - 64, - 50 о С - та 15 - 18 сағат аралығында ғана түгелмен жойылады.

Аурудың өрбуі және өлекседегі өзгерістер. Трихиннелла балаңқұрттары денені шарлап кезіп, ұлпаларды жарақаттайды, ұшаларда қан құйылулар көбейеді. Балаң құрттардың тіршілік қалдықтарынан және олардың өздерінің ыдырауынан туындайтын және бүлінген ұлпалардан пайда болған улы заттар қанға сіңіп, бүкіл организімді уландырады. Ересек құрттар ішектің кілегей қабығын жаралап, індет таратушы микрофлораға жол ашады.

Трихиннелла балаң құрттары орналасқан ет талшықтарының көлденең тармағы, бірте-бірте жойыла береді. Торша ядросы ұлғайып, талшықтары ыдырап, түрсіз-пішінсіз затқа айналады. Паразит балаңқұрты өскен сайын, оның маңындағы сарколеманың қалыңдауымен дәнекер тоқыманың пайда болуы нәтижесінде, қалталы қабық құрылады. Егер инвазия өте көп болса, онда сүйек еттерінен ұсақ, ақ түсті, көлемі көк нардай, нығыздалған түйіршіктерді көруге болады. Ондай «қалталы қабықтар» (капсулалар) ішінде, бұралып жатқан трихинелла балаң құрты бар. Бұлардың көпшілігін көк еттен, тіл, көмекей, өңеш, төс және қабырға аралық еттерден қарап білуге болады.

3. 4. Сырт белгілері. Диагнозтикасы.

Тәжірибе мақсатымен трихинелла қоздырғышы жұқтырылған шошқада, 3-4 күннен кейін аурудың клиникалық белгілері көріне бастайды. Шошқа денесінің қызуы көтеріледі, әлсірейді, әлсін-әлсін лоқсиды, іші өтеді, тез арықтап, 12-15 күннен кейін өледі. Кейде ауру созылмалы түрде 1-1, 5 ай бойы өрбіп, хайуанның қаны төмендеп, тыныс алуы жиілейді, денесін сипағанда ауырсынады, бір орында ұзақ жатып алады. Аурудан жазылған шошқаның салмағы недәуір аз шығады.

Сурет 5.

Диагностикасы. Хайуанның тірі кезінде трихиннеллезге диагноз қою қиын. Ал, сойылған малдан ауруды дәл анықтау үшін, шошқа етін микроскоппен ( трихиннелоскоппен ) қарап, трихинелланың бар жоғын анықтайды.

Шошқа ұшасынан алынған бұлшық етті компрессорлық, ларвоско-пиялық әдіспен зерттейді. Ол үшін көкет ұшынан 50-60 гр екі сынама кесек кесіп алады. Әр сынамадан үлкендігін күріш немесе бидай дәніндей етіп, арнаулы қайшымен 12 тілім ( барлығы 24 ) кесіп алады. Компрессориумның қос шынысы арасына, кесілген ет тілімдерін қыстырып, сығып, микроскоппен құрайды. Егер онда құрт табылса, онда жануардың дертті жұқтырғаны.

3. 5. Етті трихинеллезге тексеру

Жұмысқа қажетті құралдар мен реактивтер: ішінде трихинелласы бар ет кесегі, трихинеллоскоп немесе микроскоп, проекциялық микроскоп, компрессориумдар, пинцет, қандауыр, иілген қайшы, 30 пайызды тұз қышқылының 20 мл, 5 пайызды күйдіргіш натрдың 20 мл, 0, 5 пайызды тұз қышқылының 20 мл, метилен көгі 20 мл ( 5 мл қаныққан спирт ертіндісіне, 19, 5 мл дистилденген су қосып дайындайды ) риванол, камала немесе акрихин ( 5 пайызды натр ертіндісінде дайындалған 1 пайызды ертінді ) 30 мл, метилен көгінің ( 15 гр 80 пайызды сірке қышқылының 100 мл қосылған ертіндісі ) 30 мл ертінділері, жасанды қарын сөлі. Трихинелланың балапан құрттары көлденең талшықты еттердің ішінде, айналасы қабықпен қапталған капсулалар ішінде өсіп жетіледі. Капсула ішіне орналасқан балапан құрттар бірте бірте ширатыла бастайды. Капсула лимонға, құтыға ұқсас, болғанмен, кейде сопақ немесе домалақ пішінді болып келеді. Іші мөлдір сұйыққа толы капсула қуысында паразит 1-2 немесе 3-тен орналасады. Капсула қуысының диаметрі 0, 2 мм болғандықтан ет талшықтарының кесінділерін 50-70 есе үлкейтіп қарағанда трихинелла анық көрінеді.

Трихинелла көп жағдайда жануарлардың іш қуысы мен көкірек сарайын бөліп тұратын шандырлы көк еттің етектерінде немесе оның қабырғаға жағын жерлерінде жиі кездеседі, сондай-ақ жақ, мойын, қабырға және белдеме еттерін де мекендейді. Ет талшықтарының ішінде ол шашыраңқы орналасады, әсіресе сіңірге таяу жерлерінде көп кездеседі. Ауруды анықтаудың бірден бір тәсілі сойылған шошқа етін және тағамға пайдаланылатын жабайы хайуандар еттерін трихинеллескопия әдісімен міндетті түрде тексеруден өткізеді. Ол үшін кеуде қуысы көк етінің етегінен екі жапырақ 60 грамдай кесіп алады, ал көк еттің етек жағы болмаса, қабырға жағынан немесе қабырға аралық, белдеме, жақ, мойын еттерінен жоғарыдағы мөлшердеүлгі алады.

Сурет 6. Балаң құрттары бар капсула

Балауса етті трихинеллезге тексеру

Тексеруге арналған ет жапырақтарынан кішкене имек қайшымен қалыңдығы сұлы дәнінің көлеміндей кесінділер дайындайды. Ол үшін қайшының иілген жағын етке қаратып салады, демек қиғанда оның дөңес жағында жұқа кесінділер қалады, оларды апарып копрессориумның төменгі шынысының үстіндегі керекге көзге орналастырады. Әрбір алынған үлгіден осылай 24 кесінді дайындайды. 12-ден шынының 2-ге бөлінген кереге көзіне орналастырып болған соң компрессориумның үстінгі шынысын салып, екі жағындағы бұрандалармен абайлап қысып бекітеді.

Екі шынының арасында қысылған ет кесінділері арқылы газет немесе кітап әріптері көрінсе кесінділерді трихинеллоскоппен (50-70 есе үлкейтетін ) немесе микраскоппен шағын үлкейткішін пайдаланып тексереді.

Ет кесінділері орналасқан компрессориумды проекциялық трихинелоскоп арқылы да тексеруге болады. Бұл әдістің жай микроскоппен тексеруден көп айырмашылығы бар, сурет айқын көрінеді, тексеру жылдамдайды және тексерушінің көзі шаршамайды. Мұндай трихинеллоскопты қараңғылаған бөлмеге орналастырып, көрші бөлмеде еттің кесінділерін компрессориумға салып дайындап тексерушілерге аперіп отырады. Жұмыс істер алдында экранға түсетін жарықтың тегіс болуын тексереді. Компресориумды трихинеллоскоптың жылжымалы сөресіне бекітеді.

Призмамен конденсор және ет жапырақтары арқылы өтетін электр шамының жарығы айнаға шағылысқандықтан ет жапырақшалары экраннан көрінеді. Сөрені жылжытып еттің 24 кесіндісін түгел қарап шығады.

Сурет 7, 8. Трихинелла құрттары (трихинеллоскоп)

3. 6. АВТ аппаратымен трихинеллезді анықтау

Шошқа етін трихинеллезге топтастыру әдісіменде тексеруге болады. Ол үшін сойылған шошқаның кеуде қуысы көк етінің етегіне және басқа тиісті мүшелеріне алынған кесінділердің үлгісін арнайы сұйықтықта ерітіп, тұнбасынан трихинелланың балаң құрттарын іздейді. Ол үшін 8 реакторлы және термостат камерасы бар АВТ құралын қолданады. Әр реакторда электр қозғауышымен қосылған араластырғыш және тұнба жинайтын тұндырғыш болады. Трихинеллез байқалған зоналардан түскен шошқа жиырма жиырмадан әр қайсысы 5 г ( көкірек қуысы көк еті, көк етінің әр етегінен барлығы 100 г ет үлгісін алып дайындайды. Трихинеллез 8-10 жылдан бері байқалмаған аймақтан келген шошқаның еттерін осы әдіспен тексергенде 100 бастың әр ұшасынан 1г барлығы 100 г ет алады. Алынған ет үлгілерін ет тартатын машинамен ұсақтайды да реактордың нөмеріне сәйкес нөмерленген стакандарға жеке салып жинайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азық – түліктік микорофлора
Евразиялық экономикалық қауымдастығына мүше - мемлекеттердің аумағына жануарлар, жануар текті шикізаттарға қойылатын ветеринариялық талаптар
Евразиялық экономикалық қауымдастығына мүше мемлекеттердің аумағына жануарлар, жануар текті шикізаттарға қойылатын ветеринариялық талаптар. Жануарларды айдап жеткізу кезіндегі ветеринариялық-санитариялық қадағалау
Гельминтоздардың диагностикасы
Қарағанды қаласы «Шығыс» базарына сатуға түскен шошқа шел майының сапасын анықтау
Еттің балауса екендігін оның майы бойынша анықтау
Ыстық цехты ұйымдастыру
Тағамдық өнімдердің сапасы
Броконьерлікке, аңшылық және балық аулау ережелерін бұзушылықтарға қарсы күрес бойынша ішкі істер органдарының жұмысын ұйымдастыру
Жануарлар дүниесін пайдаланудың түрлері және жануарлар дүниесін пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz