Құжат түсiнiгi және қызметі, түрлерi және деректемелерi


Пән: Іс жүргізу
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КIРIСПЕ . . . 4

І-ТАРАУ. ҚҰЖАТ ТҮСIНIГI ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТІ, ТҮРЛЕРI ЖӘНЕ ДЕРЕКТЕМЕЛЕРI . . . 5

1. 1 Құжат түсiнiгi және оның маңызы . . . 5

1. 2 Құжаттың түрлерi . . . 9

1. 3 Құжаттың деректемелерi . . . 13

ІІ-ТАРАУ. БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ АППАРАТЫ . . . 24

2. 1. Бұқар Жырау ауданы әкімшілігінің құрылымы мен міндеттері . . . 24

2. 2. Әкімшілік аппараты құжаттарды өңдеу мен дайындауға қойылатын талаптар . . . 34

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 37

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI . . . 38


КIРIСПЕ

ХХI ғасырға тәуелсiз ел ретiнде енген республикамыздың әлеуметтiк, экономикалық, мәдени өмiрiнде үлкен өзгерiстер болып жатыр.

Солардың бiрi қазақ тiлiнiң мемлекеттiк тiл ретiнде қызмет етуiнiң алғы шарттарының бiрi - оның қоғамдық өмiрдiң әр алуан саласында қызмет етуi және соған орай iс қағаз құжаттарының қазақша жүргiзiлуi. Құжаттардың тiлi бiр жүйеге түспей, стильдiк жағынан қалыптаспай, барлық құрылымдағы iс құжаттары қазақ тiлiнде жүргiзiлмей қолданыс аясы, қызмет қарымы өрiсiн кеңейте алмайды.

Қалай десек те, республикада мемлекеттiк органдарда iс қағазын мемлекеттiк тiлде жүргiзуге бет бұрды.

Ал осы ретте мемлекеттiк және мемлекеттiк емес органдарда, мекемелерде, ұйымдар мен кәсiпорындарда мемлекеттiк тiлде iс жүргiзу, қатынас қағаздарын толтыру, жинақтап айтқанда құжат қызметi мен айналымын iске асыру - бүгiнгi таңда өткiр тұрған мәселе.

Қазiргi нарық заманында көпшiлiк күнделiктi өмiрде бетпе - бет кездесiп отыратын әр түрлi құжаттарды толтырудың үлгiлерi ғылыми тұрғыдағы түсiнiктерi берiлген. Яғни, құжат қоғам өмiрiнде үлкен қызмет атқарады. Әсiресе iс қағаздардың саяси, тарихи, құқықтық, экономикалық маңызы өте зор. Менiң ойымша қоғам өмiрiнде құжатсыз ешқандай жұмыстың қазiргi кезде шешiмi жоқ. Сондықтан қандай да мекемеде, мемлекеттiк органдарда, ұйымдарда құжаттың қызметi әсiресе iс қағаздардың оған: хат алысу, ақпарат, қызмет көрсету, шығарылған түрлi шешiмдер, телефонхат сияқты құжаттар арқылы iске асады. Үкiметтiң басқару iстерi жарғы, қаулы, нұсқау, ереже, бұйрық сияқты құжаттар арқылы жүргiзiледi.

Құжаттың қызметi - деген түсiнiкке менiң өз ойыма келетiн болсам, яғни кез - келген мекеменiң қызметiн, әрекетiн көрсететiн құжаттарды жасау, толтыру. Бұған дайын құжаттармен жұмыс та, мекеме iшiнде дайындалған құжаттармен жұмыс та, сырттан келген құжаттармен жұмыс та, сондай - ақ оларды қабылдау, тiркеу, ол бойынша жұмыс iстеу, орындалуын бақылау, құжаттарды қолдануға дайындау, архивке дайындау сияқты толып жатқан жұмыстар кiредi.


І-ТАРАУ. ҚҰЖАТ ТҮСIНIГI ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТІ, ТҮРЛЕРI ЖӘНЕ ДЕРЕКТЕМЕЛЕРI

1. 1 Құжат түсiнiгi және оның маңызы.

«Құжат» - латын тiлiнде «куәлiк», «дәлелдеу тәсiлi» деген мағына бередi. Бүгiнгi қолданыста оның негiзгi үш мағынасы бар.

  1. Қандайда бiр фактiнi не бiрнәрсеге деген құқықты растайтын iс қағазы;
  2. Жеке басты ресми түрде куәландыратын құжат (төлқұжат) ;
  3. Бiр нәрсе туралы жазбаша куәлiк (мысалы ескi грамоталар) ;

Құжаттану ұғымының бiрнеше бағыттары бар, бiрақ бұл бағыттардың бiреу де жалпы түрде қабылданған емес, яғни алдағы уақытта әлi де болса бұл бағыт зерттеледi. Құжат деген ұғымның өзi толық қалыптасқан жоқ. Құжаттану деген ұғым көп аспектiлi және iшкi құрылымында жан-жақты құжаттың бiрнеше бағытын қамтиды. Сондықтан әлi де болса құжат ұғымына және құжаттың ұғымына бiр тұтас көзқарас қалыптасқан жоқ. Қазiргi кезеңде қалыптасқан термин бойынша құжаттану құжат туралы және құжаттың камуникативтiк атқаратын жұмыс туралы, қызмет турал ғылым. Бұл арнайы ғылыми пән құжаттың заңдылық түрде құрылымын оның табиғатын, оның атқаратын рөлiн, құрылым принциптерiн және олардың методикасын зерттейтiн пән. Құжат ақпараттың дерегi ретiнде және әлеуметтiк камуникативтiк ерекшелiгiмен бiрге зерттейдi, яғни құжат және құжаттық камуникативтiк адамдардың атқаратын функционалдық жұмысына бағытталған ғылым болып саналады және ол комплекстi жан - жақты қалыптасқан пән, яғни құжаттың тарихи маңыздылығын, қазiргi кезеңдегi рөлiн және алдағы уақытта болатын өзгерiстерiн зерттейтiн құжаттарды жариялау, пайдалану тағы сол сияқты. Құжат туралы ерекшелiктердi зерттейдi, яғни ақпарат және құжат деген ұғым бiр - бiрiмен тығыз байланысты себебi ақпарат құжаттың негiзi.

Кәсiпорынды басқару - мәлiметтердi қабылдап алу және өңдеу, шешiм қабылдап оны орындау сияқты белгiлi бiр дәрежедегi ақпараттық процесс болып табылады. Дұрыс шешiм қабылдау үшiн толық түрдегi жедел және ақиқат мәлiметтер керек болады. Құжат ақпараттың осы талабына жауап беруi тиiс. Дегенмен хабардың толықтығы оның көлемiмен ғана емес, сонымен бiрге оның мәндi де басты мәселелерiн көрсетумен бағаланады. Яғни, ақпараттың көптiгi оны өңдеудi талап етедi . Оның маңызды, жедел орындауды қажет ететiн жақтарын айқындап, оны қабылдап түсiнуге ыңғайлы күйге түсiрудi керек етедi. Осы жұмыстың бәрiн құжаттанушы атқаруы тиiс. Құжаттың сапасы, оның толықтығы, оралымдылығы және анықтылығымен ғана емес, сондай -ақ оның ықшамдылығы мен, көрнекiлiгiмен және қолайлығымен айқындалады.

Сондықтан құжаттар тiкелей қатынас жасаумен тиiмдi ұштастырыла жүргiзiлсе, техникалық жағынан жақсы жабдықталып, нақты мақсаттарға жұмсалса, онда олар iс-әрекеттiң табысты болуына жағдай жасайды. Сонымен қатар құжат - хабар мәлiметтiң қайнар көзi және таратушысы, заң арқылы қорғалатын iстi белгiлеудiң тәсiлi де болып табылады. Басқарудың құралы ретiнде құжаттар жоспарлауда, қаржыландыруда, несие беруде, бухгалтерлiк есептеу мен есеп беруде, оперативтi басқаруда, ұйымның қызметiн кадрлық жағынан қамтамасыз етуде тағы басқа қолданылады. Құжаттарда мемлекеттiк құрылым белгiленедi, олар мекемелер, ұйымдар, кәсiпорындар және азаматтар арасындағы қатынастар үшiн қызмет етедi.

Материалданған (құжат түрiндегi) заңды күшi бар мәлiметтер төрелiк сотта бизнес бойынша әрiптестерiмен шаруашылық дауларын немесе халықтық сотта еңбек тартыстарын шешуде қандай бiр фактiнiң негiзгi дәлелi ретiнде қызмет етедi.

Кәсiпорынның не ұйымның құжаттары белгiлi бiр мәдени - тарихи құндылыққа ие, мемлекеттiң архив қорының бөлiгi болып табылады, сондықтан олар мемлекеттiк архивтерге тапсырылуы тиiс.

Құжат толтырудың бiртұтас ережесiн Қазақстан Республикасы мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнiң архивтер мен құжаттарды басқару комитетi белгiлейдi. Мұндай соңғы ереже 1992 жылы 30 маусымда Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi бекiткен «Қазақстан Республикасында барлық ұйымдық - құқықтық нысандардағы кәсiпорындар, мекемелер мен ұйымдар құжат толтыруды басқару және құжат жүргiзудiң негiзгi ережелерi» деп аталатын № 562 қаулысы болып табылады.

«Ережелерде» құжаттарды толтырудың және құжат айналымын басқарудың нормалары айқындалған.

Құжаттың атқаратын міндеті.

Құжат бірнеше сипатымен білінеді. Ең негізгісі құжаттың атқаратын міндеті. Оны білу дегеніміз бізге құжаттың не үшін арналғанын ұғындырады. Мысалы: құжаттың басқару міндеті дегеніміз қоғамды басқару реттеу мағынасы бар екенін аңғартады. Яғни осы арқылы потенциялдық мүмкіншілігін алдағы уақытта толық пайдалану үшін қажет. Сонымен қатар атқаратын міндеті арқылы ақпараттың сипатын ұғымын толық ұғынуға болады. Құжаттың атқарушы міндеті арқылы түркілікті маңыздылығын әлеуметтік түсінуге болады.

Сонымен қатар құжаттың ғылыми жүйелігін типтік қатынастың әзірлеу, жариялау, сақтау, пайдалану құндылығын бақылауға қатысты ыңғайлы оптималдық жолдарын іздестіруге мүмкіндік береді. Әсіресе құжаттынау теориялық негіздерін ұғынудың ғылыми апаратын қалыптастыруға себебін туғызады.

Құжаттың айрықша ерекшелігіне келесі түрлері жатады:

1. Құжаттағы сематикалық мазмұны болса себебі құжат адам ойының нәтижесі және ол арнайы белгІлер арқылы жеткізІледі. Сондықтан белгІлердің қалыптасу реті және осы адамның белгІлері арқылы ойының жеткізілуі құжаттың міндеттерінің айырмашылығы болып табылады.

2. Құжаттың қалыптасқан заттың формасы болуы міндетті түрде, себебі ол ақпаратты көп мерзімде сақтап, көп уақытта пайдалану және ақпаратты уақыт пен кеңістікте жеткізе отырып, тіпті алмастыруға мүмкіншілік туғызады.

3. Әлеуметтік коммуникациядағы пайдалану үшін арнаулы, яғни құжаттарды адамды коммуникациялық мақсат үшін әдейі ойлап тапты.

Негізінен құжат қоғамға қажетті функцияны атқарады және оны қоғамның өзі тудырады. Сондықтан негізінен құжаттың атқаратын көптеген функционалдық ролі бар.

Құжаттың функционалдық ролі.

Құжаттың функциясы дегеніміз - оның қоғамдық ролі, әлеуметтік қажеттілігі, мақсаты және шешетін мәселесі. Сондықтан құжат негізінен полифункционалдық объект болып табылады және бір-бірімен тығыз байланысты әлеуметтік функцияны атқарады.

Әлеуметтік функцияны 3 топқа бөлеміз:

  1. Бастапқы
  2. Жалпы
  3. Арнайы

Құжаттың бастапқы функциясы ақпаратты сақтап уақыт пен кеңістікте жеткізу ролі.

Құжаттың жалпы функциясы - коммуникативтік немесе байланыстық кумулятивтік және жалпы ақпараттық ролі болып табылады. Егер ақпартық функциясы деп айтатын болсақ құжатың қоғамдағы ақпараттың қамтуы, яғни құжат ақпараттың, білімнің көзі. Құжаттың ақпарттық критерия оның ақпараттық толығынан яғни ақпараттың саны және сапасы деп ұғыну керек. Айтыалық кішігірім көлемде құжата ақпарат толық болса ақпарат сапалы.

Құжаттың коммуникативтік функциясы - адамның қарым-қатынасына ақпаратың жабдық ретінде жеткізу ақпаратты ұрпақтан ұрпаққа жеткізу, яғни құжат осы тұрғыда адамның қарым-қатынасын біріктіріп құжаттың коммуникациялану орындайды. Онсіз адамның әлеуметтік қарым-қатынасы болуы мүмкін емес.

Құжаттың кумулятивтік функциясы - яғни бұл құжаттың ақпартты, жинақтаушы, реттеуі, толықтыруы ұғынуға болады. Себебі осы арқылы ұрпақтан-ұрпаққа архив, кітапхана, мәліметтер базы, интернет, ақпараттың жинақталуы реттелуі.

Ақпараттың арнай функциясы - барлық жағдайда болмайды тек ғана құжаттың айрықша арнайы типтеріне тән. Себебі олар қоғамның әлеуметтік қажетінде туындалады. Мысалы келесі арнайы түрлері бар:

  • Құжаттың басқару функциясы
  • Құжаттың білім алу функциясы
  • Құжаттың заңдылық функциясы
  • Құжаттың мәдениеттік функциясы
  • Құжаттың мемориялдық функциясы
  • Құжаттың гедомикалық функциясы

Құжаттың басқару функциясы дегеніміз адамның басқару мақсатындағы ойлап табылған әдісі. Яғни ол арнайы құжаттар арқылы жүргізІледі. Мысалы: Заң, ереже, қаулы, шешім, жарғы, бұйрық, хаттама және т. б. Ресмей іскерлік құжаттар арқылы жүргізІледі.

Құжаттың ногативтік функциясы дегеніміз құжаттың адамға білім алу, жеткізу ролін атқарады. Айталық адамдар білімді келесі құжат түрлерін қабылдады. Мысалы: Оқулық, практикум, хрестоматия, методикалық материалдар не болмаса ғылыми монографияны диссертация, зерттеу есебі яғни ғылыми құжаттар арқылы білімді қабылдайды.

Құжаттың заңдылық функциясы - яғни құжаттың бір болған оқиғаны дәлелдеуші болып толтырылуы. Мысалы: аттестат, диплом, удостворение личности және т. б.

Құжаттың құқықтық функциясы негізінен Ресмей құжаттарға тән: Конституция, заң, бұйрық т. с. құжаттың заңдық йункциясы тарихи деректі дәлеледегенде өзіндік, яғни заңдылық ролін атқарады.

Құжаттың жалпы мәдениетік функциясы бұл құжаттың қоғамдағы мәдениетің дамуына әсер етуі, яғни мәдениетік әдет - ғұрыпты жазып оны атадан балаға мұра етіп жеткізу құндылықтарды сақтап қалу этикалық нормаларды қабылдау жолдары болып табылады. Мысалға көркем әдебиет құжаттары ғылыми басылымдар кинофильмдер, видеиеофильмдер, фотосурет, открытка және т. б.

Құжаттың мемориялдық функциясы дегеніміз яғни құжат адамның естелігі ретінде қызмет етеді. Ақпараттың кеңістік пен уақытта келешектен келешекке жеткізу функциясы. Бұл қасиетті естелік яғни олардың жоғарғы әлеуметтік және тарихы құнылығы болады. Оның қатарына келесі құжаттар жатады: қол жазба, естелік құжаты және ерте кезеңдегі жазылған көне құнды құжатты.

Құжаттың дедоникалық функциясы ол құжаттар арқылы адамдар бос уақытың өткізеді, ойын сауық өткізеді, көркем сурет шығармалары кинофильмдер компакт диск, видеофильм және т. б.

Құжаттың арнай функциясы бар олар статистикалық дерек авторлық құқықты әлелдеуші.


1. 2 Құжаттың түрлерi

Iс қағаздарының түрлерi өте көп, олардың негiзгi түрлерiн мақсаты мен мазмұнына, жасалған орнына, жасалу сатысына, қызметiне, формасына тағы басқа ерекшелiктерiне қарап топтастыруға болады. Ұйымдар мен мекемелердiң iс жүргiзу барысында негiзгi орын алатын құжаттарды жалпы мақсатына қарай ұйымдық- өкiлеттiк құжаттар деп алып, оларды iштей бiрнеше топқа топтауға болады. Сондай -ақ құжаттардың мазмұны мен қызметiне қарай жеке адамға қатысты және қызметтiк iс қағаздары деп екiге бөлiнедi. Ал жасалу орнына қарай мекменiң iшкi iс қағаздары болып бөлiнедi. Шығу, жасалу сатысына қарай түпнұсқалық және көшiрмелiк болып бөлiнедi. Алқалық ұйымдардың құжаттары iс қағаздарының бiр түрi ретiнде қаралады.

Ендi осы топтардың әр қайсысына жеке-жеке тоқталайық

Ұйымдық - өкiлеттiк құжаттар iштей ұйымдық, өкiлеттiк және анықтама - ақпараттық болып үшке бөлiнедi.

Ұйымдық құжаттарға мекеменiң ұйымдастырылуына, құрылуына қатысты құжаттар, басқару ақпараттық құрылымы, құрамы, штат кестесi, iшкi жүйе тәртiбi құрылымдық бөлiмшелер жағдайы, мiндеттер, жарғы, ереже, нұсқау басқа құжаттар жатады.

Мекеме мемлекеттiк тiркеуге алынған сәттен бастап заңды тұлға болып саналады. Тiркеуге алынған мағлұматтар заңды тұлғаларды тiркейтiн Мемлекеттiк реестрге алынады.

Ұйымдық - құқықтық әрекетiне қарай мекеменiң ұйымдық құжаттарына - мекеме жарғысы; құрылтайшылар келiсiмi және жарғы; коммерциялық емес ұйымдарда жалпы ережелер жатады.

Мекеме жарғысы белгiленген тәртiп бойынша бекiтiледi. Жарғыда мекеменiң iс-әрекетi, негiзгi бағыты, басқа бiрлестiктер, жеке, заңды тұлғалармен қарым - қатынасы, құқықтары мен мiндеттерi жазылады. Жарғы мекеменiң ұйымдық- құқықтығын, оның атын, мекен - жайын, басқару органын, бақылаушыларын, мекеменiң қайта құрылуын, iсiн тоқтатуын реттейдi, растайды.

Құрылтайшылардың келiсiм-шарттары мекеменiң көздеген мақсатын, принциптерiн, басқару органының құрамы мен мүмкiндктерiн, келiсiм - шарт уақытын белгiлейдi.

Жарғы негiзiнде мекеменiң құрылымдық жүйесi мен жұмысшылар саны анықталады. Штат кестесiнде қызметтiк атаулар мен еңбекақылар көрсетедi.

Мекеменiң бiрнеше құрылымдық бөлiмдерi болған жағдайда құрылымдық бөлiмшелердiң құқықтық жағдайын айқындайтын, жауапкершiлiк мiндеттерiн, қызметтерiн белгiлейтiн бағыттағы Ереже жасалады. Жұмысшылардың еңбегiн ұйымдастыру мекеме әкiмшiлiгiнiң мiндеттерiне жатады және ол iшкi тәртiп ережелерiнен көрiнiс табады. Мекеменiң өзiндiк әрекетi мен қызметтiк бағыты негiзiнде бұл құжат Iшкi тәртiп ережелерiнiң типтiк үлгiсiн басшылыққа ала отыра жасалады.

Iшкi тәртiп ережесiнiң текстiн мекеме әкiмшiлiгi кәсiподақ қызметкерлерiмен бiрлесе отырып жазады, және ол еңбек ұжымында өткiзiлетiн жалпы мәжiлiсте талқыланады, соңынан мекеме жетекшiсi бекiтедi.

Кейбiр мекемелерде қызметкерлер құқығы жайында ережелер болады. Онда қызметкерлердiң мекеме мен жұмыс барысындағы құқықтық қарым - қатынасын, мекеме жетекшiсi мен қызметкердiң құқықтық қарым-қатнастары және тағы басқа мәселелер жазылады. Қызметтiк нұсқаулар мекеме қызметкерлерiнiң құқықтарымен мiндеттерiн айқындайды.

Өкiлеттiк құжаттарға мекеменiң қызметтiк iс-әрекеттерiне және қызметкерлерiне байланысты жазылатын бұйрықтар мен нұсқаулар жатады. Мұндай құжаттарға мекеме, ұйым, бiрлестiк жетекшiсi қол қояды. Бұйрықтарда ұйымның, өндiрiстiк - шаруашылық және маңызды бағыттағы мәселелерi жазылады. Сондықтан оларды безендiруде, сақтауда нақтылы талаптар қойылады.

Бұйрықтар жобасын дайындауда реквизиттер құрамы толық болуы тиiс және оның безендiрiлуi мен оған қол қойылуы белгiленген тәртiп бойынша жүргiзiледi.

Бұйрыққа қол қойылған соң, ол тiркеуге алынады түпнұсқасы немесе оның көшiрмесi я үзiндiсi бұйрықты орындаушыларға берiледi және оларға бақылау жасалады.

Бұйрықты безендiрудiң ең маңызды бөлiгi - оның мәтiнi. Бұйрық мәтiнi өкiлеттiк бөлiмдерден құралып, «БҰЙЫРАМЫН» деген сөзден берiледi және жеке жолға жазылады.

Орындалуы мiндеттi бұл өкiлеттiк құжат мәтiнi нақты, түсiнiктi, қысқа жазылады. Онда iс-әрекеттiң орындалу мерзiмi, орындаушының аты - жөнi көрсетiледi. Бұйрықта түсiнiксiз сөз орамдары мен сөйлемдер болмауы керек.

Егер бұйрық бiрнеше iс-әрекеттiң орындалуына негiзделген болса, мәтiннiң өкiлеттiк бөлiгi пунктерге бөлiнедi және олар араб цифрларымен белгiленiп азат жолдан басталып жазылады.

Бұйрықта iс- әрекеттi орындаушы көрсетiлсе, онда оның аты- жөнi, фамилиясы, қызметi толық жазылуы тиiс.

Бұйрықтың орындалуы үнемi iске асып отыруды қажет ететiн жағдайда, орындалу уақытына шек қойылмайды яғни мерзiмi көрсетiлмейдi. Бұйрықтың соңында жауапты адамның аты-жөнi, фамилиясы жазылады.

Бұйрықтың соңғы пунктiнде оны орындауға мiндеттi және жауапты тұлғаның қызметi көрсетiледi.

Өкiлеттiк құжат мәтiндерiнiң тақырыптары

« . . . туралы », « . . . жөнiнде », « . . . жайында » деген сияқты шылаулармен келген сөз тiркестерiнен тұрады. Тақырып аттары мейлiнше қысқа, нақты, « не туралы ? » деген сұрақтарға жауап беретiндей сөз тiркестерiнен құралады. Мысалы: « . . . өзгерiс енгiзу туралы », « . . . қайта қарау жөнiнде », « . . . шаралар қолдану жайында », « . . . қорытындысы жөнiнде » тағы басқа жазылады.

Ұйымдық -өкiлеттiк құжаттардың көп кездесетiн түрiне анықтама - ақпараттық құжаттар жатады. Олар: хат, жедел хат, телефонхат, түсiнiктеме, мәлiмхат, акт, анықтама және тағы басқа қызметтiк хаттар. Бұл құжаттардың барлығы ақпарат беру мақсатында жазылады және ұйымдық басқаруды қандайда бiр iс-әрекетпен ұштастырады, кейде белгiлi бiр оқиғаны, фактiнi, iс - әрекеттi белгiлейдi, баяндайды. Хат, жедел хат, телефонхаттар арқылы мекемелер арасында ақпарат алмасуы болады, ұсыныстар айтылып, алдын ала келiсiмдер жасалады, мекеме басқа бiрлестiктермен ресми байланыс жасайды.

Анықтама - ақпараттық құжаттардың бiрi - акт.

Ол мекеме жетекшiсiнiң тағайындалуымен құрылған тексерушiлер тобы және жауапты адамдардың қатысуымен жазылады. Актiлердiң бiрнеше түрлерi кездеседi. Олар: материалдық құндылықтарды жарамсыз деп санау, iс қағаздарын қабылдап алу, өткiзу, материалдық құндылықтарды қабылдаықтарды қабылда басқа.

Құжатта акт жазушылардың аты - жөндерi мiндеттi түрде жазылады. Олардың ұсыныстары мен көзқарастары актiде белгiленбейдi. Тексерушi топ мүшелерi тегiс қол қояды. Кейбiр актiлерге мекеме жетекшiсi қол қояды және мекеме мөрi басылады.

Iс қағаздары мазмұны мен қызметiне қарай жеке адамға қатысты және қызметтiк деп бөлiнедi. Қызметтiк iс қағаздары мекеме немесе сол мекеменiң жауапты адамының атынан, ал жеке iс қағаздары жеке азаматтар атынан жазылады. Жеке адамға қатысты iс қағаздарына мыналар жатады: өмiрбаян, арыз, сенiмхат, қолхат, хат, төлқұжат, куәлiк, бiлiм туралы куәлiк тағы басқа. Төлқұжат, куәлiк, бiлiм туралы куәлiк сияқты құжаттарды мекемелер азаматтардың өз қолына бередi. Қызметтiк iс қағаздарына мекемелер мен ұйымдардың iс жүргiзу барысында дайындайтын барлық құжаттарын жатқызуға болады. Мысалы: қызметтiк хаттардың барлығы, бұйрық, хаттама тағы басқа.

Iс қағаздары формасына қарай типтiк, трафареттiк және еркiн мәтiндi болып бөлiнедi. Типтiк iс қағаздары деп қалыптасқан мәтiн - үлгi бойынша жазылатын iс қағаздарын айтамыз. Мысалы: арыз, өтiнiш тағы басқа. Трафареттiк iс қағаздары деп мәтiннiң белгiлi бiр бөлiгi алдын - ала типографиялық әдiспен басылып дайындалған құжаттарды айтамыз.

Мәтiннiң алдын - ала дайындалған бөлiгiнде өзгермейтiн ақпарат жазылады. Мысалы: студенттiң белгiлi бiр оқу орнында оқитынын растайтын анықтама. Мұнда студенттiң аты - жөнi, фамилиясы, оқитын бөлiмi мен курсы жазылатын арнайы орын қалдырылып, қалған бөлiгi типографиялық әдiспен басылып, алдын - ала дайындалады. Еркiн мәтiндi iс қағаздарына қалыптасқан үлгi бойынша емес, оны жазушы адамның еркiнше жазылатын құжаттар жатады. Мысалы: пiкiр. Еркiн мәтiндi iс қағаздарын безендiруде де жалпы iс қағаздарына қойылатын талаптар сақталады.

Мекеменiң iшкi iс қағаздарына мекеменiң қызмет ету барысында, оны құжаттау процесiнде мекеме iшiнде дайындалған iс қағаздары жатады. Мекемеге басқа ұйымдар мен мекемелерден келiп түсетiн құжаттар сырттан келiп түсетiн iс қағаздарына жатады.

Шығу, жасалу деңгейiне қарай iс қағаздары түпнұсқалық және көшiрмелiк болып бөлiнедi.

Түпнұсқалық iс қағаздарына кез - келген құжаттың бiрiншi рет жасалған нұсқасы ( оригинал) жатады.

Ал көшiрмелiк iс қағаздарына түпнұсқаның мәтiнi сол күйiнде, өзгерiссiз сақталып алынған толық нұсқасы немесе белгiлi бiр бөлiгi жатады. Көшiрмелiк iс қағаздарына кез - келген құжаттың көшiрмесiн ( диплом көшiрмесi, бұйрықтың көшiрмесi ) үзiндiсiн ( хаттамадан үзiндi, бұйрықтан үзiндi ) дубликатын жатқызуға болады.

Үзiндi - құжаттың қажеттi бөлiгiнiң мәтiнi өзгертiлмей жазылған, қолға берiлетiн нұсқасы.

Дубликат - құжат жоғалған кезде берiлетiн құжаттың түпнұсқасы мен күшi бiрдей көшiрмесi.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құжаттың құрастырылған немесе шығарылған орны
Құжат құрылымы. Деректемелерді рәсімдеу ережесі.
Анықтамалық-ақпараттық құжаттар
Мемлекеттік тілде іс жүргізу пәнінен студенттерге арналған оқу құралы
Нормативті құқықтық актілер: түсінігі мен түрлері
Ресми хат түсінігі және оның түрлері
Жеке құрам бойынша ереже
Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі
Бухгалтерлік құжаттар, құжаттардың деректемелері
Іскерлік хаттарды аудару кезінде қолданылатын әдіс-тәсілдерді анықтау, ерекшеліктерін сараптамалау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz