Инвестициялық жоба жайлы
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І ТАРАУ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МАҒЛҰМАТ ... ...4
1.1 Инвестициялық жобаның пайда болу кезеңдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2 Инвестициялық жобалардың мазмұны мен оның түрлері ... ... ... ... ... ... ... .6
ІІ ТАРАУ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАНЫ БОЛЖАУ ЖӘНЕ ТАЛДАУ ... ...10
2.1 Инвестициялық жобаның ақшалай ағымдарын жоспарлау ... ... ... ... ... ... .10
2.2 «KEIGEN» ЖШС.нің бизнес жоспардың резюмесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
2.3 Жобаның тұжырымдамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
2.4 Бизнес жоспардың маркетингтік стратегиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
2.5 Жобаны іске асыру шығындары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
ІІІ ТАРАУ ЖОБАНЫҢ ТИІМДІЛІГІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30

Тақырыптың өзектілігі. Инвестиция деңгейі қоғамның ұлттық табысының көлеміне ықпал етеді, ұлттық экономиканың көптеген макропропорциялары инвестиция қозғалысына тәуелді. Кейнсиандық теория бойынша, инвестициямен жинақ ахуалы әр түрлі пайыздар мен жағдайлар арқылы анықталады.
Ел аумағындағы инвестициялар, күрделі қаржы ұлғаймалы, ол ұдайы өндіріс процесін анықтайды. Жаңа кәсіпорындар құрылысы, жол салу, соларға байланысты жаңа жұмыс орнын жасау, инвестициялық процестерге немесе капиталдың құрылуына тәуелді.
Инвестиция көзі – жинақ. Мәселе мынада, жинақты бір шаруашылық агенті жүргізіп, ал инвестицияны басқа адамдар немесе шаруашылық етуші субъектілеріжүргізуі мүмкін. Көпшілік адамдардың жинағы инвестиция көзі болып табылады. Алайда бұл адамдар қоғамдық капиталдардың нақты өсуімен байланысты ұйымдастыру немесе инвестициялауды жүргізбейді.

1. «Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы. 28 ақпан 1997ж. // Егемен Қазақстан, 6 наурыз 1997ж.
2. «Шетел инвестициялары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы. //Заң, 1991 ж. №4
3. Инвестициялық жекешелендіру қорлары жөніндегі Ереже» // Заң 1993 ж. №7
4. Бирман Г., Шмидт С. Экономический анализ инвестиционных проектов: Пер. с англ. / под ред. Л.П. Белых – М.: Банки и биржи, ЮНИТИ, 1997 г.
5. Ендовицкий Д.А. Анализ и оценка эффективности инвестиционной политики коммерческих организаций: Методология и методика. – Воронеж:Изд-во ВГУ, 1998 г.
6. Ендовицкий Д.А. Комплексный анализ и контроль инвестиционной деятельности: методология и практика. /под ред. Проф. Л.Т.Гиляровской. – М: Финансы и статистика, 2001г.
7. Ендовицкий Д.А., Коробейникова Л.С., Сысоева Е.Ф. Практикум по инвестиционному анализу:Уч. Пособие / Под ред. Д.А.Ендовицкого – М:Финансы и статистика, 2001г.
8. Ковалев В.В. Финансовый анализ: Управление капиталом. Выбор инвестиций. Анализ точетности.-2-е изд. – М:Финансы и статистика,1998г.
9. Теплова Т.В. Финансовый менеджмент: Управление капиталом и инвестициями: Учебник для ВУЗов.- М:ГУВШЭ,2000г.
10. Фальцман В.К. Оценка инвестиционных проектов и предприятий. – М:ТЕИС,1998г.
11. Савицкая В.Г. Анализ хозяйственной деятельности предприятия. – Минск: ООО “Новое знание”, 1999г.
12. Дуйсенбаев К.Ш., Төлегенов Э.Т., Жұмағалиева Ж.Г. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау. Оқу құралы. Алматы. Экономика, 2001.
13. Ковалев В.В. Введение в финансовый менеджмент. – М.: Финансы и статистика, 2001. – 768 с.
14. Павлов Л.Н. Финансовый менеджмент: Учебник для вузов. – 2-е изд. – М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2001. – 269с.
15. Серов В.М. Инвестиционный менеджмент: Учебное пособие. – М.:ИНФРА-М, 2000 – 272с.
16. Ахметов К.Г. и др. Основы менеджмента. Актобе-Уральск, 2005.
17. К. Бердалиев. Менеджмент. Лекциялар курсы. – Алматы: Экономика, 2005. – 240 бет.

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І ТАРАУ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МАҒЛҰМАТ ... ...4
1.1 Инвестициялық жобаның пайда болу кезеңдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ..4
1.2 Инвестициялық жобалардың мазмұны мен оның түрлері ... ... ... ... ... ... ... .6
ІІ ТАРАУ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАНЫ БОЛЖАУ ЖӘНЕ ТАЛДАУ ... ...10
2.1 Инвестициялық жобаның ақшалай ағымдарын жоспарлау ... ... ... ... ... ... .1 0
2.2 KEIGEN ЖШС-нің бизнес жоспардың резюмесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
2.3 Жобаның тұжырымдамасы ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
2.4 Бизнес жоспардың маркетингтік стратегиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
2.5 Жобаны іске асыру шығындары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
ІІІ ТАРАУ ЖОБАНЫҢ ТИІМДІЛІГІ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29
Пайдаланылған Әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 30
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Инвестиция деңгейі қоғамның ұлттық табысының көлеміне ықпал етеді, ұлттық экономиканың көптеген макропропорциялары инвестиция қозғалысына тәуелді. Кейнсиандық теория бойынша, инвестициямен жинақ ахуалы әр түрлі пайыздар мен жағдайлар арқылы анықталады.
Ел аумағындағы инвестициялар, күрделі қаржы ұлғаймалы, ол ұдайы өндіріс процесін анықтайды. Жаңа кәсіпорындар құрылысы, жол салу, соларға байланысты жаңа жұмыс орнын жасау, инвестициялық процестерге немесе капиталдың құрылуына тәуелді.
Инвестиция көзі - жинақ. Мәселе мынада, жинақты бір шаруашылық агенті жүргізіп, ал инвестицияны басқа адамдар немесе шаруашылық етуші субъектілеріжүргізуі мүмкін. Көпшілік адамдардың жинағы инвестиция көзі болып табылады. Алайда бұл адамдар қоғамдық капиталдардың нақты өсуімен байланысты ұйымдастыру немесе инвестициялауды жүргізбейді. Алайда бір мезгілде кәсіпкер де, жұмыскер де бола алмайтын жалдамалы жұмысшының жинағының рөлі едәуір, сондықтан жинақ пен инвестициялау процестерінің сәйкес келмеуі экономиканың тепе-теңдіктен ауытқуына әкелуі мүмкін.
Курстық жұмыстың мақсаты - инвестициялық жоба ұғымына кең түсінік бере отырып, инвестициялық жобаны бизнес жоспарлаудың басты әдістеріне тоқталу.
Осы мақсатқа қол жеткізу барысында мынадай міндеттерді қарастырамыз:
* Инвестициялық жоба және оның пайда болу кезеңдерін атау
* Инвестициялық жоба мәні және оны жоспарлау негізін көрсету
* Инвестициялық жобаның ақшалай ағымдарын болжауын талдау
* Инвестициялық жобаның тиімділігін бағалаудағы проблемаларды қарастыру
Зерттеу объектісі - инвестициялық жобаның бизнес жоспары
Зерттеу пәні - инвестициялық жобаның бизнес жоспарлау кезінде туындайтын экономикалық қатынастар.
Теориялық және әдіснамалық негізі ретінде отандық және шетелдік оқулықтарды және Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы, Шетел инвестициялары туралы Қазақстан Республикасының Заңдары мен Инвестициялық жекешелендіру қорлары жөніндегі Ережені пайдаландым.
І ТАРАУ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МАҒЛҰМАТ
1.1 Инвестициялық жобаның пайда болу кезеңдері
Жеке кәсіпкерлердің барлық стадияларын жақсы өту үшін және де ешқандай шығын жасамай, жеке кәсіпкердің идеяларының жазылуының құжаттары. Бұл құжат жоба болып табылады. Инвестициялық бизнес-жоба белгілі бір уақыт ішінде мақсат қойылған жеке жүйеге нәтижелі болсын деп алға қойылған қатаң сұраныстар, спецификалық мекеменің өндірісі.
Негізгі сфера бойынша жоба түрлерін мыналарға бөлеміз:
* Техникалық (бизнес-орталықтың құрылым жобасы).
* Ұйымждастырушылық (жоғары білім системасының қайта құрылым жобасы)
* Экономикалық (Ресейдің қаржылық стабилизациясына жобасы)
* Әлеуметтік
* Аралас (ядролық қару-жарақ ликвидациясының жобасы)
Ұйымдастыру жобасы. Алдына қойылған мақсатты алдын-ала білу, бірақ-та сандық және сапалық нәтижені алдын-ала білу қиынға соқтырады, Өйткені ол организациялық системаның жақсартуымен тығыз байланысты.
Экономикалық жоба. Өзіндік ерекшеліктерімен ерекшелінеді. Мақсаты - экономикалық көрсеткіштердің функциялық жүйесінің жақсартуы. Бастапқы мақсаттар алдын-ала белгіі бол, бірақ жмыс барысында проектіңөзгерілуі мүмкін; Бұнымен бірге проекттің мерзімі де кіреді; Ресурстар керекті жерде ғана қолданылады. Шығындар алдын-ала белгілі болады, проект жасалған кезде экономикасы қадағалыналады.
Әлеуметтік жоба. Алға қойылған мақсат белгіленіп қана қоймай, нәтижеге жеткенше жобаның өзгеруімен ерекшелінеді, сандық және сапалық баға белгіленеді; жобаға арналған шығын әрине бюджетке байланысты әлеуметтік жоба өзінің дәлдіксіздігімен ерекшеленеді.
Кез келген жоба арнайы тексеріс қадамдардан өтеді, ол жобаның өмірлік циклін құрайды. Инвестициялық жоба келесі базалардан тұрады:
* Алдын-ала инвестициялық
* Инвестициялық
* Эксплуатациялық
* Ликвидациялық
Алдын-ала инвестициялық фаза - инвестициялық жобаның процесін өзіне қосады. ТЭО және эффективті инвестициялық салымдардың көрсеткіші.
Инвестициялық фаза - нақты қаржылық салымдардан тұрады. Оның ішіне құрылыс, маркетинг, кадрларды оқыту және олардың запаста болуы кіреді.
Ликвидациялық фаза - ликвидациялық өндіріс қолданылмаған активтерді қолдану. Әр фаза нақтылы бір қаржылық ресурсты қажет етеді.
Классификация негізіне қарап, келесі инвестициялық жобаларды көреміз. Бір-біріне байланысты: тәуелсіз, альтернативті, толықтырғыш.
Қысқа уақыт (3ж дейін). Орташа уақыт (3-5ж), Ұзақ уақыт (5ж).
Масштаб бойынша: кіші жоба орташа жоба, ірі жоба, мега жоба.
Негізгі бағыт бойынша: коммерциялық, әлеуметтік, экологиялық және т.б. жобалар.
Инвестициялық жоба ішкі және сыртқы қаржылық нарықтық болып табылады. Материалдық, еңбек сонымен қатар экологиялық және әлеуметтік жағдай: глобальді жобалар халықаралық - шаруашылықты жоба, ірі масштабты жоба, локальді жоба. Мөлшеріне қарағанда: нақты және қауіпті жоба болып бөлінеді. Сонымен қатар басқа да инвестициялық жобалар белгілі бастапқы - инвестицияның көрсетілуі. Бұған байланысты негізгі 7 топқа бөлінеді:
* Өндіру барысында сапасының көтерілуі
* Жұмыс істейтін өндірістің көркеюі
* Бизнестің жаңа сферасының пайда болуы
* Жаңа нарыққа шығуымен байланысты
* Жаңа технологияның қарастырылуы
* Әлеуметтік белгісі
* Заңға байланысты
Негізгі жоба қатысушылары - құрылымның негізгі элементі. Негізгі қатысушылары - тапсырыс берген, болашақ жобаның басшысы.
Жоба жасаушы - құжаттарды дайындайды. Жобаны басқару - менеджер.
Жоба - ұйымдастыру құрылымы, ол алға қойылған мақсаттарға қол жеткізуге көмектеседі. Банк - бұл инвестор.
Әлемдік тәжірибеде келесі этаптарды белгілейміз.
1. Инвестицияның дұрысталуы, инвестициялық концепцияның ізденуі
2. Бастапқы жоба
3. Техникалық-экономикалық жоба немесе оның қаржылық бағасы
4. Бағалық инвестицияның дайындалуы
Техникалық-экономикалық жоба:
* Жалпы маркетинг ізденісі
* Дайындық бағдарламаның шығарылуы
* Шығын құжаттар
* Архитекторлық құрылыс
* Қаржылық құжаттар
* жобаға байланысты қиын жағдайдың бағасы
* Жобаның шығуын жоспарлау
* Жобаның қаржылық бағасы
1.2 Инвестициялық жобалардың мазмұны мен оның түрлері
Кез-келген ұйымның дамуы мен өмірлік қызметінің тұрақтылығының шарты болып нақты бір инвестициялық жобаға инвестицияны салу тиімділігі табылады. Инвестициялар туралы шешімді қабылдау мәселесі жоспардың мазмұны және оның жүзеге асуының тізбегі, күтілетін шешімге қаншалықты сәйкес келетінін қарастыратын көз-қарастан болжамды дамудың жоспарын бағалауда құрылады.
Инвестициялық жоба (investment project) - алға қойған мақсаттарға жету үшін инвестицияны салу бағдарламасы немесе жоспар. Кейде инвестициялық жоба деп жобаны жүзеге асыру бойынша негіздеу және сәйкес жұмыстарды жүргізу үшін қажетті ұйымшылды-құқықтық, аналитикалық, инженерлі-техникалық, экономикалық және есепті-қаржылық құжаттар жүйесін түсінеді.
Тәжірибеде жүзеге асырылатын көптеген әртүрлі инвестициялық жобалар әртүрлі белгілерден тәуелді топтастырылуы мүмкін. Инвестициялық жобалардың топтастырылуына жалпы үйлесу көз-қарасынан келесі белгілерді көрсетуге болады:
oo жоба типі - жобаның іске асырылуы жүзеге асатын қызмет аясынан тәуелді (ұйымдық, технологиялық, экономикалық, әлеуметтік, аралас);
oo жоба масштабы - моножоба, мультижоба, мегажоба (моножоба - әр түрлі және типті жоба, мультижоба - моножобалардан тұратын жобалар жиыны, мегажоба - өзінің құрамына моно және мультижобаларды қосатын салалардың, аудандардың даму бағдарламасы);
oo жоба түрі - жобаның пәндік аумағының мінезі бойынша (инновациялық, оқу-білімдік, аралас және т.б.);
oo жобаның ұзақтығы - жоба циклінің жүзеге асу уақытының ұзақтығы бойынша (қысқа мерзімді - 1 жылға дейін, орта мерзімді - 1-3 жыл, ұзақ мерзімді - 3 жылдан жоғары).
Жобаның ең қиын және көлемді түрінің бірі мегажоба болып табылады. Мегажобалар жоғары құнымен (500млн доллар және одан жоғары), басқа елдердің инвестициялық ресурстарын қарату қажеттілігімен, нақты бір аумаққа және елдің өзінің әлеуметті - экономикалық ортасына үлкен әсерімен ерекшеленеді. Мегажобаларды қалыптастыру мен жүзеге асыру тек мемлекет деңгейінде және оның бақылауы астында іске асырылуы мүмкін.
Өнеркәсіптік ұйымдарда жүзеге асырылатын инвестициялық жобалардың топтастырылуы жалпы үйлесуден құрылып жатқан жобаға өзінің белгісі бойынша ерекшеленеді.Өнеркәсіптік өндірісте жобалардың топтастырылуы келесі түрлерде болуы мүмкін (сурет 1).
Әлеуметті-техникалық
Иннова-циялық
Салалар
Цехтар
Ұзақ мерзімді
(3жылдан жоғары)
Ортамерзімді
(3 жылға дейін)
Жоба түрлері
Конвер-
сиондық
Реабилита-циялық
Бизнес-про-цестердің ре-инжинирингі
Сапаны жалпылама басқару
Басқа-лары
Ұйымдық-басқарушылық
Ақпараттық
Интегрирлен-ген
Басқалары
Жоба типтері
Жобалар масштабы
Жеке жұмыс орындары
Өнеркәсіптік ұйым
Жобалар циклінің ұзақтығы
Қысқа мерзімді
(1 жылға дейін)
Сурет 1. Өнеркәсіптік өндірісте инвестициялық жобалардың топтастырылуы.
Өнеркәсіптік ұйымдарда инвестициялық жобалардың топтастырылуын құру сұрағы тәжірибеде қалыптасқан шарттар тізімінен тәуелді. Бұндай шарттар ретінде - нақты бір уақыттағы өнеркәсіптік ұйымның алдында тұрған мақсаттар, ресурстардың қаржылық және басқа да түрлері бойынша шектеулер және т.б. бола алады. Сол уақыттада жалпы жағдайда инвестициялар жобалардың нақты бір түрімен еріп жүруі мүмкін. Инвестициялар көлемі мен оларды салу уақыты нақты инвестициялық жобадан тәуелді. Өнеркәсіптік ұйымда нақты бір уақытта жобаның маңызы максималды нәтижелерді алу үшін шешілуі қажет мақсаттары мен есептерімен анықталады [1.,324б].
Инвестициялар инновациялық, конверсиондық, реабилитациялық, бизнес-процестердің реинжинирингі, сапаны жалпылама басқару және басқа жобалар түрлерін өзіне қоса алады.
Инновациялық жобалар - бұл қойылған мақсаттарға жетуге бағытталған, өзіне ғылыми-зерттемелік және тәжірибе-конструкторлық жұмыстарды жүргізуді, өндірістік, ұйымдық, экономикалық және қаржылық есептемелерді қосатын инновациялық шаралар жүйесі. Бұл жобалар өнеркәсіптік жобалар үшін ғылыми-техникалық бағдарламалар құрамында қалыптасуы немесе жеке ұйымдардың құрылыстық және жаңа қуаттылық ісіне енуімен ғылым мен техниканың дамудың мағыналы бағыттарына нақты мәселелерді шешуі мүмкін.
Конверсионды жобалар - басқа өнімді шығаруға техникалық және технологиялық бөлімдерді қосатын басқарудың барлық жүйесін қайта құру үшін арналған шаралар жиыны. Мысалы, әскери бағыттағы өнімнің орнына азаматтық өнімді шығаруы бойынша өнеркәсіптік ұйымды қайта құру.
Реабилитациондық жобалар - өз қызметінің тиімділігін жоғарылату мақсатында және өзіндік шаруашылық субъектілер ретінде сақтауда шығынды ұйымның сауығуына бағытталған істердің жиынтығы.
Бизнес-процестердің реинжинирингі - ұйым қызметінің көрсеткішінің тез жақсаруына жету үшін технологиялық және ұйымды-іскерлік бизнес процестерді радикалды қайта жобалау мен іргелі қайта мағыналауға бағытталған бағдарламалар. ISO 15531-1 стандартына сәйкес процесс (латын тілінен processus - ілгерілеу) деп ұйымның әртүрлі мағынасын қамтитын және бір мақсатқа жетуге бағытталған функцияның құрылымдық жиының түсіндіреді.
Бизнес-процесс ұйымның ұйымдық құрылымдық элементтерінің анықталған өзара іс-әрекеттер ережесі шегінде мақсатты түрде орындалатын технологиялық және ұйымдық-іскерлік процестер жиының білдіреді. Бизнес-процестер реинжинирингі (БПР) ұйым қызметінің тиімділігін арттыратын жаңа технологияларды білдіреді.
Сапаны жалпылама басқару (TQM - Total Quality Management) - минималды мүмкін құнмен клиенттерді толығымен қанағаттандыру арқылы ұйымның қаржылық-шаруашылық қызметін енгізу әдісі. Ұйымның әрбір қызметкері бұл жағдайда нақты өкілеттермен бөлінеді, өзінің жұмысы сапасына толығымен жауап береді және оның еңбек сапасын жоғарылату жолын өзбетінше іздестіру құқығын оған толығымен ұсынады.
Басқа жобалар - өзіндік жұмысты жүргізумен, жеке технологиялық процестердің жетілдірілуімен, құралдарды жаңартумен және т.с.с. байланысты жобалар.
Типтеріне байланысты жобаны келесідей топтастыруға болады:
oo әлеуметті-техникалық, қызметшілердің өндірістік еңбегін жоғарылатуға және жұмыс орындарында шарттарды жақсартуға бағытталған;
oo ұйымдық-басқарушылық, өндірістің ұйымдастыруын жақсартуына қатысатын және басқарушылық қызметінің еңбекті өндіруін жақсарту;
oo ақпараттық, ақпараттық ағындарын жақсартуымен және олардың автоматтандыруымен байланысты;
oo интегрирленген, жоғарыда келтірілген жобалар типтерінің жеке элементтерінен тұрады;
oo басқалары, жоғарыда келтірілген тізімге кірмейтін жобаларды бейнелейді.
Жүзеге асыру масшатабы бойынша жобалар ұйымның барлық деңгейінде сияқты жеке цехтар, салалар және жеке жұмыс орындары деңгейінде де енуі мүмкін.
Циклдың ұзақтығы бойынша жобалар жалпы жағдайлар сияқты қысқа мерзімді (1жылға дейін), орта мерзімді (3жылға дейін), ұзақ мерзімді (3 жылдан жоғары) болуы мүмкін.
Барлық көптеген әртүрлі инвестициялық жобалар жоғарыда қарастырылғандардан ерекшелігі басқа белгілерден тәуелді топтастырылуы мүмкін. Сондықтан, келтірілген топтастыру аяқталуына үміттенбейді. Сонымен қатар, тәжірибеде инвестициялық жобалар бойынша есептерді шешу барысында ол пайдалы болуы мүмкін [2., 38б].
ІІ ТАРАУ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАНЫ БОЛЖАУ ЖӘНЕ ТАЛДАУ
2.1 Инвестициялық жобаның ақшалай ағымдарын жоспарлау
Инвестициялық жобаны талдаудағы маңызды сатысы - болжанатын ақша ағымын бағалау. Ол екі түрлі элементтен тұрады: қажет инвестиция және ағымдағы шығындарды шегерген кездегі ақшалай қаражаттардың түсімі.
Ақша ағымдарын дайындаған кезде ақшаның уақытқа байланысты құны ескерілуге тиіс. Ақша ағымдарының әртүрлі уақыттағы мәнін са-лыстыру үшін дисконттау механизмі қолданылады.
Жүзеге асыру мерзімімен алғашқы инвестиция көлемі және реле-ванттық ақша ағымдары ұқсас жобаларды салыстыруға болады.
Релеванттық ақша ағымдары дегеніміз бір жолда белгісі минус ағымдар белгісі плюс ағымға ауысатын ағымдар. Релеванттық ақша ағымдары стандарт, айтарлықтай қарапайым инветициялық жобаларға тән.
Инвестициялық жобаның ақшалай ағымын талдау оның құрылымын игерумен шектелмейді. Сонымен қатар ақша ағымын бір ізге келтіріп, оның релеванттығынанеревантты еместігіне көз жеткізу керек, ол баға беру көрсеткіштері мен іріктеу белгілерін таңдау процедурасын жеңілде-туге, сондай-ақ, әртүрлі жобалардың өзара үйлесім табуын арттыруға мүмкіндік береді.
Ақша ағымдары релевантты жобалар төмендегіше жіктеледі:
1. Табысы тұрақты инвестициялық жобалар.
Табысы тұрақты инвестициялық жобалар белгілі уақыт бөлігінде ша-масы бойынша бірдей ақшалай түсімдер алумен қамтамасыз ететін бір реткі бастапқы салымдармен сипатталады.
2. Табысы тұрақты өсіп отыратын инвестициялық жобалар. Табысы тұрақты өсіп отыратын жобалар құрылымы табысы тұрақты инвестиция-лық жобалар құрылымына ұқсас болады. Әдетте оларға қаражатты ба-сында бір рет салу және айтарлықтай ұзақ уақытта келіп түсуін қарас-тырады. Оның негізгі ерекшелігі - ақшалай түсімдер көлемі жобаны жүзе-ге асыру мерзімі бойында біркелкі өзгеріп отырады.
3. Жинақтау типіндегі инвестициялық жобалар тізбектелген салым болып табылады және оның кейіннен бір рет ғана келіп түседі.
4. Алыпсатарлық типтегі инвестициялық жобалар қысқа уақыт ішін-дегі екі операцияның (кіріс және шығыс) жиынтығы болып саналады.
Релеванттық емес ақша ағымдарында капиталдың келуі мен кетуі кезектесіп отырады. Бұл жағдайда қарастырылып отырған аналитикалық көрсеткіштердің кейбіреулері бастапқы параметрлері өзгергенде күтпеген бағытқа қарай өзгеруі мүмкін. Демек, олардың негізінде жасалған қоры-тындылар үнемі дұрыс бола бермейді.
Тәжірибеде ұзақтығы әртүрлі жобаларды салыстыру қажеттілігі үне-мі туындайтын болғандықтан, уақыт факторының ықпалын алып тастай-тын арнайы әдістер жасалған, олар төмендегідей:
Жобаның жалпы қызмет ету мерзімі шеңберіндегі тізбектеп қайталау әдісі;
Салыстырылатын жобалардың шексіз тізбектеп қайталау әдісі;
Эквивалент аннуитет әдісі.
Жобаның жалпы қызмет ету мерзімі шеңберіндегі тізбектеп қайталау әдісі. Бір жобаның қызмет ету ұзақтығы басқасының ұзақтығымен бірдей болуы міндетті емес. Бұл жағдайда жобалардың әрқайсысының қайталанатын ең аз мерзімін табу ұсынылады. Бұл ақырғы жалпы мерзім ұзақтығы ең аз жалпы еселік көмегімен анықталады.
Салыстырылатын жобалардың шексіз тізбектеп қайталау әдісі. Егер жүзеге асыру ұзақтығы бойынша айрықшаланатын бірнеше жобаға талдау жасалса, есеп айтарлықтай күрделі болуы мүмкін. Егер талдау жа-салған жобаның әрқайсысы шексіз рет жүзеге асырылады деп есептесек, оларды қысқартуға болады.
Эквивалент аннуитет әдісі. Бұл әдіс шексіз тізбектеп қайталау әдісімен сәйкес келеді. Мұнда әр жоба үшін эквивалент мерзімдік аннуитет анықталады, ол аннуитеттік төлем мөлшері бірдей мерзімсіз аннуитетпен айырбасталады.
2.2 KEIGEN ЖШС-нің бизнес жоспардың резюмесі
Жобаның тұжырымдамасы Қазақстан Республикасының Ақтөбе облысында (бұдан әрі - Ақтөбе облысы) тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтарды жинау қызметтерін ұсынатын кәсіпорын құруды қарастырады.
Кәсіпорынның негізгі қызмет түрі тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтарды жинау және шығару болып табылады.
Нысаналы топтар мыналар:
- қызметі нәтижелерінде әр түрлі ҚТҚ пайда болатын өнеркәсіп кәсіпорындары, ұйымдар және т.б.;
- халық.
Жоба бойынша жалпы инвестициялық шығындар мыналарды қамтиды:
Шығыстар, мың тг.
2 012
Негізгі капиталға инвестициялар
16 769
Негізгі капитал
0
Барлығы
16 769
Жобаны қаржыландыруды жоба бастамашысының өз қаражаты есебінен сияқты қарыз капиталы есебінен де жүзеге асыру жоспарлануда.
Қаржыландыру көзі, мың тг .
Сомасы
Кезеңі
Үлесі
Өз қаражаты
3 354
02-03.12
20%
Қарыз қаражаты
13 415
02-03.12
80%
Барлығы
16 769
100%
Кредиттеудің келесі шарттары қабылданды:
Кредит валютасы
теңге
Пайыздық ставка, жылдық
12%
Пайыздар мен негізгі борышты төлеу
ай сайын
Пайыздарды өтеудің жеңілдікті кезеңі, ай
3
Негізгі борышты өтеудің жеңілдікті кезеңі, ай
3
Негізгі борышты өтеу түрі
тең үлестермен
Жобаның 5 жылына арналған кәсіпорын қызметі тиімділігінің көрсеткіштері:
Жылдық пайда (5 жыл), мың тг.
3 657
Активтердің рентабельділігі
24%
14% дисконттау ставкасы кезінде инвестицияланған капиталдың дисконтталған таза кірісі 7 жылда 5 837 мың теңгені құрады.
Ішкі кірістілік нормасы (IRR)
29%
Ағымдағы таза құны (NPV), мың теңге
5 837
Жобаның өзін-өзі ақтауы (жай), жыл
3,5
Жобаның өзін-өзі ақтауы (дисконтталған), жыл
4,4
Жоба экономикалық көзқарас жағынан мыналарға ықпал ететін болады:
- Ақтөбе облысында бюджетіне қосымша кірістердің түсуіне;
- кәсіпорындардың ТТҚ шығарудың заманауи қызметтеріне деген қажеттіліктерін қанағаттандыру.
ҚТҚ негізінен тұрғындардың өмірінде, сондай-ақ кәсіпорындардың қызмет процестерінде пайда болған тұтыну саласының қалдықтары болып табылады. Олар тұрмыста одан әрі пайдалануға келмейтін металл қалдықтары болып табылады. Бұл қылдықтар тұрғын үйлерде, мекемелерде, жалпы пайдаланудағы кәсіпорындарда пайда болады және жинақталады.
Қазақстанның заманауи экономикасы жағдайларында техногендік қалдықтарды басқару командалық-әкімшілік жүйе экономикасы кезеңіндегі кезеңмен салыстырғанда жаңа мәнге ие болуда.
Біріншіден, жұмыс істеп тұрған тау-кен металлургия кәсіпорындарының материалдық-шикізаттық базасы не жеке меншікке не болмаса шетел компанияларына берілген, бұл мемлекеттік құрылымдардың, ғылыми бөлімшелердің немесе жаңа әлеуетті жер қойнауын пайдаланушылардың Қазақстанның табиғи байлақтарын игеру үлесін барынша қысқартты.
Екіншіден, көп жылдар бойы жинақталған тау үйінділері, күл үйінділері, қоймалар басқа да өнеркәсіп қалдықтарын сақтау және көму орындары маңызды экологиялық проблема - топырақтың, су мен ауаның ластану көздеріне айналды.
Қалалардың өсуіне, қала халқының тез ұлғаюына және тауарлардың көп тұтынылуына байланысты қалалық қатты тұрмыстық қалдықтар көлемі орасан зор өсуде. Қазақстанның экономиканың ресурстық ауқымдылық көрсеткіштері бойынша әлемнің жетекші елдерін басып озуының себебі өндірістік базаның даму деңгейінің барынша төмендігі мен технологияның артта қалуы, өнеркәсіптік құрылымның жетілдірілмеуі болып табылады. Қазақстанда прогрессивті энергия үнемдеу технология лары бойынша шығарылатын көптеген өнім түрлерінің үлесі өте төмен үлесті құрайды.
Экология проблемасы маңызды бола түсуде. Қоршаған ортаны сақтаумен қатар біздер кем дегенде оған зиян келтірмеуіміз қажет. Табиғатты адам қызметінің зиянды әсері салдарынан қорғау тәсілдерінің бірі - бұл тұрмыстық көң-қоқыс пен тұрмыстық қалдықтарды шығару. Оны осы қызмет түрін көрсететін заманауи техникалар мен компаниялардың көмегі арқылы мүмкін болады. Тұрмыстық қоқыс тез жиналады және үйлердің маңы мен өнеркәсіптер аумақтарында қолайсыз көрініс жасайды, тіпті ол қалдықтар кеміргіштердің пайда болуына және әртүрлі аулардың туындауына себеп болады. Санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтау және экологияға зиянды әсер етуге жол бермеу үшін қоқыстарды шығарып отыру қажет.
2.3 Жобаның тұжырымдамасы
Жобаның тұжырымдамасы Ақтөбе облысында тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтарды жинау қызметтерін ұсынатын кәсіпорын құруды қарастырады.

Осы бизнес-жоспарда жоспарланған кәсіпорынның айналымдарын жеңілдетілген декларацияның негізінде арнайы салық режимін қолдана отырып қызметті жеке кәсіпкер шеңберінде жүзеге асыру ұсынылады.
Осы бизнес-жоспар басшылыққа алатын соңғы нұсқа емес, тек осындай бизнес-идеяны дамытудың әлеуетті мүмкіндігі ғана. Сондықтан да жобаны іске асырған кезде сату бағдарламасы сияқты көрсетілетін қызметтердің де өзгеруі мүмкін. Жоспарланған қызметтердің бәсекелестік басымдығын, сондай-ақ сатып алынатын жабдықтың ерекшелігін барынша ашып көрсету қажет болады.
Өнімнің (қызметтердің) сипаттамасы
Қатты тұрмыстық қалдықтарды (бұдан әрі - ҚТҚ) шығару, сақтау, қайта өңдеу - муниципалды қызметтердің ерекше және әлеуметтік саласы.
ҚТҚ жұмыс жасау саласы қоғамдық игіліктің үлгісі болып табылады, оған қоғамдық игіліктердің барлық белгілері тән: тұтынуда бәсекелестіктің бөлінбейтіндігі, болмауы және иемденудің жоқтығы. Азаматтардың экологиялық қауіпсіздігі ҚТҚ жұмыс жасауды ұйымдастыру нәтижесіне байланысты болады. Сондықтан да бұл сала мемлекеттің иелігінде.
Қалдықтарға жүгіну процесі бірнеше өзара байланысты кезеңдерді қамтиды:
1-сурет - Қалдықтармен жұмыс жасау процесі
Іріктеу
Тасу
Қайта өңдеу
Көму
Қалдықтарды жинау
Қалдықтарды жинаумен үй иелері, ТҚШ, ТСЖ компанияларының басшылары, жеке кәсіпорындар айналысады. ҚТҚ тасу - бұл қоқысты жинау орнынан іріктеу станциясына дейін апару. ҚТҚ іріктеу қоқысты іріктеу станцияларында жүргізіледі. ҚТҚ қайта өңдеу қоқыстарды қайта өңдеу зауыттарында жүргізіледі. Қалдықтарды көму полигондарда жүзеге асырылады.
Адамның күнделікті тұрмысының нәтижесін,де өте көп тұрмыстық қалдықтар пайда болады (ҚТҚ). Қалада қалыпты экологиялық жағдайлы ұстап тұру үшін тұрмыстық қоқысты уақытында шығару қажет. ҚТҚ жинау және шығару көлемі 0,8 текше метр, 1,1 текше метр арнайы контейнерлермен, сондай-ақ тығыздау-контейнерлері мен бункерлерде жүзеге асырылады.
Кәсіпорын қызметтерінің түрлері:
- ҚТҚ жинау;
- ҚТҚ шығар.
Өндірістер бағдарламасы
1- кестеде өндірістің жылдар бойынша жоспарланған бағдарламасы берілген.
Көрсеткіш
2 013
2 014
2 015
2 016
2 017
2 018
Тех.құжат бойынша 1 авто. жүк көтергіштігі, м3
16
1 автоның есепті жүк көтергіштігі, м3
14
Авто саны, бірлік
1
Толтырылу %
65%
70%
75%
75%
80%
80%
1 айда атқарылған рейстер саны, бірлік
114
123
132
132
141
141
1 айда ҚТҚ тасымалдау., м3
1 602
1 725
1 848
1 848
1 971
1 971
1 айдағы табыс., мың тг.
1 522
1 639
1 756
1 756
1 873
1 873
Сату бағдарламасы жүргізілген маркетингтік зерттеулер ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz